Әож 930 (574) Қолжазба құқығында


  Батыс  Қазақстан  торабындағы  Ұлы  Жібек  жолы  қалаларының



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.3  Батыс  Қазақстан  торабындағы  Ұлы  Жібек  жолы  қалаларының 
тарихы: зерттеулер және проблемалар             
Қазақстанның  батыс  ӛңірлерінің  қалалары  Еуропа  мен  Азия  сынды  екі 
алып  құрлықтардың  шекарасында  болғандықтан  біршама  саяси  ӛзгерістерге 
үнемі  ұшырап  отырды.  Бұл  ӛлкедегі  қалалардың  құрылысына  ӛз  әсерін 
тигізгенін  де  байқатады.  Еліміздің  батыс  ӛңіріндегі  Сарайшық  пен  Жайық 
қалаларындағы  жүйелі  түрдегі  қазба  жұмыстары  негізінен  республика 
тәуелсіздік  алғаннан  кейін  басталды.  Бұл  қалалардың  тарихы  ертеден 
басталатындығын зерттеушілер кезінде жазған болатын  [31, 17 б; 72, 8 б; 73, 5 
б.]. 
Қазіргі  Атырау  қаласынан  50  шақырым  жерде,  Жайық  ӛзенінің  оң 
жағасында,  бір  кездегі  ұлы  да  атақты  Сарайджук  (қазіргі  атауы  -  Сарайшық) 
қаласының қираған құландысы жатыр. 1834 ж. Ф. Гебель осында шағын қазба 
жұмысын  жүргізді.  1937  ж.  Н.  К.  Арзютовтың  жетекшілігмен  Қазақстанды 
зерттеу Қоғамының Батыс-Қазақстандық бӛлімшесі Саратов облыстық мұражай 
қызметкерлерімен бірге қалашықтың кейбір жерлерінде зерттеулер жүргізді.  
1950 ж. Ә. X. Марғұлан тағы да Жайықтың суы мәдени қабаттарын үздіксіз 
жуып-шайып жатқан Сарайшық ескерткіштерін жедел де кешенді түрде зерттеу 
туралы үлкен мәселе кӛтерді. 
Ескерткішті  зерттеуде  визуалды  қарастырумен  қатар  жоспарларды 
инструментальды  түсіру  және  аэротәсілдер  қолданылды.  Қалашықты  зерттеу 
барысында стратиграфия, хронология, даму динамикасын анықтау мақсатында 
шурфтар мен кескіндер (разрез)  пайдаланылды. 
1996-2000  жж.  зерттеулер  нәтижесінде  Сарайшықтың  қалыптасып 
дамуының  үш  кезеңі  анықталды.  Ерте  кезеңі  қала  ӛмірінің  алғашқы  он 
жылдығына  сәйкес  келеді.  Сарайшықтың  ол  кезде,  негізінен  шикі  кірпіштен 
соғылған,  орталық  бӛлігіндегі  ғимараттары  кӛп  салынды.  Оңтүстігінен  шетіне 
қарай  біртіндеп  киіз  үйлермен  және  жеңіл  каркас  құрылыстарымен 
толықтырылды.  Бұл  бӛлігі  негізінен  ӛзенді  бойлап  салынды.  Зерттеушілердің 
болжамы  бойынша  оның  ені  шамамен  300  м.  болған  тәрізді.  Келесі 

 
119 
онжылдықтарда  қаланың  даму  қарқыны,  оның  кӛлемінің  неғұрлым  ұлғайғаны 
анықталды.  Дамуының  екінші  кезеңінде,  1330-шы  жылдардан  бастап  әртүрлі 
факторлардың әсерімен Сарайшық ӛзінің кірпіштен соғылған орталық бӛлігінде 
жүйелі  түрде  салынып  шоғырланады  да,  Жайық  пен  оның  сағаларында 
жайғасқан  аралдың  шеңберінде  дамып  кеңейді.  Мұның  ӛзі,  осы  мандағы 
ӛткелдер  мен  адамдардың  іс-әрекетін  мұқият  бақылап  отыруға  да  мүмкіндік 
берді. 
Сарайшықтың  аумағын  итальяндық Фра  Мауроның 1340-шы  жылдардағы 
картасын  қазіргі  табиғи  орта  жағдайымен  салыстырып  және  қалашық  туралы 
XIX және XX ғ.ғ. басындағы авторлардың деректерін есепке ала отырып, оның 
батыстан  шығысқа  дейінгі  ұзындығы  2  шықырым,  ал  ені  600  м.  ден  астам 
болуы мүмкін деп мӛлшерлеуге болады. Қаланың гүлдену уақыты XIV ғ. сәйкес 
келеді.  XV-XVI  ғ.ғ.  шаһар  тағы  да  ӛзгеріске  үшырады.  Орталық  бӛлігі  кӛлемі 
жағынан  біртіндеп  кішірейе  келе,  оңтүстік  шығыста  Жайықтың  қазір 
Сорочинка деп аталатын саласына қарай жылжыды. 
Соңғы  екі  ғасырда  Жайықтың  негізгі  арнасы  әрнеше  ӛзгерістерге 
ұшырады.  Жыл  сайынғы  су  тасқыны  қаланың  біраз  бӛліктерін  шайып  кетіп 
отырды.  Қазіргі  таңда  кӛне  Сарайшықтың  қалған  ауданы,  жапсарлас  кӛне 
зираттарды есептемегенде шамамен 600 х 600 м. 
1937 ж. Н. К. Арзютовтың жетекшілігмен Қазақстанды зерттеу Қоғамының 
Батыс-Қазақстандық бӛлімшесі Саратов обылыстық мұражай қызметкерлерімен 
бірге  қалашықтың  кейбір  жерлерінде  зерттеулер  жүргізді.  Сол  қазба 
жұмыстарының  кӛптеген  материалдары  қазірге  дейін  Саратов  мұражайының 
қорында  сақтаулы.  Сол  кезде  Н.  К.  Арзютов  Сарайшықтың  жағдайы  туралы 
былай  деп  жазған:  "Солтүстік,  солтүстік-шығыс  және  батыс  жағынан  ӛзеннің 
жағасы тіпті мүлде шайылған. 
70  жылдың  ішінде  ұзыны  1100  м,  ені  300  м-дей  аумақ  жоғалды.  Бәрін 
қосқанда  320  гектардай  жер  құрыды.  Дәл  сол  жерлерде  алтынордалық 
Сарайшықтың  талай  құрылысы  болған.  Осылайша,  бізге  ӛте  қызықты 
ескерткіштерді жыл сайын жоғалтып, орнын сипап отырмыз" [149, 127-128 б.]. 
1950 ж. Ә. X. Марғұлан тағы да Жайықтың суы мәдени қабаттарын үздіксіз 
жуып-шайып жатқан Сарайшық ескерткіштерін жедел де кешенді түрде зерттеу 
туралы  үлкен  мәселе  кӛтерді.  Сол  кездің  ӛзінде-ақ  Орал  ӛзені  кӛне  қаланың 
орта  тұсын  шайып  жатыр  еді.  Сол  жылы  Ә.  X.  Марғұланның  жетекшілігімен 
археологиялық экспедиция ұйымдастырылды, алайда ол бір-ақ маусым  жұмыс 
істеді, ӛкінішке орай нәтижелері осы уақытқа дейін толықтай жарияланған жоқ. 
Осыдан кейін Сарайшықтың ескерткіштерін зерттеп, сақтап қалу проблемалары 
60-80  жылдардағы  кейбір  құлшыныстарды  есептемегенде,  осы  уақытқа  шейін 
назардан тыс қалып келді. 
Сарайшықтың  тарихи  мәні,  оның  Қазақ  мемлекеттілігінің  алғашқы 
қалыптасу  кезеңіндегі  ролі  және  ұрпақтар  арасындағы  байланыстар  үшін  ата-
бабалар  мұраларының  тӛтенше  маңыздылығы  ескеріліп,  осы  жерде  символды 
Пантеон,  археология  мұражайы  және  мешіттен  тұратын  мемориалды-мұражай 
кешенін құру ісі қолға алынды. 

 
120 
Ә.  X.  Марғұлан  атындағы  археология  институтының  авторлар  басқарған 
Батыс  Қазақстан  археологиялық  экспедициясының  1996-2000  ж.ж.  жүргізген 
тыңғылықты  зерттеулері  барысында  қаланың  әр  бӛлігінен  оның  ӛмір  сүруінің 
бірінші  кезеңіне  жататын  ауқымды  жерлер  аршылып,  алғашқы  тұрғындардың 
үй  құрылыстары  айқындалды.  Қала  құрылысы  белгілі  бір  жобамен, 
кӛшпелілерге  тән  дәстүрмен  салынған.  Табылған  үйлер  шикі  кірпіштен 
қаланған,  кӛлемі  4х5  метр  екі  -  тӛрт  бӛлмелерден  тұрады.  Бӛлмелердің  тӛр 
жағында етегінен ені 1,5-2 метр келетін кӛлденең орналасқан  түтін  шығатын  
қос  каналмен жылынатын  суфа орналасқан. Олар тандырлы ошақтан шығып, 
бӛлмеден  қабырғаның  арасына  жасалған  тік  жол  арқылы  тӛбеге  шыққан. 
Барлық  қабырғалар  мен  суфалар  бірнеше  рет  саз  балшықпен  сыланып, 
әктелген.  Суфаның  біреуінен  киіз  кілемнің  қалдығы  табылды.  Едені  лаймен 
тығыздалған  кейбір  бӛлмелерде  шиден  жасалған  тӛсеніш  сақталған.  Суфаның 
үстіндегі  қабырғада  кезінде  шырағдан,  қымбат  ыдыстар  және  басқа  да 
тұрмысқа қажетті заттар қоятын текшелей куыс бар. Үйде тұрғын бӛлмелерден 
басқа  тары  мен  арпа  сақтайтын  баздар,  сондай-ақ,  табылған  дән-сүйектеріне 
қарағанда,  ӛрік,  алма,  жүзім,  жуа  және  алыс  елдерден  әкелінген  миндал 
жаңғағын  сақтайтын  қойма  бӛлмелер  де  болған.  Ол  жерден  қурап  қалған 
пияздың  бастары  табылды.  Қоймалар  жылынатын  жатын  бӛлмелерден  ағаш 
қанқалы  қабырғамен  бӛлектелген.  Ағаш  қанқалы  қабырғаның  арасы  шикі 
кірпіштермен  шырша  әдісімен  қаланған.  Осындай  конструкция  бір  жағынан 
декоративті болса, екінші жағынан қойма бӛлмеде ауа алмасуды жақсартады. 
Үйлердің  архитектурасы  мен  ішкі  интерьерлерінде  Тӛменгі  Поволжье, 
Хорезм  және  Сырдария  қалаларына  тән  дәстүр  араласып  келеді.  Бір  үйден 
кӛлемі  4  х  4  м.  болып  келген  бӛлме  аршылып  тазаланды.  Онда  тандырлы 
кішкентай  суфадан  басқа  үй  иесінің  кәсіби  қызметін  кӛрсететін  ерекше 
құрылыс  табылды.  Бір  қабырғаның  етегінде  от  жағатын  тандырдан  кӛлденен 
орналасқан түтін шығатын  жол кӛлемі  1 х  1 м., ені 80 см. жуық саз кірпіштен 
"жәшік"  түрінде  қаланған  конструкциямен  жалғасқан.  Одан  қабырғаға 
жабыстырылып салынған түтін шығатын мұржа кӛтерілген. Еденде от жағатын 
орынның  маңында  ошақтан  шыққан  күл  мен  балықтың,  үй  малдырының 
сүйектерімен  толтырылған  үлкен  шұңқыр  орналасқан.  Бұл  балық  және  ет 
ӛнімдерін ыстайтын құрылыс болуы мүмкін. Оның жанынан табылған тиындар 
Ӛзбек  ханның  билік  қүрған  кезіне,  яғни  1310  ж.  жатады.  Бұндай  құрылыс 
Алтын  Орда  қалаларын  қазу  барысында  табылған  алғашқы  құрылыс  және  ол 
Сарайшықтағы еңбек бӛлісінің жоғарғы деңгейін кӛрсетеді. 
Бӛлмелерден табылған ыдыстар формасы жағынан сан алуан. Атап айтсақ, 
олар - жергілікті кӛзешілер жасаған қыш құмыралар, құтылар, құмғандар және 
қазандар.  Оны  кашин  балшығынан  жасалып  жылтыр  бирюза  құймамен 
жабылған  құмыра  толтырады.  Осы  ыдыстар  жиынтығын  Хорезмнен  әкелінген 
тас қазандар, тӛменгі Волга қалаларынан әкелінген кашинді түрлі-түсті жылтыр 
кеселер, сондай-ақ жергілікті бай адамдар тым жоғары бағалайтын ӛте қымбат 
жасыл  түсті  қытай  фарфоры  -  селадоннан  жасалған  табақтың,  кесенің, 
тостағанның  сынықтары  толықтырады.  Мұндағы  мәдени  қабаттардан  жылқы 
мен  түйенің  сүйектері  кӛптеп  кездеседі.  Бүл  тұрғындардың  қала  ӛмірінің 

 
121 
алғашқы  кезеңінде  қала  қүрылысы  мен  сауда  жолында  қызмет  еткендігін  де 
кӛрсетеді.  Қаланың  тек  орталық  бӛлігі  ғана  дамып  қоймай  оның  сырт 
жақтарында да құрылыстар салынған. Сарайшықтан бес шықырым жерде, ӛзен 
жағасын  бойлай  орналасқан  усадьбалар  кездеседі.  Сарайшықтың  тұрғындары 
жаз айларын бау-бақшасы, егістігі бар қала маңындағы үйлерде ӛткізген. Олар 
сондай-ақ  Жайық  ӛзенінің  бойындағы  жайлымдарда  керуен  үшін  қызмет 
істеуге керекті жылқылар мен түйелерді ұстаған. Қаланың және усадьбалардың 
мәдени  қабаттарынан  кетпендер,  орақтар,  шалғылар  және  шығырға  арналған 
құмыра  түріндегі  қыш  ыдыстар  табылды.  Шығыр  бұл  ӛзендегі  диірменге 
ұқсатылып  ағаштан  жасалған  және  осы  қыш  ыдыстар  байланған  үлкен 
дӛңгелек.  Малдың  күшімен  айналған  дӛңгелек  ыдыстардағы  суды  жоғары 
кӛтеріп арықтарға құйған. Осында бау-бақша ӛнімдерімен қатар арпа мен тары 
ӛсірілген.  Оны  шаруашылық  шұңқырларынан  табылған  астық  ӛнімдерінің 
қалдықтары  дәлелдейді.  XVI  ғ.  кейінірек  Сарайшық  билеушілері  Орыстың 
астық  ӛндіретін  орталықтарынан  осындағы  егістіктеріне  қажетті  тұқымдық 
астықтың  кӛптеп  жіберілуін  сұраған.  Оған  ноғайлының  әйгілі  бектербегі 
Смайылдың  1557  ж.  орыс  патшасы  Иван  IV-ге:  "Сарайшық  егістіктерін  су 
басып қаңырап бос қалды сен бізге бір кеме түқымдық астық жіберсеңіз екен", - 
деп  сұрап  жазған  хаты  дәлел  бола  алады  [9,  326  б.].  Сарайшықтағы  осындай 
егістіктердің  кӛп  болғандығы  тастан  жасалған  қол  диермендерінің  кӛптеп 
табылуымен айқындалады. 
Бекініс  қамалы  болмаса  да  қала  маңындағы  адамдар  тыныш  және  тату-
тәтті  ӛмір  сүрген.  Бекініс  қамалдың  жоқтығын  оң  тарапы  жарқабақты  болып 
келген  ӛзен  жағасы  кӛрсетеді.  Бекініс  қамалдың  қала  үшін  онша  қажеті 
болмады.  Ӛйткені,  Алтын  Орданың  әскери  күші  XIV  ғ.  екінші  жартысындағы 
ӛзара  қырқысуларға  дейін  мығым  болды.  XV  ғ.  басында  да  қаланы  қорғай 
алатын  билеушінің  күштілігі  туралы  пікірлер  халық  арасында  сақталып  келді. 
Оған  мысал  ретінде  татар  кӛпесі  мен  венециялық  дипломат  И.  Барбаро 
арасындағы әңгімені келтіруге болады. Бүл әңгімінің желісі бойынша Танының 
(Азов)  бекініс  қамалын  кӛріп  жүрген  И.  Барбаро  мұнараны  кӛрсетіп  тұрып, 
татар  кӛпесінен:  "Мынау  бір  таңғажайып  тамаша  зат  емес  пе  екен?"  -  деп 
сұрайды.  Сонда  ол  маған  қарап,  былай  деді:  «Ба!  Кім  қорықса,  cол  мұнара 
тұрғызады!" Бұл жерде, мен ойлаймын, ол дұрыс айтып тұр" [150, 90-91б.].                                                                 
Қала ӛмірінің екінші кезеңі XIV ғ. екінші жартысынан басталады. 1330-шы 
жылдары  Жайықтың  тасуымен  ерекшеленеді.  Осыған  орай  тұрғындар  қалаға 
тығыз орналасып, қайта жобалау жұмыстарын жүргізді. Сарайшықтың шетін су 
басқанымен, қайта жобалау қаланы кӛріктендіріп қана қоймай, негізгі кӛшелер 
мен кварталдарды сақтап қалды. Бұрыңғы құрылыстар қиратылып, бӛлмелердің 
іші топырақпен толтырылды. Қала тұрғындары бұрыңғы үйлердің үстіне соған 
ұқсас,  алай  да  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар  жаңа  үйлерді  тұрғызды.  Жинақылы 
жобамен  салынған  кӛп  бӛлмелі  үйлермен  қатар  желілі  ықшамды  болып 
жобаланып,  шаруашылық құрылыстармен  бір  шатырдың  астына  салынған  кӛп 
бӛлмелі  үйлер  пайда  бола  бастады.  Бӛлмелердің  кӛп  бӛлігін  бұрынғыша  бір 
бӛлігінде  от  жағатын  орны  мен  "кәні"  бар  П  немесе  Г  түріндегі  суфа  алып 
жатыр. Кейбір бӛлмелердің ішкі қабырғалары қалқанды немесе қаңқалы болып 

 
122 
жасалған.  Қабырғалар  мен  суфалар  сыланып,  әктелген  және  киізбен, 
кілемдермен безендірілген. Кейбір үйлердің еденіне ақ түсті алебастр қосылып 
жасалған  күйдірілген  қызыл  кірпіш  немесе  тақталар  тӛселінген.  Әдетте  от 
жағатын  жердің  маңында  түбі  жоқ  үлкен  ыдыстан  жерге  кӛміліп,  беті 
күйдірілген  кірпіштен  қалаңған  беті-қол  жуғыш  -  ташнау  орналасады.  Осы 
ыдысқа аққан су жерге сініп кетеді. 
Қазба  кезінде  қаланың  бір  бӛлігіндегі  құлап  қалған  үйлердің  арасынан 
моншаның  қалдығы  табылды.  Алуан  түрлі  қызметтерді  атқаруға  арналған 
бірнеше  бӛлмелерден  тұратын  моншаның  шикі  кірпіштерден  тӛселген 
қабырғалары  декоративті  тақталармен  безендіріліп,  едені  күйдірілген  қызыл 
кірпішпен  қаланған.  Бір  бӛлменің  еденінде  пайдаланылған  су  жиналатын 
шұңқырмен аяқталған су ағар жолақ бар. Бӛлмеде жылытқыш пеш және ыстық 
суға арналса керек, үлкен ыдыс - хум бар. Суды шойын қазанға жылытқан. Ені 
4  метрден  8  метрге  дейін  болып  келетін  қаланың  кӛшелері  негізінен  түзу. 
Қаланың орнынан әзірше арықтар мен су жүйелері табылған жоқ. Бірақ-та қыш 
құбырлар  аз  емес.  Халықты  сумен  қамтамасыз  ету  негізінен  мемлекеттің 
астанасы Сарай  қаласындағы сияқгы ӛзеннен арбамен күбі-құмыралар арқылы 
тасмалдау  жӛне  ауладағы  терең  құдықтар  арқылы  іске  асырылды.  Құдықтың 
қабырғалары  ағаш  қаңқаға  тіретілген  қаланған  кірпішпен  ӛрілген.  Бұндай 
құрылыс  құдық  қабырғасының  құлауын  және  отырып  кетуіне  жол  бермейді. 
Құдықтың маңында орналасқан бір ауладан үлкен ағаштың тамырлар жүйесінің 
қалдығы  сақталған  шұңқыр  табылды.  Соған  қарағанда  бұл  ағаш  кезінде  осы 
ауланың  бір  бӛлігін  кӛріктендіріп  тұрса  керек.  Қала  тұрғындарының 
шаруашылық  қызметі  XIV  ғ.  ортасында  алуан  түрлі  болған.  Ол  қала  мен 
қырдағы  халық  үшін  ӛндірілген  әр  түрлі  тауарлар  ӛндірісінен  байқалады. 
Олардың  кӛп  бӛлігін  кӛзешілер  ӛндірген.  Бұған  осы  уақыттың  мәдени 
қабатынан табылған әр түрлі ыдыстардың кӛптеген сынықтары дәлел. Қаланың 
бір  бӛлігін  қазу  барысында  күйдірілмеген  құтылардың  кӛптеген  сынықтары 
табылды.  Соған  қарағанда  осы  маңда  қыш  күйдіретін үлкен  пештің бірі  болса 
керек.  Сарайшықта  жасалған  қыш  ыдыстар  үш  түрлі  саздан  жасалған.  Соның 
ішінде  қызыл  түсті  саз  балшықтан  жасалған  бүйымдар  ӛзінің  формасымен, 
қолданылуы жағынан әр түрлі. Атап айтсақ, олар құмыралар, шығыр ыдыстар, 
әр  түрлі  азық-түліктерді  сақтайтын  үлкен  хумдар,  табақтар,  шырағдан 
майшамдар  және  тағы  басқалар.  Ас  ішуге  арналған  ыдыстардың  бір  бӛлігі  әр 
түрлі ӛрнектермен безендірілген түрлі-түсті жылтыр ыдыстар. Ыдыстың екінші 
түрі  кашин  балшығынан  кӛркемделіп  жасалған  пиала,  тостаған,  құмыра  және 
вазалар.  Олардың  арасынан  ӛсімдік  тектес  және  зооморфтық  ӛрнектермен  аса 
кӛркем  түрде  безендірілген  қыш  ӛнерінің  тендесі  жоқ  туындыларын 
кездестіруге болады. Сырлы қыш ыдыстарды безендірудің жиі кездесетін және 
негізгі  мотиві  -  суда  жүзетін  құстар.  Осы  образ  қазіргі  уақытқа  дейін  келіп 
жеткен  Сарайшық  туралы  кӛптеген  аңыздардың  негізі.  Олардың  бірінде 
Жәнібек  ханның  қала  аумағында  үлкен  су  қоймасын  жасағандығы  айтылады. 
Ыдыстың  үшінші  түрі  -  сүр  түсті  ерекше  саз  құрамынан  жасалған  құмыралар 
мен  торсықтар.  Олардың  сырты  рельефті  ӛрнектермен  кӛмкеріліп,  құстың, 
балықтың,  жүлдыздың,  ӛсімдіктің  символдық  бейнелерімен,  философиялық 

 
123 
және  жақсылық  тілейтін  мағынасы  бар  текстермен  безендірілген.  Қалада, 
сондай-ақ,  сүйектен  әртүрлі  бұйымдар  жасайтын  шеберханалар  болған.  Онда 
әртүрлі  тоғалар,  садақтың  қаптамалары,  қорамсаның  әшекей  бӛліктері, 
пышақтың  саптары,  садақ  атуға  арналған  сақиналар,  тері  ӛндеуге,  тоқыма 
ӛндірісіне  арналған  және  т.б.  бұйымдар  жасалды.  Қазба  кезінде  тері 
ӛндеушілердің  кӛптеген  былғарыдан  жасалған  дорба,  белдік,  мәсілер  мен 
ӛкшелі  етіктер,  күртелер,  местер  мен  ертоқымдар  сияқты  жоғары  бағаланатын 
бұйымдар  кездесті.  Қазба  кезінде  сол  кездің  мәдени  қабатынан  шыны 
бұйымдардың  кӛптеген  сынықтары  табылды.  Олардың  кӛпшілігі  жергілікті 
ӛндірістің бұйымдары еді. Атап айтсақ, олар - моншақтар мен жүзіктер, әртүрлі 
ыдыстар,  сондай-ақ  түрлі-түсті  терезе  әйнегі.  Терезе  ойығындағы  алебастрлі 
панжар-торға  орнатылған  шынылар  түрлі-түсті  жарық  шығарып  бӛлменің 
интерьерін  қосымша  безендірді.  Қазба  кезінде  табылған  темір  мен  қоладан 
жасалған бұйымдардың әртүрлілігі қала түрғындарының, кӛпестердің және қыр 
адамдарының  қажетін  ӛтеген  ұста  шеберлердің  кӛп  болғандығын  кӛрсетеді. 
Әзірше Сарайшықта ұста шеберханалары қазылған жоқ, бірақ та олардың орны 
белгілі.  Оған  шлак  пен  қоланың  қатып  қалған  тамшылары,  шойын  қүю 
ӛндірісінің  сынықтары  мен  суып  қалған  кӛріктегі  шойын ожаудың  бір  жерден 
табылуы дәлел бола алады. Сарайшық ұсталары негізінен ат-әбзелдерін, пышақ 
пен  қылыш  жүздерін,  жебе  ұштарын,  шалғы,  кетпен  және  қайық  пен 
кемелердегі тақтайлардың бекіткіштерін жасады. 
Қола  құюшылар  кӛркем  тоғаларды,  табақтарды,  жылқы  бейнелі 
құлыптарды, шынжырларды, жүзіктерді және әртүрлі суреттер мен сюжеті бар 
қола  және  күміс  айналарды  жасады.  Солардың  ішінде,  әсіресе,  шырағдандар 
ӛте  қатты  бағаланды.  Ӛйткені,  олар  жарық  беріп,  тұрғындардың  түнгі 
уақыттағы ӛмірін ұзартты. Қазба кезінде шырағданның бірнеше  түрі табылды. 
Соның біреуі - XIV ғ. соңына жататын қола шырақ Түркістанда кеңінен тараған 
нұсқаларды  дәл  қайталайды.  Бұндай  заттар  кезінде  Ақсақ  Темір  сарайының 
тӛрінен  орын  алған.  Осы  шырағданның  жанынан  ӛрнектелген  араб  әріпі-мен 
қапталған  қалып  (штамп)  табылды.  Бұл  қалып  былғарыдан  кітап  мұқабасын 
жасау  үшін  пайдаланылса  керек.  Ал  әскерилер  үшін  кӛп  қырлы  қола  күрзілер 
дайындаған.  Қаланың  орнын  қазу  барысында  кірпіш  күйдіретін  пештер 
кездесті. Қолӛнершілер оны кӛптеп жасады. Бұл пештердің кӛлемінің үлкендігі 
сондай,  олардың  кейбіреулерінің  ұзындығы  6  метрге,  ені  4  метрге  жуық. 
Осында  құрылыспен  тікелей  байланысы  бар  алебастр  ӛндірісі  де  жолға 
қойылған.  Оған  дәлел  топырақ  күйдіргіш  пештің  қалдықтары.  Жергілікті 
зергерлер  кӛп  түсті  қондырмасы  бар  жүзіктер,  оймалы  бай  ӛрнектермен 
безендірілген білезіктер, әдемі сырғалар мен ӛте нәзік алтын жапсырмалар үшін 
кӛп  еңбек  еткен  тәрізді.    Кілем  тоқитын  станоктар  бӛліктері  мен  ұршық 
бастарының  кӛптеп  табылуы  қалада  шебер  тоқымашылардың  ӛмір  сүргендігін 
кӛрсетеді.  Балта,  тесе,  тескіш  сияқгы  ағаш  шеберлерінің  әртүрлі  құрал-
саймандары,  сондай-ақ,  үй  кұрылымының  сақталған  ағаш  бӛліктері  мен  аула 
құрлыстары  қаладағы  ағаш  шеберлері  мен  ұсталар  ӛнерінің  жоғары  деңгейде 
болғандығын  кӛрсетеді.  Сарайшық  тұрғындарының  шаруашылық  қызметін 
алыс  керуен  маршруттары  үшін  тамаша  жылқылар  мен  тӛзімді  түйелер 

 
124 
ӛсіргендігінен  байқауға  болады.  XV  ғасырдағы  араб  тарихшысы  Ибн-Араб-
шахтың  айтуынша,  Хорезмнен  шыққан  керуен  үш  ай  ішінде  "қорқынышсыз 
және  күдіксіз"  Қырымға  дейін  жеткен.  "Жолдағы  халықтың  кӛптігіне,  қауып-
қатердің  жоқтығына,  азық-түліктің  молдығына  сенген  керуендер  ӛздерімен 
бірге  ешқандай  азық-түлік,  жылқыларына  жем-шӛп  алмай,  тіпті  жол 
сілтеушілерді де ертпеген" [151, 460 б; 80, 262 б.]. 
Сарайшық  тұрғындары  ӛздерінің  жоғары  деңгейдегі  сауаттылығымен 
ерекшеленеді.  Оған  қазба  кезінде  табылған  ыдыстардағы,  қола  бұйымдардағы 
және  қағаздағы  әртүрлі  мағынадағы  жазулар  дәлел  бола  алады.  Әсіресе,  қыш 
ыдыстардағы жазулар жақсы сақталған. Сондай бір үлкен қыш ыдыс  - хумның 
сыртына  Шу  аңғарында  туып,  Қашқарда  ӛмір  кешкен  Жүсіп  Баласағұни 
поэмасынан (XI ғасыр): 
"Адам кӛркі - жүз, бұл жүз кӛркі - кӛз, 
Ауыз кӛркі - тіл, бұл тіл кӛркі - сӛз. 
Тағы кӛркі кісіге - білім мен ӛнер, 
Жанын құрбан етер білім үшін ер, - деген үзінді жазылған". Жанына "Бұл 
күбіге кӛз жасын құяр болар", - деп белгісіз шебер ӛз атынан сӛз қосқан. Екінші 
бірінде  еркін  шебер-кӛзешінің  осы  хумды  жасағандығын  дәлелдейтін  таңба-
белгі бар. Бетінде жазуы бар ыдыстың келесі бірі  - кесе. Бұл кесенің бір бӛлігі 
нақыл  сӛздермен  кӛмкерілген.  Оның  бір  нұсқасы  былай  деп  оқылады:  "Түнде 
екі әлемнің періштелері оның алдына келді." Ал зергердің тас қалыбында бізге 
дейін  толық  жетпеген  қысқа:  "Жұмыс",  деген  фраза  сақталған.  Керуен 
жолының  тоғыз  торабында  орналасқан  қала,  сӛз  жоқ,  кең  ауқымдағы 
халықаралық саудаға қатысқан. 
Жанданған  сауда  Қытаймен,  Кавказбен,  Иранмен,  Үндістанмен,  Орта 
Азиямен  және  Русь  мемлекеттерімен  жүргізілді.  Қытай  фарфоры  ауқатты 
қалалықтардың  дастарханын  кӛріктендіріп  тұрды.  Жылтыратылған  ашық 
жасыл түсті селадон деп аталатын бұл ыдыстар нәзік ӛрнектермен қоса бұлттар, 
құстар бейнелерімен, иероглифтермен де безендірілген. 
Иран және Сириялық оюлармен ӛрнектелген, шыңылтырмен (эмаль) және 
алтынмен  апталған  әйнекейлі  құмыралар,  құтылар,  шамдалдар  кӛздің  жауын 
алады.  Сарайшық  тұрғындары  ішіндегі  тамақ  аса  дәмді  болады  деп  ерекше 
жұмсақ  тастан  ойылып  жасалған  Хорезмнің  қазандарын  ерекше  ұнатқан.  Қара 
қыштан  құйылып,  күн  түскенде  ою-ӛрнектері  жарқырап  тұратын  құмғандар, 
кеселер мен табақтар молынан саудаға түскен. Шыны, ақық, маржан тастардан 
оймышталған  әшекейлер,  жүзіктің  кӛзіне  орнатылатын  гауһарлар  Иран  мен 
Орта  Азиядан  әкелінетін,  болмаса  жергілікті  жерде  жасалынған;  "каури" 
ғажайып  қабыршақтары  Үндістаннан,  амфоралар  сонау  қиырдағы  қаратеңіздік 
сауда  қаласы  Трапезундтан  тасылған  ыдыстарда  шарап  пен  май  сақталған,  ол 
қырымдық  әйнекейлі  сырлы  аяқ-табақтар  керуеннің  теңдерінде,  кемелердің 
трюмдерінде  тасылып  әкелінген.  Хорасаннан  және  Еділдің  тӛменгі 
сағасынандағы  қалалардың  діни  және  пәлсафалық  мазмұнда  жазу  жазылған 
әртүрлі  кеселері  мен  пиалалары  Сарайшық  халқының  күнделікті  ӛмірінде  кӛп 
пайдаланылған.  Алтын  Орданың  басқа  қалаларының  тұрғындарының  сұраны-
сына  қажет  әшекейлі  әдемі  сырлы  табақтар  мен  құмыралар  Сарайшық 

 
125 
шеберлерінің  қолынан  да  шыққан.  Осындай  ыдыстардың  біреуі  Мәскеудің 
Қызыл Алаңындағы Мемлекеттік Тарихи Мұражайға қойылған. 
Сарайшыққа  сауда  керуендері  кӛп  жол  жүріп,  қиыншылықпен  жеткен. 
Мысалы, кең сахара даланы басып мемлекеттің астанасы Сарайға келетін сауда 
жолы  500  км  болған.  Дегенмен,  тӛте  жолдар  арқылы  сегіз  күн  ішінде  кемелер 
арқылы  Каспий  теңізінің  солтүстік  жағалауларына  жетіп,  одан  әрі  жағалай 
отырып Сарайшыққа, сонан соң Еділдің жағасындағы астанаға баруға болатын 
еді.  Бұл  туралы  сол  кезде  кӛпестер  мен  жиһанкездер  қалдырған  толып  жатқан 
ақпарлар  бар.  Солардың  ішіндегі  ертеден  белгілері  -  Генуя  кӛпесі  Франческо 
Пеголоттидің    1340  ж.    шыққан    "Сауда  ісінің  кітабы"    мен    Италияның 
солтүстігіндегі  Тосканалық  беймәлім  автордың  жазбасы.  Еділдегі  Сарайдың 
тұсында тауарлар тиелген кемелерді Дон ӛзеніне дейін құрлық арқылы астына 
бӛрене тӛсеп сүйреп жеткізетін бекет тұрған, одан әрі тауарлар Қара теңіз бен 
Жерорта  теңізіне  жеткізілген.  Каспий  теңізінің  кез-келген  жағалауынан 
Сарайшықтан шыққан кемелерді кӛруге болатын еді. 
1360-1370  ж.ж.  Алтын  Ордада  тақ  үшін  ақсүйек  топтары  арасында  талас 
басталады.  XIV  ғ.  ортасына  таман  мемлекеттің  ішкі  жағдайы  күрт  ӛзгерген. 
Соғыстан  байыған  ақсүйектер  жергілікті  халық  пен  саудадан  түскен  алым-
салықты  пайдаланып  жекеленуге  кӛшті.  Қалалар  мен  оған  іргелес  жерлерді 
иемденген  ірі  феодалдар  осыны  шебер  пайдаланды.  Мұндай  қиян-қырқысты 
тоқтата  алмаған  орталық  Ӛкімет  ӛз  беделін  жоғалта  бастады,  әсіресе  1359 
Батудың  тікелей  ұрпағы,  Бердібектің  ӛлуі,  Сарай  тағына  Орда-Еженнің 
ұрпақтары Ақ Орда хандарының ұмтылуын туғызды. Сарай әкімшілігі қуыршақ 
хандарды қоя бастаған кезде, бақастық соғыстар басталып кеткен. Әрбір билікті 
алған  хан  ӛзінің  қарсыластарын  қатал  кудалаған,  үйлеріне  дейін  қиратқан. 
Сарайшық  бұл  кезде  Ақ  Орда  хандарының  назарына  түскен  еді,  олардың 
иелігіне  Жайық  пен  Батыс  Сібір  ойпатына  дейінгі  Жошы,  Орда-Ежен  және 
Шайбан ұрпақтарының жерлері кірді.  
Сарайшық осы кезенде үлкен саяси, діни-идеологиялық маңызға ие болды, 
Алтын Орда тағына үміткерлердің бәрі қалаға кӛз салды. Қала 1370 ж. Шайбан 
ұрпағы  Айбектің  құзырында  болды,  ол  осында  ӛз  ақшасын  соқтырды.  Осы 
онжылдықтың  ортасында  Орда-Ежен  ұрпағы  Орыс  хан  биледі,  ал  аяқ  шенінде 
Шайбанның тұқымы Арабшах иемденді. 
Бұл кезде соғылған ақшаларға қарайтын болсақ Алтын Ордада әредік 
құрылыс ісі жолға қойылып жандана бастаған. Сарайшықтың әр жерінде үлкен 
ғимараттар салына бастаған. Осының бірі 1997-2000 ж.ж. зерттелген Сарай, 
болмаса, "хан" тектес кешен. "Хандар" құрметті қонақтарға, кӛпес-
саудагерлерге, ғибадатшыларға, жиһанкездерге арналып салынатын [152, 137-
162 б; 153, 154, 155]. Мұндай құрылыстар XIV-ХVII ғ.ғ. мұсылман Шығысында 
кең етек алған. Бұл ғимараттың бет жағы екі метрлік тағанның (стилобат) 
үстіне, яғни шикі кірпіштен қалың етіп құйылған қабырғалы платформаға 
тұрғызылған. Сарайдың ӛлшемдерінің үйлесімі оның белгілі бір архитектурлық 
жобалау арқылы салынғанын кӛрсетеді. Бұл жердегі бұрынғы құрылыстар 
мүлдем қиратылып, қабырғалары құлатылып жермен тегістелді. Тек қана 
кейбір үйлердің түзу салған қабырғаларының негізі сақталып келесі құрылысқа 

 
126 
іргетас ретінде пайдаланылған. Кейбір жерлерде мұндай іргетастар құйылған 
кесек пахсалардан қаланған. Қам кесектерден қаланған мұндай блоктармен 
құрылыс салу Орта Азия құрылысшыларына тән.  
Зәулім  сарайлардың  шикі  кірпіштен  қаланған  қабырғаларының  биіктігі  6 
м.  дейін  жеткен.  Құрылыс  ӛлшемдері  әйдік:  20  х  20  м.  Оңтүстік  жағындағы 
пештак  (портал)  бӛлігі  сатылы  пандуспен  бітеді,  пештақтың  биік  иіні, 
құрылыстан  шығыңқырай  орналасқан  аркамен  үйлеседі.  Бұрыштарындағы 
мұнаралар,  бұрынғы  құрылыстардың  табаны  ауыр  салмақтан  жерге  отырған 
кезде қүлаған. Пештак күйдірілген кірпішпен қапталып, әктастан құйылған ою-
ӛрнекті панелдермен  қиюластырылған,  есік  ауызында  кең  алаң  болған.  Зәулім 
сарайдың арты платформасыз түрғызылған. 
Болжаммен,  бұл  құрылысты  Жошы  ұрпағы  -  Орыс  хан  салған.  XIV  ғ.  70-
жылдарында  ол  қазіргі  Қазақстан  территориясына  сай  келетін  ӛз  иеліктерін 
нығайтып  қана  қоймай  (осы  жердің  негізгі  бӛлігі  -  Оңтүстік  Сібір  мен 
Сарыарқаны X ғ. парсы авторлары шығыс Дешті-Қыпшақ деп атаған), ыдырап 
бара жатқан империяны қайта қалпына келтірмекші болды. XVII ғ. тарихшысы 
Махмуд  Ибн-Валидтің  мәлімдеуінше,  Сығнақтағы  ордасында  отырып,  ӛз 
иеліктерінің  астанасын  Сарайшыққа  ауыстырмақшы  болды.  Ӛзінің  атасы 
Ерзеннің  ізіменен  кезінде  "медресе,  ханака,  мешіт  тағы  басқа  халық  үшін  кӛп 
құрылыстар  салған",  негізгі  қалалардың  құрылысын  жандандырып,  кӛп  еңбек 
сіңірді.  Кейінен  Сарайшықтың  аталмыш  Сарайлық  кешендері  үлкейе  бастады, 
оған жан-жағынан кӛп бӛлмелер симметриялық түрде жалғаса берді. Ішкі жағы 
да  кӛптеген  бӛлмелер  есебінен  ӛсті.  Олардың  жалпы  саны  40-қа  дейін  жетті. 
Сарайдың  орталық  бӛлігі  сыртынан  қарағанда  оған  жалғасқан  тұрғын  үй 
құрылыстарынан анағұрлым биік тұрды. Кешеннің аддында, одан түзу кӛшелер 
тарайтын кең алаң болған. 1380 ж. Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс Алтын 
Ордадағы  билікті  ӛз  қолына  алады.  Тоқтамыстың  ұлы  державалық 
ұмтылыстары, ыдыраған мемлекеттің бұрынғы күшін қайтадан қалпына келтіру 
пиғылы Ақсақ Темірге ұнамады. Ӛзара бақталастық соғыс басталды. 
Темірдің ӛмірбаяншысы Ибн Арабшах: "Оның алдыңғы қатарлы әскерлері 
Азаққа  шейін  жетіп,  Сарай,  Сарайджук,  Хаджитархан  қалаларын  және  бүкіл 
осы аймақтарды талқандады", - деп жазады. Бірақ ғылымда тағы бір пікір бар, 
ол  бойынша  Сарайшыққа  Ақсақ  Темір  тиіспеген.  Егер  бұл  пікір  дұрыс  болса, 
онда  қаланың  қаңырап  бос  қалуына  алып  келген  апат  астаналық  қала  (Сарай) 
және  де  басқа  Сарайшық  сияқты  негізгі  қалаларды  жаулап  алуға  тырысқан 
Жошы  әулетінің  үш  бұтағы  болып  табылатын  Орда-Ежен,    Шайбан,  Тоқай-
Темір ұрпақтары арасындағы ӛзара әулеттік күрестерінен болған болуы керек. 
Сарайшықта  жүргізілген  қазба  жұмыстарының  нәтижесі  кӛрсеткендей  - 
ондағы үйлер, сарайлар, қоғамдық кешендердің барлығы бұзылып-қираудың екі 
кезеңін  бастан  кешкен.  Алдымен  кездейсоқ  шайқас  кезіндегі  бұзылулар,  ал 
сосын  арнаулы  мақсатпен  бағытталған  түрде  барлық  ағаш  бӛліктері  алынып, 
қабырғалары  құлатылған.  Құлаған  үйлердің  арасынан  жебе,  найза  ұштары, 
қылыш  сынықтары,  катапульттардың  тас  оқтары  мен  ортағасырлық 
бомбалардың қыштан жасалған ядролары табылды. Жазба және археологиялық 
деректердің кӛрсетуі бойынша, апаттан кейін де қала ӛмір сүруін  тоқтатпаған. 

 
127 
Сарайға  жақын  орналасқан  біраз  бӛлмелер  қайтып  қалпына  келтірілді.  XV  ғ. 
басында  бұрынғы  үйлер  үйіндісінің  үстіне  жаңа  құрылыстар  кӛтерілді.  Олар 
құрылыс ерекшеліктері  жағынан алдыңғы кезеңдегі үйлердің түрін қайталады. 
Бӛлмелердің кӛлемі де бұрынғыдай 4 х 5 м. болды. Бӛлмелердің ішінде адамдар 
жататын  суфалардың  астына  орналасқан  кәндары  бар  тандырлар  кездеседі. 
Суфалар  алебастрмен  сыланған.  Бұл  ғимараттардың  бір  ерекшеліктері  бӛлме 
едендері  қабырға  негізінен  тӛмен  түсіріліп тӛселген,  осының  арқасында  қыста 
бӛлменің  астынғы  жағы  суыққа  қатпай,  жылы  болған.  Тұрғын  үйлердің 
қабырғалары  Сарай  қабырғалары  бағытталған  жаққа  қаратылған.  Кез  келген 
қосымша  бӛлмелер  салу  мен  ӛзгерістер  енгізуде  Сарай  қабырғалары 
құрылысшылар  үшін  негізгі  бағыт  болған.  Аулаларда  киіз  үйлердің  іздері  жиі 
кездеседі. Сарайшықтан табылған археологиялық олжалар сол кездегі сан-қилы 
оқиғалардың үнсіз куәгерлері. Кейбір бӛлмелерде XIV ғ. теңгелермен қатар, XV 
ғ.  нумизматикалық  деректері  де  кездеседі.  Олар  негізінен  тимуридтер  кезінде 
соғылған  және  олардың  кейбіреулерінде  әшекей  етіп  тағу  үшін  жасалған 
тесіктері бар. 
Қалада  кездескен  нумизматикалық  деректер  бірегей  керемет,  олар  XIII  ғ. 
аяғы  мен  XIV  ғ.  аралықты  қамтиды.  Тиын  соғатын  сарайлардың  орналасу 
географиясы  да  ӛте  кең.  Олар  -  Қырым,  Солтүстік  Иран,  Еділ  бойы,  Хорезм, 
Сарайшық  және  Самарқанд.  Осы  ақшаларды  шығарған  ортағасырлық 
мемлекеттер  -  Алтын  Орда,  Хулагуйлық  Иран,  Шағатай  ұлысы,  Қырым 
хандығы.  Сарайшықтағы  табылған  ең  кӛп  және  кӛне  теңгелер  -Ӛзбек  ханның 
билігінің  алғашқы  жылдарында  Сарай  қаласынан  шыққан  теңгелер.  Осы  хан 
бастаған  мемлекеттегі  үлкен  ӛзгерістер  ақшалардың  сыртқы  түріне  де  ӛз  ізін 
қалдырды.  Мысалы,  ислам  дінінің  енуі  және  орнығуы,  күміс  теңгелер  - 
дирхемдерде  сунниттік  сенімнің  белгісі  мен  құранның  алғашқы  жолдарының 
жазылуынан кӛрінеді.  Ақша реформасының жасалауы мыс пұл мен дирхемнің 
жаңа  ӛзара  қатынасын  заңдастырды.  Мыс  белгілерде  кӛрсетілген  16  пул-
даникке  яғни 32  мыс  теңгені  1  күміс  дирхемге  ауыстыруға  болатын.  Сонымен 
қатар  теңгелерден  "Кутлуг  булсун"  деген  кӛне  түркі  батасын  окуға  болатын. 
Билік,  байлық,  ержүректіліктің  белгісі  болып  табылатын  -  сұңқар,  алдыңғы 
аяғын  кӛтерген,  арқасынан  күн  шығып  келе  жатқан  арыстан  (немесе  барыс) 
бейнелерін  кӛруге  болатын.  Олардан  тағы  басқа  да  жануарлар  бейнесін, 
тартымды  геометриялық  және  ӛсімдік  тәріздес  оюлармен  қатар  зодиак 
белгілерін:  Суқұйғыш  белгісі  -  құмыра  мен  ожауды,  Таразы  -таразыны,  Шаян 
белгісі  -  шаянды,  сонымен  қатар  Сары  Шаян,  Балық  т.б.  кӛруге  болады. 
Пуддардың үлкен тобында қасиетті тауыс құстың бейнесі кездеседі. 
XIV  ғ.  ортасында  шығарылған  теңгелердің  кӛбінде  әрленген  екі  басты 
бүркіт бейнеленген. Ақшаның келесі бір тобында ашылған алты жапырақты гүл 
бейнесі  түсірілген.  Бұл  теңгелер  ақша  айналымында  кӛп  жүрген.  Олардың 
кӛптеп  шығарылуы  жеке  сауданың  дамығанын,  Алтын  Орда  қалалары 
тұрғындарының ауқатты ӛмір сүргенін кӛрсетеді. 
60-80 ж.ж. бүлік кезінде де астаналық Сарай - Ақ Орда тағы үшін күрескен 
үміткерлер  -Хызыр,  Хайр-пулад,  Келдібек,  Тулымбек  ханум  және  т.б. 
аттарымен  теңге  шығарып  тұрды.  Кӛптеген  теңгелердің  артқы  жағында 

 
128 
жануарлар,  гүлдер,  геометриялық  оюлар  бейнеленген.  Олар  сауатсыз 
тұрғындарға  әр  шығарылымдағы  теңгелерді  ажыратуға  кӛмектесті  деген 
болжам  бар.  Ӛйткені,  әрбір  жаңа  хан  тек  ӛзінің ақшаларын  ғана  заңдастыруға 
тырысты.Сарайшық  Қырымнан  Хорезмге  дейін,  одан  шығыс  пен  оңтүстікке 
созылып  жатқан  ірі  магистраль  бойындағы  қала  ретінде  дамыған.  Сол  себепті 
қалаға  ең  жақын  сауда  орталығы  -  Хорезмнің  теңгелері  айналымда  басқаларға 
қарағанда  кӛп  болғаны  түсінікті.  Тоқты  ханның  атынан  Хорезмде  шығарған 
күміс  теңге  хижраның  694  жылымен  мерзімделеді,  онда  "Әділ  Тоқты"  деген 
жазуы  бар.  Бұл  Сарайшықта  табылған  теңгелердің  ең  кӛнесі.  Хорезмнің 
теңгелері  бедер  салынуымен,  ірі  салмағымен  және  кӛркемділігімен, 
ерекшеленеді. XIV ғ. аяғында оларда әртүрлі кӛріністер салынған: ерттелген ат, 
барыс,  балықтар  және  т.  б.; кейбір  бейнелердің  мағынасы  күрделі  және  толық 
анықталмаған. 
Астаналық  Сарайдан  басқа  қалаларда  теңгелер  кӛп  табылмаған.  Олардың 
ішінде стилденген, бастары әлем бәйтерегіне бұрылған екі құстың бейнесі бар 
Қажы-Тарханның  пұлдары,  Орду  ал-Муаззам  (Тохтамыстың  бұрынғы  ордасы) 
қаласының  жұлдыздар  арасында  ұшып  бара  жатқан  қыран  бейнеленген  Ӛзбек 
ханның таңбасы бар Қырым пұлы; Тебризден шығарылған Елхан Абу-Саидтың 
пұлы және алты жапырақтың бейнесі бар Тебриз пұлдары қызықты. Үш шеңбер 
(розетка)  тәрізді  таңбасы  бар  үш  теңгелер  Темірдің  атынан  Самарқан  мен 
Сығанақтағы теңге сарайларында шығарылған. 
Нумизматикаға  кӛз  жүгіртсек,  Сарайшық  1310-1370  ж.ж.  экономикалық 
және  мәдени  ӛрлеуді  бастан  ӛткізген.  Бүліншілік  кезеңде  ақша  айналымы 
Хорезмнің  және  Сарайшықтың  қосымша  соғылған  теңгелерімен  байытылып 
отырылған. Қалада XIV ғ.  ірі алтын  теңгелер де кездеседі. Тоқтамыс билігінің 
алғашқы  кезінен-ақ  жергілікті  нарықтық  орта  қайтадан  астаналық  теңгелерге 
толған,  ал  XIV  ғ.  аяғымен  XV  ғ.  Сарайшықтан  шығарылатын  әр  түрлі  пұлдар 
пайда бола бастады. Жергілікті Сарайшық теңгелері ерекше қызықты. Олардың 
ертеректе  шығарылған  біреуінде  кӛпжапырақты  гүл  салынған,  ал  екінші 
жағында "Сарайджук қаласынан шығарылған"  - деген жазу бар. Енді біреуінде 
арыстанға  ұқсайтын  жануар  бейнеленген,  ал  келесі  жағында  -  аша  тәріздес 
таңба  салынған.  Тағы  бір  данасында  1360  ж.  Мурид  ханға  еліктеп  жасалған 
бейнелер бар. Тӛртіншісі - 1390 ж. астаналық теңгелердегі бейнелерді кӛшірген. 
Қалған  бейнелер  де  жоғарыдағылар  сияқты  әртүрлі.  Ноғай  Ордасы  кезеңінде 
Сарайшықтың  Қырыммен  байланысы  ӛсті  де,  Герей  теңгелері  ағылып  келе 
бастады. 
Алтын  Орданың  құлауы  барысында  Жошы  әулетінің  ӛкілдері  бұл 
мемлекетті  қайта  жаңғырту  және  оның  билеушісі  болу  ниетінен  ешқашан 
тайған  жоқ.  Билікке  үміткерлердің  ішінде  Қазақ  хандығының  негізін  салушы 
Жәнібектің  әкесі,  Орыс  ханның  немересі  Барақ  Оғлан  болды.  1420  жылдары 
Сырдария ӛңірінен астанаға келген Барақ хан тақты тартып алады, бірақ кейін 
тақтан  тайып,  ӛзара  бақталастық соғыста  қаза  табады.  Қаланың маңыздылығы 
мен  Барақтың  жеке  тұлғасына  ерекше  мән  берілгендігі  сондай,  оның  басын 
шауып алған жеңімпазға Сарайшық қаласының "даруға" мансабын беруге уәде 
жарияланған [ 156, 208-212 б.]. 

 
129 
1420 жылдардан кейін Сарайшық атақты әмір Едігенің баласы Нұрадиннің 
(1426-1440) және немересі Оқас тұрғанда жеке мемлекет - Ноғай Ордасы болып 
құрылған  Маңғыт  әулетінің  орталығына  айнала  бастайды.  Поляк  географы 
Матвей 
Маковецкийдің 
айтуынша, 
соңғының 
балалары 
Сарайшық 
Сарайларының маңына қоныстанып,  кӛбейе келе ірі ордаға айналған  [157, 242 
б.].  Қазақ  хандығының  негізін  қалаушылардың  бірі  -  Жәнібектің  баласы,  әрі 
кӛреген  қазақ  ханы  Қасымның (1511-1521)  кең  территориялық  иелігінің батыс 
шетіне  Каспий  және  Жайық  маңы  далалары  енді,  ал  Хан  Орда  Сарайшықта 
орналасты.  Бұл  жӛнінде  XVI  ғ.ғ.  тарихшы,  әдебиетші  М.Х.  Дулатидің  әйгілі 
"Тарихи-Рашиди"  шығармасында  айтылады:  "Ол  ӛз  билігін  бүкіл  Дешті- 
Қыпшаққа  таратты,  оның  қол  астында  миллионға  жуық  халық  болды, 
Жошыханнан кейін ешкім де ол сияқты күшті бола алмады. Әскерінің ӛзі ғана 
жүз мыңнан асты" [158, 139-140 б.]. 
Тағы  айта  кетерлік  жәйт,  оның  айтуынша  Қасымнан  бұрын  хан  болған 
Бұрындық  біраз  уақытқа  дейін  ӛз  ордасын  Сарайшықта  ұстаған  және  "сол 
жерде  Қасым  хан  дәрежесін  иеленбесе  де,  оның  билігі  үстем  болғаны  сонша 
ешкім де Бұрындық хан туралы ойламады" [158, 145 б.]. Және тағы бір мәлімет 
тарихи  деректерде  сақталынып  қалыпты.  Шежіреші  Ораз-Мұхамедтің 
жазбасында: "Әрқайсысы (Жәнібек ханның ұлдары мен немерелері) ӛз ордасын 
құрды,  сонда  билеуші  болып,  атақ-даңққа  бӛлене  білді.  Олардың  есімдері  әлі 
күнге дейін ел есінде. Солардың бірі Жаған-бегімнен  туған Қасым  хан еді. Ол 
біраз  уақытқа  дейін  әкесінің  ұлысында  билік  құрды  және  кӛптеген  кӛрші 
елдерді  бағындырды,  оны  бүгін  де  барлығы  есте  ұстайды.  Ол  Сарайшықта 
қайтыс болды және оның зираты қазір де сонда орналасқан" [158, 125 б.]. Мұны 
XVII  ғ.  басындағы  мемлекет  қайраткері  Қ.  Жалайыридың  "Жами  ат-Тауарих" 
еңбегі де растайды [159, 121 б.]. 
Орыс тарихи әдебиеттерінің хабарлауы бойынша, XVIII ғ. ортасына дейін 
Қасымханның  мазары  осы  жерде  сақталған,  әрі  жақын  және  алыс  маңдағы 
тұрғындардың  зиярат  ететін  орны  болған.  Қасымханның  мұрагерлері 
тұсындағы  тәуелсіздікті  және  территориялық  тұтастықты  сақтау  жолында 
болған сансыз кӛп  қақтығысулар нәтижесінде  қазақтар Сарайшықтан  уақытша 
қол үзді, дегенмен, кейін 1568 ж. Хақназар хан (1538-1580  ж.ж.) тұсында қала 
қайтадан қазақ хандығының құрамына енді. 
Қала  ӛмірінің  үшінші  кезеңі  XV-XVI  ғ.ғ.  сәйкес  келеді.  Сарайшықта  бұл 
кезде  топографиялық  ӛзгеріс  орын  алды.  Жайық  бойында  орналасқан  тұрғын 
жерлер қаңырап бос қалды және қаланың батысынан орамдала келіп Жайықтың 
солтүстік-батыс  маңынан  ағып  шығатын,  қазір  Сорочинка  деп  аталатын  ӛзен 
сағасының  бүгіндегі  құрғап  қалған  арнасы  бойында,  қаланың  оңтүстік 
аумағына тұрғандар топтана бастайды. 
Жайықтың  арнасында  осы  кезенде  табиғи  ӛзгерістер  болған  тәрізді. 
Австрияның  Московиядағы  елшісі  Сигизмунд  Герберштейннің  1549  жылы 
айтуынша,  Сарайшықты  бұл  кездері  ноғайлының  бекзадасы  Шидак  басқарған. 
Ол картада Сарайшықты Жайық ӛзенінің сол жағалауына орналастырды  [160, 
179  б.].  1558  жылы  осы  жерлерде  болып  қайтқан  ағылшын  кӛпесі  Антоний 
Дженкинсон  осы  пікірді  растайды.  Ол  күндері  Сарайшық  Ноғай  ордасының 

 
130 
астанасы болды. Ордадағы басым билік маңғыт тайпасының ӛкілдерінде болды. 
"Ноғай" этнонимі XV ғ. аяғында ғана пайда болды [150, 225 б; 161, 8 б.]. Ноғай 
Ордасының негізгі территориясы Еділ мен Жайық арасындағы далада жатты. 
Ноғай  Ордасының  құрамына  жиырмадан  астам  тайпа  мен  рулар  енді: 
наймандар, қыпшақтар, алаштар, қаңлылар, алшындар, қоңыраттар, қатағандар, 
ұйғырлар,  маңғыттар  және  т.б.  Бұл  негізінен  этникалық  емес,  саяси  бірлестік 
еді.  Ноғай  Ордасы  құлағаннан  кейін  кӛптеген  рулар  мен  тайпалар  этникалық 
құрамын  жӛне  рулық  байланыстарын  сақтай  отырып,  қазақ  халқының 
қалыптасуының  күрделі  процесіне  қатысып,  қазақ  жүздерінің  құрамына  енді. 
Сарайшықтың  рухани  мәні  осы  уақытта  да  кӛрінді.  Ноғай  Ордасының 
мұсылман  діни  басшыларының  орталығы  осында  орналасты.  Сарайшықта 
тұрған  сейідтерге  ӛз  қыздарын  беруді  ноғай  бекзадалары  мен  мырзалары 
ӛздеріне  бедел  санады,  Сейідтер  Мұхаммед  Пайғамбардың  ұрпақтары  деп 
саналды және осындағы дінбасылардың ерекше тобын құрайды. Сонымен бірге 
Сарайшықта сейідтерден басқа бӛлек топқа жататын ислам қызметкерлері ӛмір 
сүрді:  шейхтер,  молдалар,  қажылар,  хафиздер,  суфийлер,  дервиштер.  Бұл 
дәстүр  XIII  ғ.  ислам  дінін  қабылдауымен  орнықса  керек.  Дінбасылар  әр 
жағдайларды  ойланып-толғанды  және  мемлекет  қайраткерлеріне  ізгі  кеңестер 
берді.  Сонымен  қатар  дипломатиялық  келісімдерге  және  қала  мен  даланың 
күнделікті  ӛміріне  белсенді  араласты.  Олардың  кӛбісі  Сарайшықта  жерленген 
[162, 43-80 б.]. Осында кейбір  ноғай билеушілері, бекзадалары мен мырзалары 
да жерленген. Олар-Оқас, Ших-Мамай және тағы басқалар. 
Бұл  кездегі  Сарайшықта  тұрғын  үйлер  кӛп  бӛлмелі  болып  салынған. 
Бӛлмелердің  кӛлемі  4  х  5  м.  Оларда  дәстүрлі  тандырдан  шығатын  кәндар 
қыздыратын, жатуға арналған суфалары бар. Сарайшықта Сырдария ӛңіріне тән 
пештер  де  кездеседі.  Олардың  бүйірінде  отын  салатын  арнаулы  оттығы 
болмайды.  Отын  мен  қиды  үстінен  салатын  болған.  Бӛлмелердің  едені  кейде 
күйдірілген  кірпішпен  тӛселіп, қол жуатын  ташнаулары  орнатылған. Үйлердің 
кӛлемі  20  х  12  м.  Бүл  үйлерде  ХV-ХVІ  ғ.  қыш  құмыралары,  әртүрлі 
бұйымдарымен  қатар  жергілікті  теңгелер  мен  Орта  Азия  ақшалары  және 
Қырымның  күміс  дирхемдері  кездеседі.  Бұл  жерде  тұрғын  үйлер  ӛте  тығыз 
орналасқан.  Кӛгілдір  күмбездері  жӛне  жарасты  склепі  бар  XVI  ғ.  жататын 
кірпіштен  жасалған  мавзолей  қалдықтары  кездесетін  үлкен  алаңды  қоршаған 
қабырға  қалдықтары  сақталған.  Бұрын  бәрі  -  осы  жерде  XVI  ғ.  ӛмір  сүрген 
Ноғай  Ордасының  астанасы  қалдықгары.  Осы  ғасырдың  екінші  жартысында 
Орда  бірнеше  тәуелсіз  иеліктерге  бӛлінді,  бӛліну  кезінде  халықтың  бір  бӛлігі 
қазақтың  Кіші  жүзінің  құрамына  енеді.  Оған  Ноғай  Ордасы  ішіндегі 
экономикалық, әлеуметтік-саяси ахуалдардың шайқалауы мен қолайсыз сыртқы 
жағдайлар ықпал етті. 
Осы ғасырда-ақ тұрғындары тастап кеткен Сарайшықтың бӛліктері жерлеу 
орындары ретінде қолданыла бастады. Құлаған үйінділер даладағы қорғандарға 
ұқсап, қайтыс болған адамдарды жерлейтін зиратқа айналды. Қаланың осы ескі 
бӛліктерінде  мыңдаған  молалар  бар.  Ғылым  үшін  олардың  да  берері  бар. 
Жерлеу  ғұрыптарының  жиырма  шақты  түрлері  анықталды.  Негізінен 
күйдірілген  кірпіштерден  жасалған  склептерде  жерленген.  Кӛрханаларда  үзақ 

 
131 
уақыт  бойы  жеке  отбасы  мүшелері  немесе  олардың  руластарын  жерлеген. 
Склептер-ӛліктердің  о  дүниедегі  жер  асты  үйі  болып  саналғандықтан,  оларды 
шебер  құрылысшыларға  салдырған.  Жерлеу  құрылыстарның  түрлерінен  қала 
мен  дала,  ислам  мен  дәстүрлі  исламға  дейінгі  діни  кӛзқарастар,  халықтың 
әлеуметтік  топтары  арасындағы  ара-қатынастарын  кӛруге  болады.  Олар  бір 
жағынан  Сарайшық  тұрғындарының  кӛп  ұлтты  болғанын  анық  кӛрсетеді. 
Сарайшық  XVI  ғ.  аяғында  ӛзінің  ежелгі  құдіретінен  айрылып  шағын  қонысқа 
айналды  және  1580  ж.  орыс  казактардың  шапқыншылығына  ұшырады. 
Дегенмен ол содан кейін де кӛп уақыт бойы киелі жер болып қала берді. 
Қазіргі уақытта қалашық жер бетінен тым тез жоғалып барады Бұл процесс 
Жайық  ӛзенінің  арнасының  ауытқуына  байланысты  болып  отыр.  Судың  асау 
ағысы  оның  мәдени  қабаттарын  күн  сайын  және  жылдам  шайып  жатыр. 
Сондықтан  да  бұл  кітаптың  міндеті  -  халықтың  тұңғиық  тарихи  жадынан 
бүгінгі және келешек ұрпаққа нәр беру болып табылды. 
Түйіндей келе айтарымыз, Сарайшықтан қазіргі қалған мәдени қабаттары - 
бақытты,  махаббат  пен  күндестікті,  қалалықтардың  рахаты  мен  уайымын, 
ауыруы  мен  қайғысын  ғасырлар  бойы  сақтаған  ерекше  бір  тарихи  кітап.  Ұлы 
табиғат біз үшін сақтаған, табан ет, мандай термен жиналған әр бір жәдігерлік - 
мейлі  олар  кӛркем  керамика,  мифологиялық  бейнелері  бар  қапсырмалар 
болсын,  әлде  әшекейлер,  теңгелер,  т.  б.  болсын,  бәрі  де  біздің  ата-
бабаларымыздың  аса  бай  рухани  әлемін  кӛрсететін,  біз  әлі  танып  үлгермеген 
сол бір дәуірдің дерегін сыйлайды.  
Тек қана Каспий атырабы аймағындағы ғана емес, тұтас Шығыс пен Батыс 
елдерінің  геосаяси  мүддесінің  осы  жерде  тоғысуы,  оның  ерекше 
байланыстырушы  рӛлі,  экономикалық,  мәдени,  саяси  қарым-қатынастарды 
қамтамасыз ету шараларын жузеге асыруы кӛне Сарайшықтың қираған орнына 
жақын орналасқан Атырау қаласына ауысты.  
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
Ұлттық  Кеңесінің  3-ші  отырысында  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  былай  деді: 
«Бүгінде  мемлекет  мәдениетті  дамыту  мәселелерінің  бұдан  бұрынғы 
«қалдықтық» практикасынан біржолата қол үзуге мүмкіндік алды. Және де бұл 
мүмкіндігімізді барынша іске асыруымыз қажет». 
Президенттің  Жарлығы  бойынша  2004-2006  ж.ж.  тарихи-мәдени  мұраны 
зерттеу, сақтау және қолдануда үлкен жетістіктерге қол жеткізуге тиіс болатын, 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  орындалу  уақыты  болып  белгіленді.  Бұл, 
кӛптеген  жылдарға  созылатын  үздіксіз  жұмыстың  тек  бастамасы  ғана  екені 
айдан анық. Қазіргі таңда бұл ұлттық бағдарлама 2007-2010 жылдары одан ары 
жалғасатын болды. 
Археологиялық  зерттеулер  үшін  таңдалған  ескерткіштердің  арасында 
(одан  арғы  консервациясы  мен  музеефикациясымен  қоса)  Батыс  Қазақстанда 
Орал  ӛзені  бойындағы  Жайық  қаласы  да  бар.  Отандық  археологияның  қол 
жеткізген  елеулі  табыстарының  бірі  ретінде  Жайық  қаласына  біз  бір  бӛлімше 
арнадық.  
2001-2004  ж.ж.  Алтын  Орда  дәуіріндегі  бұл  аймақтың  үй  құрылыстары 
дәстүрінен  кең  кӛлемді  деректер  беретін  тӛрт  бірдей  қоныс-жайларда  қазба 

 
132 
жұмыстары  жүргізілді.  Аршылған  нысандардың  барлығы  бір  қабатты.  Бұның 
ӛзі  олардың  ұзақ  ӛмір  сүрмегенінің  дәлелі.  Тек  бір  қоныс  жайда  ғана  екінші 
құрылыс кезеңі аңғарылады. Оның барысында үйдің алғашқы жобасы біршама 
ӛзгеріске  ұшыраған.  Қаланың  тұрғындары  мекендерін  бейбіт  жағдайда  тастап 
кеткен  деп  жорамалдауға  болады.  Зерттеу  жұмысының  ӛн  бойында  ӛрттің 
немесе  әдейі  қиратылған  іздер  байқалмады.  Яғни,  себебін  қандайда  бір 
шапқыншылықтың  немесе  жаулап  алушылықтың  әсерінен  болған  әлеуметтік 
катастрофамен  байланыстыруға  болады.  Қалада  тұрғын  үйлермен  қатар 
ӛндірістік  және  қоғамдық  маңыздағы  құрылыстар  ұшырасады.  Қаланың 
шеберлер  ауданында  кірпіш  күйдіретін  пеш  табылып  және  зерттелінді. 
Жерасты  жүйесі  арқылы  жылытылатын  шығыс  моншасының  қалдығы 
аршылды. 
Келбетін  полихромдық  глазурьмен  кӛмкерілген  күмбезді  мазарлар 
сипаттайтын  қаланың  қорымы  жақын  маңдағы  Свистун-гораның  тӛбесінде 
орналасқан.  Мұнда  екі  камералы  мемориалдық  құрылыстардың  қалдықтары 
тазаланды.  Олардың  фасадтары  мен  интерьерлері  сол  кезеңнің  мәнеріне 
байланысты  ақ-кӛгілдір-жасыл  түстегі  глазурьленген  плиткалармен  қатталған. 
Тұрғындары  тастап  кеткен  бұл  қала  біртіндеп  қалашыққа  айналып,  ал  XVII-
XVIII  ғғ.  оның  күйдірілген  кірпіштен  тұрғызылған  құрылыстары  жақын 
маңында  бой  кӛтере  бастаған  Жайық  қаласының  құрылыстары  үшін  бұзыла 
бастады. 
1925-27  ж.ж.  «Қазақстан  зерттеу  қоғамы»  Саратов  университеті 
жанындағы  Оңтүстік-Волгалық  облыстың  ӛлкетанулық  институты  және 
Саратов  облмұражайымен  бірге,  профессор  П.С.  Рыковтың  басшылығымен 
археологиялық  экспедицияны  ұйымдастырды.  Оны  зерттеудің  негізгі 
түйіндерінің  бірі,  Еділ  мен  Орал  қосӛзені  аралығы  –  қола  ғасыры,  сонымен 
қатар  савроматтық-сарматтық  мәдениеттің  (б.з.д.VII  –  біздің  заманымыздың  I. 
ғ.ғ.)  ескерткіштерінің  орналасқан  ауданы.  П.С.  Рыковтың  есебі  бойынша  ең 
бертінгі  ескерткіштер  кейінгі  кӛшпелілерге  қатысты  болып,  б.з.    X-XV  ғ.ғ. 
жатады. 
  
Батыс 
Қазақстанның 
кӛне 
тарихын 
зерттеуде 
КСРО 
Ғылым 
Академиясының  кешенді  экспедициясы  және,  сонымен  қатар,  одақтық  және 
автономды  республикаларды  зерттеу  бойынша  Ерекше  комиссияның 
ұйымдастырған,  М.П.  Грязнов  пен  М.В.  Комарова  басшылық  еткен 
Қазақстандық 
экспедицияның 
антропологиялық 
отрядының 
атқарған 
жұмыстарының маңызы зор болды. 
Ӛткен  ғасырдың  40-шы  жылдары  соңы  –  50-ші  жылдардың  басында 
Саратов  Мемлекеттік  университеті  мен  облыстық  ӛлкетанулық  мұражайдың 
археологиялық  экспедициясы    профессор  В.  Синицынның  басшылығымен 
барлау  және  обалардың  қазу  жұмыстары  ұйымдастырылған  болатын.  Үш 
маусымның ішінде (1948-50 жж.) экспедиция қола, темір ғасырының және орта 
ғасырлық болып табылатын 55 қабірі бар 28 обаны зерттеді. 
1953  ж.  Оралдық–Кӛшімдік  суармалы  жүйесі  құрылыстарының  ізденіс 
жұмыстарының 
ұйымдастырылуы 
мен 
жобалауына 
байланысты 
Н. 

 
133 
Сенигованың басшылығымен, Қаз ССР ҒА Тарих, археология және этноргафия 
институтының археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды.  
Экспедиция  бұған  дейін  қазба  жұмыстары  ӛткен  Кӛрпебай,  Қараоба 
қорымдарындағы  16  обада  қазба  жұмыстарын  жүргізді.  Сонда  да,  кең  кӛлемді 
жұмыстардың  жоқтығынан,  облыстың  үлкен  бӛлігі  зерттелінбеген  күйінде 
қалды. 
Жайық  қаласының  орнында  жүргізілген  жұмыстар  нәтижесінде  жиналған 
деректер  мен  оның  үй  құрылысын  талдау  әрекеттерін  былайша  қорытып, 
топшылауға болады. Қаланың тұрғын үйлері тік бұрышты  және шаршы шитті 
кірпіштерден  тұрғызылған.  Тұрғын  мекендер  әдетте  отын  ретінде  тандыр 
жағылған  желілермен  жылытылған.  Бұдан  қосымша  «үлкен  мекенде»  және 
«шағын қоныстың» бірінде күйдірілген кірпіштен қаланған тікбұрышты пештер 
бар. Олар әдетте шитті кірпішпен еденнен тумбаға (суйеуге) қарай тартылады. 
Тұрғын  мекендердің  «П-бейнелі»  суфтары  бар,  шаруашылыққа  арналған 
бӛлмелерде  шұңқыр-қоймалар,  сыпырынды  орындары,  ташнау  бар. 
Құрылыстың  басты  қабырғаларының  қалындығы    70-80см,  кірпіш  имектеліп 
қаланған.  Қабырғалардың  сақталған  шағын  ғана  биіктігі  мұнда  тек  шитті 
кірпіштер  ғана  қаланды  ма  деген  сауалға  түпкілікті  жауап  табуға  мүмкіндік 
бермейді.  Алтынорда  дәуіріндегі  Еділ  бойындағы  қалалардың  тұрғын  үйлерін 
зерттеу  кезінде  «моңғол  үлгісіндегі»  үй  құрылысы  байқалды.  Мұндай  үйлер 
шаршы  болып  келеді,  50-70  см  қасбеттік  бӛлігіне  ағаш  қаңқа  (каркас) 
тұрғызылған.  Бірақ  мұнда  ағаш  жаңқалары  кездеспегендіктен  Жайық 
қаласының  орнындағы  үйлердің  қабырғалары  тұтастай  шитті  кірпіштерден 
қаланғанын кӛрсетеді [163]. 
Еділ  жағасындағы  қалалар  мен  Жайық  қаласы  орнындағы  үй  құрылыс 
мәдениетіне  Хорезм мен Сырдария аймақтарының үй салу дәстүрлері шешуші 
ықпал еткенін кӛрсетеді. Жайық қаласының  орнындағы тұрғын үйлер тұрғызу 
жоспарлары  XII-XIV  ғ.ғ.  Үргенші,  Отырар,  Түркестан  қалаларын  салу 
жоспарына  сәйкес  келеді.  Айырмашылық  инерьердің      (ішкі  құрылыстың), 
суфтың,  жылыту  жүйесінің  кейбір  ерекшеліктерінен  ғана  байқалады,  ал 
құрылыс  техникасы  мен  пайдаланылған  заттар  бірдей  дерлік.  Хорезм  мен 
Оңтүстік  Қазақстан  шеберлерінің  синкретикалық  алтынорда  қалалық 
мәдениетін қалыптастыруға қатысқаны жайында зерттеушілер талай рет жазған 
болатын. 
Сірә,  Жайық  қалашығы  орнын  зерттеудің  жалғастыру  барысында 
Сырдария  ӛңірінің  ықпалын  бӛліп  кӛрсетудің,  оны  нақтылы  сипаттаудың  сәті 
түсіп қалар. Әзірше XIV-XV ғ.ғ. Отырардың қала құрылысы мен Жайық қаласы 
орнындағы тұрғын үйлер.  
Қаланың  қоғамдық  құрылыстары  қатарында  дәл  орта  тұсында  дерлік  бой 
түзеген    „хамам‖  –  монша  болды.  Ол  екінші  қайтара  пайдалану  үшін  кейін 
кірпіштері  алынып  тасталғандықтан  әбден  бүлінген.  Оның  цоколь  бӛлігінің 
(ірге тас үстіндегі үй қабырғасының тӛменгі бӛлігінің) жапсарлары бӛлшектеп 
(ішінара) ашылды [163, 12 б.]. 

 
134 
Монша айқыш (крест) тәрізді жоспарланып салынған. Оның орталық бӛлігі 
сегіз  бұрышты  болып  келген  де,  кемі  4  метр  аумағында  шаршылай 
қиюластырылған.  
Орталық алаңды беньюарлар уқалап емдеуге арналған қуыс орын ұлғайтып 
кӛрсетеді.  Залдан  жуынып  –  шайынуға  арналған  тұсқа  апаратын  ӛткелдер 
жасалған.  Мұнда  сірә  „салқын‖  және  „ыстық‖  су  пайдаланылған  сияқты. 
Шылапшын,  леген,  шаралар  мен  қазан  қолданылған.  Бұлардың  кейбірі 
алебастер  ерітіндісімен  сипап  ысқылайтын  жабдықтарға  жалғанған.  Құбыр 
арқылы  жуынатын  орынға  ыстық  немесе  салқын  су  әкелу  жағы  реттеліп 
отырған.  Осындай  қуысты  бекітетін  үш  бұқтырма  табылған  Алтын  Орданың 
Еділ жағасындағы орталықтарында табылған олардың кейбірін „тығындар‖ деп 
аталады.  
Алтын  Орда  аймағында  жиырма  шақты  монша  қалдықтары  қазба 
жұмыстары  барысында  жан-жақты  зерттелді.  Құрылыстың  осы  түрін  салуда 
Еділ Жайық бойында екі дәстүр болғаны, олардың екі бағытта кӛрініс тапқаны 
атап  ӛтілген.  „Рим  Византия‖  дәстүрі  „жетіліп  жоспарланған  моншаларға,  ал 
„шығыстық‖  үлгісі  крест  тәрізді  жоспарлауға  саяды.  Жайық  қалашығында 
жүргізілген  қазба  жұмыстары  кезінде  байқалған  кейбір  сипатты  белгілер 
оларды  шығыстық  тұрпаттағы  хаммам  моншаларға  жатқызуға  мүмкіндік 
береді.  
Жайық  белгісіндегі  моншалардың  пайда  болу  мерзімі  біржақты  анықтала 
қойған  жоқ.  Айталық,  В  Л  Воронина  күйдірілген  кірпіштен  крест  тәрізді  етіп 
салынған және температурасы қатал реттеліп отыратын моншалар Орта Азияда 
XIV  ғасырда  пайда  болды  деп  есептейді.  Алайда  Отырарда  қазба  жұмыстары 
кезінде  табылған  крест  тәрізді  жоспарланған  монша  XI  –  XII  ғ.ғ.  аяғында 
салынған болып шықты.  Әдетте мұсылмандар қаласында қоғамдық моншалар 
мешіттерден  кейін  екінші  орында  құрметтеліп,  оның  кӛз  тартардай  сәулетіне 
үлкен мән беретін болған. Монша салып, пайдалану табыс әкелумен қатар, осы 
құрылысқа бас болған адамдардың беделін де арттыратын болған. Бұл істі тіпті 
бай-манаптар,  қала  және  тіпті  мемлекет  басшылары  да  қомсынбайтын. 
Ұлықбектің Самарқандтта Регистанға таяу „жақсы монша‖ салғаны мәлім [160, 
170 б.]. 
Бізге  жақындау  белгілі  моншалар  қатарына  Отырар,  Самарқанд,  Ұлы 
Болғар  және  Жетісудағы  Антоновка  қалашығының  қалдықтары  Түркістан 
ауданындағы  (ортағасырлық  Шауғар)  Шойтӛбе  қалашығының  бӛктерінде 
табылды.  Алтын  Орда  қалаларында  моншалар  сондай-ақ  Бельджеменде  (Сулы 
қалашық)  „Селитрен  қалашығында‖  РФ  Пенза  облысының  Махше  мекенінде 
табылған.  Э  Зиливинскаяның  атап  кӛрсеткеніндей,  қазір  Алтын  Орда  кезеңіне 
қатысты 20-дан астам монша мәлім болды. 
Демек,  Орталық  Азияда  Алтын  Орда  кезеңіне  тиесілі  осындай 
құрылыстарды 
зерттеу 
деңгейі 
оның 
жалпылама 
кӛрік-бейнесін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  XIII  –  XIV  ғ.ғ.  Азияның  ұлан  –  байтақ 
аймақтарында қоғамдық моншалар тұжырымды құрылымға ие болып, негізінен 
бір  ғана  (шағын  ауытқуларды  қоспағанда)  „типтік-тұрғылық  жоба‖  бойынша 
салынған. Осы типтік - тұрғылық жобада зор маңызы бар осындай құрылысты 

 
135 
ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдері қарастырылған. Мамандар қазірдің 
ӛзінде-ақ мәселен XII – XIV ғ.ғ. Отырар моншалары (Алтын Орданың оңтүстігі) 
мен  XIV  ғ.  Бұлғар  (Алтын  Орданың  терістік  шегі)  моншаларының 
құрылысындағы  ұқсастықты  атап  кӛрсетуде.  Жуырда  Жетісудың  шығысында 
орналасқан  Антоновка  қалашығында  тіркеліп  зерттелген,  тарихи  Қаялыққа 
теңдестірілген  монша  да  аталған  жоба  бойынша  салынған.  Әдетте  мұндай 
үлгідегі моншаларды арабша „хамам‖ немесе „шығыс моншасы‖ деп атау үрдісі 
қалыптасқан.  Мұндай  моншалардың  Орта  Азияда  пайда  болып,  етек  ала 
жайылуы В. Л. Воронинаның еңбегінде кеңінен қарастырылған.  
Қалашықтың  шығыс  бӛлігін  күйдірілген  кірпіш  ӛндіретін  шеберханалар 
алып  жатты.  Қазба  жұмыстары  нәтижесінде  тік  бұрышты  кірпіш  күйдіретін 
пештердің  бірінің  сақталып  қалған  күйдіру  (оттық)  камерасы  тазартылып 
алынған.  Оның  ішкі  аумағы  мынадай  болды:  ұзындығы  490  см,  ені  325  см, 
биіктігі 180 см. [164]. 
Сегіз  арканың  арасында  алдыңғы  тұстағы  жалғыз  арка  ғана  толық 
сақталған.  Сол  арқылы  бүлінген  басқа  аркаларды  тегіс  қайта  жаңғыртуға 
мүмкіндік  береді.  Арканың  еден  деңгейінен  биіктігі  165  см,  ені  325  см,  іргелі 
құрылысқа  қарай  ол  10  см-ге  ұзарады.  Арканың  құлпы  ретінде  сыналанып 
кертілген  кірпіш  қолданылған.  Арканың  иілген  бӛлігі  мен  қазандық  жиегі 
арасындағы  кеңістік  құлыптан  құрылыс  іргесіне  дейін  дерлік  кӛлбеулете 
қаланған кірпіштермен толтырылған. Арканың ішкі жағы қалың етіп майланып 
тасталған.  Пештің  оттығын  тексеріп  зерттеу  оның  талай  рет  жӛнделгенін 
кӛрсетті.  Мұны  жағылған  майлы  қабаттардан  да  аңғаруға  болады.  Жайық 
қалашығында  зерттелген  кірпіш  күйдіруге  арналған  пеш  осындай  ӛндірістік 
құрылыстың  нақтылы  үлгісі  болып  табылады.  Бұған  таяу  әрі  жақын  келетін 
пеш  үлгісі  Сарайшық  қалашығында  зерттелді.  Оттық  камераның  ішкі 
аумағындағы 2,5 м, ал ұзындығы кем дегенде 4,4 метр. Оттық  камераның кемі 
жеті аркамен жабылып, ол күйдіру камерасына негіз болған. Аталған пеш XII – 
XIV ғ.ғ. қатысты [164, 6-9 б.]. 
Сірә,  алтынордалық  Еділ  мен  Жайық  қалаларына  кірпіш  күйдіру 
пештерінің  мұндай  үлгілері  Орта  Азия  мен  Оңтүстік  Қазақстаннан  әкелінсе 
керек.  Алтынорда  кезеңіне  қатысты  мұндай  пештердің  үлгілері  Хорезмде, 
ежелгі  Отырар  түбінде  және  Құйрық  тӛбе  қалашығында  жүргізілген  қазба 
жұмыстары кезінде белгілі болды. 
Жайық  қаласы  орнынан  солтүстік-батысқа  қарай  2  шақырым  жердегі 
некрополь  Свистун  тауында  орналасқан.  Ал,  шығысқа  қарай  Орал  (Жайық) 
ӛзенінің жағасында ол Борлы таулар (тӛбелер) деңгейімен ұштасып жатыр. Осы 
үстіртте  кӛрінген  обаға  ұқсас  тӛбеден  күйдірілген  кірпіштің  сынықтары 
табылды.  Мұндай  барлық  бес  тӛбе  бар  болып  шықты.  Жар  қазу  жұмыстары 
кӛрсеткеніндей,  ол  мұсылман  мазарларының  қалдықтары  екен.  Бұрынғы 
Свистун  тауы  бӛктерінде  бидай  егістігі  болғандықтан  тӛбешіктер  еңістігі 
болғандықтан  тӛбешік  еңістігі  небәрі  0,4-1  метрге  дейін  жетеді.  2002  жылы 
жүргізілген  осындай  тӛбелердің  біріндегі  қазба  жұмыстары  оның  астында 
күйдірілген  шаршы  кірпіштен  салынып,  жартылай  хромды  глазурлы 

 
136 
плиткалармен әрленген екі камералы мазардың қалдықтары жатқанын кӛрсетті 
[164, 25 б.]. 
Мазардың  сыртқы  кӛрінісі  екі  күмбезді  аумағы  9х12  м,  тік  бұрышты 
ғимаратты елестетеді. Құрылыстың ұзындау білігі Оңтүстік батыстан солтүстік 
шығысқа  қарай  бағытталып,  шығысқа  қарай  30°  қа  ауытқыған.  Оның  оңтүстік 
батыс  қабырғасы  портал  (ғимарат  қасбетіне  салтанатты  сипат  беру  үшін 
қолданылатын  архитектуралық элементтің  түрі)  түрінде  безендірілген  [164,  27 
б.]. 
Құрылыс  ерекшеліктері  мен  оның  сапалық  сипатына  қарай  осы 
архитектуралық ғимаратты қасбетті – күмбезді бойлық – біліктік екі камералы 
мазар  деп  атауымызға  болады.  Орталық  Азияда  мазарлардың  бұл  түрі  XIV 
ғасырдың  екінші  жартысына  қарай  бой  кӛтере  бастағаны  мәлім.  Ал  осы  XIV 
ғасырдың аяғына таман сәулетшілердің осы бағыттағы шығармашылық ізденісі 
ӛзінің  шарықтау  шегіне  жетті.  Алтынорда  мемориальді  сәулетшілігі  үшін 
Солтүстік Кавказдағы Пятигорск тӛңірегінде зерттелген бір камералы мазарлар 
біршама үлгі боларлық құбылыс.  
Жер қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін тӛбешік солтүстіктен оңтүстікке 
қарай  созылып,  шығысқа  қарай  сәл  ғана  (10°)  ауытқып  жатқан.  Оның  аумағы 
50х37  м,  биіктігі 2,5  метр.  Тӛбешіктің  солтүстік  жиегінде  шығыс  пен  батысқа 
қарай  диаметрі  10-15  метр,  тереңдігі  1,2-1,8  метр  қатарластыры 
орналастырылған екі дӛңгелек шұңқыр болған [163, 2 б.].  
Сонымен  қатар  негізіне  оңтүстік  жағынан  орналастырған  және  жақын 
арадан аса айқын кӛрінетін, кезінде қоршалған аумағы шамамен 50х25-27 метр 
тік бұрышты алаңқай әлі күнге дейін толық ашылған жоқ.  
Сонымен,  осындағы  құрылыс  қалдықтарын  аршып  тазарту  жұмыстары 
мұнда XIV – ғасырда аса ауқымды мемориальды сәулет ескерткіштері бойлық 
білікті  етіп  жобалаған  екі  камералы  қасбеттік  мазар  салынғанын  кӛрсетті. 
Құрылыс  заттарын  қайталап  пайдалану  мақсатымен  ғимаратты  кӛне  кӛрнеу 
қиратып,  бүлдірудің  салдарынан  құрылыс  жобасының  (конструкциясының) 
нашар сақталуы осы бірегей ғимараттың бастапқы кӛрік – бейнесін толық және 
сол  қалпында  жаңғыртуға  (елестетуге)  мүмкіндік  бермей  отыр  деп  санаймыз. 
Соған  қарамастан  қазба  жұмыстарының  қазіргі  қолда  бар  нәтижелері  басты 
сипаттарын  алдын-ала  қайта  жобалауға  мүмкіндік  бар.  Құрылыстың  басты 
ауқымы кӛлемі 12,85х19,5 метр тік бұрышты параллеллопипедтен (яғни қарама 
қарсы  жақтары  ӛзара  қос-қостан  паралльлел  болатын  алтықырдан)  кӛрінеді. 
Оның  үстінен  тиісті  барабандарға  орнатылған  сірә  шатырлы  болса  керек 
әртүрлі  екі  алып  күмбез  бой  түзеп,  глазурленген  кӛгілдір  плиткалармен 
кӛмкерілген. Ғимараттың басты (оңтүстік) қасбеті кең (4 метрге жуық) орталық 
кірме  күмбез  тәрізді  қуысы  бар  монументті  портал  (ғимаратың  қасбетіне 
салтанатты  сипат  беру  үшін  қолданылатын  архитектуралық  элемент)  түрінде 
кӛз  тартатын  болған.  Сірә  ол  басқа  қасбеттердің  қабырғаларынан  біршама 
жоғары  тұрса  керек.  Порталдың  батыс  және  шығыс  жиектері  шеткі 
қасбеттерден  2  метр  шығыңқы  болғандықтан  қасбеттің  жалпы  ені  17  метрге 
дейін  ұзарған. Дәл осы тұста, басты қасбеттің жиектері бойымен мыналар бой 
түзесе  керек.  Басты  қасбет  пен  кіре  беріс  қуыс  ашық.  Кӛк  және  кӛгілдір  түсті 

 
137 
ӛсімдіктер  әлемі  мен  геометриялық  бейнелермен  әшекейленген  глазурлі 
плиткалармен безендірілген. Сірә, басты декоротивтік сәндік „П‖  –  кірме арқа 
қуысын  қамтыған.бейнесі  белбеуде  кӛк  фонда  (түсте)  ірі  ақ  әріптермен 
жазылған  таныстыру  болса  керек.  Қапталдағы  (бүйірдегі)  қасбеттерде  қызыл 
түсте  кірпіш  тӛсеніштер  кӛз  тартқанға  ұқсайды.  Мазардың  басты  қасбеті 
алдында  күйдірілген  тік  бұрышты  шаршы  кірпіштерден  тӛселіп,  қоршалған 
сарай  (алаңқай)  бой  түзеген.  Әзірше  сарай  ауласы  толық  тазартылған  жоқ, 
соған  қарамастан  мұнда  да  Ұлытаудың  (XIV  ғ.)  Жошыхан  мазарының  қасбеті 
алдындағы сияқты қабірлер болуы мүмкін деген болжам бар [165].  
Мазардың  марқұм  жерленетін  басты  бӛлме-жайлары  ―гурхана‖  ―зиарат-
хана‖  сырт  жағында  орналасқан.  Оның  кӛлемі  8,8х8,8  метр.  Мұның  бас 
бӛлігіндегі құлыптастың  астында  мазардың  басты  екі қабірі жатыр.  Бұл  мазар 
ӛзінің  кӛз  тартарлық  сәулетімен  Свистун  тауының  жотасында  орналасқан 
некропольде  (мола,  зират,  ӛлікті  жерлеуге  арналған  зираттар  кешенінде) 
айшықталып  тұрса,  ал  Свистун  тауы  ӛз  кезегінде  Жайық  ӛзенінің  жайылған 
иінінде  қазіргі  Борлы  тӛбешіктер  ауданында  аяқ  ӛткел  болған  ӛзен  сағасында 
бой түзеген. Бұл мазарды архитектуралық (сәулетшілік) ерекшеліктеріне қарай 
―Кіші  мазар‖  тәрізді  ―қасбетті  екі  камералы  мазарды‖  жатқызуға  болады. 
Ӛйткені  портальдың  (ғимарат  қасбетіне  салтанатты  сипат  беру  үшін 
қолданатын  архитектуралық  элемент  түрі)  қасбеттік  тұсынан  шығып  тұрған 
негіздер  байқалмады.    Мемориальды  құрылыстардың  бұл  түрі  бұдан  бұрын 
Алтын  орданың  Еділ  бойы  мен  солтүстік  Кавказ  аймақтарында  тіркелмеген 
болатын [165, 32 б.]. 
―Үлкен  мазар‖  гурханасында  табылған  қабірлеу  құрылыстарының  әртүрлі 
болуы  Евразия  даласында  Алтын  Орда  кезеңінде  қалалық  некропольдердің 
жерлеу  құрылыстарын  қызметінше  толық  бейнелейді.    Кезінде  ғалым  Л.Т. 
Яблонский  Алтынорда  қалаларында  (Еділ  жағасы,  Солтүстік  Кавказ,  Қырым) 
некропольдеріндегі  қабірлеуді  жіктеп,  талдаған  еді.  Зерттеу  деректерінің 
тереңдігін (500-ден астам қабір) және сондай ақ содан кейінгі ондаған жылдар 
бойы  зерттеудің  айтарлықтай  қайта  қаралмағанын  ескерсек,  онда  осы  зерттеу 
маңызын  жоғалтқан  жоқ!  Л.Т.  Яблонский  мол  деректерді  статистикалық 
сұрыптау  жӛнінде  тиісті  деңгейде  сыналған  ―Г.А.  Федоров-Давыдов 
тәсілдемесін‖  пайдалана  отырып  18  жерлеу  салтының  тараған  түрін  тапты. 
Жіктеу  жүргізілген  негіздерге  (белгілерге)  және  пайдаланылған  терминдерге 
тоқталмастан Жайық қаласы орнындағы некропольден табылған жаңа деректер 
кейбір негізгі тұжырымдарға ӛзгерістер енгізеді.  
Л.  Т.  Яблонский  [80,  765  б.]  ұсынған  Алтын  Орда  некропольдеріндегі 
қабірлердің  ―әртүлілігі‖  (әртектілігі)  жайындағы  талдау  түсіндіру  жеткіліксіз 
деп  топшылауға  болады.  Жалпы  шартты  түрде  ―циста‖  деп  аталған  зират 
шұңқырының  табында  шитті  немесе  күйдірілген  кірпіштен  ―жекелей 
сағаналардың‖  салынуы,  ал  ―арқалықтары  бар  шұңқырлар‖  Орта  Азия 
археологиясында жамылғылары әртүрлі ―саңлаулы жерлеу камералары‖ немесе 
―шұңқыр  табанына  қарай  саңылауы  бар‖  зират  шұңқыры  деп  аталады.  Бұлар 
Орта Азияда мұсылмандардың орта ғасырдағы қалалық некрополдерінің басты 
ӛзіндік сипатын кӛрсетеді. Мұсылман  қағидасына сәйкес осындай сағаналарда 

 
138 
жерленген  бастапқы  табыттар  әдетте  VIII  –  IX  болып,  XIV  ғасырға  дейін 
жалғасқан. Соған қарамастан жерлеудің бұл түрі сырдарияның орта сағасында 
біздің  дәуіріміздің  I  мыңыншы  жылының  орта    тұсында  пайда  болып,  тарады 
және  әртүрлі  үлгі  -    нұсқаларда  этнографиялық  ақиқаттылыққа  дейін 
қолданылады  деп  топшылауға  негіз  бар.  Зират  шұңқырларының  табанында 
шитті  кірпіштен  (әртүрлі)  салынған  жеке  сағанаға  жерлеу  XIV  –  XVIII  ғ.ғ. 
(мәселен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауидің мазары ішіндегі ―жамағат 
–  хана‖  (немесе  ―қазандық‖)  ауласы  еденнің  астынан  аршылған  қабір  тәрізді) 
неғұрлым  кеңінен  тараған  және  басты  дәстүр  болды.  Демек,  қала 
некропольдерінде  Алтын  Орда  дәуірінде  жерлеуге  жасалған  талдау  негізінде 
жасалған  Еділ  бойына,  сондай-ақ  Жайық  жағасына  жеке  зират  ішінде  кірпіш 
сағаналар салу дәстүрі басқа да мәдениет түрлері сияқты Орта Азиядан әкелінді 
деген тұжырым негізделіп дәлелдене түсуде.  
Кезінде Водяной қаласы қасбетті күмбезді мазарды жариялап, оған талдау 
жасаған ғалым В.Л. Егоров [72, 6 б.] мұндай құрылыс түрі Орта Азияда мәлім 
емес, ал оның үлгісі Алтын Орда дәуірінде Еділ жағасын жайлаған қалалардың 
архитектуралық  дәстүріне  тікелей  байланысты  деп  атап  кӛрсетті.  Мұндай 
пайымдауға  негіз  болмайтын  себебі  Орта  Азияда  XIV  ғасырдан  XIX  ғасырға 
дейінгі  мемориал  құрылыстар  түрлері  қатарында  зират-хана  мен  гурхананы 
ажыратуға негізделген екі камералы ойық білікті портальді – күмбезді мазарлар 
түрі жақсы белгілі болды. Орта Азия мен Хорасанда мемориал құрылыстардың 
бұл түрін мамандар XI – XII ғасырларға жатқызады [166].  
Бұл  архитектуралық  қалыптың  тікелей  бастауы  Хорезм  болғанын,  мұнда 
ол  дамудың  барлық  түрлерінен  ӛтіп  дәстүрлі  болғанын  жоба  үлгісінің 
түрленгенін  мойындау  керек.  Мұның  үстіне  Алтын  Орда  құрамындағы 
Хорезмнің ислам діні тереңдеп енген неғұрлым дамыған облыс болғаны мәлім. 
XIV  ғасырдың  бірінші  жартысынан  бастап  Хорезм  астанасы  Ургенч  қаласы 
Алтын  Ордадағы  басты  діни  орталыққа  айналып,  мұнда  Алтынорда  мешіттері 
мен ханактары үшін діни қызметкерлер даярланады. Дешті  Қыпшақ ӛңіріне дін 
уағыздаушы  Хорезм  миссионерлерімен  бірге  екі  камералы  мазардың 
архитектуралық  қалпының  да  тарауы  әбден  мүмкін  еді.  Шатырлы  күмбездері 
бар  мазарлар  құрылыс  жобасы  жӛнінен  ―жайық  мазарларына‖  ұқсас  болған. 
Оларды  екеуі  соңғы  кезге  дейін  жақсы  сақталып  Жайық  қаласы  орнындағы 
некрополь  мазарларының  сыртқы  бейнесін  елестетуге  мүмкіндік  береді.  Бұл 
тұста  Ақтӛбе  облысындағы  Абат  –  байтақ  мазары  мен  Челябі  облысының 
оңтүстігіндегі  Жайық  жағасында  орналасқан  Варна  елді  мекеніндегі  кесене 
мазары жайында сӛз болып отыр.  
Абат – байтақ мазарында қазу жұмыстары 2004 жылы жүргізілді. Мұндағы 
гурханадан  да  қабір  аршылды.  Тоналған  зираттардан  темір  шегелермен 
бекітілген  ағаш  табыттардың  қалдықтары,  мата  және  орталық  қабірде  темір 
түйреуіш табылды. Осы екі ескерткішті Абат – байтақ мазарлары мен кесенені 
Орал  қаласының  тӛңірегіндегі  Жайық  қаласы  орнындағы  некрополь 
мазарларымен  салыстыру  олардың  басты  белгілерінің  ұқсас  екенін  кӛрсетті. 
Бәрі де Жайық жағасындағы XIV-XV ғ.ғ. мазарлар ретінде белгіленген [166, 76 
б.].  

 
139 
Қорыта  айтқанда,  мамандар  Алтын  Орда  дәуіріндегі  Еділ  бойы 
қалаларының қолӛнер ӛндірісі Хорезмнің, бірінші  кезекте Үргеніштің қолӛнер 
дәстүрлеріне тәуелді болғанын талай рет атап кӛрсетті. Сол себепті, Алтынорда 
қалаларының  материалдық  бейнесін  де  Хорезм  және  тіпті  бүкіл  Орта  Азия 
қалаларына  тән  ортақ  кӛрініс  сипаттайды.  Жайық  жағасындағы  мемориальді 
құрылыстарды  Орта  Азия  ғимараттарымен  генетикалық  (тамырлық) 
байланысына  қазірдің  ӛзінде  мамандар  ешбір  шүбә  келтірмей  отыр.  Жайық 
қаласының  орнындағы  некропольде  ашылған  екі  мазардың  сондай-ақ  Абат-
Байтақ  пен  кесене  мазарларының  архитектуралық  қасбеттік  екі  камералы 
бойлай-ендік  үлгісі,  мамандардың  пікірінше,  XI-XII  ғ.ғ.  Орта  Азия  мен 
Хорасанда  пайда  болған.  Бұл  архитектуралық  –  сәулетшілік  Хорезмнен 
басталғанын мойындаған жӛн. 
Жалпы  тарауға  қорытынды  жасайтын  болсақ,  Жетісу  арқылы  ӛтетін  Ұлы 
Жібек  жолы  қалаларының  ішінде  біршама  жақсы  зерттелгендері  Алматы, 
Талғар, Тараз, Ақтӛбе, Құлан, Мерке қалалары. Іле, Шу, Талас аймақтарындағы 
басқа  де  қалалар  тарихи-археологиялық  тұрғыда  кең  түрде  әлі  де  зерттелуі 
қажет. Ал аталған қалалардың  тарихына қатысты мәселелердің ішінде таласты 
пікірлер  тудырған  кӛзқарастар  да  бар.  Мәселен,  Алматы  және  басқа  да 
қалалардың  негізінің  қалануы,  «Баласағұн  мәселесі»  әлі  де  айқындауды, 
нақтылауды  қажет  етеді.  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  қалалар  ең  кӛп 
орналасқан  аймақ  Оңтүстік  Қазақстан  ӛңірі  екендігін  зерттеушілердің  бір 
жарым  ғасырлық  кӛлемде  ғылыми  негізде  жарияланған  еңбектері  айқындап 
берді.  Солардың  ішінде  ұзақ  жылдар  бойы  кешенді  түрде  зерттелгені  және 
бірнеше  монографиялық  еңбектерге  арқау  болғаны  -  Отырар  қаласы.    Зерттеу 
жұмыстары Отырарды қала құрылысының үлгісі ретінде сипаттауға тырысады 
және  оның  үлкен  мәдени,  саяси  және  экономикалық  орталық  болғандығын 
кӛрсетті.  Дегенмен  әлі  де  болса  зерттелуі,  анықталуы  керек  мәселелері  де 
баршылық.  Мысалы,  Отырар  кітапханасы  мәселесі  айқындауды  қажет  етеді. 
Зерттеушілер  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларының  басқа  аймақтармен,    шетелдік 
қалалармен  байланысы,  түркі  халықтарының  орналасуын  анықтаудағы  орны 
жӛніндегі  мәселелерге  де  назар  аударған.  Бірақ,  Оңтүстік  Қазақстандағы 
кӛптеген  қалалардың  пайда  болуы,  даму  кезеңдері,  құрылысындағы 
ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар,  сауда-экономикалық  және  мәдени 
байланыстардағы  орны  жӛніндегі  мәселелер  нақты  зерттеуді  қажет  етеді  деп 
ойлаймыз. 
Ал  Ұлы  Жібек  жолының  Батыс  Қазақстандық  бӛлігіндегі  қалалардың 
ішінде  айқындалып  зерттелгендері  –  Сарайшық  пен  Жайық  қалалары. 
Зерттеушілер бұл қалалардың, әсіресе Сарайшықтың құрылысына тоқтала келе, 
олардың  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азиялық  қалаларға  ұқсас  екендігін 
ерекшелейді.  Сарайшықтың  ең  алдымен  саяси  орталық  болғандығына, 
Оңтүстікпен ғана емес, Қырым, Еділ бойы және Батыс елдерімен байланыстағы 
маңызды  рӛл  атқарғандығына,  әсіресе  кейінгі  ортағасырлық  тарихпен 
байланысына  баса  назар  аударады.  Біздіңше  қаланың  негізінің  қалануы, 
қыпшақтар, тіпті одан бұрынғы кезеңдегі жағдайына кӛңіл бӛлу оның тарихын 
тереңдете түсер еді. 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет