Әож 930 (574) Қолжазба құқығында



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/12
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
74 
2  ҰЛЫ  ЖІБЕК  ЖОЛЫ  БОЙЫНДАҒЫ  ҚАЛАЛАР  ТАРИХЫНЫҢ 
ТАРИХНАМАСЫ  
   
2.1  Ұлы  Жібек  жолының  Жетісу  аумағындағы  қалалары  туралы 
зерттеулер 
Профессор  К.М.  Байпаков  кеңестік  кезеңнің  алғашқы  жылдарындағы 
археологиялық  зерттеулерде  археологияны  ұнатушылардың  Түркістандық 
үйірмесінің ӛлкетанушылық бағыты онан әрі жалғаса түскенін атап кӛрсетті [2, 
12  б.].  А.Н.  Бернштам  Орта  Азия  археологиясының  қазан  тӛңкерісінен  кейінгі 
кезеңдегі  (1917  –  1920  ж.  соңы  30-жылдың  басы)  дамуын  қорытындылай  келе 
былай  деп  жазды:  «Это  был  в  общем  послереволюционный  «Бартольдовский 
период»  лишь  в  концу  20-х  и  в  начале  30-х  годов  начинаются  с  более 
совершенной  методикой  и  не  в  Мавераннахре,  но  и  за  его  предалами». 
Сонымен,  Орта  Азия  мен  Қазақстан,  Талас,  Шу,  Жетісу  ӛңірлеріндегі 
ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендердің  зерттелу  тарихындағы  айтылып 
жүрген  «кеңестік  кезеңнің  бірінші  сатысы»  (1917-1935)  шын  мәнінде  1893 
жылдан  басталған  Орта  Азия  Қазақстан  археологиясының  «бартольдтық 
кезеңнің»  жалғасы  болды.  К.  Байпақов  Оңтүстік  Қазақстан,  Талас,  Шу,  Іле 
ӛңірлеріндегі ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуін ХVІ ғасырдан бастап 
кеңестік  кезеңге  дейін  2  кезеңге  (ХVІ  ғ  –  1870  ж;  1870-1970  ж.ж),  ал  кеңестік 
кезеңді  тӛртке  (1917-1935  ж.ж;  1936-1945  ж.ж;  1946-1959  ж.ж;  1960  ж  бергі 
уақыт)  деп  жіктейді  [2,  14  б.].  Ал  біздің  тарауымыз  Кеңестік  кезеңнің 
тарихнамасына  байланысты  болғандықтан,  біз  оны  жеке  -  жеке  кезеңдермен 
қарастырмай, 1917 жылдан тәуелсіздікке дейінгі кезең деп алдық. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  20  жылында  Жетісу  ӛңірлері  және  Қаратаудың 
ортағасырлық  қалалары  мен  елді  мекендерін  зерттеуде  саябырлық  байқалды, 
бұл  кезде  жекелеген  ескерткіштерге  қатысты,  не  кездейсоқ  табылған 
археологиялық заттарға байланысты қысқа хабарлар ғана шығып тұрды. 
1921 ж. бастап ескерткіштерді есепке алумен және оларда шағын кӛлемдегі 
зерттеу жұмыстарын жүргізумен туркомстарис (Түркістандық мұражай ісі, кӛне 
ескерткіштерді,  сәулет  ӛнері  ескерткіштерін  және  табиғатты  қорғау  комитеті) 
ал кейіннен Среднеазкомстарсис айналыса бастады. 
1924  ж  Городецкий  Бурана,  Ақбешім  қалаларында,  ал  1925  жылы  А.Э. 
Шмидпен бірге Шудың жоғарғы ағысының, Ыстық кӛлдің батыс жағалауының 
тарихи  топографиясын  анықтау  мақсатымен  зерттеу  жүргізді,  соның 
нәтижесінде  Бурананың  шаруашылық  аймағын  қоршаған  қамал  қалдығы  бары 
анықталды,  ортағасырлық  қаланың  алып  жатқан  кӛлемі  қалаларды  зерттеудің 
бағыттарын  саралау  және  ортағасырлық  Баласағұн  қаласының  тарихи  орнын 
анықтау  үшін  қосымша  деректер  жинау  мақсатымен  экспедиция  Фрунзе  - 
Тоқмақ  аралығында  барлау  жүргізді.  Барлау  жұмыстарының  нәтижесінде 
Үлкен  Ақбешім,  кіші  Ақбешім,  Бурана,  Қызыл  қала  қалаларының  тарихи 
топографиялық  құрылымы  нақтыланып,  Ақбешім,  Бурана  және  Қызыл  қала 
қалалары  аты  жазба  деректерде  кездесетін  Баласағұн,  Кирмитау  және  Сарыг 
қалаларымен баламаланды. 

 
75 
Экспедиция  1938-1941  ж.ж.  Шу  ӛңірінде  21  ортағасырлық  қалаларда 
зерттеу жүргізді. (бұл қалалар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан), олардың 
12-сі  әдебиеттерде  белгілі  қалалар  ал  9-ы  жаңадан  ашылған  қалалар. 
Экспедиция тек 11 қаланың жобасын жариялады. 
1933  жылдан  бастап  Жетісу  ӛңірінде  Шу  алқабындағы  ортағасырлық 
қалалар  мен  елді  -  мекендерді  зерттеумен  айналысқан  А.Н.  Бернштам  1941 
жылы  шығарған  «Памятники  старины  Таласской  долины»  атты  зерттеуінде 
Талас ӛңірлеріндегі ежелгі б.д.д. III және ІV ғасырлардан бастап ХІІІ ғ. дейінгі 
аралықты қамтиды. Зерттеу VIІ - тараудан тұрады, негізінен еңбекте мынандай 
мәселелер  қарастырылған:  біріншіден  автор  қалаға  қысқаша  сипаттама  беріп, 
ӛзіне дейінгі  В.В. Бартольд, В. Каллаур сияқты авторларға тоқталады; 2-шіден 
Талас  ӛңіріндегі  ежелгі  үйсін  және  қаңлы  тайпаларының  ролін;  3-шіден 
Соғдылардың  жетісу  жеріне  келуі  және  Тараз  қаласының  құрылуын;  4-шіден 
VI-VШ ғасырлардағы Тараз тарихына; 5-шіден Тараз қаласына исламның келуі 
мен  қаланың  ұлғайуы  және  Қарахан  мемлекетінің  құрылуы  ;    6-дан;  Тараз 
қаласының 
ХІ-ХІІ 
ғасырлардағы 
гүлденуін; 
7-шіден; 
Монғол 
шапқыншылығымен қаланың күйреуін кӛрсетеді. 
А.Н.  Бернштам:  б.з  I  ғасырының  ӛзінде  Жетісу  және  Талас  ӛңірінің  Орта 
Азияның  орталығынан  тегі  Ирандық  Соғды  тайпалары  келді.  Қолӛнер,  сауда, 
балық  аулау  дамыған  соғдылықтар  ӛздерінің  ӛнерлерін  басқа  елдерде  дамыту 
үшін  Шығысқа  қарай  жылжыды  дейді.  Тараз  қаласының  құрылуы  -  V  ғасыр 
деп,  қаланың құрылуына  қатты  әсер  еткен  Соғдылықтар  деп  кӛрсетеді.  Соғды 
отарлауы бүкіл Жетісуді алып Есік кӛлге дейін созылып, Тянь  - Шань арқылы 
Шығыс  Түркістанға  жетіп,  Қытай  қорғанына  барып  бірақ  тоқталған  делінеді. 
«Ұлы  Жібек  жолы»  Қытайдан  кӛрі  Соғдылықтар  кӛп  пайдаланды  дейді. 
Самарқандтан  Лобнора  және  Дунь  -  Хуанға  дейін  соғды  мәдениеті  созылған. 
Шығыс  Түркістанға  Грюнведелдің,  Лекока,  Штейн,  Ольденбург  және  тағы 
басқалары  жасаған  кӛптеген  экспедициялар  б.д.  І  ғ.  Шығыс  Түркістандағы 
олардың  ролін  кӛрсетті.  Штейннің  қазба  кезіндегі  жинаған,  оны  кейіннен 
Рейхельт  аударған  материалдары  соғдылардың  осы  аймақтағы  ролінің  жоғары 
болғандығын  кӛрсетеді.  Жетісудағы  соғдылардың  рӛлі  мен  мағынасынның 
тӛмендеу болуының үш себебі бар деп кӛрсетеді. 
1-шіден: Әлі де болса археологиялық ескерткіштер аз зерттелді. 
2-шіден:  Бұл  жерде  соғдылар  тез  ассимиляцияға  ұшырады,  ал  Шығыс 
Түркістанға олар жайлып кете алған жоқ. 
3-шіден:  Бұл  Жетісу  жері  туралы  б.з.  I  ғ.  жазылған  деректерге  сүйенуге 
тура келеді. Соғдылардың ӛз жерінде мәдениетке байланысты деректер ӛте аз, 
шамамен 20 км болатынын кӛрсетті және Бурананы Невакентпен ал Ақбешімді 
Пенджикентпен баламалады [3, 102 б.]. 
1925  жылы  Бұрана  мұнарасын  ӛнертанушы  профессор  П.Б.  Деникс  және 
М.М.  Логинов  зерттеді.  Зерттеудің  нәтижесінде  алынған  жаңа  деректерге 
сүйене  отырып,  П.Б.  Деникс  Бурана  мұнарасы  ХІІ  ғ.  салынғанын  анықтады. 
1927  жылдары  П.П.  Иванов  Шу  ӛңіріне  зерттеу  жүргізіп  Ключевское,  Қызыл 
қала,  Қысымшы,  Шӛміш  1,  Шӛміш  2  қалалары  туралы  жаңа  деректер 
жариялады. 

 
76 
1929  ж.  Шу  ӛңірінің  ортағасырлық  қалалары  мен  елді  мекендерін  А.И. 
Тереножкин  зерттеді.  Ол  Шудың  сол  жағасында  Қарабалта  қаласынан  Боом 
шатқалына  дейінгі  аралықта  барлау  жүргізіп  16  ортағасырлық  ескерткіштерді 
есепке алды, бірақ ескерткішке алынған ескерткіштердің жобасы түсірілмеген, 
суреттеп  жазылмаған.  А.И.  Тереножкин  Шу  ӛңіріндегі  қалалар  мен 
бекіністердің  дені  VІІІ  ғ.  пайда  болғанын  айта  келіп  былай  деп  жазады:  «в 
полне возможно, что  именно в эту эпоху  выросла основная масса укреплений, 
развалины, - «которых покрывают долину р. Чу в настоящее время» [3, 104 б.]. 
1933  ж.  бастап  Шу  ӛңіріндегі  ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендерді 
зерттеумен  А.Н.  Бернштам  айналыса  бастады.  Шу,  Талас  ӛңірлері  және 
Қаратаудың  ортағасырлық  қалаларын  зерттеудің  жаңа  кезеңі  А.Н. 
Бернштамның  атымен  байланысты  болды.  1936  ж.  СССР  Ғылым 
Академиясының  Н.Я.  Марр  атындағы  заттай  мәдениет  тарихы  институты 
(Ленинград),  Ғылым  Академиясының  Қазақстандық  бӛлімі  (филиалы)  Қырғыз 
ССР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  жанындағы  Ғылым  комитеті  бірлесіп  құрған 
Жетісу  археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі  –  А.Н.  Бернштам)  1936,  1938 
жж.  Талас  ӛңірі  мен  Қаратаудың  солтүстік  беткейінде  ал  1938  –  1941  жж.  Шу 
ӛңірінде  кең  кӛлемді  археологиялық  зерттеулер  жүргізді.  Талас  ӛңірі  мен 
Қаратаудың  солтүстік  беткейінде  жүргізілген  барлау  жұмыстарының 
нәтижесінде  Талас  ӛзенінің  жоғарғы  ағысы,  Тараз  қаласының  тӛңірегі, 
Таластың  тӛменгі  ағысы,  Асса  ӛзені  мен  Биліккӛлдің  жағасы  және  Талас  -Шу 
ӛзендері  аралығы  зерттеліп  ондаған  ортағасырлық  қалалар  мен  елді-мекендер 
ашылды,  сонымен  қатар  бұрыннан  белгілі  қалалар  қайта  зерттелді. 
Ортағасырлық  Ақтӛбе,  Жаманқорған,  Шалдабар,  Садырқорған,  Қостӛбе, 
Шӛлтӛбе,  Түймекент,  Ақыртас,  Құлан  қалаларында  әртүрлі  кӛлемде  қазба 
жұмыстары  жүргізіліп,  олардың  ӛмір  сүру  уақытын  анықтайтын  заттай 
деректер алынды. 
1938 жылы ежелгі Тараз қаласының әртүрлі бӛліктерінде қазба жұмыстары 
жүргізіліп,  тұрғын  үй  кешендері,  әр  түрлі  құрылыс  қалдықтары,  қамал,  қақпа, 
су  құбырлары  және  монша  ашылды.  Қала  шахристанның  оңтүстік  -  шығыс 
бұрышында  жүргізген  стратирафиялық  қазбадан  алынған  деректерге 
байланысты  Тараз  қаласының  V-ХV  ғғ.  кезінде  ӛмір  сүргені  анықталды  [3,  10 
б.]. 
Жетісу  археологиялық  экспедициясы  1938-1941  жж.  Шу  ӛңірінде 
зертттеулер  жүргізді.  1938  ж.  Шу  -  Талас  ӛңірлеріндегі  ортағасырлық 
қалалардың  ерекшеліктерін  (ұқсастықтарын)  анықтау,  Шу  ӛңіріндегі  тек 
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер ғана бұл жӛнінде кӛптеген материалдар берді деп 
тұжырымдайды. 
А.Н.  Бернштам:  Соғдылықтардың  Жетісуда  Испиджабтан  Баласағұнға 
дейінгі  аймақта  бар  болғандығы  туралы  ХІ  ғ.  авторы  М.  Қашқаридың 
еңбектерімен растайды. 1074 жылы жазылған еңбекте ол «А те, которые имеют 
два языка и смешались с населением городов, это Сугдак, Кенджак и  Аргу»,  - 
ары қарай «Баласағұн тұрғындары да соғды, түрік тілінде сӛйлейді. Тараз және 
Ақ  қаланың  (Мединат  -  ал-  Бейда)  қалалардың  да  халқы  екі  тілде  сӛйлейді. 
Жоғарыдағы  М.  Қашқари  сӛздерін  келтіре  келе  Бартольд  ӛздерінің  елдерінде 

 
77 
соғдылар парсы тілін қабылдады, М. Қашқаридың сӛзі бойынша Баласағұн тағы 
басқа  қалаларда  екі  тілде  сӛйлесе,  XI  ғ.  II  жартысында  Жетісу  соғдылары 
денационализациялық  (ұлт  ерекшелігін  жою)  соңғы  кезеңін  басынан  кешіріп 
жатты, халықтың арасында соғдыша сӛйлейтіндер болды.  
Бұл  Талас  бойындағы  тұрғындардың  ұлттық  құрылымы  туралы  айтылған 
беріректегі  хабарлар дей келе А.Н. Бернштам  «Жетісу жеріне келген соғдылар 
алғашқы ғасырда келе сала, бірден ассимиляцияға ұшырады деп айтуы қиын» –   
дейді. 
1938  жылы  КФАН  и  ИИМК  археологиялық  экспедицияның  нәтижесінде 
Талас  ӛңірінен  ежелгі  Тараз  қаласының  мұсылман  кезеңіне  дейінгі  V  қабатын 
тапты.  Бұл  жер  қаланың  солтүстік  -  шығыс  бұрышынан  4  метр  тӛмендікте 
құмды  қабаты  ежелгі  соғды  мәдениетіне  жатады.  Осы  жерден  Діни    салт  – 
дәстүрге    табынуға  арналған  заттар  табылды.  Заттар  табылған  жерлерде  ұзақ 
уақыт  елдердің  болуы  және  құрлысқа  құм,  топырақ  тастардың  алынуы  бергі 
ғасырдағы тӛменгі қабатқа түсіп, ал ежелгі заттар жоғарыға шыққан. 
V-ші топырақ қабатынан табылған заттардың ішінде: балшықтан жасалған 
ат  мүсіні  ертоқымы  мен  әбзелдері,  аттың  жүгендері,  анық  кӛрсетілген,  екі 
қолмен  ұсталған  жарты  шар,  ӛте  үлкен  емес  балшықтан  жасалған  сұйық  зат 
құятын  сырты  қолмен  ұстаған  ізі  бар  ыдыс,  сары  -  қызыл  жылтыр  үш  жақты 
соғды жазуымен жазылған; кішкене флаг секілді соудок (мустахара, сұйық зат 
құятын),  бір  жағы  жалпақ,  басқа  жағы  шар  тәрізді,  тізбектелген  оюлармен 
қапталған; күйдірілген балшықтан жасалған адамның бетінің формасы, монета 
және басқа заттар табылды [1, 19 б.]. 
VIІ ғасырдың (630 ж) Жетісу ӛңірімен  Қытай саяхатшысы Сюань  -  Цзянь 
Тараз қаласын Да-Ло-Се деп атады, ол Суяб қаласынан батысқа қарай ондаған 
жекеленген  бір-біріне  бағынбайтын  қала  басшылары  биледі,  бірақ  олардың 
үстінен түріктер қарады дейді. Осы мемлекеттің барлығын Сюань  -Цзянь Сули 
мемлекеті  деп  атайды  (қытай  тілінен  аударғанда  Соғд,  соғдылықтар).  Сюань-
Цзянь  мемлекетте  32  таңбадан  тұратын  жоғарыдан  тӛменге  қарай  жазылатын 
жазба  пайдаланады  дейді.  Бұл  әрине  соғды  алфавиті,  ол  кейіннен  түріктерге 
ұйғыр алфавиті атымен белгілі. Бұған дәлел 1938 жылы қазба кезінде табылған 
үш  жағына  сириялық  жазумен  жазылған  су  құятын  ыдыс  және  түргеш 
монеталарындағы жазбалардың осы әріптермен жазылуы дейді [3, 35 б.].  
Тараз  қаласы  жӛнінде  жазылған  зерттеулердің  бірі  Т.Н.  Сенигованың 
«Средневековая  Тараз» атты еңбегі [4,  3 б.]. Еңбек негізінен  толығымен  Тараз 
қаласының  пайда  болуымен  құлауына  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл  еңбекте 
Тараз  қаласының  қолӛнер  сауда,  қоғамдық  қатынастары,  Х-ХІІ  ғасырларда 
гүлденуі және ХШ-ХVШ ғасырлар құлдырауы келтіріледі. 
Еңбекте  автор  1958,  1961,  1965  жылдардағы  археологиялық  зерттеулер 
нәтижесінде  алынған  материалдар,  тағы  Л.И.  Ремпеля  1950  жылғы  зерттеуі 
және  Е.И.  Агеевтың  ІІ-VI  шахристандағы  1961  және  1962  ж.ж.  қазған  кездегі 
мәліметтерді  пайдаланған.  Автор  кӛбіне  Бернштамның  зерттеулеріне  сүйене 
отырып  жазады.  Сенигованың  зертеу  еңбегін  жазу  барысында  кездескен 
қиындықтары: 

 
78 
1-ден:  Жиналған  коллекциялардың  әр  қалаларда  сақталуы  (С-Петербург, 
Тараз, Алматы ) және жазылған жазбалардың жоғалуы; 
2-ден:  Материалдардың  бытыраңқылығы,  құрылыс  жүргізілген  уақытта 
табылып,  белгілі  бір  мәдени  қабатпен  ұштасып  жатпауы;  3-ден:  Тараз 
қаласының түгел қирап қалуы оның топографиясын жасауды қиындатты [4, 18 
б.]. 
А.Н.  Бернштамның  айтуы  бойынша:  Осы  аймақта  зерттеу  жұмыстары 
жалғаса беретін болса, адамзаттың бұл жерде ӛмір сүруі б.з.д. II ғасырдан ары 
жатыр  дейді.  Сенигова  бұл  жӛнінде  соңғы  кездердегі  Қаратау  жоталарындағы 
жүргізілген  зерттеулер  нәтижелері  дәлелдей  түсті  дейді.  Ежелгі  адамдардың 
үңгірлері  мен  тұрақтарының  ашылуы  осы  аймақта  палеолит  кезеңінен  бастап 
адамдар  мекендеді  делінеді.  Бұны  автор  Х.А.  Алпысбаевтың  «Находки 
памятников каменного века в хребте Каратау» атты еңбегін пайдалана отырып 
келтіреді. 
Тараз  қаласының  тӛменгі  қабатынан  табылған  шақпақ  тас  қырғыштар, 
әдемі  істелінген  неклеустер  бұл  аймақта  неолит  дәуірі  де  болған  деп  айтуға 
болады.  Солтүстік-батыс  және  оңтүстік-шығыс  Талас  аймақтарында  табылған 
ӛңделмеген  жерлеу  бӛлмесінде  бай  жеке  адамның  мүлкіне  жататын  нәрселер 
(кең  орақтар,  әртүрлі  омырауға  тағатын  әшекей  бұйымдар,  білезіктер)  және 
солтүстік  батыс  аңғарынан  кездейсоқ  табылған  қола  бүгілмелі  формадағы 
пышақ осы аймақта Жетісу жерінде қола дәуірінің болғанын дәлелдейді. 
Тараз  -  қаласының  қала  ретінде  пайда  болуын  Т.Н.  Сенигова  А.Н. 
Бернштам  пікірін  қолдап,  VI  ғ.  Талас  ӛңіріне  соғдылардың  келуімен 
байланыстырады. 
Автор Тараз қаласының бұрын бес қабаты болған болса, олар тӛменгі VI  – 
VIІ  ғ.ғ.  жатады,  жоғарығы  қабаты  ХШ-ХV  ғ.ғ.  қамтиды,  енді  зерттеулер 
барысында  тоғыз  қабаты  белгілі  болып  отыр,  оныншы  қабатының 
материалдары жиналды, бұл Тараз қаласының отырықшы мәдениеті б.з. І ғ. мен 
ХVIІІ  ғ.  аралығын  қамтиды  деп  ӛз  тұжырымын  келтіреді.  Бес  мәдени  қабат 
туралы  айтқан  Бернштам  пікірін  қолдамағанымен,  толығымен  теріске 
шығармайды,  тек  сол  уақытта  жаңадан  басталған  экспедиция  бұл  мәдени 
қабаттарға жете қоймаған дейді. 
VI  ғасырдың  60  жылдары  тарих  сахнасына  шыққан  Түрік  қағатына 
экономикалық,  саяси  қатынас  орнату  үшін  және  Жібек  жолы  бойына  бақылау 
орнатуға  ұмтылған  Византия,  Персия,  Индия,  Қытай  Талас  қаласына  тартыла 
бастады.  Осыған  байланысты  568  ж.  грек  деректерінде  Тараз  қаласы  туралы 
айтылады. 
Тараз  жазба  деректер  бойынша  кең  тараған  Талас  немесе  яны  Талас  деп 
аталатын,  Оңтүстік  Қазақстан  жеріндегі  тұрып  жатқан  тайпалар  мен 
халықтырдың  мәдени  қабаттарына  2000  жылдық  тарихы  бар  қала.  Ерте  орта 
ғасырдан  бастап  бүкіл  қолӛнердің  және  сауданың  дамуы  болды.  Талас  -Батыс 
Түрік  қағанатының  құрамына  кіргенде  тек  Талас  ӛңірінің  ғана  емес,  сонымен 
қатар  бүкіл  Жетісу  жерінің  орталығы  болды.  Бүған  дәлел  Түргеш  қағанның 
атымен аталған кӛптеген монеталардың табылуы және деректерде айтылғандай 
қалада  әр  елдің  саудагерлері  сауда  жасайды,  ал  қала  қабырғаларынан  парсы, 

 
79 
араб  тіліндегі  сӛздер  естіледі.  Тараз  қаласындағы  соғды  аристократтарының 
кӛп  болуы  туралы  факті,  қаланың  саяси  жағынан  осы  облыстың  орталығы 
болғанын дәлелдейді. 
731  жылы  Күлтегіннің  басына  қойылған  тасқа  жазылған  жазуларда, 
Кұлтегін  ӛлген  кезде  Талас  ӛңірінен  де  әскери  аристократтар  да  келген, 
қайғылы  тасқа  жазылған  жолдар  Тараз  маңын  мекендеген  сол  уақытта  Батыс 
Түрік қағанатына қараған халықтар туралы болуы да мүмкін дейді. «Сен бірде 
түрік  халқы  алға  жүрдің  (шығысқа  қарай),  сен  барған  мемлекеттен  қандай 
жақсылық  таптың?  Сенің  қаның  сол  жерлерде  су  болып  ақты,  ал  сенің 
сүйектерің  тау  болып  үйіліп  жатты».  Бұл  Талас  ӛңірінің  мекендеген  тайпалар 
мен  халықтардың  Батыс  Түрік  қағанатының  құрамында  болғанда  парсыларды, 
шығысында  арабтарды  талқандауда  ерекше  роль  атқарғанын  кӛрсетеді  (С.Д. 
Асфендияров. История Казахстана с древнейших времен 1935 г). 
1219  жылы  моңғолдар  жаулап  алғаннан  кейін  Тараз  Шағатай  ұлысына 
кірді. 1269 жылы Талас ӛзенінің жағасындағы Құрылтайдан кейін Тараз қаласы 
мен  оның  тӛңірегі  Ислам  Кайдуға  беріледі.  1307  жылы  Шағатайлықтар 
Кайдудың мемлекетін талқандап «Алтын Орданы» жоғалтты. 
1434  жылы  Жетісу  жеріндегі  билік  Шағатайлық  Есен  -  Бұғаның  қолына 
кӛшеді. Есен - Бұға билік еткен тұста солтүстік шығыс Таласта (Шу ӛзені) 200 
мыңдай  Керей  және  Жәнібек  бастаған  қазақтар  тұрды.  1440  жылы  Ұлықбек 
тұсында Талас ӛңірі тағы да талқандалды. 
ХVI  ғасырдың  20  жылдары  Мұхаммед  -  Хайдар  Талас  ӛңірі  туралы 
мынандай  мәлімет  келтіреді:  «Яны  -  бұл  Моғолстанда  атақты  жер; 
Маураннахрда  Яныдан  кӛптеген  халықтар  тұрады;  оларды  барлығы  Янылын 
деп  атайды.  Яны  тұрған  аймақта,  бірнеше  қалалардың  іздері  байқалады;  ол 
жерлерде  монастырь,  медресе,  т.б  орындар  бар;  бірақ  нақты  қай  қаланы  Яны 
деп атаған, ал қалған қалаларды қалай атады». Янги  - бұл Тараздың моңғолша 
аты  болу  керек  деп  В.В.  Бартольд  ӛз  тұжырымын  айтады  [33,  495  б.].    «Яны» 
деген  сӛз  жаңа  деген  мағына  береді.  Сондықтан,  кӛне  қала  жанынан  жаңа 
қаланың кӛтерілуі де ғажап емес. 
П.Н.  Кожемяко  «Раннесредневековые  города  и  поселения  Чуйской 
долины» атты 1959 ж. шыққан еңбегінде Шу бойындағы қалалар жӛнінде ӛзіне 
дейінгі авторлар: В.В. Бартольд, М.М. Массон, П.П. Иванов, А.И. Тереножкин, 
А.Н. Бернштам зерттеу еңбектеріне сүйенді, сонымен қатар ӛзінің Шу ӛңірінің 
қалаларына  жасаған  1954  жылғы  экспедициясының  мәліметтеріне  сүйенеді. 
Автор  кӛбіне  Қырғызстан  жеріндегі  қалаларға  тоқталады.  Шу  ӛңіріндегі 
қалалардың  ішінен  автор  Ақтӛбе  қонысын  зерттеп,  оған  Степнин  деген  ат 
берген.  Степнин  деген  Ақтӛбенің  батыс  түстігіндегі,  Қырғызстанға  қарайтын 
орыс  селосының  аты.  Бұл  қонысы  ӛте  үлкен  ортағасырлық  қаланың  орны 
екенін, ол бекініспен қоршалғанын автор нақты кӛрсеткен [120].  
Археологиялық  схемалық  жобасын  Ақтӛбе  қаласын  қоршаған  бекініске 
(орға)  айрықша  кӛңіл  бӛліп,  оның  жобасын  қағазға  түсірген  жалпы  ордың 
тереңдігі 3-3,5 м; оның табаның ені -18-20 м. Орды қоршаған су жүйелерінің ені 
8-10 м; тереңдігі 0,6-0,8 м екенін баяндаған. 

 
80 
П.Н.  Кожемяко  Ақтӛбеге  жалпы  шолу  жасап,  оның  кӛлеміне,  қоршаған 
бекініске  кӛңіл  бӛлген.  Қаланы  барлау  үшін  қоршаған  орды  3  жерден  қазған. 
Мысалы,  ішкі  қоршаудың  үстіңгі  ені  4,4  м;  тереңдігі  -  2,5  м.  Шамасы  жерде 
қазба  жұмысын  жүргізіп,  бұзылмай  тұрған  кезінде  бекіністің  тереңдігі  5-6  м. 
болуы  мүмкін  деген  деген  пікір  айтқан  [120,  116  б.].  Бұл  бекініс  (орлар) 
бірнеше қабаттан тұратынын кӛрсеткен. Бірақ археолог Ақтӛбедегі бекіністерді 
толық кӛрсете алмаса да, қаланың үлкен екенін, оның бекіністері айтарлықтай 
мықты екеніне айрықша кӛңіл бӛлген. 
Ол Ақтӛбенің ең үстінен 4.19 м шұңқыр қазып, оны тереңдеткен. Қазғанда 
табылған  археологиялық  заттарға  негізделіп,  Ақтӛбе  ІХ-ХІІ  ғасырлардың 
қаласы  деген  тұжырымға  келген  [120,  117  б.].  Осы  цитаделі  мен  шахристаны 
жоқ, Ақтӛбе деп аталатын биік тӛбе феодалдардың мекені және әскери бекінісі 
болған  болу  керек  деген  пікірді  айтқан  [120,  118  б.].  Ғалымның  пікірінше, 
барлық ортағасырлық қалалардың цитаделдері және шахристандары бір тектес 
болу керек деген түсінік болған сияқты. 
1941  жылы  Г.И.  Пацевичтің  Ақтӛбе  қонысы  жеріндегі  берілген  алғашқы 
археологиялық деректерге қарағанда, П.Н. Кожемяко бұл қонысты жан  -жақты 
барлап,  тереңірек  зерттеп  оның  ӛте  үлкен,  ортағасырлық  қалалардың  қалдығы 
екенін  айтқан.  Дегенмен,  Ақтӛбе  қонысына  ғылыми  тұрғыдан  мінездеме  бере 
алмаған. Сондықтан да,  Ақтӛбе қонысы IX  - XII ғасырлардың ескеркіші деген 
пікірі болғанымен, оның жасаған ӛмірін толық дәлелдеп бере алмаған. 
Кожемякодан  кейін  Ақтӛбе  қонысын  ешкім  зертемей,  сол  күйінде  қала 
берген.  Тек  1974  жылдан  бастап  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  археологтары  қаза  бастады.  Бұл  жӛнінде  тереңірек  келесі 
тарауымызда тоқталамыз. 
Б.з.  І  ғасырындағы  отырықшы  -  егіншілік  мәдениетінің  ескеркіштері 
Луговой  ауылына  жақын  орналасқан  жерден  ғана  әзірше  табылды.  Қазба 
жұмыстары  кӛрсеткендей  малшаруашылығымен  кӛп  айналысқанын  айтады, 
бірақ  тұрғындар  егіншілікпен  де  айналысты.  Бұны  осы  аймақтан  табылған 
астық  қалдықтары  мен  қол  диірмендері  дәлелдей  түседі.  Бұл  жерден  құлаған 
қабырғалары 
батпақтан 
сыланып 
ағашпен 
қапталған 
жартылай 
отырықшылықты  дәлелдейтін  үй  табылған.  Біраз  табылған  балшықтан 
жасалған  матамен  қапталған  үлгідегі  су  құятын  ыдыс.  Бұлар  А.Н.  Бернштам 
бойынша ІІ-ІV ғ.ғ. жатады. 
Сонымен  б.з.  I  ғасырында  жергілікті  тұрғындар  егіншілікпен  айналысты. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал