«Әліппенің» құрылысы мен мазмұнын сауат ашумен салыстыру Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты – оқушыларды сауат ашуға даярлау. Сондықтан да оны «даярлық кезеңі»


Сабақта қолданылатын сұрақ-жауап түрлері



жүктеу 33.82 Kb.
бет3/4
Дата10.02.2022
өлшемі33.82 Kb.
#17133
1   2   3   4
«Әліппенің» құрылысы мен мазмұнын сауат ашумен салыстыру
Сабақта қолданылатын сұрақ-жауап түрлері:

- қандай? - қуыршақ қандай?

- көк. – қуыршақ әдемі.


  1. Баяндауышы жатыс септігіндегі зат есімнен жасалған бастауыштар тауып, екі сөзді сөйлемдер құрастырып айтуға үйрету.

Құс ұшты. Қой маңырады. Алма пісті.

Ұшақ ұшты. Қозы маңырады. Жүзім пісті.

Қарға ұшты. Ешкі маңырады. Өрік пісті.

Торғай ұшты. Лақ маңырады. Қауын пісті.

Үй таза. Атам үйде.

Бөлме таза. Әжем үйде.

Еден таза. Қуат үйде.

Мектепке алғаш келген балалардың жетекші іс-әрекеті – ойын. Сондықтан баланың ойынға деген қажетін ескермей, оны бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Демек, мектепте, әсіресе сауат ашу кезеңінде, оқу мен ойын ажырамас бірлікте жүргізуді керек етеді. Алайда, ойын түрін сабақ тақырыбының мазмұнына лайықтау керек. Мысалы, осындағы «ұшты» деген баяндауышы бар сөйлемдерді үйрету үстінде «Ұшты-ұшты» деген сөздеріне белгілі ойынды ойнатқан жөн. Бұл

ойын оқушыларды сергітумен қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

Әліппеде екі сөзді сөйлемдер жасауға арнайы материалдар беріледі. Мысалы, Қаз жүзді, Үйрек жүзді, Әтеш шақырды, Қой жайылды, Жылқы өрісте сияқты екі сөзді сөйлемдер жасап айтуға болады.Сөйтіп, екі сөзді (жалаң) сөйлемдер құрастырып айтуға төселген оқушыда «сөйлем» туралы біршама ұғым қалыптасады. Бұл кезде өзі үш, төрт сөзді сөйлемдерді сөйлеу тәжірибесінде ажырата білуге мүмкіндік жасайтын болады.Үш, төрт… сөзді сөйлемдермен оқушылар «Әліппе» материалдары бойынша әңгіме өткізу барысында танысады. Бұл кезде жетекші сұрақ-тапсырмалардың көмегімен сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.Құрамындағы сөздің саны екіден көп сөйлемдер көбінесе«Әліппеде» берілген сюжетті суреттер бойынша қарастырылады. Мысалы, «Айжан ыдыс жуды» сияқты үш-төрт сөзді сөйлемдер құрастырып, оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлауға болады.Келесі сабақтарда оқушылар «сөз» деген ұғыммен арнайы таныстырылады. Жоғарыда айтылғандай, «сөз» деген ұғыммен оқушылар «сөйлем» құрастырып, сөйлеуге үйрену барысында таныса бастайды. Өйткені бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратып түсіндіру мүмкін емес (сөйлем сөздерден жасалады).«Сөз» деген ұғым оқушыларға практикалық жолмен түсіндіріледі. Практикалық жолмен үйрету дегеніміз – ережесіз, баланың өз тәжірибесінде қабылданған білім негіздеріне сүйене отырып, нақты заттар мен суреттерді көрсету арқылы әңгімелесіп түсіндіру. Бұл тәсілмен түсіндірілетін нәрсенің мазмұны – оқушыға бұрыннан-ақ таныс дүние. Мұғалім оны тек жаңғыртыр, айқындап, қорытып береді. Сол арқылы жаңа білімге жетектейді.

«Әліппеде» берілген суреттердің астына сөйлем мен ондағы сөздерді бейнелейтін арнайы схемалар орналасқан. Әр сөз ұзынша тік төрт бұрышпен белгіленген. Мысалы, сөйлемде үш сөз болса, оның схемасы үш рет ұзынша тік төрт бұрышпен беріледі.

Оқушылар «сөйлем», «сөз» туралы алғашқы мағлұматтар алған соң, «буын», «дыбыс» деген ұғымдар түсіндіріледі.

Сөзде неше буын болса, оны сонша рет қана бөліп айтуға болады. Демек, буын деген ұғымды түсіндірудің тиімді тәсілі

–сөзді практика жүзінде буындап айтуға төселдіру. Ол үшін мұғалімнің өзі алдымен сөзді буынға бөліп айтады (мысалы, ба-ла). Сөздің буынға бөлінген әрбір бөлігін айқындау үшін мұғалімге қосылып бүкіл сынып ол буындарды хормен айту керек.

«Сөзді» бөліп-бөліп айтуға болады. Сөздің әр бөлігін бұдан былай «Буын» деп атайтын боламыз. Осылайша, буын деген термин енгізіледі.

«Дыбыс» деген ұғымды түсіндіруде сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып талдаудың мәні зор. Ол үшін мынадай практикалық тәсілдерді қолдануға болады.



  1. Сөзден жеке дауысты дыбысты бөліп алып айту. Ол үшін бірінші буыны жеке дауыстыдан жасалған сөздер алынады.А-та, а-ра, а-ла, ә-ке, ә-же, ә-теш, е-тік, е-рін.

  2. Екі дыбыстан құралған ашық буынды сөздегі дауыссыз дыбысты табу.


жүктеу 33.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет