Ел тірегі ата зањ Әлсіздер күштілерден жасқанады, Білімділер бар әлемді басқарады



жүктеу 0.6 Mb.

бет5/6
Дата15.03.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6

Асыл ҚАЙРАНБАЕВА,

№1 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Оқуға  түссем  менен  бақытты  жан  бол-

мас.  Е,  Алла,  тілеуімді  бере  гөр!»  деп 

құдайдан  тілеп  жүрдім.  Тамыз  айын-

да  оқуға  түскенім  жайлы  қуанышты  ха-

бар  алғанда  еріксіз  көзіме  жас  алдым. 

Мемлекеттік  грантка  ие  болу  маңдайыма 

бұйырмаса  да,  Жер  жаннаты  Жетісу 

жеріндегі  Ілияс  Жансүгіров  атындағы 

Жетісу  мемлекеттік  университетінің  жур-

налистика  мамандығында  білім  алу,  «сту-

МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ

БОЛАШАFЫМНЫЊ БАСТАМАСЫ



Әлі есімде жаз мезгілі 

еді. Қолыма бір папка 

құжатымды ұстаған мен 

көзім бадырайып, жан-

жағыма қарайлаумен  бол-

дым. Алдымнан үлкен зәулім 

ғимарат көрінгенде, «осы 

білім ордасында оқитын 

білімгерлердің қатарына 

қосылсам-ау» деп іштей 

күбірлеп қоямын. Универси-

тетке қабылдау емтиханы да 

жақындап қалды. 

дент»  атану  бұйырған  екен.  Бұл  универси-

тет болашағымның бастамасына айналды.

Асыға  күткен  қыркүйек  айы  келіп,  сабақ 

басталды.  Ұядан  жаңа  шыққан  балапан-

дай  үрпиіп-үрпиіп  түк  түсінбей  жүрміз. 

Жаңа орта, бұрын көрмеген ұстаздар, жаңа 

достарға  үйреніп  кету  оңай  болмады.  Ау-

диториядан  аудиторияға  ауысып  жүргенде 

адасып  та  кететінбіз.  «Балмұздақтар» 

деген  атқа  да  ие  болдық.  Сол    уақыттағы 

оқиғалар есімізге түссе күліп те аламыз.

Уақыт талабы мен заман сұранысы бүгінгі 

күнде  тек  білімді  ғана  емес,  білікті  маман 

болуды  да  қажет  етеді.  Осыған  үлкен 

үлес  қосып  келе  жатқан  Ілияс  Жансүгіров 

атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 

бұл  күнде  білім  мен  ғылымның,  мәдениет 

пен спорттың іргелі, заманауи білім ордасы-

на айналды. Білімгерлерге барлық жағдай 

жасалынған.  Тек  ізденіп,  мақсат  қойып 

оқысаңыз болғаны. Соңғы үлгіде салынған 

жатақхана  беріледі. 

Жол жүру билетін де 

тегін  алып  келеміз. 

Болашақ 


мықты 

маман 


иелерін 

тәрбиелеуді  жүзеге 

асыру 

жолында 


аянбай 

қызмет 


етіп    келе  жатқан 

білікті  ұстаздар  да, 

білімгерлердің сапа-

лы  біліммен  қатар, 

саналы 

тәрбие 


алуына  аянбай  тер 

төгуде. Осының бәрі 

университетіміздің 

бізге беріп отырған қамқорлығы. Осындай 

білім ордасының барына және осы оқу ор-

нында білім алып жүргенімді мақтан етемін.



Балжан ЖҰМАНБЕКОВА,

білімгер.

Жетісу 

университеті



ӨНЕГЕ

бейсенбі, 8 қыркүйек, 

2016 жыл

10

Gazeta.zhgu@mail.ru

ЕСТЕЛІК

әрқайсысымен  жекелей  танысты 

да:

–  Ауданның  бірінші  хатшысы 



кім? – деді.

–  Ол  кісі  облыс  басшысының 

орынбасарын  қарсы  алуға  кетіп 

еді…


– Қазір келіп қалар…

- Басқалары түгел осында…

–  Аудандық  советі  атқару 

комитетінің 

председателі 

Н.Белянина  бастаған  аудан  бас-

шылары шу ете қалды.

-  Жуырда  жетпіс  жылдық  ме-

рей  тойы  аталғалы  отырған  бір 

туар тұлға, ұлы композитор, қазақ 

операсының  жұлдызы  –  Мұқан 

Төлебаев  емес  пе  еді?!  Оның 

мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ізін 

жалғастырушылар  біз  бе  десек, 

облыс  басшылары  екен  ғой…Со-

лай  ма?…А!?…  Жиналғандардың 

үні өшті.

–  Менің  машинама  мәдениетке 

қатысы  бар  адам  ғана  отырсын. 

Қалғандарың келе жатарсыңдар…, 

деп  Нұрекең  машинасының  есігін 

тарс жапты.

Аудандық 

мәдениет 

басқармасының  бастығы  Серік 

Әбдіхамитов  аудандық  атқару 

комитеті 

төрағасының 

орын-

басары 


қызметіне 

көтеріліп, 

мәдениет  саласы  бастығының 

міндетін  атқарып  жүргенмін.  Ой-

ланып  тұруға  уақыт  қайда,  артқы 

орындыққа жайғаса бере машина 

орнынан жедел қозғалды.

Ұзын  жолға  қарап  біраз  үнсіз 

отырған Нұрекең:

- Сен қашаннан бері мәдениетке 

бастықсың?!  –  дегенде  онсыз  да 

берекем  қашып    отырған  менің 

жүрегім  зу  ете  түсті.  –  Мәдениет 

ошағын  өрге  сүйрейтіндей  өнер 

ауылына  жақындығың  бар    ма? 

Әлде, сілтеген жаққа жұмсалатын 

п а р т о к р а т т а р д ы ң  

қолшоқпарымысың?!…

–  Ептеп…Домбыра  тарта-

тыным бар…солақай…

– 

Шынымен 


солай 

ма?…Онда 

сен 

осал 


болмадың  ғой,  бауырым… 

– Артына бұрылды. Жүзінен 

ризашылық 

нышаны 


байқалды.  –  Ім…Сонымен 

домбыраны  солақай  тартамын 

де…  Д-ұ-р-ыс…  Жоспарларың 

қалай? Қазір қайда апарасыңдар?

-  Алдымен  асханадан  дәм  та-

тып…Содан соң…

-  Содан  соң  не  жасайын  деп 

едіңдер?


-Сіздер  біраз  дем  алып… 

Кешкісін  көрермендер  оркестрдің 

өнерін тамашаласа…

–  Алдымен  асханаңа  тарт, 

қалғанын көре жатармыз, бала, – 

деді сәл сабасына түскендей.

Аудан  орталығындағы  жалғыз 

асхананың  арт  жағынан  кіретін 

шағын  бөлмесі  бар.  Бетке  ұстар 

азаматтар  келгенде  ғана  тіршілігі 

басталатын  орын  ойдағыдай 

даярланыпты.  Төрге  Нұрекең, 

қатарласа  ақ  машинада  бірге 

келген бір қыз, бір жігіт жайғасты. 

Алғашқы қалыптан айыға алмаған 

қарсы алушы топ лауазымдарына 

қарай  төмендеу  жайғасты.  Бәрі 

де  «ендігі  билік  өзіңде»  дегендей 

маған  қарай  береді.  Бұл  кезде 

табақ  та  тартылып,  дәмді  тағам 

иісі  кеңсірікті  кеулей  бастаған. 

Бірақ  «Ауданның  бірінші  хат-

шысы  келмей  тамақ  ішпеймін» 

деген  Нұрағаңның  бір  ауыз  сөзі 

ортаға тылсым тыныштықты тағы 

ұялатты.  Осы  сәтті  күткендей 

аудандық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  сәлем  бере  кіріп 

келгені.

–  Ассалаумағалайкум,  аға, 

кешіккеніме кешірім сұраймын…

- Айналайындар, сендер біреудің 

ұйғарымымен  таққа  уақытша 

отырған 


адамсыңдар.Ұнамай 

қалсаңдар,  ертең  қызметтеріңнен 

кетесіңдер.  Ал,  алланың  өзі  ғана 

сыйлаған  тума  таланты  бар 

Нұрғиса  Тілендиевті  өнердегі 

тағынан тек сұм ажал ғана айыра-

ды. Осыны түсінесіңдер ме ?!…

–  Қашанда  қазақ  қызын 

құрметтеген 

ғой, 


аға. 

Қарындасыңыздың  қас-қабағына 

қараймын  деп…  мен  үшін  кешігіп 

қалды аудан басшысы… Кінәлімін, 

Нұр аға… - деп келісті келген қара 

торы келіншек кішіпейілділік таны-

та композитордың бетінен сүйді.

Ұлы  адамдар  кек  сақтамайды 

тегінде.  Ашуын  ақылға  жеңдірген 

композитор ағамыз алдына келген 

екеуді  де  ыстық  құшағына  алды. 

Дегенмен,  өлімнен  ұят  күшті.  Ла-

уазымды  бірінші  кезекке  қоятын 

шенқұмар  басшылардың  қай-

қайсысына  да  сабақ  аларлықтай 

сұсты  сөз  еді    Нұрағаңның 

айтқаны.  Басқалардың  жетесіне 

жетті  ме,  жетпеді  ме,  кім  білсін, 

менің ойымды дөп басты. 

Аудан 


орталығы 

жұртшылығының 

ыстық 

ықыласына 



бөленген 

өнер 


саңлақтары  ертеңгісін  ұлы  ком-

позитор 


Мұқан 

Төлебаевтың 

туған ауылына қарай бет түзеген. 

Шаруашылыққа,  ондағы  күрделі 



Қ

асиетті Бөрлітөбе өңірінің  құмдауыт 

шағылдары шырқай ән салып 

тұратындай сезіледі. Салқын лебімен жан 

сарайыңды ашатын Лепсі өзені, ол еркелей барып 

бауырына кіретін Балқаш көлі құмды өңірдің көркі. 

Құс еркесі қырғауылы, қырдан қашқан қояны, 

қатыгез қабаны қарсы жолығатын Қарашыған 

мен Құрақсудың сұлу табиғаты еріксіз тамсанды-

рады. Барып көріңіз, қайтқыңыз келмейді.

жөндеуден  өткізілген  мәдениет 

үйіне  опера  жұлдызының  есімі 

беріліп,  мерейтой  қарсаңында 

қыруар жұмыстар атқарылған еді. 

Бұған  алдын  ала  ризашылығын 

білдіріп  келе  жатқан  Нұрғиса  аға 

клуб  маңдайшасына  ілінген  ком-

позитор суретін көргенде бұлқан-

талқан ашуланбасы бар ма.

– Мыналарың  кім?!  

–  М-мұ-қан  ағамыз  ғой…- 

дейді  аудандық  кеңесі  атқару 

комитетінің төрағасының орынба-

сары  ақкөңіл жігіт – Серік. 

– Мұқан! Қай, Мұқан?…

С ұ р а қ т ы ң м а ғ ы н а с ы н а 

түсінбегендер  аң-таң  күйде.  Әр 

тұстан  «композитор  Төлебаев 

қой»  деген  көмескілеу  күбірлер 

шығып жатты.

-  Аталарыңның  басы…  Мен 

көрген  ұлы  тұлға  бейнесі  бұған 

мүлде  ұқсамайды.  Мынаны  осы 

шаруашылықтың  қойшысы    – 

Мұқан Төлебаев десеңдер сенуім 

мүмкін. 

Композиторлардың 

кемеңгерін мазақ қылмай, суретті 

қазір алып тастаңдар?!

Ауданнан  автокран  алды-

рып  әрең  ілген  суретті  орнынан 

қозғау оңайға тимеді. Амал нешік, 

автоклубтың  үстіне  шығып,  одан 

әрі арқан байлап, «жабыл кедей, 

жабыл»  дегендей  кешкі  концерт 

басталғанша  сурет  алынды-

ау,  әйтеуір.  Бұл  жерде  ауыл 

суретшісі  Асқардың  кінәсі  жоқ. 

Ол  қарап  салған  сурет  болашақ 

композитордың  колхозда есепші 

болып жүргендегі жансыз бейнесі 

еді... 

Иә,  қашан  да  сын  түзелмей, 



мін 

түзелмейді. 

Жіберілген 

олқылықтың 

орны 

толып, 


Нұрекеңнің 

көмегімен 

Ұлы 

композитордың  келісімді  бейнесі 



астанадан  әкелінді.  Бұл  бір 

өткінші  оқиғалар  тізбегі  болып 

көрінуі  мүмкін-ау.  Десе  де,  аста-

рында  үлкен  тәрбие,  түсінер 

адамға  ұлағаты  мол  уытты  да 

ұтымды  мағына  жатыр.  Адам 

бойындағы  білместігін  осын-

дай  ойлы  қағидалардан  кейін 

қайталамауға  тырысары  анық. 

Ақпарат,  өнер  салаларындағы 

көрген-білгендерім мен үшін алға 

апарар  үлкен  жолдың  бастама-

сындай көрінеді.

Осы  бір  шағын  оқиғаның  куәсі 

болғаныма  да  табаны  күректей 

қырық жыл өтіпті. Сол бір жүздесу 

Нұрағаңмен  жақынырақ  таны-

суыма  мүмкіндік  туғызып,  ол  кісі 

дүниеден  өткенше,  аға  мен  іні 

ретінде сыйластық. Сәті түскенде 

Жамбыл  атасының  жанында 

жатқан  ұлы  тұлғаның  кесенесіне 

барып, рухына бас иемін.

Тұрлыхан КӘРІМ.

Шұрайлы  жерден  шынайы  та-

ланттар  шығатыны  рас.  Қазақ 

халқының 

сүйіктілері, 

опе-


ра  жұлдызы,  әлемге  әйгілі  – 

Мұқан  Төлебаевтың,  компози-

тор 

Еркеғали 



Рахмадиевтің, 

күміс  көмей  әншілер  –  Сара 

Тыныштығұлова 

мен 


Кеңес 

Бақтаевтың  Шұбартүбектегі  бір 

ғана  «Үлгі»  ауылының  тумала-

ры  екендігін  әркім  біле  бермейді. 

Осынау 

дарындылар 



мекені 

атанған  өлкеде  тоғыз  жылдай 

жемісті  қызмет  атқарғаным  бар. 

Басында  өз  мамандығым  бой-

ынша  аудандық  «Балқаш  өңірі» 

газетінде, 

кейіннен 

мәдениет 

саласының  қиын  да  қызықты 

жұмысына араласуыма тура келді. 

Аудан  орталығында  жаңадан  бой 

көтерген  Мәдениет  үйіне  дирек-

тор,  мәдениет  бөлімі  бастығының 

орынбасары, бастығы лауазымда-

рын иеленіп, шалғайдағы мекеннің 

мәдениетін,  өнерін  дамытуға  үлес 

қосқанымды  мақтан  тұтамын. 

Осы кезең Ұлы композитор Мұқан 

Төлебаевтың  70  жылдығы  ме-

рейтойымен  қатар  келді.  Мәдени 

шараға ерекше мән берілді. Рес-

публика  астанасынан  бастап,  об-

лыс  орталығында,  ауданда  ар-

найы  комиссиялар  жұмыс  істеп, 

қазақ  халқына  ортақ  тойдың 

ерекше  өткізілуіне  мән  берілді. 

Композитордың  өз  есімімен  ата-

латын  туған  ауылында  Мәдениет 

үйі  бой  көтеріп,  мерекелік  шара-

лар  сонда  жалғасын  табады  деп 

ұйғарылды.  Орталықтан  ауылға 

дейін даңғыл жол салынды. Игілікті 

істердің  жүзеге  асуына  ауданның 

басшылары, өнерге жанашыр жан-

дар Қажымұқан Есімханов, Совет 

Кенжебеков,  Болат  Молдабеков 

және тағы басқа ардақты азамат-

тар  белсене  кіріскені  бүгінгідей 

есімде.

Үлкен  бас  қосуға  дайындық 



жүргізіліп  жатқан  қарбалас  шақта 

Ұлы 


композитордың 

шәкірті, 

ғұлама  күйші  Нұрғиса  Тілендиев 

«Отырар сазы» оркестрімен келді. 

Ауданның  бүкіл  атқамінерлері 

тік  тұрды.  Ол  кісінің  тік  мінезі,  өз 

айтқаны болмаса ерікке көнбейтін 

қайсарлығы елге тараған кез. Ком-

позиторды күтіп алуға жасақталған 

топ аудан шекарасына белгіленген 

мерзімнен  бұрын  жетті.  Топтың 

әр  мүшесінің  атқарар  міндеті  ал-

дын  ала  айқындалған.  Алдымен 

амандасып,  асыл  ағаның  алтын 

алақанын қысушылардың бел ор-

тасында жүрмін. Сырттай да болса 

сырына  қанық  болғандықтан  ба, 

сырғи  келіп  тоқтаған  ақ  волгаға 

беттегенде  жүрегім  дүрсілдей 

соқты.  Жеңіл  машинаның  алдын-

да  отырған  Нұрғиса  аға  жапыр-

лай  келген  жандайшаптардың 



«Тоғыз қабат мұнара да 

төменнен басталады» -  де-

гендей, бүгінде Талдықорған 

жайдарманы да қарқын алып, 

жайдарманға жанашырлық 

жасалып келеді.  Алайда, 

«шындықты айтпасаң сөздің 

атасы өледі» - демекші бұл 

әңгіме төңірегінде барша 

Талдықорған жайдарман-

шыларымен жолығып 

қайту  бағыма жазылыпты.  

«Кеңессіз ақыл тоздырғанша

кеңеспен  ақыл оздырған 

артық» - деп көзбен көріп 

көңілге түйіп, құлағыммен 

естіп, кеңесіп қайтқан жай-

ым бар.  Баршасының 

айтпағы жайдарманшыларды 

қолдап демеушілік жасалса, 

"жақсының жақсылығын айт 

деуші" еді,  демеушілік жасал-

майды деуден аулақпыз,  алай-

да, демеп жәрдемдескеннен 

кейін соңына дейін көмек 

қолын созса дейміз. 

ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ

ЖАЙДАРМАН - ТАЛДЫЌОРЃАН

Жайдарман ойындары бір 

кезеңнен  ғана  тұрмайтынын 

біреу  білсе,  біреу  білмес. 

Бір  жылдық  жарыс  жүйесін 

жіктеп  өтсем,  ең  алғаш 

жайдарманның 

маусымы 

маусымашардан бастау ала-

ды.  Бұған  еліміздің  түкпір-

түкпірінен  жылына  200-

300-ге  тарта  қатысушылар 

келеді.    Тай-құнан  қосылған 

жарыста тек оза шауып бағы 

мен  бабы  келіскендер  эфир 

бақытына  бөленеді.  Осы 

маусымашарда 

көрсеткен 

өнеріне  қарай    еліміздегі 

лигаларға жолдама беріледі. 

Жолдаманың 

жолымен 

жүріп сол лиганың лиганері бола-

мын десең  сені 1/8, 1/4, ½ , финал 

күтуде.  Бұл  жарыстар  бір  құрама 

үшін өз алдына, одан бөлек қала, 

облыс,  аудан  әкімдерінің    кубок-

тары,  жазғы  фестиваль,  жоғары 

оқу  орындарының  ректор  кубок-

тары  үшін    жайдарманшылар 

қосымша  бақ  сынайды.  Қарап 

тұрсаңыз  қыруар  қаржы.  Алай-

да,  өз  өлкеміздің  намысын  нық 

көтергенде  қолдаушылар  да  сын-

нан  өтеді.  Өйткені,  өзге  елдер-

ден  келген  құрамаларға  маусым 

бойы  толыққанды  демеушілік 

жасап,  қолдау  көрсетеді.    Олар 

өз  құрамаларын  қолдауға  мұнша 

қаражатты қайдан табады?   Оны 

біз  сол  демеушілік  жасаушылар-

дан    сұрап,  жауабын  со-

лардан алғымыз келеді.

« Т а л д ы қ о р ғ а н 

жайдарманшыларының 

басы бірікпей жүр» - дегенді 

құлағым  шалғаны  бар. 

Биылғы 

Талдықорғанда 



өтетін  «аймақтық  лигаға»  

«Талдықорған  құрамасы» 

болып өнер көрсетер жай-

дарманшылар 

түгелге 

жуық    өңір  құрамалары. 

«Талдықорған  тарланда-

ры  бірікті»  -  деп  ойынды 

бастаған біз  чемпион болу-

ды  мақсат еттік. Аймақтық 

тарихына  көз  жүгіртсек, 

жергілікті құрама мүлдем жеңімпаз 

болмаған. Оның өзіндік себебі бар.  

Баяғыда  қазақ  шенділері  атынан 

үлкен  ас  берілсе,  сол  аста  өтетін 

жарыстардағы жеңімпаздар көбіне 

шеттен,  алыс  өңірден  келгендер 

болған  деседі.  Бұндағы  мақсат  

ас  берген  байдың    атын  шығару.  

Бірақ,  шын  мықтыға  тұсау  жоқ. 

Мұны  биылғы  бастаманың  ба-

рысы  көрсетер  деген  үміттеміз. 

Ең  бастысы,  Жайдарманды 

көрер  көрермен,  өнерлі  жас- 

тар  бар  да,  Талдықорған 

жайдарманының 

жанданары 

анық.  Қолдауды  бір  үлкен  бақ  

деп  білсек,  бағымызға  қарай 

бағдарымыз, 

бағдарымызға 

қарай басар ізіміз айқындалмақ. 

Мақсат айқын, бабымыз келісті, 

бағымыз  жанса,  алар  асуымыз 

әлі алда!

Осы 


жазда 

университет 

қолдауымен  Астана  қаласында 

өткен  халықаралық  жастар 

күніне  орай  "Жазғы  фестиваль 

2016" кубогына қатысып дип-

лом  және  youtube  каналына 

түсірілімге  өттік.  Алдағы  күнде 

"Алакөл  алаулары"  байқауына 

қатысып,  университеттің  атын 

шығаруға атсалысамыз.

Әмірбек НҰРБАҚЫТ,

3 курс білімгері.

ОСЫДАН ЌЫРЫЌ 

ЖЫЛ Б¦РЫН...


Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 8 қыркүйек, 

2016 жыл

ПРОЗА

Gazeta.zhgu@mail.ru

Мамыќ


Ертеңінде  Темір  жалғыз  өзі 

студенттердің  курстық  жұмысын 

қарап  отыр  еді.  Телефоны  «Көңіл 

толқыны» күйін ойнап қоя берді. 

– Алло? 

– Иә, бұл кім екен? - деп ол абай-

лап тіл қатты. 

– Темір ағай, сәлеметсіз бе? Бұл 

мен ғой, Мамық. 

– Мамық,  - деп, ол еріксіз күлді. 

– Иә, қалың қалай?

– Жақсы. Сіз берген кітапты түгел 

оқып шықтым. 

– Қалай екен?

–  Шынымды  айтсам,  жылап 

алдым.  Көзім  жасаурап  отырып 

оқыдым.

–  Неге?


–  Әбдірахман  деген  мұғалімге 

сондай  жаным  ашыды.  Өмірде 

сүйгендер 

неге 


бір-бірімен 

қосылмайды екен?

–  Бір-бірін  ұнатып,  үйленіп 

жатқандар көп қой.  

–  Білесіз бе? «Шұғаның белгісі» 

жанымды  соншалықты  сыздатады 

деп ойламап едім. "Шұға десе, Шұға 

екен ғой өзі". Қыздың қайғыдан қан 

жұтқаны өкінішті. Шығарма сізге де 

әсер етті ме?

 – Әсер еткенде қандай?

–  Қазақта  тағдыры  тапталған 

жандар неге көп? Бұл деген сұмдық 

қой. Сіз қалай ойлайсыз, ағай?  

–  Иә,  олардың  қосылмағаны 

өкінішті!

–Ал, 

мен 


былай 

ойлай-


мын:  байлардың  жала  жауып 

Әбдірахманды  айдатып  жібергені 

дұрыс  болмаған.  Егер  бір-бірін 

көрмесе  тұра  алмайтын  ғашықтар 

қосылғанда бақытты болар ма еді? 

–Сен  осының  бәрін  түсінсең, 

жарайсың!  Егер  олар  қосылған 

болса, кәдімгі адамдардай тағдыры 

бізге беймәлім болар еді. 

–Әбдірахман  сүйікті  Шұғасын 

көруге  асығып  келгенде  қайран 

арудың  бұ  дүниемен  қоштасқаны 

ойымнан 

кетер 


емес. 

Ал, 


Әбдірахманға  жазған  хаты  ше? 

Оны  оқып  отырып  қалайша  көз 

жасың көл болмайды.

–Өзің кіп-кішкентай болып алып, 

осының бәрін жүрегіңнен өткізгеніңе 

таңданып  тұрмын.  Бәрекелді!  Се-

нен  болашақта  үлкен  әдебиетші 

шығады. 


–Темір  ағай,  -  деп  Мамық  үнсіз 

қалды. 


– Құлағым сенде, - деп есіне сал-

ды жігіт. 

–  Сізге  бір  нәрсе  айтсам  бола 

ма? Сыр сақтай аласыз ба? – деді 

тосыннан. 

–  Маған  сенсең  айта  бер,  -  деді 

мұндайды  күтпеген  жігіт.  –  Шы-

нымды  айтсам,  маған  сырыңды 

айтайын  деп  тұрғаныңа  таңданып 

тұрмын. 


– Менің әпкеме бір жігіттің көңілі 

түсіп  жүр.  Бірақ әпкем оны қияли 

деп  ұната  бермейтін  сияқты.  Сіз 

қалай  ойласыз,  ол  екеуі  бақытты 

жұп бола ала ма?

– Білмедім.

–  Мысалы,  мен  қиялимын. 

Аспандағы  бұлттарға  қарағанды 

жақсы көрем. Сіз ше?

–    Өй,  мен  де  сенің  ар  жақ,  бер 

жағыңдамын ғой, - деп күлді жігіт. – 

Оны несіне сұрадың? 

– Жай, әншейін, - деді қыз.

 Екеуі үнсіз қалды. 

–  Сен  қазір  қайдасың?    -  деді 

жігіт. 


–Университет 

жанындағы 

саябақтамын.

– Кетіп қалма, мен қазір келем. 

  Мамық  телефон  тетігін  баса 

қойды.  Жүрегі  дүрсілдеп  кетті. 

Әрі-бері  ағылған  халық  нөпірі 

жоқ,  көліктердің  шуылынан  да  

алыс,  жаны  осынау  тыныштықты 

қалады. Айнала аппақ нұрға малы-

нып  тұр.  Тротуардың  екі  шетіндегі 

биік шыршаларға ақ тон жарасып-

ақ  тұр.  Қыз  жігітпен  алғашқы  рет 

кездесіп  тұрғандай  өзін  қалай 

ұстарын  білмей,  дел-сал  күйге 

түсті.  Өзінен  әлденеше  жас  үлкен 

жігіт неге кездескісі келді екен? 

– Мамық, кетіп қалмай, тосқаныңа 

рахмет!  –  деді  Темір  қарсы  алды-

нан шығып. Қыз үндемеді. 

 – Осы күні сырласатын адам да 

қалмады, - деді ол кенеттен. 

–  Сенің  жасың  кіші  болғанымен, 

ақыл-ойың үлкендерден кем емес. 

  –  Менімен  не  үшін  кездескіңіз 

келді?  -  деді  қыз.  Жігіт  қызға  зер 

сала қарады. 

  –  Әбден  тоңып  кетіпсің  ғой,  - 

деді. – Екі  бетің қып-қызыл болып 

кетіпті. 

–  Ештеңе етпейді. 

 – Ой, қолдарың да тоңып кетіпті 

ғой.  Кәне,  берші  жылытайын,  -  деп 

қыздың  сүйріктей  саусақтарын 

жып-жылы алақанымен қысты. Қыз 

өзінен  әлденеше  жас  үлкен  жігіттің 

қамқорлығына  таңырқап  қалды. 

Мұнысын  ерсі  көргендей,  бірақ 

ләм-мим деп тіл қата алмады, жып-

жылы  алақаннан  ешкімге  ырық 

бермес адуын, асау тебіреністі анық 

сезді. 


  –  Мен  сенің  айтқан  сөзіңе  ұзақ 

ойландым, - деді жігіт.  

–  Біз  екеуіміз  қияли  жандар 

екенбіз. Солай ғой? 

–  Иә, - деді қыз ернінің ұшымен. 

Мамық жігіттің жылы алақанымен 

бірге  өзі  түсініп  болмайтын  ғажап 

бір  сезімге  еніп  бара  жатқанын 

сезді. Жүрегі тоқ соққандай дір етті. 

Ол саусақтарын өзіне жылдам тар-

тып алды. 

–  Қорықпа, - деді жігіт.  – Менің 

бөтен  ойым  жоқ.  Сенің  досым 

болғаныңды қалаймын. Екеуіміз дос- 

пыз ғой, солай ма?

досымсың  әрі  менен  жасың 

әлдеқайда кіші. 

– Сонда да ұнатқан адамыңызға 

бөтен  қыздың  жігіттің  атынан 

сыйлық апарғанын оғаш деп ойла-

майсыз ба? 

–  Иә, дәл солай. Мен оған тосын 

сый жасағым келген. 

–  Сіз расында да қияли екенсіз. 

– Мені түсінгеніңе көп рахмет! 

–  Арада  он-он  бес  минут 

өткенде  бейтаныс  қыз  бос  орынға 

жайғасты.  Мамық  кіреберіс  есікке 

арқасын беріп отыр еді, сол себепті 

сыйлықты  алатын  қызды  көре 

алған жоқ. 

–  Ол  келді,    -    деп  сыбырлады 

жігіт.

– Қай қыз?



– Әне, теріс қарап отырған.  Қазір 

барып,  сыйлықты  апарып  берші,  - 

деп өтінді.  

Мамық  орнынан  еріншектеу 

тұрып, бейтаныс аруға беттеді.  Әр 

қадам сайын өзін ыңғайсыз сезінді. 

Өйткені, өз қолымен бақытын бөтен 

біреуге сыйлап бара жатқандай. Ту 

сыртынан қыздың шашы жайқалып 

кеткенін  көрді.  Мамық  әлгі  қызға 

қырынан  таяп  келді  де,  аузын 

аңқитып  ашып  қалды.  Жанына 

біреудің келгенін сезген ол да мой-

ын бұрған. 

–  Мамық,  сен  мұнда  не  істеп 

жүрсің? Қашан келдің? -  деп таны-

сы таңырқай сұрады. 

– Майгүл, бұл сен бе? 

– Саған не болған? Мені бұл жер-

ден көрем деп ойламап па едің?  - 

деп Майгүл орнынан атып тұрды.– 

Жо-ға,  -  деп  Мамық  жігіт  отырған 

жаққа қарай жалт қарады.  

–  Саған  жатақханадан  шықпа 

дегенім қайда?! Мына үлкен қалада 

адасып  кетсең  қайтем?      -  деп 

әпкесі шарт кетті.

–  Майгүл,  тыңдашы!  Міне,  мына 

сыйлықты  саған  ана  жігіт  беріп 

жіберді, - деді алақанындағы аядай 

қорапты ұсынып жатып. 

–  Кім дейсің?! – Майгүл терісіне 

сыймай ашуланып кетті. 

– Темір ағай, Әне, ол ана жерде 

отыр. –  Жүр, қане! 

Әпкесі  әй-шәйға  қарамай  мұны 

қолтығынан ұстап сүйрей жөнелді. 

Мамық ауызын ашып үлгерген жоқ. 

Бұл кезде олар жігітке таяп қалған 

жаман жігіт емес.

–  Сен оны қайдан білесің? Таны-

майтын  адаммен  неге  сөйлесесің? 

Оның  ойында  не  бар  екенін  сен 

қайдан білесің?

–  Ол  қияли  адам.  Сондықтан 

сен  оны  түсінбейсің,  -  деді  Мамық 

жыларман 

болып. 


Білегінің 

ауырсынғанын сезді. 

–  Түсінбейтін  несі  бар?!  Маған 

жақындау  үшін  сенімен  дос 

болғансып  жүр  ғой.  Ұялшақ  неме, 

қызға  өзі  сыйлық  бере  алмай, 

басқа  біреуден  беріп  жібергені 

несі?!  Басқа-басқа  туған  сіңілімде 

несі  бар  десеңші.  Сен  де  біреудің 

қызына сыйлық апарып беретіндей 

басыңа не күн туды?! 

– Темір ағай екеуміз доспыз. 

–  Доспын  дейді  ғой.  Сен  маған 

сыйлық  беретініңді  білген  жоқсың, 

солай ғой? 

–  Иә,  -  деді  -  Мамық  бойына 

сенімсіздік ұялап. 

– Ол болса сені пайдаланып жүр. 

Солай  емес  пе?  Сен  әлі  баласың. 

Көп  нәрсені  түсінбейсің.  Қыз  бен 

жігіттің  арасында  достық  болмай-

ды,  сен  соны  білесің  бе?  Дос  де-

ген  бір-бірінен  сыр  жасырмайды. 

Мүмкін,  ол  сенің  басыңды  айнал-

дырып  алған  шығар.    Жаман  ойы 

болса ше? 

Мамықтың  көзінен  жас  ыршып 

шықты.  Әпкесі  ауыр  сөздерімен 

ұрмай-соқпай  азаптап  келе  жатты.  

Денесін  аяз  қарығандай,  тітіркеніп 

кетті.  

Майгүл сіңлісін сол күні-ақ ауылға 

қайтарған. Мамық жол бойы әпкесі 

мен  көзілдірікті  жігіт  жайлы  ойға 

батты. Екеуінің арасындағы сезімге 

араласқанына  өкінді.  Әсіресе, 

Темір  ағаймен  енді  кездеспейтінін 

ойлағанда  көңілі  бұзылып  сала 

берді.  Үлкендердің  болмашыға 

шартпа-шұрт  ұрысып,  неліктен 

өкпелеп қалатынын түсінбеді. 

Үйге  келген  соң,  әке-шешесі 

«Майгүл қалай екен? Сабағы жақсы 

ма?»  деп  сұрағанда  бұрынғыдай 

ашылып  сөйлемей,  «Жақсы»  дей 

салды.


(әңгіме)

 Көп ұзамай айналаны жасыл же-

лекке бояп, шебер көктем де келіп 

жетті.  Көкорай  шақта  керімсал 

самал  төңіректі  желпіп  тұр. 

Жайма-шуақ  күнде  далаға  шығып, 

серуендесең  тынысың  ашылады 

емес пе? Бірақ қыстың ызғары әлі 

кетпегендей,  Мамық  сол  күннен 

кейін  тез  есейіп,  мұңды  болып 

алды.  Ұялы  телефоны  шырылдай 

жөнелді. 

– Алло, - деді немкетті тіл қатып. 

– Алло! – ар жақтан бейтаныс ер 

адамның дауысы естілді. 

–   Бұл кім екен? - деді қыз абай-

лап.

–  Мамық, қалың қалай? Бұл мен 



ғой – Темір ағаң! 

Қыз  үнсіз  қалды.  Өткендегі 

оқиғадан  соң  көңілі  құлазып, 

көлеңкелі күндерді көп өткерген еді. 

Керімсал көктемнің тамаша күнінде 

өткенге қайта оралғысы келген жоқ. 

– Сенің маған өкпелеп жүргеніңді 

білем. Өйткені, сен сезімтал қызсың 

ғой.  Саған  қаншама  рет  кешірім 

сұрайын  деп  телефон  соғып  едім, 

жауап  бермедің.  Сенен  кешірім 

сұраймын!

– Жарайды, егер сізді осы жағдай 

мазалап  жүрсе  айтайын:  мен  сізді 

баяғыда кешіріп қойғанмын. 

–  Мамық,  сенің  кешірімшіл  әрі 

нәзік жан екеніңді білгенмін. 

– Егер басқа айтарыңыз жоқ бол-

са,  бұдан  былай  телефон  соқпай-

ақ қойыңыз. 

– Мамық, тыңдашы, әлі де болса 

екеуміз доспыз ғой, солай емес пе? 

–  Сізбен  дос  болуға  болмайды 

екен.


– Неге олай дейсің?

– Сіз мені алдадыңыз.  Сенім жоқ 

жерде достық та жоқ. 

– Өзің әдебиетші ғана емес, фи-

лософ болып кетіпсің ғой. Ағаңның 

бір қателігін бетіне баса берген жа-

распайды ғой. 

Жарайды, сау болыңыз!

– Тоқтай тұршы, саған айтар бір 

жақсы жаңалығым бар. Біз Майгүл 

екеуіміз  қайта  татуластық.  Қазір 

жұбымыз  жазылмайды.  Сенбесең 

өзің сұрап көр! 

–  Сіздер  үшін  қуаныштымын!  – 

деп Мамық көңілсіз телефон тетігін 

баса  салды.  Жан  дүниесі  алай-

дүлей болып кетті. Өзі ұғып болмай-

тын  тылсым  сезім  мазасыз  күйге 

енді.  Досымен  қайта  табысқанына 

да  қуанған  жоқ.  Қайта  мәңгілікке 

айырылып қалғандай сезінді. 

Мамыр  айы  да  көп  күттірмеді. 

Тоғызыншы сыныпты үздік аяқтаса 

да, жүрегі байыз таба алмай, әбден 

сергелдеңге  түскен.  Күн  таразы-

сы  көктемнен  жазға  ауған  шақта 

аулада  өзімен-өзі  ойға  бататын-

ды  шығарды.  Әке-шешесі  мұны 

өтпелі  кезеңнің  бір  белгісі  ретінде 

қабылдағанмен,  аса  мән  берген 

жоқ.  Бір  күні  Майгүл  бір  жігітпен 

қашып  кетіпті  дегенді  естігенде, 

төбесінен  жай  түскендей  есеңгіреп 

қалды. Жүрегі зырқ етті. Оңашада 

көз  жасын  көлдетіп  жылап  та 

алды.  Сол  күні-ақ  қуғыншылар 

қашқындардың соңына түскен...

Мамық досын құдалыққа келген-

де  көрді.  Әпкесінің  жүзі  бақыттан 

бал-бұл  жайнап  отырды.  Ел-жұрт, 

тіпті  көршілер  де  мәз-мәйрам  бо-

лып жүргенде, бұл қуана алған жоқ. 

Құдалар  мен  қонақтар  абыр-

күбір  әңгімеге  көшкенде  Темір 

сыртқа  шығып,  үй  бұрышында 

отырған Мамықты көрді. 

–  Мамық,  қалың  қалай?  Сен 

хабарласпаған соң досың өзі іздеп 

келді. 

«Өтірікші»  деді  іштей  қыз. 



Қыздың жанарындағы үнсіз сұраққа 

жігіт жауап берген жоқ. 

–  Сізбен  сөйлескім  келмейді,  - 

деді қыз жыларман болып. 

– Олай деме. Сен енді менің до-

сым ғана емес, балдызым болдың. 

Көресің  әлі,  сені  мықты  универси-

тетке түсірем! 

–  Жоқ, сіз менің досым емессіз!-

деп  кесіп  айтты  қыз.  Теріс  қарап, 

жасаураған жанарын жасыра берді. 

Бір  сәт  көк  аспанға  қарап  еді.  Көк 

төрінде  самал  желмен  тербелген 

ақша бұлттар биік-биік жоталардың 

үстінен  маңғаздана  көшіп  барады 

екен.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал