«Әлем тілдерінің генеологиялық жіктелуі»


Тілдердің генеологиялық классификациясы



жүктеу 33.99 Kb.
бет6/9
Дата10.02.2022
өлшемі33.99 Kb.
#17135
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әлем тілдерінің генеологиялық топтастырылуы
2.2 Тілдердің генеологиялық классификациясы

Тіл білімінде әлем тiлдері екi турлi тұрғыдан топтастырылады . Оның бірі тілдік материалдың бірлігі, яғни шығу тегiнiң бiрлiгi тұрғысынан . Ал екіншісі, шығу тегіне байланыстырылмай, кұрылысы мен типiнiң, ең алдымен, грамматикалык кұрылысының, ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан болып табылады. Топтастырудын бiрiншi түрi- тiлдердiң генеалогиялык классификациясы.

Әлем тілдерінің бір-бірімен өзара туыстығына байланысты салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастырылуын-тілдердін генеологиялық, яғни туыстық классификациясы деп атаймыз. Сондықтан жалпы алып қарағанда, тілтану ғылымында туыстық классификациясына байланысты топтарды-жанұялар деп атап, олардың өзін, өз ішінде жақын туыстығына орай бірнеше топтарға бөлген. Ал тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларды тудырады.

Қазіргі таңда әлем тілдері алты түрлі тіл жанұяларына бөлініп, өзіндік аумақ құрайды. Олар:



  1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи),

иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын),

славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман

(неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек,

албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл

жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.


  1. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад

және бербер тілдері.

  1. Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада,

малаялам).

  1. Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты,

мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.

  1. Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек,

ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур

(манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.



  1. Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады.

Осы аталған ірі алты тіл жанұясын «нострат тілдері» деп атайды.

Келесі үлкен тіл жанұясы осы «палеоазиат» тілдері. Оған:

1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)

2) Син-тибет (қытай, тибет)

3) Енисей (кет, юг)

4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.

Бұл жерде "жанұя" термині биологиялық ұғымды білдірмейді. Тілге қатысты болғандықтан тілдің шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығын аңғартады. Қоғамдық-тарихи құбылыс пен биологиялық құбылысты шатастырмау үшін бірнеше дәлелдер келтірілген. Мысалы, түркі тілдерінің өзара туыстас тілдер дегеннен-ақ жалпы түркілік бір негізден шыққанын тілдердің жиынтығы екенін білеміз. Тағы бірі латын тілінен - роман тілдері өзара туыстас болып,бір негізден шыққан. Сондықтан осы тілдердің туыстығы туралы ұғымды тарихи және лингвистикалық ұғым деп түсіну ең дұрыс түсінік болмақ.

Тілдердің туыстастығы, өз ара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өз ара өте жақын да болуы мүмкін. Мысалы, тілдердің индоевропа семьясына көптеген тілдер, соның ішінде орыс, белорус, украин, поляк, чех, болгар, неміс, француз, ағылшын, испан, фарсы, итальян, швед және т.б. тілдер енеді. Бұл тілдердің барлығы да туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындығы, олардың грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және фнетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі біркелкі емес.

Индоевропа тілдері өз ішінде славян тілдері, роман тілдері, герман тілдері, индия тілдері, иран тілдері деп аталатын топтарға бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің өз ара жақындық, ұқсастық жақтары әр түрлі топтарға енетін тілдердің ұқсастық, жақындық жақтарына қарағанда басым және мол болады. Мысалы, орыс тілі мен фарсы тілінің немесе орыс тілі мен француз тілінің жақындық, ұқсастық жақтарына қарағанда, орыс, украин, белорус тілдерінің өз ара жақындық, ұқсастық жақтары әлдеқайда мол. Аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлінеді. Мысалы, славян тілдері өз ішінде шығыс славян, оңтүстік славян, батыс славян тілдері болып бірнеше топқа белінеді. Шығыс славян тобына енетін орыс тілі мен батыс славян тілі тобына енетін поляк тілінің өз ара ортақ ьелгілеріне қарағанда, бір ғана кіші топ – батыс славян тобына енетін чех, словак, поляк тілдерінің жақындық жақтары мен өзара ортақ белгілері көп.

Айта кететін жайт, туыстас тiлдердiн бiр - бiрiмен арақатысы бірдей болмайды. Туыстас тiлдердiн iшiнде грамматикалык құрылысы мен негiзгi сөздік қоры және фонетикалық жүйесi жағынан бір-біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілер азырақ тiлдер де болады.

Генеалогиялық классификация бойынша дүние жүзіндегі тілдер тіл білімінде былайша топтастырылады:


  1. Үндіевропа тілдері.

  2. Семит-хамит тілдері.

  3. Кавказ тілдері.

  4. Фин-угор тілдері.

  5. Түркі тілдері.

  6. Монғол тілдері.

  7. Тунгус-маньчжур тілдері.

  8. VIII . Қытай-тибет тілдері.



жүктеу 33.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет