Еліміздің ұлттық банкі ақша айырбастау ор ын



жүктеу 352.61 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата26.01.2017
өлшемі352.61 Kb.
  1   2   3   4

АЛҚА

Еліміздің ұлттық банкі ақша айырбастау ор ын -

дарының жұмысына жаңа ережелер енгізді. Енді

22 наурыздан бастап 1 млн. теңгеден астам со-

маны айырбастау операциясын жүргізу үшін мін-

детті түрде жеке басыңызды куәландыратын

құжат қажет болады. Одан бөлек, барлық айыр-

бастау пункттері өз кассаларын валютамен то -

лықтырып отыру үшін уәкілетті банкпен шарт

жасауға міндетті. Есесіне мереке және демалыс

күндері олар валюта сату мен сатып алу бағам -

дарын нарықтағы өзгерістерге орай өздері белгі-

леп отыруға мүмкіндік алды. 

Шымкентте қоқыстан электр қуатын

өндіретін станса салынады. Аталған нысан

Шымкент маңындағы қоқыс іріктейтін зауыт

іргесінен ашылады және бұл станса қалаға

қосымша 50 МВт электр және жылу энергия-

сын береді деп күтілуде.

Қазіргі таңда аталған кәсіпорынның иесі

болып табылатын инвестормен келіссөздер

жүргізілуде. Инвестициялық жоспар бой 

-

ынша, олар бұл іріктеу зауытын толыққанды



өңдеу цикліне көшіру үшін зауытты кеңейтуді

көздеп отыр.



Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi

Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi 

Ì à ð æ à í û   Ñ û ð ä û ң   –   Ø è å ë і

№17 (8368) 2 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл 

osken_onir@mail.ru

Құндылықтардың

қадіріне жете алған

елдің келешегі кемел.

Мен Алғыс айту күнін

осындай мақсатпен

бел гіледім.

Адамдар бү  гінгі кү -

ні кемшіліктер бол са,

қатты сөздер айтылса,

өкпесі болса ке 

шіруі


қажет.

Н.НАЗАРБАЕВ.

ЕЛ ІШІНДЕ

ЕЛ ІШІНДЕ

ӘЛЕМДЕГІ

ЕҢ БІРІНШІ 

АЛЬПИНИСТ-РОБОТ

Әрине,  мұндай  машина  әлі

дүниеге келген жоқ.  Бірақ,  оны

жасап шығу үшін біздің жерлесі-

мізтер төгіп жатыр. 

Азамат  Еш мұхаметов 10-20

жылдан  кейін  бұл робот тар -

дың адамдардың көмекшісіне

айналатынына сенімді. «Бола -

шақ» бағдарла 

ма сының сти-

пендианты ойлап тап 

қан

машина өнеркәсіп мақса тында



құрас тырылғандығы белгілі

болып отыр.

Қазақстандық өнертап қыш -

тың айтуынша, мұндай көп 

-

қырлы машинаға әлемде ешбір



робот тең келмейді.

«Мұндай машиналарды құ -

рас тыру мен шығару біздің эко-

номика үшін тиімді. Жаңа сер -

піліс болар еді. Ел дамуының

жаңа қыры десек болады», –

дейді «Болашақ» бағдарлама -

сының стипендианты Азамат

Еш мұхаметов. 

Бұл роботты құрылыста, кө -

лік құрастыру, фармацевтика

мен медицина саласында пай -

далануға болады. Токай уни-

верситеті қазақстандық сту 

-

дент  тің жобасына қолдау білді-



ріп отыр. 

Бұл макеттің әрбір бөлшек

үлгісі осы зертханада жасалған.

Автор Ямабот роботын елге

келгесін сынақтан өткізуді жос-

парлап отыр.

«Роботтар мысалы теледи-

дарды қосу немесе салқын 

-

датқышты өшіру, кішкентай 



-

ларды бағып-қағу, зейнеткер-

лерге қолғабыс ету бір сөзбен

айтқанда, үйдегі барлық қауіп -

сіздікке жауап беретін болады.

Бұдан бөлек, медициналық

бақылау жүргізетіндері де құ -

растырылады», – дейді Токай

университеті нақты ғылым ка -

федрасының меңгерушісі, про-

фессор Йошио Ямамото.

ОҚУШЫЛАР«АСЫҚ

STORY» ЖОБАСЫН

ЖАСАДЫ

Павлодардың Назарбаев

зияткерлік мектебінің 7-9 сынып

оқушылары «Асық Story»  жо-

басын жасады. Ойын шарты біз

білетін қанталапай, алтын сақа

сынды ойындардан өзгеше. 

Жо ба авторлары асықты

кубик ретінде таңдаған. Қа 

-

тысушылар асықты үйіріп,



карта үстіндегі тапсырмаларды

орындайды. Зият 

керлік ойын

халқымыздың салт-дәстүр 

ле -

рін, тарихын кеңі нен насихаттап,



ұлттық құнды лықтарды дәріп -

теуге негіз дел  ген.

Бұл ойынның қазақтың

салт-дәстүрлерімен байланысы

өте жоғары.

«Асық Story» жобасына

қызығушылық танытқандар қа -

тары күннен күнге артып келеді.

Сондай-ақ, көшбасшылық қабі -

лет ті арттырып, актерлік шебер-

лік пен шешендік өнерді дамы -

туға, тарихты терең білуге ық -

палы бар.

Балалардың бос уақытын

қызықты әрі пайдалы өткізуінің

өте бір керемет түрі. Сонымен

қатар,  осы ойынның нәти жесін -

де оқушылардың ойлау қабілеті

дамып, қазақстан тарихынан бі-

лімдері артады. 



ӨМІРБАЯНЫ

Ысқақова Райхан Құсайынқызы 1957

жылы 31 желтоқсанда Қызылорда об -

лысы Шиелі ауданда қызмет кер лер от-

басында дүниеге келген. Әкесі – Құсайын

Ысқақұлы өмірінің соңына дейін ауыл -

шаруашылығы саласында, анасы – Тоты

Әділбекова  Шие лі ау даны ның №45 мек-

теп-гимназияда ұс 

таздық қызмет ат 

-

қарған. 


1975 жылы Шиелі ауданы №399

С.М.Ки ров атындағы орта мектепті біті-

ріп, 1976-1980 жылдар аралығында Ал-

маты қала сын дағы халық шаруа шы лық

институтында қаржы және несие маман -

дығын экономист біліктілігі бойынша бі-

тірген.

1980 жылы Қызылорда облыстық



қар жы бөлімінің бюджеттік бөлімінде бас

ревизор-инспектор бағытында қызмет

атқарды. 

1987 жылдан 1991 жылға дейін бюд-

жеттік бөлімнің бастығының орынба-

сары, 1994 жылдан 2004 жылға де й ін

облыстық қаржы басқармасы бас  тығы -

ның орынбасары болды.

2005 жылдан бастап осы уақытқа

дейін облыстық экономика және бюджет-

тік жоспарлау басқармасы басшы сының

орынбасары. Облыс бюджеті нің жоспар-

лануына, игерілуіне және мақсатты пай-

даланылуына, сонымен бірге респуб ли -

калық бюджеттен бөлі нетін қар жы ларға

тікелей қатысып, белсенді жұмыс

атқарып келеді. Об лыс бюдже тінің соңғы

бес жылда 61 млрд. теңгеге өсіп, оның

ішінде өз кірістерінің 14,4 млрд. теңге

респуб ликалық бюджеттен берілген

транс ферттердің 24,6 млрд. теңгеге же-

туіне Р.Ысқақованың да еңбек үлесі бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.   

2008 жылы Қазақстан Республика -

сының және оның астанасының дамуы

мен қа лып тасуына елеулі үлес қос қаны

үшін «Астанаға – 10 жыл», 2011 жылы

Қазақстан Республикасы қаржы

министірлігінің «Қаржы қыз метінің үз -

дігі», 2015 жылы Қазақстан Респуб ли -

касының мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қар сы іс-қимыл

агенттігінің «Үздік мемле кеттік қыз метші»

медальдарымен ма ра пат  талған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы

Пре зидентінің Жарлығымен «Ер ен еңбегі

үшін» медалінің иегері бол ды.

Отбасылы. Бір ұл және одан бір не-

мере өсіріп отыр. 

Құрметті сайлаушылар! 

Сіздермен бірлесе жұмыс жасап, бір-

бірімізді сеніммен қолдағанда ғана, біз

жалпы жоспарларымыз бен идеялары-

мызды толық   жүзеге асырамыз,

отанымыздың гүлде 

ніп, көр 

кеюі не өз

үлесімізді қосамыз.

Егер мен №26 «Бекежанов» сайлау

ок ру гі нен өкілетті органға депутат болып

сайлансам, сайлаушылардың мақсат-

мүдделерін іске асыруға «Нұр Отан»

партиясының сайлауалды тұғырнама -

ларын негізге алып, белсенді жұмыс

жүргізетін боламын.

Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдау -

ларыңызды ақтауға, бар тәжірибемді,

күш-жігерімді жұмсаймын. 

САЙЛАУАЛДЫ

БАҒДАРЛАМАСЫ

* Президенттің 5 институционалды

реформаны жүзеге асыруға бағыт талған

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын,

инфрақұры лымды дамытудың «Нұрлы

жол» мемлекеттік бағдар ла масын жүзеге

асыру бағытында тиісті органдармен

бірлесе отырып жұмыс жасау. 

«Нұр Отан» партиясының «Қа 

-

зақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жа -



сампаздық»  атты бағдарлама 

сын да


қойылған талапты жүзеге асыру.

* Аудандағы шешімін таппай отыр ған

мә се лелерді облыс деңгейінде көтеру.

* «Жұмыспен қамту – 2020» бағ дар -

ламасы шеңберінде халықты жұмыс пен

қамту мәсе 

лесін шешу, жаңа жұмыс

орындарын ашу. 

* Білім беру, денсаулық сақтау, мәде -

ниет, спорт салалары нысандарын да-

мыту, олардың материал 

дық-техни -

калық базасын нығайту. 

* Медициналық қызметтің қол 

же -

тімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.



Әсіресе, дәрі гер мамандардың білігі мен

кәсіби деңгейін көтеруге ерек ше мән

беру. 

* Шағын және орта бизнесті одан әрі



қа рай дамытуға ықпал етіп, ауыл ша руа -

шы лығы саласындағы жұмыс 

тар ды

жандан  ды руға күш салу. 



* Халықаралық қаржы ұйымдары мен

мемлекеттік-жекеменшік серіктес тік ар -

қылы ауданның дамуына инвес тиция

тарту бойынша жұмыстар жүр гізу.

* Шиелі ауданы халқының әлеу мет -

тік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақ -

сатында аянбай еңбек ету, осы мақсатта

республи калық, облыстық, аудандық

бюджеттерден бөлінген қар 

жылардың


мақсатты және тиімді пайдалануына

ықпал жасау.



Ысқақова Райхан Құсайынқызы

№ 26 «Бекежанов» сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясы

атынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат

Аудан әкімдігінде өткен кезекті алқа жиынында 2015 жылғы

аудандық бюджеттің атқарылуы, салықтар мен міндетті төлемдердің

бюджетке түсуі жөнінде сөз болды. Алқа жұмысын аудан әкімі Қ.Сәр -

сенбаев  жүргізіп, қаралатын мәселелер турасында кіріспе сөз айтты. 

Бірінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы

А.Төлегенов сөз алып, аудандық бюджеттің кіріс, шығыс бөлігі, рес -

публикалық бюджеттен бөлінген трансферттер, облыстық транс-

ферттер бойынша игерілмеген қаржылар, коммуналдық меншікті

басқару бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі деректерге тоқ -

талды. 

Негізінен салықтық түсімдер бойынша барлық түрлері артығымен



орындалған, тек әлеуметтік салық қана өз дәрежесінде орын дал -

маған. 


Бюджеттің кіріс көздерінің көлемі өткен жылы сегіз рет нақ ты -

ланып, 10 млрд. 252 млн. теңгеге немесе 104,9 пайызға орындалған.

Бұл облыстағы жоғары көрсеткіш. Ал, бюджеттің шығыс бөлігінің

орындалуы 99,9 пайызды құраған. 

Осы цифрлардың өзі өткен жылы аудандағы атқарылған жұмыс -

тардың оң көрсеткіші бола алады.

Аудан әкімі баяндамашыға сұрақтар беріп, айтылған мәселелерді

негіздей түсті. Сонымен бірге қалыптасып отырған дебиторлық

қарызға орай білім бөлімі басшылығына  жағдайды нақты сараптап,

баяндауды тапсырды. 

Екінші мәселе төңірегінде, яғни салықтар мен бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамта -

масыз ету барысы туралы аудан бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасы басшысы Е.Абдрахманов хабарлама жасады. 

Ол өз сөзінде өткен жылғы қосымша кіріс көздерін іздестіру ба -

ғыттары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл мақсатта

мемлекеттік кірістер басқармасына аудандағы мейрамхана,

дәмхана, қонақүй, монша, дүкен иелерімен әңгімелесу барысында

22 салық төлемгерінен қосымша салық есептелінген. 

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде алкоголь өнімін сатуға рұқ -

саты жоқ 11 жеке тұлға анықталып, айыппұл салынған. Жер, мүлік,

көлік құралдары салығы тұрғысында да көп жұмыс атқарылған. Тек-

серулер мен хронометраждық зерттеу нәтижесінде салық төлеу -

шілердің табысы 18 есеге дейін өскен. Осы жайларды баяндаған

бөлім басшысы салық базасын нығайту және  жоспарлы  бюджет

түсімдерін орындау ісі алдағы уақытта да күн тәртібінде бола бере-

тінін айтты. 

Аудан әкімі осы тұста тиісті тұлғаларға айына екі рет бірлескен

рейд жүргізіп, салықтың қосымша кіріс көздерін анықтауды жүктеді. 

Алқада қосымша екі мәселе қаралды. Біріншісі – аудан

аумағындағы су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық

құрылыс пен бөгеттердің техникалық жағдайы және су тасқыны

қаупіне дайындық барысы. Бұл мәселе жөнінде аудандық тұрғын үй

коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман баяндап берді. Екінші мәселе

аудандық электр тарату торабының өткен жылғы атқарылған

жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы электр тарату торабы бас-

шысы Д.Қонысов хабардар етті. 

Қаралған мәселелерге қатысты  аудан әкімі тиісті ескертпелерін

айтып, бағыт-бағдар сілтеді. 



Д.АЯШҰЛЫ.

АЛҒЫС АЙТУ, АҚ НИЕТ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Өткен ғасырдағы заманның зарын, тағдырдың теперішін

тартқан, қиын-қыстау кезеңге тап болған әртүрлі ұлт өкілдері

қазақ жеріне ауа көшіп, қоныстанғанда халқымыз төрінен орын

беріп, қолындағы жарты нанын бөліп жеді. Қазақ елінің осы бір

мейірімділік, адамгершілік асыл қасиеттері үшін көптеген

ұлыстардың өткен кезеңдегі де, бүгінгі буыны да халқымызға шек-

сіз риза.

Дегенмен, бұл мереке тек этнос өкілдерінің қазақ халқына ғана

алғыс айтуы емес, әрбір адамның бір-біріне жақсы лебізбен

жылылық сыйлауы, өзара сыпайылық қатынастарды дамыту,

қамқор болу, ізгілік қағидаларын дәріптеуі болып табылады.

Ерекше мерекеге орай кенттегі «Арман» мәдениет үйінде сал-

танатты жиын өтті. Шараға ауданда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері,

еңбек ардагерлері, мекеме, ұйым басшылары қатысты.

Жиынның алғысөзін алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Мәңгілік

ел идеясына топтастырып отырған еліміздегі ұлттар татулығы

мен бірлігінің берік тұғыры Елбасының салиқалы саясаты екенін

айта келіп, «отаны бірдің тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір»

қағидасын ұс тан ған шиелілік 17 ұлт өкілінің ынты мақты, ырысты

өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, аузы дуалы қарттарға, ақ жаулықты ана лар ға, не-

сібемізді арттырып отырған ауыл шаруа шылы ғы ның қызмет кер -

лері мен жұмыс кер лері не, жалынды жас тарға атап-атап ал ғыс

айтты.

Өз кезегінде құт тық тау сөз алған ден саулық сақтау са -



 ласының ардагері Т.Скрыпкина ақ тілегін ақтарып, қа зақ еліне,

Ел басына алғыс білдірді. Ри за шылық пейілі есебінде орыстың ха -

лық әнін орындап, көпшілікті бір серпілтіп тастады. Тағы бір ақ

тілек білдірген мектеп мұғалімі Т.Чуйкова осындай айтулы мере-

кені сыйлаған Елбасына, елдің қамын жеген ер азаматтарға деген

ризашылығын қазақ тілінде жеткізді. 

Шаттық пен шуақ төгілген шараны №252 Г.Н.Ковтунов

атындағы орта мектеп оқушы лары әр ұлттың ән-биімен әсемдеді. 

Аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаз 

дары сахналық

көріністер қойып, халқы мыздың тарихи оқиғаларын еске түсірді.

Ә.Ноғайбаевтың қарақал пақ, А.Қоңыратбековтің орындауындағы

қыр ғыз әндері көпшіліктің көңіліне көктем шуағын септі.

Алғыс пен тілекке толы болған мерекеде ауданымыздың

дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген әр сала озатта-

рына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. 

Айтулы шараны онан әрі әскери ұландардың көк ту көтерген

шеруі мен отшашу безендірді.



Д.БЕРКІНБАЕВ.

Алаш руханиятының алыбы Абай хакімнің «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге

асық бол» дейтін аталы сөзін әрбіріміз білеміз.

Жалпы, бұл санға қатысты – бес

парыз, бес борыш, бес жаратылыс, бес

күн жалған, бес өсиет, бес қару деген

секілді қасиетті тіркестер баршылық.

Осындай ұлағаттардың қата рында

бес нәрсенің бес нәрсемен ұлғаюы мен

бес нәр сенің бес нәрсемен бе зендірілуін

де біле жүр  ге німіз жөн.

* От бұтақпен, кү мән жаман ой мен,

са раңдық арам   дықпен, өкпе кешірмеу-

мен, аға й  ынның бөлін ген ара сы ара лас -

паумен ұл ғая ды.

* Дене жақсы өмір мен, сапар ой лы

сұх батпен, сұ лулық көр кем мі незбен,

ұйқы ты ныш тықпен, түн Ал ла ны еске

алумен безен діріледі.

5

2016 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАҢТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ ЛИКА СЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕС-



ПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1998 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАҢТАРДАҒЫ №3827 ЖАРЛЫҒЫНА ӨЗГЕРІС ПЕН ТО ЛЫҚТЫРУ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙЫП, 1 НАУРЫЗ –

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ БО ЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ.

Б е р е к е т

Қазір ел ішінде «жұ мысқа тұрғызып беремін» немесе «жер алуға көмектесемін»

тіпті болмаса, «несие алуға жәрдемдесемін» деп жұрттың сеніміне кіріп, алдап-

арбау арқылы алаяқтықпен ақша табатындар көбейіп барады. 

Өткен жылы ауданымызда алаяқтық санатында 34 қылмыстық іс тіркелген.

Алаяқтық си пат тағы қылмыстардың 14-і несие алып беруге байланысты болса,

4-еуі жұмысқа тұрғызуға қатысты. Сондай-ақ, ұялы телефон арқылы әртүрлі

қызметтерді көрсетемін деп 5, қарызға ақ ша беру туралы 3, қызмет бабын пай-

даланып қайтыс болған тұлғаларға тиесілі зейнет ақы ларын алып беремін деп 2,

тіпті, алынған несиені жылдам жауып беремін деген мақсатта 2 алаяқтық іс тір-

келген. Бұл қатарға оқу ақысын төлеттіру пиғылымен және субсидия қара жат та -

рын артығымен алып беремін деп алдаған, сонымен бірге, ақшаны үстемемен

алып беру, ақ ша төлемей жанармай құйдыру сынды бір-бір деректерді қосыңыз.   

Жалпы, алаяқтар өз нысанын көбіне алдын ала зерттейді екен. Яғни, алдайтын

адамының көп жылдан бері шешім таппай келе жатқан қандай мәселесі бар екен-

дігін біліп алады.  Қанша естіп, біліп жүрсе де, тұрғындардың мұндай адамдарға

сеніп қалуына осы жағдай себеп болатын көрінеді. Көбіне сенімге кірген алаяқтар

көздеген мақсаттарына жету үшін кісі ойына кіріп шықпайтын небір айлакерлікке

барады. 


Бұл айтылғандардың барлығы өткен жылғы деректер. Жаңа жылдың екі айын

артта қал дырдық. Осы екі айдың өзінде алаяқтық дерегі бойынша 19  қылмыс тір-

келіп отыр. Өткен жыл дың дәл осы уақытымен салыстырғанда 2 қылмысқа артқан.

Еліміздің қылмыстық кодексіне сай алаяқтық  бөтен мүлікті құқықтық алдау не-

месе сенімге қиянат жасау арқылы алу болып табылады.  Ата заңымыздың 26-

шы бабына сәйкес, соттың шешімінсіз адамдарды мүліктерінен айыруға

болмайды. Яғни, алаяқтық заңмен қудаланады деген сөз.

Аудандық прокуратураның

мәліметі бойынша дайындаған  

А.БАТЫРБЕКОВ.

Àëûï áåðåì äåãåíãå àëäàíáàºûç



(Қаржысы республикалық бюджет есебінен).

Ж±МЫСЫ Ж¼Н ЕЛДІº

ТЫНЫСЫ КЕº


2

2

№17 (8368) 2 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл 

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ

ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛҒАН ҚҰРАМЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 ақпандағы №50/4 шешімі.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015

жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 9-бабының 5-тар мағына сәйкес

Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДА ДЫ:

1. Қоса берілген Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесінің қа лып тас -

тырылған құрамы бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Ә.ОРАЗБЕКҰЛЫ,

аудандық мәслихаттың кезектен тыс 

L сессиясының төрағасы, 

аудандық мәслихат хатшысы.                                     

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы

11 ақпандағы №50/4 шешіміне қосымша

Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесінің 

қалыптастырылған құрамы

1.Оразбекұлы Әшім

2. Оразымбетов Султанбек  Койшыбаевич

3. Палымбет Найла Әбілқасымқызы

4. Архабаев Пердәлі Сейдахметұлы

5.Есмаханов Алмасбек Абилкасимович

6. Күлбаев Ғалымжан Қадырияұлы

7. Маханбет Патима Шаймерденқызы

8. Ноғайбай Әлмырза Әлиұлы

9. Жұмаділов Ералы Ағыбайұлы

10. Шоханов Марат Серікбайұлы

11. Жантөреев Мүтәліп

12. Әлиев Жақсылық Әліұлы

13.Абдикадыров Багдат  Нажмедденович

14. Сәрсенбаев Айдар

15.Маманова Айдана Турсынбаевна



ШИЕЛІ  АУДАНЫНЫҢ  ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 ақпандағы 

№50/8 шешімі

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015

жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 9-бабының 6-тар мағына сәйкес

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛ ДА ДЫ:

1. Қоса берілген Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережесі

бекітілсін. 

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ә.ОРАЗБЕКҰЛЫ,

аудандық мәслихаттың кезектен тыс 

L сессиясының төрағасы, 

аудандық мәслихат хатшысы.                                 

Шиелі  аудандық мәслихатының

2016 жылғы 11 ақпандағы №50/8 

шешiмiмен  бекітілген



Шиелі  ауданының Қоғамдық кеңесі 

туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Шиелі  ауданының «Қоғамдық кеңесі туралы ереже (әрі

қарай-ереже) Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы

Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес

әзірленді.

2. Шиелі ауданының Қоғамдық кеңесі (әрі қарай - Қоғамдық кеңес)

азаматтармен, коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп өз құзыре -

тіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары-

мен құрылатын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган болып

табылады.

3. Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәсе -

лелер бойынша пікірлерін білдіру үшін құрылады.

4. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының

Конс титуциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Пре -

зидентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нор -

мативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы ережені басшылыққа

алады.

2. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері

5. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделері мен жергілікті деңгейде шешім-

дерді талқылау мен қабылдау барысында жұртшылықтың пікірін есепке

алуды білдіру;

2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару

органдарының азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасын дамыту;

3)  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы ор-

гандар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын

қамтамасыз ету болып табылады.



3. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

6. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарла ма ла -

рының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды

дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік

бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарла ма -

ларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту

бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың

орындалуын талқылау;

3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі

туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдар ла ма -

лардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін

қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жос пар -

ларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі

мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне

қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және

талқылауға қатысу;

6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемле-

кеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық

жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды

тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде

ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну;

8) қоғамдық бақылауды қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау,

қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның қоғамның мүдделерін

қорғауға бағытталған жұмыстары туралы есебін тыңдау үлгісінде

жүзеге асыру;

9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отыры-

сында талқылау және бекіту үшін жергілікті өкілетті органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.


Каталог: upload -> osken onir
osken onir -> Ағымдағы жылы саяхат үшін ең арзан елдер
osken onir -> Ì à ð æ à í û Ñ û ð ä û ң – Ø è å ë і №20 (8371) 12 наурыз, сенбі, 2016 жыл
osken onir -> Жолдау жол көрсетеді германияның Цюрих қаласында «Алтын доп-2015»
osken onir -> Қарағандылық ғалымдар металл бұйымдары
osken onir -> Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады
osken onir -> Ì à ð æ à í û Ñ û ð ä û ң – Ø è å ë і №16 (8367) 27 ақпан, сенбі, 2016 жыл
osken onir -> №50 (8401) 29 маусым, сәрсенбі, 2016 жыл Газет 1939 жылдың
osken onir -> №96 (8447) 6 желтоқсан, сейсенбі, 2016 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады
osken onir -> №55 (8405) 16 шілде, сенбі, 2016 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады
osken onir -> Азиз батырбеков. Сурет Б. БӘйімбеттікі

жүктеу 352.61 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет