Электротехника



жүктеу 58.48 Kb.
бет1/2
Дата19.02.2022
өлшемі58.48 Kb.
#17397
  1   2
1 Зертханалық жұмыс ЭиМ есеп шешімімен

Электротехника жәнемикроэлектроника пәні бойынша
№1 Зертханалық жұмыс
ОМ ЖӘНЕ КИРХГОФ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ТАРМАҚТАЛҒАН ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІН ТАЛДАУ


Берілгені: E1=10 В, Е2=5 В, R1=6 Ом, R2=5 Ом, R3=2 Ом, R4=1 Ом, R5=3 Ом, r01 = 0

1 – сурет


Есептеу керек: Ом және Кирхгоф заңдары бойынша тармақтардағы токтарды.


Шешуі: Кирхгоф заңдары бойынша белгісіз тармақтардағы токтарды анықтау үшін әуелі екі заңы бойынша жеке – жеке теңдеулер құрып алу қажет.

  1. Кирхгофтың бірінші заңы – кез келген электр тізбек бойындағы түйінге келіп, кеткен токтардың алгебралық қосындысы 0-тең.


(1)
(1) – өрнекке сүйеніп, 1-сурет бойынша теңдеу құрайық. Ол үшін теңдеулер санын анықтап алу керек.

K1 = n – 1 = 2 – 1 = 1 (2)



Мұндағы, K1 – Кирхгофтың бірінші заңы бойынша құрылатын теңдеудін саны, ал n – түйін саны (түйін саны 2-ге тең). 1-суретте а және b екі түйін бар. Егер токтын бағытын шартты түрде былай беретін болсақ (2-сурет).



2 – сурет


Онда түйінге келген токты оң (+) таңбамен, ал түйіннен кеткен токты теріс (-) таңбамен шартты түрде қабылдаймыз. Олай болса 1 және 2 – өрнектерге сүйеніп былай теңдеу құруға болады.


(3)


Түйін дегеніміз – кем дегенде үш тармақтың түйіскен жері.
Тармақ дегеніміз – екі түйін арасындағы тізбектің бөлігі немесе бойынан бір ғана электр тоғы жүретін тізбектің бөлігін айтуға болады.



  1. Кирхгофтың екінші заңы – кез келген электр тізбек бойындағы электр қозғаушы күштерінің (ЭҚК) алгебралық қосындысы, сол тізбек бойындағы кернеулердің түсуінің алгебралық қосындысына тең.




(4)
(4) – өрнекке сүйеніп, 1-сурет бойынша теңдеу құрайық. Ол үшін теңдеулер санын анықтап алу керек.
K2 = m – (n – 1) = 3 – (2 – 1) = 2

Мұндағы, K2 – Кирхгофтың екінші заңы бойынша құрылатын теңдеудін саны, mтармақ саны, ал n – түйін саны (тармақ саны 3-ке, түйін саны 2-ге тең). 1-суретте а және b екі түйін арасында үш тармақ бар. Егер контурдын айналу бағытын былай беретін болсақ (3-сурет) онда (4) –ші өрнекке сүйеніп келесі теңдеуді құруға болады.



3-сурет

жүктеу 58.48 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет