Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы


Отынды сақтау мен тасымалдауға арналған құрылыстарды



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

3. Отынды сақтау мен тасымалдауға арналған құрылыстарды

пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      56. Сұйық отынның (мұнай өнімдері) ағызу эстакадаларындағы науаларда жанбайтын 

алынып-салынатын кірпіштермен, ал темір жол цистерналарын орнату мен ағызу орындары қайырмалы 

қақпақтармен жабылады.

      Гидравликалық бекітпелер жүйелі түрде тексеріледі және тазаланылады.

      57. Эстакадалар мен олардың борттық қоршауларының (мұнай өнімдерінің төгілуінен) 

бетондалған алаңдары жүйелі түрде қаралады және қажет болған жағдайда шұңқырлар мен шытынаулар 

болмас үшін жөнделеді.

      58. Ағызу операциясының алдында барлық ағызу қондырғылары мен ысырмаларының ашылуының 

дұрыстығы, құбырлар немесе иілгіш шлангілердің қосылу тығыздығы тексеріледі. Ағызу 

операцияларынан кейін төгілген мұнай өнімдері тазартылады.

      59. Сұйық мұнай өнімдерін ағызу барысында жылжымалы науалар немесе шашыратуды 

болдырмайтын бүркеніштер пайдаланылады.

      60. Қосқыш құбыр жолдарын жинағанда немесе бұзғанда, сондай-ақ теміржол цистерналарының 

ағызу қондырғыларын ашу кезінде құралдар, ернемек пен муфта қосылыстары немесе ұшқын пайда 

болуға жол бермейтін құрал-саймандар пайдаланылады.

      61. Ағызу эстакадаларының теміржол бойымен тепловоздардың қозғалуына жол берілмейді. 

Теміржол цистерналары ағызу үшін қойылады және жұлқылаусыз, итерусіз жаймен шығарылады.

      62. Қатып қалған мұнай өнімдерін жылыту жұмыстары тек бумен немесе арнайы жылытатын 

жерлерде жүргізіледі. Ашық отты пайдалануға жол берілмейді.



      Темір жол цистерналарындағы мазутты ашық бу қондырғысымен жылыту кезінде тек мазутқа 

шлангіні толық салғаннан кейін ғана іске қосылады.

      Цистерналар немесе басқа да ыдыстар мұнай өнімдерінің температурасынан 15 С төмен болған 

о

кезде, бірақ 90 С аспаған кезде жылытылады.



      63. Тұтану температурасы 120 С төмен отынды (мұнай өнімдерін) және басқа да жанғыш 

о

сұйықтықтарды (мазуттан басқа) ағызу кезінде ағызу қондырғылары жабық түрде орындалады (ұштары 



бар иілгіш шланг немесе ернемек қосылыстары). Шлангінің ұзындығы темір жол цистерналарының 

түбіне дейін жіберуге болатындай болуы тиіс. Шлангінің ұштары (ернемектері) соғылған кезде 

ұшқын тудырмайтын материалдан дайындалады.

      Тез тұтанатын мұнай өнімдерінің төменгі құйылысына тек тұшпаланған ағызу қондырғылары 

арқылы жол беріледі.

      Көрсетілген отынды ашық құю науаларында құюға тыйым салынады.

      64. Электр станциясына тұтану температурасы 45ҮС төмен сұйық отындар түскен жағдайда 

оларды ағызуға жол берілмейді, ал жүк қайта қайтарылынады.

      65. Темір жол құю эстакадаларында мұнай өнімдерін ағызуға жол берілмейді.

      66. Ағызу операцияларында:

      1) электр және газбен дәнекерлеу немесе ашық отты пайдаланумен байланысты жұмыстарды 30 м

жақын қашықтықта жүргізуге;

      2) жарықтандыру үшін жарылу қауіпсіздігімен орындайтын аккумулятордан басқа ашық түрде 

орындалған жылжымалы электр шамдарын пайдалануға;

      3) мұнай өнімдерін ағызу операцияларына байланысты емес адамдардың қатысуына жол 

берілмейді.

      67. Мұнай өнімдерінің ағызу эстакадаларының баспалдақтары мен басқыштары дер кезінде 

жөнделеді және таза күйінде ұсталады.

      68. Арнайы жылыжайларда мазутты ағызу мазут жылыжайларындағы өрт қауіпсіздігінің арнайы 

қағидаларымен айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

      69. Мұнай өнімдерін дайындауға және айдауға үй-жайлар (мазут сорғыш, май сорғыш, майды 

қайта өндіру және басқалары) таза күйінде ұсталады.

      70. Едендер мен жабдықтарды тазалау үшін тез тұтанатын сұйықтықтар пайдаланылмайды.

      71. Қондырғыны іске қосу алдында жабдықтың жарамдылығы, арматура мен құбыржолдарының 

тұмшалануы, қорғау мен блоктаудың автоматты жүйелерінің қосылуы, сондай-ақ өрт сөндіру 

құралдарының дайындығы тексеріледі.

      72. Ысырмалардағы, сүзгіштердегі, ернемек қосылыстарындағы немесе жабдықтардың 

тығыздағыштарында мұнай өнімдерінің ағуы тез арада тоқтатылады.

      73. Жабдық жұмысының қалыпты режимін бұзатын мұнай өнімдерінің айтарлықтай ағуы байқалған

кезде резервтік жабдық іске қосылады, ал зақымданғаны авариялы тоқтатылады.

      74. Мұнай өнімдерін дайындауға және айдауға арналған үй-жайларда:

      1) материалдар мен жабдықтарды сақтауға;

      2) тұғырлар мен жабдықтарда май тиген (майланған), сүрту материалдарын тастап кетуге;

      3) қызып тұрған жабдықтардың үстіне және құбыр жолдарына арнайы киімдерді кептіруге;

      4) осы өндіріске жатпайтын мақсаттар үшін уақытша үй-жайларды тұрғызуға;

      5) сорғыш үй-жайларда үнемі дәнекерлеу бекеттерімен жабдықтауға;

      6) үй-жайдың эвакуациялау жолдары мен шығу орындарын жабдықтармен немесе материалдармен 

қоршауға жол берілмейді.

      75. Тұрақты орнатылған автоматты газ талдағыштарының, сондай-ақ өндірістік үй-жайларда 

будың ауадағы қауіпті концентрациясының бар болуы туралы дыбыс беру және жарық беру дабыл 

қондырғыларының техникалық ахуалы жүйелі түрде тексеріледі. Тексерудің нәтижелері жедел журналға

енгізіледі.

      76. Кабельдер мен құбыр жолдарының қабырғалары арқылы өткен және жабылған кезде жанбайтын

материалдармен тығыздаған бүтіндігін персонал жүйелі түрде бақылайды.

      77. Тұрақты орнатылған май тазалайтын қондырғылардың (сеператорлардың) ақаусыз дренаждық 

жүйелері болады, ал ластанған майды қабылдайтын бактардың зақымданудан қорғайтын қамтамасы бар 

өлшеу әйнегі болады. Сүзгіш – сыққыштардың астына май жинауға және оны арнайы ыдысқа құюға 

арналған тұғырықтар орнатылады.



      78. Майды тазалау кезінде май қыздырғыштарға майды үздіксіз жеткізудің қысымын, 

температурасын, вакуумды тұрақты түрде бақылау жүзеге асырылады.

      79. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарының бекеттері үй-жайдағы өрт кезінде мұнай өнімдерін

айдау мен қайта өңдеу бойынша оларды кедергісіз және тез пайдалану мүмкіндіктері үшін тиімді 

орналастырылады.

      80. Май тазалау қондырғыларындағы жабдықтар жанбайтын негіздерде орнатылады.

      81. Автоцистерналарға және басқа да ыдыстарға мұнай өнімдерін құю қатты жабыны бар арнайы

жабдықталған алаңдарда орындалады.

      Алаңда гидроысырма арқылы арнайы жинақ сыйымдылығына өтетін ұйымдастырылған құйылыс (

төгілген сұйықты жою үшін) болады, ол жүйелі түрде тазаланып тұрады.

      82. Төгілген мұнай өнімдері дереу тазаланылады. Алаңға ластанған мұнай өнімдерімен 

автоцистерналарға құюға жол берілмейді.

      83. Құятын алаңда қауіпсіздіктің қажетті белгілері орнатылады және автоцистерналарға 

мұнай өнімдерін құю кезінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі негізгі талаптар ілінеді.

      84. Құю қондырғыларының жоғары қылталары арқылы автоцистернаға құю үшін шлангілермен және

құбырлармен жабдықталуы қажет. Аталған құбырлар мен шлангалардың ұштары цистернаға тигенде шоқ 

туғызбайтын металдан жасалынады және жерге тұйықталады. Шлангілердің ұзындығы мұнай өнімдерін 

құю кезінде жан-жаққа шашырамау үшін цистернаның түбіне дейін жететіндей түсіруге мүмкіндік 

беруі тиіс.

      85. Мұнай өнімдерін автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде құяды. 

Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде құюға оның іске қосылуы қиындық туғызған кездегі төмен 

температура шарттарында жол беріледі.

      86. Мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар құю қондырғысын жер тұйықтаудың

тұрақты контурына жалғау үшін жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.

      Мұнай өнімдерін тасымалдайтын барлық автоцистерналар екі өрт сөндіргішпен, күрекпен, 

киізбен жабдықталады.

      Автоцистернаның бәсендеткіштері шоқсөндіргішпен жабдықталып, алға қарай шығарылуы (

қозғалтқыштың немесе радиатордың астына) қажет.

      87. Ақауы бар автомобильдерді құю алаңына кіргізуге, сондай-ақ оның аумағында оны 

жөндеуге жол берілмейді.

      88. Жүргізуші цистернаның толып кетпеу процесін үнемі бақылап отырады. Цистернаның 

қақпағын жабу кезінде соғуға жол берілмейді.

      89. Автоқұю эстакадасында автоцистерналарды сүйреу үшін арқансыммен немесе қарнақпен 

қамтамасыз етіледі.

      90. Газ реттеу қондырғыларының газ шаруашылығының үй-жайларында жабдықтарды пайдалану 

жөніндегі схемалар пен жергілікті нұсқаулық ілініп тұрады. Нұсқаулықта өрт қауіпсіздігі 

жөніндегі талаптар жазылады.

      91. Бақылау-өлшеу құралдары мен басқару қондырғылары бар үй-жайлар газ реттеуіш 

пункттерден, қабырғасы газбен тығыздалған газ реттеуіш қондырғылардан бөлек орналастырылады, 

оған тесіп өтетін ойық пен тесікке жол берілмейді. Қабырға арқылы коммуникациялардың өтуі тек 

арнайы қондырғылардың (тығыздағыштар) пайдалануымен ғана жол беріледі.

      92. Газ қаупі бар жұмыстар «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы 

Қазақстан Республикасының 7-бабы 2-тармағы 

 сәйкес бекітілген газбен жабдықтау 

2) тармақшасына

жүйесі объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптармен жүргізіледі. Персоналмен өрт 

қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық жүргізу қажет, одан кейін бригада мүшелері жұмысқа 

жіберіледі.

      93. От қауіпі бар жұмыстарды бастар алдында өндірістік жұмыстарды бастау үшін 

ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар орындалады, бұл ретте газ қалдықтарының жиналуы мен

оның жұмыс орнына жеткізілуін болдырмайтын, қауіпті жарылыс қосылыстарының (әсіресе тоқтап 

қалған аймақтарда) болмауын тексеру үшін ауаны талдау іс-шаралары орындалады.

      94. Жұмыс істеп тұрған газ реттеуіш пункттерінің үй-жайларында жөндеуден кейін жөндеуге, 

бөлшектеуге және монтаждауға технологиялық жабдықтарды дайындау жарық күндері аралығында 

орындалады.

      Бұл жұмыстарды авариялық жағдайларда түнгі уақытта қауіпсіздіктің қосымша шараларымен: 



жарықтандыруды күшейту, қосымша қадағалауды белгілеу, сондай-ақ үй-жайдың газданып кетуін 

үздіксіз бақылаумен қамтамасыз ету шарттары қойылған кезде жүргізуге жол беріледі.

      95. Желдеткіштері істемейтін үй-жайлардағы жабдықтар мен газ құбырларын монтаждау немесе 

жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

      Газ реттеу пункттерінің, газ реттеу қондырғыларының желдету жүйелерінің істен шығуы 

кезінде үй-жайда қауіпті газ жарылыс қосылыстарының туындауын болдырмайтын шаралар қабылданады.

      96. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін газ аппараттары мен газ құбырларындағы қысым оларды 

ажыратқаннан кейін және қысым реттеуіштері немесе үрлеу шырақтары арқылы ғана төмендейді.

      Осы мақсатта бекітуші арматураға ернемек арқылы қосуға жол берілмейді.

      97. Газ құбырларындағы орнатылған бітеуіштер авариялық жағдайларда және жөндеу жұмыстары 

кезінде газдың болуы мүмкін ең жоғары қысымына есептелінеді. Бітеуіште ернемектен тыс шығып 

тұратын тұтқа көзделеді.

      98. Газ құбырлары мен арматураны бумен немесе ыстық сумен қыздыру жүргізіледі.

      Ашық отты жылу көздерін қолдануға жол берілмейді.

      99. Газ реттеу пункттердегі, газ реттеу қондырғыларында электр жабдықтарын жөндеу және 

күйіп кеткен электр шамдарын ауыстыру жұмыстары кернеу ажыратылған кезде жүргізіледі. Табиғи 

жарық жетіспеген жағдайда жарылу қауіпсіздігіне арналған тасымалды шамшырақтарды пайдалануға 

немесе сыртқа шамшырақтарды орнатуға жол беріледі.

      100. Газ қысымы кенеттен өзгерген кезде оның себептерін дереу анықтау және жою, сондай- 

ақ қазандық қондырғыларын отынның резервтегі басқа да түрлеріне ауыстыру шаралары қолданылады.

      101. Газ құбырында газ ағуы туындаған жағдайда авариялы учаске (аймақ) дереу қоршалады, 

тиісті ескерту және тыйым салу белгілері ілінеді, сондай-ақ зақымдалған газ құбырын немесе 

жабдықтарды шұғыл түрде ажырату шаралары қолданылады.

      102. Газ ағу орнын табу үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

      103. Жер қазатын машиналарды пайдаланған кезде қалындығы кемінде 200-300 м зақымданған 

газ құбырына топырақтың соңғы қабатында қауіпсіздік шарасын сақтау үшін қолмен күректі алу 

керек.

      104. Ашық салынатын газ құбырлары мемлекеттік стандарттарға сәйкес айрықша бояулармен 



боялады.

      105. Қолданыстағы газ құбырларын құрал-сайманның ілмектерін орнату немесе құрылыс 

ағаштарын төсеу үшін пайдалануға жол берілмейді.

      106. Мәжбүрлі қиылыс кезінде қолданыстағы газ құбырларының дәнекерлеу электр кабельдерімен

олардың қосымша оқшаулау немесе ауаға іліну орындалады.

      107. Газ реттеу пункттерінің, газ реттеу қондырғыларының үй-жайларында және газдалған 

ортада жұмыс жүргізу кезінде шоқ тудырмайтын материалдан жасалған құрал-саймандар пайдалынылады

. Жұмыс бөлігін қалың майлау арқылы жабу кезінде қара металдан жасалған құрал-саймандарды 

пайдалануға жол беріледі.

      Ұшқындану және статикалық электр зарядтарын жинақтау мүмкіншілігіне жол бермейтін шартына

байланысты персоналдың аяқ киімі мен киімі таңдап алынады.

      108. Қоймаларға қатты отынды түсіруге, сақтауға және жарылыс, өрт қауіпсіздігі бойынша 

белгісіз немесе зерделенбеген сипаттағы отынды жағуға жол берілмейді.

      Қатты отындарды (көмірді, сланецті, шымтезек) сақтайтын алаң май қалдықтардан және 

материалдардан тазаланады, тегістеледі және тығыз тегістеледі.

      Құрамында органикалық заттары бар топыраққа көмірді, жанғыш тақтатасты және шымтезекті 

араластыруға жол берілмейді.

      109. Қоймада өздігінен тұтанған отынды сөндіру үшін және қатардан алғаннан кейін оны 

салқындату үшін арнайы алаң көзделеді.

      110. Ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаға түсетін барлық отын мүмкіндігінше қысқа мерзімде 

оның вагондардан түсірілуіне қарай қатарлап жиналады.

      Түсірілген көмірді екі тәуліктен астам қалыпсыз үйіп және төгіп сақтауға жол берілмейді.

      111. Көмір мен тақтатас қатарларының габаритті өлшемдері оларға бөлінген алаң көлемімен, 

сондай-ақ тиеу-түсіру механизмдерінің мүмкіншіліктерімен айқындалады.

      112. Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ механизмдер мен өрт сөндіру 

машиналарының өтуі үшін қатарлар төменгі шетінен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран 



жолдарының іргетасына дейінгі қашықтық кемінде 3 м, ал рельс бастиегінің сыртқы шетіне немесе 

автожолдың жиегіне дейін кемінде 2 м жасалады.

      Өту жолдарына қатты отын тиеуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды. Қысқы уақытта 

аталған өту жолдарын жүйелі түрде қардан тазарту керек.

      113. Қоймада сақталатын өздігінен жанатын отындарды өртенуін уақтылы табу мақсатында 

жүйелі түрде қадағалау белгіленеді. Қатардың сыртқы (визуалды) қаралуын бекітілген кесте 

бойынша цех бастығы тағайындаған адам немесе ауысым кезекшісі жүргізеді.

      114. Өздігінен жанатын ошақтардың көлемін анықтау мен қатарлардағы отын температурасын 

бақылау үшін арнайы жылу анықтағыштар мен жылу ұстағыштар қолданылады. Әрбір қатардың көмір 

температурасын өлшеу нәтижелері қатар атауы, көмір маркалары, қатарға сіңу күні мен 

температураны өлшеу күнін көрсете отырып, арнайы журналға енгізіледі.

      115. Қатардағы температураның өзгеруінің және өздігінен жану ошақтарының пайда болуының 

сыртқы белгілері мыналар болып табылады:

      1) түн ішінде күн шыққанда жоқ болып кететін ылғал дақтар, ал қыс мезгілдерінде-қар 

қабатының ерітіндісі және қар себілген дақтар өздігінен толатын ошаққа жақын қатарлар 

беттерінде пайда болуы;

      2) жаңбырдан немесе көп тамшыдан кейін қатардағы құрғақ дақтардың тез туындауы;

      3) отын шірігендегі будың және өнімнің өзіне тән иісінің пайда болуы;

      4) жауын-шашын жауғанда жоқ болып кететін қатар бетіндегі тұз қонуының туындауы.

      116. Қысқа мерзім ішінде отынның өздігінен жану белгілерін анықтау кезінде ошақтың көлемі

үш есе асатын учаскеде қатар бетін қосымша тығыздау жасалады.

      117. Егер көрсетілген шаралар жеткіліксіз болса, өздігінен жанатын отынның ошағын 

қатарлардан алып, арнайы алаңға апарып, қазандыққа отын беру трактісіне беріп, өшіру керек.

      118. Тікелей қатардағы өздігінен жанатын отын ошағына су құйылмайды.

      119. Өздігінен жанатын отын ошағын қатты жел соққан (5 метр секундтан (бұдан әрі – м/с) 

астам) кезде қатардан алып тасталмайды.

      120. Үйілген қатардағы қалған ойықтарды ылғалды топырақпен жауып тасталады және міндетті 

түрде үсті үйілген қатардың деңгейіне дейін міндетті түрде тығыздалады.

      121. Жану ошағының беті жанып жатқан отынды жаңа отынмен араластырып, қатар бетін міндеті

тығыздап жойылады.

      Көрсетілген отынның жануы ошақтардың бетіне су шашыратып, бір мезгілде араластырып жаңа 

отынды тығыздықтап сөндіру рұқсат етіледі.

      122. Жаңбырлы күні жану ошағының бетін сол қатардан алынған отындарды кейіннен тығыздап 

сөндіруге болады.

      123. Өрт жойылған ошақтарды (әрбір ауысым), оны цехтың жедел журналына жаза отырып 

бақылау жүргізеді:

      1) көмірлер мен тоқтатас қатарлары – апта ішінде;

      2) өздігінен жанатын жаңа ошақтар жоқ болған кезде, бұл қатарларда отынды сақтау мен оның

шығыны қалыпты тәртіппен жүзеге асырылады.

      124. Вагондардан түсіру кезінде отындарды беру отын қатарларында немесе құрылыстарына (

тракт) жану ошағы бар отындарды беру трактіге отын беруге жол берілмейді.

      125. Вагондардағы жану ошақтарынан табылған отын алынады және су шашыратып сөндіру үшін 

арнайы алаңға беріледі. Суыған отынды жаңа отынмен бірге жағуға рұқсат беріледі.

      126. Желдің жылдамдығы 5 м/с астам астам болған кездегі жаз мезгілінде шымтезек 

қоймаларындағы тиеу-түсіру жұмыстары барысында өрт бекеттері қойылып, механизмдердің жұмыс 

істеуі қатаң қадағаланады.

      Желдің жылдамдығы 10 м/с астам болған кезде қойма аумақтарындағы барлық механизмдердің 

жұмысы тоқтатылады.

      127. Өздігінен жанатын отындардың қатарында, сондай-ақ толассыз жаңбыр салдарынан 

туындайтын көшкіндер, су шайған шұңқырлар мен басқа да ақаулары қысқа мерзім ішінде жойылады 

және жану ошағының туындауын болдырмау үшін қосымша тығыздалады.

      128. Жаңа түскен отынды қайта тізер алдында ескі қатар негізі отын қалдықтарынан 

тазаланады.

      129. Қатты отынды беретін жерді пайдалануды, жөнге келтіруді және жөндеуді қамтамасыз 



ететін персонал электр станцияға келетiн отын сипаттамасын және оның жарылу және өрт 

қауiпсiздiгiн бiлуі қажет.

      130. Кез келген жұмысты жүргiзген кезде шаңның қарқынды көзiнiң туындау мүмкіндігі 

шектеледі немесе минимумына дейін келтіріледі.

      131. Конвейерлердiң өндiрiстiк үй-жайлары мен галереялар ауасындағы отын тозаңының 

концентрациясы санитарлық нормаларда (10 миллиграм текше метрге (бұдан әрі - мг/м  дейiн)) 

3

белгiленген шектiк мәнiнен аспауы тиiс. Үй-жайлардың тозаңдануын тұрақты бақылау отынның 



қасиетiне байланысты кесте бойынша жүргiзiледі.

      132. Тығыздану мен тозаңсыздандыратын құралдардың жағдайына мерзімді бақылау жүргiзiледі.

Байқалған ақаулар қысқа мерзiмде жойылады.

      133. Отынды қайта төгу тораптарында беті бүркілген суды, механикалық-ауа көбігін немесе 

су мен будың қосындысын қолданып аспирациялық қондырғылар немесе шаң басу қондырғыларының 

жұмысқа қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.

      134. Отынды беру кезiнде отын беру трактында орналасқан барлық тозаңсыздандыру құралдары,

сондай-ақ отыннан металды, жоңқаларды және басқа да қосындыларды ұстауға арналған 

қондырғылардың жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледі.

      Тозаңсыздандыру немесе тозаңды басу қондырғыларын іске қосу және тоқтату құрылғылары отын

беру конвейерлерiнiң іске қосу мен тоқтату қондырғыларымен бұғатталуы қамтамасыз етіледі.

      135. Отын беру трактінде шаң жиналуды азайту бойынша жағдайларды қамтамасыз ету үшiн 

ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытылы орындалады және жүйелі түрде бақылау жүргiзiледі. Конвейер 

галереяларының қабырғалары тегiс тақталармен қапталады немесе ақшыл түстi суға төзiмдi 

бояулармен боялады.

      Шығыңқы жерлер көлденеңінен кемінде 60  бұрышпен қиғаш жасауға жол беріледі.

о

      136. Отын трактының жолының үй-жайларында тазалық сақталады және барлық тозаң жиналу 



орындарында тозаңды жою жұмыстары ұдайы жүргiзiледі.

      Тазалауды қатты отының түрiне, оның қышқылдануға икемділігіне және үй-жайдың тозаңдануына

байланысты техникалық басшы бекiткен кесте бойынша жүргiзеді. Тозаң сумен немесе механикалық 

тәсiлмен жиналады. Қажеттiлiк туындаған кезде, жекелеген қолмен тазалау орындарында осы 

жұмыстарды тозаңды сумен басқаннан кейiн атқаруға жол беріледі.

      137. Отын тозаңының көтерiлуiн болдырмау мақсаттарында терезелердi әйнектеу және есiк 

саңылауларын жөндеу жұмыстары тұрақты жүргiзiледі.

      138. Отын беру күре трактілері бойынша орнатылған жылыту аспаптары тазалау үшін ыңғайлы 

тегiс беттермен орындалады.

      139. Отын беру трактісі бойынша орнатылған электр жабдығы шаңнан қорғалып орындалады және

шаңды сумен тазалау талаптарына сай болады.

      140. Отын беру трактісі бойынша келетiн кабельдiк трассаларда шаң жиналуын азайту үшін 

кабельдердiң арасында ойықтар жасалады.

      141. Жабынды, қабырға мен ойықтар арқылы өтетiн кабельдiк трассалардың өтпелерi кемінде 

0,75 сағат (бұдан әрі - с) өртке төзімді тығыздығыштармен қамтамасыз етіледі.

      142. Конвейерлердiң үй-жайлары мен галереяларында және шикі отынның бункерлерiнде шаңнан 

қорғанатын шамшырақтар қолданылады. Шамшырақтарды тазалау және олардың шамдарын ауыстыру кернеу

өшiрiлген кезде және тек қана электрмонтермен жасалады.

      Отын беру трактінде жабық түрде жасалған люминесценттi шамдарды қолдануға жол беріледі.

      143. Конвейерлiк таспаларды жүктеу кезінде олар қозғалған кезде отындардың төгілуіне жол 

берілмейді.

      144. Тәуліктік қажеттілік көлеміне қарай жағармай материалдары жабық ыдыста және арнайы 

металл жәшікте жұмыс орнына жақын жабық майлықтарда сақталуы қажет.

      145. Дәнекерлеу және басқа өрт қаупі бар жұмыстар осы Қағидалардың 8-тарауында жазылған 

талаптарға сәйкес және үй-жайдан шығаруда қиындық туғызатын жабдықтар мен конструкцияларға ғана

орындалады.

      146. Конвейерде вулканизациялау жұмыстарын жүргізу алдында таспаның бойымен кемінде 10 м 

учаске шаңнан тазалануы (қажет болған жағдайда сумен тазалау) қажет, ол жанбайтын тасымалды 

қалқандармен қоршалады және тасымалды өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      147. Отын беру трактінің галереяларында конвейерлер арқылы өтпелi көпiрлер жарамды күйде 



ұсталады.

      148. Отынды беру жабдықтарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика 

министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 39 

 (Нормативтік құқықтық актілерді 

бұйрығымен

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10549 тіркелген) бекітілген Шаң тәріздес отынды дайындау және 

жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі - ОЖҚҚ) талаптары 

сақталады.

      149. Отын беру трактінің өндiрiстiк үй-жайларында мыналарға:

      1) арнайы белгіленген орындардан тыс темекі шегуге;

      2) жылыту үшiн электр жылыту аспаптарын қолдануға;

      3) ашық қыздыру шамдарын қолдануға;

      4) отынды жану (бықсу) ошағынан конвейерлерге беруге және оны бункерге тастауға;

      5) конвейерлiк таспалардың төменгi қыл астына отынды жинауға;

      6) апатты жағдайлардан басқа, отынмен толтырылған конвейердi тоқтатуға;

      7) жөнделмеген жабдықтардың, транспорттық таспалар мен басқа да жанатын материалдардың, 

әсіресе галереяларда сақтауға жол берілмейді.

      150. Шикі отын бункерлерiнде бықсу немесе жану ошақтары анықталған кезде мынадай 

ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдануы қажет:

      1) жедел түрде цех және электр станциясының бастығына хабарлау;

      2) шашыраған сумен жану (бықсу) ошақтарын сөндіруді ұйымдастыру;

      3) бункерді мүмкіндігінше ең жоғарғы нүктесiне дейiн жаңа отынмен жүктеу;

      4) бункерден отынның үдемелі іске қосылуы басталды. Барлық iс-қимылдар туралы тиісті 

жазба цехтың жедел журналына енгізіледі, ал жабдық бұзылған немесе тоқтап қалған кезде осы 

Қағидалардың талаптарына сәйкес тергеу жұмыстары жүргiзiледі.


Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Теория эволюции Эволюционная теория Чарльза Дарвина 2 часть II
assets -> Любовь Шашкова «нет повести прекраснее в ауле…»
assets -> Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ» менің таңдауым – ханафи мәЗҺабы
2015 -> Қазақстан Республикасының
files -> Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да
files -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет