Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық — әлеуметтік – рухани.
Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы.