Елбасы белгілеп берген экономикалық, индустриялық-инновациялық дамуға бағытталғАН



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата15.02.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5

№13 (130) 18 тамыз, 

2016 жыл

30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ



БИЫЛ ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН 

ЕЛБАСЫ БЕЛГІЛЕП БЕРГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, 

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 

ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ДЕГЕН ҮЛКЕН 

ҚҰЛШЫНЫСПЕН ҚАРСЫ АЛҒАЛЫ ОТЫР. ОСЫ ШИ-

РЕК  ҒАСЫР ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ 

БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ДАМУШЫ ЕЛДЕР ҚАТАРЫНДА  

ДҮНИЕЖҮЗІНЕ ТАНЫЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, ӘЛЕМДЕ  ЯДРОЛЫҚ 

ҚАРУДАН БАС ТАРТҚАН АЛҒАШҚЫ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ 

РЕТІНДЕ ҮЛКЕН БЕДЕЛГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ.

ЕЛ ТІРЕГІ - АТА ЗАЊ



8 бет

С

ондай-ақ, 



Дүниежүзі 

сауда 


ұйымына    және  алғаш  рет  БҰҰ 

Қауіпсіздік  Кеңесіне  тұрақты  емес 

мүше  болуы  еліміздің  абырой-даңқын 

одан  да  асқақтата  түсті.  Осы  ұйым 

жөнінде  аз  ғана  мәлімет  бере  кетелік. 

БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесі  –  халықаралық 

бейбітшілік 

пен 


тұрақтылықты 

қамтамасыз  ететін  ұйым.  Кеңеске  

15  ел  мүше.    Қытай,  Франция,  Ре-

сей,  АҚШ  пен  Ұлыбритания  –  тұрақты 

мүшелері.  Тағы  10  мемлекет  тұрақты 

емес  мүше  болып  2  жыл  мерзімге 

сайланады.  Мысыр,  Сенегал,  Украи-

на, Уругвай мен Жапонияның өкілеттігі 

2017  жылға  дейін.  Ал,  Ангола,  Вене-

суэла,  Испания,  Малайзия  мен  Жаңа 

Зеландияның мүшелік мерзімі ағымдағы 

жылдың соңында аяқталады. Олардың 

орнын  басатын  елдер  қатарында 

Қазақстан  да  бар.  Қажетті  129 

дауыстың орнына 138 дауыспен жеңіске 

жеткен  мемлекетімізді  2017  жылдың  

1  қаңтарынан  бастап  жаңа  міндеттер 

күтіп  тұр.  Осындай  ірі  табыстарымыз, 

барлық саяси-экономикалық,әлеуметтік 

реформалардың ілгері басуы, мемлекет 

пен  қоғамның  дамуындағы  өзгерістер 

демократиялық,  зайырлы,  құқықтық 

және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 

орнығу  талпыныстарының  бәрі  де  –    

Ата  заң  қағидалары  негізінде  жүзеге 

асырылып  отырғанын  айта  кеткеніміз 

жөн. Міне, биыл Қазақстан Республика-

сы Конституциясының қабылданғанына  

21  жылға  қадам  басты.  Президентіміз 

Н.Ә.Назарбаев: «1995 жылғы Конститу-

ция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол 

егемен  Қазақстанда  конституциялық 

құрылыс  орнату  үшін  бұрыннан 

жинақталған  тәжірибелерді,  сондай-

ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін 

ең  прогресшіл  шетелдік  тәжірибелерді 

барынша  толық  пайдаланған  еді. 

Сондықтан  да,  кімде-кім  еліміздің 

Негізгі  заңының  рухы  мен  маңызын 

терең  түсінгісі  келсе,  оны  жасаудың, 

қалыптастырудың тарихын жақсы білуі 

керек»,  -  деген  болатын.  Солай  екен, 

әрбір  өскелең  жас  Ата  заңымыздың  

алғашқы  бастау  көзінен  бергі  қазіргі 

заманғы  тарихына  дейінгі  қалыптасу 

кезеңін толық білгені дұрыс. Өйткені, кез 

келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, 

д е м о к р а т и я л ы қ қ ұ н ды л ы қ т а р ы н 

айқындайтын 

негізгі 


құжат 

–  


Конституция. Онда мемлекеттің барлық 

құрылымдарының, жеке азаматтардың, 

ұлт  пен  ұлыстардың,  әлеуметтік 

топтардың 

мақсаттары, 

міндеттері, 

құқықтары көрсетіледі.

С

онау    дүниежүзі  тарихына    көз 



жүгіртсек,  Ежелгі  Рим,  Вавилон, 

Қытай,  Грекия  елдерінде,  Орта  ғасырлық 

Византия империяларында және түріктердің 

Осман  империясында  да  өз  заманының 

Ата  заңдары  болған.  Сол  сияқты  ХV-ХVIII 

ғасырларда өмір сүрген Қазақ хандығының 

да  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім 

ханның  ескі  жолы»,  Тәуке  ханның  «Жеті 

жарғысы» сияқты  заңдар жинағы маңызды 

рөл атқарды. Бұл заңдардың  әрбірі нақты 

бір  тарихи-саяси  жағдайда  қабылданып, 

сол кезеңдегі адам, қоғам және мемлекеттің 

құқықтық  мәртебесін  анықтап  отырған. 

Ресейлік  патшалық    өкімет  құлаған  тұста 

Қазақстанда  бас  көтерген  Алашорданың 

да  «Қазақ  елінің  уставы»  және  «Алаш 

партиясының 

бағдарламасы» 

атты 

конституциялық  құжаттарының  мәні  саяси 



тұрғыдан жоғары бағаланады. 

А

лаш  ұмтылысынан  кейін  респу-



бликамызда  бірнеше  Конституция-

лар  өмірге  келген.  Соның    алғашқысы  

1926  жылы  18  ақпанда  Қазақ  АССР-і 

Орталық  атқару  комитетінің  ұсынысымен 

тұңғыш Конституция жазылғанымен, РСФСР 

Орталық атқару комитеті оны бекітпегеннен 

кейін  күшіне  енбеген.  Сосын  1937  жылы 

26  наурызда  Жалпықазақ  кеңестерінің  

X  төтенше  съезі  қабылдап,  бекіткен  

Конституция  дүниеге  келген.  Қырық 

жылдық  ғұмыры  болған  осы  құжаттың 

орнын  1978  жылы  20  сәуірдегі  «кемел-

денген  социализм»  аталған  заманның 

Конституциясы басқан болатын. Міне, осы 

құжат  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарын-

да  жазылып  қабылданған,  1993  жылғы  

28  қаңтардағы  Қазақстанның  төл  Ата 

заңы қолданысқа енгенге дейін өмір сүрді. 

Тәуелсіздікке    қол  жеткізгеннен  соң,  Ата 

заңымыз  1993 және 1995 жылдары екі рет 

қайта түледі.

Т

оқтала  кететін  тағы  бір  жайт,  қазіргі 



қолданыстағы Ата заңымыз көптеген 

зерттеушілердің пікірінше, әлемдегі ең жас, 

әрі  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 

дәріптейтін  үздік  50  конституцияның 

бірі  болып  саналады  екен.  Бұның  өзі 

Қазақстанның  үлкен  әлеуетін  білдірсе 

керек.  ҚР  Конституциясының  негізгі  жо-

басын  Елбасының  өзі  жасап  ұсынды. 

«Біз  үшін  дамудың  әртүрлі  сатыларын-

да  тұрған,  сан  алуан  әлеуметтік-мәдени, 

ұлттық  және  басқа  да  ерекшеліктері, 

әртүрлі  құқықтық  жүйесі  бар  елдердің 

тұрақтылықты  нығайтудағы,  халықтың 

әл-ауқатын  жақсартудағы  және  де-

мократияны  дамытудағы  қол  жеткен  

табыстарын  ұғыну  маңызды  болды. 

Ізденіс  географиясы  да  ауқымды  бола-

тын. Ол Еуропаны, Азияны, Солтүстік және  

Латын  Америкасын  қамтыды.  Мен  өз  ба-

сым  тікелей  әлемдегі  жиырма  елдің  конс-

титуциясын  талдап,  олардан  конспекті 

жасап 


алдым. 

Нәтижесінде, 

жаңа 

Конституцияның  қажеттігі  туралы  шешім 



қабылдамас  бұрын  бізде  бес  жылдық 

жинақталған  тәжірибе  болды»  -  деп  жа-

зады  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан 

жолы» атты   кітабында.

Ш

ындығында, 



1995 

жылғы 


Конституцияның тағы бір ерекшелігі 

– ондағы төрт түрлі ұстанымның баптарда 

жинақталып  көрсетілуі.  Дәлірек  айтсақ, 

бұл біріншіден – қоғамдық келісім және сая-

си тұрақтылық, екіншіден –  экономикалық 

даму,  үшіншіден  –  қазақстандық  патрио-

тизм, төртіншіден –   маңызды мәселелерге 

референдум  жасау  және  Парламентте 

дауыс беру арқылы шешу. Міне, осы төрт 

мәселе біздің республикамыздың негізгі 

принциптері  болып  саналады.  Әлем 

елдері конституцияларының кіріспесінде 

мұндай баптар жалпы кездеспейді.

М

емлекетіміздің 



Конституция-

сы  –  бұл  біздің  бірлігіміздің, 

татулығымыздың  кепілдігі,  биліктің 

барлық  буынының  жолға  қойылған, 

тиімді  жұмысы,  еңбек  ету,  лайықты 

өмір  сүру  және  жан-жақты  үйлесімді 

даму  үшін  адамның  құқықтары  мен 

бостандықтарын  бекіту,  ұлтаралық 

келісім  мен  елдің  гүлденуі  болып  та-

былады. 


Конституция 

Қазақстан 

азаматының  өмір  сүруге,  сөз  және 

шығармашылық  еркіндігіне,  сонымен 

қатар дін ұстанымы еркіндігіне, еңбекке, 

демалысқа, 

денсаулық 

қорғауына, 

ақысыз  орта  білім  алуына  және  жеке 

адамның  қадір-қасиетіне  қол  сұғылмау 

құқығына  кепіл  болады.  Айталық, 

Егемен    елімізді    мекендеп  отырған 

жүздеген  ұлттар  мен  ұлыстардың    бір 

адамның      баласындай    тату-тәтті,  

бейбіт  тыныштықта  өмір  сүруіне  Ата 

Заңның   19-бабында  атап  көрсетілген 

«Әркімнің  ана  тілі  мен    төл  мәдениетін 

пайдалануға,  қарым-қатынас,  тәрбие, 

оқу  және  шығармашылық  тілін    еркін 

таңдап  алуға  құқығы  бар»  деген  жол-

дар  дәлел  бола  алады.  27-бабында: 

«Неке  мен  отбасы,  ана  мен  әке    және 

бала  мемлекеттің  қорғауында  бола-

ды»  делінсе,  29-бабында  «Республика 

азаматтары  заңмен  белгіленген  кепілді 

медициналық  көмектің  көлемін  тегін 

алуға  хақылы»  деп  жазылған.  Мұның 

өзі мемлекетіміздің өз азаматына деген 

шексіз қамқорлығын танытады.

Қ

а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы 



Конституциясының 

30-бабын-

да  баяндалған  азаматтардың  тегін 

білім  алуға  деген  құқықтары  Қазақстан 

Республикасының  Білім  туралы  Заңы 

негізінде  орындалып,  жүзеге  асыры-

луда.  Бүгінгі    күні  ел  ертеңіне  қызмет 

ететін  болашақ  жас  мамандарды  да-

йындауда мемлекет тарапынан және об-

лыс әкімшілігі тарапынан бөлініп жатқан 

білім гранттары соның айқын айғағы.

А

та  заңымыздың    шоқтығы  биік. 



Оның 

негізінде 

қоғамымызға 

қажетті  көптеген  заңдар  қабылданды. 

Әсіресе,  сот  жүйесі  туралы  заңның  

маңызы  орасан  зор.  Осы  заңға  сәйкес 

елімізде  үш  сатылы  сот  жүйесі  жұмыс 

істей  бастады.  «Сот  төрелігінің  әділдігі 

мен  жедел  әрі  толық  орындалуы  кез 

келген  елдің  кемел  болмысының 

көрінісі.  Халқы  заңын  сыйлайтын,  со-

тына сенетін қоғам - ең дамыған қоғам» 

деп Ұлт Көшбасшысы судьяларға  үлкен 

жауапкершілікті жүктеп отыр.

Ә

рбір  қазақстандық  азамат  біздің 



Конституциямызда  жария  етілген 

д е мо кр а т иял ы ққұ н дыл ы қт а р дың 

сақталуына 

жауапты. 

Татулығы 

жарасқан  қазақ  елінің,  Қазақстан 

халқының  қарымды  істері  бүгінде  әлем 

жұртшылығы  үшін  үлгі-өнегеге  айнал-

ды.  Мұның  өзі  біздің  Ата  заңымызда 

бүкіладамзаттық  құндылықтар  мен 

өркениеттік  игіліктердің  қамтылғанын 

айғақтайды.  Елбасы  көрсетіп  берген 

өршіл  мақсат  –  Қазақстанның  әлемдегі 

ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  жо-

лында  одан  әрі  үдемелі  даму  үдерісі 

арқа  тірейтін  іргетасы  болып  Ата 

заңымыздың айбыны асқақтай берсін.

  

Үсен ӨМІРЗАҚОВ, 



     бас редактор.

Gazeta.zhgu@mail.ru

ЕЛ ТІРЕГІ - АТА ЗАЊ



Жетісу 

университеті



АҒЫМДАҒЫ АҚПАРАТТАР

бейсенбі, 18 тамыз, 

2016 жыл

ОЛИМПИАДА  ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



2

Чемпион Алматыѓа оралды



Осы жетінің дүйсенбісінде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп 

жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу 

бойынша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған 

Дмитрий Баландин туған қаласы Алматыға оралды.

 

Халықаралық 

әуежайда 

жеңімпазды  

Алматы 

қаласының 



әкімі 

Бауыржан  

Байбек,  ҚазҰУ  ректоры  Ғалым  Мұтанов, 

сондай-ақ  Дмитрий  білім  алатын  осы  

әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  студенттері, 

спорт саласындағы ұйымдардың өкілдері, жас 

спортшылар, қала тұрғындары – барлығы 300-

ден  астам  адам  зор  қуанышпен  қарсы  алды. 

Жеңіске масаттанған жастар көк байрақ ұстап: 

«Баландин  –  чемпион!»,  «Алға,  Қазақстан!» 

деп ұрандатты. 

  –  Дмитрий  Баландиннің  Рио  Олимпиада-

сында  чемпион атануы  – біздің ел үшін та-

рихи  жеңіс.  Біз  бүкіл  ел  болып,  бұл  жеңіске 

ерекше қуандық. Мінеки, 21 жастағы Дмитрий 

Баландин  бірнеше  күннің  ішінде  жастардың 

«кумиріне»  айналды.  Бірақ  ол  қарапайым,  

биязы жігіт. Бұл жеңіс оның басын айналдырып жібермейді деп ойлаймын. Дмитрийдің 

жеңісі  кездейсоқ  жеңіс  емес.  Ол  бұл  жарысқа  жылдар  бойы  тер  төгіп  дайындалды. 

Сөйтіп,  әділ  түрде  жеңімпаз  атанды.  Алдағы  уақытта  елімізде  Дмитрий  Баландин 

секілді жастар көптеп шығып, чемпион атанып, еліміздің абыройын арттырады деген 

сенімдемін», - деді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Б.Байбек. 

Өз кезегінде Дмитрий Баландин қала басшысына және чемпионды  қарсы алуға кел-

ген барша азаматтарға ризашылығын білдірді: «Мен үшін елімізді әлемге таныту, көк 

Туды желбірету асқан мәртебе», - деді ол. Қазақстандық Олимпиада чемпиондарының 

саны  арта түсуіне бүкіл ел азаматтары үміт артып отыр.

Жењіспен ќ±ттыќтады

Тамыздың  9  жұлдызында    Рио-де-Жанейрода 

өтіп  жатқан  Олимпиада  ойындарында  ауыр  атле-

тика бойынша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 

облысымыздың  мақтанышы  Карина  Горичева 

қос  сайыс  қорытындысында  243  келі  салмақты 

бағындырып,  қола  медаль  иеленген  болатын.  

Каринаны  осы  жеңісімен  облыс  әкімі  Амандық 

Баталов  құттықтап,  арнайы  жеделхат  жолдады. 

«Барша  қазақстандықтармен  бірге  жетісулықтар 

да  сіздің  шаршы  алаңға  шыққан  сәттеріңізді 

қалт  жібермей,  қадағалап  отырды.  Біздің  үмітіміз 

ақталды,  қазақстандық  ауыр  атлеттердің  әлемнің 

ең үздік спортшылары қатарында екенін дәлелдеп, 

жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің абыройын 

асқақтаттыңыз. Бұл жеңіс – күн сайынғы жаттығуда 

төгілген  тердің,  жаттықтырушылардың  табанды 

еңбегінің өтеуі, жалынды жігер мен қайсар мінездің, 

жанкүйерлердің  қызу  қолдауының  нәтижесі.  Бұл 

жеңіс  сіздің  спорттық  сапарыңыздағы  толайым 

табыстардың  басы  ғана  деп  білеміз»,  –  делінген  

жеделхатта.

Қазақ балуаны өзбектерге қола медаль сыйлады

Елмұрат  Тасмұрадов  Өзбекстандағы  қазақтар  көп  тұратын  Бостандық  ауданының 

тумасы.  Түрлі  себептермен  Қазақстан  құрамасына  алынбаған  ол  Өзбекстан  атынан 

грек-рим  күресінен  59  келіде  сынға  түсіп,  Олимпиаданың    қола  жүлдегері  атанды.  Ол 

ОҚО-дағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатының түлегі. Азияның үш дүркін 

чемпионы, әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлде иеленген. Елмұрат жартылай фи-

налда қырғыз Арсен Ералиевтен 13:8 есебімен басым түсті.Ал, осы салмақтағы Алмат 

Кебіспаев  осымен  екінші  Олимпиадасында  жүлдесіз  қалды.  Ол  жұбаныш  белдесуінде 

норвегиялық балуанға есе жіберіп қойды.

МАТЕРИАЛДЫЌ ЌОЛДАУ 

К¤РСЕТІЛДІ

ИННОВАЦИЯ

ЌАЛДЫЌ ТА КЄДЕГЕ ЖАРАЙДЫ

Gazeta.zhgu@mail.ru

«МЕКТЕПКЕ  ЖОЛ»

Облыс  әкімдігінде  арнайы  өткізілген 

баспасөз 

мәслихатында 

акцияның 

барлық  ерекшеліктері  туралы  кеңінен 

айтылды.  Кездесу  барысында  облыс 

әкімінің  орынбасары  Бақтияр  Өнербаев 

пен  облыстық  білім  басқармасының 

басшысы 

Ләззат 


Базарқұлова 

қатысушылардың  сұрақтарына  жауап 

берді.

Ол  кісінің  айтуынша,  акция  барысын-



да  білім  беру  саласының  органдары 

мен  тиісті  әлеуметтік  қызметтер  әрбір 

елді  мекенде  арнайы  рейдтер  жүргізді. 

Соның  нәтижесі  бойынша  әлеуметтік 

көмекті  қажет  ететін  балалардың  мекен 

жайы мен жеке тізімі жасалуда. Осы арқылы 

балалардың  мектепке  келуі  қамтамасыз 

етілетін  болады.  Бүгінгі  күнге  дейін  1297 

рейд жасалды.

          Өткен  жылы  облыста  51  237  балаға 

жалпы  сомасы  427  млн.  500  мың  теңгеге 

материалдық  көмек  көрсетілген  екен.  Бұл 

көмектің  басым  бөлігі  демеушілік  арқылы 

жасалған.  Бұл  істе  Талдықорған,  Қапшағай 

қалаларының,  Жамбыл,  Еңбекшіқазақ, 

Алакөл  және  Қаратал  аудандарының 

тұрғындары  белсенділік танытқан. Биыл да 

көрсеткіш жоғары болатына сенім үлкен.



Алматы облыстық білім 

басқармасының мәліметі 

бойынша Қазақстан  

Республикасы 

Тәуелсіздігінің  

25 жылдығы аясында 

«Бақытты балалық шақтың 

аймағы» ұранымен өтіп 

жатқан «Мектепке жол» 

республикалық акциясының 

алғашқы 10 күнінде өңірде 821 балаға 8 млн. 489 мың теңге 

көлемінде  демеушілік көмек көрсетілді.

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Талдықорған 

қаласында 

түрлі 

қалдықтарды 



өңдейтін 

«ЭкоСер-


вис-Арман»  ЖШС  зауыты  жұмыс 

істейді.  Кәсіпорын  директоры  Гүлнар 

Мадыбаеваның  айтуынша,  жобаның 

құны  250  млн.  теңгені  құрайды.  Мұнда 

италияндықтардың идеясымен Қытайда 

жасалған  қондырғылар  орнатылған. 

Инновациялық 

жоба 


халықаралық 

стандартқа сәйкес шикізатты қалдықсыз 

өңдейді.  Кәсіпорынның  жобалық 

қуаты  күніне  50  тонна  қалдық 

өңдеуге қауқарлы. Зауыт резеңке, 

пластик,  қағаз,  медициналық 

қалдықтар, тіпті мал  өлекселерін 

де өңдеп, олардан газ, қара май, 

жанар-жағармай, 

техникалық 

көміртегі  мен  жартылай  кокс  ала 

алады.  Бұл  өнімдердің  бәрін 

қайтадан  өндіріске  қолдануға 

мүмкіндік  мол.  Тіпті,  өңдеу 

жұмысынан  кейінгі  күйенің  өзі 

баспаханаларда  бояу  ретінде 

қолданылады, сондықтан оған да 

сұраныс бар.

Зауыт мұржасынан түтін мен зиянды зат-

тар  шықпайды.  Себебі,  шикізат  жанғанда 

одан шығатын түтін пеш ішіндегі катализа-

торда, арнайы дайындалған су бассейнінде 

сүзіліп  қалады.  Сондықтан,  сыртқа  тек  ақ 

түтін мен бу ғана шығады. Мұнда әзірге 30 

адам  жұмыс  істейді.  Зауыт  толық  қуатына 

шыққанда  жұмысшылар  саны  тағы  да 

толыға түспек.

БОЛАШАЌТЫ БОЛЖАЃАН ЖИЫН

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Өмір 

бойы  білім  алу  әрбір  қазақстандықтың 

жеке  кредосына  айналуы  тиіс»,-

деп  атап  көрсеткен  болатын.  Бұл 

дегеніміз  оқушы  жастарға  оқу-тәрбие 

беретін  педагогтардың  мәртебесі  мен 

жауапкершілігі  орасан  зор  екендігін 

көрсетеді. 

Жуырда  Талдықорған  қаласы  бо-

йынша  мектеп  мұғалімдерінің  «Білімді 

ел  –  Мәңгілік  ел»  атты  тамыз  конфе-

ренциясы  өтті.  Онда  өткен  оқу  жылы 

қорытындыланып,  алдағы  жаңа  оқу 

жылының  міндеттері  мен  мақсаттарын 

айқындап бекітті. Биыл ҰБТ-ға қатысқан 

талдықорғандық  түлектердің  142-сі 

100  балдан  жоғары  жинады.  Олардың 

23-і  "Алтын  белгі"  иегерлері  болды.  

Бұдан  бөлек  оқушылардың  біразы  

халықаралық  жарыстарда  топ  жарды. 

Мәселен,  өткен  оқу  жылында  аталмыш 

сайыстарға  түскен  178  оқушының  125-і 

жүлдемен оралған. Оның басым көпшілігі 

қалалықтар.  Сондай-ақ,  12  жылдық 

білім  беруге  көшу  жағдайында,  орта  білім 

мазмұнын  жаңғырту  бағдарламасымен 

үштілділікке енгізуге байланысты, біліктілікті 

арттыру курстарынан облыс бойынша 5824 

мұғалім  өткен.  Конференция  барысында 

үздік  деп  танылған  мұғалімдер  мен  мектеп 

ұжымдары  қала  басшысының  алғыс  хаты-

мен марапатталды. Қала бойынша бірнеше 

жылдан бері ҰБТ көрсеткіші бойынша бірінші 

орынды  бермей  келе  жатқан  №14  мектеп 

гимназиясы ерекше атап өтілді. Бұл мектеп 

білім деңгейінен бөлек айтулы тұлғаларымен 

де дараланады. Айталық, Ғарышкер  Айдын 

Айымбетов пен кеше ғана Рио Олимпиада-

сында қола медаль алған Карина Горичева 

осы мектептің түлегі.  

Тамыз 

конференциясында 



балалар 

арасындағы қылмыс, мектепке дейінгі білім 

беру  мекемелерінің  мәселелері  де  сөз 

болды.  Ал,  мұғалімдер    жаңа  оқу  жылы-

на  дайындықтарын  ширатып,  тыңғылықты 

дайындалуға бел буып тарқасты. 



Баян ЖАНАБАЕВА.

Олимпиаданың  алғашқы  күнінен-ақ 

жоғары дайындықпен келген  спортшыла-

рымыз Қазақстанның қоржынына медаль 

салды.  Дзюдодан  ерлер  арасында  сынға 

түскен  басты  үміткеріміздің  бірі  Елдос 

Сметов ақтық сынға жолдама алып, күміс 

медальге қол жеткізді. Финалда ресейлік 

Беслан  Мудрановпен  белдескен  отанда-

сымыз  оңайлықпен  берілген  жоқ.  Негізгі 

уақытта  есеп  ашылмады.  Тек  алғашқы 

ұпайға  дейін  жалғасатын  қосымша 

уақытта  Мудрановтың  жолы  болды.  

Нәтижесінде,  Елдос    Сметов  күміспен 

күптеліп, ел сенімін ақтады.

К‰міспен 

к‰птелді

Моңғолиялық балуан қыз қазақ тілінде алғыс айтты

 

Рио Олимпиадасынан дзюдошылар елге оралды. Алматы әуежайында  ел қоржынына  



алғашқылардың  бірі  болып  қола  медаль  салған  Моңғолиялық  балуан  қыз  Галбадрах  

Отгонцэцэг қазақша сөйледі. 

 – Маған жанкүйер  болғандарыңыз  үшін  рахмет. Мен  Олимпиада  медалін  күткенмін. 

Қолдауларыңызға тағы да рахмет. Алға, Қазақстан! - деді ол. Елдос Сметов болса, өз 

жеңісін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайтынын айтты. Еске сала кетейік, Галбадрах 

Отгонцэцэг Олимпиаданың қола жүлдегері атанса, Елдос Сметов күміс иеленді.



bag.kz.news sport_rio_2016

Елімізде білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен 

мемлекетті өркендету саясаты болып табылады. Жыл 

сайын өткізілетін білім қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз 

конференциясында қаралатын мәселелер ел ертеңі үшін 

қашанда маңызды және қажетті.

bag.kz

Жетісу 

университеті



ПУЛЬС ВРЕМЕНИ

четверг, 18 августа,

2016 год

3

КОНСТИТУЦИЯ – ГЛАВНЫЙ



Свою конституцию име-

ют только те страны и 

народы Планеты, которые 

сумели отстоять свою 

свободу и независимость, 

смогли создать суверенное 

государство.  Если учесть 

особенности разных исто-

рических эпох развития 

человечества, это было 

для многих существовав-

ших когда-либо на Земле 

наций и народностей, 

различных человеческих 

общностей и стран непо-

сильной задачей, в резуль-

тате многие из них исчез-

ли, навсегда покинув арену 

борьбы за свободу.

Б

иография нашего 

героя – Балабека 

Исламжанова, история  

нынышней династии  

Балабековых очень ин-

тересна и поучительна 

для молодого поколения. 

Она тесно переплетена с 

историей нашего народа 

и Жетысуского края.

НАРОД НЕ ЗАБЫВАЕТ СВОИХ ГЕРОЕВ

Наверное,  не  «наверное»,  а  точно, 

именно такие люди, как  Балабек Ислам-

жанов,    в  годы    Великой  Отечественной 

войны,  самой  кровопролитной  за  всю 

историю  человечества  войны,  в  очень 

сложных  ситуациях  стояли  насмерть, 

«вызывая  огонь  на  себя».  Восхищаясь 

стойкостью  таких  людей,  поэт  написал 

«Балладу  о  гвоздях».  Многие  и  сейчас 

помнят  строку  из    этой  баллады:  «Сде-

лать бы гвозди из таких людей»…

Они, выжившие в этом аду, и в после-

военные трудные годы, «вызывали огонь 

на себя», стремясь взвалить на свои пле-

чи  всю  тяжесть  ноши,  не  жалея  ни  сил, 

ни здоровья, не покладая рук, трудились 

ради  того,  чтобы  быстрее  восстановить 

былую мощь страны, обессиленной, раз-

рушенной    долгой  и  изнурительной  вой-

ной…


Одним  из  них  был  наш  земляк  –  Ис-

ламжанов  Балабек  Исламжанулы,  ро-

дившийся и выросший  в наших краях – 

Жетысу.


…Балабек  –  потомок  одного  из  пере-

селенцев из царской России в Казахстан, 

искавших  лучшую  долю  на  этой  земле. 

Его  дед,  уроженец  приволжских  краёв,  

по прибытии  в Семиречье нанялся рабо-

тать у одного из местных казахских баев, 

пас скот, помогал по хозяйству, со време-

нем,  благодаря  трудолюбию,  смекалке, 

своим  чисто  человеческим  качествам, 

стал правой рукой работодателя. Женил-

ся  на  его  дочери.  От    них  и  берет  свое 

начало нынешний род Балабековых.

Балабек Исламжанов родился 21 сен-

тября 1925 года в ауле Тастыозек (село 

Когалы)  Гвардейского  района  Алматин-

ской области в семье  простых тружеников 

села  Сламжана  и  Секиш.  Так,  наверно, 

было суждено -  он в возрасте 6 лет остал-

ся без матери, воспитывался в Когалинском 

детском  доме,  где  окончил  8  классов.  Тут 

началась Великая Отечественная...

17-летний юноша в 1942 году доброволь-

но ушел на фронт.  Балабек считал своим 

священным долгом быть в рядах защитни-

ков Родины.

Был  минометчиком  на  втором  Белорус-

ском фронте, героически сражался в составе 

Рогачевской  стрелковой  дивизии.  Участвуя 

в  кровопролитных  боях  за  освобождение 

многих городов и населенных пунктов СССР 

и  европейских  стран,  молодой,  но  уже  бы-

валый воин дошел до Берлина. За отвагу и 

совершенные беспримерные подвиги в боях 

против фашистских захватчиков боец из Ка-

захстана был награжден орденами «Славы» 

I  и  II  степеней,  «Красной  звезды»,  «Отече-

ственной войны», медалями «За освобожде-

ние города Кенигсберг», «За взятие Берли-

на» и другими знаками отличия.

В 1944 году был принят в ряды КПСС, ему 

по приказу Верховного командования было 

присвоено офицерское звание. В рядах Во-

оруженных сил лейтенант Исламжанов оста-

вался до 1948 года, после Великой Победы 

он служил комендантом города Кенигсберг, 

домой вернулся только в 1948 году.

Но  и  после  войны  многим 

защитникам Родины, «проша-

гавшим полсвета» и прошед-

шим  «огонь,  воду  и  медные 

трубы», покой, как говорится, 

только снился.

И  Балабек  Исламжанов 

сразу  же  взялся  за  дело,  а 

дел  было  невпроворот.  Как 

грамотному,  идейно-закален-

ному,  энергичному  молодому 

человеку  и  коммунисту,  ему 

поручались 

отвественные 

участки  работы.  Он  работал 

в  Когалинском,  Гвардейском, 

Каратальском  районных  ко-

митетах  партии,  заведовал 

парт.кабинетом  Кировского 

райкома КПСС, был редакто-

ром  Каратальской  районной 

газеты. Работы прибавилось, 

когда 

целеустремленный  



Балабек  без  отрыва  от  про-

изводства  окончил  историче-

ский  факультет  КазГУ  имени 

С.М.Кирова  (1960  год),  Талдыкорганский 

зооветеринарный  техникум  (1964г.),  затем 

Алматинский  зооветеринарный  институт 

(1967г.) .

Б.Исламжанову  руководство  поручало 

любое  важное  дело  с  большим  доверием. 

Кем только не приходилось ему работать во 

благо родного края? 

Многие  старожилы  –  талдыкорганцы  до 

сих пор помнят: он был главным зоотехни-

ком,  затем  директором  совхоза  «Коржын-

коль»,  директором  птицеводческой  фермы 

«Инкубатор»,  «Транспортно-мелиоратив-

ной»  станции,  совхоза  «Кураксу»  Борлито-

бинского района, Главным государственным 

инспектором  Сельхозуправления  и  т.д.  Ба-

лабек  Исламжанов  неоднократно  избирал-

ся  депутатом  районного  совета.  Невольно 

удивляещься, как он все успевал? И самое 

главное,  все  выполнял  на  совесть.  Навер-

ное,  по  фронтовой  привычке  «вызывал 

огонь на себя».

Несмотря на нескончаемые важные дела, 

он был очень хорошим семьянином, добрым 

и любимым мужем и прекрасным отцом. Со 

своей  супругой  Нагимой  Ахметкалиевной 

Мулькубаевой  воспитали  5  детей,  создали 

все условия для того, чтобы каждый из них 

стал  достойным  членом  общества,  чтобы 

получил высшее образование. Одна из них 

– Исламжанова Гульнара Балабеккызы ра-

ботает в Жетысуском государственном уни-

верситете  имени  И.Жансугурова,  высоко-

квалифицированный  специалист,  гордость 

своего коллектива, словом, достойная дочь 

отца.

В  настоящее  время  ветерана  войны  и 



труда,  замечательного  человека  Балабека 

Исламжанова среди нас, к сожалению, нет, 

но добрая память о нем живет.

Недавно  его именем была названа одна 

из улиц города Талдыкоргана.

Народ всегда помнит своих героев.

 


Каталог: uploads -> files -> 2016-09
files -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
files -> Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ
files -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-09 -> Жетісу №15 (132) 22 қыркүйек
2016-09 -> Ел тірегі ата зањ Әлсіздер күштілерден жасқанады, Білімділер бар әлемді басқарады

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет