Елімізге ономастика туралы айтулы заңның керектігі еш дау тудырмаса керек. Өйткені дәл осы


Еліміздің жоғары оқу орындарына арналған студенттік



жүктеу 0.77 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Еліміздің жоғары оқу орындарына арналған студенттік 

билеттің жаңа үлгісі – студенттік анықтаушы картаны енгізу 

«Білім беру саласында білім ұйымдарының қолданатын міндетті 

есеп беру құжаттарының түрлерін бекіту туралы» ҚР білім және 

ғылым министрінің 2009 жылдың 14 қыркүйегіндегі № 425 

бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Алайда осынау ерекше 

электронды студенттік картаны енгізу еліміздің барлық жоғары оқу 

орындарында жүзеге асыру ісі әлі де болса жеделдетуді қажет етеді.

P.S. 

ТАҒЗЫМ


Сафуан Шаймерденовтің 

90 жылдығы аталып өтілуде

Қызылжарда жазушы, 

Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты Сафуан Шаймерденов-

тің туғанына 90 жыл толуына 

орай мерейтойлық шара өтті. 

Биыл Қызылжардың тумасы, 

көр некті жазушы Сафуан Шай-

мерденов тірі болғанда 90-ға 

то лар  еді. 

Соғыстан кейінгі қазақ студенттерінің 

өміріне арналған тұңғыш роман –  «Инеш» 

және «Қарғаш», «Ағалардың алақаны», 

«Мінез», «Мезгіл», «Таныс көрші» әңгіме-

по  вестері әлі күнге дейін оқырманның қо-

лынан түскен емес. Ал «Өкіл әке», «Дө кей 

келе жатыр» пьесалары республикалық 

және облыстық театрда сахналанып жүр. 

Жазушының мерейтойына арналған 

шаралар Манаш Қозыбаев атындағы Сол-

түстік Қазақстан мемлекеттік универси-

тетін де «Сафуан Шаймерденов: тұлғасы 

мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік 

кон ференциямен басталды. Уәлихан Қа-

лижан, Дихан Қамзабекұлы, Сәкен Иман-

ас ов, Серік Негімов бастаған зиялы қауым 

өкіл дері жазушының өмірі мен шығар ма-

шылығынан естеліктер айтты. Түстен кейін 

Қызылжар қаласындағы Юбилейная және 

Хименко көшелерінің қиылысына белгітас 

қойылды. Бұл жерде алдағы уақытта Са-

фуан Шаймерденовке ескерткіш қойылып, 

сая бақ ашылатын болады. 



Уәлихан ҚАЛИЖАН, Әдебиет зерттеу 

институтының директоры:

 – Сафуан Шаймерденов Жазушылар 

одағының пленумына көп қатыса бер мей-

тін. 1987 жылғы пленумға қатысты. Сөз 

ал ған ол тайсалмастан төрде отырған Ген-

на дий Колбинге сөз арнағаны ерлікке пара 

па р еді. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 

жас 

тарды жазықсыз жазалағаны үшін 

ашық сынады. 40 градус аязда өрт сөн-

дірет ін машиналардан су жаудырып, ар на-

йы жеткізілген, мұздай қаруланған жауын-

гер 

лердің бейбіт халықты таяқтармен, 

са 

пер күрекшелерімен аяусыз соққыға 

жы ғып, иттерге талатқанын, өлі-тірісіне қа-

ра май, қала сыртындағы үйінді қоқыстарға 

апарып тастағанын, Алматының түрмелері 

лық толғанын жиынға келген Колбинге ту-

ра жайып салған да Сафуан еді. Бұлай сөз 

айту ол кезде екінің бірінің қолынан ке ле 

бермейтін.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, Қызылжар

Дайындаған  Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Абай ОМАРОВ (коллаж)



№163 (845) 

15.09.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҚОҒАМ


№163 (845) 15.09.2012 жыл, сенбі

№163 (845) 15.09.2012 жыл, сенбі

4

Өткен айдың 19-ында Гонконгте Азия-Тынық мұхит аймағы елдері ара сында 

құлтемір техникасы бойынша жарыс өтті. Бұл жарыстың біздің еліміз үшін 

артықшылығы, оған алғаш рет қатысып отырмыз, әрі Қазақстан соңғы 

10 жылдың ішінде бірінші рет іріктеу сынынан өткен екен. Онда елімізді 

Халықаралық ІТ университеттің студент тері танытты. «Robocon-2012 бәйгесінен 

жүлдесіз қайтсақ та, одан түйген нәр семіз көп», – дейді жас өнертап қыштар. 

«Жалпы, жарыс біз үшін қалыпты жағдайда өтті. Командамыз жүлдесіз қалса 

да, оған қатысудың өзі бізге таптырмас тәжірибе, бұл арада көп нәрсенің 

байыбына үңіліп, өзімізге жаңалық аштық. Осында жинақтаған білігімізді өз 

зертханамызда пайдала нып, бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра түсеміз деп 

сенемін», – дейді команда жетекшісі, аға оқытушы Нұрлан Кәрім жан. 

ЕЛ АРАСЫНДА Ы  НЕРТАП ЫШ

Тұранның төсінен түркі халқының төл баласы, абыз ұрпағы – қазақ елі 

Тәуелсіздік алған тұста шетелден көптеген өндіріс иелері осы алып даланы 

нысана етіп келгені белгілі. Осы лекпен қазақ даласына автоконцерндер де 

қазығын қағып, мемлекет үшін маңызды жұмыс көзіне айналды. Мысалы, 

корейдің «Киасы», Американың «Шевролесі», Ресейдің «Ладасы», тіпті өзбектің 

«Дэу» секілді көлік құрастырушы орталықтары қазақ жеріне ту тіге бастады. 

Жер астығы байлығына көл-көсір еліміз 

ке ше кеніштерді игеріп, дамуға аяқ басса, 

ал бүгін инновациялық жолды таңдап отыр. 

Алла тағала табиғи байлықтан тыс қазаққа 

ақыл мен миды да аямапты. Осы жағынан 

алғанда, ел таңдауындағы инно вациялық 

даму өз жемісін беруі тиіс. Алай да...

Бейресми деректер бойынша, елімізде 

тіркелген 13 мыңға жуық өнертабыс бар. 

Оның басым бөлігі жүзеге асырылмаған, 

сұраныссыз, қағаз жүзінде тұр. Сондықтан 

болар, өзіне керек еместі өзгелер ұрлап, 

кәдеге жаратып мәз. Елі жүзеге асыруға 

ынтасы болмаған соң артынан сұрауы 

болмайтынын басқалар да біліп, дәнігіп 

алған дермісіз...

«Шапағат» конкурсы жүлдесінің иегері, 

қазақстандық өнертапқыш Елдар Ибра-

гимовтің айтуынша, бір заманда патент 

туралы заң талабы бойынша өз идеясының 

тиімділігін дәлелдеп, патенттеуге тырысып, 

сеңдей соғылып жүргенде оны (қару-

жараққа қатысты идея) басқа біреулер 

иемденіп кетіпті.



– Еліміздегі патент туралы заңнама 

бойынша өнертабысты дүниеге әкелудің 

барлық ақпаратын ашып көрсетуің керек. 

Мұндай заңның «нәтижесі» өз құқығыңды 

толықтай қорғау мүмкіндігін жояды. Сон-

дық тан кейінгі кездері мен патентке бас 

қатырмаймын, ноу-хаумен жұмыс істеймін. 

Ол арада алдын ала жаңа дүниенің мәнісін 

ашып көрсету талап етілмейді, – дейді ол.

Ал Қазақстан Республикасы Ғылым 

ұйымдары одағының президенті Николай 

Бүктіковтің пікірінше, дүниежүзіндегі 

барлық өнертапқыш, соның ішінде біздегі-

лер үшін де ең залалдысы – ғылыми жобаны 

бюджет ақшасымен қаржыландыруға мүм-

кіндік алу үшін оны шетелдік сарапшылардың 

сараптамасына беру.

Николай БҮКТІКОВ, 

техника ғылымының докторы, профессор:

– Қазір әлем техникалық және техно-

логиялық дамуы жағынан жанталаса жары-

сып жатыр. Әрине, мұндай дамуға керегі – 

тың идея. Сол себепті дамыған мемлекеттер 

өндірістік тыңшылық үшін бюджеттен 

қыруар қаржы шығарады. Ал осы кезеңде 

біз олардың бұл жұмысын жеңілдетіп, 

қаржысын үнемдеп беріп отырмыз. Қалай 

дейсіз ғой? Біз өз идеяларымызды шетелдік 

сарапшыларға сараптауға ұсынамыз. Оның 

үстіне жұмы сының ақысы деп қолына пұл 

ұстата мыз:«Сізге жоба ұнаса, теріс мінез-

деме бере салыңыз, біз оны қаржылан-

дырмаймыз, ал оны өздеріңізде су тегін 

пайдалана беріңіз» деп. Иә, бүгін дері мем-

лекеттік тендер жарияланғанда ғылыми-

зерттеу институттарынан үш тілде құжат 

тапсыру талап етіледі. Қазақша, орысша 

және ағылшынша. Ағылшыншасы шетелдік 

сарапшылардың сараптауына ұсынылады. 

Баға беру үшін. Алдына қосымша ақысымен 

келген мұндай майлы шелпектен кім бас 

тартсын?.. Әрине, шетелдіктер оған барын-

ша теріс мінездеме беруге ты рысады. Кейін 

оны сатуы немесе өз атынан пайдалануы 

әбден мүмкін. Содан соң дәлелдеп көр, бұл 

менікі деп. Сондықтан мемлекеттік тендерге 

қатысты шетелдік эксперттерге сараптату 

деген талапты қолданыстан мүлде алып 

тастаған жөн.

«Ал патент туралы отандық заңнамаға 

тиіспеу керек. Өйткені бұл арада артық 

қыламыз деп тыртық қылып алуымыз әбден 

мүмкін. Мұндай жағдай білім, сол секілді 

осы патент туралы заңнамаға қатысты кезін-

де орын алған», – дейді ғалым.

Академиктің айтуынша, бұл мәселені 

айналып өтудің төмендегідей үш жолы бар. 

Біріншіден, өнертабысты дүниеге әкел-

мейінше, патенттемек түгіл, ол туралы еш-

кімге тіс жармаған жөн. Ал өрнегі бар тың 

дүние қолыңызға тигенде сол тауарға 

сұранысы бар елде ғана патент тіркеткен 

әлдеқайда тиімді болады.

Екіншіден, ең арзан жолы – ойлап 

тапқан құрал-сайманда ноу-хау болуы 

керек, яғни арнайы білімсіз өнертабысты 

жасау мүмкін болмайтындай. Осыны құпия 

ұстайсыз. Үшіншіден, өзге мемлекеттерден 

патент алып қойған дұрыс. Бірақ бұл өте 

қымбатқа түседі. 

Қаржыгер-маман Құнанбай Тобатаев 

бұл арада құзырлы органдарды бүтіндей 

күстаналау артықтау болатындығын айтады. 

«Қалай дегенмен де, кеше ғана Тәуелсіздік 

алып, енді ес жиып, бойымызды тіктеп жат-

қан жас мемлекет емеспіз бе?.. Елдегі өнер-

кәсіптің қажетті деңгейде дамымауы, жаңа 

нәрсені өндіріске енгізіп, одан көп пайдаға 

кенелу жолына түскен фанат-бизнесмен-

дердің жоқтығы отандық өнер табысқа деген 

сұранысты арттырмай тұрғаны белгілі. 

Сондықтан, мойындасақ та, мойындамасақ 

та көп өнертабысты отанымызда дүниеге 

әкелуге қолайлы жағдай болмағандықтан, 

шетелдіктерге сатудан басқа амал жоқ», – 

дейді ол. Яғни қаржыгердің айтуынша, 

жұрттың жағдайын жасап, еліміздің іргелі 

өнеркәсібі мен өндірісін бір ізге қойып 

алғаннан кейін ғана бізде өнертабысқа 

сұраныс туындайды. Мысалы, елімізде 

компьютер шығаратын зауыт жоқ. Ал ға-

лым дарымыздың көп жаңа лығы чиппен 

байланысты дүние. Сондықтан осындай 

зауыты бар елде оны жасатуға тура келеді. 

Өзімізде компьютер шығаратын зауыт 

пайда болғанға дейін дегендей.

Дегенмен шетелге өнертабысты өткізу-

дің де өзіндік қиындықтары бар көрінеді. 

Мәселен, халықаралық іргелі қорларға 

(ғылыми жобаларды жүзеге асырумен 

айналысатын) шетелдік азаматтарды қар-

жы 


ландыруға тыйым салынған екен. 

Сондықтан бұл арада халықаралық грант-

тар немесе жекеменшік компания ұсынысы 

болмаса, шынымен де қиындау.



Елдар ИБРАГИМОВ, 

қазақстандық өнертапқыш:

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымының бір грантын жеңіп алған 

кезіміз болған. Бұл Қазақстанда СПИД-ті 

емдеудің тиімді тәсілдерін зерттеуге 

бағытталған ғылыми жоба еді. Қазір 

әлемде бұл ең тиімді тәсілдердің бірі 

болып саналады. Алайда грант бөлін-

генімен, біздің қолы мызға ақша тимеді. 

Себебі сол кезде бір министрлік оны 

өзіне қалдырғысы келген, одан кейін 

халықаралық ұйым грантты кейін қай-

тарып алды.

Кәмшат САТИЕВА

Бір емес, ондаған өнертабысты дүниеге әкелген ағаларымыздың кез 

келгенінен хал сұрасаңыз, бәрі бір мәселеге келгенде өкпелі: ғалымдарымыздың 

әйтеуір бір жаңалығын бөтен ел иемденіп алған болып шығады. Тіпті 

ұрланғандарды түгендеу де мүмкін емес. Өйткені бұлтартпас айғақ жоқ. Кейбір 

мамандардың айтуынша, бұған патент туралы отандық заңдағы олқылық, 

тағы бірінің пікірінше, бюджет ақшасымен қаржыландыру үшін ғылыми жобаны 

шетелдік сарапшыларға жолдау жөніндегі мемлекеттік тендердің талабы себеп...

АЛЫМ МІНБЕРІ



үнемді пайдалана

үнемді пайдалана

Табиғи қорды

алып жүрміз бе? 

алып жүрміз бе? 



ҚАЗІРДЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ (БҰҰ) НЕГІЗДІ ҰСЫНЫСЫ – ӘРБІР 

ҚАЗІРДЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ (БҰҰ) НЕГІЗДІ ҰСЫНЫСЫ – ӘРБІР 

АДАМ, МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУІ, 

АДАМ, МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУІ, 

ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРІП, ТАБИҒИ ҚОРДЫ, ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРДЫ 

ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРІП, ТАБИҒИ ҚОРДЫ, ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРДЫ 

ҮНЕМДІ, КӨП МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ. БҰЛ ҰСЫНЫС ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ, 

ҮНЕМДІ, КӨП МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ. БҰЛ ҰСЫНЫС ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ, 

ӘЛЕМДІК ЕҢБЕК БӨЛІСІНДЕ БІЗ ӘЗІРГЕ ӨҢДЕУШІ ЕМЕС, ӨНДІРУШІМІЗ. 

ӘЛЕМДІК ЕҢБЕК БӨЛІСІНДЕ БІЗ ӘЗІРГЕ ӨҢДЕУШІ ЕМЕС, ӨНДІРУШІМІЗ. 

ЖЕРІМІЗДЕГІ ОРАСАН ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРДЫ ТАБИҒИ ОРТАСЫН ОЙСЫРАТА 

ЖЕРІМІЗДЕГІ ОРАСАН ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРДЫ ТАБИҒИ ОРТАСЫН ОЙСЫРАТА 

АЙЫРЫП АЛЫП, СЫРТҚА АРЗАН ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ САТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ 

АЙЫРЫП АЛЫП, СЫРТҚА АРЗАН ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ САТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ 

ӨСУІМІЗДІ ТЕЖЕП, БОЛАШАҚТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІҢ БАСТАМАСЫ 

ӨСУІМІЗДІ ТЕЖЕП, БОЛАШАҚТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІҢ БАСТАМАСЫ 

БОЛАТЫНЫ АНЫҚ. КӨРІНІСІ – ӨЗЕН-КӨЛДЕРІМІЗ, КЕЙБІР АЙМАҚТАРДА 

БОЛАТЫНЫ АНЫҚ. КӨРІНІСІ – ӨЗЕН-КӨЛДЕРІМІЗ, КЕЙБІР АЙМАҚТАРДА 

ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ ТҰРМЫС, ЗИЯНДЫ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ӘБДЕН 

ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ ТҰРМЫС, ЗИЯНДЫ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ӘБДЕН 

ЛАСТАНҒАН, КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНДА БОЛАШАҚТА ЗІЛЗАЛА 

ЛАСТАНҒАН, КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНДА БОЛАШАҚТА ЗІЛЗАЛА 

ОШАҚТАРЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН БОС КЕҢІСТІКТЕР ПАЙДА БОЛДЫ.

ОШАҚТАРЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН БОС КЕҢІСТІКТЕР ПАЙДА БОЛДЫ.

Жалпы, табиғатта ауа қозғалысы 

(жел), көбінесе өзен аңғарларынан бас-

тау алады. Қозғаушы күші – жағалаудағы 

жер қыртысымен, су беті қызуының 

айырмасы, өзен аңғарларына тән үрмелі 

ауа түтігі.

ЖАСАНДЫ АУА АҒЫСТАРЫ 

ЖАСАНДЫ АУА АҒЫСТАРЫ 

– ТАЗА ҚУАТ КӨЗІ

– ТАЗА ҚУАТ КӨЗІ

Осы бағытта кешенді ғылыми-

зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жүргізу 

үшін, оңтүстіктегі ең суы мол, ағынды 

Сырдария өзенінің Шардара – Қазалы 

қалаларының аралығындағы арнасын 

таңдауға бо лады. Оған тағы бір себеп, 

Оңтүстік Қа зақстан облысының көптеген, 

Қызылорда облысының түгелдей дерлік 

елді мекендері өзен бойындағы осы 

аралықты жағалай орналасқан. Халқы 

тығыз, өсімі жоғары бұл аймақта, 

келешектегі қуат жетіспеушілігі айрықша 

сезілуі мүмкін.

Жеріміздегі Сырдария өзенінің ұзын-

дығы 1400 шақырым, тау шыңдарындағы 

мәңгілік мұздан басталып, жауын-ша-

шын мен  толысады.

Егер дәлелді, тиянақты, жан-жақты, 

терең жүргізілген ғылыми-зерттеу жұ-

мыс тарының нәтижесі бойынша Сыр-

дария өзенінің арнасына Шардара – 

Қазалы жел құбыры жүргізілсе, одан 

өн дірі летін қуаттың көрсеткіштерін нақты 

сандардан байқауға болады. Құбырдың 

ұзындығы шамамен 1000 шақырым, бел 

сызығы 1,1 метр болғанда, ондағы тұ-

рақты жел ағысының жылдамдығы 25 

м/секундқа жетсе, құбырдың әрбір 

метрі нен жоғарыда айтылған заңдылық 

бойынша, ең аз дегенде 2,5-3,0 кВт/

сағат электр қуаты өндіріледі. Тізбектегі 

құбырдың қуаты – 2500 МВт болады. 

Салыстырмалы түрде: Қазақстандағы 

барлық электр стансыларының өндіретін 

қуаты – 19000 МВт. Алматы облысын-

дағы Шарын өзенін бөгеп салынған, 

жуықта іске қосылуы мүмкін Мойнақ 

гидро стансысының қуаты – 300 МВт. 

Елімізде пікірталас тудырған, келешекте 

Балқаш көлінің жағасынан орын тебуі 

мүмкін атом стансысының жобадағы 

қуаты – 1900 МВт.

Құбырдағы желден өндірілетін электр 

тогының есептеулі өзіндік құны 0,5-0,7 

теңге кВт/сағат болса, бұл көрсеткіш біз-

дегі көмір стансыларында – 5,12 теңге 

кВт/сағат болады. Айырма жер мен 

көктей.

Қуат саласы басшыларының сөзіне 



сенсек, еліміздегі электр тогы желілерінің 

басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70 

жылдары салынған, 75 пайызы әбден 

тозған, көп ұзамай істен шығады. 

Осының салдарынан берілген қуаттың 

21,5 пайызы жол-жөнекей жоғалады, 

ауыл аралық 

желіде 


тектен-текке 

жоғалатын қуат мөлшері 25-50 пайызға 

дейін жетеді. Өнеркәсіптің күретамыры 

іспеттес қуат жүйесі күйреу жағдайында 

тұрса, ел экономикасы дамиды деп айту 

қиын.


Өздеріңіз білесіздер, геотермальды 

энергияға байланысты қазақ даласы 

сегіз сушаруашылығы алабына бөлінген: 

Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, 

Жайық-Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-

Талас және Тобыл-Торғай алаптары, 

олар ға құятын өзге өзендердің арна-

сымен бірге құбырдағы жел қуаты жүйе-

сін дамытуға табиғи қолайлы орын. 

Әзірге игерілмей жатқан қайтарымды 

қуат түріне жататын еліміздегі жерасты 

ыстық су көздерінің 3000 метр тереңдікке 

дейінгі аралықтағы анықталған көлемі, 

шартты отын есебі ретінде, біздегі мұнай 

мен газ қорларын қосып есептегендегі 

сан нан он есе көп. Егер ыстық су көздерін 

іздестіру аумағын кеңейтіп, барлау жұ-

мыстарын 4000-4500 метрге дейін 

тереңдетсек, қордың екі-үш есе өсуі мүм-

кін. Мысалы, жерасты ыстық су көздерін 

пайдаланудың екі тәсілі бар. Біріншісі – 

ыстық суды ұңғылар арқылы тікелей 

жылу жүйесіне жіберу, екіншісі – оны 

буға айналдырып, электр тогын өндіру. 

Алғашқы тәсіл әлемде кең тараған. АҚШ, 

Исландия, Дания, Нидерланды мем-

лекет 

терінде қызуы 30-40



0

С жететін 

жерасты сулары елді мекендерді жылу-

мен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Алматы қаласы жер қойнауының 

650-2600 метр тереңдігіне жайғасқан, 

кернеулі, жер бетіне шыққандағы суы-

ның қызуы 45-84

0

С жететін, өзі аттас 



артезиан бассейнінің аймағында тұр. 

Ыстық су қоры – 106,5 млрд текше метр. 

Қала ау мағында ыстық су шығатын сегіз 

ұңғы бар. Азғана шығынмен ұңғыларды 

тек 

серістен өткізіп, оларды қаланың 



жылу жүйесіне жалғаудың ешқандай 

қиын 


дығы жоқ. Қызу алынған суды, 

ұңғылар арқылы қайтадан жер 

қойнауына қыз дыруға жіберуі, сонымен 

үзіліссіз айна 

лымдағы тиімді жылу 

жүйесін құруға болады. Нәтижесі: жылу 

стансыларында жағылып жатқан көмір, 

газдың көлемі айтарлықтай төмендейді, 

олардан ауаға жарайтын зиянды 

қалдықтардың мөл 

шері азаяды, 

өндірілетін электр қуаты, жылу және 

ыстық судың өзіндік құны бір 

шама 


арзандайды. Ұсыныс іске асырыла 

қалған жағдайда, оның қала халқының 

электр қуатына, жылу көздеріне жұм-

сайтын төлемақысын төмендететіні 

сөзсіз.

Жылу көзі ретінде пайдалануға жер 



бетіндегі қызуы 50-60

0

С асатын, кей 



жерде 90-100

0

С жететін қоры аса мол 



Жаркент, Арыс, Келес, Қызылқұм арте-

зиан бассейндерінің мүмкіндіктері өте 

жоғары. Олар іске қосылса, оңтүстіктегі 

көптеген елді мекенді, қалаларды арзан 

жылумен қамтамасыз етуге болады.

Қоғамның табиғатпен үндестігі – 

ауаны, қоршаған ортаны, жер бетін, қой-

науын, өзен-көлдерді, жерасты су 

жүйелерін шын мәнінде қорғау. Ол үшін 

табиғи қорларды, жер қойнауын, су 

көздерін пайдалану саясатына түбегейлі 

өзгерістер енгізуіміз керек. Ертең кеш 

болады.

Ең тиімді шешім – қазба байлықтарды, 



құрылыс материалдарын жер қой-

науынан шахта, ашық карьер әдістерімен 

алуды тоқтату. Тау-кен өндірісіндегі 

үйреншікті жағдай, біріншісі жерасты 

суларының 75 пайызын құрдымға жі-

берсе, екіншісі түгелдей жояды. Жер 

бетін де радиация ошағына айналған тау 

террикондар пайда болады.

Ұсыныс: ұңғылар жүйесі арқылы, 

эко 


 

логиялық таза технологияны қол-

данып, жер қойнауынан тек қажетті 

қазба байлықтарды ғана өндірген дұрыс. 

Пайда болған кеңістіктерді, тереңдегі тау 

жыныстарымен табиғи құрамы, қасиеті 

сай келетін заттармен толтыру керек. 

Мұнымен қоса уран кен орындарында 

тереңдегі су қабаттарына жіберілетін кү-

кірт қышқылын өндірістен аластау мәсе-

лесі де ойлантарлық жайт. Егер тез арада 

кесімді шешім қабылданбаса, оңтүстіктегі 

бірнеше ірі жерасты су қорларымен, қара 

топырақты жерімізбен мәңгілікке 

қоштасамыз. Сонда аймақтағы бүгінгі 

халық, ертеңгі келер ұрпақ қалай өмір 

сүреді?

Уран қоры ең мол Австралияда кен 



орнында күкірт қышқылын пайдалануға 

ұсыныс жасап көріңізші. Дәрігерге көрі-

нуге кеңес береді.

ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫН 

ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫН 

ПАЙДАЛАНУ – 

ПАЙДАЛАНУ – 

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Ауыл шаруашылығында егіс алқап-

тарын суландыруға ұңғылар арқылы 

көтерілетін жерасты суларын пайдалану 

керек. Топырақты ылғалдандырғаннан 

кейін су жоғалмайды, жер қойнауына 

табиғи ортасына оралады. Әйтпесе, 

мамандардың пікірінше, қазіргі кезде 

ауыл шаруашылығында судың жоғалу 

мөлшері 75 пайызға дейін жетеді.

Келешекте еліміз аса зәру болатын су 

қорларын сақтау үшін өзендерді бөгеп, 

жасанды су тоспаларына үлкенді-кішілі 

электр стансыларын салудың жөні жоқ. 

Тоспадағы судың булану, тұздану үрдісі 

күрт жоғарылайды, жер бетіне жақын 

орналасқан лас су қабаттары көтеріледі, 

суды мекендейтін тіршілік иелері жойы-

лады.

Сондықтан, өзендердің арнасын бұз-



бай, бағытын өзгертпей табиғи қалпында 

сақтау еліміз үшін оң шешім болар еді. 

Өзендерді тікелей емес, жана ма ғылыми 

негізде игерудің ұсынысы жоғарыда 

айтылды. Мысал ретінде келтірілген 

Шардара-Қазалы жел құбы рындағыдай, 

электр қуатын судан емес, оның арна-

сынан өндіру тиімді.

Айтылған ұсыныстар, қоғам тірші-

лігінің жергілікті табиғатпен үндес 

болуын көздейді, ұлттық мүддені қор-

ғайды. Іске асырылса, ел ертеңіне, 

жеріміздің сау лығына сеніммен қарауға 

болады. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.77 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет