2 ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕРІ: ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ ТАНЫМ
2.1 Қазақстан территориясына корей ұлтының орналасуы мен
жергілікті жағдайға қалыптасуы
Қазақстанға күштеп жер аударылған корей халқы қоныс аударудың екі
кезеңін бастан кешірді. Біріншісінде, Қиыр Шығыстан, Азияның ең шеткі
нүктесінен екінші қиырына кӛшірілсе, екіншісі, корей халқының 60 пайызға
жуығы басынан кешірген, 1938 жылғы Қазақстан аумағының ішіндегі кӛші-қон
үрдісі болды. 1938 жылдың ӛзінде ғана, корей халқының қоныс аударылуына
байланысты Қазақ КСР-і ХКК-нің 48 қаулысы қабылданды. Осы кезден бастап
корейлер тұрақты қоныстарына орналастырыла бастады. Корейлерді Қазақстан
мен Орта Азияға күштеп жер аудару оның ұлттық мәдениетінің дамуына үлкен
кедергі келтірді. Әміршіл-әкімшілік жүйе барлық аз ұлттардың рухани
мәдениетінің құлдырауына әкеліп соғып, оның салдарлары бүгінгі күнде де
байқалады. Қазақстандағы корейлердің тарихын зерттеу бұл этникалық топтың
басынан кешірген тағдырын зерделеу ғана емес, сонымен қатар қоныс аудару
үрдісі, ұйымдастырылуы және оның салдарлары, Қазақстан тарихындағы
ақтаңдақтар ақиқатын ашуда қажет болып табылады.
Кеңес үкіметі жүргізген солақай саясаттың нәтижесінде күштеп жер
аударылған корей ұлты да басқа этностар сияқты билеуші органдардың
жүргізген қысымшылығын тәжірибе жүзінде басынан ӛткерді.
Қиыр Шығыстан 1937-жылы жер аударылған корейлердің басқаларға
қарағанда әлеуметтік тәжірибесі мол еді. Таптық құрамы да білініп тұратын:
Сібірдің үлкен қалаларындағы кәсіпорындарда жұмыс істегендер - жұмысшы
табы, ауылшаруашылығы артельдерінде жұмыс істегендері - колхозшылар.
1935-1937-жылдардағы қудалаудың кесірінен зиялылар қатары мүлде сиреген
еді [122
.
Осындай жағдайларға байланысты күштеп жер аударылған халықтар саяси
белсенділікке бара алған жоқ. Тоталитарлық жүйенің қырып-жоюы кезінде бұл
мүмкін де емес еді. Жалпы жер ауып келген ұлттардың әлеуметтік тұрмысы тек
қана адал еңбекпен түзелетінін, ӛздерінің де, жанұясының тоқтығы да, істеген
жұмыстарына байланысты болатынын жақсы түсінді.
1937 жылдың 23 тамызында Орталық комитеттің Қаулысы орындалуы
барысында Қазақстан К(б)П-ның Орталық Комитетінің Бюросында, 11-ші
нӛмірлі протоколмен комиссия құрылды. Комиссия құрамында Исаев (тӛраға),
Нұрпейісов, Залин, Мырғабеков, Яхнович болды. Комиссия тез арада
корейлерді орналастыруға жауапты еді. Комиссия ӛткізілетін шаралардың
жобасын Бюроға дайындауға міндетті болды. Бұл шешімнің орындалуын
Қазақстанның ОК Бірінші хатшысы Мирзоян бақылауға алды. 1926 жылғы
санақ бойынша Қазақ АКСР-да 36 208 жергілікті халық ӛмір сүрді [123, 28 б.].
1937 жылдың 14 қыркүйегінде партия Орталық комитеті шешімімен ҚКСР
ХКК-нің корейлерді орналастыру жӛніндегі ӛкілі болып ішкі істер халық
комиссариатының кӛмекшісі, мемелекеттік қауіпсіздік комитетінің майоры
Гильман тағайындалды. Корейлерді орналастыруға байланысты ІІХК-нан
54
арнайы мамандарын бӛлініп, барлық қабылданатын пункттерде жауапты
қызметкерлер тағайындалды [124
.
Қазақстан территориясы бойынша барлық облыстарда 18009 корей
отбасылары бар 63 эшелон қоныс аударушыларды қабылдайтын 22 пункт
белгіленді. 1937 жылдың 25 қыркүйегі мен 24 қазан аралығында Алматы
станциясы арқылы Қазақстан мен Ӛзбекстан жеріне қоныс аударушылардың 61
эшелоны ӛтіп, оның 29-ы қазақ жерінде қалды [125
.
29 қыркүйектегі К(б)П ОК бюросының мәжілісінде республикаға келген
корейлерді орналастыру мәселесі шешілді. Онда Гурьев округіне – 1500, Батыс
облыстарға – 1000, Солтүстікке – 2000, Ақтӛбеге – 1500, Оңтүстікке – 1500
отбасын орналастыру мәселесі тұрды. Республикаға келген корейлердің 1616
отбасы Алматы облысына, 8867-і Оңтүстік Қазақстанға, 1744-і Ақтӛбе
облысына, 2299-ы Солтүстік Қазақстанға, 3073-і Қарағанды облысына, 720-і
Қостанайға, 1950-і Батыс Қазақстан ӛлкесіне орналастырылды [48, 68 б.
.
Қазақстанның облыс орталықтары, қоныс аударылған корейлерді
орналастыру
жұмысына белсене араласты. «Корей шаруашылықтарын
орналастыру және жайғастыру» құжатында корейлерді белгілі жүйемен
орналастыру шаралары қарастырылды. Обком хатшылары, облыстық атқару
комитеті тӛрағалары, ІІХКБ басшылары корейлердің шаруашылықтарын
орналастыруда жеке жауап беретіні кӛрсетіліп, шаруашылықтар шағын ғана
болуы керектігі айтылды. Бұл құжатқа Мирзоян қол қойған.
Қоныс аударушылар жаңа жердегі, басқа елдегі ӛмірін қиындықпен
бастады: климатқа байланысты жылы тұрғын үй жетіспеді, жоба бойынша
қоныс аударушылардың үйі кішкентай ғана ас үй және тағы бір бӛлмеден ғана
тұрды, үйдің үлкен кӛлемін пеш алды, ал 7 - 9 адамнан тұратын жанұяға
мұндай үй тар болды. Корейлер бұл жобаға келіспеді, бірақ Арнайы құрылыс
оған мән берген жоқ. Сонымен қатар корейлердің ӛз шаруашылығын
дұрыстауға арналған несие құжаттары уақытында дайындалмады, тек 1938
жылдың қараша айында ғана, корейлерге ағаш бӛліну мәселесі қаралды.
Үй
құрылысы жұмыстарының жүргізілуі бақылауға алынбады, құрылыс
жұмыстарына арналған қаржыны Арнайы құрылыс қызметкерлерімен
жымқырылды немесе орынсыз қолданылды. Бӛлінген қаржы клуб, кітапхана
және монша құрылыстарына жетпегендіктен корей колхоздарының басшылары
әлеуметтік-тұрмысқа қажетті құрылысқа арналған қаражаттарды қарастыруға
дейін барған. Мысалы, 1938 жылы «Самир» және «Пятый Декабрь» корей
колхоздарының басшылығы кӛлемі 1,5 мың рубль болатын қор тапқан [126
.
Қабылданған шешімдер қай сатыда болмасын дер кезінде орындалмады. Қыс
мезгілінде корей жанұялары жер кепелерде, ат қораларда, фермаларда, жұпыны
барақтарда тұрды, ал егер де оларды таратылған совхоздардың жер аймағына
орналастырса, ол жерлердің тұрғын үйге жарамдылары да болмаған, ӛйткені
қирап біткен мекен жайлар еді.
Корей қоныс аударушыларын үй тұрмыстық құрлысымен қамтамасыз ету
үшін Қостанай облысындағы корей шаруашылықтарына 81 үй тұрғызу керек
болса, 17 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға тиісті болды және 2 үй сатып
55
алынғанда жалпы 100 тұрғын үй қажет болса, Батыс Қазақстан облысы бойынша
110 тұрғын үй қажет саналды. Ал шын мәнісінде жағдай мүлдем басқаша
болды. Сонымен, 1938 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан
облыстық комитет бюросы мен облыстық атқару комитетінің қаулысы бойынша
334 тұрғын үй құрылысы жоспарланғанымен, шын мәнінде тек 107 үйдің
құрылысы жүргізілген, оның ішінде толық аяқталғаны – 93 үй, шатыры
жабылғаны тек – 65, ішіне пеші орнатылғаны – 10 үй ғана болды. Жоспар
бойынша 5 астық қоймасының орнына 4-і салынған, олар да толық аяқталмаған,
сонымен қатар 3 мектеп, 5 монша, 3 мал амбулаториясы, 3 колхоз кеңсесі
салыну керек еді. 4 кӛкеніс сақтайтын қойманың орнына тек 1-нің құрылыс
жұмыстары басталған, акушер - фельдшерлік бӛлімнің тек орны қазылып қана
қойылған (бастапқы кезеңде), жоспар бойынша 33 құдық болса, тек 9-ы ғана
қазылып іске қосылған. Қаулы қабылдау бӛлімінде кінәлілер анықталып, қайта
орындауға арналған жаңа мерзім бекітілген [127
.
Міндеттеу, мәжбүр ету, ескерту, жұмылдыру... Бірақ бюрократтарды
партиялық және соттық жауапкершілік те қорқытпады. «Қостанай арнайы
құрылыс телімінің жұмыс атқарушысы қызмет бабын қолданғаны үшін
қылмыстық іске тартылды. Қаулыда бӛлімінде «тұрғын үйлер мен әлеуметтік
мәдени орындардың уақытында берілмегені үшін, құрылыс материалдарын
талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғалсын...»,- деп жазылды. Бірақ
корейлер ӛмір сүру үшін ұжыммен бірге болуды, тұрғылықты халықпен дұрыс
қатынасуды, кӛмек іздеп, қайырымшыл қазақ, орыс, украиндардың кӛмегінен
бас тартпау керектігін түсінді. Басқа ұлт ӛкілдері ӛздерінің нашар
тұрмыстарына қарамай, корейлерге алғашқы қиын кезде кӛмектерін аямады.
Корейлердің кӛпшілігін оңтүстік аймаққа орналастырғанымен, 1938-1940
жылдары негізгі кӛкӛніс базасы солтүстік аймақтағы корей колхоздарында
болды. Корейлер ақырындап суық жерді игере бастаса да, қоныс аударғандар
болып қала берді. Олардың сыртында «Жел болмаса шӛп басы қимылдамайды,
қоныс аудартса, оған себеп бар шығар» деген сӛздер айтылатын.
1937 жылдың 14 қыркүйегінде Мирзоян қол қойған құжаттың 32-бабында
былай деп жазылған: «Гильман жолдасқа кӛмек ретінде Солтүстік Қазақстан
аймағындағы қоныс аударуда тәжрибесі бар қажетті кадрлар беріледі. Қоныс
аударушыларды орналастырудағы ауыр жұмыста жердің қорын санап, жаңа
объектілерді қосу қажет». Обком хатшысы Кузнецов пен Облыстық атқару
комитетінің тӛрағасы Целых Мирзоянға, ...Петропавловск қаласын сумен
қамтамасыз ету ӛте кӛп қиындық туғызуда, бір тәулікте суға қажеттілік 4850
текше метр. Осы жылы жаңа су құбырын жүргізуге 500 мың рубль бӛлуіңізді
ӛтінеміз, қалалық су құбырының қуаты бір тәулікте 1200 текше метр. Егер
барлық жүйелерге қосалқы тазартқыштар қойылса, бір тәулікте қуаттылық 2
400 текше метр болмақ, бұл корей колхоздарын сумен қамтамасыз ету
түгелімен орындалады деген сӛз.
Наурыз айында корей шаруашылықтары олар орналасқан жерлерде
құрылып бітуі керек еді. Корейлерді кӛшіру жұмысы тӛмендегідей жүргізілді:
әрбір эшелонды комендант шығарып салуы міндетті болды, жол бойы
кӛшірілгендерді керекті заттармен қамтамасыз етіп тұру керек еді. Келлеровск,
56
Красноармейск, Сталин аудандарының атқару комитеттерінің тӛрағалары мен
аудандық комитеттің хатшылары, кӛшірілетін корейлерді темір жол
стансаларына дәл уақытында әкеліп және орналастыратын жерге жеткізілуін
қадағалауға міндетті болды.
Красноармейск совхозының орнына қалыптасқан колхоздар Келлеровск
ауданына қарады. Әрине, аудандардың шекарасының ӛзгеруі туралы сұрақ
туды, оны корейлер туралы комиссия тӛрағасы Целых шешуі тиісті еді.
Солтүстік облыстарда корей шаруашылықтарына жеке меншікке берілетін
суармалы және жай жерлердің кӛлемі анықталды. Әр облыстағы корей
колхоздарына жеке меншікке берілетін жерді былайша бӛліп кӛрсетуге болады:
Қостанай облысының Амангелді және Торғай аудандарында 0,25-тен келсе,
суарылмайтын жерлер 0,3-0,5 тен 0,5-0.8-ке жеткен. Солтүстік Қазақстан
облысының Еңбекшілдер, Қызылту, Атбасар, Тӛңкеріс аудандарында суармалы
жер кӛлемі 0.25, суарылмайтын жерлер 0,3-0,5 болған. Рузаев
ауданындасуармалы жер - 0,25 те, суарылмайтыны – 0,4-0,7 болды. Павлодарда
да суармалы – 0,5 те, суарылмайтыны – 0,5-0,8 болды [128
.
Жер аударылған корейлер негізінен кӛкӛніс және кӛкӛністі ӛндіру арқылы
ӛздерін де басқа халықты да ӛніммен қамтамасыз етіп, тұрмыстарының
нашарлығына қарамастан тұрған жерлерінде тұрақтанып қалуға ынталанып,
тырысты. Корейлер берілген жерді жақсы игеріп алып кетті. 1938 жылы 19
наурызда Солтүстік Казақстан облыстық комитеті Бюросы корей халқының
проблемаларын шешуге арналып, соған лайықты қаулы қабылданды. Келесі
ӛткізілген (28 наурыз) мәжілісте осы уақытқа дейін құрылған корейлердің тӛрт
колхозы, сондай-ақ қоныс аударушыларды алғашқы қажет заттармен
қамтамасыз ететін сауда жүйесі қалыптасқаны, Қиыр Шығыстан корейлердің
сол жақтағы қалған малдары мен егістіктерінің орнына түбіртектерімен
(квитанцияларымен) есеп айрылысқандығы, қоныстанған жеріндегі егістік
кӛлемінің анықталғандығы айтылды [129
.
1938 жылдың 8 наурызындағы Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті
Бюросы шешімі бойынша корей колхоздарының жаңа жоспары айқындалды.
Бұнда бидай үшін – 2920 га, сұлыға 880 га, арпаға – 250 га, тарыға – 300 га,
күнбағыс үшін – 100 га, картопқа – 80 га жер бӛлінгендігі келтірілді. Бұрыңғы
жоспарға қарасақ, ал ескі жоспар бойынша: бидай 2465 га жерге, сұлы 1145 га,
арпа 285 га, тары 274 га, күнбағыс 98 га, картоп 183 га жерге егілген. Негізінен
бұл қаулының шығуына, мемлекеттік жеделхат түрткі болды. Мирзоян мен
Исаев қол қойған бұл жеделхат обком хатшысы Кузнецов пен облыстық атқару
комитетінің тӛрағасы Целыхқа жіберілді. Жеделхат мазмұнына кӛз жіберсек,
онда: «1938 жылдың 15 ақпанына дейін жеткізілсін, жеке жауапкершілікпен
бұлжытпай орындалсын», - делінді. Петропавлда партия, атқару комитеті
«корей қоныс аударушылары жӛніндегі шешімдерге жеке жауапкершіліктің» не
екенін түсініп, іске кірісіп кетті. Корейлерге қатысты «Корей қоныс
аударушылардың шаруашылығының жайғасуы туралы», «Қазақ КСР-ның
К(б)П ОК-нің және Қазақ КСР ХКК-ің, жаңа оқу жылына корей балаларына
арналған ғимараттардың дайындығы, мектептерді жабдықтау, Павлодар,
57
Кӛкшетау, Петропавлда және аудандарда оқу құралдарымен және
мұғалімдермен қамтамасыз ету туралы қаулылардың орындалуы» сияқты біраз
шешімдер қабылданды [130
. Бірақ республика, облыс деңгейіндегі қаулыларды
орындауға ешкім асықпады. Жоғарыдан берілген бұйрық сол қалпында қалып
қойған деуге де болады. Корейлер климат жағдайы егіс ӛсіруге жарамайтын
жерлерге қоныстандырылды. Жер аударудағы қатаң тәртіпті сақтауға
қарамастан, ауылды жерге ағаш шеберлері, шаштараздар, тігіншілер, тері
илеушілер, аспаздар, есеп жүргізушілер, т.б қажет емес маман иелерін жіберіп
отырды [131
.
Солтүстік Қазақстандағы корейлер жоғарғы органдарға шаруашылық
жүргізуге кері әсер ететін жағдайлар туралы хатты жиі жазды. Тіпті керемет
күрішшінің ӛзі, Солтүстік Қазақстан облысында күріштің ӛспейтінін
дәлелдеген еді. Бұндай хаттар Мәскеуге, Жоғарғы Кеңеске, КСРО ХКК-нің
тӛрағасына, Қазақ КСР ХКК-не, Солтүстік Қазақстан обком партиясына,
облыстық атқару комитетіне корей күрішшілерінен түсіп жатты. Оларды
тексеріп, жауап беру керек болды. Корей шаруалары әртүрлі сатыдағы
мекемелерге хат жазу арқылы кӛп нәрсені ӛзгертуге болатындығына кӛздері
жетті. Күрішшілер күріш ӛсіруден басқа қолдарынан ешнәрсе келмейтіндігін,
ал оларда ертеңгі азығының, үйінің, қаражаттың жоқтығы, балаларын немен
асырап оқытатынын білмейтіндіктерін айта отырып, күріш дақылы ӛсетін
жерлерге қарай қоныстандыруын ӛтінді
[132
.
Оларға
жоғарыдан
оларға
«қоныстанған
жерге
бейімделіп,
мамандықтарыңды ӛзгертіңдер» делінген жауаптар келді [133
.
Дегенмен уақыт
ӛте келе, корей колхоздарын құру жұмысы қарқын алып, олардың тұрмыс
жағдайына кӛңіл бӛліне бастады [134
.
Жалпы корейлерді Қазақстан бойынша орналастыруды тӛмендегі кестеден
кӛруге болады.
Енді осы жерде 1989 жылғы халық санағымен 1999-жылғы санақты
салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Қазақстандағы корейлер саны 1989
жылы 100,739 болса, 1999 жылы 99,662-ға кеміген. Облыстар бойынша бӛліп
кӛрсетсек, Ақмола облысы бойынша корейлер 1989 жылы 1,382 болса, 1999
жылы 1,489-ға жеткен. Ақтӛбе облысындағы корейлер саны 1989 ж. халық
санағы бойынша 1,350 адам болса, ал 1999 ж. 33 адамға кӛбейіп, 1,383-ке
жеткен. Шығыс Қазақстан облысындағы корейлер 1989 ж. - 1,553, 1999 ж. -
1,574 адам болды. Осы екі халық санағын салыстыра отырып, он жыл
аралығында бұл ұлттың ӛсімінің шамалы ғана болғанын байқауға болады.
Нақтырақ айтқанда, корей халқының саны республика бойынша 1989 жылмен
салыстырғанда шамамен мың адамға кеміген. Ал облыстар бойынша Алматы
қаласы мен Алматы облысына орналасқан корейлер саны басым болып отыр.
Ал корейлердің ең аз орналасқан жері Батыс Қазақстан облысында 1989 ж.
58
Кесте 4 – 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдардағы халық санағы бойынша корейлердің Қазақстан облыстарына
орналасуы
Облыс
1939 ж.
1959 ж.
1970 ж.
1979 ж.
1989 ж.
Адамдар
саны
% үлесі
Адамдар
саны
% үлесі
Адамдар
саны
% үлесі
Адамдар
саны
% үлесі
Адамдар
саны
% үлесі
Қазақстан
96 453
100,0
74 019
100,0
81 598
100,0
91 984
100,0
103 315
100,0
Ақтӛбе
3 134
3,2
1 010
1,4
1 133
1,4
1 172
1,3
1 350
1,3
Алматы
19459
20,2
-
-
4 343
5.3
4 674
5.1
5 193
5,0
Шығыс Қазақстан
309
0,3
737
1,0
928
1,1
903
1,0
977
0,9
Гурьев
4 309
4,5
2 397
3,2
2 587
3,2
2 946
3,2
3 000
2,9
Жамбыл
4 090
4,2
-
-
8 220
10,01
11 358
12,3
13 360
12,9
Жезқазған
-
-
-
-
3 750
4,6
9 902
4,2
4 135
4,0
Қарағанды
7 536
7,8
-
-
9 648
11,8
10 639
11,6
11 541
11,2
Қызылорда
353 053
6,6
-
-
13 429
16,5
12 503
13,6
12 182
11,8
Кӛкшетау
-
-
-
-
859
1,0
829
0,9
1 045
1,0
Қостанай
4 492
4,7
-
-
2 730
3,3
-
-
3 658
3,5
Маңғыстау
-
-
107
0,1
401
0,5
664
0,7
816
0,8
Павлодар
203
0,2
-
-
525
0,6
706
0,8
924
0,9
Солтүстік Қазақстан
4 769
4,9
397
0,5
302
0,4
320
0,3
327
0,3
Семей
450
0,5
-
-
853
1,0
549
0,6
576
0,6
Талдықорған
-
-
-
-
12 505
15.3
12 207
13,3
13 581
13,1
Торғай
-
-
-
-
-
-
-
-
536
0,5
Орал
2 561
2,7
-
-
437
0,5
577
0,6
631
0,6
Целиногр-
ад
3 759
3,9
-
-
-
-
-
-
1 980
1,9
Шымкент
6 041
6,3
-
-
9 862
12,1
11 071
12,0
11 430
11,1
Алматы қаласы
18
0,0
-
-
6 964
8,5
11 507
12,5
16 073
15,6
Ескерту
–
[135, 7-70-бб.
.
59
631 мың болса, 1999 ж. 731 мың, Солтүстік Қазақстан облысында 1989 ж.746
мың болса, 1999 жылы 534 мың ғана болып отыр. Жергілікті ӛкіметтің берген
есептерінде корейлердің жағдайы билік құрамындағылардың кӛз алдында
болғанын білуге болады. Корей ұлтына қатысты қабылданған қаулы, қарарлар,
бұйрықтар дер кезінде толықтай орындалмады. Мәселен, корейлердің Қиыр
Шығыста қалдырып кеткен егіндіктеріне тӛленетін ақша мен оларға тиесілі
жәрдем ақылар берілмеді.
Негізінде Солтүстік Қазақстанға қоныс аударылған корейліктердің
арасында түрлі білімі бар маман иелері болды. Оларды орналастыру үшін
корей колхоздары ұйымдастырылып, қалалар маңындағы барлық аудандарда
корейлерді орналастыру жұмысы жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысына
корейлерді орналастыруда ауқымды жоспар құрылып, осы жоспар бойынша
колхоздарға орналастыру ісі қолға алынды. Мысалы, Сучанский ауданындағы
«Пионер», «Искра», «Новая жизнь» сияқты корей колхоздарының аттарын
ӛзгертілмей «Алтайский» поселкесіне орналастыру шешілді. 210 адам 32
шаруашылыққа бӛлінді. «Пригородный» поселкесіне «Искра» атты корей
колхозының 23 жанұясы орналасса, ал «Петровский» поселкесіне «Новая
жизнь» колхозының 71 жанұясы немесе 231 адаммен толықтырылды.
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Сталин ауданында кӛп салалы үш
корей шаруашылығы пайда болды. Бұл жерге егіндік, кӛкеніс, жеміс ағаштары
отырғызылды, сүт пен мал шаруашылығы дами бастады. «Пригородный» мен
«Петровскийдің» шекарасында орман алқабы отырғызылды. Сӛйтіп бірте-бірте
корейлер ӛздерінің үйреншікті ісімен айналыса бастады [136
.
1938 жылдың басында Орталыққа, Қазақ КСР ХКК тӛрағасы Исаевтың
атына, Солтүстік Қазақстан облыс атқару комитетінен телефонограмма келді.
Онда Красноармейский совхозының базасынан 953 шаруалық пен тӛрт корей
колхозы ұйымдастырылғаны хабарланды. 799 шаруашылық Алматы
облысының күріш егетін шаруашылықтарына жіберілгені айтылды [137 б.
.
Күштеп қоныс аударған корей халқының Қазақстанда алғаш тұрақтаған
ӛңірі Солтүстік облыстар дедік. Қазақстанның солтүстік аймағында корейлер
тұрғылықты тұрмыс жағдайына орналасқан елді мекендеріне қарай, үш топты
құрады. Бірінші топ – КСРО-ның Қиыр Шығыс ӛлкесінен қоныс аударған
корейлер ұрпағынан болды, екінші топты –Достастық елдерден кӛші - қонмен
келген корей жанұялары құрады, әсіресе, Қырғызстаннан, Ӛзбекстаннан
шыққан еді. Бұлар ӛздерін корей адамымыз дейтіндер. Қазіргі әлемде кӛп ұлт
ӛкілдерінің жер бетіне орналасуында, ортақ жалпы заңдылыққа тартылу
процесі жүруде. Бұл үрдіс ӛзара байланысқа кӛзделуде, әрі уақыт ӛткен сайын
нығаюда.
Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының қорында сақталған бір
құжатта Мәскеуден жіберілген жеделхаттағы шұғыл ақпаратқа қарағанда
корейлерді оңтүстік ӛңірге қарай, атап айтқанда Үштӛбе стансасына кӛшіру
мәселесі айтылды. Жеделхатта Солтүстік Қазақстан облысынан Алматы
облысының Қаратал ауданына үш корей колхозының кӛшірілетіні туралы
шешім қабылданғаны хабарланды. Барлығы Солтүстік Қазақстан облысынан
Алматы облысына «ТОР», «Осоавиахим», «Сталин атындағы», «Рисовый
60
Октябрь», «Коллективный труд», «Восточная Заря» корей колхоздары
кӛшірілді. Жаңа пайда болған егіс алқабына жаңа егіндіктер түрі соя, бұршақ,
спаржа, артишок, күнбағыс, крахмал дайындайтын картоп отырғызыла бастады
[138
.
Жалпы 953 корей шаруашылықтары егінді ӛсіруді қолға алды, мал ӛсіру мен
егін егу ісінде жетістіктерге жетті. Қоныс аударушыларды тараған совхоздардың
жеріне қоныстандыру ауылшаруашылығын дамытуда тиімді болды.
Кесте 5 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша корей қоныс аударушыларын
орналастыру жӛнінде 1938 жылдың 1 наурызына қараған уақыттағы жоспар –
есебі
Аудандар
Келгені
1.03.38.ж
есепке
алынған-р
Басқа
жаққа
кӛшірілетіндер
Облыста
қалатындар
жанұя мен
жал-
ғызбаст.
адам
басы
жан-
ұя
адам
басы
жанұям
ен
ж.баст.
адам
басы
жан-
ұя
адам басы
1.Келлеров
Поделитесь с Вашими друзьями: |