Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы


Шаң дайындау және жылу-қуатты қондырғыларының өрт



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

4. Шаң дайындау және жылу-қуатты қондырғыларының өрт

қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      151. Диiрмендер, сепараторлар, циклондар мен басқалары жататын шаң дайындау қондырғылары 

(бұдан әрi – шаң дайындау қондырғылары) ОЖҚҚ-ның талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      152. Әрбiр шаң дайындау қондырғысы үшін мiндеттi түрде жарылғыш және өрт қауiпсiздiгiнің 

талаптары берілген бөлім енгізілген жергiлiктi пайдалану нұсқаулығы әзірленеді.

      Негiзгi және қосалқы жабдыққа арналған жергiлiктi пайдалану нұсқаулығын кәсіпорынның бас 

инженері бекiтедi.

      153. Қайта жөнделген немесе күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен шаң дайындау қондырғыларын 

іске қосу қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін және осы қондырғыларды іске қосу мен 

пайдалануда тәжірибесі бар жауапты тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады.

      154. Пайдалану алдында тораптық сынау, негізгі және қосалқы жабдықтарды сынама іске қосу 

немесе олардың бос жүрісінде кешенді сынау жүргізіледі.

      1) жабдықты сынауға немесе кешенді сынауға басқару, қорғау, бұғаттау және байланыс 

құралдары тартылуы тиіс, сондай-ақ сақтандыру қондырғылары тексеріліп, өрт сөндіру құралдарының

жұмысына дайындалады.

      2) қондырғыны іске қосу алдында құбыр жолдар мен жабдық элементтерінің барлық ыстық 

беттері жанбайтын жылуды оқшаулау материалдармен оқшаулау жұмыстарын аяқтау қажет.

      Ыстық құбыр жолдарындағы жылу оқшаулағышы кабельдік желі, мұнай өнімдері мен жанғыш 

газдар өтетін құбыр жолдарына 3 м жақын орналасқан орындарда металл немесе басқа да жанбайтын 

жабындымен жабылады.

      155. Шаң дайындау қондырғыларын монтаждаудан, күрделі жөндеуден немесе ұзақ уақыт тоқтап 

тұрғаннан (3 тәуліктен астам) кейін жабдықтарды тексермей және жинамай, барлық люктердің 

жабылуын тексермей, сондай-ақ технологиялық қорғау, бұғаттау және өрт сөндіру қондырғыларының 

жүйелерінде ақауы бар болған кезде, іске қосуға жол берілмейді.

      156. Шаң дайындау қондырғыларын іске қосу, оның ішінде жөндеу жұмыстарынан кейін де іске 

қосу барлық жөндеу, оқшаулау және жөнге келтіру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, айқындалған

ақаулар жөнделгеннен кейін, әсіресе жарылу және өрт қауіпсіздігіне қатысты, сондай-ақ 


құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құрылыс ағаштары мен басқа да 

құрал-саймандарды алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      157. Шаң дайындау қондырғылардың жұмысының барлық режимінде кептіру агентінің 

температурасы, қатты отынның сипаттамасы мен технологиялық схемасын ескере отырып, пайдалану 

жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда көрсетіледі.

      158. Шаң дайындау қондырғыларының жұмыс істеу кезінде сақтандыру құрылғысының тұтастығын 

кезекші персонал жергілікті нұсқаулықта айқындалған кесте бойынша, бірақ тоқсанына кемінде 1 

рет сырттан қарай отырып, мерзімді түрде тексеру қажет.

      Шаң дайындау құрылғыларының жүйелерінде болған жарылыстан кейін барлық сақтандыру 

клапандары тексеріледі.

      Барлық байқалған ақаулар (тығыздылықтың бұзушылығы) туралы ауысым бойынша жетекшісіне 

хабарланады және жедел журналға жазу енгізіледі.

      159. Шаң дайындау қондырғыларын сақтандыру қондырғылары үшін құрылыстың ішкі жағынан 

асбесттен немесе металдан (металдың жұмсақ түрі, алюминий) жасалған және өндіруші зауыттың 

техникалық талаптарына сәйкес есептелген, әзірленген және орнатылған диафрагма қолданылады.

      Ғимараттардың сыртына тек металдан жасалған диафрагмалар орнатылады.

      160. Шаң жүйесіндегі сақтандыру құрылғысының мойнына қарсы 10 м жақын қашықтықта жаңа 

кабельдік трассаны төсеуге жол берілмейді.

      Көрсетілген қашықтықта өтетін қолда бар кабельдік трассалар ұзындығы кемінде 5 м болатын 

металл қаптамамен (қорабымен) қапталады немесе сақтандыру клапандарының маңына құлату 

қалқандары орнатылады.

      Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газ-шаң қоспасының шығарылу мүмкіндігінде 

жабдықтың қалыпты жұмыс істеу үшін сақтандыру қондырғыларының маңына құлату қалқандары 

орнатылады.

      161. Үй-жайлар мен жабдықтарды жинау кесте бойынша жүргізіледі. Жинау кестесі мен тәртібі

жергілікті нұсқаулықтармен белгіленеді.

      162. Шаң бункерлерінде, диірмендерде және шаңды дайындау жабдықтарында тек ерекше 

жағдайда қазандықтың шаңды беру механизмдері жұмыс істемеген жағдайда ғана, сондай-ақ өздігінен

жану мен жарылыс көзі болып табылатын шаңның жабысуы және жатуы өртті сөндіру үшін буды 

пайдалануға жол беріледі.

      Буды беру құрылғылары көлемінің кемінде 35% шеңберінде жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      Басқару сырмаларында тиісті жазбалар жазылады және олар қызмет көрсетудің негізгі 

белгілермен орнатылады.

      163. Бункерлердегі өртті табу жүйесі шаң температурасының артуы немесе басқа да өлшемдері

бойынша жұмысқа қабілетті күйде ұстанады және осы отын түріне арналған қондырғылардың жол 

берілген шегінен артқан кезде «Бункерде өрт» басқару дабыл беріледі. «Бункерде өрт» деген дабыл

пайда болған кезде мынадай шаралар қолданылуы қажет:

      1) ауысым бойынша жетекші адамға осы жағдай туралы тез арада хабарлау;

      2) жұмыс істеп тұрған қазандықтың авариялық бункерін ең жоғары белгіге дейін шаңмен 

толтыру, сондай-ақ қөмір қышқылды (немесе басқа да инертті газын) бункерге беру, шаңмен 

толтырылған бункердегі жұмыс істемейтін қазандықтарға тек қөмірқышқылын (инертті газ) береді;

      3) температура артуы жалғастырған жағдайда, өрт сөндірудің жедел жоспарына сәйкес жұмыс 

істеу.

      Барлық іс-әрекеттер туралы цехтың жедел журналына тиісті жазбалар енгізіледі, сондай-ақ 



осы Қағидалардың 

 8) тармақшасының талаптары орындалады.

3-тармағы

      164. Қазандықтың ұзақ уақытқа тоқтап қалуының алдында бункерлердегі шаң жанады. 

Бункерлерді қысқа уақыт ішінде қөмір қышқылмен (инертті газбен) толтыру (консервациялау үшін) 

ұсынылады.

      Бункерлер көмір қышқылымен (инертті газбен) және қазандықтың шаң дайындау жүйесінің аз 

уақыт тоқтап қалған кезінде толтырылады. Көмір қышқылын беру туралы (инертті газ) жазба цехтің 

жедел журналына жазылады.

      165. Жұмыс істеп тұрған шаң дайындау қондырғыларында люктер мен лаздарды ашуға жол 

берілмейді.

      Тоқтатылған шаң дайындау қондырғыларының люктері мен лаздарын ашу шаңның көтерілуін және 



жарылу қаупінің туындауын, сондай-ақ отынның бықсып жатқан ошақтарының шашылуының алдын алу 

мақсаттарында абайлап жүргізіледі.

      166. Өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тұрақты орындарына шығару мүмкін емес құрылыс 

конструкцияларында және жабдық тетіктерінде ғана дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу қажет.

      167. Шаң дайындау қондырғыларының үй-жайында немесе жабдықта жану ошақтары мен өрт 

туындаған кезде ауысым бойынша жетекші адамға оқиға туралы хабарлауы және сөндіру шараларын 

қабылдануы қажет.

      Шаң дайындау жабдықтарының ішінде және сыртында өртті сөндіру үшін шаңды қосымша көтере 

алатын сөндірудің сулы көбікті құралдары (тұтас ағынды) қолданылмайды.

      Өрт краны су шашатын өрт діңгектерімен жабдықталады.

      168. Қазандық қондырғыларын орнату ОЖҚҚ-ның техникалық талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      Монтаждаудан, жөндеуден немесе олардың ұзақ уақыт (3 тәуліктен астам) бойы тоқтап 

тұруынан кейін қазандарды іске қосар алдында барлық қосалқы механизмдер, қорғау, басқару, өлшеу

, бұғаттау, байланыс құралдары мен ауа жылытқыштардың өрт сөндіру жүйелері, сондай-ақ өрт 

сөндіру крандары қазандардағы қызмет көрсетудің негізгі белгілері бойынша тексеріледі (сыналады

) және жұмысқа әзірленеді.

      Жабдықтарды іске қосу мен қазанды жағу оларды іске қосу мен пайдалануда тәжірибесі бар 

лауазымды адамның басшылығымен жүргізіледі.

      169. Мынадай жағдайларда:

      1) технологиялық жабдықтардың номиналды режимді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін, 

сондай-ақ өрт қаупін туғызатын ақауы бар болған кезде;

      2) қазан жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптары (оның ішінде

– тіркейтін) жұмыс істемейтін кезде;

      3) басқару тізбегінде, сондай-ақ қазанның тоқтауына әсер ететін технологиялық қорғау мен 

бұғаттауында ақаулары бар болған кезде;

      4) оқшаулау жұмыстары аяқталмаған және құрылыс ағаштар алынбаған кезде;

      5) өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінде номиналды режим қамтамасыз етілмеген және өрт 

сөндіру құралдары дайын емес кезде қазанды жағу операциясын бастауға жол берілмейді.

      Жағу алдында (алау сөнгеннен кейін және қазан тоқтағаннан кейін), рециркуляциялықпен қоса

, пеш пен газ жолдарын желдету қажет.

      Желдету кезінде бекіту және реттеу аппараттары пеште, газ жолдарында, ауа өткізгіште және

оттықта желдетілмейтін (тұрып қалған) аймақтың пайда болуының алдын алуды, сондай-ақ қазан 

жүйесінде жарылу қаупі бар қоспалардың пайда болуының алдын алуды қамтамасыз ететіндей 

орнатылады.

      Қазанды газбен жағуға дайындық кезінде қазанға келетін газ құбыры арнайы балауыз арқылы 

үрленуі қажет. Газ құбыры учаскені газбен үрлеу уақыты жергілікті пайдалану нұсқаулығында 

анықталады, бұл ретте газдағы оттегінің құрамы 1 % аспауы тиіс.

      Үрлеу шамы арқылы жіберілетін газды жағуға жол берілмейді. Іске қосу іс-операциялары мен 

газ құбырын үрлеген кезде оны дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды, үрлеу шамдары 

арқылы газ шығару аймағында жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Табиғи газ конденсатының қазанға түсуінің алдын алу үшін ұйымдастыру және техникалық 

іс-шаралар қолданылады. Конденсатты жинау мен газ құбырынан шығару құрылғылары жарылу және өрт 

қауіпсіздігі талаптарына сай болуы қажет.

      170. Персонал жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазандық қондырғыларының белгіленген 

жағу режимінің сақталуын қатал бақылайды.

      Қазанның газ өткізгішіндегі (ауаны жылытқыш) шөгінділердің жануы туралы дабыл түскен 

кезде:

      1) газ өткізгішіндегі немесе ауаны жылытқыштағы өрттің тұтануы туралы ауысым жетекшісіне 



хабарлау;

      2) қазанды тоқтату;

      3) ауа жылытқыштың өрт тұрақты сөндіру қондырғысына суды жеткізу немесе қазанның шыны ауа

жылытқыштары болған кезде газ өткізгішіне қаныққан буды жеткізу ысырмасын ашу қажет.

      171. Ауа жылытқыштың температурасы әрі қарай көтерілген кезде жедел өрт сөндіру жоспарына

сәйкес іс-шаралар жүргізіледі:



      1) қазандық бөлімшесінде өрт пайда болған кезде егер өрт немесе жанып кеткен қалдықтары 

қызмет көрсететін персоналдың өміріне қауіп төндірсе, сондай-ақ жабдықтарға, басқару тізбектері

және қазанды қорғауға зақым келу қаупі болса, қазан дереу тоқтатылады.

      2) қазандық цехының үй-жайларында өрт пайда болған кезде өртке қарсы қызметті дереу 

шақыру қажет және от немесе жоғары температурасы тікелей әсер ететін аймақта орналасқан газ 

және мазут жолдарының учаскелерін ажырату қажет.

      Жанатын материалдардан газ және мазут жолдарын босату шаралары қабылданады.

      Қазандық бөлімшелерінің ішіндегі мазут және газ жолдарының енгізу ысырмасы, арынды және 

кері желілерде «Өрт болған кезде» деген маңдайшалар ілінеді.

      Көрсетілген ысырмаларға бару жолдарын жабдық тетіктерімен және материалдармен қоршауға 

жол берілмейді. Қызмет көрсетуші персонал енгізу ысырмасын орнататын жерлерді жақсы білуі қажет

.

      Мазут және газ жолдарында үйкелу немесе соғу кезінде ұшқын шығармайтын материалдан 



жасалған тығызданған сақинасы бар тек болат арматура ғана қолданылады.

      Арматураның, ернемектердің немесе құбыр жолдарының тығыздамаларының тығыздылығының бұзылу 

салдарынан төгілген немесе ағып кеткен мазутқа сусымалы материал (құм және басқалары) шашылады 

және дереу жиналады. Мазут төгілген жердің мұқият сүртілгені жөн.

      172. Мазут жолдарында жанбайтын жылу оқшаулағыш қолданылады және пайдаланылады.

      Жанғыш құбыр жолдарының жылу оқшаулағышына авариялық жағдайларда май немесе мазут тамған 

кезде жылу оқшаулағыштан жанатын сұйықтықты ағызып жіберу шаралары дереу қолданылады.

      Осындай жағдайларда жылу оқшаулағыш учаскелерін ыстық сумен немесе бумен тазалаған жөн, 

ал егер бұл шара көмектеспесе (оқшаулағыш қанық сіңірілген кезде), бұл жылу оқшаулағыш учаскесі

толығымен ауыстырылады.

      Жүйелі түрде, бірақ жарты жылда кемінде бір рет, құбыр жолдарының, жабдықтардың және 

бункерлердің жылу оқшаулағышының жай-күйі сырттай бақыланады. Анықталған бұзушылықтар 

жабдықтардың ақаулықтары мен олқылықтарына арналған журналға тіркеледі.

      Жоғары температуралы жылу тасымалдағышы бар құбыр жолдарының жылу оқшаулағыштарының ісіну 

мен қабыршықтану орындарына ерекше бақылау жүргізу қажет. Себебі осы жерлерге жанатын 

сұйықтықтың тамуы және олардың жылу оқшаулағышында сіңуі өздігінен жануға әкеледі.

      173. Қазандық қондырғыларының жұмыс істеп тұрған жарылу және өрт қаупі бар жабдықтарында 

дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстар жүргізілмейді:

      1) қазандық қондырғыларының жабдықтарындағы өрт қаупі бар жұмыстар тек нарядпен ресімдей 

отырып қана жүргізіледі;

      2) қазандық бөлімшесінің үй-жайларындағы өрт қаупі бар жұмыстарды орындау кезінде жанатын

конструкциялар мен жабдықтар шаңның шөгуінен 5 метр радиуста тазаланылады және сенімді 

қорғалады (металл экранымен, жанбайтын материалмен немесе су шашумен), сондай-ақ ұшқынның 

шашылуына қарсы және оның басқа жанатын конструкцияларға, төмен орналасқан алаңдар мен 

қабаттарға ұшуына қарсы шаралар қолданылады.

      Төмен орналасқан алаңдар мен қабаттарға ұшқын түсуі мүмкін болған кезде сол белгілерге 

бақылаушылар қойылады.

      3) сенімділікті арттыру мақсатында ғимараттардағы мазут жолдары, температуарсы 200  С 

о

дейін болған кезде сәйкесінше Ру=1,6 МПа (16 кгс/см ); 4МПа (40 кгс/см ); 6,4 МПа (64 кгс/см ) 



2

2

2



және 8,0МПа (16 кгс/см ) қысымдарға тиісінше ернемек қосылыстардың ең аз мөлшері бар жоғары 

2

класты күшейтілген жіксіз болат құбырларынан жасалынады. Ернемек қосылыстарын қолданған кезде «



шип-паз» түріндегі немесе оған ұқсайтын басқа да ернемек қолданылады, ал диаметрі Ду=50 мм және

одан жоғары ернемек қосындылардың үстіңгі беті шашырау мүмкіндігінің алдын алу үшін қаптамамен 

жабылады.

      Мазут жолдары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы және азаматтық 

қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылады және сынақтан өткізіледі.

      4) электр станциясының бас корпусына қызмет көрсетудің нөл белгісінен төмен мазут және 

газ жолдарын жүргізуге және пайдалануға жол берілмейді;

      5) үй-жайларға және жабдықтарға қауіпсіздік белгілері қажет. Барлық газ жолдары сары 

түске, ал мазут жолдары қоңыр анықтаушы түске боялады;

      6) стендте алдын ала тексерілген мазут ернемектерінің резервтік жинағы тиісті қазанның 



қасындағы арнайы стеллажда сақталады.

      Ауыстырылған ернемектерді өрт сөндірудің алғашқы құралдары бар арнайы бөлінген және 

жабдықталған орында тазалаған жөн. Төгілген мазут дер кезінде сүртілуі қажет.

5. Энергетика қондырғыларын пайдалану кезіндегі өрт

қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      174. Электр станцияларындағы қайта жөнделген немесе жөнделген энергетика қондырғылары 

іске қосу кешенінің толық көлемінде іске қосылады. 

      Энергетика қондырғыларын іске қосуға кірісуге тек негізгі және қосалқы жабдықтармен 

атқарылатын барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін: жұмыс орындарынан механизациялау құралдарын, 

бөлшектелген жабдықтарды, қалдықтар мен материалдарды жинағаннан кейін, бу құбырларының 

оқшаулағышын қайта қалпына келтіргеннен кейін, өрт және еңбек қауіпсіздіктері бойынша 

іс-шараларды атқарғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      Энергетика қондырғыларын іске қосу алдында персонал:

      1) құжаттамалық дайындығын (нарядтардың жабылуы, журналдарда тиісті жазбалардың бар болуы

және басқалары) тексеру;

      2) жабдықтарды қарау (жұмыс істеп тұрған және резервтік), сондай-ақ қажеттілік туындаған 

кезде қалыпты жұмысқа дайындығын анықтау үшін талап ететін белгілі бір уақытқа бос жүріске қосу

;

      3) технологиялық қорғау, бұғаттау, басқару құрылғыларының, бақылау-өлшеу құралдарының 



дайындығын тексеру;

      4) өрттен қорғау құралдарының дайындығын, сондай-ақ қаптамалардың, оқшаулағыштардың және 

басқалардың бар болуы мен жарамдылығын тексеру қажет.

      Энергетикалық агрегаттарды, егер олардың дайындығы тексерілмесе, сондай-ақ жол берілетін 

параметрлері мен бақылау көрсеткіштерінен ауытқыған кезде іске қосуға жол берілмейді.

      175. Энергетика қондырғыларын пайдаланған кезде маймен жабдықтау, реттеу, газбен 

жабдықтау жүйелерінің, сондай-ақ газ-турбиналық қондырғылардың сұйық отын құбырларының 

ернемектік және штуцерлік қосылыстарының тығыздалуының бұзылуына жол берілмейді.

      176. Агрегаттарды пайдаланған кезде ыстық беттеріне, жерасты үй- жайлары мен кабельдік 

трассаларға май тамуына жол берілмейді. Осы мақсатта қысымды май құбырларында майдың атқылауына

қарсы шаралар қарастырылады, атап айтқанда: шойын арматураның орнына болат тіреу арматураны 

қолдану; фасондық түрдегі ернемекті (енімен және пазбен) орнату; ернемек қосындылары мен тіреу 

арматураны қаптау; металл қораптарға беттері ыстық бу құбырларынының қасынан жүргізетін май 

құбырларын қосу. Көрсетілген қораптар турбиналарды дайындаушы зауыттардың талаптарына сай 

әзірленеді және диаметрі кемінде 75 мм құбырдан авариялық ыдысқа май ағызу үшін еңкейіп тұрады.

Аталған қораптың ағызу құрылғысын тексеру монтаждаудан кейін, сондай-ақ турбиналардың күрделі 

жөндеу жұмыстары кезінде тиісті актіні толтыра отырып, сумен толтыру арқылы жүргізіледі.

      177. Турбиналардың ернемек қосылыстарын ауыстыру үшін (мысалы, май сорғыштарының, май 

салқындатқыштардың және басқалардың корпус бөлшектері) жағдай болмаған кезде тегіс ернемек 

қосындылардың сақталуына, арынды май құбырларына металл қаптамалары немесе майдың атқылауының 

алдын алу үшін ұрғыш қалқандарды міндетті түрде орнатуға жол беріледі.

      Тегіс ернемек қосылыстары мен тіреу арматурасын фасонды ернемектермен арынды май 

құбырларына ауыстыру күрделі жөндеу жұмыстары кезінде Заңға және (немесе) пайдалану жөніндегі 

жергілікті нұсқаулыққа сәйкес белгіленген мерзімде жүргізіледі.

      178. Май құбырларының дәнекерлеу қосылыстары монтаждаудан және жөндеу-дәнекерлеу 

жұмыстарынан кейін мұқият тексеріледі (ультрадыбысты дефектоскопиямен немесе басқа да 

тәсілдермен). Зауыттық дәнекерлеу қосындылары үшін турбинаны дайындаушы зауыттың құжаттары 

болуы керек.

      Май жүйелеріндегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін тиісті учаскелер мұқият тазаланады, 

жуылады және жұмыс қысымнан 1,5 есе асатын қысыммен немесе осы агрегатты дайындаушы зауыттың 

нұсқаулығына сәйкес тығыздалады. Сынақ жұмыстары актімен ресімделеді.

      179. Агрегаттардың май жүйелерінде май құбырларының ернемек қосындыларында майға және 



температураға төзімді (100  С дейін) тығыздау (төсем) материалдары қолданылады. Жұмыс кезінде 

о

100  С астам қызатын тораптарда, тығыздау элементтері 200  С дейін қызуға шыдайды.



о

о

      Ернемек қосындылары үшін төсемдерді электр техникалық картоннан (прессшпана) немесе 



агрегатты дайындаушы зауыттың келісімі бойынша басқа да материалдардан жасау ұсынылады. 

Төсемдердің қалыңдығы:

      1) арынды реттеу май құбыры үшін 0,4 мм-ден;

      2) арынды майлау май құбырлары үшін 0,7 мм-ден;

      3) ағызу май құбырлары үшін 1-1,5 мм-ден аспайды.

      180. Тығыздау беттерінің бір-біріне қатарлас орналасуын қамтамасыз ету бойынша шаралар 

орындалады. Олардың қатарлас орналасуының 0,3 мм дейін ауытқуына жол беріледі.

      Тығыздану беттерінің қатарлас болуын бұрандалармен тарта отырып түзетуге жол берілмейді.

      181. Энергетикалық қондырғылардың резеңке, полиэтиленді және май құбырларының ернемек 

қосындылары үшін жұмсақ және майға төзімсіз материалдардан жасалған төсемдер қолданылмайды.

      182. Жұмыс істеп тұрған кезде май құбырларында және май жүйесінің жабдықтарында 

манометрлерді ауыстырудан басқа, сондай-ақ баптау жұмыстары мен әрбір нақты жағдайда электр 

станциясының техникалық басшымен бекітілетін арнайы бағдарлама бойынша май құюға жол берілмейді.

      Көрсетілген жұмыстарды бастар алдында энергетикалық қондырғылар аймағында қызмет 

көрсетудің негізгі белгілерінде өрт сөндіру құралдарын іске қосуға дайындалады. Қажеттілік 

туындаған кезде баптау жұмыстарының өндірісі мен ауыстырып қосудың барлық кезеңінде өрт 

бекеттері қойылады.

      183. Май бактарына май құбырларының бойымен орталықтандырылған түрде толтырылады.

      Май жүйесін толтыруды энергетикалық қондырғылардың май бактарына майды тасымалдау май 

бактарымен жеткізу арқылы жүргізілмейді.

      184. Жылу оқшаулағыштың беті турбина майын сіңіруден және зақымданудан сақтау үшін металл

табақпен немесе басқа жанбайтын материалмен қапталады.

      185. Жанатын бетінің жылу оқшаулағышына май тиген кезде олар ыстық сумен немесе бумен 

тазартылады, ал оқшаулағыш әбден сіңген жағдайда жылу оқшаулағыштың бұл учаскесі толығымен 

ауыстырылады.

      186. Жарты жылда кемінде 1 рет бу құбырларының жылу оқшаулағышының сыртқы бақылауы 

жүргізіледі. Жылу оқшаулағышының анықталған ісінуі немесе қабыршықтануы кейіннен жөндеу 

жұмыстары үшін жабдықтардың ақаулары мен олқылықтарына арналған журналға тіркеледі. Өйткені осы

жерлерге майдың тамуы мен олардың сіңуі артынан өздігінен тұтануына алып келеді.

      187. Энергетикалық жабдықтарда тығыздану мен майлықтардан аққан майларды жинау үшін (

авариялық жағдайлардан басқа) шүберектер мен ескі-құсқы материалдарды салуға, сондай-ақ уақытша

науалар мен қаңылтыр табаларды қолдануға жол берілмейді.

      Мүмкіндік болмаған кезде майдың тамшылауы дереу тоқтатылады және ол елеусіз аққан кезде 

цех бойынша тамшылаған орындарды мықтап қадағалау орнатылады, ал аққан май құрғатылғанша 

сүртіліп отырады.

      Айтарлықтай көлемде аққан кезінде жабдықты авариялық тоқтату мен оны жөндеуге шығару 

шараларын қолдану қажет.

      188. Май тиген шүберектер мен ескі-құсқы материалдар сыйымдылығы 0,5 м  «Ескі-құсқылар 

3

үшін» деген жазбалары бар жабылатын металл жәшіктерде сақталуы тиіс. Май тиген ескі-құсқылар (



шүберектер) мерзімді түрде цехтан шығарылады.

      189. Май жүйесін қосқан немесе пайдаланған кезде май құбырларында қатты діріл пайда 

болған немесе май жүйесінің тығыздығын бұзуға қатер тудыратын гидравликалық соққы пайда болған 

жағдайда энергетика қондырғысы (авариялық) тоқтатылады.

      Діріл мен гидравликалық соққыларды тудыратын себептер анықталған және жойылғаннан кейін, 

май жүйесі қалыпты қысымнан немесе дайындаушы зауытпен көрсетілген агрегаттан 1,5 есе асатын 

қысым кезінде тығыз жұмыстары жүргiзiледі.

      190. Энергетика қондырғыларының май бактарынан май авариялы ағызылатын тіреу 

құрылғыларында (ысырмасында) «Майды авариялы ағызу» деген жазба болады, ал қолды жетек қызыл 

түске боялады.

      191. Майды авариялы ағызу тіреу құрылғыларының пломбыланған қол жетегі негізгі қызмет 

көрсету белгілерінде өрт болған жағдайда кіру мүмкіндігі бар жерде орналастырылады. Сонымен 



бірге, машина залында орналасқан біртектес жабдықтарда жетектер біркелкі орнатылады.

      192. Турбогенератордың май багының сумен салқындатқышы тұрақты ажыратқышпен жабдықталған 

кезде су берудің тіреу құрылғысының пломбыланған қол жетегі осы агрегат май багының аймағында 

өрт болған кезде қауіпсіз жерде орналасады. Жетекті қызыл түске бояу және «Өрт болған кезде 

ғана ашу керек» деген, сондай-ақ «Май багі N» деген маңдайшасы болуы қажет.

      193. Маймен жабдықтау жүйесінде отқа төзімді сұйықтықты қолданған кезде авариялы ағызатын

құрылғылар мен турбогенератордың май багын салқындату жүйесі көзделмейді.

      Май бактарының ішіне дабылдың ашық электр релесі мен басқа да электр түйіспелерді 

орнатуға жол берілмейді.

      194. Сутекті салқындатқыш бекетіндегі, май жүйесінің люктеріндегі, энергетикалық 

қондырғылардағы май температурасын өлшейтін термобудағы электр жарық беру арматурасы Қазақстан 

Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғалған 

орындауда орнатылады.

      195. Маймен жабдықтау схемаларына жататын барлық құбыр жолдары, арматуралар және басқа да

жабдықтар қоңыр түске боялады.

      Сутектi салқындатқышы бар газды-май жүйесiнiң агрегаттарын пайдалану қауiпсiздiгiн 

тексеру және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерiнiң дұрыстығын тексеру мақсатында химиялық 

тексерудi жүргiзу үшiн жүйелі түрде сынамаларын іріктеу жүргізіледі. Тексеру мерзімі жергілікті

нұсқаулықта көрсетіледі.

      Сутектi салқындатқышы бар энергетикалық қондырғылардың газ-май жүйесiнiң құбыр жолдары 

мен аппараттарына химиялық талдау жасау үшiн штуцерлерден немесе арнайы вентильден сынамалар 

алынады.


      196. Сутектi салқындатқышы бар агрегаттардың газ-май жүйесiн пайдалану кезінде ауада 

сутегiнiң көлемi 4 %-дан 75 % дейiн болған кезде жарылу қаупi бар қосындының пайда болуының 

алдын алу үшiн мынадай iс-шаралар қолданылады:

      1) агрегаттағы сутегiнiң тазалығын бақылау және қажеттілік туындаған жағдайда газ ортасын

ауыстыру;

      2) жөндеу жұмыстарын жүргiзген кезде сутегiнiң генератор корпусына (синхронды 

компенсаторға) сутегiні берудегі құбыр жолында немесе газ бекетiнің тіреу арматурасында 

көрінетіндей жарылу кезінде тамып кетуіне жол бермеу;

      3) генератор (синхронды компенсатор) корпусында сутегiні толтыру немесе шығару 

операцияларының бірізділігін қатаң сақтау;

      4) май жүйесiндегi көру құрылғыларын жарамды күйде ұстау және агрегаттардан сутегiні 

шығарып тастау;

      5) сутегiмен толтырылған жабық жүйенiң тұмшалануын ұдайы бақылау;

      6) бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын, химиялық талдау жүргiзуiн, сондай-ақ кестеге 

сәйкес пайдаланушы персоналмен атқарылатын газ-май жүйесін үрлеу жұмыстарын бақылау;

      7) экрандалған тоқ өткізгіштеріндегі сутегiнiң жиналу мүмкiндiктерiн тексеру және оны жою

мақсатында шаралар қабылдау.

      197. Генератор корпусынан (синхронды компенсатордан) сутегiні ауамен немесе ауаны 

сутегiмен шығаруға жол берілмейді.

      Сутегiн шығару немесе агрегатты сутегiмен толтыру үшін инерттi газ (көмiр қышқыл немесе 

азот) қолданылады. Персонал осы лперацияларды мынадай тәртiпте жүргiзуі керек:

      1) сутегiн инерттi газбен шығару;

      2) инерттi газды ауамен шығару;

      Сутегiмен толтыру мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) ауаны инерттi газбен шығару;

      2) инерттi газды сутегiмен шығару;

      3) сутегiнiң қысымын және оның тазалығын номиналды мәнге дейiн арттыру.

      198. Сутегiнiң тазалығы (сутегiде оттегiнiң бар болуы), оның қысымының ауытқуы, сондай-ақ

генератор (синхронды конпенсатордан) корпусынан тәулiктiк кему Қазақстан Республикасының электр

энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген шегінде қолдау табады.

      199. Генератор (синхронды компенсаторда) корпусында сутегi болған жағдайда барлық жұмыс 

режимінде сутегiнiң ауамен жарылу қаупi бар қосындысының пайда болуы және оның жануын алдын алу



мақсатында тығыздануларға тоқтаусыз май берiлуi, сондай-ақ вакум сорғысының немесе эжектордың 

жұмысы қамтамасыз етiледі.

      200. Машина корпусынан сутегiн авариялық шығару:

      1) тығыздануға үздіксіз май берудi тоқтату кезінде;

      2) тығыздану тұтастығының бұзылуы кезінде;

      3) тұтастығына қауiп төндiретiн тығыздану аймақтарында өрт пайда болған кезде оны сөндiру

бойынша қолданылған шаралар тиiмсiз болған жағдайда жүзеге асырылады.

      201. Энергетика қондырғыларын дереу авариялы тоқтату:

      1) агрегаттың, май жүйесiнiң кенеттен дірілі, агрегаттың немесе май жүйесінің бұзылуына 

әкелуі мүмкін, сондай-ақ сутектi салқындатқыштың тығыздау жүйесiнiң бұзылуына және арты өртке 

әкеп соғатын су соққыларының пайда болған жағдайда;

      2) газтурбиналық қондырғылардағы отын өткізгіштерінің кемуінің, сондай-ақ жану 

камерасындағы немесе газ өткiзгіштеріндегі жарылыстың анықталған жағдайда;

      3) мойынтiректер мен соңғы тығызданулардан түтiн немесе ұшқынның пайда болған жағдайда;

      4) агрегат корпусынан майдың қатты ағуы және оның ағып кетуі мен жану қаупiнiң пайда 

болған жағдайда;

      5) майдың немесе агрегаттағы май тиген оқшаулағыштың жанған жағдайда;

      6) егер өрт немесе жоғары температура агрегат жабдықтарының зақымдануына қауіп төндірсе, 

ал өрттi дереу сөндiру бойынша қолданылған шаралар нәтиже бермеу салдарынан қосалқы жабдықты 

орнату аймағында өрт шыққан жағдайда;

      7) машина залында, егер өрт факторлары (түтiн, жоғары температура, жану өнiмдерi және 

басқалары) қызмет көрсетуші персоналға қауiп төндiрсе және агрегатты қалыпты пайдалануға 

мүмкiндiк бермеу салдарынан өрт туындаған жағдайда жүзеге асырылады.

      202. Сутектi салқындатқышы бар машиналардағы авариялы тоқтатудың барлық жағдайларында:

      1) кернеу төмендетіледі және агрегат тоқтатылады;

      2) сутегiн атмосфераға шығару үшiн тіреу арматурасы ашылады;

      3) барлық агрегаттың тоқтауы мен сутегi қысымының төмендеуін күтпей, машина корпусына 

орталықтандырылған жүйеден инерттi газ беріледі;

      4) көрiнетiн жарылудың пайда болуы үшiн газ бекетiнен сутегiн беру құбырын ажыратады;

      5) өрт сөндiру құралдарын қолданысқа әзiрлейді.

      Персоналдың әрекеті жергілікті нұсқаулыққа және жедел өрт сөндіру карточкасына енгізіледі

.

      203. Электр станциясындағы немесе шағын станциядағы орталықтандырылған газ қондырғыларынан



генератор (синхронды компенсаторға) корпусына сутегiні немесе инерттi газды беру жүйесiнiң 

қондырғыларының және құбыр жолдарының жарамдылығы жүйелі түрде бақылауға алынады. Анықталған 

бұзушылықтар қысқа мерзiмде жойылады.

      Сутегiні немесе инерттi газды орталықтандырыла беру жүйесіндегi газ тығыздығы осы жалпы 

жүйе көлемiнен газдың тәулiктiк шығуы 5 % аспайтын тәуліктік деңгейін қамтамасыз ететiн 

техникалық жай-күйiнде ұсталады.

      204. Осы газды берудің және оларды жөндеудің орталықтандырылған жүйелерiнде авариядан 

басқа, сутегімен немесе инертті газбен олардың корпустарын толтыру газ бекеттерiнде 

генератордың (синхронды компенсатордың) газ баллондарын орнатуға жол берілмейді.

      205. Сутегiмен толтырылған агрегаттың, аппараттың және газ құбырларының тікелей 

корпустарында өрт қаупi бар жұмыстар (дәнекерлеу, егеу, бiрiктiру және басқалары) жүргізілмейді

.

      206. Генераторлардың корпусында (синхрондық компенсаторларда) сутегімен салқындататын 



газ-май жүйесінің жабдықтарында «Ашық отпен пайдалануға тыйым салынады», «Темекі тартуға тыйым 

салынады» «Абай болыңыз! Жаралу қауіпі бар» деген қаупсіздік белгілері, ал егер отқа төзімді 

май қолданылмаса, май жүйелерінің көрінетін жерлеріне «Абай болыңыз! Тез жанатын заттар» деген 

ескерту белгілері ілінеді.

      Газ-турбина қондырғылардың корпустарында да «Абай болыңыз! Жарылу қаупі бар» деген 

белгілері болады.

      207. Гидрогенераторлар мен ауамен суытатын турбогенераторлар корпустарының (синхронды 

компенсатордың) ішінде орамалардың жануы байқалған кезде мынадай шаралар қолданылады:



      1) генератордың (синхрондық компенсатор) турбинасы авариялы тоқтатылады, желіден 

ажыратылады;

      2) машинаның ішіндегі жапсарлас орнатылған өрт сөндіру қондырғысына су жіберіледі және 

қоздырылуы алынып тасталады;

      3) генераторлардың (синхрондық компенсаторлардың) суыту жүйесіне ауа берудің шибері 

жабылады және білік бұрылысты қондырғысы іске қосылады.

      Өрт туындаған кездегі персоналдың әрекеті жергілікті нұсқаулық пен өрт сөндірудің жедел 

карточкасында көрсетіледі және өртке қарсы жаттығулар кезінде пысықталады.

      208. Синхрондық компенсаторлар (өрт қолғаптары, қосылыс бастары, вентильдер мен 

манометрлер) мен турбогенераторлардың арнайы жәшіктерінде орнатылған су беру қондырғысының, 

сондай-ақ гидрогенераторлардың тіреу клапандарының техникалық ахуалы жүйелі түрде тексеріледі. 

Аталған вентильдер мен клапандар пломбыланады.

      209. Қалқалаудың металл конструкциясының қызып кету қаупін тудыратын энергетика 

қондырғыларында және қосалқы жабдықтарда өрт туындаған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтай 

отырып, оларды салқындату шаралары қолданылады.

      210. Газ-турбиналық қондырғыларда:

      1) агрегатты пайдалану кезінде генератордың, сұйық отын беру тораптарының, реттеу және 

майлау май бактарының айналасында өрт жұмыстарын жүргізуге;

      2) жану кезінен басқа камерадағы қысым жеткіліксіз болған кезде, жұмыс істеп тұрған 

агрегаттың қарау терезесі арқылы жану камерасын қарауға;

      3) ернемектің тіпті біреуі жанбай тұрса істі жалғастыруға немесе айналымды көбейтуге;

      4) агрегат толық суығанша температураны бақылауды тоқтатуға жол берілмейді.

      Ішкі мойынтірек блогінде өрт туындаған кезде газ-турбиналық қондырғыны авариялы тоқтату 

қажет және коллектордағы қысымды бақылай отырып, өрт аймағындағы инертті газ (комір қышқыл, 

азот) төмендетіледі.

      211. Жергілікті нұсқаулықта көрсетілген мерзіміне сәйкес персонал жабдықтарды қарайды 

және тексереді, жұмыс режимінің дұрыстылығы, агрегаттардың қызуы, үй-жайдың тазалығы, сондай-ақ

өрт сөндіру құралдарын қолдануға дайындығын тексереді.

      212. Жеке тұрған дизельді электр станциялары барлық периметрлері бойынша қоршалады, 

сондай-ақ өрт техникасына арналған жолдармен қамтамасыз етіледі.

      Жылжымалы дизельді электр станцияларын орнату кезінде «Техникалық реттеу туралы» 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Заңының 7-бабы 

 сәйкес 

17) тармақшасына

бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарға дейін өртке қарсы

қашықтық сақталады.

      213. Энергия өндіруші ұйымдар тұрақты телефонмен немесе байланыстың басқа түрлерімен 

қамтамасыз етіледі.

      214. Дизельді және жылжымалы электр станциялары үшін сұйық отынды қабылдау және сақтау 

осы Қағидалардың 

 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарауының

      215. Резервуарлардан шығыс бактарына отын беру қол сорғылары немесе электр жетекті 

сорғылары арқылы жүзеге асырылады.

      216. Персонал диаметрі толтыру құбырының диаметріне қарағанда үлкен қайта құю құбыры бар 

шығыс отын бактарының толып кетпеуін қадағалап тұруы керек. Қайта құю құбырлары авариялық 

қабылдау резервуарлармен сенімді түрде жалғануы тиіс.

      Қайта құю құбырларына тіреу ысырмалары (вентильдер) орнатылмайды.

      217. Шығыс бактарынан отынды авариялы ағызудың қол ысырмалары персоналға қолайлы, 

қауіпсіз орында (шығатын жерлерде, көрші үй-жайдың немесе дәлізде және басқада) орналасады. 

Олар қызыл түске боялады және «Отында авариялық түрде ағызу» деген жазбасы ілінеді.

      Шығыс бактарынан отынды авариялық ағызу қор резервуарына өз бетімен жіберіледі.

      218. Дизельді және жылжымалы электр станцияларының кабельдік құрылыстарында өрт 

қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар осы Қағидалардың 6-тарауының «Кабельдік шаруашылық» бөлімінің 

талаптарына сәйкес болады.

      219. Бірнеше қозғалтқыштардың газ шығару құбырының жалғануын жөндеу кезінде оларды 

бірыңғай қаптамадағы жалпы көп бағаналы құбырға жалғауға жол берілмейді. Коллектордан 

тұншықтырғышқа дейін пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарының майысуы мен иін саны аз болады



.

      Пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарының жылу оқшаулағышының жарамсыздығы үнемі машина 

залдарында бақыланады.

      Сумен салқындатылатын құбыр пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарында жылу оқшаулғышы 

қажет емес.

      220. Пайдаланылған газды шығару құбыр жолдарының электр станциясының ғимаратының жанатын 

құрылыс конструкциясымен қиылысқан жерлерінде қажетті өртке қарсы іс-шаралар орындалады:

      1) шатырдың үй-жайында және пайдаланылған газды шығару құбырларының айналасымен өтетін 

қабырғаларында жылу оқшаулағыштың бар болуына байланысты, пайдаланылған газды шығару 

құбырларының қабырғаларынан кемінде 0,5 м қашықтықта орналасқан жанбайтын бөліктері орнатылады.

Құбырдан 1 м дейінгі аралықтағы ағаш конструкциялар өртке қарсы қорғанатын қоспалармен өңделуі 

тиіс;


      2) пайдаланылған газды шығару құбырының айналасындағы жабынында құбырдан ені кемінде 0,5 

м жанбайтын материалдан жасалған бөліктері жасалады;

      3) пайдаланылған газды шығару құбыры жабынның үстінен кемінде 2 м аспайтын биіктікте 

болады;


      4) пайдаланылған газды шығару құбыры көлденең салынса, оның ұшына ғимараттан тыс жерде 

орналасқан бетоннан немесе кірпіштен жасалған тұншықтырғыш енгізіледі. Тұншықтырғыш мерзімді 

түрде қалдықтардан тазартылады.

      221. Дизельді электр станцияларын пайдалану кезінде пайдаланылған газды шығару құбыры мен

агрегаттың блогындағы коллектордың бекітілуі мен тығыздалуы жүйелі түрде бақыланады. Бақылаудың 

мерзімі жергілікті нұсқаулықта көрсетіледі.

      Коллектордан ұшқын шыққан кезде ақаулар жөнделмейінше, агрегатты пайдалануға жол 

берілмейді.

      222. Агрегаттарды пайдалану кезінде мыналарға:

      1) қозғалтқышты іске қосуды жеңілдету үшін тез жанатын сұйықтықтарды цилиндрге немесе 

клапандарға құюға;

      2) агрегаттар жұмыс істеп тұрғанда, сондай-ақ қозғалтқыш пен пайдаланылған газды шығару 

құбыры суып қалған кезде отын багын толтыруға;

      3) электр станциясының үй-жайында отынның шығыс бактарын шелектің немесе басқа да таситын

ыдыстың көмегімен толтыруға;

      4) үй-жайларда құбыр жолдары арматура мен жабдықтарды ашық (дәнекерлеу шамын, алауды және

басқаларын) пайдалану арқылы қыздыруға;

      5) жабдықтардың қыздырылған бөлгіштеріне арнайы киімдерді құрғатуға;

      6) құрылыстың шыға берісі мен өндірістік үй-жайлардың дәліздерін қоршауға жол берілмейді.

      223. Мынадай жағдайларда агрегат дереу тоқтатылады:

      1) цилиндрлерде немесе мойынтіректерде үдемелі тарсылдар мен шу пайда болғанда;

      2) мойынтіректерден немесе картерлерден түтін шыққан кезде, сондай-ақ күйген майдың иісі 

шыққан кезде;

      3) салқындату жүйесіне су беру тоқтатылған және салқындату жүйесіндегі пайдаланылған 

газды шығару құбырында бу пайда болған кезде;

      4) айналым жиілігінің реттеуіші істен шыққан немесе помпаж пайда болған кезде;

      5) тұншықтырғышта тарсыл пайда болған кезде;

      6) тетіктердің немесе қажайтын бөлшектерінің майланбаған немесе сапасыз майланған кезде;

      7) агрегаттың отын құбырларының жарылуы кезінде;

      8) үй-жайларда агрегаттарға немесе персоналға қауіп төндіретін өрт туындаған кезде.

      224. Үй-жайларда мұнай өнімдерінің бос ыдыстарын сақтауға жол берілмейді.

      Отын құйылған ыдыстар тіреу арматураларымен және тұмшаланған қақпақтармен жабдықталады.



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Теория эволюции Эволюционная теория Чарльза Дарвина 2 часть II
assets -> Любовь Шашкова «нет повести прекраснее в ауле…»
assets -> Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ» менің таңдауым – ханафи мәЗҺабы
2015 -> Қазақстан Республикасының
files -> Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет