Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы


Жабдықтарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары кезіндегі



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

8. Жабдықтарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары кезіндегі

өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      329. Жөндеу, монтаждау және өзге ұйымдарды жөндеуге, қайта жаңғыртуға немесе 

технологиялық жабдықтарды монтаждауға берген кезде осы жұмысты жүргізіп жатқан учаскелердің 

өртке қарсы жай-күйі үшін жалпы жауаптылық құрылыс түгелдей қайта жаңғырту үшін мердігерлік 

ұйымға берілген жағдайды қоспағанда, кәсіпорын (цех) басшылығы алынбайды.

      330. Энергетика кәсіпорнындағы белгіленген өртке қарсы режим кәсіпорын персоналымен және 

мердігерлік, жөндеу, құрылыс-монтаждау және ретке келтіру жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың 

персоналымен сақталады және орындалады, осы үшін ұйымдардың лауазымды адамдары жауаптылықта 

болады.

      331. Жөндеу және құрылыс алаңдарындағы, сондай-ақ монтаждау және баптау жұмыстары 



кезіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары мен бақылауды энергетика кәсіпорнының (цехтың) басшылығы

осы жұмыстарды жүргізуші ұйыммен бірлесіп белгілейді.

      Алаңдар қоршалады және оларға қажетті кауіпсіздік белгілері орнатылады.

      332. Технологиялық жабдықтардың бөлшектерін жуу және майдан тазарту, электр қозғалтқыштар

мен генераторларды орау үшін жөндеу жұмыстары кезінде өртке қауіпсіз жуу құралдары қолданылады.

      Айрықша жағдайларда өртке кауіпсіз жуу құралдарын техникалық себептерге байланысты 

пайдалану мүмкін болмаған кезде жанғыш сұйықтықтарды (ерітінділерді, бензинді және басқаны) бір

рет пайдалануға қажетті мөлшерде, бірақ бір литрден көп емес қолдануға жол беріледі. Бұл ретте 

сынбайтын материалдан жасалған жабық ыдыстар қолданылады.

      333. Жөндеу жұмыстары кезінде мынадай іс-шаралар орындалады:

      1) еркін өтетін жолмен және өтпелермен, эвакуациялау жолдарымен, сондай-ақ өрт сөндіру 

құралдарына баратын жолмен қамтамасыз етіледі;

      2) дәнекерлеу және өзге де өрт қаупі бар жұмыстар тұрақты дәнекерлеу орнына шығаруға 

болмайтын жабдықта ғана жүргізіледі;

      3) төгілген майды және басқа де сұйықтықтарды дереу тазалаған жөн.

      Май сіңген сүрту материалдарын жабық темір жәшіктерде жинап, жұмыс аяқталған соң кәдеге 

жарату үшін үй-жайдан шығару қажет.

      334. Отын беру трактілерінде (конвейерлер галереяларының жетек және тарту станцияларында,

отынды төгу тораптарында, ұнтақтау қондырғыларында, бункер галереяларында, шикі көмір 

бункерлерінде және басқаларында) жөндеу жұмыстары басталғанға дейін көмір шашындылары мен көмір

шаңынан тазартылады.

      335. Конвейерлік таспаларда вулканизациялық жұмыстар осы учаскелерде, қатар орналасқан 

жабдықтарды қоршау үшін тасымалды жанбайтын қалқандарды орнатып, конвейерлердің бойында 

ұзындығы кемінде 10 м бөлінген учаскелерде жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін 

құрылыс конструкциялары мен жабдықтар отын шашырандысынан және шаңнан тазартылуы тиіс.

      336. Конвейерлік таспаларды жапсыруға арналған желім және еріткіштер бір реттік 

жұмыстарды жүргізуге қажетті мөлшерде қолданылуы тиіс.

      Еріткіштерді сақтау үшін шыны ыдыстар пайдаланылмайды.

      337. Диірменде, уататын және үрлейтін желдеткіштерде және олардың электр 

қозғалтқыштарында жөндеу жұмыстары басталғанға дейін төгілген май мен едендегі және жабдықтағы 

отын шаңын тазалау керек.

      338. Жабдықтарды жөндеу кезінде бөлшектер мен материалдар, негізгі жолдарды және көліктің

құрылыстың ішіне өтуін және оның кірме жолдарын бітемеу үшін жөндеу алаңдарында орналастырылады

.

      339. Жөндеу кезінде қазандықтарға инвентарь ағаш орнатылады, ал ағаш төсемдер өрттен 



қорғау құрамымен өңделеді. Қазандықты жағар алдында барлық ағаш жарылады және жиналады.

      340. Тұрақты орнатылған немесе жылжымалы центрифугаларда майды регенерациялау кезінде 

персоналдың (кезекшінің) жұмысы мен майдың температурасына тұрақты бақылау жүргізіледі, ол 

техникалық шарттарда көрсетілген шекте ұсталады. Тазалау процесінде төгілген майды тез арада 

жинау керек.

      Майдың ағуы немесе өрттің туындауына қатер төндіретін басқа да ақаулар немесе оның қирауы

байқалған кезде қондырғы ажыратылады. Егер радиусы 20 м тұрақты бекеті жоқ болған кезде 

жылжымалы центрефугадағы жұмыс кезінде өрт сөндірудің бастапқы құралдарының қосалқы бекеттерінің

жабдықтары көзделеді.

      Жөндеу алаңында, трансформатор шеберханасында, электр станциясының бас корпусының арнайы 

немесе монтаждау алаңында трансформаторлардан және реакторлардан майды (немесе оларды толтыру) 

ағызу май шаруашылығының орталықтандырылған май тарату құбырларына тасымалдау шлангілерін жалғау

және осы мақсатқа арналған арнайы бактарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      341. Бактың түбін қосымша жылытып индукциялық тәсілмен трансформаторды кептіру кезінде:

      1) бакты жылыту үшін асбесттік жайма немесе басқа да жанбайтын материал қолданылады;

      2) трансформатор (реактор) багының астына орнатылатын жабық типті қыздырғыш пешті қолдану

және оны жанбайтын негізге орнату;

      3) май циркуляциясы үшін майға төзімді шлангілерді пайдалану;

      4) майдың ағуының алдын алу үшін циркуляциялық шлангілерді тығыздап жалғауды қамтамасыз 

ету;


      5) егер 20 метр радиусында тұрақты бекет жоқ болса, жұмыс орынына өрт сөндіру 

құралдарының қосымша бекетімен жабдықтау және олардың жарамдылығын тексеру;

      6) бүкіл жұмыс кезеңінде өрт пайда болғанда қолданылатын шаралар туралы жақсы білетін 

қызметкерлерден кезекшілік ұйымдастыру қажет.

      342. Бояу-жөндеу жұмыстарын атқарған кезде мынадай талаптар орындалады:

      1) бояуға арналған қондырғылар мен құралдар жарамды болуы және қалыпты қысым мен жұмыс 

режимі кезінде жабдықтардың тұмшалануын қамтамасыз етуі тиіс;

      2) лактар мен бояуларды құю шағын механикаландыру құралдарының көмегімен жүргізіледі, 

төгілген бояу материалдарын дереу тазалау.

      3) лак-бояу материалдары мен толтырылған ыдыстар ауысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін

сыйымдылықты болуы тиіс. Лак-бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар оның босатылуына қарай 

және ауысым аяқталған соң жойылады;

      4) бояу жұмыстары негізгі эвакуациялық шығу есігінен едәуір алыстағы учаскеден басталады;

      5) егер аймаққа 20 м жақын жерде ашық отты пайдалана отырып (ұшқынды) жөндеу жұмыстары 

жүргізіліп жатса, бояу жұмыстары басталмайды;

      6) ауаның санитарлық нормаларын сақтау үшін боялатын аймақ желдетіледі немесе ауысымдағы 

бір реттік бояу жұмыстарының көлемі шектеледі;

      7) өрт сөндіру құралдары болмаған немесе олар жарамсыз болған жағдайда бояу жұмыстары 

жүргізілмейді.

      Технологиялық жабдықты гидравликалық және пневматикалық сынау кезінде, оның ішінде осы 

жабдықтың құбыр жолдарын сынау аймағында бояуға жол берілмейді.

      343. Газбен дәнекерлеу, электрмен дәнекерлеу, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ битум мен 

шайырды қыздыру, вулканизация және айтарлықтай өрт қаупі бар технологиялық процестерге жататын 

басқа да от қаупі бар жұмыстар кезінде барлық персонал процесті қадағалайды және ұйымдастырады,

техникалық іс-шараларды орындайды.

      344. Дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізетін тұрақты орындар 

қолданыстағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық талаптарына толық сәйкес келуі тиіс.

      Тұрақты орындардағы өрт қаупі бар жұмыстар арнайы рұқсат беруші құжаттарды ресімдемей 

жүргізіледі.

      345. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 тіркелген) 

бұйрығымен

бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын 

және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын 

қағидаларға сәйкес өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізгенде өрт қауіпсіздігі бойынша ведомстволық 

нұсқаулықты білуін оқудан және тексеруден өткен персоналға рұқсат етіледі.

      346. Дәнекерлеу және басқа да от қаупі бар жұмыстарды орындау кезінде персоналдың 

біліктілік куәлігі және өрт қауіпсіздігі техникасы жөніндегі талоны, сондай-ақ нақты бір орында

уақытша жұмыстарды жүргізу құқығына наряд болуы керек.

      347. Дәнекерлеу және басқа да от қаупі бар жұмыстарды биік жерде (ағаштан биіктеу тірек 

үстіне салынған тақтай төсемнен, аспа бесіктен) орындаған кезде жанғыш конструкцияларға, 

жабдықтарға және материалдарға балқытылған бөлшектерінің ұшуын және түсуін шектеу шаралары 

қолданылады.

      Жанғыш материалдар бар жерлер мен адамдар өтетін жолдарда төменгі белгілері қоршалады 

және бақылаушылар қойылады, сондай-ақ тыйым салатын және нұсқау белгілер ілінеді.

      348. Ғимараттардағы, құрылыстардағы жұмыс орындары уақытша от қаупі бар жұмыстарды 

жүргізген кезде алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

      349. Жарылу қаупі бар үй-жайларда от қаупі бар жұмыстарды тек оларды тұрақты дәнекерлеу 

орындарында немесе өрт қаупі жоқ үй-жайларда жүргізу мүмкін болмаған кезде ғана орындалады.

      350. От қаупі бар жұмыстарға кірісуге:

      1) егер өртке қарсы іс-шаралар атқарылмаса, өрт сөндіру құралдары дайындалмаса және осы 

жұмыстарды уақытша жүргізуге наряд пен рұқсаттама ресімделмесе;

      2) егер аппаратура жарамсыз болса;

      3) егер жабдықтардың және құрылыс конструкцияларының маңында (20 м аз) жаңадан боялған 

болса немесе бояу жұмыстары жүргізілсе;


      4) егер дәнекерлеушінің немесе газбен дәнекерлеушінің оқушысына, қағида бойынша білім 

алмаған, тексеруден өтпеген және от қаупі бар жұмыстарды жүргізуге құқығы жоқ басқа да 

жұмысшыларға оларға бекітілген білікті жұмысшы болмаса;

      5) жанғыш сұйықтық немесе мастика сіңген жұмыс киімімен және қолғаппен;

      6) егер дәнекерлеу сымдары жалаңашталған, нашар оқшауланған немесе жалғанған жерлері 

оқшауланбаған болса, сондай-ақ олардың тілігі номиналды дәнекерлеу тогының келуін қамтамасыз 

ете алмаса;

      7) егер жанғыш газдар мен сұйықтықтар жүретін құбырларды дәнекерлеу электркабелімен 

кескенде, бұл жерлерде қосымша оқшаулану немесе осы кабельдерді әуе аспасы орындалмаса жол 

берілмейді;

      351. Авария жағдайында уақытша дәнекерлеу және басқа да от қаупі бар жұмыстар тікелей цех

(учаске) басшысының немесе оның нұсқауы бойынша осы цехтың (учаскенің) басқа жауапты 

инженерлік-техникалық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі.

      Нарядты ресімдеу бұл жағдайда талап етілмейді, бірақ өрттің алдын алу үшін барлық өртке 

қарсы іс-шаралар орындалады және бақылаушы жауапты адамның тарапынан қадағалау жүргізіледі.

      352. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін барлық газ баллондарын, жанғыш сұйықтықтар 

қолданылатын кесу және дәнекерлеу аппаратарын үй-жайлардан шығарып, тұрақты сақталатын 

орындарға қайтару керек, ал электр дәнекерлеу агрегаттарын электр желісінен ажырату керек. 

Үзіліс кезінде (түскі ас және басқалары) газ баллондарын, электр дәнекерлеу аппаратурасын, кесу

және дәнекерлеу материалдарын ажырату қажет, шлангілерде жанғыш сұйықтықтар мен газдар 

шығарылуы қажет.

      353. Тікелей жарылу қаупі бар үй-жайларда, ыдыстарда және кабельді құрылыстарда 

дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргізу үшін газ баллондарын және басқа да 

аппаратураларды орнатуға жол берілмейді.

      354. Газ баллондарын ұзақ уақыт бойы күннің көзінде қалдыруға, сондай-ақ басқа да сәуле 

шығарушы жылу көздерінен қызып кетуіне жол берілмейді.

      355. Ғимараттар мен құрылыстардың ішінде қатып қалған құбыр жолдарын, ыдыстар мен басқа 

да осындай қондырғыларды жылыту үшін, сондай-ақ жанғыш конструкциялар мен өрт қаупі бар 

жабдықтарға 3 м жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың сыртында да ашық отты пайдануға 

жол берілмейді.

      356. Жеңілдетілген металл конструкциялардан тұрғызылған, жанатын полимер жылытқышы бар 

ғимараттарда электрмен дәнекерлеу, сондай-ақ басқа да от қаупі бар жұмыстарды жүргізуге жол 

берілмейді.

      357. Жанатын полимер жылытқышы бар жеңілдетілген металл конструкциялардың панелдеріне осы

панельдерді бекіту немесе ағыту үшін, төсем бөлшектер мен басқа да қондырғыларды тесу үшін 

электр-газбен дәнекерлеу жұмыстары орындалмайды.

      358. Өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу барысында өрт қауіпсіздігінің Азаматтық қорғау 

туралы заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін мынадай ықпал ету шаралары:

      1) от қауіпсіздігінің техникасы жөніндегі талонда персонал жіберген бұзушылық туралы 

белгі;


      2) өрескел бұзушылық кезінде персоналдан көрсетілген талон мен нарядты алып қою;

      3) егер жұмыскердің әрекеті немесе әрекетсіздігі жабдықтың, материалдар мен үй-жайдың 

бүлінуіне әкеп соқтырса, көзделген тәртіптік, материалдық және Кодекске сәйкес әкімшілік 

жауапкершілік қолдану;

      4) егер жұмыскердің әрекеті немесе әрекетсіздігі жабдықтардың құрылыстың, құрылыстың 

бүлінуіне әкеп соқтырса, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтірілсе, Қазақстан 

Республикасының қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту қолданылуы мүмкін

.

      359. Бұзушылықтарды анықтау және дәнекерлеушілерден өрт қауіпсіздік техникасы бойынша 



талонды немесе дәнекерлеу және басқа да от қаупі бар жұмыстарды жүргізуге берілген нарядты алу 

қою олардың тез арада және толығымен тоқталыуын білдіреді. Осы жұмыстарды қайта қалпына келтіру

үшін анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, сондай-ақ жаңа рұқсатнама ресімделгеннен кейін 

және наряд берілгеннен кейін рұқсат беріледі.

      Бұзушылықтарды анықтау талонды немесе нарядты алып қоюды жүргізуге мына адамдардың құқығы


бар:

      1) объектінің пайдалану жөніндегі инженері немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері (

инспекторы);

      2) цехтың немесе кәсіпорынның ауысым басшысы;

      3) цехтың немесе объектінің басшылығы, бас техникалық басшы немесе оның орынбасарлары;

      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган немесе объектілік өртке қарсы қызмет 

органының қызметкерлері;

      5) электр энергетикасы кәсіпорындарының және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті 

органның қызметкерлері;

      6) энергетикалық объектінің бас ұйымының өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері.

      Алынған өрт қауіпсіздік техникасы бойынша талон немесе наряд бұзушылықтардың туындау 

себептерін бақылаушы тұлға белгілей отырып және қол қою отырып, шаралар қолдану үшін тиісті 

цехтың бастығына немесе бас техникалық басшысына беріледі.

      Кәсіпорындардың, мердігерлік ұйымдардың персоналы үшін, сондай-ақ объектілік өртке қарсы 

қызмет персоналы үшін от қаупі бар жұмыстарды жүргізуге рұқсаттама алуды ұйымдастыру бойынша 

нақты шаралар әзірленеді.

      360. Энергетика кәсіпорындарының, цехтардың, жекелеген шеберханалардың, зертханалардың, 

қоймалардың, және басқа да объектілердің басшылары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын 

қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың орындалуына жауапты.

9. Өртке қарсы сумен жабдықтау және өрт сөндіру құралдарын

пайдалану тәртібі

      361. Өртке қарсы сумен жабдықтау объектідегі негізгі өрт сөндіру қондырғыларының біріне 

жатады және:

      1) су көздерін (тоғандар, өзендер, арнайы ыдыстармен және басқалары);

      2) гидронттар орнатылатын (сыртқы өртке қарсы аз көзі) аумақтағы сорғы станцияларын

құбыр жолдарының желісін;

      3) өрт крандары бар ғимараттар мен құрылыстардағы құбыр жолдарының желісін қамтиды.

      362. Жақын маңда (200 м дейін қашықтықта) немесе объектінің аумағында өзен, су қоймасы, 

өзен, су ағызатын (бұратын) ашық каналдар (ластанған ағындарды есептемегенде) сияқты су 

көздеріне, градициялар мен басшыларына суды қоршау мақсатында жылжымалы өрт техникасын орнату 

үшін кіреберіс салынады. Кіреберіске сілтемелер орнатылады.

      363. Өртке қарсы су құбырының желісі тиісті учаскелерді жөндеу алдындағы ажырату 

негізінде суды сенімді жаттығу үшін схеманың нақты икемділігін, сондай-ақ қажетті орынды 

қамтамасыз етеді.

      364. Бас жобалау мекемесінің келісімінсіз және максималды шығысы бойынша табиғи сынақтар 

жүргізуінсіз желідегі су шығынының артуымен және қысымының төмендеуімен байланысты өртке қарсы 

сумен жабдықтау желісіне қосымша қосуға жол берілмейді.

      365. Өртке қарсы су құбырының жекелеген учаскелерін, сорғы станциясының жабдықтары мен 

өртті сөндіруге арналған су қорының резервуаларымен уақытына ажыратуымен байланысты жөндеу 

жұмыстары энергетикалық жөндеу жұмыстары энергетика кәсіпорнының бас техникалық басшысының 

рұқсатын алғаннан кейін жүргізіледі. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі уақытша ажыратылған 

кезде және жөндеу жұмысы кезінде бұл туралы объектілік өрттен қорғау қызметті дереу 

хабарландырылады.

      366. Кәсіпорынның бас техникалық басшысы қажеттілік туындаған жағдайда жөндеу жұмыстары 

жүріп жатқан уақыт аралығында сенімді сумен жабдықтаудың қосымша қосымша шараларын анықтаған 

жөн, атап айтқанда: уақытша су құбырлары жүйесін төсеу, өз еркімен өрт қалыптастыру мүшелерінің

жылжымалы өрт техникасымен кезекшілігі немесе объектілік өртке қарсы қызметінің өрт бөлімшесінің

кезекшілігі және басқалары.

      367. Өртке қарсы сумен жабдықтау желісінің жұмыс қабілеттілігін бақылау үшін жылына 

кемінде 1 рет тиісті актіні ресімдей отырып, қысымы мен су шығыны бойыншасы жүргізіледі. Өртке 

қарсы сумен жабдықтаудың сыртқы желісіндегі қысымы 1 МПа (10 кг/см ) артық болмау тиіс.

2


      Объектілік өртке қарсы қызметтің (от болған жағдайда) қатысуымен сынақ жүргізуге арналған

комиссия кәсіпорын басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      Су құбырларын сынау әрбір жөндеу жұмысынан, қайта жаңғырту немесе жобаға сәйкес су 

құбырының желісіне жаңа тұтынушыларды қосқаннан кейін жүргізіледі.

      368. Өртке қарсы сумен жабдықтау желісін пайдаланудың айқындалған жарамсыздығы мен жұмыс 

режимінен ауытқушылық дереу авариялық – қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыра отырып 

жойылады.

      369. Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың өрт гидронттары кәсіпорынның және өртке қарсы 

қызметінің өкілдерімен бірлесе жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) тексеріледі. 

Олардың жұмыс қабілеттілігі суды ағыза отырып (ауа температурасы қалыпты болған кезде ғана) 

тексеріледі. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 

 көрсетілген журналға жазылады.

3-қосымшада

      Құдықтарды тексеру үшін ашу температурасы – 15 градустан төмен болған кезде жол 

берілмейді, ал температурасы 0 – ден – 15 градусқа дейінгі болған кезде, суды ағызбай-ақ 

гидранттың сыртқы тексеруіне жол беріледі.

      370. Өрт сөндіру гидранттарының (бұдан әрі – ӨГ) орналасқан жері мен су қосымшасының 

кіреберісі (бұдан әрі – СК) жарық немесе флюоресценттік сілтемелерімен белгіленеді, атап 

айтқанда:

      1) гидранттар үшін – сілтеменің метрмен және су құбырының диаметрімен берілген 

арақашықтығын көрсете отырып, ӨГ-ның әріптік идексін белгілеу;

      2) су көздері үшін – арнайы ыдыстардағы су қорын көрсете отырып, СК-ның әріптік индексі 

белгілеу, ал градирниялар мен ашық су көздері үшін – пирсте орнатылған өрт автомокөліктерінің 

саны.


      Жалпы көшені жарықтандыру объектісінің аумағында арнайы шамдар болған кезде сілтемелер 

қажет етілмейді.

      371. Өртке қарсы сумен жабдықтайтын сорғы станцияларының үй-жайлары таза күйінде болып, 

ал жабдықтар жұмысқа ұдайы дайын болуы керек.

      Өрттің туындауы туралы дабыл алынғаннан кейін өрт сөндіру сорғыларының қосылу уақыты ең 

аз болуы керек, қолмен атқару режимін инерционды қосқанда 3 минуттан аспауы керек.

      372. Әрбір өрт сөндіру сорғысы айына кемінде екі рет профилактикалық қызмет көрсетуден 

өтуі және талап етілген қысымды тудыру үшін қосылып отырылуы тиіс, бұл туралы жедел журналға 

жазылады.

      Сынақтан өткізу үшін арынды суқұбырында сорғы станциясының үй-жайынан сыртқа шығарылатын 

(бекіткіш арматурасы мен манометрі бар) арнайы бұрманы қолдануға жол беріледі.

      373. Айына кемінде бір рет негізгі және резервті электрмен жабдықтауға (оның ішінде 

дизельді агрегаттардан) барлық өрт сөндіру сорғыларын ауыстыру сенімділігі тексеріледі. 

Нәтижелері жедел журналға тіркеледі.

      374. Өрт сөндіру сорғы станцияларының үй-жайларында:

      1) сорғыларды жұмысқа қосу және бекіткіш арматураны ашу тәртібі туралы нұсқаулық;

      2) қағидаттық және технологиялық схемалар ілінеді.

      Әрбір ысырма мен сорғыда нөмірі көрсетіледі. Құбыр жолдары, ысырмалар мен сорғылар қызыл 

түске боялады.

      Сорғы станциясының орталық (блоктық) басқару қалқаны бар телефон байланысы болуы тиіс.

      375. Егер сорғы станциясында тұрақты кезекші персонал болмаса, үй-жай құлыпталып, кілтті 

сақтайтын жер есікте көрсетіледі.

      376. Сорғы жабдықтарын ағымдағы жөндеу кәсіпорынның бас техникалық басшысы бекіткен кесте

бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі. Оның бөлшектерді немесе бүкіл агрегатты күрделі жөндеу 

және ауыстыру жұмыстары қысқа мерзімде қажеттілігіне қарай жүгізіледі.

      377. Өртті сөндіру кезінде жұмсалған резервуарлардан судың қоры қысқа мерзімде, бірақ бір

тәуліктен аспай қайта толтырылады. Резервуардағы су деңгейінің дабылының және оларды толтыру 

үшін сорғыларды қосу автоматикасының жай-күйі бір тоқсанда кемінде бір рет бақыланады, ол 

туралы тиісті цехтың жедел журналына жазылады.

      378. Барлық үй-жайдағы ішкі өртке қарсы су құбырының өрт сөндіру крандары ұзындығы 10-20 

м майысқақ түтіктен және есіктері пломбыланатын арнайы шкафтарға салынған оқпандармен 

жабдықталады.



      Өрт сөндіру кранының шкафының есігіне оның әріптік индексі, реттік нөмірі, сондай-ақ 

өртке қарсы қызметті немесе объектілік өрт сөндіру бөлімін шақыру телефонының нөмірі 

көрсетіледі.

      Шкафтардың есіктерінің қабырғасындағы текшелеріне өрт сөндіру крандары орнатылған кезде 

ғимарат қабырғаларының декоративті әрлендіруіне және басқа материалдармен жабылады.

      379. Өрт сөндіру кранын орнату тәсілі маховикті айналдыру және өрт сөндіру түтігін жалғау

үшін қолайлылықты көздейді.

      Өрт сөндіру кранының келте құбырындағы шығу тесігі осінің бағыты өрт сөндіру түтік 

құбырының қосылған жерінде күрт сынуын болдырмауы тиіс. Салынған жеңнің сызығында сыну бұрышы 

немесе бұралған жері болмауы тиіс.

      380. Өрт сөндіретін түтік құбырлар құрғақ, жақсы шиыршықталған күйінде сақталады («ширату

» немесе «гармошка» сияқты). Түтік құбырды жартыжылда бір рет қайта орауға ұсыныс жасалады (

бүктелген жерін өзгерту үшін).

      381. Электр станциясының цехтарындағы негізгі қызмет көрсету алаңында жұмыс істеген 

уақытта өртті сөндіру кезінде тегіс немесе тозаңдатылған су ағынын қалыптастыру үшін аралас 

оқпандар қолданылады.

      382. Бункерлік галереяда және тасымалдайтын немесе қатты отынды бөлшектейтін қондырғысы 

бар (атрацитті қоспағанда) отын беретін басқа да үй-жайларда өрт сөндіру кранының өзектері 

тозаңдатылған ағынды қалыптастыратын оқпаны болады.

      383. Өрт сөндіру резервуарлары, су құбырының желілері, гидранттар, өрт түтіктері, 

лафеттік оқпандар, сорғы жабдықтары, өрт сөндірудің тұрақты және автоматтық қондырғыларды 

басқару торабы, өрт сөндіру дабылы мен өрт сөндірудің басқа да құралдары ұдайы техникалық 

қадағаланып тұрады. Олардың қызмет көрсету; объектінің персоналының міндетіне жатқызылады.

      Кәсіпорынның бұйрығымен цехтардың арасында техникалық қызмет көрсету аймақтарына бөлінуі,

жауапты тұлғалар тағайындалуы, өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын қадағалау және барлық

жарамды күйінде және ұдайы әзірлікте ұстау үшін бригада (топ) құрылуы тиіс.

      384. Әрбір кәсіпорында бас техникалық басшы бекіткен өртке қарсы ішкі және сыртқы су 

құбырының схемасы болуы тиіс, ол бас (орталық) басқару қалқанында сақталуы керек. Сумен 

жабдықтаудың барлық қол ысырмасы қалыпты режимде ашық және пломбыланған болуы тиіс. Объектідегі

сумен жабдықтаудың схемасындағы кез келген жедел өзгерістер жедел журналда және схемада 

белгіленуі тиіс.

      Өрт сөндіру резервуарларын пайдаланған кезде:

      1) өрт сөндіруге арналған есепте қарастырылған судың қол сұғылмайтын қорын басқа мақсатқа

жұмсауға жол бермеу;

      2) судың қорын уақтылы толтыру;

      3) люктердің қақпақтарын жабық күйде ұстау;

      4) құлашаның (себілмелі резервуарлардың) жағдайын бақылау;

      5) судың ағып кету себебін дереу жою;

      6) барлық жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде орындау қажет.

      Кәсіпорынның барлық өртке қарсы сумен жабдықтау құбыр жолдары қызыл түске боялады.

      385. Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын жекелеген участкелерде өрт дабылының 

автоматты жұмыс істеуін сақтай отырып, кәсіпорынның техникалық басшысының рұқсатымен, өртке 

қарсы қызметке хабарлай отырып және жұмыс орнынан жабдықтарды шығаруға арналған өтінімдер 

журналында тіркей отырып, жедел журналда жаза отырып, қашықтан іске қосу режиміне шығаруға жол 

беріледі:

      1) техникалық қызмет көрсету бойынша реттеу жұмыстарын және өрт сөндірудің автоматты 

қондырғы жабдықтарының жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      2) техникалық жабдық пен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен қорғалатын өндірістік 

құрылыстарда жұмыс жүргізу.

      386. Өртті анықтау және сөндірудің тұрақты қондырғылары (бұдан әрі – өрттен қорғау 

қондырғылары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 

 

қаулысымен



бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес орындалады және пайдаланылады.

      387. Өрттен қорғау қондырғыларының құрамына кіретін жабдықтың жұмысқа үнемі дайындығы, 

ақауларының жоқтығы мен техникалық параметрлерге сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.


      388. Кәсіпорын цехтарына қызмет көрсету аймағы мен жабдықтарды бекіту туралы құжатты, 

өрттен қорғау қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі үшін жауапты персонал мен адамдардың 

санын анықтауды және олардың жұмысқа дайындығын кәсіпорынның басшылығы бекітеді.

      389. Қызмет көрсетуші персонал, тиісті цехтардың бастықтары мен кәсіпорын басшылығы 

техникалық қызмет көрсету бойынша реттеу жұмыстарының жүзеге асырылуына, өрттен қорғау 

қондырғыларын пайдалану бойынша қажетті құжаттарды жүргізуге және сапалы жөндеуге жауапты 

болады.

      390. Өрттен қорғану қондырғыларының жүйесіне енетін жабдықтарды тексеру, ағымдағы және 



күрделі жөндеу жұмыстарын алып жүргізу кестесі ағымдағы жылға жасалады және оны кәсіпорынның 

бас техникалық басшысы бекітеді.

      391. Басқару қалқанына орнатылған өрт дабылының қабылдау станциясының сондай–ақ өртті 

сөндірудің автоматты қондырғыларын басқару аппаратураларының жұмысы қаралады және ауысымда 

қабылдаған кезде кезекші персонал нақты нұсқаулық бойынша тексеріледі, ауысымының жедел 

журналына жазылады.

      Пайдалану және тексеру кезінде анықталған өрт дабылы мен өрт сөндіру қондырғыларындағы 

ақаулықтар мен қалыпты схемадан ауытқулар ақаулар мен жабдықтардың олқылықтары туралы журналда 

(картотека) тіркеледі.

      392. Өрт автоматикасының қондырғыларын жұмысқа әрдайым даярлықта ұстау үшін техникалық 

қызмет көрсету және осы Қағидаларға 

 сәйкес арнайы журналда атқарылған жұмыстар 

4-қосымшаға

туралы жазба болуымен қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

      393. Өрт сөндіру қондырғыларын басқару панельдерінде, өрт дабылын қабылдау станцияларында

, бекіту-іске қосу қондырғыларын басқару тораптарында және сорғы станцияларында қағидаттық 

схемаға және жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жазу мен реттік нөмірі болады.

      394. Бекіту-іске қосу құрылғылары бар үй-жайларда жыл бойы ауаның минималды температурасы

4 С төмен емес шамасында сақталады.

о

      395. Өнімділік пен шығыс бойынша бір үй-жайда өрт сөндірудің өрт сөндіретін құралдарының 



беру құрылғыларының тектілігі қамтамасыз етіледі.

      396. Жарамсыз өрт хабарлағыштардың орнына техникалық параметрлері нашар және өртті 

анықтаудың өзге де бақыланатын белгісі бар, басқасын орнатуға, сондай-ақ хабарлаушыны 

орнатылған жерінен ағытқан кезде дабыл желісінің сүйреткісін шунттауға жол берілмейді.

      397. Су тартқыш құрылғыларды, оның ішінде осы жүйеге жатпайтын санитарлық-гигиеналық 

құрылғыларды өртке қарсы сумен жабдықтау құбыр жолдарына және өрт сөндіру қондырғыларына қосуға

жол берілмейді.

      398. Құбырлар, басқару тораптары және үй-жайлардағы өрттен қорғау қондырғыларының 

сорғылары қызыл түске боялады.

      399. Тиісті цехтың бастығы бекіткен кестеге сәйкес өрттен қорғау қондырғылары үш жылда 

кемінде бір рет технологиялық жабдықтардың немесе бүкіл өндіріс процесінің нақты тоқтауына 

апарып соқпайтын жағдайда оларды жұмысқа қосу арқылы арнайы әзірленген бағдарлама бойынша 

сыналады. Жұмыстың нәтижесі актімен немесе хаттамамен ресімделеді.

      400. Өрттен қорғау қондырғыларының жабдықтарын электрмен қоректендіру ауыспалы токтың екі

тәуелсіз көзінен немесе аккумулятор батареясынан резервтік қоректендіруге автоматты түрде 

ауыстырып қосу арқылы ауыспалы токтың бір көзінен жүзеге асырылады.

      Электрмен қоректендіруді жұмыс жағдайындағыдан резервке автоматты ауысу әрекеті тиісті 

цехтың ауысым бастығы жедел журналға жазылып бас инженер бекіткен кестеге сәйкес тексеріледі.

      401. Кәсіпорындарда қатардан шыққандарды ауыстыру үшін өрт хабарлағыштар мен 

суландырғыштардың 10 % қоры қамтамасыз етіледі.

      402. Басты немесе орталық басқару қалқанынан өрт туралы хабарлау жүйесі персоналды 

эволюциялауға берілген уақыт ішінде жұмыс істеуі тиіс.

      Өрт туралы хабарлау үшін жалпы объектілік дауыс зорайтқыш, сондай-ақ дыбыс құрылғыларының

дабылы (сиреналар, ревуналар және басқалары) қолданылуы тиіс.

      403. Өндірістік, әкімшілік, қоймалық және қосалқы ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар 

өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен (қол және жылжымалы) қамтамасыз етіледі.

      404. Өндірістік үй-жайлардағы, зертханалардағы, шеберханалардағы, қоймалардағы және басқа 

да құрылыс пен қондырғылардағы бастапқы өрт сөндіру құралдары кәсіпорынның тиісті құрылымдық 



бөлімшесіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға сақтауға беріледі.

      405. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін белгілеу үшін үй-жайлардың 

ішіндегі және сыртындағы көрінетін жерлерге «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан 

Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабы 

 сәйкес арнайы белгілер 

17) тармақшасына

орнатылады.

      406. Бастапқы өрт сөндіру құралдары өндірістік және басқа да үй-жайларда, сондай-ақ 

кәсіпорынның аумағындағы өрт қалқандарына (бекеттерінде) орнатылады.

      Өрт сөндіргіштердің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды шағын үй-жайларда 

орнатуға жол беріледі.

      407. Пайдаланылған өрт сөндіргіштер, сондай-ақ пломбылары жұлынған өрт сөндіргіштер тез 

арада тексеру немесе қайта зарядтау үшін алынады.

      408. Көшеде немесе суық үй-жайда орналасқан көбікті өрт сөндіргіштер аяз басталысымен 

жылытылатын үй-жайларға көшіріледі, ал олардың орнына жаңа орны көрсетілген белгілер қойылады.

      Көмірқышқыл және ұнтақ өрт сөндіргіштерді көшеге және температурасы минус 20 С төмен емес 

о

болған кезде жылытылмайтын үй-жайларға орнатуға жол беріледі.



      409. Өрт сөндіргіштердің кез келген түрін тікелей жылытқыштарға ыстық құбырлар жолдарына 

және жабдықтарға орнатуға жол берілмейді.

      410. Асбест жайма, киіз, төсеніш оттан немесе авария кезінде ұшқын мен жану ошақтың 

тұтануынан оқшаулауға арналған жекелеген жабдықты қорғау үшін олар қолданылатын орындарға 

орналастырылады.

      411. Өрт техникасын шаруашылық, өндірістік және өртті сөндіруге немесе объектінің ерікті 

өрт сөндіру құралдарын, жұмысшылар мен қызметшілерді оқытумен байланысты емес басқа да 

қажеттілікке қолдануға жол берілмейді.

      Өртпен байланысты емес апат және дүлей зілзала кезінде өрт сөндіру техникасын арнайы 

талқыланған жоспар бойынша қолдануға болады.

      412. Ерікті өрт сөндіру құралдарының қатарындағы жылжымалы өрт сөндіру техникасы арнайы 

от жағылатын үй-жайларда, жұмысқа дайын күйінде ұсталады.

      Айына кемінде 1 рет осы техника орналасқан үй-жайларда сақталатын арнайы журналға жазылып

, қозғалтқышты іске қоса отырып, агрегаттардың жай-күйі тексеріледі.

      413. Энергетика кәсіпорындарына арналған бастапқы өрт сөндіру құралдарының нормалары осы 

Қағидаларға 

 берілген.

5-қосымшада



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Теория эволюции Эволюционная теория Чарльза Дарвина 2 часть II
assets -> Любовь Шашкова «нет повести прекраснее в ауле…»
assets -> Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ» менің таңдауым – ханафи мәЗҺабы
2015 -> Қазақстан Республикасының
files -> Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет