« Әлихан – ұлт көсемі »
( Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығына
арналған сыныптан тыс іс – шара)
«
Тірі болсам, хақ баласында
қазақтың хақысы бар еді
қазаққа қызмет қылмай қоймаймын! ...»
Әлихан
2016-
2017 оқу жылында желтоқсан айында 7 «Ә», «Б»
сыныптар арасында Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығына
арналған «Әлихан – ұлт көсемі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл іс-шара Ә. Бөкейхановтың өнегелі өмір жолы, халқына,
ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу
жолындағы атқарған қызметі жөнінде оқушылардың білімдерін
кеңейту отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай отырып,
халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету
мақсатында өткізілді.
Оқушылар 3 топқа бөлініп, презентация арқылы І топ –
Әлиханның өмірбаянын, ІІ топ – Қоғамдық саяси жұмыстарын,
ІІІ топ – Ғылыми еңбектері бойынша зерттеулік жұмыстарын
сәтті қорғады.
Сонымен қатар, Әлиханның қанатты сөздерін жатқа мәнерлеп
оқып , қөрермендердің көңілінен шықты.
Қасымхан Бегмановтың «Алашорда аманаты» дастанынан
үзінділерді «Мұрагер» күйінің сүйемелдеуімен оқушылар жатқа
оқып , әр оқырманның жүрегінен өтіп, мәнерлеп оқу сәті ерекше
толғандырды.
Соңында балалар Әлихан Бөкейханұлы туралы бейнетаспа
көріп тамашалады.
Жалпы «Әлихан – ұлт көсемі» атты әдеби-сазды кеш өтті өте
сәтті өтті. Балаларға катты ұнады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі А.А. Шикебаева
Әлиханның қанатты сөздерін мәнерлеп, жатқа оқуда
Белсенділік танытып, топта жұмыс жасауда
«Алаш орда туралы қосымша мәліметтермен танысуда»
Поделитесь с Вашими друзьями: |