Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы


Тарату құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

6. Тарату құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін

қамтамасыз ету тәртібі

      225. Жабық тарату құрылғыларының үй-жайлары таза күйде ұсталады.

      Жылына кемінде бір рет дәліздерді шаңнан тазаланады.

      226. Жабық тарату қондырғыларының электр-техникалық жабдықтары Қазақстан Республикасының 

электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастыру және техникалық 

іс-шараларды міндетті түрде орындай отырып, техникалық басшы бекіткен кесте бойынша тазаланады.

      227. Жабық тарату қондырғыларының үй-жайлары мен дәліздерінде тарату қондырғысына қатысы 

жоқ қойма және басқа да қосалқы құрылыстары ретінде пайдалануға, сондай-ақ электр-техникалық 

жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жанатын сұйықтыққа толы ыдыстар мен басқа да 

әртүрлі газы бар баллондарды сақтауға жол берілмейді.

      228. Электр-техникалық жабдықтарды кірден және қалдықтардан тазалау үшін өртке қауіпсіз 

жуатын ұнтақтар мен препараттарда пайдаланылады.

      Айрықша жағдайларда арнайы жууға арналған құралдарды пайдалану техникалық себептер 

бойынша мүмкін болған кезде бір рет қолданғанда 1 л аспайтын жанатын сұйықтықты (еріткіш, 

бензин және басқалары) пайдалануға жол берілмейді.

      Жанатын сұйықтықты пайдаланған кезде олардың сынбайтын материалдан жасалған жабылатын 

ыдыстары ғана қолданылады.

      229. Жабық тарату қондырғыларын дәнекерлеу және өрт қауіптілігі бар жұмыстарды тек 

қажетті өртке қарсы іс-шаралар орындалғаннан кейін шығарылатын жабдықтарда ғана орындауға жол 

беріледі.

      230. Жабық тарату қондырғыларының кабель каналдары мен жер бетіндегі кабельдік науалар 

ұдайы жанбайтын кірпіштермен жабылады. Кабельдердің жабық тарату қондырғыларының ұяшықтарына 

жалғанған жерлерінің отқа төзімділігі кемінде 0,75 сағат жанбайтын тығыздағышы болады.

      231. Ашық тарату құрылғыларының жер бетіндегі кабельдік науалары кабельдік құрылыстардан 

осы науаға жалғанған жерлері, сондай-ақ ашық тарату қондырғыларының аумағындағы тармақталатын 

жерлерінде отқа төзімді тығыздауы көзделеді. Кабельдік каналдардың бір үй-жайдан келесі 

үй-жайға өтетін жерлерінде, сондай-ақ тармақталатын жерлерінде жанбайтын тығыздаулар 50 м сайын

орындалады.

      Кабельдік науалар мен каналдардың тығыздау жерлерін кірпішке қызыл сызықпен белгіленеді. 

Қажеттілік туындаған жағдайда, түсіндірме жазбалары жазылады.

      232. Кабельдік науалар мен каналдарда құмнан жасалған немесе басқа да жанбайтын ұзындығы 

0,3 метрден аспайтын материалдан жасалған белдіктерді қолдануға болады.

      233. Ашық тарату құрылғыларының аумағындағы шөпті мерзімді түрде шауып және жұлып тұрған 

жөн. Құрғақ шөптерді обьектің және қоршалған алаңдарға жапсарлас аумақтарда жағуға жол 

берілмейді.

      234. Ашық тарату құрылғылар аумағының жекелеген учаскелерінде декоративтік ағаштардың 

немесе жапырақты төмен өсетін ағаштардың, оның ішінде аумаққа жалпы шолуға кедергі болмаса, 

жеміс ағашының болуына, ағаштар мен тоқ өткізу бөліктері арасындағы ара қашықтық Заңның 5-бабы 

 сәйкес бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларында анықталған 

19) тармақшасына

электрлік аражабын мүмкіншілігін алып тастауға жол беріледі. Бұл екпелерге агротехникалық кутім

жүзеге асырылады.

      235. Тұрақты персоналы бар шағын станцияларда, сондай-ақ электр станцияларында алғашқы 

өрт сөндіру құралдары жабық тарату құрылғыларының үй-жайының кіреберісіне қойылады. Егер жабық 

тарату қондырғыларын секцияларға бөлінген кезде, өрт сөндіру бекеттері тамбурлар немесе басқыш 

алаңдарына орнатылады.

      Тарату құрылғыларында өртті сөндіру кезінде өрт бөлімшелеріне арналған қорғау құралдарын 

сақтау орындары анықталады. Қорғау құралдары басқа мақсаттарда пайдаланылмайды.

      236. Ашық тарату құрылғыларының аумақтарындағы алғашқы құралдар персоналдарға қолайлы 

арнайы бекеттерде (қалқанның үй-жайларында, камералардың тамбурлары мен басқаларында) 

орналастырылады.

      Ашық тарату қондырғыларының аумағын қарау жолдарында өрт сөндіру құралдарының орнын 

көрсететін белгілер мен жазбалар болады.

      237. Ашық тарату қондырғыларының жылжымалы өрт техникалары орналасқан орындарында (өрт 

сөндірудің жедел жоспарына сәйкес) жерге тұйықтау орнын анықтау және жабдықтау қажет.



      238. Сүртілген материалдар сыйымдылығы 0,5 м  аспайтын арнайы металдан жасалған жәшіктерде

3

сақталады.



      Үй-жайда майлайтын майдың тәуліктік қорын сынбайтын жабық (металл, пластика және басқа да

) ыдыста сақтауға жол беріледі.

      239. Шағын станция аумақтары және су көздері бойынша өтпе жолдар жарамды күйде ұсталады, 

ал қыс мезгілінде жүйелі түрде қардан тазаланылады.

      240. Энергетика кәсіпорнының кабельдік шаруашылығына барлық кабельді құрылыстар (қабаттар,

тоннельдер, шахталар, каналдар, галареялар, эстакадалар), сондай-ақ арнайы металл қораптағы 

немесе арнайы кабельдік конструкциялар бойынша ашық жүргізілген қабельдік желілер жатады.

      Кәсіпорын басшысының бұйрығымен кабельдік шаруашылық өртке қарсы іс-шаралар, тиісті 

құрылыс-монтаждау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуді және кабельдік желіні сенімді түрде 

пайдалануды қамтамасыз ету үшін тиісті цехтарға толығымен немесе учаскелер бойынша бекітіледі.

      241. Тиісті цехтың бастығымен бекітілген кесте бойынша барлық кабельдік құрылыстар жүйелі

түрде тексеріледі.

      Тексеру нәтижелері мен анықталған кемшіліктер жедел журналға немесе жабдықтың ақаулары 

мен олқылықтарына арналған журналға жазылады.

      Арақабырғалар, аражабындар мен басқа да құрылыс конструкциялары арқылы өтетін кабельдік 

желілердің тығыздалған жерлерінде кемшіліктер анықталған кезде, тез арада қайта қалпына келтіру

үшін тиісті шаралар қолданылады.

      242. Қандай да бір қойма, шеберхана қондырғылары, сондай-ақ жабдықтар мен материалдарды, 

оның ішінде пайдаланылмаған кабельдік бұйымдарды сақтауға жол берілмейді.

      243. Кабельдік құрылыстарға су немесе бу, қатты отындардың, майдың, мазуттың немесе басқа

да жанатын сұйықтықтардың, сондай-ақ олардың (су эмульсиясы) тозаңы түскен жағдайда оларды тез 

арада жою шаралары қолданылады.

      Кабельдік құрылыстардағы су, май, мазут және басқа да жанатын сұйықтықтар мен шаңдарды 

жою үшін авариялық жұмыстар ұйымдастыру керек.

      244. Барлық кабельдік үй-жайлар персоналдың тұрақты түрде қызметі көрсетілмейтін 

үй-жайлар қатарына жатады, сондықтан олар жабық болады.

      Кабельдік құрылыстарға қызмет көрсету үшін немесе ондағы жұмыстар үшін электр 

станциясының ауысым бастығының (шағын станцияның кезекшісінің немесе цех бастығының) 

келісімінсіз адамдардың кіруіне жол берілмейді.

      245. Жұмыс өндірісіне арналған нарядтар және кабельдік құрылыстардың схемасын білетін 

кәсіпорынның жұмыскерінің ішінен қадағалаушы бар болған кезде құрылыс-монтаждау және баптау 

ұйымдарының жөндеу персоналдарына рұқсат беруге жол беріледі.

      Бақылау ұйымдарының өкілдері кабельдік құрылыстарды тексеру тек ауысым бастығына хабарлай

отырып, тиісті цехтың лауазымды тұлғасының қатысуымен ғана тексереді.

      Жұмысқа немесе кабельдік құрылысты тексеруге жіберілген тұлғаларға 5 адамнан аспайтын 

топқа бір шам есебі бойынша жеке электр шамы берілу керек.

      246. Кабельдік құрылыстарға, кемінде 50 м сайын жақын жерделі шығаберіс сілтемелері 

ілінеді.


      Секциялық арақабырға есіктеріне жақын жердегі шығаберіске сілтемелері ілінеді. Кабельдік 

құрылыстардың шығу шоктерінің басқыштары тоннель (қабат) бойымен жүруге кедергі келтірмей 

орнатылады.

      247. Кабельдік құрылыстарда персонал болған кезінде (тексеру, жөндеу жұмыстары кезінде 

және басқа да уақыттарда) нақты бағыт бойынша қондырғыны іске қосу қашықтықтан басқару арқылы 

жүргізілуі керек, ал персонал құрылыстан шыққаннан кейін автоматты режимге қайтадан 

ауыстырылады. Бұл кездегі өрт сөндіру қондырғыларының жұмыс режимінің өзгерісі туралы жедел 

журналға жазылады.

      Кабельдік құрылыстардағы өрт сөндірудің автоматты тұрақты қондырғысын жөндеу қысқа мерзім

ішінде жүргізіледі.

      248. Судың бұрылуын немесе автоматты ағызылуын қамтамасыз ететін кабельдік құрылыстардың 

гидрооқшаулағышы мен дренаждық құрылғылары жарамды және жұмыс күйінде қолданылады.

      Дренажды құрылғылардың жұмысы тоқсанда кемінде 1 рет тексеріледі, цехтың ауысым 

бастығының жедел журналына жазба енгізіледі. Анықталған кемшіліктер ақаулар мен олқылықтарға 



журналға (картотекаға) тіркеледі.

      249. Үй-жай ішінде және жанатын кендір жабынын ашпай кабельдік құрылыстарға брондалған 

кабельдерді жүргізуге жол берілмейді.

      250. Кабельдердің сыртқы пластикалық қаптарының зақымдануы байқалған кезде оны жөндеу 

немесе зақымдалған учаскені ауыстыру үшін жедел шаралар қолданылады.

      Кабельдік құрылыстардағы секциялық арақабырғалардың есіктері өздігінен жабылуы, жақын 

жердегі шығаберіске қарай ашылуы және тығыз жабылуы тиіс.

      Кабельдік құрылыстарды пайдаланған кезде есіктер жабық күйінде болады.

      Кабельдік үй-жайларды желдету үшін есіктер ашық болады. Бұл ретте ғимараттың тиісті 

бөлігінде өрт дабылының импульсінен есіктер автоматты түрде жабылады. Есіктердің өздігінен 

жабылу құрылғылары техникалық жарамды күйінде ұсталуы тиіс.

      251. Қабырға, арақабырға және шатыр арқылы өткізілетін кабельдердің орны кемінде 0,75 

сағат өртке төзімділігін қамтамасыз ету үшін тығыздалады. Кабельдік трассаларды тығыздау тек 

отқа төзімді жанбайтын материалдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      252. Жаңа кабельдерді ауыстырған немесе салған кезде кабельдік трассаның өртке төзімді 

тығыздылығын қалпына келтіру жаңа кабельді жүргізгеннен кейін және атқарылған жұмыстардың 

нарядын жабуға дейін жүзеге асырылады.

      253. Өтпелі металл кабельдік қораптардан, сондай-ақ «компрессты-конденсаторлы блоктар» 

түріндегі қораптар мен басқаларынан кабельдердің шығарылуы штуцерлер, металл қолғаптар мен 

құбырларды пайдалана отырып орындалады.

      254. Компрессорлы-конденсаторлы блоктар түріндегі металл қораптарында және басқаларында 

кабельдік жүйелер арақабырғалармен бөлінуі, кемінде 0,75 сағат өртке төзімді материалдармен 

мынадай жерлерде тығыздалады:

      1) басқа кабельдік құрылыстарға кірген кезде;

      2) кабельдік қораптың көлденең учаскелерінде әрбір 30 метр сайын, сондай-ақ кабельдердің 

негізгі ағынының басқа қораптарға тармақталуы кезінде;

      3) кабельдік қораптың көлденең учаскелерінде әрбір 20 метр сайын;

      4) бұдан басқа, аражабындардың үстінен өткен кезде осындай өртке төзімді тығыздықтар 

аражабынның әрбір белгісінде орындалуы тиіс.

      Металл қораптарға орнатылған кабельдік желілердің тығыздану орындары қорап қабырғаларының 

сырт жағына қызыл жолақтармен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда түсіндірме жазбалары 

жазылады.

      255. Энергетика кәсіпорындарының жаңа және кеңейтілген бөліктерінің кабельдік құрылыстары

қабылдау актісі ресімделе отырып, аяғына дейін орындалмай пайдалануға берілуі тиіс. Сумен 

жабдықтау схемасы және кабельдік құрылыстардағы өрт сөндіру қондырғыларының дайындығы, оны 

ұдайы пайдалануға (яғни кабель жүргізу кезінде) беруге дейін судың қажетті қысымын, сондай-ақ 

осы кездегі оның жұмысын қамтамасыз ететін бекіту арматурасын қолмен басқаруын қамтамасыз етеді

.

      256. Құрылыс конструкциялары, жұмыс істеп тұрған дренаждық құрылғылар арқылы кабельдік 



желілердің өтуін тығыздамай-ақ, сондай-ақ өрт сөндірудің автоматты қондырғыларынсыз және басқа 

да өртке қарсы іс-шараларсыз энергетика кәсіпорындарының кабельдік құрылыстарын пайдалану үшін 

қабылданбайды.

      257. «Компрессорлы-конденсаторлы блоктар» түріндегі кабельдік қораптар жылдам алынатын 

қақпақтармен жабылуы, ал бекіту қондырғылары кілтсіз және басқа да құралдарды пайдаланбай 

ашылуы тиіс.

      258. Кабельдік трассалар мен қораптарға қатты отын тозаңының шөгуі (әсіресе қазандықтарда

және жылу беру трактілерінде) бекітілген кесте бойынша отын тозаңының өздігінен жану қабілетіне

байланысты бірақ тоқсанына кемінде 1 рет тазаланылады.

      259. Қайта жаңарту немесе жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жанғыш полиэтиленді 

оқшаулағышы бар кабельді қолдануға жол берілмейді.

      Жаңа кабельдерді өткізген кезде олар жанудың жойылуы немесе отқа төзімділігі бойынша 

қолданыстағы осы кабельдерге бекітілген тізбеге сәйкес болуы тиіс.

      260. Кабельдердің металл қабыршықтары мен олар жүргізілген металл беттері, жанбайтын 

коррозияға қарсы жабындармен қапталады.


      261. Май толтырылған кабельдерді қоректендіретін құрылғылардың үй-жайларында жанатын және

осы қондырғыға қатысы жоқ басқа да материалдарды сақтауға жол берілмейді.

      262. Тарату құрылғылары мен басқа да үй-жайлардағы кабельдік арналар мен қос едендер 

алынбалы-салмалы жанбайтын кірпіштермен жабылуы тиіс. Технологиялық процестерді басқарудың 

автоматты жүйесінің үй-жайындағы ағаш қалқандар, басқару және паркет едендері бар басқа да 

үй-жайлардың қалқандары астынан асбестпен қоршалуы және қаңылтырмен немесе отқа төзімді басқа 

да материалдармен қапталуы тиіс. Алмалы жанбайтын кірпіштерді және тұтас қалқандарды, оларды 

қолмен тез көтеруге арналған құрал-саймандар болу тиіс.

      263. Қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары кезінде кабельдік құрылыстар арқылы кез келген 

транзитті коммуникациялар мен шинасымдарды салу, сондай-ақ түбі тегіс және қорабы бар металл 

люктерді қолдануға жол берілмейді.

      264. Конструкциялар бойынша, каналдарға және науаларға күш кабельдерін бір қатар бойымен,

ал бақылау кабельдерінде қат-қабат немесе жекелеген ұяшықтарында өткізу қарастырылады.

      265. Кабельдердің шоғырлануын 100 мм астам диаметрмен орындауға жол берілмейді. Кабель 

будасының арақабырғалардан, қабырғалардан және қоршаулардан өту кезінде кабельдерді тығыздау 

үшін оларды бір қабатқа, ол қабаттарды бір-бірінен жанбайтын қалыңдығы кемінде 20 мм 

материалмен бөлу қажет.

      266. Трансформаторларды және майлы реакторларды сенімді пайдаланау және олардың өрт 

қауіпсіздігі:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына 

сәйкес жұмыстың номиналды және рұқсат етілген режимдерінің сақталуы;

      2) май сапасының нормасының, әсіресе оның оқшаулағыш қасиеттерінің және температуралық 

режимдерінің сақталуы;

      3) салқындатқыш, реттеу құрылғыларының және жабдықты қорғаудың жарамды күйде ұсталуы;

      4) негізгі және қосалқы жабдықтарға, автоматика және қорғау құрылғыларына сапалы жөндеу 

жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      267. Трансформаторлар мен реакторлардың астындағы май қабылдау құрылғылары, май 

бөлгіштері (немесе арнайы дренаждар) авария кезінде майдың ағып кетпеуі және оның кабельдік 

каналдарға және басқа да құрылыстарға танып кетпеуі үшін жарамды күйде ұстанады.

      268. Май қабылдаудың борттық қоршауларының шегіндегі қиыршық тасты төгінділер таза 

күйінде сақталып, жылына 1 рет жуылып тұруы тиіс.

      Қиыршық тастар қатты ластанған (тозаң, құм және басқалары басып қалған кезде) немесе 

майланған кезде көктемде және күзде жуылады.

      Қиыршық тасты төгінділерінде қалыңдығы кемінде 3 мм, мұнай өнімдерінің қатты шөгінділері 

немесе шөптер өсіп кеткен кезде немесе оны жуу мүмкін болмаған кезде, қиыршық тасты толығымен 

немесе жартылай ауыстырады.

      269. Трансформаторда немесе май реакторында бір мезгілде төгілген ірі қиыршық тасты жуу 

немесе өрт сөндірудің тұрақты қондырғыларын сынау барысында майды бұрып әкету жұмыстары мен 

авариялық ыдыстардың толтырылуы тексеріледі.

      270. Май қабылдау құрылғылары борттық қоршаулары жерден кемінде 150 мм биіктікте қиыршық 

тас төгілген барлық периметрі бойынша орындалады.

      Трансформаторлар мен майлы реакторлардың тегістелу орындарында ернеу борттық қоршаулар 

майдың төгілуінің алдын алады және жөндеу кезінде толығымен қалпына келетін, тез тазаланылатын 

материалдан дайындалады.

      271. Кабельдік каналдардың қабырғалары майлы реакторлар мен трансформаторлардың май 

қабылдағыштарының борттық қоршаулары ретінде пайдаланылмайды.

      272. Автоматика және қорғауды басқару шкафтарына, сондай-ақ трансформатордың тармақталған

қораптарына кабельдік желілерді кіргізу суға төзімді жанбайтын материалдармен тығыздалады.

      273. Трансформаторлардан майлы реакторлармен, ажыратқыштардан майды қабылдауға арналған 

авариялық ыдыстар жылына кемінде 2 рет, сондай-ақ қатты жауған жаңбырдан, қар ерігеннен және 

өрт сөндірілгеннен кейін тексеріледі. Тұрақты деңгей өлшегіштері жұмысқа қабілетті қалпында 

болады.


      274. Майлы реакторлар мен трансформаторлар жабдықталған тұрақты өрт сөндіру қондырғылары 

техникалық ақаусыз қалпында және жобаға сәйкес болады.



      Осы қондырғының құбыр жолдарының жүйесі мен бекіту арматуралары қызыл түске боялады.

      Тұрақты өрт сөндіру қондырғыларының жұмысы, трансформатордың немесе майлы реактордың өрт 

сөндіру құрамының (су, көбік) толығымен сулануы оларды технологиялық ажырату мүмкіндігі болған 

кезде (8 сағат немесе одан артық уақытқа), сондай-ақ осы күш жабдықтар жөндеу жұмыстары 

жүргізілгеннен кейін тексеріледі.

      Сынақ жұмыстарының нәтижелері жедел журналға, ал ескертулер жабдықтардың ақаулары мен 

олқылықтарына арналған журналға (картотекаға) жазылады.

      275. Трансформатордың пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарының жанында орналасқан 

жабдықтарға немесе құрылыстарға қарай бағытталмайды (30 м жақын), сондай-ақ персоналдың жолына 

орнатуға болмайды. Қажет болған жағдайда итергіш қалқандар орнатылады.

      Пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарындағы жарғақ қондырғысы мен материалы техникалық 

талаптарға сай болуы тиіс.

      Оларды дайындаушы зауытта шығарылмаған материалдан дайындауға жол берілмейді.

      Трансформаторды қарау кезінде жарғақты толығымен бақылау мүмкіншілігі қамтамасыз етіледі.

      276. Қиыршық тас төгілетін жерлерде немесе май қабылдағышқа жаңа майдың тамшысы байқалса,

тез арада оның тамған жерлерін анықтап, жұмыс істеп тұрған май толтырылатын жабдықтардағы 

қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қайта тамуының (ернемекті қатайтып бұрау, жарықшақты 

дәкерлеу) алдын алу шараларын қолдану ұсынылады.

      277. Трансформаторда (немесе майлы реакторда) өрт туындаған кезде, егер ол релелік 

қорғаудан ажыратылмаса және жерге тұйықталмаса, барлық кернеулі майдан ажыратылады. Персонал 

тұрақты өрт сөндіру қондырғысының қосылуын бақылауы, өртке қарсы қызметті шақыруы және әрі 

қарай өрт сөндірудің жедел жоспарына сәйкес әрекет етуі қажет.

      278. Трансформатор немесе майлы реакторда өрт болған кезде корпустан майды құйып алуға 

жол берілмейді, себебі от орамаларға таратылып, оны сөндіру қиынға соғады.

      279. Өрт техникасы орнатылған жерлер жабдықталынып, жерге тұйықталған жерлер белгіленеді.

      Жылжымалы өрт техникасының жерге тұйықтау орындарын өртке қарсы қызмет гарнизонының 

өкілімен бірге энергетикалық обьектінің мамандары анықтайды және жерге тұйықтау белгілерімен 

белгіленеді.

      280. Егер өрт сөндіру қондырғыларының қарастырылған жоба бойынша толық дайындығы 

қамтамасыз етілмесе, шағын станциялар мен электр станцияларындағы майлы реакторлар мен 

трансформаторларды пайдалану үшін іске қосуға жол берілмейді.

      281. Аккумуляторлық батареялар үй-жайының есігіне тиісті жазулар, сондай-ақ қауіпсіздікке

қажетті ескерту және тыйым салу белгілері ілінеді.

      282. Аккумуляторлық батареялардың негізгі және қосалқы үй-жайлардағы электр 

қозғалтқыштарын және электр өткізгіштерін ауыстыру немесе жөндеу кезінде Қазақстан 

Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жарылу қаупі бар

аймақтарда оларды монтаждауға орнату мен пайдалануға қойылатын талаптар ескеріледі.

      283. Аккумуляторлық батареялардың үй-жайларында зарядты қондырғылармен бұғатталанатын 

және номиналды жұмыс режимін қамтамасыз ететін ағызу-сору желдеткішінің ахуалы жүйелік түрде 

тексеріледі.

      284. Тұрақты аккумуляторларды орнату үшін едендер мен стеллаждар Заң талаптарына және 

техникалық шарттарға сәйкес орындалады.

      285. Аккумуляторлық батареяны қайта жаңғырту кезінде үй-жайларды желдеткіштер каналдары 

арқылы ұшқын шығаруға қарсы қондырғыларды пайдалана отырып, осы үй-жайдан тыс орналасқан 

калориферлік қондырғымен жылытылуы мүмкін.

      Аккумуляторлық үй-жайлардағы сумен және бумен жылыту құбыр жолдары балқытып біріктіріледі

.

      Ернемекті қосылыстар мен вентильдерді орнатуға жол берілмейді.



      286. Қышқыл және сілті аккумуляторларын жөндеу мен сақтау әртүрлі үй-жайларда жүзеге 

асырылады.

      287. Аккумуляторлық үй-жайларда ауа-газды ортаның дуалы желдету кезінде жоғары жағынан да

, төмен жағынан да жүргізіледі.

      Егер төбеде шығыңқы конструкция немесе еңіс болса, төбенің жоғары жағынан бастап, әрбір 

бөліктерден ауаны сору ұсынылады.



      288. Аккумуляторлық батареялардың үй-жайларын табиғи жарықтандыру кезінде терезелердің 

әйнектері күнгірт болуы тиіс немесе агрессивті ортаға төзімді ақ желімді сырмен боялады.

      289. Аккумуляторлық батареялардың үй-жайларында дәнекерлеу шамын пайдалана отырып, жұмыс 

істеу батареяның заряды таусылғаннан кейін үй-жайды мұқият желдетіп, ауасы тазартылған жағдайда 

жүргізіледі.

      290. Аккумуляторлық батареялардың үй-жайларында темекі тартуға, ауысым қажеттілігінен 

асып кететін көлемде қышқылмен сілтіні сақтауға, арнайы киімдерді және бөгде заттар мен жанатын

материалдарды қалдыруға жол берілмейді.



7. Қойма шаруашылығын пайдалану тәртібі

      291. Энергетика кәсіпорны аумағындағы қойма ғимаратына еркін кіру қамтамасыз етілуі тиіс.

      Ашық қоймаларда материалдар мен жабдықтарды сақтаудағы қатар арасы және өрт сөндіру 

машиналары өтетін жолының ара қашықтығы кемінде 5 м болуы көзделеді.

      292. Қойма аумағында мыналарға:

      1) ғимараттар арасындағы, материалдар мен жабдықтардың қатарлары арасындағы өртке қарсы 

жарылу мен өту жолдардын қоршауға, сондай-ақ оларды ұзаққа созылмайтын уақытқа ғимараттарға 

орнатуға;

      2) қаптамаларды, ыдыстарды және басқа да қалдықтарды өртеуге;

      3) қойманың жүк түсіретін аумағында жүктер мен көтеру механизмдерін сақтауға жол 

берілмейді.

      293. Қоймаға іргелес аумақтан барлық жанатын қалдықтарды, қаптамаларды, қоқыстарды жүйелі

түрде шығарып тастау тиіс.

      294. Қоймаларда материалдық құндылықтарды сақтау қағидалары орындалады, атап айтқанда:

      1) тез жанатын және жанғыш сұйықтықтар басқа материалдардан бөлек жерде жиналады;

      2) лактар, бояулар мен еріткіштер бөлек сақталады;

      3) газ баллондары мен уытты заттар бөлек сақталады.

      Әртүрлі материалдар мен жабдықтар, олардың жану біртектілігінің белгілері бойынша жинау 

және сақтау үшін және оларға өрт сөндіру құралдарын дайындау (су, көбік және басқалары) үшін 

топталуы тиіс.

      295. Жерасты немесе цоколды қабаттарда орналасқан қойма үй-жайларында кемінде екі шығатын

жер немесе бір шығатын жер және адамдарды тікелей бірінші қабатқа эвакуациялау үшін, сондай-ақ 

өрт сөндіру құралардарын кіргізу үшін терезе болады.

      296. Қоймадағы стеллаждар металдан жасалады. Қоймалық үй-жайлардың ішіндегі барлық ағаш 

конструциялар, оның ішінде ағаш стеллаждар өртке төзімді қоспалармен өңделеді.

      297. Жекелеген ғимараттарда кеңсе үй-жайларын орнату мүмкін болмаған жағдайда сыртқа 

шығатын бөлек құрылғысы бар, 0,75 сағ. отқа төзімді жанбайтын материалдан жасалған санаусыз 

арақабырғалармен және аражабындармен бөле отырып, оларды қоймаға қоюға жол беріледі.

      298. Шамшырақтардан сақталатын жанғыш материалдар мен бұйымдарға дейінгі ара қашықтығы 

кемінде 0,5 м болуы тиіс. Шамшырақтар әйнекті плафондарға (қалпақтарға) ілінуі тиіс.

      299. Тиелген материалдар мен жабдықтар дереу тұрақты сақтау орнына жиналуы тиіс.

      300. Қоймалық үй-жайлардағы стелаждарда сақталмайтын тауарлар қатарға жиналады. Қоймадағы

есіктің саңылауына қарама-қарсы жерде ені есіктің еніне тең, бірақ кемінде 1м өтетін жер 

қалдырылады.

      Стеллаждардар, қатарлар арасындағы өтпе, сондай-ақ стеллаждар, қатарлар мен қабырға 

арасындағы өтпенің ені кемінде 0,8 м болуы тиіс.

      301. Қойма үй-жайларында мыналарға:

      1) шылым шегуге, ашық отты пайдалануға;

      2) әртүрлі материалдар мен жабдықтарды жылыту құралдарынан кемінде 1 м арақашықтықта 

жинауға;


      3) транзиттік коммуникацияларды (кабельдер, газ құбырлары, бу, су және басқалары) 

жүргізуге;

      4) стеллаждар, қатарлар арасындағы өтпелерге, сондай-ақ стеллаждар, қатарлар мен қойма 


қабырғаларының арасындағы өтпелерге де, уақытша болса да, әртүрлі материалдарды жинауға жол 

берілмейді.

      302. Қойма үй-жайларында үлкен көлемде материалдық тауар кұндылықтарын сақтаған кезде 

қойма үй-жайларының ауданы өртке қарсы қабырғаларды орната отырып, жолымен 1500 шаршы метр (м ) 

2

дейін шектеледі. Бұл қабырғаларда қандай да бір ойықтың болуына жол берілмейді.



      303. Қойманы жабар алдында жауапты адам үй-жайды түгел аралап, электр жүйесін ажыратып, 

қойманы бекітуі керек. Қойма күзет қызметіне өткізілетін болса, үй-жайды аралау күзет өкілімен 

бірге жүргізіледі.

      Байқау нәтижелері осы Қағидалардың 

 көрсетілген арнайы журналға тіркеледі.

1-қосымшасында

      304. Кернеуді түсіру үшін арналған ажыртау құрылғысы (автомат, рубильник және басқалары) 

қойма үй-жайынан тыс жанбайтын қабырғаға, ал жанатын және қиын жанатын қойма ғимаратында - 

бөлек тұрған бағанаға орнатылады.

      305. Қойма үй-жайының аумағына және көрінетін жерлерге тыйым салу және ескерту белгілері 

ілінеді.

      306. Лактар, сырлар, олифтер және әртүрлі еріткіштер металл бөшкелерде, (өнімнің 

біртиптілік принципі сақталған кезде) банкілерде және басқа да тығыз жабылатын ыдыстарда бөлек 

үй-жайларда немесе қойманың бір бөлігінде (бокстерде) сақталады.

      307. Өзінен-өзі жанатын металл ұнтақтары тығыз жабылатын (алюминий пудрасы, магний ұнтағы

және басқалары) металл банкілерде құрғақ үй-жайларда сақталады.

      308. Нитролактарды, нитросырларды және еріткіштерді жерасты үй-жайларында сақтауға жол 

берілмейді.

      309. Лактар мен сырлар жарылысқа қарсы қауіпсіздендірілген, желдету және жарық жүйесімен 

жабдықталған бөлек үй-жайда сақталады және шығарылады.

      Лактарды, сырлар мен еріткіштерді құюға арнайы қол сорғыларын, өлшегіштерін немесе басқа 

да кіші механизация құралдарын пайдаланған жөн.

      310. Төгілген олиф, сыр немесе лак тез арада кетіріледі, төгілген орын тазаланады. Сүрту 

материалдарын қоймадан алып кету қажет.

      Қойма үй-жайларында, оның ішінде сыр дайындайтын жерлерде еденге жанатын материалдарда 

пайдалануға жол берілмейді.

      311. Нитролактар мен нитросырлар құйылған бөшкелерді ашу үшін соғылған және үйкелген 

кезде ұшқын тудырмайтын аспаптар қолданылады.

      312. Бояуға арналған материалдардан босаған бос ыдыстар оқшауланған, қоршаулы алаңдарда 

немесе осы мақсатқа арналған және желдеткіші бар жеке үй-жайда (бокста) сақталады.

      313. Жарылу және өрт қаупі бар материалдар мен заттар (лактар, бояулар, еріткіштер, 

химилялық заттар мен басқалары) сақталатын қойманың немесе үй-жайдың (бокстың) қақпаларының (

есіктерінің) сыртына мемлекеттік стандартта көздеген өрт қауіпсіздігінің тиісті белгілері 

ілінеді, сондай-ақ Осы қағидаларға 

 сәйкес өртке қарсы режимінің жекелеген талаптары

2-қосымшаға

мен плакаттар ілінуі мүмкін.

      314. Жанғыш заттармен, сумен, ауамен түйіскен кезде өзінен-өзі жанатын немесе жарылатын 

қойыртпақтар пайда болатын химиялық реактивтер мұндай түйісулер мүмкіндігі жойылған арнайы 

үй-жайлар мен ыдыстарда сақталады.

      315. Өрт кезінде еритін химиялық заттарды сақтайтын үй-жайда еріген заттың еркін ағуын 

тежейтін шаралар қарастырылуы тиіс.

      Қышқылдар сақтайтын қоймаларда (бөлмелерде) оларды бейтараптандыратын дайын бор ерітіндісі

, ұнтақтар болуы тиіс.

      316. Өрт сөндіруге қажетті алғашқы құралдар қойма үй-жайында кіре беріске орнатылады.

      Өрт сөндіру құралдарына баратын өту жолы (уақытша болса да) қоршалуына жол берілмейді.

      Азот пен күкірт қышқылын сақтаған кезде олардың ағашпен, сабанмен және органикалық басқа 

да заттармен қосылуына жол берілмейді.

      317. Ағызу-сору желдеткіші жарамсыз болған кезде лакпен бояу үй-жайы мен қойма 

үй-жайларын пайдалануға жол берілмейді.

      318. Баллондарды пайдалану, сақтау және кәсіпорындарға тасымалдау кәсіпорынның бас 

инженерінің бекіткен нұсқаулығы бойынша жүргізіледі.

      Баллондарды сақтайтын жабық қоймалар бірқабатты және жанбайтын құрылыс конструкцияларынан


жасалған болуы тиіс.

      Ашық алаңдарда баллондар күн көзінен және атмосфералық жауын-шашын әсерінен қорғайтын 

қалқа астында сақталады.

      319. Баллон қоймаларының үй-жайларында басқа да материалдар мен жабдықтарды сақтауға, 

сондай-ақ жалпы қоймаларда газ баллондарын бірге орналастыруға жол берілмейді.

      320. Баллондары бар қоймалардың еденіне жанғыш материалдар қолданылмайды.

      Жанғыш газы бар баллондар құлаған немесе домалаған кезде еденнен ұшқынның туындамайтындай

болады.


      321. Жанғыш газға толы баллондарға арналған қоймалар жарылу қауіпсіздігін сақтай отырып 

орындалатын электр жарықтандыру құрамдарымен жарықтандырылады. Ажырату құрылғылары (автоматтар, 

рубильниктер мен басқалары) жарықтандыру арматурасы мен сақтандырғыштар сыртқа шығарылады.

      322. Қойма үй-жайларындағы табиғи немесе жасанды желдету жүйесі жұмыс істеп тұруы қажет.

      Осы қойма үй-жайы желдеткішінің жүйелері жарамсыз болған кезде жанған газбен толтырылған 

баллондардың жабық қоймалары пайдаланылмайды.

      323. Толтырылған баллондар тік күйінде сақталады, сондықтан да ашық және жабық қоймалар 

баллондарды құлаудан сақтайтын «ұяшықтармен» немесе «бөгеттермен» жабдықталады. Толтырылған 

және бос баллондар бөлек сақталады.

      324. Ашық алаңдарда сақтаған кезде баллондар жіп, ағаш бөренеде немесе резеңке жабыны бар

қатарға көлденең арасына қоюға рұқсат етіледі.

      Баллондарға екеуден жіп немесе резеңке сақиналар кигізуге болады. Баллондарды тік және 

көлденең контейнерлерде (пакеттерде) сақтауға болады.

      Баллондарды көлденеңнен сақтаған кезде штабельдегі баллондар қатары бестен аспауы, ал 

баллондардың барлығының бұрағыштары бір жаққа бағытталуы тиіс.

      325. Үй-жайдың жылу жүйесімен орталықтандырылған болуы тиіс (бумен немесе сумен).

      Жылытылатын үй-жайлардағы газы бар баллондар жылу радиаторларынан кемінде 1 м, ал басқа 

қарқынды жылу көздерінен және ашық отты ошақтардан кемінде 5 м қашықтықта орналасады.

      326. Бір үй-жайда оттегімен және жанғыш газбен толтырылған баллондар мен жарылу қаупі бар

қоспалар пайда болуына әкеп соғуы мүмкін газбен толтырылған баллондар сақталмайды.

      Оттегі мен толтырылған баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде оларға майдың тамуына 

және майланған материалдардың оттегі мен толтырылған баллондардың арматурасына үйкелуіне жол 

берілмейді.

      Сығылған газбен толтырылған баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде бұрама 

қақпақшаларды баллондардың басына бұрап, олардың соққыдан зақымдалмауын қамтамасыз ету керек.

      Оттегі мен жанғыш газдарға арналған бос баллондармен жұмыс істеу кезінде толтырылған 

баллондармен жұмыс істеу кезіндегідей өрт қауіпсіздігінің шаралары сақталады.

      327. Баллон тұрған қойманы айнала 50 м радиуста битумқайнатқыштарды орнатуға, от жағуға 

және жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.

      328. Жарылу және өрт қаупі бар газ баллондарының қоймалары кәсіпорынның жайдан қорғау 

аймағында болады. Осы талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда жеке жайдан қорғауды қолданады.


Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Теория эволюции Эволюционная теория Чарльза Дарвина 2 часть II
assets -> Любовь Шашкова «нет повести прекраснее в ауле…»
assets -> Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ» менің таңдауым – ханафи мәЗҺабы
2015 -> Қазақстан Республикасының
files -> Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет