Еліміз тәуелсіздік ал ған алғашқы жылдарда Ел басының тікелей қол­



жүктеу 0.53 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Еліміз  тәуелсіздік  ал ған  алғашқы 

жылдарда  Ел басының  тікелей  қол­

да уымен  «Болашақ»  бағ дар   ламасы 

жарақталған.  Мем лекеттің  экономи­

касын  кө те ру  үшін  білімді  кадрлар 

қа жет еді. Нәтижесінде көп теген жас­

тарымыз  шетелдерге  оқуға  аттанды. 

Бұл  бағ дарлама  қазір  өзінің  же мі сін 

беріп  үлгірді.  Оның  дә лелі  ретінде 

жақында  ғана  Алматы  облысының 

әкімі  болған  Бауыржан  Байбекті 

айтуға  болады.  Одан  кейін  де  шет 

мемлекеттерге ірі­ірі компаниялар ма­

ман даярлау мақсатында, оқу орында­

рымыз тәжірибе жинау үшін қаншама 

жастарға жолдама берді. Қазір шетел­

ге шығып оқимын деушілерге барын­

ша мүмкіндік жасалған. 

Соңғы кездері сол жас тар ға қатыс­

ты  жағым сыз   пікірлер  айтылып  жүр.  

«Бі лім  алам  деп  барып,   қы зық  қуып 

ке тті»,  «қал та  лы лар дың  бала лары 

қы  ды ру  үшін  барады»  деген  се кіл ді.   

Анаубір уақыттарда ба сы лым дар  Қы­

тай дағы  қа зақ  жастарының  бұзы лып 

кет кенін  айтып  шулаған.  Ах мет бек 

Нұр сила  аға мыз  Facebook­тегі  па­

рақ  ша сын да  Түркияда  жүрген  қазақ 

жас   та ры ның  жалқаулығына  ренішін 

ай тып  еді.  Жат  жерде  жүріп,  жарас­

пас   әрекет  жа саса  қолдамайтынымыз 

анық,  әрине.  Дегенмен   біре уінің  сәл 

ша лыс  басқанын  көр сек,  барлығы 

сон дай  деп ойлаудан да аулақ бол ған 

жөн. Себебі, біз тілдескен шетелде бі ­

лім  алып  жатқан  жастары мыз  ондай 

мә селенің  жоқ ты ғын   айтады.  Болған 

күн  нің өзінде жастықтың басыл маған 

жалыны деп қараған жөн. Әрине елдің 

аты на кір келетін әрекет жасамаса.



№ 33 (103)

20 тамыз, 2015 жыл

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

АПЫРМАЙ, Ә...

ЖАСТАРДА ДА ҰЙЫМ 

БАР БАҒДАРЫ АЙҚЫН

ҚАНШАЛЫҚТЫ 

ДАЙЫНБЫЗ?

ЖАСТАРДЫҢ 

ТАНЫМЫНДАҒЫ ИСЛАМ



4-бетте

5-бетте

9-бетте

А Ң Д А Т П А

СИНОПТИК СӨЗІ 

БОЛЖАМ БА, БАҒДАР МА?

ҚЫР АСҚАН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ХАЛІ ҚАЛАЙ?

ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ  40  МЫҢНАН  АСТАМ  ӘР  ТҮРЛІ  МА­

МАН ДЫҚ  БАР  ЕКЕН.  ЗЕРТТЕУШІЛЕР  ЖЫЛ  САЙЫН 

25  МИЛЛИОН  АДАМ  ӨЗІНІҢ  ЖҰМЫС  ОРНЫН  АУЫС­

ТЫРСА,  ОНЫҢ  12  ПАЙЫЗЫ  ҒАНА  ҚАЙТАДАН  ӨЗ  ОР­

НЫН А  ҚАЙТЫП  ОРАЛАДЫ  ДЕГЕНДІ  АЙТАДЫ.  ОСЫ­

ДАН,  АДАМДАРДЫҢ  МАМАНДЫҚ  ТАҢДАУДА  КӨП 

ҚА ТЕ ЛЕСЕТІНІН  БАЙҚАЙМЫЗ.  ӘСІРЕСЕ,  МЕКТЕП  БІ­

ТІ РІСІМЕН,  ЖОҒАРЫ  БІЛІМГЕ  ҰМТЫЛЫП,  ЖҰ МЫС ШЫ 

МАМАНДЫҚТАРҒА  МҰРЫН  ШҮЙІРЕ  ҚАРАЙТЫН ДА РЫ­

МЫЗ ДА КӨП.  ӘЛІ ДЕ БОЛСА, ҚОҒАМДА КӘСІПТІК БІЛІМ 

АЛУ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН БА­

ЛА ЛАРҒА  ТИЕСІЛІДЕЙ  КӨРІНЕДІ.  БІЛІМ  САЛАСЫНЫҢ 

МАМАНДАРЫНЫҢ БОЛЖАМЫ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛҒА 

ҚАРАЙ  ЕЛІМІЗДЕ  ЖҰМЫСШЫ  МАМАНДЫҚТАРЫ  БА­

РЫНША ТАПШЫ БОЛАТЫН СЫҢАЙЛЫ. ЕҢ ҚАЖЕТТІ 20 

КӘСІПТІҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІНЕ ТАУ­КЕН ЖҰМЫС ШЫ­

СЫ, ҚҰРЫЛЫСШЫ, ЖҮРГІЗУШІ, МЕХАНИК СЫНДЫ КӘ­

СІПТЕР ЖАТАДЫ. 

БӘРІНЕ КЕРЕК ОРЫН-ТАҚ, БАСТЫҚҚА ҚАЛАЙ ЖАРЫМАҚ?



ЖҰМЫС ЕМЕС «ЖАЙ» КЕРЕК

Кәсіптік  сала  мамандарын  ұзақ  уақыт  дайындап  келе  жатқан 

аймақтағы оқу орындарының бірі – Қызылорда құрылыс және биз­

нес колледжі. Мұнда биыл алты мамандық бойынша 150 орынға 

мемлекеттік  грант  бөлінген.  Оның  25­сі  жазасын  өтеушілерге 

арналған. Қазір колледжге қабылдау конкурсында бір орынға 2­3 

талапкерден келіп отыр. Дегенмен, колледж директоры Орынбай 

Жантөреұлының  айтуынша,  бүгінде  жұмысшы  мамандықтарды 

таңдайтын жастар қатары аз. 

­ Қазір жұмысшы мамандар сұранысқа ие. Байқасаңыз, бір ғана 

құрылыс дегенің қарқынды жүріп жатыр. Бірақ онда жүргендердің 

басым  бөлігі  өзге  елден  келгендер.  Соларға  ақшамызды  беріп, 

ғимараттар  тұрғызудамыз.  Қазақ  баласының  ондай  жұмысқа 

барғысы  келмейді.  Талапкерлердің  көбі  жоғары  оқу  орнында 

оқығанды қалайды, ­ дейді ол.

2-бетте

2-бетте


№ 33 (103) 20 ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

Пернетақтада  саусағыммен 

жүгіріп, бүгінгі жұмысымды біті­

ріп  тастайын  да  ауылға  тарта­

йын  деп  отырғанмын.  Жұмыс 

үс те лімдегі  телефон  безек  қа­

ғып,  шырылдап  қоя  берді.  Жағ­

дай  сұрамақ  болған  жан  жұ­

мыс  уақытында  мазаламас  еді, 

қарасам  ауылдасым.  Бойын  қуа­

ныш  кернеп,  бақыттан  басы  ай­

нал ған  бауырымыз,  «Үшемнің 

әке сі  атандым»  демесі  бар  ма?! 

Пәлі­ай,  Алланың  бергені  де. 

Асхат Шархат, Шапағат, Шахри­

зат  атты  шекесі  торсықтай  үш 

ұлды болды.

Аптығымды  баса  алмай,  жұ­

мыс біткен соң жан­жаққа мойын 

бұр май  ауылға  тура  тарттым. 

Ай на ласы  бес  мыңға  тарта  тұр­

ғы ны  бар  ауылдағы  мың  жарым 

түтіннің  бірінде  бүгін  дүбірлі 

той.  Алыс­жақын  ағайын­туыс 

жиналып,  асыға  күткен  нәресте­

лерді  көруге  келеді.  Бұл  –  зор 

бақыт емес пе?! Жас келін ауық­

ауық  шырылдаған  балақайларды 

жұбатып келеді. Балалар бөлмесі­

нің  есігі  жабылған  емес.  Бірі 

кі ріп,  бірі  шығып  жатыр.  Бір 

жас та ғы  Фархад  аға  атанғанын 

сез ген бе, бұрынғыдай емес, жан­

жағына  елеңдеп,  бейнебір  сал­

мақ ты қалыппен отырғандай.

­ Бұл да аға болды. Шаңырағы­

мыз ды  шаттық  кернеп,  тойдың 

кө ңіл­күйінен арыла алмай отыр­

мыз.  Бір  айдың  ішінде  әулеті­

міз де  алты  нәресте  өмірге  келіп, 

үл кен әулеттің қуанышты айы бо­

лып  отыр.  Адамның  өмірдегі  ең 

үлкен  бақыты  ұрпақ  өрбіту.  Сол 

бақыттың  басымызда  орнап  тұр­

ға нынан  зор  қуанышқа кенелдік, 

­ дейді нәрестелердің әжесі Ажар 

Молдабекова. 

Сәбилер  20  күнге  жуық  уақы­

тын   облыстық  ана  мен  бала  орта­

лы  ғында  өткізді.  Дәрігерлер  ден­

сау лығы  жақсарған  соң  сәбилерді 

отбасына  жіберді.  Енді  ата­әже сі н 

қуанышқа  бөлеп,  үйде  қызыл шақа 

күйінде алаңсыз дамыл тап ты. 

­ Жаңа түскен келін көп нәр се­

ден бейхабар болады. Тұңғышы­

мыз  Фархад  өмірге  келіп,  оның 

артынан үшем дүние есігін ашып 

жатыр. Толқулымыз. Енем туған 

анамдай білгенін үйретіп, ақылын 

айтады. Жолдасым сүйеу болады. 

Алла тағаланың қарасып тұрғаны 

деп  білемін.  Жаратқанның  сы­

йы  бұл.  Шүкір  дейміз.  Бұдан 

артық  қандай  бақыт  керек?!  – 

дей ді  үшемнің  анасы  Әйгерім 

Баймұрзаева. 

Бұл  облыста  биылғы  екінші 

үшем.  Өткен  жылы  4  үшем,  34 

егіз дүние есігін ашқан болатын. 

Биыл  жыл  ортасына  дейін  2 

200  босану  болса,  оның  34­і 

егіз.  Дәрігерлер  екінші  жарты 

жылдықтың да үшеммен толығып 

жатқанына дән риза. 

Үйіне  барғанымда  үшемнің 

әкесі Асхат Бақытұлына жолығу­

дың сәті түспеді. Тек телефонның 

арғы жағынан Асекеңнің «Үшем­

нің  әкесі»  атандым  деген  қуа­

ныш ты хабарды айтқандағы тол­

қы ғанын  ғана  сездім.  Жас  ана 

Әйгерім жолдасының тіршіліктің 

қамымен жүргенін айтты. Иә, ер 

азамат  өз  мақсатына  адал  бо лу 

керек. Бұл тұрғыда Асхат мықты­

лық танытып отыр. 

Дәулет ҚЫРДАН,

Сырдария ауданы

Жалғасы. Басы 1-бетте

Директордың 

пікірінше, жастардың 

кәсіптік салаға баруға 

құлық танытпауының 

бірнеше себебі бар. 

Біріншіден, кәсіптік сала 

мамандарының сапа­

сын анықтайтын кон­

курс жоқ. Колледж 

бітіріп келген маманға 

құрылыс басында жүк 

тасу, кесек тасу сын­

ды әр түрлі жұмыстарды 

тапсырып қояды. 

Оларға өзін көрсетуге 

мүмкіндік берілмейді. 

Сол үшін колледжде те­

ориямен қатар тәжірибе 

ұштастырып білім беру­

ге тырысады. Студент 

жұмысқа орналасқанда 

өзін көрсетуге, дайын 

маман ретінде жұмыс 

істеуіне жол ашылады.  

Екіншіден, мектептегі 

мұғалімдер үлгерімі 

төмен оқушыларды 

«училищеге жібереміз» 

деп қорқытады. Ал 

шын мәнінде, колледж 

ұстаздарының біліктілігі 

мектеп мұғалімінен әлде 

қайда жоғары. Сондай­

ақ, ата­аналар балаларын 

жұмысшы мамандыққа 

оқытқысы келмейді. 

Сосын баланың өзі 

жұмысшы мамандықта 

оқуға құлық танытпайды.

­ Мемлекет тара­

пынан кәсіптік сала­

ны дамытуға барынша 

мүмкіндік жасалғанымен, 

әлі де болса бұл салаға 

бет бұрғысы келетіндер 

сирек. Себебі, көп адамға 

құрылысшы немесе ме­

ханик жұмыстарын 

ұсынсаң, әуелі, жұмысты 

емес, ондағы жасалған 

жағдайды сұрайды. 

Еңбек жолын қара 

жұмыстан бастағысы 

келмейтіндер көп, ­ дейді 

О.Жантөреұлы. 



ЖОҚТЫ ЖӘРМЕҢКЕ 

ТҮГЕНДЕЙДІ

Жұмысшы 


мамандарға сұраныстың 

жоғарылайтын 

кезі – жыл сайын 

ұйымдастырылатын бос 

орындар жәрмеңкесінің 

уақыты. Жәрмеңкені 

ұйымдастырушылардың 

айтуынша, мұндай 

жұмыстарға баратын­

дар аз емес, керісінше, 

көбейіп келеді. Себебі, 

жәрмеңкелерде 

ұсынылатын орындардың 

басым бөлігі бос 

қайтпайды. 

­ Негізі жәрмеңкеде 

ұсынылатын бос 

орындардың 80 пайызға 

жуығы өз мамандарын та­

бады. Онда ұсынылатын 

жұмыстардың ба­

сым бөлігі жұмысшы 

мамандықтар екенін де 

ескерген жөн. Мемлекет 

тарапынан кәсіптік салаға 

оқу гранттарының көптеп 

бөлінуі, техникалық 

мамандықтардың 

жалақысының 

жоғарылауы жас­

тар арасында бұл 

мамандықтардың беделін 

арттыруда, ­ дейді «Жас 

құрылысшылар» еңбек 

жасақтарының жетекшісі 

Сәдірбек Жұмабеков. 

Бұдан өзге жастар 

ұйымдары тарапынан 

жұмысшы мамандықтар 

бойынша маусымдық 

жұмыстар ұсынылып 

оты  рады. Ондағы жас­

тар ішінде де тұрақты 

жұмысқа орналасып 

кететіндері де жоқ емес. 

Ал бүгінде жастардың 

көбі жүгінетін «Жас­

тар тәжірибесі ­ 2020» 

бағдарламасы бойын­

ша жолдама алатындар 

ішінде жұмысшы ма­

мандар ілеу де біреу. 

Мамандардың айтуынша, 

осы жылдың тамыз айы­

на дейін 83 мекемеге 160 

жас маман жолданған. 

Биыл бағдарламаға 

қатысушы 60 ма­

ман тұрақты жұмысқа 

орналасқан. Сұраныс 

беруші мекемелердің 

көбі заңгер, экономист, 

бухгалтер, тәрбиеші, 

мұғалімдерді көп іздейді 

екен. Бірақ, жұмысшы 

мамандықтарға баулитын 

түрлі курстар жыл сайын 

түрлі мамандарды даяр­

лап шығуға дайын екенін 

ескерген жөн.



Р.S. Жыл сайын 

еліміздегі жүздеген оқу 

орындарын сан мыңдаған 

түлек бітіріп шығады. 

Бірақ сонда да әр жыл-

да бір жағынан ма-

ман тапшылығы, екінші 

жағынан жұмыссыздық 

мәселесі айтылады. Неге 

жұмыссыздар кадр тап-

шы мекемелерге бармай-

ды? Себебі, оның сала-

сы еңбек нарығындағы 

сұранысқа сәйкес 

келмейді. Сондықтан 

білім саласының маман-

дары, талапкерлерді 

мұғалім немесе заңгер бо-

лудан гөрі, сұранысқа ие 

мамандықтарды игере 

бастауға кеңес береді.

Сара ОМАРОВА

Ақниет Тобжан, Мәскеу 

ұлттық 

техноло гия лық зерттеу 

университетінің студенті:

­  Біріншіден,  әркімнің 

өзі не  байланысты.  Оқуға 

кет тім  деп  қызық  қуу  өзіне 

ғана  емес,  отбасына,  еліне 

ұят  келтіреді.  Жеке  өзім 

бұл  жақтан  ондай  жастар­

ды  кездестірген  емеспін. 

Менімен  бірге  оқып  жүрген 

студенттер 

жанын 

са­


лып  білім  алуда.  Үмітті 

ақтаймын  деп  барын  са­

луда.  Мен  нанотехноло­

гия  және  микрожүйелі  тех­

ника  мамандығы  бойынша 

білім  алып  жатырмын.  Бұл 

елімізге  қажетті  мамандық. 

Мәскеуде  бұрынғы  оқы­

ту  жүйесі  сақталған.  Ал ла 

қаласа  оқуымды  тәмамдаға­

сын  осындағы  өндіріс  тех­

нологияларының  тәжірибе­

сін  елімізге  апарып,  осы  са­

ланы  дамытсам  деймін. 

Мұн да  қазақстандық  сту­

денттер  жиналып,  бас  қо ­

сып  тұрамыз.  Барлық  мүм ­

кін дік жасалған. Ал ғаш қыда 

тіл  жағынан  қиын дық тар 

болады  демесек,  қалғаны 

ойдағыдай. 

Ақниет алып бара жат қан 

мәселенің  жоқтығ ын   айтты. 

Ал Шотлан дия да «Болашақ» 

бағдарлама сы мен робототех­

ника  маман ды ғы  бойынша 

білім  алып  жүрген  Шахизат 

Нұрғалиев  «сауық  құратын 

жастар барлық елде бар. Сол 

үшін  айыптаудың  қажеті 

жоқ» ­ дейді.

­  Шотландияда  қазақ 

жас тары  өздерін  салмақ ты 

ұс тайды.  Өз  басым   жер лес­

терімнің  кісі  ұяларлық  тір­

лігін  көрген  жоқпын.  Егер 

білім іздеп келсе, бұл жақта 

үйренер дүние көп. Тілі мен 

менталитетіне  үйрене  ал­

майсың  алғашқыда.  Қа зір 

ағылшын  тілінен  білі мім­

ді  әлі  де  жетілдіріп  жүр­

мін.   «Болашақ»  бағ дар ла­

ма  сы   мен  білім  нәрі мен  су­

сындап 

жүрген 


жас тар 

ке лі  сім  шартта  көрсетілген­

дей   бі тірген  соң  елге  ора­

луы  тиіс.  Алдағы  мақсатым 

–  оқуымды  тәмамдағасын, 

тә жі ри бемді,  күш­жігерімді 

ел дің  дамуы  үшін  жұмсау. 

Өз саламды Қазақстанда да­

мытқым келеді. 

Кореяның  Сеуіл  қала­

сын дағы  ірі  бизнес  компа­

ниясында  жұмыс  істей тін 

Галина Алимовадан  ше телде 

оқыған 


қазақ 

жаста ры­

ның  неге  сол  жақта  қа лып 

қойғысы  келетіндігін  сұ ра­

дық.  Бізге  бірнеше  се бе бін 

айтып берді.

­  Біріншіден,  акылды,  

білімді  жастарға  жұмысты 

тез  тауып  береді.  Екінші­

ден,   жалақысы  жоғары. 

Үшін ші ден  шын  ниетпен  

жұ мыс  істеген  жастарды 

қол дап,  бағалайды.  Осы  ел­

де  жүргеніме  16  жыл  бол­

ды.  Бәрі  құрметтейді.  Егер 

сол  ұлттың  тілін  меңгеріп, 

компьютерді  және  әр  түрлі 

файлдармен  жұмыс  жасай 

алсаң,  компаниялар  өздері 

сені  шақырып,  келісімге 

келеді.  Енді  білім  алам  деп 

келіп,  басқа  нәрсемен  ай­

налысып  кететін  жастарға 

ештеңе  дей  алмаймын.  Егер 

жастар Құдай берген қабіле­

тін аша алып, шыңдай білсе 

далада қалмайды. 

- Қазақ және корей жас-

та ры ның  арасында  қан дай 

айырмашылық бар?

­  Қазіргі  қазақ  жастары 

өте  білімді.  Кейде  риза  бо­

ламын.  Қазір  елімізде  ба­

лаларын  шетелге  оқытатын 

ата­аналар  да  көбейді.  Ко­

рей  жастары  да  өте  сауат­

ты,  ақылды.  Мұнда  білімді 

болсаң,  бай  боласың.  Ойлап 

таппайтын  нәрселері  жоқ. 

Бізден  бірнеше  жылға  алға 

озып  кеткен.  Қазақ  жаста­

рында  көбіне  тілге,  тағамға 

қатысты  мәселелер  орын 

алып  жатады.  Одан  басқа 

айтарлықтай  мәселе  жоқ 

секілді.  Қуанарлығы  жас­

тарымыз  бір­біріне  үнемі 

көмектесіп,  бір­бірін  демеп 

жүреді. Қандастарыммен бас 

қосып  тұрамыз.  Ең  бастысы 

сапалы білім алып, атыңа кір 

келтірмеу.

Шетелге  шыққан  жас тар  

жайындағы  жағымсыз  пі­

кір лерге  жастардың  өзі нен 

жауап  естідік.  Бұл  әлем де 

қазақ  жалғыз.  Дү ние нің  қай 

түкпірінде жүр се де қазақтың 

көк  туы ның  желбірегенін, 

қа зақ  жастарының  әлемді 

мо йын датқанын, 

ұлттың 

аты на  кір  келтірмегенін  қа­



лай мыз.  Сұқбат  барысын­

да  ТМД  елдеріне  экспорт 

жүргізіп  жатқан  компания­

ларды  басқаратын  Гали­

на  Алимова  егер  бизнес­

пен  айналыссаңыз,  ком­

па ния лармен 

келістіріп, 

кө мек тесе  алатынын  айтқан 

еді.  Қарапайым  қазақ  қызы 

шетелдік 

компанияларды  

бас қаратынын  айтқанда  іш­

тей кеудеңді мақтаныш кер­

нейді.  Дегенмен  мұндай  дү­

ниелерге қуанатын уа қыт әлі  

алда. Қыр асқан қа зақ жаста­

ры өз әлеуетін көр се теді әлі. 

Тек  Бейбарыс  баба ларының 

«өзге елде сұлтан болғанша, 

өз  еліңде  ұлтан  бол»  деген 

өсиетін естен шы ғармаса игі.



Мәди ҚҰРМАНӘЛІ

СҮЙІНШІ


ШАҢЫРАҒЫ ШАТТЫҚҚА КЕНЕЛДІ

ҚЫР АСҚАН ҚАЗАҚ 

ЖАСТАРЫНЫҢ ХАЛІ ҚАЛАЙ?

БӘРІНЕ КЕРЕК ОРЫН-ТАҚ

БАСТЫҚҚА ҚАЛАЙ ЖАРЫМАҚ?


ЖІГЕРІМДІ ЖАЛАУ ЕТІП 

ЖҮРМІН

-  Серікхан,  жақында  ғана 

облыс  әкімінің  «Сыр  үміті» 

жас тар  сыйлығын  иемдендің. 

Сен  үшін  бұл  сыйлықтың  ма-

ңы  зы қандай?

-  Өңірдің  әлеуметтік-эко но-

ми ка лық  дамуына  үлес  қо сып 

жүрген жастарды облыс әкі мі нің 

«Сыр  үміті»  сыйлығы  ын та лан-

ды рады.  Өз  саласында  жетістік-

ке  жетіп,  аймақ  мерейін  өсіріп 

жүрген  замандастарымыз  биыл 

да  марапат  биігінен  көрінді. 

Мақ таулы  жастардың  сапын-

да  бол ғаныма  қуаныштымын. 

Ең  бас тысы  сенің  ел  үшін  адал 

ең бе гің нің  ескерілгені.  Әрине 

бә рі міз  пенде  болған  соң  бір 

биік тен  көрінгіміз  келеді.  Мен 

елім  үшін  бір  іс  тындыра  ал-

сам,  ма ра паттың  үлкені  сол  деп 

біле мін.  Себебі  елім  деген  ердің 

жа  ман  болмайтыны  ақиқат. 

Биыл ғы  «Сыр  үміті»  сыйлығын 

ол жа лағандар  бірі-бірінен  кем 

түспейді.  Сыйлықтың  да  сыны 

болатыны  белгілі  ғой.  Алда  осы 

жасалған  құрметке  лайықты 

қызмет  атқаруға  тырысамын. 

Сырдың  үміті  ғана  емес  жүрегі 

қазақ  деп  соққан  бүтін  елдің 

үмітіне айналғым келеді.



- Сенің болмыс-бітімің бая-

ғы  бабаларымызды  елесте те-

тіндей.  Сөзің  де,  ісің  де  нық. 

Сеніңше,  Отан  деп  от  ке ше-

тін,  жұртым  деп  жа нын  бере-

тін  ұрпақты  қалай  қалып тас-

тыруға болады?

-  Артық  мақтамаңыз.  Иә 

болмыс-бітімім  баршылық.  Өт-

кен  жылғы  бір  айтыста  «осын-

дай  үлкен  болып  туғанымды, 

көр мей мін  мамадан  да,  пападан 

да» деп қарсыласыма әзілдеп жа-

уап бергенім бар еді. Мен Жа ңа-

қорған  ауданының  Қандөз  ауы-

лы,  Қалғансыр    елді  мекенінде 

қа ра пайым  шаруа  отбасында 

дүниеге  келдім.  Анам  жоғарғы 

бі лі мі болмаса да қазақ әдебиетін 

тайға таңба басқандай біледі. Ба-

ла  күнімнен  батырлар  жырын 

жаттатып  өсірді.  Әкем  Әлхан 

өмір ден ерте кетсе де, саналы ғұ-

мы рында  сабырынан  таймаған 

жан. Ол кісінің салмақтылығына 

бүкіл ауыл тәнті болатын. «Балам 

мінезің майдаланбасын, жігеріңді 

жалау  қыл»  деп  үнемі  ақылын 

айтушы  еді.  Осындай  тәрбиені 

көріп өскен соң тұлғама сай аза-

мат болуға тырысамын. Меніңше, 

ер  азаматта  мінез  болғаны  жөн. 

Өкінішке  орай  бүгінде  ісіміз  де, 

түсіміз де ұсақталып кетті. Белгі-

лі  журналист  Нұртөре  Жүсіп 

ағамыз  «қазақы  мінезді  қайтару 

үшін  атқа  отыруымыз  керек» 

деген-ді. Расында да ер қанаты ат 

екенін  ескерсек,  бұл  құптарлық 

уәж.  Ерде  мінез  болса,  Отанын 

отқа тастамайды. 

ТАЛАБЫҢ МЕН ҚАЛАМЫҢ 

БІР ШАПСА ШАҢ 

ЖҰТПАЙСЫҢ

- Айтыскер ақынсың. Жыр 

до да сына  қалай  келгеніңді  ай-

тып өтсең.

-  Жаңа  айтқандай  бала  кү-

нім нен  батырлар  жырын  жат-

тап  өскендіктен  айтыстың  ауы-

лы нан  алыс  болмадым.  Бес 

жа сым да  «мен  қазақтың  баласы, 

жоғалмайтын бағасы» деп тақпақ 

шығарып,  өзімше  Махамбет  бо-

лу ға  талпынатынмын.  Алғаш 

те ледидардан  Шорабек  пен  Мұ-

ха меджан ағаларымыздың айтыс-

қанын  көріп  қатты  қызықтым. 

Содан  кейін  теледидарда  ай тыс 

болса  біздің  үйде  басқа  ар на-

ға  ауыстыру  жоғынан.  Осы  тал-

пынысыммен  алғаш  Жам был 

атамыздың  асына  орай  өт кен 

республикалық  айтысқа  қаты-

сып,  II-орын  иелендім.  Сол  сөз 

сайысында қазылық жасаған мар-

құм  Есенқұл  Жақыпбек  ағамыз 

батасын  берген  еді.  Содан  бері 

қал-қадірімше айтыс сахнасынан 

табылып жүрмін. 



-  Айтыскер  ақынсың,  поэ-

зия ның ауылынан да көріп қа-

ла мыз.  Мамандығың  -  журна-

лист. Біз білмейтін тағы қандай 

қырың бар?

-  Жігітке  жеті  өнер  де  аз  де-

мей  ме?  Айтыскерлік,  поэ зия, 

жур налистика  үшеуі  де  бір  тері-

нің   пұшпағы.  Илегені  қа зақ тың  

жайы.  Сондықтан  жат  теуіп  жа-

тыр қайтын  ештеңесі  жоқ.    Кей-

де  маған,  екі  кеменің  ба  сын  ұс-

та дың дегендей сындар айтылып 

жа тады.  Сын  дұрыс.  Айтыста 

жүр сең өлеңің әлсірейді, поэзия-

да жүрсең айтыстан ал шақ тайсың 

деген  ұғым  ғой.  Бі рақ  талабың 

мен  қаламың  қатар  шапса  шаң 

жұ тпайсың  деп  ойлай мын.  Осы-

ны  бір  жауып  қояйық.  Менің 

қан дай  өнерім  бар?  Суда  жақсы 

жү зе мін.  Ауылым  Сырдарияның 

жағасында жатыр. Жаз болса, су-

дан  шықпайтынбыз.  Үлкен  ағам 

«сендердің  мына  жүзістеріңнен 

балық  құрлыққа  қашады  ғой» 

деп күн бата үйге қуып әкелетін. 

Өнер десе – өлеңім, спорт десе – 

жүземін,  айта  берсем  мақтанып, 

таң  атқанша  тіземін.  Бір  Серік-

хан ның басына әзірге осы да же-

тер.


-  Қанша  жерден  талантты 

дегенмен  ұстазсыз  шәкірт  тұл 

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 0.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет