Әож 811-512-122 деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында жүзеге асыру



жүктеу 70.25 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.04.2017
өлшемі70.25 Kb.

 

44 


ӘОЖ 811-512-122 

 

ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

 

Ғабдулина М.Ғ., Ерсаинова Ә. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің 

бірі  –  жоғары  интеллектуалды  жастарды  жан-жақтылыққа  тәрбиелеу,  олардың 

потенциалдық  деңгейінің  көтерілуіне  үлес  қосу.  Сондықтан  ұстаз-мұғалімдер 

қауымының алдына өте үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді 

ұғындырудың  бірі  –  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  негіздері  болып 

табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне 

назар аударған жөн [1, 206 б.]. 

Мектептердегі  оқыту  процесі  мұғалімнің  басшылығымен  жүргізіледі.  Оның 

қызметінің мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін басқару болып 

саналады.  Мұғалім  оқушыларға  бірте-бірте  күрделі  талаптар  қояды,  соның  арқасында 

баланың танымдық ойының ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың 

табысты  өтуіне  жағдай  жасайды:  қойылған  талаптарға  сәйкес  мазмұн  таңдайды, 

оқытуды  ұйымдастырудың  әр  алуан  түрлерін  пайдаланады;  соның  көмегі  арқасында 

мазмұн оқушының игілігіне айналатындай әр түрлі әдістерді пайдаланады [2, 15 б.]. 

Оқушы  қызметін  белсендіру  негізінде  педагогикалық  технологиялардың  бірі  – 

деңгейлеп-саралап  оқыту    технологиясының  элементтерін  қолдану  білім  сапасын 

көтеруге ықпал етеді. 

Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясының  дидактикалық,  педагогикалық, 

писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготский, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, 

Ю.К.Бабанский,  Б.П.Беспалько,  В.М.Монахов  т.б.  ғалымдардың  ғылыми-теориялық  

идеяларына негізделіп жасалған [3, 26 б.]. 

Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы  1988  оқу  жылынан  бастап  мектептің 

барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып 

келеді. 

Профессор  Ж.Қараевтың  деңгейлеп-  саралап  оқыту  технологиясы  жаңаша 

өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-әрекеттерін  меңгертуді 

талап  етеді.  Бұл  технологияда  бірінші  орында  оқушы  тұрады  және  өз  бетімен  білім 

алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. 

Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясында  жұмыс  міндетті  үш  деңгейлік, 

қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып 

оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау [1, 205 б.]. 

Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін 

беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан білім беру 

жүйесінде  жеке  тұлғаны  дамытып  білімді  азамат  ретінде  қалыптастыру  үшін,  жаңа 

педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру  

дағдысы  барлығын  да  бірдей  болуы  мүмкін  емес  жағдай.  Сондықтан  қазақ  тілі 

сабағында  профессор  Ж.Қараев  насихаттап  жүрген  деңгейлеп  –  саралап  оқыту 

технологиясын пайдаланған тиімді деп есептейміз. 

Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынадай 4 түрге бөлінген: 



 

45 


1.

 

Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма 



беріледі.  Мұндай  тапсырмалар  оқушылардың  алдыңғы  сабақтарда  алған  білімдеріне 

және оқушыға байланысты. 

2.

 

Алгоритмдік  деңгей  –  мұнда  оқушы  мұғалімнің  түсіндіруімен  қабылдаған 



ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 

3.

 



Эвристикалық  деңгей  –  оқушы  өзі  ізденіп,  қосымша  әдебиеттерді  қолдана 

отырып жауап береді. 

4.

 

Шығармашылық  деңгей  –  оқушының  таза  өзіндік  шығармашылығын 



байқатады.  Жаңа  тақырыпты  оқушылар  шығармашылық  ізденіс  үстінде  өздігінен 

меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады [1, 205 б.]. 

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:  

-

 



жеңілден  қиынға,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатын 

жұмыстар; 

-

 

оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді; 



-

 

дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды. 



-

 

әр  оқушы  өзін  -  өзі  бағалайды,  өз  білімін  жоғары  деңгейге  жеткізе  алады, 



материалды толық меңгереді

-

 



жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі; 

-

 



тест, диктант  арқылы тақырып меңгеріледі; 

-

 



өзіндік жұмыстар жүргізіледі; 

-

 



бақылау жұмысы алынады; 

-

 



бақылау парағы жасалады.   

Деңгейлік  тапсырмалар  ауқымы  өте  кең.  Мектеп  оқушыларына  берілетін 

тапсырмалар  оқушылардың  ойлауына  әсер  етеді.  Тасырманы  орындау  үшін  бала 

жауапты өзі іздестіреді. Оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлануына жан – жақты әсер 

етеді  деп  түйіндеуге  болады.Деңгейлеп  оқыту  -  оқылатын  ақпараттың  азаюы  арқылы 

емес,  оқушыларға  қойылатын  талаптардың  әртүрлілігі  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Қазіргі  заман талабы әр оқушының сабақ кезінде  жаңа білім қосып қана қоймай, соны 

игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді. 

Деңгейлік  тапсырмаларды  дұрыс  орындағаны  үшін  оқушылар  сол  деңгейді 

игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін-5 ұпай, екінші деңгей үшін-10 ұпай, 

үшінші деңгей үшін-15 ұпай. 

Деңгейлеп  –  саралап  оқыту  технологиясын7  сыныпта  өтетін  «Осы  шақтың 

түрлері. Нақ осы шақ», «Қалау рай» және 5 сыныпта «Диалект сөздер» тақырыбындағы 

сабақтарда деңгейлік тапсырма-сұрақтарды ұсыну арқылы қолдандық. 

5 сынып «Диалект сөздер».Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларға жеңілден 

қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін 

құру, диалект сөздер туралы мағлұмат беру. Деңгейлік тапсырмалар: 

1-деңгей. Сөйлемнің ішіненен диалект сөздерді теріп жаз. 



Ошақ  жанындағы  үстелде  бірнеше  қауақ  тізіліп  тұр.    Ұсталар  бұрын  ердің 

алдыңғы қасына тарбақ салып түрлендіретін. Неменеге аң-заң болып отырсың?. 

2-деңгей. Диалект сөздерді мағынасына қарай топтап жаз. 



Қайышаш,  қайырма,  сым,  әсел,  байлауыш,  бөрлек,  діңке,  тұқым,  бәтір,  ләрен, 

кәсе, жадағай, бәдірен, телпек, қалақ, дәкір, кепсер, сапылдақ. 

 

Тағам 


Ыдыс-аяқ 

Киім-кешек 

 

 

 



 

Әр  сөздің  мағынасын  тауып,  топқа  бөліп  жазса,  оқушы  бұл  сөздерді  есіне  берік 

сақтайды. 


 

46 


3-деңгей.  Төмендегі  диалект  сөзерді  оқып  шығып,  олардың  әрқайсысы  қай 

аймаққа тән екендігін анықтаңыз. Картаға орналастыр. 



Кәуәп,  діңке,  шөген,  кәсе,  шөміш,  азан,  мұздау,  шекер,  сым,  дөкей,  қалақ,  жоян, 

құдағай, малту, тұқым, әсел, қайырма, қайышаш, бөрлек, пісте, оттық. 

4-деңгей. «Диалект» сөзі шығатындай етіп сөзжұмбақ немесе ребус құрастыр. Бұл 

деңгейдегі  тапсырмалар  алдағы  деңгейдегі  тапсырмалардың  қорытындысы  ретінде 

саналады. Сөзжұмбақ, ребус құрастыру да оқушы шығармашылығына жатады. 

7 сынып «Осы шақтың түрлері. Нақ осы шақ»Үй тапсырмасын қайталап, етістікті 

еске түсіру үшін деңгейлік тапсырмалар орындату. 

1-

 

деңгей. «Біліміңді байқап көр».  



1.  Етістік  деген  қандай  сөз  табы?  2.  Етістік  тұлғасына  қарай  қалай  бөлінеді? 

(негізгі,  туынды)  3.  Етістік  мағынасына  қарай  нешеге  бөлінеді?  (сабақты,  салт)                       

4. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара, күрделі) 5. Есімше дегеніміз не, қалай 

жасалады?  6.  Көсемше  қалай  жасалады?  7.  Етіс  және  оның  түрлерін  атаңдар.                          

8. Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай түрлері бар? 

2-деңгей. «Сен қалай ойлайсың?» 

1.

 

Сабақты, салт етістіктерді 2 топқа бөліп жазыңдар. 



Бекітті,  байла,  хабарлас,  кел,  қысқарды,  сана,  сал,  жаз,  тазалады,  басқарды, 

ойна. 

2.

 



Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар. 

Білімді мыңды жығады. 

3.

 

Асты сызылған сөзге лексикалық талдау жасаңдар.  



Жігіттің түсінайтпа, ісін айт. 

3-  деңгей.Баптанба,  шаттанба,  мақтанба  деген  сөздер  Абайдың  қай  өлеңінен 

алынған? 

Осы  шумақты  толықтырып,  болымсыз  етістіктерді  атаңдар.  Қалай  жасалып 

тұрғанын  түсіндіріңдер.  Болымсыз  етістіктердің  жұрнақтарына  омонимдес  жұрнақтар 

бар  ма?  (Олар  –ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе,  етістіктен  жасалған  зат  есім  жасайтын 

жұрнақтар. Мысалы: қойма, қақпа, кеспе, баспа.) 

4-деңгей. «Бұлақ көрсең, көзін аш» эссе жазу. 

7 сынып «Қалау рай». Деңгейлік тапсырмалар арқылы қалау райдың жұрнақтарын 

ажырату, қандай мәнде жұмсалып тұрғанын айту. 

1-деңгей.  Етістіктен қалау рай жасап, сөйлем құра. 

Біл, айт, ал, бер. 

2- деңгей. Берілген етістікті қалау райға айналдыр. 

1.

 

Би биленді.                       Би билесек. 



2.

 

Бала оқыды.                      Бала оқыса игі еді. 



3.

 

Жарыс басталды.              Жарыс басталса. 



4.

 

Мақсаты орындалды.       Мақсаты орындалғандай. 



5.

 

Мансұр жеңді.                   Мансұр жеңсе екен. 



2-деңгей. Етістіктің қалау райда тұрғанын анықтап, тиісті қатарға жаз. 

Жеті  рет  піш,  бір  рет  кес.  Ол  бүгін  шықпаса  игі  еді.  Мен  келсем,  сен  кетіп 

қалыпсың. Оның көзінше Асқарға бір де сөз айтқым келмеді. 

 

Шартты рай 

Ашық рай 

Қалау рай 

Бұйрық рай 

 

 



 

 

 



3-деңгей.  Берілген  сөйлемнен  қалау  райдың  жұрнағын  ажыратып,  сөйлем 

мүшесіне талда. 



 

47 


Абайдың  көзін  қатты  ықыласпен  тыңдағысы  келді.  Кейде  терең  ойдан  айығу 

үшін серуендеп кеткім келеді. 

4-деңгей. Өз қалауларың бойынша ерікті қалау райды пайдаланып «Мен таңдаған 

мамандық» тақырыбына эссе  («...көмектескім келеді») жазыңдар. 

Бұл  тапсырмалар  –  оқушылардың  біліктілігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  және 

оны  бағалау  деңгейі  болады.  Барлық  оқушылар  жұмысын  бір  мезгілде  бастап 

әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. 

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада: 

1.

 



Өтілген  материалды  толық  меңгереді,  өйткені  сабақ  сайын  қайталанып, 

пысықталынып отырады. 

2.

 

Тақырыпқа  байланысты  оқулықта  берілген  тапсырмалар  толығымен 



орындалады. 

3.

 



Оқушы өзін- өзі тексереді, өзінің жіберген қателерін біліп отырады. 

4.

 



Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде сабақ 

сайын қайталап отырады. 

5.

 

Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады, алған білімдерінің нәтижесі 



айқын көрініп тұрады. 

6.

 



Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды. 

7.

 



Әр оқушы пәннен 100 пайыз үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр 

оқу  пәннің  барлық  тақырыбы  бойынша  ең  болмағанда  міндетті  1-деңгейді 

игеруін толық жүзеге асырады. 

8.

 



Әр деңгейдің барлық  тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол 

деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше бағаланады. 

9.

 

Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі. 



10.

 

Бос отырған оқушы болмайды. 



11.

 

Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер 



оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады [4, 20 б.]. 

Педагогика  ғылымының  докторы,  профессор  Ж.Қараевтың  әдістемесі  негізінде  

деңгейлеп  –  саралап    оқыту  технологиясының  мақсаты  -  өз  бетімен  дами  алатын,  әр 

түрлі өмірдің қиыншылықтарына төзе білетін, белсенді, білімді тұлға тәрбиелеу. Мұнда 

аладымен,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  берсе,  ол  оқушының 

ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтауын  ынтасын,  белсенділігін  дамытып,  білім 

сапасының  артуына  көмектеседі.  Әр  тұлғаның  мемлекеттік  –  стандартты    деңгейінен  

көтерілуіне  кепілдік  береді.  Оған  қоса  мұғалімнің  де,  оқушының  да    шығармашылық 

қызметін  дамытуға бағытталған.  

Қазіргі  кезде  қолданылып  жүрген  әдістерде  бала  бұрынғы  өзі  білетін  нәрсенің 

ерекшеліктерін  саралап,  оның  жетістігі  мен  қажеттілігі  арқылы  жаңа  білімді  алуға 

ұмтылады.  Сабақ  үрдісінде  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерінің  бірі  деңгейлеп-саралап 

оқыту технологиясын пайдаланған қолайлы болып табылады. 

Деңгейлеп  –  саралап    оқыту  технологиясының    тиімділігі  оқушылардың    оқуға 

деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейін де көтереді. Әр оқушы өзінің 

деңгейіне, білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып, әлсіздер білім 

алуға  ұмтыла  түседі,  мықтылардың  өзіне  тән  деген  сенімділіктері  арта  түсті.  

Нәтижесінде:  жан  –  жақты    шығармашылық  іс  -  әрекеті  бар  тұлға  болып  қалыптаса 

алады. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Бөрібекова Ф.Б.,Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.  -  Алматы, 

2014. – 360 б. 



 

48 


2.

 

Әбілқасымова А.Е.Қазіргі заманғы сабақ. - Алматы, 2014. – 218 б. 



3.

 

Қожамқұлова Ж.Ж.  Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2013. 



4.

 

Арыстан Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясын жүзеге асыру // Қазақстан мектебі.- №2, 2015. 



 

 

 



УДК 349.2 

 

ДИСЦИПЛИНАРНАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ 

ПО ТРУДОВОМУ ПРАВУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

Даулиева А.Ж. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 

 

Юридическая 

ответственность 

— 

применение 



мер 

государственного 

принуждения по отношению к правонарушителю [1, с. 336].

 

 



 

Согласно статье 14 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года 

№  251-III,  лица,  виновные  в  нарушении  трудового  законодательства  Республики 

Казахстан, несут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан  [2, 

с. 15]. 

В  правоприменительной  практике  сложились  следующие  виды  ответственности: 

дисциплинарная,  материальная.  В  соответствии  с  пунктом  1  статьи  160  Трудового 

кодекса  Республики  Казахстан  от  15  мая  2007  года  №  251-III,  материальная 

ответственность  сторон  трудового  договора  заключается  в  обязанности  одной  из 

сторон трудового договора возместить имущественный ущерб (вред), причиненный ею 

другой  стороне  в  результате  трудовой  деятельности.  Материальная  ответственность  – 

самостоятельный  вид  юридической  ответственности.  Трудовой  кодекс  Республики 

Казахстан  от  15  мая  2007  года  №  251-III  предусматривает  взаимную  материальную 

ответственность  сторон  трудового  договора.  Эту  ответственность  могут  нести  только 

работник и работодатель, находящиеся в трудовых правоотношениях [3, с. 93]. 

Привлечение работника к дисциплинарной ответственности является правом, а не 

обязанностью  работодателя,  следовательно,  воспользоваться  им  или  нет  -  решает  сам 

работодатель.  Однако,  используя  предоставленное  ему  право,  работодатель  должен 

руководствоваться  нормами,  установленными  Трудовым  кодексом  и  иными  законами 

Республики Казахстан [4, с. 32]. 

Дисциплинарная  ответственность  является  одним  из  видов  юридической 

ответственности. 

Данный 

вид 


ответственности 

наступает 

за 

совершение 



дисциплинарного проступка, специфическими признаками которого являются: 

а) общественно неопасное нарушение трудового распорядка организации

б) нарушение, совершаемое работником, состоящим в трудовых правоотношениях 

с данным работодателем; 

в)  нарушение,  выражающееся  в  противоправном  и  виновном  неисполнении 

работником своей трудовой функции; 

г) причинная связь между виной и противоправным действием или бездействием 

работника. 

За  нарушение  трудовой  дисциплины,  то  есть  за  противоправное  виновное 

неисполнение  или  ненадлежащее  исполнение  трудовых  обязанностей,  работодатель 

вправе  применить  предусмотренные  в  Трудовом  кодексе  Республики  Казахстан  от  15 

мая 2007 года № 251-III дисциплинарные взыскания вплоть до расторжения трудового 



жүктеу 70.25 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет