Әлеуметтік пәндер кафедрасы



жүктеу 256.59 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата09.04.2017
өлшемі256.59 Kb.
#6501
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2016г.  

 

 

 

 

KN  2109 – Құқық негіздері   

5В070300 – Ақпараттық құралдар; 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  

қамтамасыз ету; 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету; 5В100200 – 

Ақпараттық қорғау жүйелері; 5В071600 – Аспап жасау; 5В060200 – Информатика; 5В074600 – 

Ғарыштық техника және технологиялар; 5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және 

қоршаған ортаны қорғау мамандықтарына арналған syllabus 



KN  3109 – Құқық негіздері   

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация; 5В071700 – Жылу 

энергетикасы мамандықтарына арналған syllabus 

KN  4109 – Құқық негіздері   

5В071800 – Электр энергетикасы мамандығына арналған syllabus 

 

 

  



Курс  

2,3,4 


Семестр  

3,4,5,6,7 

Кредит саны  

ECTS кредит саны  



3  

Жалпы сағат көлемі  

90 

Дәріс  


15 

Мамықтану (сем)  

15 

ОӨЖ  


60 

оның ішінде СОӨЖ  

15 

Семестрлік жұмыс  



Емтихан  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы 2016 



Syllabus құрастырған:  аға оқытушы Тәңірбергенова Р.К. жұмыс бағдарламасы негізінде 

жасалды.  

Syllabus әлеуметтік пәндер кафедрасының мәжілісінде 10.06.2016ж., №10  хаттамасында 

мақұлданды.  

 

 

Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.  



 

 

Syllabus Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультетіндегі оқу-әдістемелік 



комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілген («28» 06.2016ж., №6 хаттама).    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

1 Оқытушылар:  

Тәңірбергенова Рабиға Көлекбай қызы  –  АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.   

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Абрахматова Гульнар Абрайкуловна – ф.ғ.к., АЭжБУ доцент, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, 

abrahmatova-g@mail.ru

 

Касиенова Куляш Магзумовна – АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.  



Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

 

2 Аудиторилық сабақтардың жүргізілу уақытыжәне орнысабақ кестінде көрсетілген 

МОӨЖ консультация кестесі Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультетінің 

деканаты(Г.Д. 409) және ӘП кафедрасының (А-314) ақпарат тақталарында көрсетілген.  

 

3 Оқу пәнінің сипаттамасы  

 

3.1  Пәннің  мақсаты  –  қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеу,  білім  алушылардың 

дүниетанымын қалыптастыру, қоғамдық және жеке құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті 

арттыру, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті жетілдіру жағдайын негізге алу. 

3.2  Пәннің  мәселесі  –  Пәнді  оқытудың  міндеті  қазіргі  қоғам  талабы  мен  мүддесіне 

негізденлген. Пәнді оқытудың басты міндеті заңгер мамандығынан басқа мамандықта оқитын 

студенттердің  мемлекет  және  құқық  теориясының  негіздерін  меңгеруі,  ұлттық  құқықтың 

жетекші саласында қажетті білім алуы болып табылады. Сонымен қатар, келесідей міндеттер 

де  негізге  алынады:  білім  алушыларға  қоғам  өмірінде  мемлекет  және  құқықтық  орны  мен 

рөлін  айқындап  беру,  Қазақстан  Республикасының  құқықтық  жүйесінің  даму  болашағы  мен 

мәселелерімен  таныстыру,  қазақстандық  мемлекеттік  –  құқықтық  механизмді  жетілдірудің 

саяси  –  құқықтық  жолдарын  ашып  көрсету,  субъективті  құқықтарды  жүзеге  асыруды 

дағдыландыру. 

3.3 Пәнді сипаттау 

Жоғарғы  оқу  орындарында  қазірге  кезде  «Құқық  негіздері»  пәні  балама  пән  ретінде 

оқытылады.  Яғни,  студенттердің  қалауы  бойынша  оқы  жоспарна  енгізіледі.  Бұл  дұрыс  емес.  

«Құқық негіздері» пәні барлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде 

оқыталатын  пән  болуы  қажет.    Қазақстан  Республикасы  Президенттің  «Қазақстанның 

әліметтік  жаңғыртылуы:  жалпыға  ортық  еңбек  қоғамына  қарай  20  қағидалары»  атты 

мақаласында «Құқық негіздері» оқу құралын даярлау, жоғарғы білімді оқу орындарын бітірген 

жастардың  құқықтық  білімді  меңгеру  қажеттілігі  нақты  көрсетілген.  Елбасы  «Құқық 

негіздері»  пәнін  жетілдіруге  аса  мән  беру  қажеттілігін  атап  өтті,  оның  болмауы,  жастардың 

құқықтық  нигилзмі  мен  сауатсыздығына  соқтырады  деп  Президент  ескерту  жасады.  Осыған 

орай,  осы  аталған  пән  бойынша  жаңа  оқу  құралын  дайындау  қажеттілігі  өзінен  өзі  туындап 

отыр. 


Құқықтық  білімді  жетілдіру  саласында  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  маңызы  да 

ерекше.  Еліміздің  құқықтық  сауаттылықты  насихаттайтын  арнаулы  телехабар  арнасы  да 

қажет.  Құқықтық  білімді,  сананы,  тәрбиені  жетілдіру-кең  байтақ  Қазақстанның  барлық 

жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек. 

Қазіргі  уақытта  еліміз  бойынша  өскелең  ұрпаққа,тұрғындарға  құқықтық  білім  беруді 

жетілдіру,  осыған  орай  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  өмір  талабына  сай  дайындалған 

заңдарға негіздеп қайта дайындау міндеті алға қойылып отыр. Өйткені мемлекет, қоғам, жеке 

адам  іс-әрекеттерінің  барлығы  дерлік  құқық  нормалары  арқылы  реттеліп  жүзеге  асырылады. 

Демек, қоғамның әрбір мушесі өз құқығын, міндетін заң нормалары негізінде жүзеге асыруы 

керек. Өйткені құқық нормалары адамның туған сәтінен бастап өмірінің соңғы сәтіне дейінгі 

қолданылатын  заңдылық  құралы.  Қазіргі  кәзде  кез-келген  адам  қоғам,  мемлекет  арасындағы 

қарым-қатынас құқық нормалары арқылы реттеліп, жүзеге асырылады. 

Қоғамның  дамуы,  заңдылықтың  нығаюы,  құқық  тәртібінің  орнауы  үшін  құқықтық 

маңызы  зор  екендігі  белгілі.  Осы  себепті,  «Құқық  негіздері»  пәнін  оқытудың  мақсаты-



студенттердің  құқықтық  білімін  шыңдау  және  тереңдету,  осы  жолда  құқықтық  сенімін 

нығайту,  құқықтық  мәдениетті  өркендеу  студенттердің  құқықтық  әлуметтік  үрдісін 

қалыптастыру болып табылады. 

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:  

-Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу; 

-Қазақстан  Республикасындағы  әрекет  етуші  негізгі  нормативтік  құқықтық  актілерді 

білу, олардың қолдану аясын дұрыс түсін; Халықаралық заңдарды білу; 

-Құқық  салаларын  білу,  әрбір  құқық  саласы  бойынша  негізгі  ұғымдар  мен  түсініктерді, 

олардың қолдану аясын білу; 

-Әртүрлі құқық салаларындағы жауаптылық мәселелерін білу; 

-Оқиғалық есептерді шешуге тәжірибелік дағдыларды игере білу. 

ұғымы болу қажет: 

-Құқық  пен  мемлекеттің  негізгі  түсініктерін,  мемлекет,  құқық,  демократия,  адама 

құқықтары мен бостандықтарының негізгі идеялары мен проблемаларын ашатын сұрақтарды 

білу; 


-Құқық  саласындағы  әдебиеттерімен,  заңдармен,  өзге  де  нормативтік  –  құқықтық 

актілермен  жұмыс  істей  білу;  Сондай-ақ  жалпы  Қазақстан  Республикасының  құқықтық 

актілерін талдау әдістемесін білу; 

-Қазақстанның  қолданыстағы  заңдары  туралы  жалпы  мағлұматтарының  болуы  және 

олардың қоғамдық қатынастардығы орны мен қызметін білу; 

-Жалпы  ғылыми  тәсілдерді,  сондай-ақ  өздерінің  ғылыми  зерттулеріне  қолданылатын 

арнайы тәсілдерді түсіну және білу; 

-Қарастырылатын  әрбір  құқық  саласында  жүйелі  түсінік  жасай  біліп,  қазіргі  ғылыми 

зерттеулерге сын көзқараспен қарай біліп, тұжырымдар жасай алу

-Талданатын әртүрлі құқық салалалары бойынша жауаптылық мәселелерін білу; 

-Проблемаларды  шешудегі  дербестік  пен  түп  нұсқалық  және  кәсіби  деңгейде  дербес 

жоспарлауды және шешу жолдарын білу қажет. 



білу: 

-Құқық теориясы саласындағы білімдерді игеру; 

-Ғылыми және тәжиребілк терминдермен мен ұғымдарды еркін игере білу

-Ситуациялық есептерді шешуде тәжірибелік дағдыларды игере білу; 

-Барлық  құқық  саласы  бойынша  отандық  және  халықаралық  заңдылықтарды  игере  білу 

қажет. 


қолынан келетіні:

 

 

-Нормативтік құқықтық актілерді берілген әртүрлі құқық салаларына байланысты дұрыс 

қолдануға дағдылану; 

-Оқиғалық  есептерді  шешу  процесінде,  тәжірибеде  заңнамалық  нормаларды  қолдануға 

дағдылану; 

-Әртүрлі  құқық  салалары  бойынша  оқиғалық  есептерді  шешу  кезінде  аналитикалық  ой 

тұжырымдарды қолдана білуге дағдылану; 

-Өзінің білімін дамытуға және тереңдетуге және жоғары деңгейде болуға дағдылану; 

-Жетістік  пен  жұмысқа  орналасуға  қажетті  сипаттар  мен  дағдыларды  игеруге,  жеке 

жауапкершілікті  талап  ететін  бастамашы  болуға,  қилы  жағдайларды  проблемаларды  шеше 

білуге, тұрақты болуға, тұрақты кәсіби даму үшін дербес қабілетті болуға дағдылану қажет. 

3.4 Пәннің қайта деректемелері:  «Құқық негіздері» пәніне алғышарт болатын пәндер: 

Қазақстан тарихы, Саясаттану, Экономикалық теория, Дүние жүзі тарихы. 



3.5  Пәннің  кейінгі  деректемелері:  Пәндік  білім  оқытушылық  барысында, 

магистранттық  ғылыми-зерттеу  шараларында,  сонымен  қатар  басқарудың  кәсіби  деңгейінде, 

өндірістік ұжымды оқытуда қолданылады.  

  



4. Пәннің құрылымы және мазмұны 

 

4.1. Теориялық дайындық (15 сағ.) 

№ 

Тақырыптар атаулары 



Дерек көздері 

1. 


Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері. 2сағ 

Конспект, 1,2,3,4 

2. 


Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқық  және 

әкімшілік   құқық негіздері. 2сағ 

Конспект, 1,5,6,7 

3. 

Қазақстан  Республикасының  отбасы  құқығы  және  еңбек  құқығы 



негіздері. 2сағ 

Конспект, 1,8,9,10 

4. 



Қазақстан Республикасының азаматтық  және қылмыстық құқық, 



іс жүргізу құқықтарының негіздері. 2сағ 

Конспект, 1,11,12,13 

5. 

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары. 2сағ 



Конспект, 1,14,16,20 

6. 


Қазақстан  Республикасының  қаржы  және  салық  құқығының 

негіздері. 2сағ 

Конспект, 

1,20,21,22,30 

7. 

Қазақстан  Республикасының  экологиялық  және  жер  құқығының 



негіздері. 2сағ 

Конспект, 1,30,31,33 

Халықаралық құқық негіздері. 1сағ 



Конспект 1,40,43,49 

Ескертпе:  жұлдызшамен  белгіленген  тақырыптарды  сыртқы  бөлімнің  студенттері 

оқиды, қалғандары СӨЖ кезінде оқытылады 



 

1  ДӘРІС. 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТ  ЖӘНЕ 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

«Қазақстан  Республикасының  құқық  негіздері»  курсының  пәні  және  жүйесі. 

Мемлекет теориясының негіздері. 

«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі.  «Қазақстан 

Республикасының құқық негіздері» пәнін бүгінгі күні оқыту себептері мен қажеттілігі. 

Мемлекет және оның белгілері, атқаратын қызметтері. Мемклекет және саясат. Мемлекет 

және  билік.  Заңды  және  заңсыз.  Биліктің  бөлінісі  және  мемлекет  бөлінісінің  ұстанымы. 

Мемлекеттің  негізгі  ұғымдары  мен  санаттары.  Мемлекет  басқару  нысандары.  Монархия: 

абсолюттік  және  конституциялық.  Республика:  парламенттік  және  президенттік. 

Диктатура.Мемлекет  құрылысының  негізгі  нысандары:  унитарлы  мемлекет,  федерация  және 

конфедерация.  Саяси  режим:  демократия  және  антидемократия-  тирания,  тотаоитаризм, 

фашизм, автолитаризм. 

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. 

Құқық  теориясының  негіздері.  Мемлекет  және  құқық  теориясының  қалыптасуы 

мен дамуының тарихы. 

Құқықтың  түсінігі,  мәні,  қағилары  және  функциялары.  Құқықтың  қайнар  көздері, 

құқықтың  нормасы,  құқықтық  қатынастар.  Әлуметтік  нормалар.  Мораль  және  құқық.  Құқық 

және  заң.  Құқық  салалары.  Қазақ  мемлекетіндегі  құқықтың  пайда  болу  тарихы.  Құқықтың 

жүйенің құрылуы және дамуы. Мемлекет және құқықтық қоғамының түсінігі.  

Құқық  шығармашылық  және  құқықты  жүзеге  асыру.  Құқық  бұзушылық  және  заң 

алдындағы жауаптылық. Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері, түрлері, қағидалары.  Заңды 

жауапкершілікті  және  құқыққа  қайшылықты  жоятын  мән  жайлар.  Мемлекет  және  құқық 

теориясының  қалыптасуының  бастаулары.  Кеңестік  және  Кеңестік  Қазақсттандағы  мемлекет 

және құқық теориясының дамуы. Мемлекет пен құқықтың шығу туралы теориялар. 

Cыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  негізін  анықтау. 

Олардың  жолын  кесу  және  ашу.  Олардың  зардаптарын  жою  және  кiнәлiлердi  жауапқа  тарту 

арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа 

да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге 

бағытталған  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестiң  негiзгi  принциптерi.  Сыбайлас 


жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтың  түрлерi,  сондай-ақ  жауаптылықтың  пайда 

болу жағдайларын белгiлеу. 



             

2  ДӘРІС. 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ 

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері 

Конституциялық 

құқық-ұлттық 

құқықтың 

жетекші 

саласы 


ретінде.Қазақстан 

Республикасының Контитуциялық құқығының түсінігі, пәні. Қазіргі мемлекет жағдайындағы 

Конституцияның  түсінігі  және  рөлі.  Конституциялық  заңдық  және  саяси    құжат  ретіндегі 

ерекшеліктері.  Конституцияның  түрлері.  Конституциялы  нормаларының  әрекет  ету 

ерекшеліктері. 

1995  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы-елдің  негізгі  заңдары. 

Қазақстанның  Конституциялық  заңнамасының  даму  тарихы.  Қазақстан  Республикасының 

құрылысы. Контитуциялық заңнамаларды қалыптастырудың тарихи сатылары. 

Конституцияда 

бекітілген 

адам 

мен 


азаматтардың 

құқықтаоы 

мен 

бостандықтары.Қазақстан  Республикасының  азаматтығы:  жалпы  сипаттамасы  мен  ұғымы, 



азаматтық алу тәртібі және азаматтықтан айырылу жағдайлары. 

Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  жүйесі.  Мемлекет  органдар  жүйесі.  Қазақстан 

Республикасының  президенті.    Қазақстан  Республикасының  парламенті.  Қазақстан 

Республикасының Конституциялық кеңес.  



Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері  

Әкімшілік құқық  түсінігі  және  ерекшеліктері,  оның Қазақстан  Республикасының құқық 

жүцесіндегі  орны.  Әкімшілік  –  құқықтық  нормалар  мен  әкімшілік  құқықтық  қатынастардың 

ерекшеліктері. 

Қазақстан  Республикасының  атқарушы  билік  органгдарының  жүйесі.  Қазақстан 

Республикасы  атқарушы  билік  органдарының  құқықтық  мәртебесі.  Әкімдіктер  –  Қазақтан 

Республикасының  жергілікті  атқарушы  билік  органдары.  Жеке  және  заңды  тұлғалардың 

әкімшілік – құқықтық мәртебесінің түсінігі мен ерекшеліктері. 

Мемлекеттің қызмет түсінігі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің 

құқықтық  иәртебесі.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  қызмет  саласын  реттейтін 

нормативтік – құқықтық актілер. 

Әкімшілік  мәжбүрлеудің  мәні  және  мемлекеттік  органдар  құқыққа  қайшы  әрекеттердің 

орның алу және бұлтартпау шарасы ретінде құқықтық режимдерді құқықтық реттеу. 

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi. Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi  принциптерi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi 

жүзеге асырушы органдар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға 

тиiспеушiлiк кепiлдiктерi. 

 

3  ДӘРІС. 



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОТБАСЫ  ҚҰҚЫҒЫ 

ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ

 

 

Қазақстан республикасының отбасы құқығы және еңбек құқығы негіздері. 

Отбасы  және  неке  құқығы,  Қазақстан  Республикасының  құқық  саласы  ретінде.  Отбасы 

және неке құқығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі, қағидалары. Қазақстан Республикасы 

заңдары  бойынша  отбасы  және  неке  түсініктері.  Неке  қатынастарының  құқықтық  негіздері 

және қағидаоары. Некеге тұрудың шарттары. Неке жасы. Неке қиюға жол бермейтін тұлғалар. 

Некеге тұру тәртібі. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен жасалатын 

некелік құқықтық қатынастары.  

Ерлі  –  зайыптылардың  құқықтары  мен  міндеттерінің  туындауы.  Отбасында  ерлі  – 

зайыптылардың  теңдігі.  Ерлі  –  зайыптылардың  тегін  таңдау  құқығы.  Ерлі  –  зайыптылардың 

әрқайсысының меншігі. Баланың тегін анықтау. Сот тәртібімен әкелікті анықтау.  



Ненкені тоқтату. Некені бұзу. Тіркеу органдарында  ненкені бұзу. Сот тәртібімен некені 

бұзу.  Некені  жарамсыз  деп  тану.  Ата  –  ана  мен  баланың  алиметтік  міндеттемелері.  Ата  – 

аналардың кәмелетке толиаған балаларын  асырау  міндеттері.  Ата  –  ана қамқорынсыз қалған 

баланың  алиметтерін  талап  ету  құқығы.  Баланың  қосымша  шығындарына  ата  –  аналарының 

қатысуы. Кәмелетке толған балаларының ата – аналарына қамқорлық ету міндеттері. 

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы негіздері. 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығының  түсінігі  және  құқық  жүйесінде  алатын 

орны. Еңбек құқығының пәні,реттеу әдісі және жүйесі. Еңбек құқығының қағидалары, қайнар 

көздері. Еңбек құқығының субъектілері: түсінігі және түрлері. Еңбек құқығының субъектілері 

ретінде  –  азаматтар.  Еңбек  құқығының  субъектілері  ретінде  –  жұмыс  берущілер.  Кәсіптік 

одақтар.  Әлеуметтік  әріптестер.  Еңбек  құқығы  саласындағы  құқықтық  қатынастар:  жүйесі, 

ұғымы. Еңбекті құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі мен тоқтатылу негіздері.еңбек 

шартының  түсінігі  мен  мазмұны.  Жеке  еңбек  шарты.  Ұжымдық  шарттың  түсінігі,  маңызы. 

Ұжымдық шартты жасау, өзгерту және бекіту тәртібі. 

Жұмыс  уақыты  түсінігі,  оның  ұзақтығы  мен  түрлері,  нормалары.  Жұмыс  уақытының 

режимі және оларды қалыптастыру тәртібі. Түңгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс  уақыты. 

Демалыс  уақытының  түсінігі  мен түрлері.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы.  Оны  беру  тәртібі, 

өзгерту  және  ұзартылуы.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі  бойынша  ақы  төлеу 

тәртібі.  Еңбекке  ақы  төлеудің  түсінігі  мен  құқықтық  реттелуі.  Тәртіптік  жауапкершілік. 

Тәртіптік құқық. Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері. Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі. 

Ұжымдық еңбек дауларының түсінігі мен тараптары. Ұжымдық еңбек дауларын шешу. 



 

4  ДӘРІС. 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АЗАМАТТЫҚ  ЖӘНЕ 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.

 

Қазақстан Республикасының азаматтық құқық негіздері. 

Азаматтық құқытың түсінігі, пәні және реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың қағидалары. 

Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі. Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі 

және адамдар арасында қолданылуы. 

Азаматтық  құқытың  түсінігі,  түрлері  және  жүйесі.  Азаматтық  құқытың  қатынастардың 

мазмұны,  субъектілері  және  объектілері.  Құқық  қабілеттілік  және  әрекет  қабілеттілік 

ұғымдары. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері. 

Азаматтық  құқықтағы  мәміле.  Мәміле  түсінігі,  нысаны.  Мәміленің  жарамдылығының, 

жарамсыздығының  негіздері.  Меншік  құқығы:  түсінігі,  алынуы  мен  тоқтатылуы.  Шарт: 

түсінігі, түрлері, жасау тәртібі және қолданылуы. 

 

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері. 

Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  құқығы  құқық  саласы  ретінде.  Қылмыстық 

құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері. Қылмыстық заңның түсінігі. Қылмыстық 

заңның  кеңістіктегі  күші.  Қылмыстық  заңның  мезгілдегі  күші.  Қылмыстық  –  құқықтық 

нормалардың  құрылымы.  Қылмыстың  ұғымы  және  белгілері.  Қылмыстың  санаттары. 

Қылмыстың  құрамы:  ұғымы,  элементтері  мен  белгілері.  Іс  –  әрекеттің  қылмыс  екендігін 

жоятын  мән  –  жайлардың  түсінігі  мен  түрлері.  Қылмыс  істеу  сатылары.  Қылмысты  істеуге 

дайындық,  оқталу  және  аяқталған  қылмыс.  Қылмысқа  қатысудың  түсінігі.  Қылмысқа 

қатысушылардың  түрлері  мен  қылмысқа  қатысу  нысандары.  Қылмыстық  жазаның  ұғымы, 

белгілері  мен  мақсаттары.  Қылмыстық  жазалардың  жүйесі  мен  түрлері.  Жазаны 

тағайындаудың жалпы негіздері. Жекеленген қылмыстардың түрлері. 

Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  іс  жүргізу  және  азаматтық  іс  жүргізу  

құқықтарының негіздері. 

Қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  ұғымы  және  міндеттері.  Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу 

қағидалары.  Іс  жүргізу  мерзімдері  мен  сатылары.  Қылмыстық  процесске  қатысушылар. 

Азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  ұғымы  мен  жүйесі.  Азаматтық  іс  жүргізудің  сатылары. 

Азаматтық  іс  жүргізудегі  құқықтық  қатынастар.  Талап  -  арыз  ұғымы  және  мазмұны. 


Азаматтық  істерді  сотта  қарау.  Іс  жүргізу  мерзімдері.  Ерекше  талап  қою  арқылы  іс  жүргізу. 

Заң күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық тәртібімен іс жүргізу.  




жүктеу 256.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет