Әож 94 (574): 325. 1 Қолжазба құқында



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 
 
ӘОЖ  94 (574): 325.1              
                                                  
Қолжазба құқында 
 
 
 
 
 
 
 
СОН  ЕН  ХУН 
 
 
 
Қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және  
әлеуметтік-саяси тарихы 
 
07.00.02 – Отан тарихы 
(Қазақстан Республикасының тарихы) 
 
 
 
Тарих ғылымдарының кандидаты  
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
                                                                       Ғылыми жетекшісі: тарих                                                  
                                                                       ғылымдарының докторы, 
                                                                       профессор С.Ф. Мажитов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2010 
 

 

МАЗМҰНЫ 
 
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
 
3
 
 
 
КІРІСПЕ
 
4
 
 
 
1  1930-1980  жж.  ҚАЗАҚСТАН  ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ  АЗ 
ҰЛТТАР 
16 
1.1 Кеңес үкіметінің аз ұлттар мәселесіне байланысты саясаты 
16 
1.2 Қазақстандағы аз ұлттардың әлеуметтік, мәдени жағдайы  
және халық шаруашылығына қосқан үлесі 
42 
 
 
2 ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕРІ: ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ ТАНЫМ 
53 
2.1 Қазақстан территориясына корейлердің орналасуы мен 
жергілікті жағдайға қалыптасуы
 
53 
2.2 Корейлердің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және  
мәдени дамуына қосқан үлесі 
66 
 
 
3  ҚАЙТА  ҚҰРУ  ЖӘНЕ  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АЗ 
ҰЛТТАРДЫҢ ІШКІ ҚАТЫНАСТАРЫ (1980-2009 жж.) 
95 
3.1 1980-2009 жж. Қазақстандағы аз ұлттардың саяси тағдыры 
95 
3.2
 
Әртүрлі ұлттардың мәдени даму үрдісі 
108 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
121 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
125 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    

 

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 
 
КСРО
 
– Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
 
ҚКСР
 
– Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
 
ҚРОММ 
– Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты 
ҚР ПМ 
– Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағаты 
МҚК 
– Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті 
РКФСР 
– Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы 
ХКК 
– Халық
 
комиссарлар кеңесі 
РФОММ 
– Ресей Федерациясының Орталық Мемлекеттік мұрағаты 
АКСР 
– Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы 
АҚШ 
– Америка Құрама Штаттары 
ІІМ 
– Ішкі істер министрлігі 
ІІХК 
– Ішкі Істер Халық Комиссариаты 
МТС 
–Механикаландырылған трактор станциясы 
УКСР 
– Украин Кеңестік Социалистік Республикасы 
ГУЛАГ 
–  (Лагерлер Бас басқармасы) Госуправление лагерей 
ГЭС 
– Гидроэлектр станциясы 
СҚОММ 
– Солтүстік Қазақстан Орталық Мемлекеттік мұрағаты 
ЖЭС 
– Жаңа экономикалық саясат 
БК(б)П ОК 
– Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясының 
Орталық Комитеті 
ҚША 
– Қиыр Шығыс аймағы 
ІІХКБ 
– Ішкі істер Халық Комиссариаты Басқармасы 
Наркомзем 
– Народный комитет земледелия 
БСББ 
– Біріктірілген саяси Бас Басқарма 
МҚМ 
– Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың  жалпы  сипаттамасы.  Зерттеу  жұмысында  1935-2009 
жылдардағы  Қазақстанға  қоныс  аударылған  ұлттардың  әлеуметтік-саяси 
жағдайы  мен  республиканың  экономикалық,  мәдени  дамуына  қосқан  үлесі 
саралана  қарастырылады.  Кеңес  үкіметінің  аз  ұлттар  мәселесіне  байланысты 
саясаты,  қоныстанған  аз  ұлттар  мен  этностардың  Қазақстан  тӛңірегіне 
орналасуы  мен  ұлттардың  құқықтық  ақталуы  және  мәдени  даму  үрдісі, 
Қазақстан  Халық  Ассамблеясы  мен  ұлттық-мәдени  орталықтардың  қызметі 
нақтыланады.  
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Әртүрлі  этностардың  қоғамда  бірігіп 
ӛмір  сүріп,  біркелкі  дамуы  әрбір  кӛпұлтты  мемлекет,  соның  ішінде  Қазақстан 
үшін  күрделі  мәселе  болып  табылады.  Егеменді  елімізде  тұратын  ұлттардың 
ӛткені  мен  бүгінін  зерттеу,  республикада  болып  жатқан  үрдісті жіті  қадағалау 
мемлекеттің  ары  қарай  дамып  қалыптасуы  үшін  қажет.  Тарих  ғылымының 
тамаша бір ерекшелігі - адамзаттың ӛткен жолдары мен жылдарында кездескен 
кезеңдерді,  оқиғаларды  оңды-солды  бұрмаламай  нақты  деректермен  дәлелдеп 
кӛрсетуі. 
Посткеңестік  кеңістік  кезеңіндегі  тәуелсіз  республикалардың  даму 
тәжірибесі  ұлтаралық  қатынастардың  тұрақтылығының  маңыздылығын 
кӛрсетеді.  Қазақстан  бүгінгі  күннің ең  маңызды  талабы  бойынша  –  ұлтаралық 
тұрақтылықты  сақтау  мәселесін  ӛз  дәрежесінде  ұстап  келеді.  Мұнда  ұлттық 
саясаттық  негізгі  бағыттары  ретінде  «азаматтық  бейбітшілік  пен  ұлттық 
татулықты»  ерекше  атап  ӛтіп,  Қазақстан  халқын  «біртұтас  этносаяси  қоғам» 
деп  айқындаған  Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
еңбегі  зор  деп  айта  аламыз.  Алайда,  130  ұлттар  мен  ұлыстардың  мәдениетінің 
бірігуі,  қазақ  халқының  тӛзімділігінің  арқасы.  Кӛпұлтты  Қазақстанның  ұзақ 
жылдар бойғы қалыптасу тарихында республикаға қандай жағдайда болмасын, 
саяси  жер  аудару,  депортация,  тың  игеру,  т.б.  қазақ  халқы  оң  қабақ  танытып, 
жақсы қарсы алды.  
Соңғы  жылдары  Қазақстан  тарихнамасында  республиканың  қоғамдық-
саяси,  әлеуметтік  экономикалық  жағдайына  қатысты  ғылыми  зерттеу 
жұмыстары  жазылу  үстінде.  Солардың  ішінде  ӛткен  ғасырдың  басынан 
Қазақстан  территориясына  қоныстанып,  Қазақстанның  экономикалық, 
әлеуметтік-саяси  демократиялық  тұрғысынан  жедел  дамуына  ӛзіндік  үлес 
қосқан  әртүрлі  ұлттардың  тарихы  болып  табылды.  Себебі,  әртүрлі  этностар 
бүгінгі таңда қоғамда бірігіп ӛмір сүріп, Қазақстанның егеменді тұтқасын берік 
ұстанып  келеді.  Ӛткен  тәжірибелер  кӛрсеткендей,  ұлтаралық  татулық, 
мемлекеттік  тұрақтылық  елдегі  экономиканы  ӛркендетуге,  ғылым  мен 
мәдениеттің дамуына жәрдемдесетіндігі маңызды мәселе дей аламыз. 
Ғасырлар  қойнауынан  бастау  алатын  ұлтаралық қатынастар  ХХ  ғасырдың 
20-50-жылдары  республикада  сталиндік  қуғын-сүргін  тұсында  да,  одан  кейінгі 
жылдарда  да  ӛз  беріктігін  сақтап,  ынтымақтастықты  нығайтты.  Этносаралық 
қатынастардың  үйлесімділігі  тақырыбының  маңыздылығы  Президент  Н.Ә. 

 

Назарбаевтың Қазақстан халқына халқына жолдауында: «Біз ұлтына және діни 
сеніміне  қарамастан,  әрбір  қазақстандыққа  салт-дәстүр,  мәдениет  пен  дінді 
таңдауға ерік беретін еркін, әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз», - 
деп айырықша атап кӛрсетті [1, 7 б.].   
Кеңестік  Қазақстан  территориясына  ӛткен  ғасырдың  30-жылдары  қоныс 
аударылған ұлттар, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде қоныс аударған 
әртүрлі  ұлттар  мен  этностар  саяси  қысымшылыққа  қарамастан  жергілікті 
халықпен  бірлесе  отырып,  республиканың  бүлінген  шаруашылығын  қалпына 
келтіруде, тың және тыңайған жерлерді игеруде ерен еңбегімен үлес қосты. 30-
жылдардың  соңынан  бастап  КСРО  шекарасы  маңындағы  ұлттар  ішкі 
аймақтарға  жер  аударыла  бастады.  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі 
М.Қ.  Қозыбаев  «Ақтаңдақтар  ақиқаты»  еңбегінде:  «1937  жылы  Қазақстанға 
18526  корей  семьясы  (шамамен  100  мың  адам)  зорлық-зомбылықпен  жер 
аударылды.  1943-1944  жылдары  қасиетті  қазақ  жеріне  Солтүстік  Кавказдан 
қуғындалған  жарты  миллионнан  астам  қарашай,  балқар,  шешен,  ингуш,  күрд, 
қалмақ  т.б.  халықтар  пана  тапты.  Қуғын-сүргінге  ұшыраған  осы  халықтардың 
қайсысының  болмасын  күмән  келтірмейтін  бір  ақиқат  нәрсе:  мейірбандық пен 
бауырмалдық,  жомарттық  пен  дарқандық  қанына  сіңген  қазақ  халқының 
жазықсыз жапа шеккен халықтарды жатырқамай, достық құшаққа алуы, ғылым 
тілімен айтқанда, шынайы интернационалдығы», - деп жазды [2]. 
 
Қоғамның дамуы әртүрлі этностық топтардың бірігіп ӛмір сүруінің ең үздік 
үлгілерін  іздеумен  келеді.  Бұрынғы  кеңестік  жүйе  құлағаннан  кейін  кӛптеген 
этникалық  қоғамдар  маргиналды  жағдайда  қалды.  Жаңа  жағдайда  ұлттардың 
салт-дәстүрінің,  тілінің,  ұлттық  сананың  қайта  ӛркендеуіне  жағдай  туғызды. 
Нәтижесінде  посткеңестік  кеңістікте  полиэтникалық мемлекет  тұрғындары  бір 
жағынан  нақты  этникалық  мәдениет  ӛкілдері  болса,  екінші  жағынан  кӛпұлтты 
мемлекет  азаматтары  болды.  Бұрынғы  кеңестік  социалистік  жүйе  құлағаннан 
кейін  қалыптасқан  жаңа  жағдайда  ұлттардың  салт-дәстүрінің,  тілінің,  ұлттық 
сананың қайта ӛркендеуіне жағдай туды. Қоныстанған халықтардың Отанынан, 
тілінен,  дінінен  айырылуы  олардың  мәдени  дамуында  кӛп  кедергі  болды.  Бұл 
жәйт бүгінгі күні айқындалып отыр. Екінші Дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан 
соғысы  жылдарында  республикаға  жер  аударылған  поляк,  корей,  шешен, 
ингуш,  күрд,  қарашай,  балқар,  түрік  және  басқа  халықтар  мен  этникалық 
топтардың  ӛкілдері  басына  түскен  қиыншылыққа  қарамастан,  халық 
шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның ӛркендеуіне ӛз үлестерін 
қосты.  
50-жылдары  әртүрлі  ұлттарға  қатысты  құқықтық  шектеулері  жойылып, 
республика  халқымен  тең  дәрежеде  ӛмір сүруге  жағдай  жасалынды.  Дегенмен 
кеңестік  жүйе  ұлттардың  еркін  ӛмір  сүруіне,  мәдени  дамуына  кедергі  жасап 
бақты.  Республика  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  Қазақстанда  тұратын  барлық 
этностарға  әрекет  етуші  Конституция  негізінде  білім  мен  еңбек  саласында 
табыстарға  қол  жеткізіп,  ана  тілін,  мәдениетін,  дәстүрлерін  ӛркендетуге,  ӛз 
меншігін  қорғауға  жағдай  туды.  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңы 

 

этносаралық  қарым-қатынасты  реттеу  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
заңдық негізін қалап берді.  Сондықтан  бұл тақырыптың ӛзектілігіне еш күмән 
жоқ деп айтуымызға болады.
  
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Қоныс  аудару  үрдісін  зерттеу,  оның 
зардаптары,  туған  жерлеріне  қайта  оралу,  орналасу  және  ортаға  бейімделуін 
жӛнге салу, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі екені сӛзсіз. 
Қоныстанған  ұлттар  мен  этностардың  жеке  тарихын  зерттеу  –  тарихи  отанын, 
құқықтарын,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрін  дамытуға  әкелумен  бірге,  қоныс 
аударған  халықтардың  ӛткен  тарихын  жарыққа  шығарып  және  болашақта 
ӛркендеу  жолын  анықтау  мүмкіндігіне  жол  табу.  Бертінге  дейін  Кеңес 
үкіметінің  тарих  ғылымында  қоныстанған  халықтардың  трагедиялық 
тағдырына, жер аударудың зардаптары, халықтарға тағылған кінәнің үстірттігі 
және  кӛшірілген  топтар  туралы  жазылған  үлкен  еңбектер  жоққа  тән  еді. 
Күштеп қоныс аударылғандарды тарихи тұрғыдан ғылыми негізде жазу тек 80-
жылдардың  екінші  жартысында  ғана  қолға  алына  бастады.  Бірақ  жаңа  заман 
зерттеулерінде  күштеп  қоныс  аудару  екпіні  жазылғанымен,  онымен  тығыз 
байланыста  жатқан  зардаптары,  қудалауға  ұшырауы,  жеке-жеке  орналасуы, 
бейбіт  ӛмірлерін  тәртіпке  келтіру,  экономикасы  мен  мәдениетін  зерттеу 
жеткіліксіз деңгейде жазылды.
  
Қазақстандағы  ұлттар  мен  этностардың  тарихын  ғалым  Ф.Н.  Базанова 
зерттеуінде  айқындауға  тырысты.  Ӛзге  ұлт  ӛкілдерін  күштеп  қоныстандыру 
саясатының  себептері  нақты  сараланбаса  да,  Қазақстан  халқының  этникалық 
құрылымының  қалыптасуының  тарихи,  ӛсім    үрдісі  жайында  толымды 
мағлұматтар бере білген [3].
 
 
Кеңестер  Одағына  күштеп  жер  аударылған  ұлттар  мен  этностардың  саяси 
тарихын  ең  алғаш  болып  кӛтерген  Ресей  ғалымдары  Н.Ф.  Бугай,                       
В.Н. Земсков,  А.М. Некрич ғылыми зерттеулерінде қоныстандыру саясатының 
ішкі астарын құжаттық негізде айқындады [4]. 
 
Республика территориясына күштеп қоныс аударылған аз ұлттардың ӛткен 
тарихының  кӛлеңкелі  тұстарының  ашуға  байланысты  90-жылдары  бірқатар 
еңбектер  жарық  кӛрді.  Соның  ішінде  академик  М.  Қ.  Қозыбаевтың  ғылыми 
зерттеулерінің  маңызы  зор.  Ғалым  зерттеу  еңбектерінде  қоныстанған 
ұлттардың  қуғындалу  барысына  қатысты  нақты  мысалдар  келтіре  отырып,    аз 
ұлттардың тарихи тағдырына байланысты тұжырымдар айтқан [5].  
Әртүрлі ұлттар мен этностардың Кеңестер Одағының шекара маңынан ішкі 
аймаққа қарай кӛшіру себептерін тарихшы ғалым Қ.С. Алдажұманов  «Күштеп 
кӛшіру:  жымысқы  саясат,  басқыншылық  әрекет»,  «Депортация  народов  – 
преступление  тоталитарного  режима»  зерттеулерінде  айқын  түрде  кӛрсете 
отырып,  олардың  Қазақстан  экономикасына  қосқан  үлесін  саралауға  тырысса 
[6], ал тарихшы Т.О. Омарбеков «ХХ – ғасырдағы Қазақстан тарихының ӛзекті 
мәселелері»  еңбегінде  халықтарды  күштеп  жер  аударудың  демографияға 
тигізген  әсері,  соның  ішінде,  корей  халқының  осы  тарихи  үрдіс  барысында 
басынан кешкен қасіретін зерделеп кӛрсеткен [7]. 
 

 

Ұлы  Отан  соғысы  мен  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  күштеп  жер 
аударылған  халықтардың  азаматтық  құқықтарын  шектеу  жағдайындағы  ӛмірі 
мен  олардың  жер  аударылу  себептерін,  олардың  бостандық  алып,  ӛз  елдеріне 
қайтарылуы,  ақталуы  мәселелерін  тұжырымдаған  бірнеше  мақалалар 
жариялаған академик М.Т. Баймаханов болды [8].  
Ұлы  Отан  соғысының  басталуы  кеңестік  немістердің  қайғылы 
тағдырларының  негізгі  себебіне  айналды.  Қудалау,  кінәсіз  айыптар  тағылуы, 
олардың  болашақтарына  ауыр  соққы  болып  тиді.  Жалпы  қудалаудың  негізгі 
нысанасы  болған  немістердің  тарихына  орай  Л.А.  Бургарт,  А.Н.  Кичихин,               
Г.  Вормсбехер,  А.В.  Фитц  сияқты  авторлардың  еңбектері,  құнды  деректермен 
тарихнамаға қосылған үлес екені аян [9].  
ХХ  ғасырдың  30-жылдардан  бастап  жер  аударылған  халықтар  мен  қазіргі 
кездегі  Қазақстанда  мекен  етіп  жатқан  ұлттардың  тарихи  демографиялық 
үрдістерін  білу  аса  маңызды.  Бұл  ретте  М.Х.  Асылбеков,    А.Б.  Ғалиев,  А.Н. 
Алексеенко,  А.И.  Құдайбергенова,  В.В.  Козина  және  т.б.  ғалымдардың 
зерттеулеріне  жүгінуімізге  болады.  Аталмыш  ғалымдардың  еңбектерінен  жер 
аударылып  келген  халықтардың  есебінен  республика  халқының  құрамы 
демографиялық  жағынан  ӛзгерістерге  ұшырауы,  олардың  облыстарда 
қоныстандырылу  барысы,  аз  ұлттардың  ӛсімі  жайында  толымды  мәліметтер 
алуымызға болады [10]. 
 
Сталиндік қуғын-сүргін тұсындағы арнайы жазалау орындарының қызметі, 
еңбекпен түзеу колонияларының ішкі тәртібі мен үкіметтің қолданған саясаты, 
жер аударылғандардың саяси тағдыры ғалымдар                 Қ.С. Алдажұманов, 
С.Д. Ділманов, Г. Бельгер және т.б. еңбектерінде айқын түрде саралана айтылса 
[11],
   
ал  Қазақстанға  жер  аударылғандардың  соғыстан  кейінгі  ӛмірі  мен 
тағдыры, олардың ауылшаруашылығы, ӛнеркәсіп және транспорт саласындағы 
қызметі  Т.  Кӛлбаев,  А.  Хегай  және    А.Т.  Орымбаев  сияқты  ғалымдардың 
еңбектерінен кӛрініс тапқан [12]. 
 
Ұлы  Отан  соғысына  дейін  және  соғыс  кезінде  күштеп  жер  аударылған 
ұлттардың, атап атқанда корей, иран, поляк, фин, күрд, неміс қарашай, балқар 
және  шешендер  мен  ингуш,  түрік,  Қырым  татарлары,  грек,  қалмық  сияқты 
ұлттардың   тағдыры  «Депортированные в Казахстан народы:  время и судьбы» 
деп аталған ғылыми кітапта нақтылана баяндалды [13].  
Ғалымдар 
Н.Э. 
Масанов, 
Ж.Б. 
Әбілхожин, 
И.В. 
Ерофеева,                               
А.Н.  Алексеенко,  Г.С.  Баратованың  ұжымдық  және  С.М.  Мәшімбаев,                 
Л.Т.  Иісованың  еңбектерінде  әртүрлі  ұлттар  мен  ұлыстардың  тарихи-мәдени 
дамуы,  ортақ  тағдырлары,  олардың  саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-
ӛркениеттіліктің  бірлігі  негізінде,  ӛзара  байланыста  ӛмір  сүріп,  даму  үрдісін 
тарихи фактілерге сүйене отырып сараланған [14].
  
Қазақстан  территориясында  ӛмір  сүріп  жатқан  күрд  ұлтының  жағдай  мен 
даму  тенденциясы,  мәдени,  экономика  саласындағы  жетістіктерін  саралауда                  
Н. Надиров, М. Мамедовтың еңбектеріне сүйенуге болады [15]. Бұл еңбектерде 
ХХ ғасырдың 30-жылдың соңында күрд халқының қазақ жеріне күштеп қоныс 

 

аударылуы,  орналасуы  мен  олардың  тұрмыс  жағдайы  түрлі  мысалдар  арқылы 
берілсе, ал республикаға аталмыш жылдары қоныстанған неміс ұлтының жалпы 
жағдайын В. Кригердің еңбегінен алуымызға болады [16].  
Қазақстанға  күштеп  жер  аударылған  халықтардың  орналасуы,  саны,  қилы 
тағдыры  мен  республика  облыстарында  тұрақтап  қалуын  М.Ч.  Қалыбекова 
еңбегінде  ғылыми  негізде  саралап,  сол  кездегі  жүргізілген  үкімет  саясатын
 
айқын түрде ашуға тырысады [17].
  
Қазақстан  территориясына  қоныстанған  шешен,  ингуш,  қарашай,  поляк 
және тағы басқа аз ұлттардың депортациялануы мен тұрмыстық жағдайы  С.Ф. 
Мажитов,  И.  Агаев,  Н.Ф.  Бугай,  Т.У.  Ғалиев,  А.А.  Гунашев,      Л.Н.  Сапонова, 
С.К.  Есетов,  О.  Карташова,  М.  Мамаев,  А.С.  Мурадов,    А.Т.  Орымбаев,  Т. 
Кӛлбаев, Л. Хочиева және т.б. мақалаларында кӛрініс тапты [18].  
 
Соңғы  жылы  жарық  кӛрген  Ж.А.  Ермекбаев,  Ф.  Осадчийдің  ғылыми 
зерттеулері  аса  құнды  [19].  Ғалым  Ж.А.  Ермекбаев  ХХ  ғасырдың  40- 
жылдарында  үкімет  саясатымен  Қазақстанға  қоныс  аударылған  шешен-ингуш 
ұлттарының  саяси  тағдырын  нақтылы  мұрағат  құжаттар  негізінде  ашқан.  Бұл 
еңбекте  олардың
 
әлеуметтік,  мәдени  жағдайы  және  халық  шаруашылығына 
қосқан  үлесі,  құқықтық  тұрғыда  ақталуы  және  мәдени  даму  үрдісі,  жалпы 
Қазақстандағы  ішкі  ұлтаралық  қатынастар  мәселесі  жайында  мағлұматтар 
берілсе, ал Ф. Осадчийдің еңбегінде аз ұлттардың үкімет тарапынан қуғындалу 
барысы мысалдар арқылы кӛрсетілген. 
 
Корей  ұлтының  бұрынғы  КСРО  мен  Қазақстан  территориясына 
корейлердің  қоныстандырылу  себебі,  тұрмыстық  жағдайы  кеңестік,  ресейлік, 
қазақстандық  және  шетелдік  зерттеушілердің  еңбектерінен  кӛруімізге  болады. 
Ресейдің  Қиыр  шығысына  қоныстанған  корейлердің  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайын  алғаш  зерттеген  Н.  Насекин  болды.  Оның  «Корейцы  Приамурского 
края»  еңбегінде  корейлердің  тұрғын  үйі,  тамағы,  киім-кешегі,  тұрмыстық 
бұйымдары,  үйлену,  т.б.  салт-дәстүрлері  жайында  этнографиялық  мәліметтер 
берілген [20].  
Кеңестік  кезеңде,  нақты  айтқанда  60-жылдары  КСРО-да  тұратын 
корейлердің  саяси,  әлеуметтік,  мәдени  тарихына  арналған  Ким  Сын  Хваның 
зерттеу  еңбегі  жарық  кӛрді.  Автор  бұл  еңбегінде  корей  ұлтының  саны, 
әлеуметтік  құрылымы,  ӛмірі,  тұрмысы,  шаруашылығы,  білім  беру  жүйесіне 
тартылуы,  ұлттық  театрдың  пайда  болуы,  корей  әдебиетінің  даму  барысы 
жайында құнды деректер береді [21].
 
 
Қазақстан  Республикасы  егемендігін  алғаннан  кейінгі  жылдары  кеңестік 
корейлердің тағдырына Оңтүстік Корея зерттеушілері де қызығушылық таныта 
бастады. Ең алғашқылардың бірі болып Ли Кван Гю мен Тен Генг Су Кеңестер 
Одағына  корейлердің  қоныс  аударуының  себептерін,  олардың  40-60 
жылдардағы Қиыр Шығыстан Орта Азияға қоныс аударуының негізгі мақсатын 
анықтап,  1989  жылғы  Бүкілодақтық  санақ  мәліметтеріне  сүйене  отырып, 
Кеңестер Одағындағы корейлердің демографиялық ӛсіміне сипаттама берсе, ал 
Оңтүстік  Корея  ғалымы  Банг  Сан  Хе  мен  ӛзбекстандық  ғалым  П.Г.  Ким 

 

«История  переселения  советских  корейцев»  атты  монографиясында  кеңестік 
корейлердің қоныс аударуы тарихын мұрағат құжаттары арқылы талдауға алған 
[22].
  
Қазақстанның  тарихшы-корейтанушысы  Г.В.  Кан
 
ХХ  ғасырдың  80-жж. 
соңынан  қазіргі  уақытқа  дейін  Қазақстанға  күштеп  қоныстандырылған  корей 
ұлтының  саяси  тағдыры,  әлеуметтік-мәдени  дамуы,  экономика  саласына 
тигізген үлесі,  корей диаспорасы, Корея мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық 
қатынастар  мәселелеріне  арналған  еңбектер  жазды  және  жазу  үстінде.  Оның 
алғашқы  толыққанды  ғылыми-құжаттық  зерттеуі  «История  корейцев 
Казахстана»  тарихи  очеркінде  корейлердің  Орта  Азия  аймағымен 
байланыстары, корейлердің Қазақстанға қоныс аударуы және оның салдарлары 
туралы  мұрағаттық  құжаттар  негізінде  қызықты  мәліметтер  береді.  Корей 
диаспорасының  қазіргі  кезеңдегі  мәдени  қайта  жаңғыруын,  кӛпұлтты 
Қазақстанда  ұлттық  татулық  мәселелерін  қарастырады.  Мерзімді  басылым 
беттерінде  де  ғалымның  депортация  мәселесіне  байланысты,  соның  ішінде 
Қазақстандағы корейлердің күштеп қоныс аударылуы мәселелерін қарастырған 
мақалалары жарық кӛрген [23].
  
Қазақстан  корейлері  тарихын  зерттеуде  жетекші  орын  алатындардың  бірі 
Г.Н.  Кимнің  ғылыми  еңбектері  болып  табылады.  Әсіресе,  оның  ғалымдар  Г. 
Ханмен, Д.В. Менмен және Сим Енг Соб, Чан Вонг Чанг, Пэк Тхэ Хен бірігіп 
жазған еңбектерінің маңызы зор [24].
 
Бұл еңбектерден қазақ жеріндегі корейлер 
диаспорасының әлеуметтік-мәдени ӛмірінен толымды мағлұматтар ала аламыз.
  
 
Қазақстанда  мекендеп  корей  ұлтының  отбасылық  салт-дәстүрі,  ырым-
жоралғылары  жайлы,  атап  айтқанда  баланың  дүниеге  келуінен  бастап  
жасалатын  түрлі  әдет-ғұрыптары  тарихшы  Л.В.  Миннің  жұмысында 
қарастырылады 

25

.  Сонымен  қатар  Қазақстанға  қоныстанған  корейлердің 
мәдениеті,  оқу-ағарту  саласындағы  жетістіктері,  салт-дәстүрін  зерттеу 
барысында  ғалымдар  Ю.В.  Ионованың  зерттеулері  мен  Цой  Ен  Гын,  Ян  Вон 
Сиктің  құрастыруымен  шыққан  еңбегі  мен  түрлі  жинақтарға  жарияланған 
мақалалар пайдаланылды 

26

.  
Қазақстан  республикасы  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  әсіресе  қоныс 
аударылған  халықтар  тарихына  байланысты  диссертациялар  қорғала  бастады. 
Бұл  ретте  біз  ғалымдар  С.Д.  Дилманов  пен  Қ.К.  Қожақанованың 
диссертациялық  жұмыстарын  атаймыз.  С.Д.  Ділмановтың  докторлық 
диссертациясында  нақты  тарихи  материалдар  негізінде  Кеңес  мемлекетінің 
қуғын-сүргін саясатының құқықтық негіздері мен оның жазалау органдарының 
құрылымы,  Қазақстан  аумағындағы  еңбекпен  түзеу  лагерлерінің  тарихы 
зерттелінсе,
 
ал  Қ.К.  Қожаханованың  кандидаттық  диссертациясы  1946-1960 
жылдар  аралығындағы  депортацияға  ұшыраған  халықтардың  халық 
шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін саралайды 

27].  
2008  жылы  кандидаттық  диссертация  қорғаған  Н.А.  Әбуовтің  зерттеу 
нысаны 1936-1957 жылдары Солтүстік Қазақстан және Кӛкшетау облыстарына 
жер аударылған және осы жерлерде арнайы қоныс аударылғандар мәртебесінде 

 
10 
мекендеген  халықтардың  құрамы,  жер  аударылған  халықтардың  ӛміріндегі 
болған  үдерістер  болып  табылды.  Ал  Қазақстан  корейлері  мен  басқа  ұлттар 
арасындағы  неке  мәселесі  жӛнінде  2004  жылы  Н.Б.  Ем  «Межнациональные 
браки корейцев Казахстана в 30-90-е годы ХХ века (историко-демографический 
аспект)» 
тақырыбында 
кандидаттық 
диссертация 
қорғап, 
тарихи-
демографиялық зерттеу аясында талдау жасады [28]. 
 
Қазақстандағы корей диаспорасы мәселесі  Д.В. Меннің ғылыми еңбегінде 
жан-жақты  сараланып,  Қазақстан  Республикасы  мен  Корей  Республикасының 
арасындағы  халықаралық  байланыс  және  екі  ел  арасындағы  демократиялық 
үрдістердің қалыптасуы мен даму барыстары нақтылана кӛрсетіледі 

29

.  
Қазақстан  территориясында  мекен  еткен  125-тей  аз  ұлттардың  этникалық 
қалыптасуы 
мен 
Қазақстандағы 
ұлттық 
диаспоралардың 
құрылуы, 
демографиялық  үрдіс,  тіл  саясаты  мәселесі,  конфессиялық  қоғам  жӛнінде 
«Қазақстан  халықтары» атты энциклопедиялық анықтамалықта қысқаша болса 
да нақты түрде мәліметтер берілді 

30

.  
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  жылдары  ұлттардың  басын 
біріктірген Халық Ассамблеясы мәселесінің қызметі мен аз ұлттар арасындағы 
бірлік,  ынтымақтастық  мәселелері  материалдар  жинақтарында  жарық  кӛрді 

31

.  
Қазақстанға  қоныс  аударған  аз  халықтардың  әлеуметтік  жағдайы, 
экономикаға  қосқан  үлесі  мен  мәдени  дамудағы  жетістіктерін  әлі  де  болса 
саралай  түсу  қажеттігін  кӛрсетеді.  Бұл  тақырыпқа  әлі  талай  ұлттың  ӛкілі, 
бірнеше ұрпақ ғылыми еңбек жазары анық. 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет