«Әліппенің» құрылысы мен мазмұнын сауат ашумен салыстыру Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты – оқушыларды сауат ашуға даярлау. Сондықтан да оны «даярлық кезеңі»


Бұл салада екі түрлі жұмыс жүргізіледі



жүктеу 33.82 Kb.
бет4/4
Дата10.02.2022
өлшемі33.82 Kb.
#17133
1   2   3   4
«Әліппенің» құрылысы мен мазмұнын сауат ашумен салыстыру
Бұл салада екі түрлі жұмыс жүргізіледі:

    1. Дауыссыз дыбысты әр сөздегі бір буынды қайталап беру: ба-ла, да-ла, қа-ла.

    2. Дауыссыз дыбысты сөздегі әр буында әртүрлі қайталап беру: ша-на, ба-қа, ке-ме, та-ға, да-ла.

    3. Екі дыбыстан құралған сөздегі дауыссыз дыбысты табу. Мұнда да екі түрлі жаттығу жүргізуге болады.

  1. Сөзді бір дауыссызға аяқтайтын етіп беру арқылы: ат, от, ет; ор, өр, ұр; ал, ол, ел, іл, ұл, ас, ес, іс, ыс…,

  2. Сөздің дауыссыз дыбысын әр үрлі» етіп беру арқылы : ат, ер, ақ, әк, ас.

Бұл кезеңде оқушыларды жазу жұмысына даярлауға жете мән беріледі. Ондай жұмыстың түрлері:

  1. Әртүрлі еркін сызықтар мен өрнектер сыздыру;

  2. Негізгі әріп элементтерін сызуға жаттықтыру;

  3. Баспа әріптерін кубиктермен таныстыру; баспа әріптер мен оңай әріптерді, сөздерді жаздыру.

Сабақ мазмұны: сабақта балаларды оқуға даярлау жұмыстары: мектеп, сынып, Әліппе, басқа оқу құралдарымен таныстыру; дұрыс отыру, қалам, дәптерді пайдалану ережелерін меңгерту; саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.

  • «Сөз» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; қолды жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.

  • «Буын» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; қолды жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.

  • Әртүрлі буынды сөздерді буынға бөліп айтуға жаттықтыру; қолды жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.

  • «Дыбыс» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; Сөзді – буынға, буынды – дыбысқа талдауға жаттықтыру.

  • «Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; А, Т әріптері бар кубиктерді көрсету; бұл дыбыстарды баспа әріптермен жазуға үйрету; А-ТА сөзін буынға бөлдіріп, баспа әріптермен жаздыру.

  • «Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; У, Л әріптері бар кубиктерді көрсету, бұл әріптерді жазуға үйрету, әріптер өтілген кубиктерден сөз құрату; А-УА, А-ЛА сөздерін буындап жаздыру.

  • «Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; Қ, Б, Д әріптері бар кубиктермен таныстыру; әріптері өтілген кубиктермен сөз құрату: ҚА-ЛА, БА-ЛА, ДА-ЛА сөздерін баспа әріптермен жаздыру.

  • «Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; әріптері өтілген кубиктерден сөз құрату, сөздерді баспа әріптермен жаздыру.

  • Әріптері өтілген кубиктерден 3-5 сөз құрату; ол сөздерді оқыту, жаздыру, оқушылардың оқу, жазу машығын байқау.

Сауат ашу жұмысы балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары заттық, сюжеттік суреттермен сөз, сөйлем құрату, дыбыстық талдау жасату, моделдеу, айнала қоршаған өмірмен байланыстыру, компьютерді қолдану, ой еңбегін жандандыруға бағытталып, таңдап алған тапсырмаларын орындауда, өздігінен ізденіп шешімін табуы көзделеді. Балабақшада жазу жұмысы арнайы жеке жүргізілмейді. Балаларға баспа түрінде әріп элементтерінен жеңіл сөз, сөйлем құрату, жазу не сурет салу кезінде дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстауға үйрету көзделеді. Дәптердің қажеттігі, оның беттері, дәптер жолы, оң жақ, сол жақ шеті, төмен жағы, ортасы деген ұғымдарды игерту де осы кезеңде іске асырылады. Кесінді әліппеден тапқан дыбыстарды дәптер жолына орналастыра білуге жаттықтырады.

Өтілген дыбысқа орай балаларға тәрбиешінің айтуы бойынша қара қарындашпен (дұрысы сурет контурын салу) суреттің астына сөздің дыбыстық құрамын белгілермен белгілету.

Балалардың қолын жаттықтыру үшін тақтаға түрлі-түсті бормен жаздырып дағдыландыру қажет. Балалардың саусақтары тез шаршайды, сондықтан, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру үшін арнайы жаттығулар жасалады. Ол үшін тақтаға бормен түрлі ирек, ілмек, сопақша, ұшбұрыш, тік төртбұрыш сияқты ырғақтық өрнектерді жазу игеріледі. Балалар баспа әріптерді жасағанда кейбір элементтерінің, бөлшектерінің қай жаққа қарай өзгеретінін сызықтың бағыты бойынша айтып беруге тиіс.

Сауат ашу кезеңінде балалардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей санасқан жөн. Осыған орай, тәрбиеші-әдіскерлер сауат ашу жұмыстарын түрлендіріп, мақсатты ойындар мен ырғақты қимыл-қозғалыстар, бейнелеу өнері, математика, айналамен таныстыру, әсіресе, балалардың тілін дамыту, пәнаралық байланыстардың негіздерін қолдана отырып, бағдарлама мақсатын шығармашылықпен жүзеге асыруға тиіс.



«Әліппе» мен «Сауат ашудың» айырмашылығы бар.

 Ең бастысы – баланың сауатын ашу кезеңдеріндегі айырмашылығы. Әліппе дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең екі оқулықта әртүрлі уақытты қамтиды. «Әліппені» 1-жартыжылдықта аяқтап, «Ана тілі» оқулығына кірісетінбіз.

Ал «Сауат ашуда» әліппе кезеңі 3-тоқсанға дейін жалғасады. Бұл баланы жалықтырып жіберетін процесс.

«Әліппеде» барлық сөз, сөйлем буын-буынға бөлініп берілетін. Әріппен танысқанда, төменгі жағында әріптің жазба түрі, сөздердің, сөйлемдердің көркем жазу үлгісі көрсетілетін. Әліппе кезінде әріпке байланысты әңгіме мәтіндер беріледі. Мәтіндер қысқа мазмұнды, баланың түсінуіне жеңіл, өлеңдер жаттап алуға, есте сақтауға, қабылдауға оңай болатын.



«Сауат ашудың» жаңалығы мен өзгешелігі көп. Басты ерекшелігі – тыңдалым, жазылым, оқылым және айтылым сынды деңгейлерден тұрады. Бір әріпті үйренуге төрт-бес сабақ арналады да, сол уақытта баланы өздігінен ізденуге үйрететін түрлі тапсырма беріледі. Яғни, баланы жаттанды білімге бағыттау емес, бір дүниені үйренуге өзінше талпыну, іздену, керекті білімді игеруге өзі күш салып барып, қабылдауға баулиды. Қарапайым диалогты оқушылар тыңдалым арқылы бірінші сыныпта-ақ меңгеруіне мүмкіндік береді.
жүктеу 33.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет