Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата03.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығы. Қазақстан 

Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10799 тіркелді

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-

бабының 

 сәйкес 


:

29) тармақшасына



БҰЙЫРАМЫН

      1. Қоса беріліп отырған Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі 

 

қағидалары



бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 

тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми 

интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен 

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі 

департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы 

туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика 

вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Республикасы 

Энергетика министрінің 

2015 жылғы 20 ақпандағы

№ 123 бұйрығымен   

бекітілген     



Энергетика кәсіпорындары үшін өрт

қауіпсіздігі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы (бұдан әрі -

Заң) 5-бабының 

 сәйкес әзірленген және энергетика кәсіпорындары үшін өрт 

29) тармақшасына

қауіпсіздігін тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы 

төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек 

көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде 

азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты 

әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) тоқтату – энергия қондырғыларын немесе жабдықтарын жоспарлы немесе жоспардан тыс істен

шығару;


      3) энергетика кәсіпорындары – энергия өндіруші (жеке қажеттіліктері мен (немесе) өткізу 

үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын 

жеткізуді жүзеге асыратын ұйым) және энергия жеткізуші (электр немесе жылу энергиясын жеткізуді

шарт негізінде жүзеге асыратын ұйым) ұйымдар;

      4) жергілікті нұсқау – кәсіпорын аясында пайдалану үшін әзірленген және энергетикалық 

объектілердің басшылығымен бекітілетін нұсқаулық.

      3. Энергетика кәсіпорындарының басшылары:

      1) барлық инженерлік-техникалық жұмыскерлердің, жұмысшылар мен қызметшілердің осы 

Қағидаларды зерделеуін және орындауын ұйымдастырады;

      2) іс-шараларға қажетті қаржы бөліністерін бөле отырып, өрт қауіпсіздігін арттыруға 

бағытталған іс-шараларды әзірлеуді, бектуді, сондай-ақ орындауды қамтамасыз етеді.

      3) кәсіпорын персоналы мен мердiгерлiк ұйымдардың жабдықты жөндеу, қайта жаңарту және 

құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды 

ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды;

      4) кәсiпорынның өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн жүйелі түрде тексеру тәртібін белгілейді. 

Өрт туғызуы мүмкін анықталған кемшiлiктердi жоюға қажетті шаралар қабылдайды;

      5) әрбір өндірістік учаске мен үй-жайға өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды 

тағайындайды. Кәсіпорын жұмыскерлерінің сумен жабдықтау жабдығынының, өртті анықтау және 

сөндіру қондырғыларының, сондай-ақ басқа да өрт сөндіру мен өрт техникасы құралдарынының 

техникалық жай-күйін, жөндеуін және қалыпты пайдаланылуын тұрақты қадағалау үшін цехтар 

арасындағы қызмет көрсету аймақтарын шектейді;

      6) өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның тегі мен лауазымы көрсетілген маңдайшаларды 

көрінетін жерге іледі;

      7) обьектілік өртке қарсы қызметтің дайындығы мен ерікті өрт құралымдарын мерзімді 

тексереді және олардың жұмысын жақсартуға қажетті шаралар қабылдайды;

      8) өрт және өртке қарсы қорғау жүйесі мен құралдарында пайда болған ақаулар туралы, жол 

және кіреберістер жағдайының өзгерістері туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлайды.

      9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің электр жабдықтары мен электр қондырғыларында өртті 

сөндіру үшін жазбаша рұқсат берудің тәртібін айқындайды.

      4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының 

 (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес кәсіпорындардың шеберханаларында, қоймаларында, жекелеген

Кодексіне

цехтарында, зертханаларында және басқа да өндірістік және қосалқы құрылыстардағы өрт 

қауіпсіздігі үшін жауапкершілік осы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына немесе олардың 

міндеттерін атқаратын лауазымдық тұлғаларға жүктеледі.

      5. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, цехтардың, шағын станциялардың, 

зертханалардың, шеберханалардың, қоймалардың және басқа да өндірістік және қосалқы 

құрылыстарының бастықтары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалар:

      1) өндірістің оларға сеніп тапсырылған учаскелерінде өртке қарсы режимді сақтауды және 

өрт қауіпсіздігін арттыратын іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындауды қамтамасыз етеді;

      2) бағынысты персоналдың өрт-техникалық дайындығын ұйымдастырады және олардан өртке қарсы

режимнiң сақталуын және осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау 



саласындағы заңнамасының талаптарын орындауды талап етеді;

      3) цех персоналы мен мердігерлік ұйымдар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті 

қамтамасыз етеді. Жұмыс орындары мен үй-жайды тазалау, сондай-ақ кезекшілік жарықтандыруды, 

өрттерді анықтау мен өшіру жүйесін және үздіксіз технологиялық процестері бар жабдықтарды 

есепке алмағанда, жұмыс аяқталғаннан кейін электр желісін өшіру режимін белгілейді;

      4) учаскедегі өртті табу және сөндіру құралдарының жарамды күйде және үнемі дайындықта 

ұсталуы үшін жауапкершілік пен тәртіпті белгілейді;

      5) өрт, авария немесе персоналға қауіп тудыратын және жабдықтардың жұмыс режимін бұзатын 

басқа да қауіпті факторлар туындаған кезде дереу өрт бөлімшелерін шақыру шараларын қолданады, 

кәсіпорын басшылығына хабарлайды, өрт аймағындағы электр жабдықтарын тоқтан ажыратады, өрт 

сөндіруге жазбаша рұқсат қағазын береді, оны сөндіруді және персоналды эвакуациялауды, 

сондай-ақ жабдық жұмысының қалыпты режимін қалыпқа келтірілуін ұйымдастырады.

      6. Энергетика кәсіпорындарында «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі 

Қазақстан Республикасының 

 (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) сәйкес бекітілген «

Заңына


Объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын 

талаптар» техникалық регламентінде көзделген өрт қауіпсіздігі белгілері пайдаланылады.

      7. Энергетика кәсіпорнындағы әрбір жұмысшы жұмыс орнындағы, басқа да үй-жайлардағы және 

кәсіпорынның аумағындағы өрт қауіпсізідігінің белгіленген талаптарын білуі және сақтауы керек, 

ал өрт туындаған кезде жоғары тұрған басшыға немесе жедел персоналға өрттің орны туралы 

хабарлауы және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қолда бар өрт сөндіру құралдарымен оны 

жоюға кірісуі қажет.

      8. Кәсіпорынның әрбір қызметкері жұмыс учаскесіндегі өрт қауіпсіздігінің бұзылғандығы 

туралы бұзған адамға көрсетуі, цех немесе кәсіпорынның басқа да жерлеріндегі өрт жабдығын 

тікелей мақсатта пайдаланбағаны туралы және өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамға немесе 

кәсіпорын басшысына хабарлауы қажет.

      9. Барлық энергетика кәсіпорындарында Азаматтық қорғау туралы заңның 12-бабы 1-тармағы 70

 сәйкес бекітілетін техникалық регламентке сәйкес азаматтық қорғау саласындағы

-23) тармақшасына

уәкілетті органның қорытындысы бар өрт-техникалық өнім пайдаланылады.

      10. Осы Қағидалардың негізінде әрбір цех, зертхана, шеберхана, қойма, әкімшілік үй-жайлар

мен энергетика кәсіпорынының басқа да құрылыстары үшін өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы 

нұсқаулық әзірленеді.

      Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық көрінетін жерге ілінеді және объектінің 

өртке қарсы жай-күйін талдау негізінде, бірақ 3 жылда кемінде 1 рет қарастырылады.

      11. Әрбір энергетика кәсіпорындарында мынадай өрт қауіпсіздігі жөнінде құжаттамалар 

әзірленеді:

      1) кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы жалпы нұсқаулық;

      2) цехтардағы, зертханалардағы, шеберханалардағы, қоймалар мен басқа да өндірістік және 

қосалқы құрылыстардағы өрт қауіпсіздігінің нұсқаулығы;

      3) өрт сөндіру қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      4) өрт дабылының қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      5) кернеуі 500 киловольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары қосалқы станциялар мен қуатқа 

тәуелсіз барлық жылу және гидравликалық электр станциялары үшін өрт сөндірудің жедел жоспары;

      6) кернеуі 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар үшін өрт сөндірудің жедел 

карточкалары;

      7) сумен жабдықтау жүйесін, өртті табу мен сөндіру қондырғыларын пайдалану жөніндегі 

нұсқаулық;

      8) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, басқару, қорғау жүйелері, телемеханика, 

байланыс пен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі 

нұсқаулық.

      Энергетика кәсіпорындарында жоғарыда аталған нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 

 (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Өрт 

қаулысымен

қауіпсіздігі қағидаларына және Азаматтық қорғау туралы заңның 12-бабы 1-тармағы 70-23) 

 сәйкес бекітілетін техникалық регламенттерге сәйкес әзірленеді және тиісті 

тармақшасына

құрылымдық бөлімшелерде болады. Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы жалпы нұсқаулықтың бір 



данасы, өрт сөндірудің жедел жоспары мен өрт сөндіру карточкалары кәсіпорынның басқармасының 

бас қалқанында тұрақты тұрады.

      12. Кәсіпорында өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы жалпы нұсқаулықты обьектілік өртке 

қарсы қызметтің (ол осы кәсіпорында бар болған кезде) келісімімен кәсіпорынның басшысы бекітеді

және мынадай негізгі талаптарды айқындайды:

      1) аумақты, оның ішінде жолдарды, су көздерін, ғимараттар мен құрылыстарға және су 

көздерінің кіреберістерін күтіп ұстау;

      2) өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ғимараттарды, үй-жайларды, 

құрылыстарды күтіп ұстау;

      3) өртке қарсы режимге және оны орындау бойынша кәсіпорындардағы барлық жұмысшылардың 

міндеттері;

      4) кәсіпорындарда жақтас ұйымдар мен мердігерлерді бір реттік және уақытша жұмыстарды 

орындауға рұқсат беру мен ұйымдастыру;

      5) өрт сөндіру, өрт сигнализациясы мен байланыс құралдарын ұстауға, сондай-ақ өртке қарсы

қызметті шақыру тәртібі мен басқа да ұйымдық мәселелер;

      6) өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне жауапкершілік.

      13. Цехтардағы, зертханалардағы, шеберханалардағы, қоймалардағы және басқа да үй-жайлар 

мен құрылыстардағы өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтарды осы бөлімшелердің 

басшылығы әзірлейді, өртке қарсы қызметімен (ол кәсіпорында болған кезде) келісіледі және 

кәсіпорынның бас техникалық басшысы бекітеді.

      Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтарда өрт қауіпсіздігінің талаптары қамтылған

, атап айтқанда:

      1) өртке қарсы шараларды сақтамау салдарынан жану немесе өрт туғызуы мүмкін өндірістің 

технологиялық процестері үшін арнайы өртке қарсы іс-шаралар;

      2) пайдалануға жіберу дайындығы кезінде және жөндеуден кейін агрегаттардағы, аппараттар 

мен технологиялық қондырғылардағы өрт қауіпсіздігінің шаралары;

      3) цехта, зертханада, шеберханада, қоймада және басқа да өндірістік және қосалқы 

құрылыстарда өрт қаупі бар материалдар мен заттарды сақтау тәртібі мен нормалары;

      4) ашық отпен жұмыс істейтін аппараттарды қолдану режимі мен тұрақты өрт қаупі бар 

жұмыстарды (электрдәнекерлеу, газбен кесу және басқалары) жүргізу үшін арнайы жабдықталған 

учаскелерді ұйымдастыру;

      5) арнайы киімдер мен басқаларын сақтау, тұрмыстық үй-жайларды ұстау, үй-жайлардан жанған

материалдарды шығарып тастау, сақтау және жинау тәртібі;

      6) қолда бар өрт сөндіру құралдарын күтіп-ұстау тәртібі және оларды технологиялық 

қадағалау бойынша міндеттерді бөлу;

      7) өрт туған кездегі персоналдың әрекеті, өртке қарсы қызмет пен ерікті өрт 

құрылымдарының мүшелерін шақыру тәсілі, сондай-ақ басқа да іс-шаралар;

      8) технологиялық жабдықтарды тоқтату, желдеткішті ажырату тәртібі, өрт сөндіру құралдарын

пайдалану жөніндегі негізгі нұсқаулар, материалдық құндылықтар мен персоналды эвакуациялау 

тәртібі, үй-жайды жабар алдындағы тексеру тәртібі.

      14. Өрт сөндіру қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық, өрт дабылдарының 

қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық Азаматтық қорғау туралы Заңның 12-бабы 1-

тармағы 

 сәйкес бекітілген техникалық регламентке сәйкес әзірленеді.

70-23) тармақшасына

      15. Сумен жабдықтау жүйесін, өртті табу мен сөндіру қондырғыларын пайдалану жөніндегі 

нұсқаулықты кәсіпорынның бас техникалық басшысы бекітеді, типтік ведомстволық нұсқаулықтар, 

сондай-ақ орнатылған жабдықтардың паспорттық деректері мен жобалау құжаттамасы негізінде 

әзірленеді және төмендегілерді реттейді:

      1) кәсіпорынның тиісті бөлімшелері арасында өрттен қорғау және сумен жабдықтау 

қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жауапкершілік аймағын шектеу;

      2) технологиялық жабдық пен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, оны 

жөндеу, автоматика мен басқару жүйелерін техникалық қадағалау тәртібі;

      3) техникалық құжаттаманы жүргізуге қойылатын талаптар;

      4) персоналды дайындауға қойылатын талаптар, сондай-ақ сумен жабдықтау мен өрттен қорғау 

қондырғыларына қызмет көрсетудегі жауапкершілік.



      Осы нұсқаулықтарға пайдаланудың жергілікті жағдайларына байланысты қойылатын басқа да 

талаптар енгізіледі.

      16. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, басқару, қорғау, телемеханика, байланыс 

жүйелері мен автоматты басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін пайдалану жөніндегі 

нұсқаулыққа өрт туындаған кездегі персоналдың міндеттері мен өрт қауіпсіздігі бойынша нақты 

талаптар жеке бөлім болып енгізіледі.

      17. Қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес энергетика кәсіпорындарында 

жедел өрт сөндіру жоспары әзірленеді және бекітіледі.

      Жедел өрт сөндіру жоспары мәтін мен графикалық бөліктерден тұрады және мыналарды 

айқындайды:

      1) өрт туындаған кездегі кәсіпорын персоналының әрекеті;

      2) өрт аймағында орналасқан электр қондырғыларын тоқтан ажырату, өртті сөндіру үшін 

жазбаша рұқсат беру, келіп жеткен өрт бөлімшелерімен өзара әрекетінің тәртібі;

      3) еңбек қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, өрт сөндіру күштері мен құралдарын 

жұмылдыру шарттары;

      4) өрт техникаларын ұтымды орнату;

      5) объектілер мен ғимараттардан персоналды эвакуациялау жолдары.

      18. Жедел өрт сөндіру жоспары мына жағдайларда қайта қаралады немесе түзетіледі:

      1) энергетика объектісінің кеңейтілуі немесе қайта жаңғыртылуы;

      2) өртті сөндіру кезіндегі немесе өртке қарсы жаттығулар жүргізу кезіндегі (оқытулар) 

персонал мен өрт бөлімшелерінің әрекетінде анықталған кемшіліктер;

      3) өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа нормативтік құжаттар енгізу.

      19. Жедел өрт сөндіру жоспарын қайта бекіту энергетика кәсіпорнының басшысы немесе өртке 

қарсы қызмет гарнизонының басшысы ауысқан кезде жүргізіледі.

      20. Өрт сөндіру жоспарының негізгі ережелері өрт-техникалық минимум және мерзімді нұсқама

бойынша сабақ барысында кәсіпорын жұмыскерлеріне жеткізіледі.

      Мазут шаруашылығы мен сұйық отын қоймаларының басқа да түрлері үшін жедел өрт сөндіру 

жоспары жеке құрылады.

      21. Уақытты қысқарту және әрбір бөлмелердегі (үй-жайлардағы) кабельдік құрылыстарда, 

генераторда, трансформаторда (блокта, байланыста, жеке қажеттілікте) өрт туындаған кездегі 

кәсіпорын персоналының ұтымды іс-әрекетімен қамтамасыз ету мақсатында кезекші персоналдың 

негізгі қимылдарының жедел карточкалары әзірленеді.

      Жедел карточкаларды кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді және электр станциясының 

ауысым бастығында (ауысым, цех, блок бастығы), шағын станциялардың, электр желілері 

кәсіпорындарының кезекші диспетчерінде сақталады. Техникалық басшының шешімімен жедел 

карточкалар энергетика кәсіпорнының тиісті аумақтық диспетчерлік басқармамен келісіледі.

      22. Жедел карточкалар мына жағдайларда қайта қаралады:

      1) кәсіпорынның жөндеу жұмысы, кеңейтілу немесе қайта жаңғыртылуы кезінде қағидаттық 

схемаларының өзгеруі кезінде;

      2) өрт сөндіру барысында немесе өртке қарсы жаттығулар жүргізілгеннен кейінгі персонал 

әрекетінің нәтижелері бойынша;

      3) тиісті цехтың басшысы немесе кәсіпорынның техникалық басшысы ауысқан кезде.



2. Энергетика кәсіпорындарының объектілеріндегі өрт

қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

      23. Энергетика кәсіпорны аумағында мынадай:

      1) жанған қалдықтардан тазарту бойынша;

      2) ғимараттар мен жолдар маңында автомобильдер мен адамдардың еркін жүріп-тұруын 

қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

      24. Энергетика кәсіпорны аумағы:

      1) биік дуалмен қоршалады;

      2) бақылау-өткізу пункті, сондай-ақ сыртқы жарықтандыру орнатылады;



      3) жол белгілері мен автокөліктердің тоқтауына жол бермейтін түсіндірме жазбалары, 

жүретін жолдарды тарылту орындарында, арка астында және жедел жоспар бойынша өрт техникасын 

орналастыру орындарында жабдықтар орналастырылады.

      25. Жөнделіп жатқан учаскелер арқылы айналма жолдарды немесе өтпелдерді ұйымдастыру, 

жекелеген өту жолдары мен жол учаскелерін жөндеуге немесе басқа да себептермен жабу объектілік 

өртке қарсы қызметпен келісе отырып жүргізіледі. Осындай жағдайларда жөндеудің барлық кезеңінде

қажетті жерлерде жол белгілері мен жүру бағыттарының сілтемелері орнатылады.

      Жолдарды немесе айналма жолдарды жөндеу орындары қараңғы кезде жарықтандырылады.

      26. Жұмыс істеп тұрған энергетика кәсіпорны құрылысының құрылыс-монтаждау немесе қайта 

жаңғырту жұмыстары барысында оның аумағына инвентарлық ғимараттарды, басқа да уақытша 

құрылыстар мен тұрмыстық шағын вагондарды орналастыруға жол берілмейді. Энергетика кәсіпорындары

аумағында көрсетілген ғимараттар мен шағын вагондарды орналастыру немесе басқа тұрмыстық 

үй-жайларды орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, кәсіпорынның объектілік өртке қарсы қызметі 

келісімімен кәсіпорын аумағына оларды орнатуға жол беріледі. Бұл жағдайларда уақытша 

инвентарлық ғимараттар мен тұрмыстық шағын вагондарды орнату өндірістік немесе қоймалық 

ғимараттардан 30 метр (бұдан әрі - м) жақын емес орналастыруға жол беріледі.

      Тұрмыстық вагондарда топ ретінде орнатылады. Әрбір топта 10 вагоннан артық емес болады. 

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін шағын вагондар 10 күн ішінде кәсіпорын аумағынан әкетіледі.

      27. Тұрмыстық шағын вагондар ғимараттардың ішіне орналастырылмайды.

      28. Энергетика кәсіпорындары аумақтарындағы қоқыстар мен қалдықтарды өртеу арнайы 

қондырғыларда (пештерде) жүргізіледі.

      29. Барлық өндірістік, қосалқы және қызметтік ғимараттарда осы Қағидалардың талаптарына 

сәйкес персоналды қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету үшін белгіленген өртке 

қарсы режим сақталады.

      30. Эвакуация жолына персоналдың шығуы үшін сілтемелер орнатылады. Жұмыс және авариялық 

жарықтандыру жарамды күйде болады.

      31. Кәсіпорынның өндірістік, қосалқы және әкімшілік ғимараттарында:

      1) эвакуация жолы мен баспалдақ басқыштары бойынша кедергісіз және еркін кіру қамтамасыз 

етіледі;

      2) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды қолданбай жинастыру жүргізіледі;

      3) жұмыс істеп тұрған электр қыздыру аспаптарын тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі;

      4) қатып қалған су құбырлары ашық отты пайдаланбай қыздырылады;

      5) ғимараттардың шатырлары өндірістік үй-жай ретінде, сондай-ақ материалдар мен 

жабдықтарды сақтау үшін пайдаланылмайды;

      6) нарядтарда, технологиялық нұсқаулықтарда немесе өкімдерде көзделмеген үй-жайлар мен 

жабдықтарда жұмыс жүргізілмейді;

      7) өрт туындаған кезде адамдарды эвакуациялау үшін лифттер пайдаланылмайды.

      32. Шатырлы үй-жайлар үнемі құлыпқа жабылады. Есіктерге кілттің орны мен оны сақтайтын 

адамның телефоны көрсетілген маңдайша ілінеді.

      Шатырлы үй-жайлардың ағаш конструкциялары оттан қорғау құрамымен өнделеді.

      33. Бірінші, цоколдық немесе жертөле қабаттарының саты торлары марштарының астына орталық

жылыту тораптарынан басқа, қосалқы және шаруашылық үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.

      34. Тұрмыстық үй-жайларда арнайы киімдерге арналған металл шкафтар орнатылады. 

Антипиренмен өңделген ағаш шкафтарды қолдануға жол беріледі.

      35. Шкафтарда май тиген арнайы киімдердің тұруына жол берілмейді. Кәсіпорын әкімшілігі 

май тиген және лас болып қалған арнайы киімдерді жуу, жөндеу және ауыстыру мерзімін белгілейді.

      36. Цех қоймалары үшін бір уақытта сақталатын тез жанатын және жанғыш сұйықтықтардың 

нормативті барынша жол берілетін саны анықталады.

      Көрсетілген материалдарды сақтау нормалары жазылған маңдайшалар арнайы шкафтарға немесе 

қойма есіктерінің ішкі жағына ілінеді.

      37. Тығыз жабылатын қақпақтары бар сынбайтын ыдыстарда жұмыс орындарындағы жағармай 

материалдарының қорын сақтауға жол беріледі. Жағармай материалдарының қорының шамасы тиісті 

учаскенің өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жергілікті нұсқаулықпен белгіленеді.

      Ауысым аяқталғаннан кейін жанатын қалдықтар мен сүрту материалдары жұмыс орындарынан 



алынады. Пайдаланылмаған тез жанатын және жанғыш сұйықтар, сондай-ақ бояулар, лактар және 

еріткіштер арнайы металл шкафтарда (жәшіктерде) сақталады.

      38. Пайдаланылған май тиген сүрту материалдары сыйымдылығы 0,5 текше метр (бұдан әрі - м3

) артық емес «Ескі-құсқылар үшін» деген жазбасы бар арнайы металды жабылатын жәшікке салынады.

      39. Коммуникациялар мен аралық кабельдердің қиылысуы кезінде барлық өткізу орындары 

барлық қалыңдығы бойынша жанбайтын материалдармен, ал қажеттілік туындаған жағдайда арнайы 

сальникті тығыздағышпен тығыздалады.

      40. Желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелері (түтінді жою) жобалау талаптары мен орнату

шарттарына сай техникалық тұрғыдан жарамды күйде ұсталады.

      Саты торларының, дәліздердің, тамбурлардың, вестибюльдер мен холлдардың есіктерінің тығыз 

жабылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалады.

      41. Жоба шешімінсіз желдеткіш қораптардың ыдырауы мен олардың бөлшектенуін өзгерту, 

сондай-ақ желдеткіш жүйелердің немесе түтінге қарсы қорғау топтарының тұмшалануына жол 

берілмейді.

      42. Жанатын немесе әрең жанатын полимерлі жылытатын тікелей металл панелі бойынша 

кабельдер мен сымдарды (болат құбырлар төсеуді есептемегенде) төсеуге, сондай-ақ электр 

жабдықтарының қалқандарын және басқа да аппараттарды көрсетілген конструкцияға 1 м жақын 

орнатуға жол берілмейді.

      Панельдер арқылы әртүрлі коммуникациялар өткізілетін (қиылысқан) жерлерде нығыздалған 

жанбайтын материалдармен металды гильзалар қолданылады.

      Осы металды конструкциялардың радиусы 100 миллиметрден (бұдан әрі - мм) аспайтын ыстық 

жылу тасымалдағыш құбыр жолдарымен қиылысу кезінде жанбайтын жылытқыштардан жасалған жылу 

оқшаулағыш көзделеді.

      43. Зертханалық үй-жайларда барлық заттар, материалдар мен құралдар қатаң түрде 

әртүрлілігі немесе типтері бойынша сақталады. Химиялық әсері өрт немесе жарылыс туғызатын 

заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.

      44. Зертханалық жиһаз, сынау стендтері мен жабдықтар персоналды эвакуациялау барысында 

бөгет жасамайтындай етіп орнатылады. Минималды өту жолының ені 1 метрді құрайды.

      45. Химиялық зертханалық үй-жайлардың едендері технологиялық талаптарға және олар 

қолданатын химиялық заттарға байланысты метлах плиткалардан, линолеумнан және басқа да 

материалдардан жасалады.

      46. Зертханалық үй-жайлардағы зиянды және ыстық бу мен газ бөлетін барлық жұмыстар тек 

сору шкафтарында және желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде үй-жайдың ауасында бу, газ және шаңның

нақты концентрациясы өз шегінен жоғары концентрациясынан асып кетпеу үшін жүргізіледі. Сору 

шкафтары кіре берістегі есіктерге тікелей орнатылмайды.

      47. Қыздыру немесе жарылыс қаупі бар заттарды қолдана отырып жұмыс істеуге арналған жұмыс

үстелдері мен сору шкафтары жанбайтын материалмен, ал қышқыл және сілтілермен жұмыс істеуге 

арналғандары - коррозияға қарсы материалдармен толығымен жабылады және сұйық заттардың 

төгілуінің алдын алу үшін алу борттары болады.

      48. Зертханалардың қызметкерлеріне жанып тұрған шілтерлерді, сынау стендтері мен 

жабдықтарына қосылған қыздыру құралдарын бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

      49. Ауысым аяқталған соң қызметкер өзінің жұмыс орнын тексереді, жұмыс орнын қалпына 

келтіреді, аппараттар мен аспаптарды ажыратады және құжаттамалар мен құралдарды жинайды.

      50. Электрондық-есептеуіш машиналары бар үй-жайларды пайдаланылған блоктармен, 

материалдармен бөгеп тастауға, оларда жабдықтардың элементтері мен материалдарын сақтауға 

арналған шкафтарды орнатуға жол берілмейді.

      Электрондық-есептеуіш машиналардың тораптарын (блоктарын) күрделі жөндеу арнайы 

үй-жайларда (шеберханаларда) орындалады. Электрондық-есептеуіш машиналарының блоктарын ұсақ 

жөндеу немесе оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізген кезде тығыз жабылатын сынбайтын 

ыдыстағы 0,5 литрден аспайтын көлемде тез тұтанатын сұйықтықты қолдануға жол беріледі.

      Электрондық-есептеуіш машиналарды бақылау және сынауға қолданатын қосылып тұрған 

радиоэлектронды аппаратураны бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

      51. Энергетика кәсіпорындарының арнайы алаңдары мен аспалар астындағы үй-жайларда (

гараждарда) жеке автокөлік құралдары автокөліктік құралдарға қызмет көрсету жөніндегі 



кәсіпорындар үшін көзделген нормалардың талаптарына сәйкес орналастырылады.

      52. Гараждар үшін көлік құралдарының өртенуі кезінде эвакуациялау жоспарлары әзірленеді, 

ал олардың орналасу орындары ең аз: бір сүйреу қондырғысы 10 механизмге шыққандағы есеппен 

сүйреу арқанымен (штангілермен) қамтамасыз етіледі.

      53. 25-тен астам автокөліктері бар автокөлік шаруашылықтарында өрт кезінде 

автомобильдерді эвакуациялаудың кезектілігі мен тәртібін сипаттай отырып, оларды орналастырудың 

арнайы жоспары әзірленеді және бекітіледі. Осы жоспарда түнгі уақыттағы, демалыс күндері мен 

мейрам күндеріндегі жүргізушілердің кезекшілігі қарастырылады, сондай-ақ от алдыру кілттерін 

сақтау тәртібі айқындалады.

      54. Өрт кезінде автокөлік құралдарын эвакуациялау бойынша персоналдың әрекетін өртке 

қарсы жаттығулар барысында, бірақ жылына кемінде бір рет пысықталған жөн.

      55. Автокөлік техникасы мен тракторларды орналастыру үшін үй- жайларда:

      1) қозғалтқыштарды ашық отпен қыздыруға;

      2) кабиналарда және механизмдерде май тиген сүрту шүберектерін (ескі-құсқыларды) және 

арнайы киімдерді қалдыруға;

      3) отыны бар ашық мойынды бактары бар автомобильдер мен тракторларды ұстауға;

      4) автомобильдер мен тракторларға стационарлы орнатылған бактар мен баллондардағы отыннан

басқа, лактардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың бос ыдыстарын, сондай-ақ жанғыш (

бензиннің, дизельді отынның, газдың және басқа да) ыдыстарды сақтауға;

      5) құюға арналмаған жерлерде автомобильдер мен тракторларға отын құюға немесе ағызуға;

      6) күрделі жөндеу жұмыстарын, оның ішінде дәнекерлеуді, сондай-ақ желдеткіш 

қондырғылармен жабдықталған жеке арнайы үй-жайларда (бокстарда) орындалатын аккумуляторды 

зарядтауды қолдана отырып жүргізуге;

      7) автомобильдер мен тракторларды нормадан артық орналастыруға, оларды орналастыру 

тәртібін бұзуға, сондай-ақ көліктік машиналар мен құрылыстың құрылыс элементтерінің арасындағы 

орналастыру қашықтығын азайтуға;

      8) шығу қақпалары мен өту жолдарын жабдықтармен жауып тастауға, сондай-ақ автокөлік 

техникасы мен басқа да машиналарды тоқтатуға (тіпті уақытша болса да);

      9) түнгі уақытта көлік құралдарының тұрақты тұрақтарында бөгде адамдардың болуына жол 

берілмейді.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал