Әож 94 (574): 325. 1 Қолжазба құқында


  Қазақстандағы  аз  ұлттардың  әлеуметтік,  мәдени  жағдайы  және



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
1.2  Қазақстандағы  аз  ұлттардың  әлеуметтік,  мәдени  жағдайы  және 
халық шаруашылығына қосқан үлесі (1930-1980 жж.)  
Қазақстанға  жер  ауып,  еріксіз  қоныстанған  немістер,  поляктар,  гректер, 
татарлар,  башқұрттар,  шешен-ингуштар,  қарашай  т.б.  ұлттар  аса  үлкен 
әлеуметтік-қоғамдық  топты  құрады.  Осыларды  басқару  үшін,  тізгіндеп  ұстау 
үшін  белгілі бір ереже  қажет  еді.  Міне,  ол  Кеңестік  Халық  Комиссариатының  
КСРО  Халық  Комиссарлар  тӛрағасының  орынбасары    В.  Молотов  пен  КСРО 
Халық Комиссарлар Кеңесінің ісін басқарушы Я. Чадаевтың қол қоюымен 1945 
жылы  8    қаңтарда  қабылданған  №  35  құжатынан  белгілі  болды.  Бұл  құжатта 
арнайы жер аударылғандардың құқықтық жағдайы белгіленді. Онда: 
1. Арнайы жер аударылғандар, осы қаулыда қарастырылған шек қоюларды 
қоспағанда КСРО азаматтарының барлық құқығын  қолданады. 
2. Барлық еңбекке жарамды арнайы жер аударылғандар, қоғамдық пайдалы 
еңбекпен  айналысуға  міндетті.  Осы  мақсатта  еңбекші  депутаттарының 
жергілікті  Кеңестері,  ІІХК  (Ішкі  Істер  Халық  Комиссариаты)  органдарының 
келісімімен,  арнайы  жер  ауып  келгендерді  ауыл  шаруашылығына,  ӛнеркәсіп 
орындарына,  құрылыстарға,  шаруашылық  кооператив  ұйымдары  мен 
мекемелерге  жұмысқа  жіберілулерін  ұйымдастырады.  Еңбек  тәртібін  бұзған 
арнайы  қоныс  аударушы  белгіленген  заң  қағидалары  бойынша  жауапқа 
тартылады.  
3.  Арнайы  қоныс  аударушы  ӛздері  қарайтын  арнайы  комендатураның 
тӛңірегінен  ІІХК  органының  арнайы  комендатурасы  комендантының 
рұқсатынсыз басқа жаққа шығуына қатаң шек қойылады. 

 
43 
Ӛздері  қарайтын  арнайы  комендатураның  тӛңірегінен  рұқсатсыз      шығып 
кету әрекеті қашу болып саналып, үстінен қылмыстық іс қозғалады. 
4.  Арнайы  жер  аударылғандар  отбасының  отағасы  немесе  оны 
алмастыратын  адам,  ӛз  отбастарындағы  ӛзгерістерді  (баланың  дүниеге  келуі, 
жанұя  мүшесінің  қайтыс  болуы,  қашып  кету  т.б.)  ІІХК  органының  арнайы 
комендатурасына 3  күндік мерзімде хабарлауға міндетті. 
5.  Арнайы  жер  аударылғандар  ӛздері  үшін  бекітілген  ережені  орындауға, 
тұрғылықты  жерлерінде  қоғамдық  тәртіпті  сақтауға  және  ІІХК  арнайы 
комендатурасының бұйрықтарын бағынышты түрде орындауға міндетті.  
Ӛздері  тұрып  жатқан  жерлерде  қоғамдық  тәртіпті  бұзғаны  үшін  арнайы 
жер  аударылғандарға  100  с.  әкімшілік  айыппұл  салынады  немесе  5  тәулікке 
қамауға алынады  [90, 128 б.].  
Бұл  қаулыдан  байқап  отырғанымыздай  арнайы  жер  аударылып  келген 
ұлттардың  барлығы  да  екінші  дәрежелі  адамдар  қатарына  жатқызылды, 
құқықтық  шектеулер  қолданылып,  ерік-жігерлері  табанға  тапталды.  Қоныс 
аударылғандар  үшін  шығарылған  бұл  заң  ережелері  олардың  тұрмыс 
жағдайларын қиындата түсті. Арнайы жер аударылғандар үшін жеке құқықтық 
мәні  бар  заң  актілері  мен  нормалары  қатаң  сақталды.  Ал  керісінше  олардың 
материалдық  мұң-мұқтажына  байланысты  мәселелер  толық  шешімін  тапқан 
жоқ.  
Соғыстан  кейінгі  шаруашылық  күйзелісі,  жалпы  экономикалық 
қиындықтар  барлық  халыққа  ауыр  тигені  мәлім.  Сондықтан  жер 
аударылғандарды  орналастыру,  қосымша  материалдық  шығындарға  әкеліп 
соқты.  Осының  салдарынан  жер  аударылғандарға  дұрыс  қарамау  әрекеттері 
білініп  отырды.  Әсіресе  бұл,  кейбір  колхоз,  совхоз  басқармалары  тарапынан 
білінді.  Олар  жер  аударылғандарды  тұрғылықты  халық  алдында  «Отанын 
сатқандар,  халық  жаулары»  деп  кӛрсетуге  тырысты.  Жер  аударылғандардың 
алғашқы  кездегі  саяси-құқықтық жағдайы  ӛте  ауыр  болды.  Олардың  арасында 
ӛлім  ӛте  кӛп  болғаны  мәлім.  1945  жылы  15  мамырда  Семей  партиялық 
облыстық  комитеті,  облысқа  қарасты  бір  ауданындағы  жер  аударылғандарға 
берілген  азық-түліктің  дұрыс  бӛлінбегендігі  және  оларға  деген  қарым-
қатынастардың немқұрайлылығы туралы деректер тіркелінген.  
Кейбір  жерлерде  қоныстанғандардың  еңбегіне  берілетін  тӛлемақы 
жергілікті  тұрғындарға  берілген  ақыдан  едәуір  тӛмен  болды.  Мысалы,  бір 
еңбеккүн  есебінде  қоныс  аударылғандарға  200    гр  ғана  бидай  берілді.  Егістік 
тұқым  болмағандықтан  кейбір  қоныс  аударушылар  бау-бақшаларға  ешнәрсе 
себе  алмады.  Суық  және  қолайсыз  баспана,  азық-түлік  тапшылығы  оларды 
жаппай ауруға шалдықтырды. Суықтан, аштықтан, кӛптеген адамдар ӛліп кетті, 
жазылмас  дертке  ұшырады.  Күштеп  қоныс  аударылғандардың  ауыр  жағдайға 
ұшырауы олардың қырылып қалуына әкеліп соқтырды. Соның ішінде, әсіресе, 
немістердің  ӛсімі  мен  азаюы  келсек,  1945  жылы  туу  –  4236  адам  болса, 
ӛлгендер  8915  адам  болған.  Ал  1945  жылы  олардан  7314  адам  туылса,  12573 
адам ӛлген. 1948 жылы 12309 адам туылып, ӛлгендер саны 17679 адамға жеткен 
[99, 13 б.]. 
 

 
44 
Елдің  ауыр  әлеуметтік  тұрмыс  жағдайларына  қарамастан  әртүрлі  ұлттар 
республиканың мәдениетіне,  экономикасына  елеулі  үлестерін  қоса  білді.  Олар 
ірі  ӛнеркәсіп  орындарында,  пайдалы  қазба  орындарында,  зауыт,  фабрика,  ірі 
құрылыс,  ӛндіріс  орындарында  және  ауылшаруашылығында  жұмыс  істей 
жүріп,  ӛзінің  ұлттық  қасиеттерін ұмытпауға  тырысты.  30-жылдардың  соңында 
Қазақстанда  бұрыңғы  ірі  ӛнеркәсіп  орындары  қайта  жӛндеуден  ӛткізіліп, 
қалпына  келтірілді.  Себебі,  республика  халық  шаруашылығының  жалпы 
ӛнімінің  60  проценті  ӛнеркәсіп  ӛнімдері  болатын.  1938  жылы  11  ақпанда 
БК(б)П  Орталық  Комитеті  мен  КСРО  ХКК-нің  Жезқазған  мыс  қорыту 
комбинатын  салу  және  Қарсақпай  мыс  қорыту    қайта  құру  туралы  қаулысы 
қабылданды. Шымкент қорғасын зауыты да аса ірі кәсіпорынға айналды.  1939 
жылдың  ӛзінде  Шымкент  қорғасын  зауыты  бүкіл  КСРО-да  балқытылған 
қорғасынның 73,9  %-ін берсе, ал Балқаш зауытында 51 % мыс ӛндірлді.  1938-
1940  жылдар  қорғасын  қорыту  1,7  есе,  тазартылмаған  мыс  қорыту  –  4,8  есе 
артты.  Еліміздің  түсті  металлургиясында  Қазақстан  одақтас  республикалар 
арасында екінші орын алады. 
 
1940 
жылы  Қарағанды  кӛмір  бассейінінде  машиналармен  және 
конвейрлермен  жабдықталған  22  шахта  және  бір  кӛмір  разрезі  жұмыс  істеді.  
Осы  жылдың  басында  Қарағанды  бассейініне  90%  кӛмір  ӛнідірілді.  Қазақстан 
кӛмір  ӛндіруден  Донбасс  пен  Кузбастан  кейінгі  үшінші  орынға  шықса,  ал 
мұнай  ӛндіруден  Ресей  мен  Әзербайжаннан  кейінгі  үшінші  орында  болып, 
барлық  мұнайдың  бестен  бірін  шығарып  отырды.  Соғыс  жылдары  Қазақстан 
ауылшаруашылық  ӛнімдерімен  майданды  қамтамасыз  еткен  бірден-бір  орын 
болды. Соғыстың алдындағы жылдары колхоздардың қоғамдық шаруашылығы 
нығайды. МТС-тер колхоз ӛндірісінің тіректі пункттеріне айналды. Егер бұрын 
Қазақстанда  МТС-тер  негізінен  алғанда  астықты  және  мақталы  аудандарында 
шоғырланған  болса,  1940  жылдарға  қарай  МТС-тер  жүйесі  кӛптеген  мал 
шаруашылықты аудандарды қамтыды 

63, 26, 30 б.

 .
  
Жер  аударылған  халықтар  әртүрлі  әлеуметтік  топтарға  жатты.  Бұлардың 
арасында  зиялы  қауым  ӛкілдері,  жұмысшы  табы  да,  шаруалар  да  болды. 
Дегенмен  жер  аударылып  келген  жерлерінде  олар  ӛзінің  мамандығы  бойынша 
қызмет  етпеді.    Олардың  не  білімі,  не  мамандықтары  ескерілмеді.  Білікті 
инженер немесе экономист колхоз, совхоздарға малшы, күзетші, тракторшы т.б. 
қара  жұмыстарды  істеді.  Мәселен,  ӛз  жерлерінде  мұнай  саласында  қызмет 
еткен  шешен-ингуштар  мен  зауыт-фабрикаларында  жұмыс  істеген  поляк, 
немістер  колхоз-совхозды  жерлерге  қоныс  аударылғаннан  кейңн  ӛз 
мамандықтары бойынша емес, ең ауыр қара жұмыстарға жегілді [100]. 
 
Колхозға келіп орналасқандар ешқандай да кӛмек ала алмады. 1938 жылы 
20  қарашада  Одақтық  Халық  Комиссарлар  кеңесінің  тӛрағасы  Микоянға 
жазылған  хатта 1939  жылы  Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына жер 
аударылып  келген  күрдтер  мен  армяндарды  толықтай  шаруашылық  жағдайда 
орналастыру мәселесі айтылды 

10, 186-187 б.


 
1939 жылдың 25 наурызында Қазақ КСР ХКК-нің тӛрағасы Н. Ондасынов 
пен  Қазақстан  К(б)П-ның  хатшысы  Н.  Скворцовтың  жоғарғы  орындарға 
жолдаған  хатында  осы  жылға  жер  аударылып  келгендерді  орналастырып, 

 
45 
тұрмысқа қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қомақты мӛлшерде ақша 
бӛлінгендігі  келтірілді.  Хатта  22 820,2  мың  сом  кӛлемінде  жер  аударылғандар 
арасында  іс-шаралар  жүргізу  үшін  бекітуді  сұраған.  Екі  күннен  кейін  яғни  27 
наурызда  республикаға  жер  аударып  келгендерді  орналастыруға  қажетті 
қосымша  есеп  туралы  құпия  мәлімет  жоғарыға  жӛнелтілді.  Онда 
қоныстанушыларға  несие  беру  мәселесі  айтылды.  Сондай-ақ  колхоздар  мен 
совхоздарға орналасқан корей, күрд, армян және ирандықтардың шаруашылық 
жағдайлары  жайында  мәлімет  берілді.  270  күрдтер  мен  армяндардың,  321 
ирандықтардың малдары жоқтығы келтірілді 

10, 189 б.


 
Жер  ауып  келгендердің  бастапқы  кездерде  жалақылары  да  ӛте  тӛмен 
болды.  Дегенмен  жақсы  жұмыс  істеп,  кӛзге  түскендерге,  күнделікті  еңбек 
мӛлшерлерін орындап жүргендерге жалақы мӛлшерін кӛбейтіп отырған. Оларға 
еңбекақы тамақ түрінде де берілді. Соғыс басталған жылдары тӛмен жалақыға 
қарамастан  майдан  есебіне,  әскери  техника  жасауға  Ақмола  облысының  неміс 
ұлт  ӛкілдері  70  миллиондай  ақша  жинап  берген.  Мәселен,  осы  облыстың 
Рождестенка,  Романовка,  Краснояр,  Жанғызқұдық,  колхоздарының  неміс  ұлт 
ӛкілдерінің колхозшылары 1942 жылы бір жарым миллион сом әскери займдық 
облигация  сатып  алған.  Неміс  ұлт  ӛкілдері  МТС-тарда,  колхоздар  мен 
совхоздардың негізгі жұмыс күші болған [57, 263 б.].  
Колхоз, совхоздарға қоныстанған жер аударылғандар ауылшаруашылығын 
кӛтеруде  ӛзіндік  үлес  қосты.  Мысалы  1946  жылы  Булаев  ауданына  қарасты 
«Екінші  бесжылдық»  колхозында  трактор  құлағын  ұстаған  В.  Элмурзаев  10 
күні ішінде жер жыртуға тиіселі 45 гектардың орнына 94 га жер жыртып кӛзге 
түссе,  ал  «Свобода»  колхозына  қоныс  аударып  келген  Израил  Гатаев  алда 
ӛткізілетін  егіс  жұмыстарына  қажетті  барлық  ауылшаруашылық  техникасын 
күрделі жӛндеуден ӛткізіп, жоспарын асыра орындаған [101]. 
 
 1946-жылы  жер  аударылғандарға  жекеменшікке  мал  бӛлініп  беріле 
бастады.  Мәселен,  Солтүстік  Кавказ,  Грузин  республикасы  және  Қырым 
автономиялық  республикасынан  жер  ауып  келгендерге  материалдық-
тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында малдан 103 бас жылқы мен 742 
ӛгіз  және  т.б.  ұсақ  малдар  берілді.  Сонымен  қатар  оларға  ақшалай  кӛмек  те 
кӛрсетілген. Жер ауып келгендерге республикамызда  3801900 сом мӛлшерінде 
ақша  бӛлініп,  әр  отбасына  шаққанда  орта  есеппен  1000  сомнан  кӛмек 
кӛрсетілген. Тұрмыс жағдайлары аса нашарларға ақшалай кӛмек бірден берілді.  
Республикада  тұрмысы  тӛмен  жанұяларға  2037271  сом  ақша  бӛлініп  берілген 
[102]. 
 
Жер  аударылғандардың  әлеуметтік  жағдайын  жасқартуда  жергілікті 
әкімшілік  орындары  мен  қарапайым  тұрғындар  қолдарынан  келгенін  аямады. 
Алғашқы  кӛшіп  келген  күннің  ӛзінен  бастап,  құшақтарын  кең  жайып,  баспана 
салынғанша үйлеріне тұрғызды, қолында бар тамағын алдыларына тосты.  
1946-жылдың  жаз  айында  жер  аударылғандардың  барлық  отбасылары 
колхозға  мүше  болып  қабылданып,  үкімет  тарапынан  түрлі  кӛмектер  ала 
бастады.  Дегенмен әлі де болса оларға күдіктене қарау орын алды. Әсіресе бұл 
неміс  ұлт  ӛкілдеріне  қатысты  болды.  Кең  орындарында,  ауыр  жұмыс 
істейтіндердің  тапқан  жалақылары  жетпеді.  1944  жылдың  14  қазанында 

 
46 
Қазақстан  партиясының  Орталық  Комитетіне  жіберілген  Әскери  бӛлімнің 
меңгерушісі  П.  Алексеевтің  хатында  Қарағанды  шахтысында  жұмыс 
істейтіндердің  жалақылары  ӛздерін асырауға  жетпейтіндігі жайында  айтылып, 
нақты  мысалдар  келтірілді.  Калинин  шахтысының  жұмысшы                              Н.В. 
Цебердің 250-300 сомдық жалақысы не тамаққа, не киімге жетпейтіндігі, оның 
жалаң  аяқ  жүргендігі,  ал  №49    шахтыда  И.  Шеленберг  деген  жер  аударылған 
күніне 12  сағат жұмыс  істесе де еш нәрсе таба алмай, үйіне аш және шаршап 
қайтатыны  келтірілді.  Бұл  хатта  осындай  жағдайдағы  Л.Н.  Шухов,  Л.В. 
Никитина, Фадин, Ф. Паль сияқты жер аударылғандар мүшкіл халдері айтылып, 
бұл  жайттерді  тез  арада  тексеріп,  жойғандығы  жӛнінде  1  желтоқсанға  дейін 
Әскери бӛлімге хабарлау жүктелінді [103]. 
 
Соғыс  жылдарында  майданға  жауынгерлер  киімдер  мен  бұйымдар  кӛбі 
еріксіз  жер  аударылғандар  мен  лагерлерде  тұтқында  отырған  ұлттардың 
кӛмегімен  жасалды.  Еңбек  армиясына  қоныс  аударылған  әйел  де,  қарттар  да, 
бала да қатыстырылды. Ауылды жерлерде жас балалар ересектермен қатар егіс 
алқабында жұмыс істеді, мал бақты.  Жер аударылғандар шахталар, рудниктер, 
мұнай  ӛндіру  кәсібі,  байытатын  кәсіпорындар  және  жаңа  темір  жол  салуға 
қатынасты.  Еңбек  армиясы  қатарындағылар  жылытылмаған  барак  үйлерде 
тұрып,  ауыр  тұрмыс  жағдайында  жұмыс  істеді.  Аурудан,  аштықтан,  суықтан  
1944-1948  жж.  аралығында  101036  шешен,  ингуш,  балкар  ұлт  ӛкілдері  ӛлген 
[104, 22-30 б.].
  
Соғыс  кезінде  құрылған  Еңбек  армиясы  қатарында  жұмыс  істеген  жер 
аударылғандар  соғыс  аяқталғаннан  кейін  елде  халық  шаруашылығын  қалпына 
келтіруге  қатысты.    1946  жылдың  басындағы  есеп  бойынша  елімізде  151374 
жер аударылғандар  халық шаруашылығында жұмыс істеген. Бұл аталғандардан 
басқа мерзімдік уақыттарда 15133 мектеп оқушылары мен 5 165 қарттар да қол 
ұштарын  берген.  Қазақстан    бойынша  жалпы  арнайы  жер  аударылғандар  1948 
жылы  халық  шаруашылығында  1014270  адам  еңбек  етті.  Бӛліп  кӛрсететін 
болсақ, олардың 72170 адамы совхоздар ауылшаруашылығында, 212194 адамы 
кӛмір  кен  орындарында,    180405  адамы  орман  ӛнеркәсіптерінде,  33309  адамы 
металлургия  саласында,  96619  адамы  алтын  ӛнеркәсібінде,  18895  адамы 
құрылыстарда,  теміржол  құрылысында,  15913  адамы  жеңіл  ӛнеркәсіптерде,  
14320 адамы машина жасауда және тағы басқа салаларында жұмыс істеді [105, 
11-12 б.].
  
Неміс  ұлттары  кен  ӛндіру  орындарында,  оның  ішінде  алтын  ӛндіру 
кеніштерінде  жұмыс  істеген.  Олардың  арасында  ауылшаруашылығында 
еңбегімен  кӛзге  түсіп,  үкімет  тарапынан  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  8  адам 
марапатталды.  Кен  орындарында,  шахталарда  еңбек  еткен  жер  аударылған 
халықтардың  арасынан  ӛзінің  кәсібін  үздік  меңгергендердің  қатары  күннен 
күнге  кӛбейе  түсті.  Әсіресе  жастардың  еңбекке  деген  ынтасы  зор  болды. 
«Кельтемашаткӛмір»  кен  орнының  кеншілері  ағайынды  Шахтиевтер  кӛмір 
ӛндіруде  нормаларын  500  -  ден  700  %  асыра  орындап,  кӛзге  түскен.  Олардың 
жалақылары айына 600 сомнан артық болды [106].  

 
47 
Шешен  ұлт  ӛкілдерінен  1946  жылы  ірі  ӛнеркәсіп  орындарында  826  адам 
жұмыс  істеп,  оның  кӛпшілігі  қажырлы  еңбектерімен  кӛзге  түскен.  Бұлардың 
арасында  354  адам  ӛз  нормаларын    200-ден  300  пайызға  дейін  артығымен 
орындаса,  ал  472  адам  150-ден  200  пайызға  дейін  кӛтеріп,  үкімет  тарапынан 
марапаттарға ие болған. Лениногор кенішінде жұмыс істеген 332 шешендердің 
арасынан  суырылып  шыққан  стахановшылар  мен  екпінділер  қатарынан 
Кеньмат  Дахаев,  Сешимикунтей  Катаевты  атауға  болады.  Олар  1946  жылы 
күнделікті  жұмыс  нормаларын  205  пайызға  орындап  отырған.  Осы  үлгілі 
еңбектері  үшін  Лениногор  ӛндіріс  орындарында  жұмыс  істеген  1  шешен  ӛкілі 
Қызыл Жұлдызбен марапатталды [68, 141 б.].   
Ірі  ӛнеркәсіп,  кәсіпорын,  фабрика,  зауыттарда  жұмыс  істейтіндердің 
арасында  социалистік  жарыстар  ӛткізіліп,  ӛзге  ұлт  ӛкілдерінің  арасында 
суырылып  алға  шыққандар  да  болды.  Ауыр  жұмыс,  жағдайдың  нашарлығына 
қарамастан  жер  аударылғандар  арасында  ӛз  жұмыстарын  жауапкершілікпен 
атқарып,  бригадаларымен  жақсы  кӛрсеткіштерге  жеткендер  кӛптеп  саналды. 
Жалақыларының  ӛсуі  еңбекке  деген  ынталарын  арттырды.  Жұмысқа  араласу 
сапасы  1946  жылы  85  пайызға  жеткен.    «Садвинтрес»  совхозының  жастары 
жылдық  мӛлшерлерін  10  ай  ішінде  150-214  пайызға  дейін  жоспарды  асыра 
орындағандары  үшін  күнделікті  тұрмысқа  аса  қажетті  деген  заттардан 
сыйлықтармен марапатталды [107].  
Соғыстан  кейінгі  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  оңайға  соққан 
жоқ.  Ауылшаруашылығында  қажетті  техника  жетіспеді,  соның  салдарынан 
егістік  алаңдары  қысқарып,  астық  ӛндіру  азайды.  Мал  ӛсіруде  де 
қиыншылықтар туындады. Ең бастысы ауылшаруашылығына қажетті мамандар 
жетіспеді.  Міне,  осыған  орай  жер  аударылғандардың  арасында  мал  дәргері, 
аграном,  зоотехник  сияқты  мамандар  осы  салалар  бойынша  жұмысқа  тартыла 
бастады.  Қоныстанушыларды  жұмыспен  ғана  емес,  олар  біліктілігін  кӛтеруде 
арнайы курстарға жіберіліп, жалақылар тағайындала бастады [108]. 
 
Ұлттар  арасында  білікті,  ұйымдастыру  қабілеті  барлар  басшылық  ісіне  де 
тартылған.  50-жылдардың  ортасында  Солтүстік  Қазақстан  облысының  8 
колхозында  неміс  ұлтынан  шыққандар  колхоз  тӛрағалығын  атқарса,  24-і 
тӛрағаның орынбасарлығын, 133-і  далалық бригадалардың бригадирі, 82-і мал 
фермаларының  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған.  Неміс  ұлт  ӛкілдерінен  осы 
облыста  15  аграном,  20  зоотехник,  13  ветеринар  қызметкері  болды.  Сонымен 
қатар қарапайым жұмыскерлердің арасында ӛз еңбегімен кӛзге түскендер де аз 
болмады.  Кӛкшетау  ауданына  қарасты  Шағалы  совхозының  шабаны  Петр  Рау 
әр  қойдан  6,0  кг.  жүн  қырқып,  облыс  жеңімпазы  атанса,  ал  Рузаев  ауданына 
қарасты  «Победа  Ильича»  колхозының  сауыншысы  Ирма  Лодс  ӛзіне  бӛлініп 
берілген  11  сиырдан  3212  литр  сүт  сауған.  Красноармейская  ауданының 
«Рассвет  социализма»  колхозының  сауыншысы    Мария  Терммер  де    осы 
кӛрсеткішке жеткен.  
Осы  Солтүстік  Қазақстан  облысының  совхоздарында  1518  адам  жұмыс 
істеп, олардың  833-і егіс алқабында, 259-ы механизатор, 10-механик, 13-і егісте 
трактор бригадирі, 2-і аграном, ал 3-зоотехник, 4-і ветиринар қызметкері болып 

 
48 
еңбек  еткен.  Ауылшаруашылығының  алға  жылжуына  байланысты,  жер 
аударылған  ұлттардың  да  тұрмыстық  жағдайы  кӛтерілді.  50-шы  жылдардың 
ортасында  бұл  ұлттардың  жағдайы  да  жақсарды.  Мысалы,  57    неміс  ұлтында 
жеңіл  автомобилі  болса,  456-сы  мотоцикль  мінген.  Әр  үйде  велосипед,  тігін 
машиналары, радиоқаблдағыштары болған [57, 255-256 б.].  
Ауылшаруашылығында  жер  аударылғандар  арасында  үздік  еңбектерімен 
кӛзге  түсіп,  Кеңестер  Одағының  түрлі  марапаттауларына  ие  болғандардың 
қатары кӛбейді. Павлодар облысында мемлекет тарапынан 131 адам марапатқа 
ие болған [109].  
1954  жылы  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеруге  жер  аударылғандар  тың 
белсене  атсалысып,  олардың  араларынан  да  үкімет  марапатына  ие  болғандар 
болды. Мысалы, тың басталған жылы басшылық, ұйымдастырушылық  қызметі 
үшін  Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тельман атындағы колхоздың 
тӛрағасы В. Мюллер 1954 жылы Ленин орденімен марапатталған.  Жалпы «Тың 
және  тыңайған  жерлерді  игергені  үшін»  медалімен  жер  аударылған 
халықтардан  Павлодар  облысында  415  азаматы  марапатталған.  Тың 
совхоздарын  кӛтеруге  қатысқан  кӛптеген  қоныстанушылар  ынталандыру 
сыйлықтарымен марапатталды [110]. 
 
Немістердің  екпінді  еңбегі  мемлекет  тарапынан  марпатталды.  Соғыстан 
кейінгі  он  жыл  аралығында  жер  аударылған  97  неміс  ордендермен,  3660-ы 
медальдармен,  175  адам  әртүрлі  мекемелердің  құрмет  қағаздарымен 
марапатталып,  272  адам  Бүкілодақтық  ауылшаруашылығы  кӛрмеге,  147-і 
облыстық кӛрмеге қатысқан [57, 256 б.].  
Жер  аударылғандардың  балаларын  арнайы  мекемелерге  орналастыру, 
мектептерге  тарту  мәселесі  соғыс  жылдарында  ӛте  күрделі  болды.  Себебі 
балалар  жұмыс  күші  ретінде  тартылды.  Тіпті  соғыс  біткен  жылдан  кейін  де 
мектеп  жасындағы  балалар  оқуға  тартылмаған.
 
1946  жылдың  кӛрсеткіші 
бойынша  республикасында  жер  аударылғандардың  89  102  мектеп  жасындағы 
балаларының бар-жоғы 22020-сі ғана оқумен қамтылған [111, 280 б.]. 
 
1945  жылы  26  сәуірде  барлық  жер  аударылғандардың  мектеп  жасындағы 
балаларын «оқуға тарту» туралы қаулысы жарық кӛрді. Осыған байланысты  7-
14 жас   аралығындағы балалардың барлығы оқуға міндеттелінді. Осы  уақытқа 
дейін бұрыңғы әдет-ғұрыпқа салынып  қыз балаларын оқуға бермей  жүргендер 
мен  орысша  оқытуға  тыйым  салғандар  балаларын  оқытуға  тиісті  болды  [112]. 
Бұл  қаулының  қабылдануы  мектеп  оқушыларының  санын  кӛбейтті.
 
1950-ж. 
күзіне  қарай  мектепте  оқитындардың  саны  184133-ға  жетті.  Оның  ішінде  
91325-і  ұл  бала  болса,  92808-і  қыздар  еді.  Бұлардың  арасында  неміс,  шешен, 
ингуш және тағы басқа ұлттардың балалары болды [112].  
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арнап  бала  бақшалар  да  ашылды.  1943 
жылы 21 желтоқсанда Қызылорда облыстық атқару комитетінің шешімімен жер 
ауып  келген  поляк  балаларына  арналып  ӛз  ана  тілінде  тәрбиелейтін      65 
орындық  балабақшалар  ашылған.  Сонымен  қатар  жер  аударылғандардың 
әкелері майданда жүргендердің балаларын қазақ отбасылары ӛз үйлеріне алып, 

 
49 
асырап  тәрбиелеген.  Кӛп  ұлттардың  балалары  қазақ  мектептерінде  оқыды, 
қазақтың салт-дәстүрін үйренді 

114, 65-66 б.

.  
Бұдан кейінгі жылдары бірте-бірте мектеп жасына толған балаларды оқуға 
беру  міндеттелінді.  Дегенмен  ауыр  тұрмыс  жағдайына  байланысты  кӛп  жер 
аударылған  отбасы  дер  кезінде  балаларын  оқуға  бере  алмады.  Сонымен  қатар 
жер  аударылып  келгендердің  кӛпшілігі  колхоз,  совхоздарда  тұрғандықтан,  ол 
жердерде  қазақ  мектебінен  басқа  мектептер  болмағандықтан,  тіл  білмеушілік 
кедергі жасады. Мұрағат дерегіне сүйенсек,  Қарағанды  облысында 1 546 бала, 
Кӛкшетауда  680 бала  орысша оқытатын сыныптардың жоқтығынан оқуға бара 
алмаса,    мектепке  киерлік  киімнің  жоқтығынан  Қарағанды  облысында  –  1329 
бала,  Кӛкшетауда  –  2039  бала,  Павлодарда  –  577,  Семейде  –  299, 
Талдықорғанда – 400 бала мектепке қатынай алмаған. Оның үстіне мектептерде 
арнайы  пәндерге  байланысты  ұстаздар  жетпіспеген.  Жер  аударылғандардың 
ішіндегі  жоғары  білімді  мұғалімдер  жұмыспен  қамтамасыз  етілмеген 

115

.
  
Оған  бірден-бір  себеп,  тағы  да  жер  аударылғандарға
 
деген  сенімсіз  кӛзқарас 
болса, екіншісі, қаражат мәселесінің жоқтығы еді.  
50-жылдардан  бастап  жер  аударылғандардың  балаларының  оқуға  тартылу 
барысы  қадағаланып  отырды.  Оқуға  бармағандары  арнайы  есепке  алынып 
отырды.  Бұнадай  іс-шаралардың  жүргізілуі  елдің  мәдени-ағарту  деңгейінің 
біршама  алға  жылжығанын  кӛрсетті.  Ұлт  ӛкілдері  арасында  сауатсыз  немесе 
жартылай  сауатсыздар  анықталып,  олар  оқуға  тартылып,    оқытыла  бастады. 
Мәселен, тексеру барысында шешендер ұлт ӛкілдерінің арасында 3840 адамның 
шала  сауатты  немесе  сауатсыз  екендігі  айқындалса,  ал  ингуштерде  3400  
адамның,  балкарларда  3 600  адамның,  немістерде  1600  адамның  осындай 
дәрежеде екендігі  анықталған [116]. 
 
Солтүстік  Қазақстандағы  602  мектептің  411-де  неміс  ұлтының  балалары 
оқыған.  1955  жылдан  бастап  неміс  тілін  енгізу  мәселесі  кӛтеріліп,  арнайы 
оқытушылар да даярлана бастады [57, 257 б. 

.
  
 
Жастарды  орта  және  жоғары  оқу  орындарына  тарту  мәселесі  де  жүйеге 
түсіріліп,  ұлттар  арасынан  102  жас  орта  оқу  орындарында  оқуға  түсіріліп, 
оқытыла  басталды.  Кӛбіне  ауылшаруашылығына  қажетті  мамандықтармен 
оқыту, педагогикалық мамандық алуға кӛңіл бӛлінді [117

.   
1955 жылы 29 маусымда КОКП ОК-нің «Қоныстанушылар арасында саяси 
жұмысты  жаппай  күшейту туралы» қаулысының  қабылдануы ұлттар арасында 
үгіт-насихат  жұмысын  ӛрістетті.  Алайда  олардың  ана  тілінде  дәрістер  оқу, 
радиодан  түрлі  бағдарламалар  мәселелері  қолға  алынбады.  Саяси  үгіт-насихат 
барысында  Кеңес  ӛкіметінің  жетістіктері,  социализмнің  жеңісін  дәріптеуге 
кӛңіл бӛлді. Ӛзге ұлт ӛкілдерін комсомол, коммунистік партия қатарына әлі де 
болса қабылдауда сеніміздік орын алды. Дегенмен комсомол жастар қатарында 
неміс ұлт ӛкілдерінің жастары кӛптеп болды.  Осы жылдың 13 желтоқсанында 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  қаулысымен  қоныс  аударып  келген  неміс  ұлт 
ӛкілдерінің барлық құқықтарына шек қоятын заңның алынып тасталуы олардың 
арасында партия, комсомолға ӛтушілердің қатарын кӛбейтті. 1961 жылы партия 
қатарына ӛткендер 2,7%-ке ӛскен [118, 56 б. 

. Неміс ұлт ӛкілдерінің арасында 

 
50 
халық  депутаттары  болғандар  да  бар.  1965  ж.  халық  депутаттары  облыстық 
кеңесінде  8  неміс  депутаты  болса,  1974  жылы  олардың  саны  11-ге  жеткен, 
қалалық  кеңестердегі  депутаттар  саны  7-ден  36-ға  кӛтерілген.  60-жылдардың 
басында  кеңестік  атқару  комитетінің  аппараттарында  неміс  ұлттары  бірен-
саран  ғана  болса,  ал  1980  жылы  олардың  саны  56-ға  жеткен.  Қарапайым 
қатардағы  жұмысшыдан  бастаған  А.Г.  Браун  қажырлы  еңбегінің  арқасында 
облыстық  партия  комитетінің  хатшысы,  облыс  әкімі  қызметне  кӛтеріліп, 
кейіннен  зейнеткерлікке  кетерге  дейін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
кеңесшісі  болған.  Ал    Д.И.  Габриель  партия  және  комсомол  ұйымдарында 
жұмыс  істеп,  облыстық  кәсіподақ  федерациясына  мүше  болды.  Еңбек  жолын 
Қорғалжың  ауданының
 
Амангелді  совхозында  тракторшыдан  бастаған  неміс 
қыздарының  бірі  Н.В.  Геллерт  бірнеше  жылдан  кейін  бүкіл  Кеңес  Одағына 
әйгіленді.  Ол  екі  рет  КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне  депутат  болып  қатысты. 
Бастапқыда  Ақмола  совхоз-техникумын  бітірген  ол  кейін  Ауылшаруышылық 
институтын,  ал  1991  жылы  КСРО  Сыртқы  Істер  министрлігінің  дипломаттық 
мектебінде тыңдаушы болып, Қазақстан мен Германия елшілігінде қызмет етті 
[57, 264-265 б.

.     
Мұрағат  деректеріне  сүйенсек,  шешен-ингуш  ұлт  ӛкілдерінің  арасында 
1946 жылы 817 шешен, 325 ингуш  партия қатарында болған. Қатаң бақылауға 
қарамастан  олардың  арасынан  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізген,  партияға 
адал берілген басшы азаматтар да шықты [119


 
Поляк ұлт ӛкілдері де 50-60 жылдарындағы тың кӛтеру науқанында үлкен 
рӛл  атқарды.  Мысалы,  Кӛкшетау  облысының  аудандық  басшылықтары 
арасында  (колхоз  тӛрағасы,  жергілікті  билік  органдары,  тағы  басқаларында) 
поляктардың үлесі әжептәуір пайызды құрады.  
ХХ  ғасырдың  50-жылдары  Кеңестік  ӛкімет  саяси  жұмысқа  аса  мән  берді. 
1955  жылы  24  наурызда  болған  Қазақстан  компартиясының  ОК-і  саяси-
тәрбиелік  және  мәдени-ағарту  жұмыстарын  жүргізуді  күшейту  жӛнінде  қаулы 
қабылдаған  еді.  Бұл  әсіресе  шешен-ингуш  ұлттары  арасында  қолға  алу 
міндеттелінді [120

.
  
 Ұлттардың  тілдерінде  газет,  кітаптар  шығару  мәселесі  де  қолға  алынып, 
республикада  шешендердің  «Къинхьегаман  Байракх»  («Еңбек  Туы»)  газеті 
шығарылды. 
40-50 
жылдардағы 
ӛзге 
ұлттардың 
басына 
түскен 
қиыншылықтарға қарамастан олар тілін, ата салтын, дәстүрлерін берік ұстанды. 
Мәдени іс-шаралар да жүргізді. Неміс диаспорасының арасынан ағарту, ғылым, 
білім салаларында қызмет еткендердің қатары да кӛбейді. Мысалы, Э.Ф. Госсен 
ғылыми-зерттеу  институтында  жұмыс  істеп,  жерді  ӛңдеуге  байланысты 
кӛптеген  ғылыми  жаңалықтар  ашқан.  1972  жылы  ғылымға  қосқан  үлесі  үшін 
Ленин сыйлығын иеленді  
Ақмола  облысында  жоғары  және  орта  оқу  орындарында  неміс  ұлт 
ӛкілдерінен  1965  жылы  24  оқытушы  дәріс  берсе,  1975  жылы  бір 
ауылшаруашылығы  институтында  16,  1980  жылы  32  оқытушы  қызмет  еткен 
[57, 265,267 б.

.  

 
51 
Шешен-ингуш  ұлт  ӛкілінің  арасында  білім  және  ғылым  саласында 
қызметімен  кӛзге  түскендер  де  бар.  Бұл  ретте  А.Д.  Яндаровты  атауға  болады. 
1954 жылы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік  университеттің заң факультетіне түсіп, 
оны  бітіргеннен  кейін  аспиратурада  оқып,  шешен-ингуштердің  философиясы 
мен қоғамдық ойларына қатысты тарих саласынан кандидаттық диссертация, ал 
1984  жылы  осы  тақырыпты  кеңейте  отырып,  докторлық диссертация  қорғады. 
Оның  қазақ  ағартушы-ғалымы  Шоқан  Уәлиханов  туралы  жазғандары  да  бар. 
Алматы  жоғары  оқу  орындарында  оқытушы,  кафедра  меңгерушісі  болды. 
Педагог,  профессор  А.К.  Қанапинмен  бірге  екі  монографиялық  еңбек  жазды. 
Кейін ӛз туған жеріне оралып Білім министріне дейін кӛтерілді.  
Геология  ғылымы  саласында  осындай  жетісіктерімен  кӛзге  түскендердің 
арасынан  Сұлтан  Мәжитұлы  Оздревты  атауға  болады.  Қазақстанға  жер 
аударылып  келгеннен  кейін  орта  мектепте  білім  алып,  еңбек  жолын 
жұмысшыдан  бастаған  ол  кейінірек  Қазақ  политтехникалық  институтының 
геолог-барлау  факультетін бітірді.  Осы  жолда  ұзақ  жылдар  іздене  жүріп,  1975 
жылы  кандидаттық  диссертация,  ал  1986  жылы  докторлық  диссертация 
қорғады.  Қ.И.  Сәтпаев  атындағы  ӛзі  бітірген  институтта  қызмет  етті                   
[68, 178-179 б. 

.  
Аз  ұлт  ӛкілдеріне  түсінікті  болу  үшін  А.С.  Пушкин,  А.М.  Горький,             
А.П.  Чехов  және  тағы  басқа  орыс  классиктерінің  шығармалары  олардың 
тілерінде аударылып шығарыла бастады. Сонымен қатар аз ұлттар мен этностар 
арасынан  шыққан  ақын,  жазушылардың  кітаптары  да  басылып  шықты. 
Мәселен,  шешен  жазушысы  Х.Д.  Ошаевтың  шығармалары  тек  шешен  ұлт 
ӛкілдерінің арасында ғана емес, республиканың басқа этностарының арасында 
танымал  болды.  Шешен-ингуш  ұлт  ӛкілдерінің  арасында  шыққан  ақын-
жазушылар  М.А.  Сулаев,  М.М.  Хашагулов,        С.И.  Чахкиева,  Р.С.  Ахматова, 
А.Ш.  Мамакаев  және  т.б.  Қазақстанға  жер  аударылғандары  еді.  Бұл  ұлт 
арасынан  мәдениет  қайраткерлері  де  шықты.  Бұл  қайраткерлердің  В.А. 
Татаевты, М. Эсамбаевты, М. Айдамированы, Х. Батукаевты атап ӛтуге болады. 
Олардың бірі мәдениет ісінде басшылық етсе, бірі биші, әнші, бірі актер болды.        
1950  жылы  республикада  ауыл  шаруашылығында  тұрғын  үй,  мәдени-
тұрмыстық  ошақтарын  салу  басталды.  4939    құрылыс  бригадалары  құрылып,  
оған  48424  адам  тартылды.  Мәселен,  Қызылорда  облысында  жаз  айының 
басында    49  құрылыс  бригадасы  болса,  ал  күзге  қарай  176  бригадаға  кӛбейді 
[121].  
Бұл  құрылыс  бригадалары  үй,  мәдени ошақтарды  салып  қана  қойған  жоқ, 
сонымен  қатар  шаруашылыққа  аса  қажетті  мал  қамайтын  баздар,  электр 
стансалары,  астық  қоймаларын  салды.  Ауылшаруашылығын  қалпына  келтіру 
жұмыстарына    оқыған,  тәжірибелі  мамандар  қажет  еді.  Әсіресе  агроном, 
инженер, курстан  ӛткен трактор жүргізушілері, комбайнерлер сияқты басқа да 
білікті мамандар жетіспеді. Жер ауып келгендердің арасында орта және жоғары 
оқу  орындарын  бітірген  ауылшаруашылығына  қажетті  агроном,  оқытушы, 
денсаулық сақтау мамандары ӛсе бастады.  

 
52 
Поляк  ұлт  ӛкілдері  ӛздері  дәстүрлі  поляк  мәдениетінің  ӛкілдері 
болғандықтан,  олар  Қазақстан  Республикасында  қазіргі  поляк  диаспорасының 
негізін құрады. Поляктардың негізгі орналасқан жерлері – Солтүстік Қазақстан, 
Кӛкшетау,  Ақмола,  Қарағанды  және  Алматы  облыстары.  Ӛмірдің  қатаң 
сынақтарына қарамастан, поляктардың  кӛпшілігі ӛздерінің дәстүрлерін сақтап, 
әнге, тілге, биге деген махаббатын кейінгі жаңа ұрпаққа  жеткізе білді. Олардың 
арасынан заңгер, небір танымал ғалымдар, іскер азаматтар шықты.  
       
Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасырдың  30-жылдарының  соңында  Қазақстан 
жеріне  үкімет  шешімімен  поляк,  неміс,  шешен,  ингуш,  қарашай,  түрік,  балқар 
және тағы басқа аз ұлт ӛкілдері қоныстандырылып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі 
елдің  экономикасына  елеулі  үлесін  қосты.  Аталған  ұлттар  арасында  соғыс 
майданында,  тыл  майданында  ерлік  кӛрсеткен  азаматтар  аз  болмады.  Осы 
ұлттар  арасынан  мәдени  салада  кӛзге  түскендер  ел  құрметіне  ие  болды. 
Бастарына  түскен  қиыншылыққа  қарамастан  бұл  ұлттар  жергілікті  қазақ 
халқымен бірлікте, ынтымақтастықта ӛмір сүрді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет