Елубаева Г. А.; Жұмағалиева А.Қ



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/6
Дата05.03.2022
өлшемі0.54 Mb.
#17838
  1   2   3   4   5   6
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС Толықтауыш пен пысықтауыш. 02.03.2022 жыл
Кадыркулов К.Ш. он. конф. 2017 (1)

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті
Көптілді білім беру факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Толықтауыш және пысықтауыш сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Орындағандар: Дүйсенбек А.А.;
Елубаева Г.А.;
Жұмағалиева А.Қ.;
Ғалимова Ә.С.;
Қабылдаған: ф.ғ.к.,аға оқытушы Елеуова А.С.
Жоспары:
1. Толықтауыш туралы түсінік және оның зерттелуі;
2. Толықтауыштың мағыналық түрлері мен тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері
3.Пысықтауыш туралы түсінік және оның ғылыми зерттелуі;
4.?
Толықтауыш
Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді.
Дара
Күрделі
Тура
Жанама
П.М.Мелиоранский
түркітанушы,профессор
Қазақ тілінің грамматикасы үшін П.М.Мелиоранский елеулі еңбек қалдырды. Автордың қазақ тілі үшін «Қазақ қырғыздың қысқаша грамматикасы» жарық көрді. Ғалым жалпы сөйлем мүшелері, соның ішінде, бастауыш, баяндауыш туралы көп айтады, ал толықтауышқа арнайы тоқталмай, тек оларды атаумен шектеледі.
«Қазақ-қырғыздың қысқаша грамматикасы»
(1897)
1912 жылы орыс миссионерлерінің бірі Н.Сазонтовтың «Қырғыз тілінің грамматикасы туралы жазба» деген еңбегі Ташкентте басылып шықты. Н.Сазонтов жай сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, олардың жасалуы туралы сөз еткенімен, толықтауышты атай отырып, бірақ оның жасалу жолына онша бара бермейді.
«Қырғыз тілінің грамматикасы туралы жазба» Ташкент 1912
А.Байтұрсынов
ағартушы,түркітанушы,қоғам қайраткері
А.Байтұрсынов :«Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын, толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз» деген ереже береді. оның зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеулік, жалғаулық, одағай, бүтін сөйлемнен де жасалуын көрсетеді. Автор толықталатын сөздер баяндауыштарды толықтап тұрады дегенді де ескертеді. Ал толықтауыштың жанама түрін атамағанымен, «жалғаулықты және жалғаулықсыз толықтауыш тура толықтауыш деп аталады» деп, табыс септігінің түсіріліп айтылуы мен көмекші сөзсіз толықтауыштарды ерекше көрсетеді.
А. Байтұрсынов Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
Қ.Жұбанов
тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры,түркітанушы
«Көп сөзді сөйлемнің осындай түгел ойдың бір бөлшегін білдіретін әр сөзін сөйлем мүшесі» деген автор оларды баяндауыш, бастауыш жне айқындауыш деп үшке бөледі. Ғалымның тілімен айтсақ, сөйлемнің айқындауыш мүшелері анықтауыш пен толықтауыш арқылы тиянақталған. Ғалым жалғаулы болса, толықтауышқа, жалғаусыз болса анықтауышқа телиді. Профессор ілік жалғаулы сөзді де формасына қарай толықтауышқа қосты. Сол сияқты автор хат жаздым, қала мектебі және басқа да септіктердің түсірілуін толықтауышқа қосып қарады.
Қ. Жұбанов Қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер Алматы, 1966
Н.Сауранбаев түркітанушы,
ф.ғ.д.
Автор толықтауыштың көбіне етістікпен байланысатынын кең түрде ашады. Соның негізінде толықтауыш, өзін-өзі толықтайды дейді. Жабыла атқа мінген ел сыртқа қарай жөнкіді деген атқа толықтауышы мінген есімшелі анықтауышты да толықтап тұр деп оның аясын кеңейтіп жібереді.
Н. Сауранбаев Қазақ тілі. Алматы: Мектеп, 1953
Т.Шонанов
тілтанушы-түркітанушы,доцент,қоғам қайраткері
Ғалым «Баяндауышты толықтыратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. Толықтауыш септеу сұрауларына (неге? Кейде? Қайда? Неден? Кімнен? Қайдан? кіммен? қашан? Нені? Кімді? Кімде? Неде? Қай кезде?) жауап береді. Толықтауыш сөйлемде баяндауышпен байланысты».
“Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында” Оренбург : Киргосиздат, 1925

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет