Еліміздің Президенті Н. Назарба евтың тапсырмасымен бірінші рет



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата12.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
#14693
  1   2   3

Еліміздің Президенті Н.Назарба-

евтың тапсырмасымен бірінші рет

облыс, қалалар мен аудандар әкім-

дерінің халық алдындағы есебінің

беріле бастағанына бір жыл уақыт

өтті. Олар біздің азаматтардың

күнделікті проблемаларын шешуде

атқарушы органдар үшін нағыз ем-

тихан болып табылды.

Практика көрсеткеніндей, осы

кездесулерде көрсетілген көптеген

мәселелер біздердің аймақтық бағ-

дарламаларымызға сәйкес шешіліп

келеді. Мұның өзі облыс тұрғында-

рының мүдделері мен билік орында-

рының шешіп жатқан мәселелерінің

сәйкес келетіндігін көрсетеді. Нақты-

лап айтқанда бұл экономиканың

өсуі, жұртшылықты еңбекпен қамту,

әлеуметтік және тұрмыстық саланы

дамыту, адамдардың тұрмыс дең-

гейін жақсарту, тұрмысы нашар

адамдарға көмектесу, атқарушы

билік орындарының жұмысын

жетілдіру.

Үстіміздегі жылғы 1 наурыздағы

халыққа Жолдауында Елбасымыз

Қазақстанды әлемдегі бәсекеге ба-

рынша қабілетті 50 елдің қатарына

кіргізу стратегиясын ұсынды. Осы

міндетті іске асыруға облысымыз

жақсы потенциалмен келгенін атап

өтуіміз керек. Мұны өткен жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамудың

қорытындылары көрсетеді, осы жыл

ішінде көптеген аймақтық бағдарла-

малар негізінде орындалды.

Мысалы, кейбір қиындықтарға

қарамастан атқарушы органдардың

қолданған шараларының арқасында

өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2004

жылмен салыстырғанда 17,4%-ке

артты. Сол тәрізді импортты алмас-

тыру өнімдерін шығаруды арттыру

жолында да көп шаруа тындырылды,

бұл еліміздің БСҰ-ға кірер кезіндегі

міндеттерге сәйкес келеді. Өткен

жылдың ішінде осындай 42,3 млрд.

теңгенің өнімі берілді. Бұған 44 жаңа

өндіріс, соның ішінде 22 индустриал-

дық-инновациялық бағыттағы өнді-

рісті ашу ықпал етті. Айталық, 2005

жылдың маусым айында мемлекет

басшысының қатысуымен «Миттал

Стил Теміртау» АҚ-да үздіксіз болат

құю қондырғысы іске қосылды. Осы-

ның арқасында сапа жақсарып, осы

кәсіпорынның әлемдік рыноктағы

бәсекеге қабілеттілігі артып, рента-

бельді өнімдерді шығаруға ынта пай-

да болды. Біздің облысымыз Қазақ-

станда бірінші болып экологиялық

қауіпсіз линолеумды «EURASІАҒ-

LOR» АҚ-да шығара бастады. Соны-

мен қоса Шұбаркөл көмірінен «Са-

рыарқа спецкоко АҚ-да арнаулы

кокс шығаратын өндірістің жобасы

іске асырылды.



«Біз аға ұрпақ-

ты, ана мен баланы,

жастарды қамқорлық пен

ілтипатқа бөлейтін әлеу-

меттік бағдарланған қоғам, ел

халқының барлық топтары тұр-

мысының жоғары сапасы мен ал-

дыңғы қатарлы әлеуметтік стан-

дарттарын қамтамасыз ететін

қоғам кұрудамыз».

Н.НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Респуб-

ликасының

Президенті.

2004-2006 жылдары индустри-

алдық-инновациялық дамудың ай-

мақтық бағдарламасын жүзеге асы-

руда кезендік жұмыс атқарылды. ҚР

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

индустрия және сауда министрлігінің

қатысуымен «Металлургия» клас-

терінің жоспары жасалды.

Негізгі өнеркәсіп секторында

ғылымды көп талап ететін техноло-

гияны барынша іске асыруға жағдай

жасау мақсатында Теміртау қала-

сында индустриалдық парктің тұ-

ғырнамасы жасалды. Бұл экономи-

калық және әлеуметтік жаңғырудың

көш басшысы бола алады. Оның ай-

мағында орналасқан жаңа кәсіп-

орындардың қызметі металлургия

мен машина жасау өндірісіндегі жо-

ғары қосымша құн салығы бар 4-5-6

қайта өңделген өнімдерді шығаруға

бағытталады.

Өнімдердің бәсекеге қабілетті-

лігін көтеру үшін сапа менеджмен-

тінің халықаралық стандарттарын

енгізу де мақсатты жұмыстар іске

асырылуда. 2005 жылы ISO 9000 се-

риялы сапа менеджментінің халық-

аралық жүйесін 14 кәсіпорын іске

асырды, кезекте 26-ы тұр.

Аймақтағы ірі компаниялардың

жұмысындағы жаңа бағыттарды

және олардың орта, шағын бизнес-

пен қарым-қатынасын анықтау өнім-

дері экспортқа бейімделген баста-

машы жобаларды іске асыру және

«Қарағанды дәрі-дәрмек заводы»

ЖШС мен Фитохимия институтының

базасында республикалық фарма-

цевтік кластерді дамытуға шаралар

қолданылуда.

Қарағанды қаласында отандық

ауыл шаруашылық машина жасауды

дамыту үшін облыс әкімдігі мен жа-

қын шет елдердің ірі машина жасау-

шы кәсіпорындарымен ниет хатта-

маларға қол қойылды. Мұндай ке-

лісім «Минск трактор заводы» ӨБ,

«Сибзаводцентр» АҚ, «Узсельхоз-

машхолдинг» ШК, «Алтай тракторы»

АҚ, «Бобруйскагромаш» АҚ және

басқалармен жасалды.

Облысымызда отандық және

шетелдік инвесторлар жұмыс жасау-

да, оларға бірдей жағдай жасалған.

Негізгі капиталға инвестиция салу

өсіп келеді. Мысалы, 2005 жылы

оның көлемі 132,8 млрд. теңгеге

жетіп, 2004 жылмен салыстырғанда

27,5%-ке өскен, соның ішінде шет-

елдік инвестицияның көлемі 2,1 есе-

ге артқан.

Шетелдік компаниялар қаржыла-

рының есебінен сыра заводына ре-

конструкция жасалып, «RIOFLEX» су-

гельдік жарылғыш заттар матриция-

сын шығару заводы іске қосылды.

2005 жылдың желтоқсан айында

Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай аудандары-

ның жерімен өтетін «Атасу-Алашань-

коу» қазақстандық-қытайлық мұнай

құбырының ресми ашылуы болды.

(Жалғасы 3,4,5-беттерде).


(Басы 1-бетте).

Негізгі капиталға салынатын

инвестицияның 61%-тейі кәсіп-

орындардың өз қаржылары есебі-

нен салынуда. Жаңа өндірістік қор-

ларын жаңарту, жаңа өндірісті іске

қосу үшін олар 67,7 млрд. теңге ин-

вестиция салған.

Қарағанды облысының сыртқы

сауда айналымы 2004 жылмен са-

лыстырғанда 1,2 есеге артты. Бұл

тұрғыда негізгі әріптес елдер Ре-

сей Федерациясы (сыртқы сауда

айналымының жалпы көлемінің

23%-і), Қытай (21%), Германия

(6,5%), Италия (19,6%), Иран (5%-

тей) болып табылады.

Облыс экономикасында шағын

бизнестің орны қомақты. Онда 162

мың адам жұмыс істейді, өндіріл-

ген өнім көлемі 68 млрд. теңге. Ша-

ғын бизнестердің жаңа кәсіп-

өрындарын ашу, бұрынғыларын ке-

ңейту 17 мың жұмыс орнын ашып,

еңбекпен қамтуды жақсартуға мүм-

кіндік берді.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпор-

ындары, құрылыс ұйымдары, ша-

ғын және орта бизнес субъектілері

«Астананың гүлденуі - Қазақстан-

ның гүлденуі» бағдарламасына

белсенді түрде қатысып, Астана

қаласына құрылыс материалдарын

беру мен мердігерлік жұмыстарды

атқару 11 млрд. теңгеден астам бол-

ды.


2005 жылы облыс бюджетінің

кірісі 49 млрд. 226,5 млн. теңге бол-

ды, бұл жоспардың 100,3%-і, соның

ішінде:


салық, салықтық емес түсімдер

және негізгі капиталды сатудан

түскен кірістер - 34 млрд. 247,6 млн.

теңге, немесе жоспардың 101,1%-і;

республикалық бюджеттен

түскен ресми трансферттер - 12

млрд. 845,9 млн. теңге (99,9%), со-

ның ішінде облыстық бюджетке

субвенция - 5 млрд. 026,1 млн. тең-

ге және мақсатты трансферттер - 7

млрд. 819,8 млн. теңге;

ипотекалық құрылысқа берілген

несиелер - 1 млрд. 263,3 млн. теңге

(100%);


қаржылық активтерді сатудан

түскен және қайтарылған бюджеттік

несиелер - 869,6 млн. теңге (79,5%).

2004 жылмен салыстырғанда

бюджеттің түсімі 7 млрд. 856,6 млн.

теңгеге (16%) артқан.

Облыс бюджетінің шығындары

49 млрд. 232,4 млн. теңге немесе

жоспарға 99,2% болды. Республи-

калық бюджеттен бөлінген мақсат-

тық трансферттер 7 млрд. 694,2

млн. теңгеге игерілді немесе жос-

пар 98,3%-ке орындалды. Үнем

мөлшері 125,6 млн. теңге болды.

2004 жылмен салыстырғанда шы-

ғымдар 7 млрд. 759,5 млн. теңгеге

(15,8%) артты.

Бағымдық ретпен әлеуметтік-

мәдени шаралар қаржыландырыл-

ды. Оларға бюджеттің жалпы шы-

ғыс көлемінің 72,9%-і немесе 35

млрд. 894 млн. теңге жұмсалды. Бі-

рінші кезекте жалақы, азық-түлік

шығындары, дәрі-дәрмек сатып алу,

стипендия мен басқадай әлеуметтік

өтемақыларды төлеу қамтамасыз

етілді.

2005 жыл агроазық-түлік бағ-



дарламасын іске асыруды аяқтау

жылы болды. Осы жылдың ішінде

облыс бойынша селоны дамытуға 2

миллиард теңгедей қаржы игеріл-

ді. Аграрлық секторда өндірілген

жалпы өнімнің көлемі 34,5 млрд.

теңгеге жетті. Соның ішінде мал ша-

руашылығы өнімінің көлемі 7,3%-ке

өсті.

Өнімдерді қайта өндеуді дамы-



ту маңызды мәселе болып қалуда.

Егерде әлемдік ауыл шаруашылығы

өнімдерінің саудасында азық-түлік

және қайта өңдеу кәсіпорындары-

ның өнімі 80%, ал ауыл шаруашы-

лық шикізатының үлесі 20% қана

болса, біздің облыста бұл көрсеткіш

40% қана. Дегенмен, облысымызда

жыл сайын қайта өңделетін өнім-

дердің үлес салмағы орта есеппен

2%-ке өсіп келе жатқанына қарамас-

тан, пайдаланылмай жатқан мүм-

кіндіктер әлі жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің

өсуі және мемлекет тарапынан

көмек беру селодағы әлеуметтік

мәселелерді шешуде оң ықпал

еткендігін атап айтуымыз керек.

Жыл қорытындысы бойынша село-

да 1344 қосымша жұмыс орны ашы-

лып, жұмыссыздық деңгейі бір-

шама төмендеді.

2004 жылдан бастап облыста

селолық аймақтарды дамытудың

аймақтық бағдарламасы іске асы-

рылып, сол бойынша 501 селолық

елді мекендер қамтылған. Осының

аясында 2005 жылы селодағы әлеу-

меттік және иһженерлік инфрақұ-

рылымдарды дамытуға 2 830,5 млн.

теңге бағытталып, әлеуметтік сала-

ның 189 объектісі қайта жөндеуден

өткізілді және салынды, объекті-

лердің материалдық-техникалық

базасын нығайтуға 326,4 млн. тең-

ге жұмсалды.

Тұрғын үй бағдарламасын іске

асыру қарқыны белсенді жүргізі-

луде. Өткен жылы облыс жоспар-

ланған тұрғын үй құрылысын арты-

ғымен орындап, 211,8 мың шаршы

метр пайдалы аландар іске қосыл-

ды, бұл 2004 жылмен салыстыр-

ғанда 1,5 есеге артық. Барлығы

пайдалануға 2 мыңнан астам пәтер

берілді.


Экономиканың дамуы 2005 жы-

лы құрылыс саласын дамытуға оң

ықпал етіп, жаңа қарқын берді.

Құрылыс салу көлемінің артуы және

бақылау қызметін республикалық

деңгейден жергілікті жерге беру

қажеттілігінен өткен жылы облыс-

тың мемлекеттік архитектура-құры-

лыс бақылау басқармасы құрылды.

Осыған орай құрылыс объектілерін

салуда көптеген кемшіліктердің бар

екенін айтуымыз керек. Құрылыс

аландарының қалдықтардан ашыл-

мауы, қоршаудың және объекті пас-

портының болмауы тұрғындардың

тарапынан көптеген шағымдар ту-

дырды. Тексеріс қорытындысы бо-

йынша тиісті шаралар қолданылды.

Бүгінгі күнде 90%-тен астам құры-

лыс алаңдары тиісті деңгейде қор-

шалып, объекті паспортын жасап,

құрылыс қалдықтарынан тазартыл-

ды.

Барлық қалалар мен аудандар-



да адамдардың көп тұратын объек-

тілерді зерттеу жөніндегі комиссия

құрылды. Бұл жұмыс бірінші кезек-

те білім беру, денсаулық сақтау

және әлеуметтік-мәдени маңызда-

ғы объектілерде жүргізілді. Бұл ба-

ғыттағы жұмыс одан әрі жалғасты-

рылып, үнемі бақылауға алынған.

Тұрғын үйлерді салудың қазіргі

заманғы сапа талабы әлемдік стан-

дарттарға сәйкес келетін жаңа да

тиімді құрылыс материалдарын

қолдануды талап етеді. Алайда, би-

ылғы жылы тұрғын үй мен әлеумет-

тік-мәдени сала объектілеріне жа-

салған тексеріс кезінде мердігер

құрылыс ұйымдары нормалар мен

ережелерді көп бұзатындығын

анықтады. Бұған мысал ретінде

Жезқазған қаласындағы ипотека-

лық үйдің құрылысын айтуға бола-

ды. Мұнда сапалық сертификаты

жоқ материалдар, тіпті бұрын пай-

далануда болған материалдар қол-

данылған. Қазіргі уақытта осы

объектідегі құрылыс-монтаж жұ-

мыстары тоқтатылды. Мұндай кем-

шіліктер Саран қаласындағы ком-

муналдық үй құрылысын тексеру

барысында белгілі болды.

Қазір елімізде мүлде жаңа әлеу-

меттік саясат жүргізіліп, реформа-

лардың әлеуметтік бағыты күшей-

тілді. Жергілікті атқарушы орган-

дардың жұмысы нәтижесінде 37

мыңнан астам адам жұмысқа ор-

наластырылып, 15 мың адамға

уақытша жұмыс ұйымдастырылып,

4,5 мың адам жаңа кәсіпке ие бо-

лып, жұмыссыздық деңгейі бұр-

нағы жылмен салыстырғанда 7,4%-

тен 6,8%-ке дейін төмендеді.

Тұрмысы төмен азаматтарға

көмек беру жұмысы одан әрі жал-

ғасуда. Тек қана өткен жылы бюд-

жеттен тыс көздерден берілген кө-

мектің мөлшері 894 млн. теңге бо-

лып, әрбір адамға шаққанда орта-

ша көмектің мөлшері 1,5 есеге арт-

ты. Соғыс ардагерлеріне әлеу-

меттік көмек беру кешенді түрде

шешілуде. Оларға тұрғын үй бе-

ріліп, ыстық және суық суды есеп-

тегіштер, телефон орнатылып, са-

наториялық-курорттық емдеу іске

асырылуда. Сонымен бірге Ұлы

Отан соғысының мүгедектері мен

оған қатысушылар тұрғын үй ком-

муналдық қызмет ақысынан боса-

тылған.


Мүгедектерді сауықтыру мәсе-

лесі ерекше назарды қажет етеді.

Облыстағы 50 мың мүгедектің әр-

бір үшіншісі әлеуметтік белсенді

және еңбек жасында. Алайда қала-

лық және аудандық әкімдіктер

оларды еңбекке тарту үшін арнау-

лы жұмыс орындарын құрумен

тиісті деңгейде айналыспай келеді.

Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі

адамдардың көп айтатын мәсе-

лелерінің бірі - олардың әлеуметтік

инфрақұрылым объектілеріне кіре

алуы болып отыр. Жалпы алғанда,

облыс бойынша пандустар мен

кіреберіс жолдарды орнатудың

жоспар міндеттемесі орындалған.

Алайда Қаражал қаласы, Абай,

Ақтоғай, Ұлытау, Жаңаарқа аудан-

дарында бұл көрсеткіш 30%-ке

жетпей отыр.

Мемлекет басшысының Қазақ-

станды әлемдегі бәсекеге барын-

ша қабілетті 50 елдің қатарына

кіргізу міндетін қоюы және БСҰ-ға

ену қарсаңында жергілікті атқару-

шы органдар әлеуметтік қорғау

органдарымен бірлесе отырып мы-

наларды іске асыруға тиісті:

- облыстың кластерлік дамуын

есепке алып, тұрғындарды ең-

бекпен қамтуда кәсіби оқуды ұйым-

дастыру, соның ішінде «Металлур-

гия және металл өңдеу», «Құрылыс

материалдары», «Резино-техника-

лық бұйымдар», «Туризм», «Дән

өңдеу», «Сүт өнімдері» кластерлері

бойынша маман кадрлар даярлау;

- облыстағы жұмыс істеп тұрған

ірі кәсіпорындардың тәжірибесін

пайдалана отырып, кәсіптік оқуды

ұйымдастыруды қамтамасыз ету,

кадрларды даярлауға өндірістік-

техникалық базаларды пайдалана

отырып, білім беру жобаларын іске

асыруға бизнес-құрылымдардың

қаржыларын тарту;

- мүмкіндігі шектеулі адамдар-

ға әлеуметтік қызмет көрсетудің ай-

мақтық деңгейдегі стандартын іске

асыру.

Өткен жылы билік орындары



товарлар мен қызметтер бағасы-

ның өсуіне жол бермеу шараларын

қолданды. Осы мақсатта азық-түлік

товарларын тұрғындарға жеткізу-

дің облыстық, қалалық, аудандық

штабтары және товарлық рынокта

негізгі орын алатын рынок субъек-

тілерін анықтау, бағалық өзара

келісу, әлеуметтік маңызы бар то-

варлар мен қызметті іске асыруда

өктемдік жасаушыларды анықтай-

тын жұмыс тобы құрылған. Азық-

түлік өнімдерімен, товарлар, қыз-

меттермен қамтамасыз етудің

стандарты жасалып, инфляция

деңгейіне ықпал ететін негізгі тұты-

ну товарлары мен қызметінің тізімі

анықталып, солар бойынша облыс-

тың қалалары мен аудандарында

апта сайын мониторинг жүргізілді.

Жалпы көлемі 132 мың тонна азық-

түліктік бидай қоры, соның ішінде

бірінші сортты нан пісіретін 70 мың

тонна бидай, 5,6 мың тонна картоп,

2,9 мың тонна көкөніс қоры жасал-

ды. «Ауыл береке - 2005» жәрмең-

кесі аясында 18 жәрмеңке ұйым-

дастырылып, оған 1055 жергілікті

ауыл шаруашылық товарын өндіру-

шілер мен өнім өңдейтін кәсіп-

орындар қатысты. Облыстың бар-

лық рыноктарында жергілікті сая-

жайда өндірілетін өнімдерді сата-

тын тегін сауда орнының квотасы

анықталды. Қалалар мен аудандар-

да көлікпен сауда жасауға қосым-

ша 168 алаң, 581 саудақ атары, 4345

сауда нүктесі, 56 шағын базарлар,

262 даярлау және сатып алу

пункттері ұйымдастырылды. Оң-

түстік аймақтардан (Оңтүстік

Қазақстан облысы, Өзбекстан,

Қырғызстан) азық-түлік әкелу

ұйымдастырылды. Соның нәтиже-

сінде жаз айларында көкөніс

өнімдерінің бағасын 18-20%-ке

төмендетуге мүмкіндік туды. Қол-

данған шараларға қарамастан 2005

жылғы тұтыну бағасының индексі

107,7% болды, сонымен қатар ин-

фляция деңгейінің өсуіне ақылы

қызмет тарифтерінің, соның ішінде

тұрғын үй коммуналдық, газдың

бағасының өсуі едәуір ықпал етті.

2006 жылы инфляциялық про-

цестерді тежеу ерекше бақылауда

болады. Осыған байланысты тұр-

ғындарды азық-түлік товарлары-

мен қамтамасыз ету, көкөніс өнім-

дерін даярлауға қажетті қоймалар-

ды қалпына келтіру, негізгі товар-

лар мен қызметтердің бағасының

негізсіз өсуіне жол бермеу, елі-

міздің Оңтүстік аймақтарынан

және Қырғызстаннан азық-түлік

керуенін ұйымдастыру, саяжайлар

мен үй жанында өсірілген өнім-

дерді сататын қосымша сауда

қатарларын ашу, даярлау пункт-

терін және жол бойындағы бизнесті

дамыту міндеті қойылады. Барлық

аймақтарда коммуналдық рынок-

тарды құруды көздейтін тұрғын-

дарды азық-түлікпен қамтамасыз

етудің шаралары бекітілді. Бүгінгі

күнде облыста 18 рынок бар, со-

ның ішінде үшеуі коммуналдық,

бұларда басқалармен салыстыр-

ғанда сауда орнының арендалық

құны 20%-ке төмен.

Өздеріңізге белгілі болғандай

өткен жылы мемлекет басшысының

бастамасымен бюджеттік ұйым-

дардың қызметкерлерінің жалақы-

сы, зейнетақы және студенттердің

стипендиясы өсірілді. Мұндай өсу

биылғы жылғы 1 наурызда болған

Президент Жолдауында да көр-

сетілген. Алайда тұрғындар мұн-

дай шараның товарлар бағасын,

қызмет тарифтерін, соның ішінде

коммуналдық қызмет тарифін өсі-

руге әкеліп соғады деген алаңдау-

шылығын тудыруда. Бұған жол бер-

меу үшін биылғы жылы атқарушы

орындар өкілетті органдар арқы-

лы 108 қызмет берушілермен «2006

жылдың 1 қаңтарына дейін өздері

көрсететін қызметтің бағасын

(тарифін) өсірмеу туралы меморан-

думға» қол қойды. Осының нәтиже-

сінде қазіргі коммуналдық қызмет

тарифтерін тұрақты түрде ұстап

тұруға қол жетуде. Облыс аймағын-

да мұнай өнімдерін сататын

субъектілермен меморандум жасау

жұмысы жалғасуда. Қазіргі кезде

мұнай өнімдерінің бағасы 2005

жылдың тамыз- айындағы деңгей-

де тұр.


Өткен жылдың ішінде азамат-

тардың өтініші бойынша Бұқар

жырау, Осакаров, Қарқаралы ау-

дандары, Шахтинск мен Балқаш

қалалары, Ақтау поселкесінде

электрмен жабдықтаудың бағасын

көтеруге жол берілмеді. Тариф-

тердің ашықтылығы жұрт алдында

тыңдау өткізу, тәуелсіз сарапшы-

ларды тарта отырып қаржылық са-

раптама жасау арқылы қамтамасыз

етіледі. Осыған орай 30-дан астам

жариялы тыңдау ұйымдастырыл-

ды. Соның нәтижесінде көрсеті-

летін қызметке 14 орынды толты-

ратын тариф енгізілді. Жыл басы-

нан бері тарифті көтеруге 100 мо-

нополист тапсырыс берген, соның

63-і қабылданбады, 25-і жаңадан

құрылған субъектілер бойынша

бекітіліп, 12-не мерзімі бітуіне бай-

ланысты қайта бекітілді. Орташа

алғанда, қазіргі тарифтермен са-

лыстырғанда төмендету 0,3%-тен

8,2%-ке дейін болды.

Жергілікті атқарушы органда-

рының қызметіндегі маңызды жұ-

мыстардың бірі - тұрғындардың

денсаулығын қорғау. Осыған орай

2005 жылы «2005-2010 жылдары

ҚР-да денсаулық сақтауды рефор-

малау және дамытудың мемлекеттік

бағдарламасы» іске асырыла бас-

тады. Осыған сәйкес денсаулық

сақтау жүйесін қаржыландыру

18,6%-ке артып, әрбір тұрғынға

шаққандағы шығын 6 507 теңгеден

7719 теңгеге дейін өсті. Алғашқы

дәрігерлік санитарлық көмек беру

дамып, оны қаржыландыру артты.

Тұрғындар кейбір сырқат түрлері

бойынша амбулаториялық емдеу

кезінде тегін дәрімен қамтамасыз

етіліп, стационарды алмастыру тех-

нологиясы дамытылуда. Жалпы

практикалық дәрігерлерді даярлау

іске асырылуда.

Мемлекет басшысының тап-

сырмасымен амбулаториялық дең-

гейде тегін дәрі-дәрмекпен кейбір

сырқат түрлерінің алдын алу және

емдеу бойынша 5 жасқа дейінгі

балалар, құрамында йод пен темірі

бар дәрілер - жүкті әйелдерге

тегін беріліп, 20-34 жастағы әйел-

дер тегін медициналық бақылау-

дан еткізілді. Осы мақсатқа 200

млн. теңге жұмсалды. Бұл жұмыс

одан әрі жалғасын табады, осы мақ-

сатқа үстіміздегі жылы 500 млн.

теңге бөлінді.

Әлеуметтік маңызы бар сыр-

қаттар бойынша жағдай, соның

ішінде ВИЧ/СПИД пен туберкулез

бойынша жағдай тұрақтандырыл-

ды. Президент тапсырмасы мен

мемлекеттік бағдарламаны орын-

дау мынадай мүмкіндіктерге қол

жеткізді:

- әрбір 1000 тірі туған балала-

рға шаққанда сәбилер өлімін 11,7-

ға дейін қысқартуға, республика-

лық көрсеткіш - 15;

- әрбір 100 мың босанған ана-

лардың өлімін 20,7-қа дейін қысқ-

артуға, республикалық көрсеткіш

37,4;

- 12-18 жасқа дейінгі дені сау



балалардың үлесі 60,5%-тен 66,7%-

ке дейін ұлғайтылды.

Медициналық қызмет көрсету-

ді жақсарту, оған қол жеткізуді ке-

ңейту денсаулық сақтау объектіле-

рінің материалдық-техникалық ба-

заларын нығайту арқылы қол

жеткізілді. 2005 жылы 214 қазіргі

заманғы медициналық жабдықтар,

соның ішінде қазіргі сандық рен-

ген аппаратуралары, УЗИ және эн-

доскопиялық аппараттар, коррног-

раф, ісік аурулары үшін сәулелік

терапия аппараты және тағы бас-

қалар алынды. Мұның өзі облыс-

тың медицина ұйымдарының жаб-

дықталуын нормадағы 52-ден 59%-

ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Облыстың 8 селолық ауданда-

рында телемедицина іске асыры-

луда. 130 денсаулық сақтау объек-

тілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

Биыл пайдалануға берілетін 8

объектінің құрылысы салынды.

Балқаш қаласындағы перинаталь-

дық орталықтың құрылысын кейін-

ге қалдыру мәселесі шешілді. Со-

ған қарамастан алғашқы медици-

налық-санитарлық көмек беру қыз-

меті жүйесінің және материалдық

техникалық базасының жетіспеу-

шілік проблемасы бар, әсіресе

Қарағанды қаласында. Осыған

байланысты Қазақстан Республи-

касының Премьер-министрі Д.Ах-

метовтің біздің облысымызға са-

пары кезінде «Гүлдер» ықшам ауда-

нында емхана салу мәселесі ше-

шілді. Сонымен қатар «Көгілдір то-

ғандар» ықшам ауданында емхана-

ның құрылысы басталады.

Облыс тұрғындарының жедел-

жәрдем көрсету қызметіне қанағат-

танбау шағымы дұрыс деп ойлай-

мыз. Жағдайды жақсарту үшін осы

қызметке 6 машина сатып алу үшін

10 млн. теңге бөлінді. Республика-

лық бюджеттің есебінен тағы да 5

машина сатып алынады. Соның өзі

шақыруға, дер кезінде жетуге мүм-

кіндік береді.

Дәрігерлермен қамтамасыз

етуде проблемасы бар, әсіресе

селолық аудандар мен шағын қала-

ларда. Әкімдіктер мамандарды

шақырып, орналастыруға шаралар

қолданбай келеді. Жіберілген 96

дәрігердің тек қана үштен бірі сол



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ekonomika kaz -> Karagandy obl ekon
Kraeved -> Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр
Kraeved -> Ардақты баба күйлерін қалың қауым алдында насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Karagandy obl ekon -> Жаңа онжылдықтың жасампаз істері

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет