«Әлем тілдерінің генеологиялық жіктелуі»



жүктеу 33.99 Kb.
бет4/9
Дата10.02.2022
өлшемі33.99 Kb.
#17135
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әлем тілдерінің генеологиялық топтастырылуы
Жоспар

I Кіріспе

1.1 Жобаның өзектілігі.

1.2 Жобаның мақсаты.

1.3 Жобаның жаңалығы.

1.4 Зерттеу әдістері.

II Негізгі бөлім

2.1Тілдердің генеологиялық тарихы.

2.2 Тілдердің генеологиялық классификациясы.

2.3 Әлем тілдерінің топтастырылуындағы басты принциптер.



III Қорытынды:

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық ғылым әрі дербес ғылым болып табылады. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.

Жобада әлем тілдерінің туыстық топтастырылуы туралы анық мәлімет береді. Біз білетін ұқсас тілдердің қай жағынан ұқсас екендігін, олардың қандай топқа кіретіні туралы мәлімет береді. Бүгінде тілдер туыстық қатынасына қарай емес ұқсайтын тілдер класына бөлінген. Тілдердің классификациясының бір тармағын дамытады.

Генелогиялық,яғни қандас тілдерден бірден еске түсетіні-түркі тілдері. Одан бөлек дәл осындай құрылыммен туыс атанған тілдердің жай жапсары анықталған. Олар не себепті туыс тілдер? Оқырманға оймақтай мәліметті опырып тұрып дәлелдеу. Өзгерген тілдің өз тарихын біреу білсе, біреу білмес. Сол турасында топшалайды. Туыс атауы қаны бір деген сөз болғанмен, бұл материал оны жоққа шығарады.Себебі ,туыс атауын тек граматикалық мәндес тілдер топтастырылуы арқылы жинақталған атауға берген.Ал генелогиялық туыс, шығу тегі бір тілдер.Түбі бір түркілердің тарамдалып кеткен бұтағын қайта жиады. Егемен елде соғыссыз өз билігін осы тіл арқылы жеткізіп отырған мемлекеттерде бар,осылайша тілдің маңызында қарастырады.Тіл турасында әлем тілдерінің топтастырылуы туралы жазылған ғылыми еңбектер пайдаланылған.Салмақты ойды саралай отырып салыстырады.Табиғатынан туыс тілдер барма?Маңызға ие сұрақтардың жаубын дәлелдейді.Әрине тарихқа көз жүгіртсек туыс ұлттың тіліде жақын деп қарастырады. Алайда, құрылымы ескерілмейді. Ал тіл ілімнде тегінен бөлек,сөздік қорына қарай топтастырған. Жеткізілетін мәлімет қатары осындай болмақ.

Алдымен топтастырылуынан бұрын,тіл ұғымын еске салмақпыз. Әлем тілдері әлеуетіне қарай бөлінген бе? Жоқ әрине,бір тілден шығып эволюцияға ұшырай келе басып алу,шабу, жорық кездерінде өзгерген.Әуелде тілдің шығу тарихы қызу талқыға түскен.Бір тілден шығып оны әр ұлт өздерінің тұрғылықты мекеніне сай өзгертті деседі.Енді біреулері жаратылғаннан солай деп, ғажайыпқа сеніп жүр.Айналадағы дыбыстарға еліктеп, басында дыбыс арқылы ыммен сөйлесті деді.Міне осылайша дамыған тілдің тегеуріні әлем алпауыттарының арасында маңызға ие.Адам үшін тілдің маңызы зор. Қоғамда тіл болмаса, қазір қалай сөйлесетін едік, кім біледі, сурет салып, хат жолдайтын ба едік?! Заманның озық дамуында тілдің маңызы осылайша айырықша мәнді болды.Ол таңбалану арқылы кеңінен таралды.Біреудің жетегінсіз, жазылған материалды жалпақ жұртқа жар саламыз. Хош,аздап болсын тіл тарихын білдік, бірақ олар шынымен бір тілден тарағанба әлде өсе келе дамыған ба?! Солай дамып, жетіліп, кейін келе құрамындағы фонетикасы, лексика, морфемалары ұқсас тілдер деген тұжырымға келе топтастырдық. Және туыстық шығу тегіне қарай генеологиялық деп бөлдік. Бүгінде дүние жүзіндегі тілдердің ортақ ұқсастықтары шығуда сол жайында кеңінен тарқатып,саралайтын болады.


жүктеу 33.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет