«Әлем тілдерінің генеологиялық жіктелуі»


Әлем тілдерінің топтастырылуындағы басты принциптер



жүктеу 33.99 Kb.
бет7/9
Дата10.02.2022
өлшемі33.99 Kb.
#17135
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әлем тілдерінің генеологиялық топтастырылуы
2.3 Әлем тілдерінің топтастырылуындағы басты принциптер.

Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) - дүние жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдерді типологиялық (морфология) (тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы), генеологиялық (туыстық) (тілдердің генеалогиялық топтастырылуы) болып екі үлкен топқа топтастырылады.

Тілдердің топтастырылуы - зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы - тілдердің туыстығына, кейінгісі - тілдердің формалдық және семантикалық ұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан бұлар бір-біріне жақындамайды бірақ принципі жағынан байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеологиялық топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі тілдердің генеологиялық топтары анықталған жағдайда типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады. Тілдердің топтастырылуынын аймақтық тілдердің топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т. б. таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін) категориялар; типологиялық тұрғыда - тип, класс; аймақтық тұрғыда - аймақ, аудан, зона сияқты категориялар пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің топтастырылуының ерекше түрі болып табылады, тек генеологиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді, ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тід құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан,қашанда қатыстық (тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді. Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғасырдан бастап зерттеле бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі - И. К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғасырдың орта тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеологиясы әлі анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда болғанына байланысты метагенеологиялық топтастыру мәселесі түрінде қарастырылуда.


жүктеу 33.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет