Елімізге ономастика туралы айтулы заңның керектігі еш дау тудырмаса керек. Өйткені дәл осы



жүктеу 0.77 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Басы 1-бетте

ОНОМАСТИКА



Жер-су аттарын қазақша жазар күн жақын

     


Яғни заң жобасы бойынша облыс орта-

лықтары,  республи ка лық  маңы зы  бар 

қала, астананың объек ті леріне (кө шелер-

ге, алаңдарға, скверлерге, көпірлерге 

және қа ла ның басқа да құрамдас бөлік-

теріне) атау беру және оның атын өзгертуде 

Республикалық ономас тика комиссиясы-

мен мін детті түрде келісуі қажет болады», 

– дейді Мәжілістегі жұмыс тобының жетек-

ші 


сі депутат Алдан Смайыл. Түсіндіре 

кетсек, жаңа құ жатта ономастика мәселе-

сіне қатысты жауаптылық са ты сы енгізіліпті. 

Соған орай, жоғарыда айтылған дай атау 

мәселесіне келгенде мәслихаттар өз білге-

нін ше билеп-төстемейді, шешім қабылдау 

бары сында ортақ жауапкершілік қағидаты 

болады. Бұдан бөлек, ат қою және оны 

өзгерту туралы шешім қа был дау барысын-

да тұрғын дар дың пікірін ескерудің тәртібі 

ай қын далады, осы бағытта ашықтық қа-

ғи да ты орнықтырылатын болады. «Бүгінгі 

күні қоғам 

дық пікірді есеп 

ке алу мін-

деттілігі бар болғаны мен, егер оны есепке 

алу тәртібі заң жүзінде жазылмаса, онда 

бұл сыбайлас жем қорлыққа жол ашып, 

құқық қолда ну тәжі ри бесіне алып келеді», 

– дейді сарапшылар. 

Айтпақшы, жаңадан жазылып жатқан 

құжатқа жер-су атаулары мемлекеттік 

тілде әрі тұтастай қазақ әліпбиімен ғана 

жа зылсын деген талапты депутаттар табан-

дап отырып кіргізгенге ұқсайды. Әйтсе де, 

әзірлеуші тараптың бұған сонша 

лықты 

көнгісі келмейтіні де байқалады. Себеп: 



техникалық құжаттардың кейбір тетіктері, 

яғни стандарттау мәселесі бұған кесе көл-

денең кедергі болатын тәрізді. Дегенмен, 

пікірталас барысында депутат Оразкүл 

Асанғазы стандарттауға сүйенетін дердің 

алға тартқан себебін «бос санды раққа» 

балайтындай сес көрсетті. «Жердің аты, 

елдің аты, адамның аты жазылған кез де 

қазақ тілінің орфографиясына сәй кес теліп 

бір-ақ рет, бір-ақ түрмен ғана жазылуы 

шарт. Қазақшасы солай, егер орысшасы 

жазылатын болса ол да соған сүйеніп 

жазылуы керек. Қазір бұл қағидат Астана 

қаласында ғана сақталып тұр. Құдайға 

шүкір, ешкім «Оразкүл, бұл дұрыс емес» 

деп бірдеңе айтқан емес. Ал дәл осылай 

бүкіл Қазақстанда жазылса соған біреу 

өкпелей ме? Жоқ!  Өйткені біздің тоғыз 

әріпіміз сол күйі кириллицаға қарай 

қотарылады», – деген уәж айтады депутат. 

Сөйтіп, сессияның түндігін жаңа ашқан 

депутаттар үлкен тірлікке бел шеше кі-

рісіпті. Бұлай болса бұған дейін кібіртіктеп, 

тек тіл туралы заңның аясында ғана шеші-

ліп келген ономастикаға жан бітетін тәрізді. 

Әйткенмен, саяси астары бар құжатты 

жан-жақты саралап, салмақтап сабырмен 

қабылдамаса, саяси шу шығып кетуі де 

ғажап емес деп сезіктенетіндер бар. 

«Заңның бүкіл позициясының саяси астары 

бар. Тіл, ономастика, жер-су атауларының 

бәрі саясат. Тіпті Қазақстанда кейбір елді 

ме кендердің атын ауыстыра алмай отырға-

ны мыз да сол саясат болып кетеді деп 

үрей ленуден. Сондықтан да, қабылдана-

тын кез келген заңның саяси астары болса, 

оның ішінде ономастиканың саяси астары 

басқасынан да зор», – дейді Алдан 

Смайыл. 

Бір сөзбен айтқанда, заң жобасын 

өткен сессиядан бастап депутаттармен бір-

ге жазған мәдениет министрлігінің маман-

дары қазір оны жетілдірудің тетіктерін 

одан әрі жалғастыру үстінде. Дегенмен, 

қау қарлы құжаттың Парламент қабырға-

сын 


да әлі қанша жататыны белгісіз. 

Өйткені халық қалаулылары заң жобасына 

тұжырымдама 

лық тұрғыдан қараша 

айына дейін өзге рістер енгізіп, оны келісу 

үшін Үкіметке қай та жолдайды. Атқарушы 

биліктің оң қоры тындысын алып жатса, 

осы сессия ба рысында қабылданып қалуы 

да бек мүмкін. Әзірше елімізде ономасти-

калық атауларды өзгертуге тиым салған 

уақытша мораторий мен Үкімет қаулысы 

әлі күнге дейін өз күшінде тұр.



Арман  АСҚАР   

Саяси репрессия құрбаны деп тану 

үшін қандай құжаттар қажет?

Әр меморган шеттен келген ағайынға қандай жеңілдіктер қарастырған?



Осы орталық мемлекеттiк басқару органдары және жергiлiктi атқарушы органдар 

оралмандарға қандай жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетеді?

Айжан, Талғар 

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-

қоны туралы» Заңына сәйкес, Орталық мемлекеттiк 

органдар халықтың көшi-қоны саласындағы 

қоғамдық қатынастарды реттейді және өз құзыреті 

шегінде оралмандарға және олардың отбасылары-

ның мүшелеріне төмендегідей жеңілдіктер қара с-

тыр ған. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігі оралмандар мен оның отбасы 

мүшелеріне Қазақстан Республика сының заңда-

рына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен 

халықаралық шарттарға сәйкес, зейнетақы, 

мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу 

жағдайы бойынша және жасына байланысты 

жәрдемақылар төлеуді қарастырып, жер қорынан, 

арнаулы жер қорынан және жер запасынан 

уақытша қайтарымсыз түрде жер пайдалануға 

жағдай жасайды. Білім және ғылым министрлігі 

оқуға түсуге квoтa бөлуді,  Сыртқы істер министрлігі 

Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшін 

консулдық алымдардан босатуды, Қорғаныс 

министрлігі Қазақстан Республикасы заңнамасы-

мен бекітілген тәртіпте Қарулы күштер қатарындағы 

қызметті кейінге қалдыруды қамтамасыз етеді. 

Кедендік бақылау комитеті шекарадан кеден 

төлемдері мен салығынсыз мүліктерін алып өтуді 

қарастырған.

Орман өрттеріне әкімдер жауапты

ӨРТ БОЛҒАН ЖЕРДІҢ 90 ПАЙЫЗЫ 

ӘКІМДЕРГЕ ҚАРАЙДЫ

Өрт оқиғаларының басым бөлігі әкім-

қаралардың өз жұмысына немқұрайды 

қарағанынан болады деген мәлімдемені 

кеше алқа мәжілісін өткізген ауыл шаруа-

шылығы министрі Асылжан Мамытбеков 

нақ ты статистикаға сүйене отырып жасады. 

Ол үшін А.Мамытбеков министрлікке қа-

расты Орман және аңшылық шаруашылығы 

комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаевқа 

өзі сұрақ қойып, еліміздегі өрт жағдайына 

қатысты статистиканы тікелей байланыста 

отыр ған барлық әкімдерге естіртті. Сөйт-

сек, осы уақытқа дейін республика бойын-

ша 613 өрт оқиғасы болып,  5,3 мың гек-

тар жер күйіп кеткен. Оның 4,4 мың 

гек тары, яғни барлық өрттердің 90 пайызы 

облыстық әкімдіктердің құзіретіне кіретін 

жерлерде болған. Биыл өрттің аумағы 1,5 

есеге кеңейіп отыр. Ал одан келген шығын 



Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ауыл 

шаруашылығы министрі: 

– Бүгінде мемлекеттік орман 

қорының 80 пайызы әкімдіктерге 

қарайды.  Статис ти каны  байқап 

қарасақ, жергілікті жер лер де болып 

жатқан өрттерді ауыздықтау жұмысы 

дұрыс жүргізілмейді. Бәлкім, мүлдем 

жүргізілмейтін шығар. Демек, орман 

толығымен жанып болып, өзі өшеді.  

EUROCOPTER ӨРТПЕН КҮРЕСЕДІ

Биыл Іле-Алатауы ұлттық табиғат пар-

кін де болған өрт те алматылықтарды біраз 

әуре-сарсаңға салды. Өткен жылы болған 

үлкен дауылдан кейін ол жерде жүздеген 

ағаштар жиналмай қалған еді. Биыл сол 

құлап жатқан ірі қарағайлар әбден қурап, 

тамыздың 22-сі күні өртке оранды. Ал ма-

тының барлық өрт сөндірушілері жабылып, 

тілсіз жаумен екі күн бойы күресті. Абырой 

болғанда, адам өлімі тіркелген жоқ. Бірақ 

531,6 млн теңгеге дейін жетті. Өрт оқиға-

ла рының басым бөлігі Павлодар, Қостанай 

және Ақмола облыстарында тіркелген. 

Осыны естіген А.Мамытбеков мырза бір-

ден Ақмола облысын есеп беруге шақыр-

ды. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров өз 

орнында болмай қалып, орынбасары 

Эдуард Квятковский да жауап беруден бас 

тартты. «Мен үшін Ақмола облысының 

эко логия басқармасының бастығы жауап 

бер се бола ма?», –  деп ат-тонын ала қаш-

ты. Осыдан кейін Ақмола облысының 

Таби 


ғатты пайдалануды реттеу және 

табиғи ресурстар басқармасының бастығы 

Әнуарбек Сағытов жаттанды баяндамасын 

оқи жөнелді. Облыстағы өрттердің басым 

бөлігі жазық далада болды деп ақталды. 

Павлодар облысы да осы «дәстүрден» 

айныған жоқ. Министрдің өзі өрт сөндіру 

са ласында қалыптасқан аймақтардың мә-

се лелерін суыртпақтап отыруға мәжбүр 

болды.


Кеше Ауыл шаруашы-

лы ғы министрлігі Іле-

Алатауы ұлттық табиғи 

паркінде болған өрттен 

кейінгі барлық тазалау 

жұмыстарын атқаруға 

дайын екендігін мәлімдеді. 

Ол үшін арнайы іс-шара-

лар  жоспары да бар. Ми-

нистрлік ол жерде болған 

өртке кімнің кінәлі екенді-

гін ашық айтып отырған 

жоқ. Дегенмен жалпы 

республика бойынша өрт 

оқиғалары ның  басым 

бөлігі әкім-қаралардың 

салғырттығы нан  болады 

деп мәлімдеп отыр.

мыңдаған тарихы бар жасыл бақтың 21 

гектар жері қап-қара күлге айналды. Енді 

оны жинау үшін біраз уақыт қажет. Ауыл 

шар уашылығы министрлігі Іле-Алатауы 

ұлт тық табиғат паркін 2013 жылы толығы-

мен тазалап шығуды жоспарлап отыр. 

Ерлан НЫСАНБАЕВ, Орман және 

аңшылық шаруашылығы комитетінің 

төрағасы:

– Бүгінде Ауыл шаруашылығы 

министрлігі Орман және аңшылық 

шаруашылығы комитеті Іле-Алатауы 

ұлттық табиғат паркін тазалау 

бойынша арнайы іс-шаралар 

жоспарын әзірледі. Біз барлық 

есептеулерді аяқтадық. Бүгін (кеше) 

кешкі сағат 17:00-де ол бойынша 

есеп беріп (Үкіметке - авт.), Іле-

Алатауы ұлттық табиғи паркін 

тазалауға қатысты барлық іс-шаралар 

туралы баяндайтын боламыз. Ол 

жоспар бекітілетін болса, біз оның 

аясында атқарылатын барлық 

жұмыстар жайында әлі хабарлаймыз. 

Жоспарға сәйкес, 2013 жылы Медеу 

шатқалын толығымен тазалап шығу 

көзделген. 

 Комитет төрағасы тағы бір жаңа-

лықтың басын ашып қалды. Алдағы 

уақыт та орман өрттерін өшіру үшін қо р-

ғаныс саласының Eurocopter EC 145 үлгі-

сін дегі тікұшақтарды пайдалану жоспар-

ланып отыр. Қазіргі кезде қаржы мәселесі 

шешілуде.  «Жалпы, орман шаруашылы-

ғына ондай алты тікұшақ қажет. Осыған 

байланысты коми 

тет тиісті қаражатты 

2013 жылғы бюджет 

тен қарастыруға 

өтініш берген. Бірақ Қар жы министрлігі 

оны қолдаған жоқ. Енді ол мәселені 2014 

жылғы бюджет жоспарына енгізу жұмысы 

пысықталуда. Бүгінде бар лық мәселе тек 

қаржыға ғана тіреліп отыр. Ол шешілуі 

тиіс», – дейді Е.Нысанбаев.

Астана

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі: 

– Ономастика бұрынғы тіл туралы заңның ішінде бір тараумен ғана беріліп еді. 

Ондай жеке заң еліміздің заңнама тарихында болған емес. Жаңа келіп жатқан заң 

аса күрделі талқылаудан өтіп жатыр. Өйткені ономастика мен тіл екеуі егіз ұғым. 

Айтарым ономастика бізге ғана қатысты емес. Қаншама ел-жұрт, әртүрлі ұлт өкілдері 

бар. Сондықтан олардың да бұл заңға қызығушылығы зор. Ал осыдан ортақ  жол 

тауып шығу да оңай шаруа емес. Десе де, заң жобасына әдеби тіл нормаларының 

ономастика қызметінде сақталуын қамтамасыз ететін біраз нормалар енгіздік. Соған 

сай барша атаулар Қазақстан Республикасында қалыптасқан әдеби тіл нормасына 

сәйкестендіріледі.  Жұмыс жалғасып жатыр. 

Азаматты саяси репрессия құрбаны деп тану үшін қандай негіздегі 

құжаттарды өткізуі керек?

Бекарыс, Алматы облысы

Мемлекеттік басқару органдары-

ның актілері негізінде Қазақстандағы 

тұ рақты мекенінен айырылған аза-

мат ты саяси репрессия құрбаны ре-

тін де тану үшін дәл уақыты мен мер-

зі мін айғақтайтын құжаттарды жинау 

ке рек (мысалы, туу туралы куәлік, 

акті лік жазбалар көшірмесі т.с.с) және 

ме кенжайы бойынша саяси реп рес-

сияны заңды факті ретінде бекіту ту-

ралы өтінішпен сотқа бару қажет. 

Өтінішті қараған соң сот саяси 

реп рессияны заңды факт ретінде бе-

кітуді қанағаттанарлық деп тапса, ары 

қарай прокуратураға тұлғаны қатарға 

қо сылу дәрежесін қалыпқа келтіру ту-

ралы өтінішпен барады. Өтінішке сот 

шешімінің көшірмесі мен өтініш беру-

шінің куәлігінің көшірмесі тігіледі. 

Сот және сот органдарынан тыс 

сот талған азаматтар сот болған уақыт 

пен сот болған жерді көрсете отырып, 

өті ніш беруі керек. Ал прокуратура 

ор ган дары осы мәліметтер бойынша 

мате 


риалдардың шындық негізін 

бекі теді. Өтініш қанағаттанарлық деп 

табылса, азаматқа оның саяси реп-

рес сия құрбанын мойындаған оны 

қа тарға қосу туралы анықтама бе-

реді, сол бойынша саяси репрессия 

құрбаны ретінде ақшалай өтемақы 

беріледі.

Көрсетілген орындарда болған 

уақыты мен оңалту туралы құжаттары 

негізінде саяси репрессия құрбан-

дары на бір реттік ақшалай өтемақы 

беріледі.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Мансұр ХАМИТ (фото)


                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№163 (845) 



15.09.2012 жыл, 

сенбі


Рахман АЛШАНОВ, 

Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:

– Жинақталған тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақпарат тық 

технологияны оқу бағдарламасына енгізу, интернетке еркін 

қосылып, қашықтықтан білім алу жүйесі де өз жемісін беруде. 

Инновациялық зама науи  технологияларды барлық ЖОО-лар 

тиім ді пайдалана алса, студенттер мен оқы тушыларға жаңа 

мүмкіндіктерге есік ашы лады. Бұл өз кезегінде оқытушы мен сту-

денттің және ата-аналардың өзара қа рым-қатынасын жаңа сатыға 

көтеріп, білім алу дағы әрқилы  тосқауылдардың азайып, да рынды 

балаларға жан-жақты жағдай жа салуын қамтамасыз етпек.

Әрбір студент оқуға келгенде білімді, бә с екеге қабілетті  маман 

иесі болып шығу үшін  келгендігін түсінуі қажет. Соңғы үш-төрт жыл ішінде еліміздегі 

білім саласына ақпа рат тық техно логия, компьютерді енгізу қар қынды жүргізіле бастады. 

Қиын кез арт та қалды, қазір жағдай түзелді, мем лекет тарапынан қолдау өсті, озық 

техно логияларға көңіл бөлу мүм кіншілігі артты. 

Бүгінде қауымдастық «Қазақстанда бірыңғайланған студенттік анықтама картасын» 

ендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы орайда біз еліміздің Білім және ғылым 

министрлігі, Алматы қалалық жастар саясаты басқармасымен және де жоғары оқу 

орындарымен бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Қазіргі қолданыстағы студенттік билеттер 

студенттің жеке басын анықтау үшін ғана берілетіндіктен, оның өзге технологиялық 

функционалды міндеттері жоқ. Былайша айтқанда, жоғары оқу орындарында жаппай 

«Электронды студенттік» билет енгізілуі өте тиімді болар еді деп есептеймін.

ҚОҒАМ


Б

А

С



ТАМА

Шенеуніктердің блог-платформалары халықпен байланысқа неге дәнекер бола алмай отыр?



Сергей КУЯНОВ, 

Алматы қаласы 

әкімінің баспасөз 

қызметінің 

жетекшісі:

Аршат 

ОРАЗОВ, 

IT маманы, 

блоггер:

Андрей ХАН, 

«Правила игры» 

қоғамдық-саяси 

журналының бас 

редакторы, 

саясаттанушы:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Менің ойымша, блогтарды ашып, жүргізу 

шенеуніктердің тікелей міндеті болып есептелмейді. 

Бұл бір сәнге айналған дүние тәрізді болды. Олар блог 

ашуды, әлеуметтік желілердегі талқылауларға қатысу-

ды өздерін заманауи жаңалықтардан хабары бар, көзі 

ашық адам ретінде көрсету үшін пайдаланады. Мен 

мұны әуелден нәтижелі жұмыс деп есептемедім. Қазір 

электронды үкімет бар. Халықтың, жеке және заңды 

тұлғалардың мемлекетпен байланысы осы бағдарла-

маның аясында дұрыс жолға қойылған жүйелі жұмыс 

болуы керек деп ойлаймын. Ал бұдан басқасы, яғни 

шенеуніктердің ғаламторды пайдалану-пайдаланбауы 

– олардың жеке шаруасы. Бізде ақпараттың қолжетім-

ділігіне қатысты заңнама бар. Соның шеңберінен шық-

пауды да ойлау керек. Өз басым шенеуніктер блог-

тарында не жазып жатыр, кімге не деп жауап беріп 

жа тыр – оны қадағаламаймын.

– Негізінде, блог дегеннің мағынасы басқа, ол веб-күнделік дегенге келеді. Ал 

мемлекеттік органдарға блог та, веб-күнделік те емес, интерактивті қарым-қатынас 

құралы керек. Сол себепті біз Алматы әкімдігінің ресми сайтында халықпен байланыстың 

осы түрін таңдадық. Әкімнің еркін формадағы шұғыл интерактивті байланыс алаңына 

қала тұрғындарынан күніне 250-ден 400-ге дейін сұрақ келіп түседі. Бұл сұрақтарға 

мейлінше жылдам жауап беруге тырысамыз. Алматы әкімдігі байланыстың мұндай түрін 

қолдануды Үкімет басшысы тапсырма берген уақыттан әлдеқайда бұрын бастап кетті. 

Ал кейбір мемлекеттік органдарда мұндай қарым-қатынастың мардымды болмауы 

олардың соған қандай жауапкершілікпен қарауына байланысты болып тұр. Кейбір 

органдар осы процестің маңызын толық түсінбей жатып, халықпен байланыс жасауды 

да формалды түрде қолға алды деп ойлаймын. Мұндай жағдайда интерактивті 

байланыс, әрине, нәтиже бермейді. Жоғары деңгейдегі шенеуніктен дербес жауап алу 

кім үшін де жағымды болар еді, әрі бұл үшін ешкім ешқандай табалдырықты аттамайды. 

Әрине, оның жалған ақпараттар мен жеке құпиялардың жеткізілуі сияқты теріс жағы да 

бар, дегенмен бұл – қажетті, пайдалы жұмыс, өйткені келешек ғаламтормен байланысты.

– Шенеуніктердің барлығы бірдей блог-платфор-

маларын пайдаланбай отыр деуге болмайды. Дегенмен 

халықтың блогтарда қойған сұрақтарына жауап 

бермейтін мемлекеттік органдар бар. Көбіне облыс 

әкімдерінің сайттарында немесе блогтарында тұрғын-

дардың сұрақтары жауабын таппай, жиналып қалып 

жатады. Ал министрліктер, мемлекеттік агенттіктер мен 

комитеттер жетекшілерінің блогтарындағы сұрақтарға 

шұғыл түрде болмаса да, міндетті жағдайда жауап 

беріледі. Бірақ көріп отырғандарыңыздай, бір органда 

блог жұмыс істейді, бір органда жоқ. Сол себепті олар-

дың бәрінің блогтарын қадағалап, тексеріп отыратын 

бір орган құру керек сияқты. Блог ашу туралы тапсырма 

болды, ал кейін оны ары қарай бақылау болған жоқ. 

Азаматтардан келіп түскен сұрақтар ресми түрде 

тіркеуге алынды ма, оларға жауап берілді ме – сол 

қада ғалануы  керек. 

ОЙ-КӨКПАР

Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА, «Ер-азамат» 

дағдарыс орталығының кеңесшісі:

Бақытбек СМАҒҰЛОВ, 

Мәжіліс депутаты

Негізі, қоғамда ерлер мәселесі мүлдем 

айтылмайды. Ерлер мәселесі қоғам үшін 

мүлдем жат мәселе секілді. Бұл мәселенің 

қоғам назарынан тыс қалғаны соншалық-

ты, тағдырдың ауыртпалығына шыдай ал-

май, кезбе атанғандардың 78 пайызы 

түрлі себептерге төтеп бере алмаған 

бөріктілер екен. Ал әйелдердің қоғамдағы 

рөлін кө 

теру, денсаулығын жақсарту, 

құқығын қорғау мақсатында біраз жұмыс 

атқа 

рылуда. Ал ер адамдарға көмек 



көрсетуге арналған арнайы орталықтар 

мен іс-шаралар мүлдем жоқ. Қазір 

ауылдық жерлерде ата-аналар да шамасы 

жеткенше қызын оқытуға тырысады. 

Қолындағы ер бала арба сүйретсе де күнін 

көрер деген көзқарас қалыптасқан. 

Айналып келгенде, мұның бәрі қоғамдағы 

ер-азаматтардың рөлінің төмендеуіне 

әкеліп соғуда. Қайбір жылдары ер-аза-

маттардың үйкүшік болып үйде отырып 

қалуы мен әйел дердің отбасын асырау 

мақсатында сыртта жүруі де көптеген 

азаматы мыз дың  психоло гия сына 

кері әсер етті. Сондай-ақ, былай 

қарағанда ден 

саулығын күту әр 

азаматтың өзінің жеке шаруасы 

десек те, мәселеге мемлекеттің 

назар аударуы біраз мәселені 

шешетіні анық. 

Статистикалық мәлімет-

терге сүйенсек, соңғы бес 

жыл да қуық асты безінің қа-

терлі ісігінен ажал құшқан-

дардың саны сүт безі 

қатерлі ісігі өлім көр сет кі-

шінен екі есе жоғарылаған. 

Ерлердің өмір сүру ұзақтығы 

әлемде әйелдерге қарағанда 10 

пайыз төмен болса, Қазақстанда 15 

пайызға көтерілген. Бұл статистикалар ер-

лер денсаулығының төмендеп бара жатқа-

нын көрсетеді. Ер адамдар денсау лығының 

төмендеуі оған рухани және моральдық 

тұрғыдан да әсер етері анық. Сон дықтан ең 

болмаса ерлер денсаулы 

ғына арналған 

бағдарлама қабылдасақ, дұрыс болар еді. 

Еуропаның кейбір елінде тіпті әйелі өмірге 

бала әкелсе, күйеуі де декреттік демалысқа 

шығады. Сондықтан арнайы бағдарлама 

қа былдасақ жоға рыдағы мәселелерді ше-

шуге мұрындық болар еді. 

Ана өмірге бала әкелсе, ол – оның 

артықшылығы емес, ерекшелігі. Сол 

секілді, ер адамдардың да өзіне тән 

өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселе – 

соны түсініп, өз ерекшеліктерін 

дұрыс пайдалана білуінде. Бұл үшін 

бағдарлама қабылдаудың қажеті 

жоқ. Ол ой әр ер-азаматтың өз 

санасында, жадында болуы 

керек. Сондай-ақ, мамандар-

дың айтуынша, ер-азаматта-

рымыздың денсаулығы да 

нашарлап бара жатқан 

көрінеді. Рас, ер-азаматтар 

әйелдерге қарағанда дәрі-

герге үш есе аз тексеріледі 

екен. Менің денсаулығым 

100 пайыз дұрыс деген 

ой біздің ер-азаматтарымыз-

дың миында сіңіп қалған. Бірақ 

бағ 


дарлама қабылдадық екен деп, 

олар дың денсаулығына деген жауапкер-

шілігін арттыра қоюымыз екіталай. Одан 

гөрі, ер-азаматтар арасында өз денсау-

лықтарына жауапкершілікпен қарау үшін 

арнайы іс-шаралар өткізуіміз керек. Ал 

арнайы бағдарлама қабылдаудың қажеті 

жоқ. Жалпы, қоғамда әйелді еркектен, 

еркекті әйелден бөліп қарау қажет емес. 

Денсаулығын алдын ала профилактикалық 

тексеруден өткізуге енжарлық таныту – 

халқымыздың қанында бар қасиет. Негізі, 

жалпы халқымыздың денсаулығы– 

 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.77 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет