Әлеуметтік ғылымдардағы қауіпсіздік феноменін қарастыру тарихы Әлеуметтік ғылымдар



жүктеу 38.61 Kb.
Дата21.02.2022
өлшемі38.61 Kb.
#17440
2 СРС

Әлеуметтік ғылымдардағы қауіпсіздік феноменін қарастыру тарихы


Әлеуметтік ғылымдар - қоғам және оның әр түрлі жақтары туралы білім жинақтап, жүйелей дамытатын ғылымның өзіндік ерекшеліктері бар бір тобы.
Оған философиятарихтілбіліміәдебиеттануқұқықэкономикасоциология (әлеуметтану), саясаттанумәдениеттану, әлеум. психология, т.б. жатады.Әлеуметтік ғылымдар ерекшеліктері өзі зерттейтін пәндеріне тікелей тәуелді. Негізінен Әлеуметтік ғылымдар адамнан, оның қызметі мен қарым-қатынастарынан туындайтын аса күрделі қоғамдық құбылыстарды зерттеуге бағытталады. Мұнда объективтілік пен субъективтілік, саналылық пен бейберекеттік (стихийность), материалдық пен руханилық астарлар қым-қиғаш араласып, бір-бірімен астасып жатады. Сондықтан Әлеуметтік ғылымдар «адам дүниесін», қоғамдық өмірді, адам қызметінің сан-салалы түрлерін зерттегенде осы ерекшеліктерді ескереді. Әлеуметтік ғылымдарда әрбір қоғамдық құбылысқа деген таным субъектісінің құндылық қатынасы көрініс табады, яғни онда зерттеліп отырған процестердің өзіндік қасиеттерімен бірге адамның мақсат-мүдделерінен туындайтын көзқарас, талғам айқын білінеді. өз пәнінің күрделілігіне, ерекшеліктеріне орай Әлеуметтік ғылымдар қоғамдық құбылыстарды, «адам дүниесін» зерттегенде жаратылыстану ғылымдарындағыдай неше түрлі приборлар мен тех. қондырғыларды қолдану мүмкін емес болғандықтан, салмақ адам ойынаойлау, абстракциялау қабілетіне түседі. Сол тұрғыдан мұнда таным әдісі мәселесі алға шығады, күрделі философия мәселелер туындап, өз шешімін табуды талап етеді.
1) мемлекетті және халықты әлеуметтік салада қорғау, әлеуметтік құрылымның және қатынастардың дамуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың алға басу қажеттіліктеріне сай адамдардың өмір сүру салты жәнеәлеуметтену жүйесі бойынша іс-шаралар жиынтығы;
2) қоғамның әлеуметтік саласы мен мемлекеттің құлдырау туғызатын немесе оның кері кетуіне ықпал жасайтын қауіп-қатерден қорғалуы. Ә.қ. нысандарына адамдар, олардың заңды мүдделері (қажеттіліктері), бірлігі, қарым- қатынастары;
адамның әлеуметтену жүйесі (білім алуы, тәрбиеленуі,
әлеуметтік-мәдени тұрмысы) тіршілікті қамтасыз ету инфрақұрылымы (денсаулық сақтау, сауда, қамту және т.б.), өмір сүру салты жатады.
жүктеу 38.61 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет