Елімізге ономастика туралы айтулы заңның керектігі еш дау тудырмаса керек. Өйткені дәл осы



жүктеу 0.77 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет.  

Әңгімелескен 

Мәриям ӘБСАТТАР 

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ

– Елбасымыздың өзі де «шетелде оқытып жатқан балаларымыздың 

көбі қайтпайды дейсіңдер, сонда қалай» деп айтты ғой. Сол шетелде 

оқып жатқан балалардың ішінде мыңнан оны кедей отбасынан десе, 

мен той жасап берер едім. Кедей баласының шетелге әлі аяғы жетпей 

жатыр. Ал байдың балалары шетелде біздегіден гөрі еркін өмірді 

көреді, әке-шешесінің қадағалауы жоқ, есесіне олардың «ойбай, 

баламның шетелде қарны ашып қалмасын» деген қамқоры екі есе 

артып, артынан есеп шотына аямай ақша лақтырады. Бала оған 

керемет өмір сүреді, сол жерден үй сатып алып жатқандар қаншама! 

Сосын сол жақта жұмысқа қалмай, не істейді?! Келген соң бұл жақта 

өзі қалағандай жалақыға жұмыс таба алмайтынын, дәл сол 

шетелдегідей өмір сүре алмайтынын біледі.    

  

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ



Жұматай 

әулиенің 

жұмбағы

Әулие адамдар ішінде тек некен-саяқ 

әулиелер Алла тағаланың өздеріне берген, 

сыры басқаларға құпия қасиеттері арқа-

сында өмірден өткенде әдеттегідей тән-

дерін жерлеуге қалдырмайды. Ондай 

адам 

дар өлерлік халге жақындағанда 



дене леріндегі электрондарды дұға оқып, 

жарық түріне өзгерте алатұғын болған. 

Осындай қасиеті бар әулие өз қазасынан 

бір күн ілгері үйіндегі адамдарға: «Мені 

бүгіннен бастап осы бөлмеде жеке қалды-

рыңдар. Ертең мен өлгеннен кейін денемді 

жапқышпен жауып, бір жұма бойы бұл 

бөлмеге кірмеңдер», – деп өтініш жа сай-

ды. Сосын сегізінші күні қайтыс болған ә у-

лиені жерлеуге келген адамдар оның жат-

қан бөлмесіне кіріп, үстіне салған 

жап  қыштың астында жансыз дененің жоқ-

тығын көреді. Сонда өліктің астындағы тө-

сеніштің үстінде оның тек шаштары мен 

тыр нақтары қалады. Мұндай жағдайда 

өлік тің денесі шым-шымдап жарық боп өз-

геріп, бір жұма шамасында толығымен 

мүл дем жоғалып кеткен болады. Бұл сияқ-

ты таңғажайып құбылысты орыс тілінде 

«радуж ное тело» дейді. Мұндағы «радуж-

ное» деген сөз түрлі жарық боп көрінетін 

орыс тіліндегі «радуга» (қазақша: кемпір-

қосақ) деген сөзге байланысты пай да бол-

ған. Ендеше, «радужное тело» деген сөз 

тір 

кесінің қазақша баламасы «жарық 



болған дене» деген сөз.

Ал Әбжалап әулиенің өзіне тән үйі 

болмағандықтан, ол өлмесінен бұрын 

Алла тағалаға жалбарынып, қаза болған 

мезгілінен бастап жерлеуге дейінгі уақыт 

аралығында сүйегінің толығымен жарық 

болып өзгеріп кетуіне дұға жасауы мүмкін 

деп пайымдауға болады. Бәлкім, Әбжалап 

әулиенің сүйегін ораған кебіннің ішінде 

оның шаштары мен тырнақтары қалған 

шығар, алайда Мәшһүр Жүсіп Әбжалаптың 

сүйегінің жарық боп ғаламға таралып 

кеткенін және кебіннің ішінде оның шаш-

тары мен тырнақтары қалғанын, әрине, 

білмеді деуге болмайды. Сондағы қыстың 

аязды күнінде бейіттің басында таңғажа-

йып оқиғаның әсерінен абыр-сабыр жағ-

дайдың мән-жайын, сөзсіз түсіндіріп 

айтпаған болуы керек.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, 

Кереку

Басы 1-бетте

Мен қазақ жеріне Қытай шекарасынан асып келіп отырмын. Елге 

түбегейлі көшіп келіп, осында орнығып қалсам деймін. Қазақстан 

Республикасының азаматтығын алу үшін не істеуім керек?

Белгібай САБЫРЖАНОВ, Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының аза-

мат тығын алу тәртiбi еліміздің «Қазақ-

стан Республикасының азаматтығы ту-

ра лы» Заңымен реттеледі. Мемлекет 

ау мағында заңды негiздер бойынша 

бес жыл бойы тұрақты тұрып жатқан 

не 


месе Қазақстан Республикасының 

аза маттарымен кемiнде үш жыл бойы 

не кеде тұратын тұлғалар республика 

аза маттығына  қабылдануы  мүмкiн. 

Аза маттық алу үшiн мүдделi тұлға ке-

лесi құжаттарды тапсыруы керек: жеке 

тұл ғаның өтiнiшi; көшi-қон полиция сы-

ның бөлiмшесiнде берiлетiн бланкпен 

рәсiм делетiн өтiнiш; көшi-қон полиция-

сы ның бөлiмшесiнде берiлетiн бланк-

пен рәсiмделетiн, республика азамат-

ты 


ғы туралы заңмен көзделген 

шар ттарды орындау туралы мiндеттеме; 

Әдiлет министрлiгiнiң немесе Халыққа 

қызмет көрсету орталықтарының 

аумақтық бөлiмшелерi берген осы 

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тiркел-

гендiгi туралы белгi қойылған аза-

маттарды есепке алу кiтабы; 35х45 

мм. мөлшерiндегi төрт фотосурет; 

мем 


лекеттiк бажды төлегендiгi 

туралы түбiртек; Қазақстан Респуб-

ликасының аумағында бес жыл бойы 

тұрып жатқан шетел азаматтары мен 

азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн рес-

публика аумағында бес жыл бойы 

тұ рып жатқандығын растайтын құ-

жат 


тар; бұрынғы азаматтығы 

бойынша мемлекеттiң уәкiлеттi 

органы берген, бұрынғы азамат-

тығының жойылғандығы туралы 

анық тама.

ЖЕ

ТІС



ТІК

Еуразия университеті 

369- орынға көтерілді

Күні бүгінге дейін халықара-

лық QS World University Rankings 

зерттеу орталығының рейтингін-

де дүниежүзінің ең үздік 400 

университетінің қатарынан 

көрініп келген Лев Гумилев 

атын дағы  Еуразия  ұлттық 

уни верситеті биылғы жылдың 

қоры тындысы бойынша 369- 

ыншы саты ға көтеріліп, абырой 

биігін бағын дырды. 

Еуразия ұлттық университетінен кейінгі 

390-ыншы орынға Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті орналасты. Бұл 

туралы рейтинг орталығының басшысы 

Бен Саутер: «Қазақстанның екі бірдей 

жоғары оқу орнының әлемнің алдыңғы 

қа  тарлы университеттерінің көшіне қо-

сылуы ел билігінің білімге оның ішінде жо-

ғар ы оқу жүйесіне басымдық беретіндігін 

көр сетеді. Сіздердің университеттеріңіз 

бі лім беру саласында сара соқпақ салып, 

бәсекеге қабілетті болуда аянбай тер төгіп 

жатыр», – деді.

Айта кетейік, QS WUR рейтингіндегі ал-

ғашқы бестікті Массачусстс технологиялық 

уни верситеті (АҚШ), Кембридж универ-

ситеті (Ұлыбритания), Гарвард универ-

ситеті (АҚШ), Лондонның университет 

колледжі (Ұлыбритания) және Оксфорд 

университеті (Ұлыбритания) бастап тұр. 

Бұл рейтинг білім сапасын бағалаудың 

тамаша құралы ретінде университеттердің 

кө п  салалы білім беру мазмұнын жақсарту-

ды, сондай-ақ олардың жетістіктерін әлем-

дік деңгейдегі университет ретінде даму 

және қалыптасу үдерісінде көрсетуді көз-

дейді. 


Еуразия ұлттық университеті 2009-

2010 оқу жылында QS рейтингі бойынша 

«500 PLUS» тізіміне ілініп, 531-інші орынға 

ие болды. Арада бір жыл өткенде аталмыш 

оқу орны әлемдегі маңдайалды жоғары 

оқу орындарының ішінде 450-інші орынға 

табан тіреді. Ал биыл 81 университетті 

артқа тастап, халықаралық аренадағы 

беделін бекемдей түсті.

Мәриям ӘБСАТТАР


                

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№163 (845) 



15.09.2012 жыл, 

сенбі


 

Үшкемпіров турнирі Семейде өтеді

Теннисші жігіттер ондығы

ДОДА


«Грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі 

жолындағы турнир биыл Семейде ұйымдастырылады» деп естіп едім. Сол турнир қашан басталады?

Жангелді МАҚСАТҰЛЫ, Алматы

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы 

Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне орай ұйымдас-

тырылатын жастар арасындағы республикалық турнир 

15-16 қыркүйек күндері Семейде өтеді. Грек-рим 

күресінен өтетін белдесулердің жалауы Жақсылық 

ағамыздың туған жері Семей қаласындағы Дене шынық-

тыру және сауығу кешенінде желбірейді. Турнирге рес-

публикамыздың барлық аймағынан балуандар қатысады 

деп күтілуде. Алайда жақында ғана жас 

өспірімдер 

арасындағы әлем чем пио натына қатысып келген бал-

уандарымыз Үшкемпіров турнирінен бо сатылған. Бұл 

туралы жастар құрамының бас бапкері Бауыржан Мәм-

бетбаев Қазақстан күрес феде рациясының ресми сайтына 

берген сұхбатында мәлімдепті. 

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атын-

дағы турнир 1985 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Алдымен аудан көлемінде өткен белдесулер кейін облыс 

деңгейіне жетіп, уақыт өте келе, республикалық турнирге 

айналды. Қазақстан ұлттық құрамасындағы беткеұстар 

балуандардың біразының дәл осы турнирден қанаттанғаны 

да рас. Енді алдағы турнирде болашақ Олимпиада чем-

пиондарының жұлдызы жанады деген үміт бар. Себебі 

Жақсылық Үшкемпіровтен кейін ешбір қазақ балуаны 

Олимп тұғырын бағындырған жоқ.



Теннис спортының жанкүйері едім. Испан жұлдызы Рафаэль Надаль 

ұнайды. Мен «Надаль теннисшілер рейтингінде көш бастап келеді» десем, 

құрбым «жоқ, қазір Джокович алда» дейді. Рейтингтің алғашқы ондығында 

кімдер бар екенін жарияласаңыздар екен.

Файза ӘМІРТАЙҚЫЗЫ, Астана қаласы

Жақында АҚШ-тың ашық біріншілігі 

аяқталып, теннисшілер рейтингі қайта 

түзілді. Бүгінде көш басына қайтадан 

Швейцария жұлдызы Роджер Федерер 

шыққан. Новак Джокович екінші орында 

да, Рафаэль Надаль төртінші орынға 

сырғыды.


1. Роджер Федерер (Швейцария) – 

11 805 ұпай

2. Новак Джокович (Сербия) – 10 470

3. Энди Маррэй (Ұлыбритания) – 8 570

4. Рафаэль Надаль (Испания) – 7 515

5. Давид Феррер (Испания) – 5 915

6. Томаш Бердых (Чехия) – 4 830

7. Жо-Уилфрид Тсонга (Франция) – 

4 520

8. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина) 



– 3 890

9. Янко Типсаревич (Сербия) – 3 285

10. Джон Иснер (АҚШ) – 2 610.

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ



Қызылорданың тасқамал қақпашысы

– Тасқамал қақпашы команда ның 

жақсы ойнауына себепкер. Сіз бұл 

шеберлікті қайдан мең гердіңіз?

– Сербияда футбол жоғары баға-

ланады. Жас өрен оған бала кезінен құ мар-

тып өседі. Мен де солардың бірімін, ес 

білгеннен ала доптың сиқырына арба лып 

өстік. Бір қызығы, әкем де жас кезінде 

кәсіби тұрғыда футбол ойнаған. Өз елі-

міздің бірінші лі гін де екінші топта бірнеше 

клуб тың жейдесін киген. Ол да қақ пашы 

болды, жарақат алып қа луына байланысты 

спортпен ерте қоштасты. Футболдың ал-

ғаш қы әліппесін сол кісіден үйрендім. Он 

жастан асқаннан кейін өзім туып-өскен 

Нови-Сад қаласы командасының дайын-

дық тобы 

на қабылдандым. Одан кейін 

Смедерево қаласының «Сартид» ұжы-

мының жастар клубы жейдесін кидім. Бұл 

уақытта мен 17 жаста едім, команда Сер-

бия ның үшінші футбол лигасында ойнай-

тын. Сосын ел астанасы – Белградтың БСК 

ұжымында төрт жылдан астам уақыт бойы 

тер төктім.

– Содан кейін Бельгияның «Шар-

леруа» командасына ауыс тыңыз ғой?

– Белградтық клубта алғаш қы жылдары 

негізгі қақпашы болдым. Онда бапкерлер 

құрамы ауысты. Бұрынғы ойыншыларға 

қырын қарады. Осылай жүр генде менің 

командамен жасаған келісімшартымның 

мерзімі бітті. Маған «Шарлеруа» клубының 

басшылығы тарапынан ұсыныс түсті. Әрбір 

футболшы үшін ше телге шығып, тәжірибе 

жинақ тап қайтқанның артықтығы жоқ. Көп 

ойланбастан Бельгияға жол тарттым. Бұл 

өткен жылдың басы еді. Бірнеше ойында 

негізгі құ рам да жасыл алаңға шығып, қақ-

паға доп дарытпауға тырыстым. Команда 

аталмыш елдің екінші лигасында ойнайды. 

Сөйтіп жүргенде Израильдің бір клубынан 

ұсыныс түсті. Әйтсе де, құжаттарды 

дайын дау бары сында бірқатар қиындық-

тар орын алып, маған ол жаққа бару дың 

сәті түскен жоқ. Сосын «Қай сар» тарапы-

нан ұсыныс жасалып, команда басшылы-

ғы мен мәмілеге келдім. Маған Қазақ-

станның дәм-тұзын тату бұйырған екен.

– Бұрын біздің еліміз жайлы білетін 

бе едіңіз?

– Мектепте оқып жүргеннен Қазақстан 

туралы аз-кем хаба рым бар еді. Жер кө-

лемі үлкен, мәдени құндылық пен табиғи 

ресурстарға бай жас мемлекет екенін 

оқығанмын. Менің осы жерде бол 

ған 

достарым да бұл елдің жылдан-жылға 



дамып келе жатқанын талай мәрте айтқан. 

Осында келген сәтте оған көзім айқын 

жетті.

– Ал біздің еліміздің футбол бірін-

шілігі хақында не білдіңіз?

– Қазір жер жүзінде спорт тың бұл түрі 

қанатын кеңге жайып келеді. Осы мақсатта 

Қазақстанда да көптеген ілгері леу көрініс 

беріп отыр. Биыл жасыл алаңға шыққан 

сәттерім де шеберлігі жоғары ойыншы-

лар дың көп екенін байқадым. Талантты 

жастар да аз емес.



– Қазақстан мен Сербия фут 

бо-

лында айырмашылық пен ұқсас-

тықтар бар ма?

– Еуропаның алдыңғы қатар 

лы 

біріншіліктерінде шабуылға көбірек мән 



беріледі. Оны Англия, Испания, Италия, 

ТЕННИС


Футболда «Қақпашы – жарты команда» деген сөз бар. Расында, осы 

шепте шебер ойнайтын адам өз клубын өрге сүйрей алады. Қаншама 

қиын сәттерде голдан құтқарып қалатын тәжірибелі қақпашылар бар. 

Солардың қатарына «Қайсардың» қақпашысы Неманья Джоджоны 

жатқыза аламыз. Биылғы жылдың басында команда құрамына 

қосылған серб жігіті «ә» дегеннен жанкүйердің жылы ықыласына 

бөленді. Бірнеше ойын бойы қақпасына доп дарытпай, білікті 

мамандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ол 13 ойында негізгі 

құрамда жасыл алаңға шығып, өз қақпасынан небәрі сегіз мәрте доп 

қармады. Бұл премьер-лигада ойнайтын өзге әріптестері арасында ең 

үздік нәтиже болып саналады. Неманья мұндай шеберлікті қайдан 

меңгерді? Ол Қазақстанға қайдан келді? Онымен әңгіме барысында 

осындай сауалдарға көңіл бөлдік.

Гер мания секілді елдердің доп дода сын 

тұрақты түрде тамаша лай тын адам жақсы 

біледі. Сербияда да бапкерлер сондай 

ұстанымға арқа сүйейді. Ал сіздерде 

алды мен жасыл алаң төрінде әдіс-тәсіл 

көрсетуге мән беріледі екен.

– Сербиядан әлемге танымал жұл-

дыздар шықты. Бұл елдің бап кер лері-

нің шәкірт тәрбие леуде өзіндік әдісі 

бар ма?

– Рас, бұрыннан біздің аймақ талай 

талантты футболшыларды түлетті. Кезінде 

Югославия құра масы дүниежүзінде беделі 

зор ұжымның бірі саналатын. Қыс қасы, 

бізде бұрыннан келе жат қан өзіндік дәстүр 

бар. Сер биялық бапкерлер сол дәстүрді 

лайықты түрде жалғастырып келеді. 

Сондай-ақ, бізде футбол арқылы 

тұрмыстық жағдайын жақсартуға ұмты-

лады. Тәжі 

рибелі ойыншылар өзге 

елдердің мықты клубтарында бақ сынауға 

күш салады.



– Әлемде шеберлігіне жан 

күйер 

қол соғатын талантты қақпашылар 

саны аз емес. Солар 

дың арасында 

қайсысын өзіңізге үлгі тұтасыз?

– Әрине, оларды санап шық сақ, саусақ 

жетпес. Бәрін де жо ғары бағалаймын. 

Дегенмен, олардың арасынан Джанлуид-

жи Буффонның орны бөлек. Қазіргі таңда 

Италия құ ра масы мен Туриннің «Ювен тус» 

клубының тасқамал қақпа шы сы атанған 

жұлдыздан үйрен геніміз көп.



– Біздің елдің біріншілігінде өзіңізге 

қиындық келтіретін ша 

буыл 

шы 

ретінде кімді айтар едіңіз?

– Қазақстанда талантты фут  болшылар 

баршылық. Ал шабуыл шебінде ойын 

көрсете 


тіндер арасынан Қостанайдың 

«Тобыл» клубынан Бауыржан Жолшиевті 

айтар едім. Ол «Қай сардың» сырт алаң-

дағы атал мыш клубпен кездесуінде мен 

қорғаған қақпаға доп соқты. Оның жасыл 

алаң үстіндегі өзіне сенімділігі, шеберлігі 

ерекше деп бағалаймын.

– Сіздің бірнеше тілде жақсы сөйлей 

алатыныңызды білеміз. Қа 

зақша 

үйрендіңіз бе?

– Өзімнің ана тілімнен өзге ағылшын, 

француз тілдерін біле мін. Орысша бір-

шама сөйлей аламын. Қазақ тілін де 

үйреніп жүрмін. Әзірге «сәлем», «рақмет», 

«су», «доп» деген сөздерді түсінемін.



– Отау құрғансыз ба?

– Жоқ. Биыл үйленсем деп жоспарлап 

отырмын. Қалың дығым бар. Ол менімен 

біраз уақыт Қызылордада тұрды.



Әңгімелескен 

Әділжан ҮМБЕТ

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ



«Барыстың» бағын бапкері байлап жүрген жоқ па?

Шайбалы хоккейден 

Астананың «Барысы» 

биылғы маусымды өте 

сәтсіз бастап, үй демей, түз 

демей, төрт рет ұтылды. 

Қазір көш соңында. Әрі 

Құрлықтық хоккей 

лигасындағы 26 клубтың 

ішінде ең көп гол жіберген 

команда болып отыр.

Нұрғазы САСАЕВ

«Барыс» ешқашан маусымды дәл 

осылай өте сәтсіз бастамап еді. Биыл төрт 

ойында бір ұпай ғана еншілеп, Құрлықтық 

хоккей лигасының жалпы кестесінде 

25-орында тұр. Тек Ханты-Мансының 

«Югра» атты клубынан жоғары тұр. «Югра» 

әлі соқыр ұпай да еншілеген жоқ. Бірақ 

«Барыстан» бір ойын кем өткізді.

Әрине, «Барыстың» биылғы маусымды 

«Динамо» (Мәскеу), СКА (Санкт-Петер-

бург), «Авангард» (Омбы), «Ак Барс» (Қа-

зан) сынды азулы командалармен бас-

таған 


дығын алға тартып, ақтауға да 

бо ла ды. Бірақ біздің тарғыл «Барыс» бұған 

дейінгі маусымдарда бұл командалардың 

өздерін ұтып жүрді ғой. Өз айдынында 

ғана емес, түзде де сан соқтырып кеткен 

кездері болған. Ал биыл салы суға кетіп, 

ойыны мандымай жүр.

Бұл ретте, биыл «Барыстың» сапында 

легионерлердің аз қалғандығын айтуға 

болады. Бәлкім, шынымен де СКА секілді 

азуын айға білеген қарымды команданы 

түзде сол легионерлеріміздің арқасында 

ұтқан болармыз. Сондықтан болар, дәл 

қазір «Барысты» маусым басындағы төрт 

жеңілісі үшін жерден алып, жерге салып 

жатқандар жоққа тән.

Осы орайда «легионерлердің күшімен 

жеңіске жетіп, алдыңғы лекте жүргенше, өз 

хоккейшілеріміз жеңілістің кермек дәмін 

татып, есесіне, соларды сол жеңілістерінен 

сабақ алып, шыңдала түсіп, ұлттық құрама-

мыз Олимпиада ойындарына қатысып 

жүрсе, соған қанағат» дейміз. «Сабыр түбі 

– сары алтын» демекші, хоккейшілеріміз 

бастапқы сәтсіздіктеріне мойымай, төзім-

ділік таныта білсе, жеңіске де жетерміз.

Яғни бәрі де дұрыс-ау. Атап айтқанда, 

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы 

мен «Барыс» хоккей клубы басшыларының 

ұстанып отырған саясаттары да, ой-жос-

парлары да, алған бағыттары да дұрыс-ау. 

Бірақ «Барыстың» бас бапкері Владимир 

Крикуновтың әрбір жеңілістен кейінгі 

айтатын сөздерін түсіне алар емеспіз. Кейде 

эмоциялық бояуы басым ащы мысқыл-

дарына еріксіз күлсек, кейде жанамалай 

айтылған ой-пікірлеріне бұлқан-талқан 

боламыз.


Әуелі «Динамо» (Мәскеу) клубынан 

1:5 есебімен оңбай ұтылған соң, «бұл 

коман 

даны мен жасақтаған жоқпын, 



команда ның жасақталу ісіне мен жауапты 

емеспін» деп салды. Жаз бойы қазақ 

клубымен бірнеше оқу-жаттығу жұмыс-

тарын өткізді де, ресми ойыннан соң 

осылай деп, мә лімдеме жасады. Сонда 

мұнысы қалай? Жауапкершілікті өзінен 

ысыра салу деп түсінеміз бе?

«Авангард» клубынан овертаймда 

ұтылып қалған соң «маусым басында 

көшбасшылармен ойнап жатқанымыздың 

еш ауырлығы жоқ, керісінше, жақсы 

болды, көшбасшылар бізді оятады» деген 

болатын.

Ал Астанада «Ак Барстан» ұтылып 

қалған соң Владимир Крикунов:

– Айтарым, біз тек бірінші голға дейін 

ғана ойнадық. Қалай бірінші голды 

жібердік, солай сілейіп тұрдық та қалдық. 

Сөйтіп, екіншісін де жібердік. Үзіліс кезінде 

команданы сілкілеуге тура келді. Үшінші 

кезеңде аздап қимылдай бастадық. Соның 

арқасында бір гол соқтық. Бойы ашық 

қалған қақпаға шайбаны тоғыта алмады. 

Ал бір шайбамен жеңіске жету – өте қиын. 

Әсіресе, қарсыласың «Ак Барс» секілді, 

азуы алты қарыс команда болса, – деп 

ашына сөйлепті.

Қызық, сонда оған қарамағындағы 

хок кейшілерін қарсыластары оятып беруі 

керек пе? Әлде төртінші кездесудің үзілісіне 

дейін шәкірттерін сілкілей алмай келген 

бе? Қалай десек те, биыл бізге бұл 

бапкермен «көңілді» болатын сияқты.

Айтпақшы, маусым басталмай тұрып, 

Омбыда өткен Блинов мемориалында 

ресейлік журналистерге сұхбат беріп, 

сонда «төбелескіш Джон Мирастиді бізге 

бір жанкүйер сатып алып берді, клубтың 

көк тиыны шыққан жоқ» деген болатын. 

Бірақ көп ұзамай қазақстандық электронды 

басылымдарда «Мирасти жөнінде 

қалжың 


дадым» деген сөздері жария-

ланды. Ал түсініп көр. Жаңа бас бапкермен 

мұзайдында жоғары нәтиже көрсетпесек 

те, кестелі сөздерінен ішіміз пыспайтын 

сияқты...

«Барыстың» елордада өткізген ал ғаш-

қы ойынына атүсті тоқталар болсақ, ас-

таналықтар Татарстанның «Ак Барсын» 

қабылдап, тағы да ұтылып қалды. Тағы да 

дейтін себебіміз, «Барыс» пен «Ак Барс» 

Астанада оныншы рет кездесті. Өкінішке 

қарай, осы он ойында да Қазан клубы 

жеңіске жетті. Жалпы, қазақтың тарғыл 

«Барысы» мен татардың «Ак Барсы» ресми 

ойындарда 21 рет кездесіп, соның 19-

ында Қазан хоккейшілері жеңіске жеткен. 

Тек екі матч Астана клубының жеңісімен 

аяқталған.

Биылғы маусымдағы Астанада өткен 

алғашқы матчқа төрт мыңға жуық жан-

күйер жиналған еді. Бірақ «Барыс» оларды 

қуанта алмады. Бірінші кезеңде есеп 

ашылмай, екінші 20 минуттықта қонақтар 

ДЗЮДО


екі гол соқты. Үшінші кезеңде қонақтар 

тағы бір гол соққан соң ғана астана лықтар 

қамшыны басты. Ойын аяғына дейін 

Старченко есепті қысқартты. «Барыс» 

ойыншыларының тағы да бірнеше 

мүмкіндіктері болғанымен, олар Қазақстан 

тумасы Барулин қорғаған қақпаға шайба 

енгізе алмады. Есеп – 1:3.

Жоғарыда жазғанымыздай, дәл қазір 

«Барыс» жалғыз ұпайымен Құрлықтық 

хоккей лигасының жалпы кестесінде 

25-орынға табан тіреп тұр (лигада бар-

лығы 26 клуб ойнайды). Көш басында – 

төрт ойыннан 10 ұпай еншілеген «Ак 

Барс».

«Барыс» төрт ойында сегіз гол соғып, 



өз қақпасынан 19 шайба қармады. Екінші 

көрсеткіш бойынша бәрінен арттамыз, 

яғни астаналықтардан көп гол жіберген еш 

клуб жоқ, әзірше.

«Чернышев» дивизионында «Барыс-

тан» басқасының жағдайлары жаман 

емес. «Авангард» сегіз ұпаймен алға озды. 

«Сибирь», «Амур», «Металлург» (Ново-

кузнецк) секілді ортанқол клубтар жеті 

ұпаймен Омбы клубының өкшесін басып 

келеді. «Салават Юлаев» бес ұпаймен 

олардан кейін тұр. Ал «Барыс» бұл диви-

зион да соңғы орынды саялауда. «Амур» 

ғана бес ойын ойнады, қалғандары төрт 

кездесуден өткізген. 

Бүгін «Барыс» Астанада Башқұртстан 

клубын, яғни «Салават Юлаевты» қабыл-

дайды. Уфа хоккейшілері де бұл маусымды 

өте жоғары қарқында бастай алмады. 

Бірақ «Барысқа» қарағанда жағдайы – 

көшілгері. Десек те, «Барыс» бүгін аянбауы 

керек. Енді ұтылса, жағдайы тығырыққа 

тіреледі... 

«Барыстың» төрт ойыны:

«Динамо» (Мәскеу) – «Барыс» – 5:1 

СКА (Санкт-Петербург) – «Барыс» – 

7:3


«Авангард» (Омбы) – «Барыс» – 4:3 

(овертайм)

«Барыс» – «Ак Барс» (Қазан) – 1:3

ВЕЛОТРЕК


Астанадағы «Сары-Арқа» 

велотрегінде бес күнге созылған 

Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 

жүзден астам велоспортшы 

қатысты.

Сәулетті «Сары-Арқа» велотрегінде 

өткен спринт жарысында Павел Воржев 

ерлер арасындағы ел чемпионы атанды. 

Ал әйелдер арасында Татьяна Ульбрихттің 

бағы жанды. Екеуі де – Қарағанды облы-

сының велошабандоздары.

Ерлер арасындағы топ бәйгеде Оңтүстік 

Қазақстан облысының өкілі Диас Өмір-

зақов жеңімпаз атанды. Ал әйелдер ара-

сында Қарағанды облысының вело спорт-

шысы Валентина Ульбрихт топ жарды.

Кейрин бәйгесінде Қарағанды облы-

сының қос дүлдүлі Павел Воржев (ерлер 

арасында) және Татьяна Ульбрихт (әйелдер 

арасында) теңдессіз болды.

Командалық спринтте Қарағанды 

облысының командасы (Павел Воржев, 

Дмитрий Пономарев және Павел Цуканов) 

бірінші орынды иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы ел 

біріншілігінде мына спортшылар бірінші 

орынға ие болып, жеңімпаз атанды:

Мэдисон (жұптасып жарысу) – Мәрлен 

Тоқсейітов және Алмаз Кенеев (Астана);

Скретч (аламан бәйге) – Алмаз Кенеев 

(Астана, бозбалалар арасында) және 

Екатерина Баркова (Алматы, бойжеткендер 

арасында);

Командалық ізге түсу жарысы – Астана 

(Мәрлен Тоқсейітов, Алмаз Кенеев, 

Владислав Филиппович, Вадим Онищук);

Жекелей ізге түсу жарысы – Әлішер 

Жұмахан (Алматы, бозбалалар арасында) 

және Екатерина Баркова (Алматы, 

бойжеткендер арасында);



Ұпай жинайтын топ бәйге – Мәрлен 

Тоқсейітов (Астана, бозбалалар арасында) 

және Екатерина Баркова (Алматы, 

бойжеткендер арасында);



Соңғылар шығып қалып отыратын топ 

бәйге – Рината Ахметша (Павлодар 

облысы).


Айқын ЖАППАР

«Сары-Арқаны» 

дүбірлеткен 

бәйгелер

Кеше Астанада теннистен 

Дэвис кубогы аясындағы 

кездесулер басталды. Үш күнге 

созылатын екеуара кездесуде 

Қазақстан және Өзбекстан 

құрамалары кіл мықтылар 

арасындағы орындарын сақтап 

қалу үшін жанталасады.

Осы кездесуде жеңіске жектен құрама 

Дэвис кубогының ең жоғарғы тобында 

қалады да, жеңілгені төменгі топқа түсіп 

қалады. Бейсенбі күні жеребе тартылып, 

қай теннисшінің кіммен және қашан 

ойнайтындығы анықталған болатын. 

Жеребе нәтижесі бойынша кеше Евгений 

Королев Өзбекстанның ең үздік теннисшісі 

Денис Истоминмен кездесті. Қазір Қазақ-

станның намысын қорғайтын Королев 

2006 және 2009 жылдары Истоминмен 

халықаралық додаларда екі рет кездесіп, 

екеуінде де жеңіске жеткен екен. Бірақ 

одан бері бірталай уақыт өтті. Истомин дәл 

қазір бүкіләлемдік рейтингте 34-орынды 

иеленіп тұр. Ал Королев 259-орынға 

жылыстаған.

Астанадағы ойын өте тартысты өтті. 

Денис Истомин түзде ойнаса да, қарсы-

ласын ұтып, Өзбекстан құрамасын алға 

шығарды. Бұдан кейін кортқа Михаил 

Кукушкин мен Фарух Дустов шықты. 

Евгений Королев (Қазақстан) – Денис 

Истомин (Өзбекстан) – 3:6, 6:4, 2:6, 6:0, 

3:6.

Михаил Кукушкин (Қазақстан) – Фарух 

Дустов (Өзбекстан) – 6:2, 6:4, 3:6, 7:6.

Бүгін екі құраманың теннисшілері 

жұптасып өнер көрсетуден сынға түседі. 

Біздің елдің намысын Андрей Голубев пен 

Юрий Щукин қорғамақ. Оларға қарсы 

кеше ойнаған Истомин мен Дустов 

шықпақ.

Әлихан ЖАППАР

Таразы басы тең

Лондон Олимпиадасындағы 

сәтсіздіктен соң 

дзюдошыларымыз тым-тырыс 

қалды. Өйткені қазір олар қысқа 

демалыста.

Тұманды Альбиондағы сәтсіздіктен соң 

Асхат Житкеев пен Ербол Қырғызбаев 

шәкірттері азғантай үзіліс алды. Әйтсе де, 

біразының салмақ ауыстырғандықтарын 

білдік. Атап айтқанда, 48 келідегі Алек-

сандра Подрядова енді 52 келі салмақ 

дәрежесінде белдеспек. Салмақ ауыс-

тыруының себебін Саша: «Мен үнемі сал-

мақ қуамын. Әрине, өте көп емес. 2 келі 

ғана. Бірақ 52 келіде өзімді жақсы сезі-

немін. Салмақ қуып, 48 келідегі белдесу-

леріме 60 пайыз дайын болғаннан гөрі, 52 

келіде өз күшіме 100 пайыз сенімді болғым 

келеді. Енді 52 келі салмақ дәрежесінде 

22-23 қыркүйек күндері Ташкентте өтетін 

әлем кубогына қатыспақшымын», – деп 

түсіндірді.

Подрядовадан өзге Ислам Бозбаев пен 

Тимур Болатты да өзге салмақта көріп 

қалуымыз әбден мүмкін.

Ақбота ШӨКЕНБАЙ

Дзюдошыларымыз 

салмақ ауыстырып 

жатыр

Кеше волейболдан әйелдер 

арасындағы ІІІ Азия кубогы мен 

ХІХ ҚР Президенті кубогы 

додасының ширек финалдық 

ойындары өтті.

Аталмыш кубоктар жолындағы Алма-

тыда өтіп жатқан маңызды дода Таиланд 

және Иран қыздары арасындағы кездесу-

мен басталды. Бұл ойында тай қыздары 

үстемдік танытты. Одан кейін Қытай 

құрамасы Тайпэй аруларын тізерлетті.

Таиланд – Иран – 3:0 (25:19, 25:18, 

25:16)

Қытай – Тайпэй – 3:0 (25:20, 25:8, 



27:25)

Қазақстан – Жапония – 3:1 (25:21, 

25:21, 19:25, 25:20)

Вьетнам – Корея – газетіміздің осы 



саны қатталып жатқанда басталды.

Нұрғазы САСАЕВ

ВОЛЕЙБОЛ


Жартылай финалға 

шықтық

№163 (845) 

15.09.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№163 (845) 



15.09.2012 жыл, 

сенбі


8

Қыркүйектің 15-і

Алаштың атаулы күні

 436 жыл бұрын (1576-1656) мемлекет қайраткері, батыр, 

қолбасшы, би, Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс баһадүр 

Сейітқұлұлы дүниеге келді.

 121 жыл бұрын (1891-1948) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі 

Иса Қашқынбаев дүниеге келді.

 17 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 

Республикасының астанасы туралы» заңды күші бар жарлыққа қол 

қойды. 

 Халықаралық демократия күні. 



Туған күн иелері

Сұлтанбек Қожахметов (1935) – техника ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Назарбай Білиев (1935) – ғалым, физика-математика 

ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген 

ғылым және техника қайраткері;

Әбдірахман Күріскеев (1937) – геология-минералогия 

ғылымдарының докторы, профессор, академик;



Иран Әміров (1944) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты; 

Әбсаттар Дербісәлі (1947) – Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, бас мүфти, филология ғылымының 

докторы, профессор, академик;

Аман Құлыбаев (1948) – ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының 

академигі, профессор; 



Сәрсенғали Әбдіманапов (1949) – «Қаржы академиясы» АҚ басқарма 

төрағасы, педагогика ғылымының докторы, профессор, академик; 



Аманжол Нұрбеков (1949) – Қарағанды медициналық колледжінің 

директоры;



Сәбит Жолдыбаев (1961) – ТМД экономикалық соты төрағасының 

орынбасары;



Талғат Қабимолдин (1978) – ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі инспекция-

сының бастығы;



Бақтияр Қабасов (1981) – «Жетісу Ақпарат» медиахолдингі» АҚ Талғар 

аудандық филиалы «Талғар» газетінің директор-бас редакторы. 

 

 Қыркүйектің 16-сы

Алаштың атаулы күні

 1924 жылы Түркістан АКСР Орталық атқару комитетінің төтенше сессиясы 

республикалардың ұлттық-мемлекеттік межеленуі туралы қаулы қабылдады.

 12 жыл бұрын (2000) Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 

775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік 

конференция өтті. Конференцияда «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты 

кітаптың тұсаукесері болып, жазушы Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасы 

сахналанды.

 Халықаралық озон қабатын қорғау күні.

Туған күн иелері

Қайрат Жұмағалиев (1937) – ақын, аудармашы;

Сәтімжан Санбаев (1939) – жазушы, аудармашы;

Марат Биекенов 

(1942) – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару 

академиясы саяси технология кафедрасының меңгерушісі, философия 

ғылымының докторы, профессор;



Талғатбек Абайділдин (1948) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Қабиболла Жақыпов (1949) – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының 

орынбасары, профессор, академик;



Төлеуғазы Нұркенов (1953) – Астана қалалық жер қатынастары 

басқармасының бастығы;



Шәкизада Әбдікәрімов (1956) – ақын, Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» 

телеарнасының төрағасы;



Ағзам Тастеміров (1958) – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 

әкімі;


Александр Винокуров (1973) – велошабандоз,  Лондон Олимпиадасының 

жеңімпазы.



 Қыркүйектің 17-сі

Алаштың атаулы күні

 1824 жылы Абылай ханның ұлы Қасым сұлтан Батыс-Сібір генерал-

губернаторы Капцевичке хат жазды. Онда қазақ жеріндегі салынған бекіністерді 

жою талабы қойылған. Осы талап орындалмаған соң, хаттың ақыры Кенесары 

мен Наурызбай басқарған ұлт-азаттық күресіне ұласты. 

 132 жыл бұрын (1880-1919) ақын Ақылбек Сабалұлы дүниеге келді. Ахмет 

Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде 

Абайды ұстаз тұтқан. «Таһир – Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет 

Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссаларының, 

«Мағшұқнаме» жастық-махаббат жайындағы өлеңдер жинағының, «Назым», 

«Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. 

Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапха-

наларында сақталған. 

Туған күн иелері

Сәт Тоқпақбаев (1939) – генерал-полковник;

Ғалым Байназаров (1944) – экономика ғылымының докторы, профессор, 

КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі;



Бағдат Шаяхметов (1946) – «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ  

президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, академик;



Таумұрат Лұқпанов (1948) – Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, 

полковник;



Серік Пірімбетов (1948) – Қазақстанның Әзірбайжандағы төтенше және 

өкілетті елшісі, экономика ғылымының докторы, академик;



Болат Жылқышиев (1957) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Тимур Жақсылықов (1968) – ҚР экономикалық даму және сауда вице-

министрі;



Асылжан Мамытбеков (1968) – ҚР ауыл шаруашылығы министрі;

Бейбіт Қорған (1981) – әнші. 

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

Газетіміздің  №162 (844) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Исаак. Ада. Неру. Пайда. Ажа. Пион. Спарта. Сарбұға. Ушу. Лат. Ысқы. Блюз. Ыспа. Бур. Ән. Юнга. Тест. 

  

ТІГІНЕН: Эстамп. Шилан. Асу. Бандура. Ызба. Кеа. Трос. Паб. Қырт. Науаи. Ұлыс. Жорға. Пәс. Таран. Атлант.



Алматтың әзілдері

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

К

езекшi  ред



ак

тор – Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ


Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ЕВ  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап

 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар

 

қабылд



анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi


 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты


 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1612

А

ст

ана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1680

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



да

кц

ияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

005


1,

 Б

ег



ал

ин

 кө



ш

ес

і, 1



48

/1 А


e-

m

ail





inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қ

ар



ағ

ан

ды



 –

 Қ

ы



зғ

ал

да



қ А

Й

ТЖ



А

Н

О



ВА

, т


ел.: 

87014901976

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ор

ал – Т



оқт

ар КЕНЖЕҒА

ЛИЕВ, т

ел.: 87756720806



Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

ел.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



ел.: 

388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


на

 б

ю



росының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Ауа райы

15

16

17

Қыркүйек 2012

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



+12+14

о

 

 +8+10

о

+22+27

о

 

+14+16

о

+23+25

о

 

+13+15

о

 +22+24

о

 

+8+10

о

 +23+25

о

 

+10+12

о

 

+17+19



о

 

+5+7

о

 

+13+15



о

 

+5+7

о

+20+25

о

 

  +3+8

о

+21+23

о

 

+12+14

о

+23+25

о

 

 +10+12

о

+12+14

о

 

+4+6

о

+15+17

о

 

+4+6

о

 

+18+20

о

 

 +7+9

о

 

+21+23

О

 

+9+11

О

  

+20+23

о

 

+10+13

о

        


+16+18

о

 

+5+7

о

 

+30+32

О

 

+14+16

О

  

+18+20

о

 

+8+10

о

СКАНВОРД


Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

А

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

л

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

м

а

а

а

а

а

а

а

а

а

а

а

а

тты

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ы

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

ң

 

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

ә

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

з

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

лдер

р

р

р

р

р

р

р

р

р

р

р

р

р

р

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

і

Аспирант


«Қан мен 

тер», 


кейіпкер

Сиыр мен 

зебу ұрпағы

Еуропа 


ақсүйегі

Қылыштың 

сағағын 

бекітетін 

сақина

Жолдағы


кедір-бұдыр

Рауан


Құн,

баға


Алақан

шұқыры


Діни 

атақ


Ұзындық 

өлшемі


Шеше

Шыңғыс хан  

заңдары

Зерлі 


көмкерме

Әлсіз,


нашар

Кіші үй


Белағаш

Құлақ, 


мұрын, 

тамақ 


дәрігері

Елді 


мекен

Бұйым, 


нәрсе

Орынбасар, 

ізбасар

Рүстемнің 



тұлпары (жыр)

Кенесарының 

қарындасы

Мәңгі, 


өмірлік

Ас берердегі 

жария хабар

Ас атасы


Теңдік, 

бостандық

Сейтектің 

күйі


Судағы 

қалқыма 


белгі

Қарын 


сыртындағы 

жұқа май


Лақат

Биік


Альпинист төменге құлдилап барады. Достары 

оған айқайлап:

– Аман, сен тірісің бе?

– Иә, тірімін.

– Аяқ-қолың сынған жоқ па?

– Жоқ.

– Басың ше?

– Бас та аман.

– Онда жоғарыға көтерілсеңші.

– Жоқ, мен көтеріле алмаймын, мен әлі ұшып 

барамын...

***

Тіс дәрігерінің кабинеттен шыққан бойда қолды-

аяққа тұрмай, әлдебір нәрсеге мазасы кеткенін 

көрген медбике:

– Сізге не болды? Жағдай қиын ба?

– Иә, тап солай. Клиенттің ақшасы өте көп. Бірақ 

тістері сау болып шықты...

***

Сырттан ашуланып келген таксист әйелінен:

– Сен білесің бе, бұл өмірде кім нәзік?

–  Әрине, әйел!

– Жоқ, еркек нәзік.

– Неге олай дедің?

– Себебі мен осыған дейін көліктің есігін ақырын 

жапқан әйел көрген емеспін.

 

 



  

САЙЫС


«Жайдарманда» 

жаңа леп байқалады 

«Болашағын бүгіннен бастаған» еліміздің 

ең көңілді жастары ерке Есілдің жағасында 

тағы да бас қосты. Алып даланың түкпір-

түкпірінен  топ жарған өрендердің барлығы 

дерлік дүбірлі додаға үміттерін үкілеп, 

үздіктерін сайлап келгені салған беттен 

көрініп тұр. Әдеттегі әзіл-сықақ 

ойындарының көпшілігі жеңіл сөзге жел 

беріп, арзан ойды оранып тұратын болса, 

бұл жолғы ойын мүлде бөлек бағытта өрбіді.

Астана қаласы әкімінің кубогын сарапқа салуға 

сапқа тұрған әзіл сайыпқырандары 16 топта өнер көр-

сет ті. Осы кезге дейін көңілді тапқырлар клубы атанып 

келген бұл отау енді өз атауын «Жайдарман» деп 

ауыстырды. Санамызға КВН болып сіңіп кеткен қасаң 

қағиданы жанға жағымды естілетін қазақы есіммен 

ауыстырған әзілқойларға көрермен мен тыңдарман-

ның айтар алғысы шексіз. 

Астана әкімінің кубогын алуға ниет еткендердің 

ішінде оймақтай ойымен, ұтымды әзілімен, сүбелі сөзі-

мен жұртшылық жадында қалған, қазылар алқасының 

көңілінен шыққан ерекше топтар бәсеке шартына 

сәйкес бірі – жеңімпаз, біреулері жүлдегер атанды. 

Жал пы есептік қорытынды бойынша 16 команданың 

ішінен суырылып алға шыққан Қостанай құрамасы мен 

Астананың «Нұр-Күлтегін» командасы тұғырдың үшін-

ші сатысына тұрақтаса, екінші орынды жаркенттік «Бес 

саусақ» пен семейлік «Жаным» командалары өзара 

бөлісті. Ал бас жүлдені, яғни Астана қаласы әкімі нің 

кубо гын қызылордалық «Арал-АС» әзілқойлары қан-

жы ғасына  байлады.



Ерлан МАЛАЕВ, әнші, қазылар алқасының мүшесі:

– Шын мәнінде, бүгін жақсы ойын болды. 

Барлық ойыншыға айтар алғысым үлкен. Өте жас 

командалар көп келді бұл ойынға. Сахнада 

шыңдалған шынайы өнерпаздар көрінбегенімен, 

бұл ойынның да өз жаңалығы бар. Мәселен, «Арал-

АС», «Демеушіміз – болашақ», «Тек қана қыздар», 

Орал құрамасының қыз-жігіттері өте тартысты ойын 

көрсете алды. Осы ойыншыларды «Жайдарманның» 

ертеңгі болашағы деп білемін. 

Ұлағат ХАНЗАДА,

Астана             

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ең алғашқы түрлі-түсті фильм табылды

Ұлыбританияның Брэдфорд қаласында әлемдегі ең тұңғыш түрлі-түсті фильм 

табылды. Оны ағылшын өнертапқышы Эдвард Рэймонд Тернер түсіріпті.

«BBC-дің орыс қызметі» агенттігінің хабар-

лауынша, көне кинотаспа БАҚ және технология-

лар ұлттық мұражайынан табылған. Онда үстел 

басында әлдебір ыдысты тамашалап, ойнап 

отырған балалардың бейнесі көрінеді. Карти-

наны түсірген Тернер 1899 жылы оған патент 

алыпты. Бұған дейін алғашқы түрлі-түсті фильм 

деп 1909 жылы Kinemacolour атала тын әдіспен 

түсірілген бейнематериал аталатын. Тіпті кино-

танушылар арасында «дүниежүзіндегі тұңғыш 

түрлі-түсті фильм – 1922 жылы түсіріл ген қы-

зыл-жасыл гаммалы кино» деген пікір ба сым. 

Зерттеушілердің бір тобы ең алғашқы толық-

қанды түрлі-түсті киноөнім деп 1934 жылы 

түсірілген La Cucaracha атты қысқамет ражды 

фильмді айтады. Енді Тернердің туын дысы 

түрлі-түсті фильмдер тарихын бірнеше жылға 

кейінге шегеріп отыр.

Ғалымдар «Маугли» 

балалардың құпиясын ашты

Өмірінің алғашқы кезеңдерінде әлеуметтік жағынан оқшауланып қалуы сәбилердің 

эмоционалды тұрақсыздық, жарыместік, соның ішінде «Маугли синдромы» сияқты 

ауруларға ұшырауына себеп болады. Өзгелермен қарым-қатынастың болмауы 

жасушалардың қалыптасуына, нейрондарға және ми аймақтарының өзара 

байланысына кері әсер етеді.

Science басылымының хабарлауынша, Бостондағы Гарвард 

медицина мектебінің нейрофизиологтері мұны кеміргіштерге жүр-

гі зіл ген сынақ барысында анықтады. Туылғаннан кейін ешбір тірі 

мақұлықпен қарым-қатынас жасамай, оқшау ортада өмір сүрген 

тышқандар ағзасында жүйке талшықтары қабығына жауап ты 

миелин затын бөлетін жасушалардың қызметі бұзылғаны белгі лі 

болды. Мамандар әлеуметтік орта мен жасушалардың дамуы ара-

сын дағы байланыс моделі адамдарда да тура осы қалыпта болаты-

нына шәк келтірмейді. Сөйтіп, ғылымда тұңғыш рет «Маугли 

синдромы» бар балалардың бір құпиясы терең ашылып отыр. 

Мұндай балалар сөйлеу, түзу жүру, лас нәрседен жиіркену сияқты 

адамдық дағдыларды білмей өседі. Бұл ауру негізінен ата-анасы 

ерте тастап кеткен сәбилер арасында жиі кездеседі.

creep.ru

sunkid.ru 



06,30

12,34

19,04

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.77 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет