Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел» Серия «История. Философия». №3(83)/2016



жүктеу 146.37 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.06.2017
өлшемі146.37 Kb.

Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел»... 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

59 

ƏОЖ 94 (574) 



Н.Б. Смағұлов

1

, А. Ташағыл





1

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана; 

2

Едитепе университеті, Стамбул, Түркия 

(E-mail: Smagulov_ist@mail.ru) 

Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел» идеясының  

тарихи-саяси жəне теориялық негіздемесі 

Мақалада  ортағасыр  дəуірінде  ислам  ғылымын  өз  дамуының  биік  шыңына  көтерген  əл-Фарабидің 

«Мемлекет  басшысының  нақыл  сөздері»  атты  еңбегіне  ғылыми  талдау  жасалған.  Авторлар 

ортағасырдағы  ислам  өркениетінің  барлық  жетістіктеріне,  сондай-ақ  ғылым,  білім,  мəдениеттердің 

алға  өрлеуіне  Орталық  Азия  түріктерінің  де  қосқан  үлесіне  тоқталған.  Əл-Фараби  өз  еңбектерде 

дүние,  қоғам,  мемлекет,  адамдардың  қатынастары  туралы  заманнан  озық  тұрған  пікірлер, 

пайымдаулар  айтады.  Əл-Фарабидің  еңбектері  күні  бүгінге  дейін  өз  мəн-маңызын  жоғалтқан  жоқ. 

Оның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, əлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастары бүгінгі 

қоғам  үшін  де  айрықша  маңызды  болып  табылатына  назар  аударылып  отырған.  Авторлар  ежелгі 

түркілердің  «Мəңгілік  Ел»  идеясын  тарихи-саяси  жəне  теориялық  тұрғыдан  негіздеп,  бұл  идеяның 

ортағасырларда  өміршең  болуына  əлемнің  екінші  ұстазы  атанған  əл-Фарабидің  іргелі  еңбектері 

себепші  болғандығын  ғылыми  тұрғыдан  дəлелдеген.  Сондай-ақ  əл-Фарабидің  еңбегінде  «Мəңгілік 

Ел»  идеясының  ғылыми-теориялық  жəне  тарихи  сана  тұрғысынан  негізделгендіктен,  бұл  идеяның 

өміршең  болып,  бүгінгі  күнде  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  идеясына  айналып  отырғанына 

арнайы тоқталған. 

Кілт сөздер: əл-Фараби, Отырар, Бағдат, Мəңгілік Ел,

 ғалым


, ортағасыр, өркениет, ислам, идеология, 

түрік, идея. 

 

Орта  ғасырларда  адамзат  білімінің  молайып,  ақыл-парасатының  жетілуіне  орасан  зор  еңбек 



сіңірген  ғұламалардың  бірі — Қазақ  топырағынан  шығып,  халқымыздың  данышпан  перзенті  Əбу 

Насыр əл-Фараби болды. Бүгінгі күнде бүкіл дүние жүзінің мыңжылдық рухани демеушісі, əлемнің 

екінші ұстазы Əбу Насыр əл-Фарабидің Отаны бүгінгі қазақ жері, ал қаны түркі екені дəлелденді.  

Ғұлама  ғалымның  шығармалары  мың  жылдан  артық  уақыт  өтсе  де,  аты  ауыздан  ауызға 

жатталып,  ол  жазған  еңбектері  уақыттың  тезінен,  мезгілдің  қатал  сынынан  мүдірмей  өтіп, 

ортағасырларды  жəне  жаңа  заман  тарихының  кезеңінде  мұсылман  əлемінің  прогресшіл  қоғамдық-

саяси  ой-пікірдің  көш  бастаушысы  əл-Фараби  болды.  Ортағасыр  дəуірінде  исламдық  ғылым  өз 

дамуының  биік  шыңына  көтерілді.  Ортағасырдағы  ислам  өркениетінің  барлық  жетістіктеріне, 

сондай-ақ  ғылым,  білім,  мəдениеттердің  алға  өрлеуіне  Орталық  Азия  түріктері  де  айтарлықтай  өз 

үлестерін қосты.  

Əл-Фарабидің  энциклопедиялық  мұрасы  осы  уақытты  билеген  ғылыми  ізденіс  пен  ақыл 

ұмтылысының  жалпы  атмосферасын  бойына  сіңірді.  Оның  білімнің  түрлі  саласындағы  ғылыми 

жетістіктері  тарихи-философиялық  дамудағы  ғылыми  көзқарасын  жəне  таным  мен  ғылыми-зерттеу 

əдістемесіне рөлін анықтаудағы маңызды бөлігін құрайды.  

Əбу Насыр  Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ əл-Фараби ат-Түрки 870 ж. Отырар жазирасында 

дүниеге келген. Жазба деректер мен археологиялық зерттеулер ортағасырларда Жетісуда, Қаратауда, 

Сыр  бойында,  Тараз,  Баласағұн,  Сығанақ,  Отырар,  Сайрам,  Мерке  т.б.  үлкенді-кішілі  көптеген 

қалалардың болғанын көрсетеді. Бұл қалалардың сол кездерде құрылыс техникасы мен сəулет өнері 

едəуір жоғары дəрежеге  көтерілген. Осы тұста  Ұлы Даланы мекендеген  түркі халықтардың адамзат 

өркениетіндегі  орны  жоғары  болып,  көршілес  жатқан  хорезм,  парсы,  араб  елдерімен  тығыз  саяси, 

мəдени, экономикалық тығыз қарым-қатынас жасап отырған. Көне замандардан бері түркілер өзінің 

кешенді  шаруашылығын  дамытып,  ірі-ірі  қалалар,  тұрақты  мекендер  салып,  оларды  саяси-

экономикалық жəне мəдени орталықтарға айналдырған. Ұлы Жібек жолы арқылы жақын жəне алыс 

көршілерімен  қарым-қатынас  жасады.  Орта  ғасырлардағы  Қазақстанның  ең  ірі  мəдени 

орталықтарының бірі — Сырдария бойындағы Отырар алқабы болды [1; 137]. 

IX  ғ.  Отырардағы  қарлық  жабғысы  арабтарға  алым  төлемегені  үшін  арабтардың  Отырар 

облысын  өздеріне  қаратпақшы  болып  шабуыл  жасағандарын  жəне  қарлық  жабғысының  ұлы  мен 

əйелін тұтқындап алып кеткенін хабарлайды. Отырар төбенің көлемі 200 гектарға жуық. VI–VIII ғғ. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Н.Б. Смағұлов, А. Ташағыл 

60 


Вестник Карагандинского университета 

Отырар  қаласы  ірі  орталық  бола  отырып,  көршілес  мемлекеттердің  саяси  өмірінде  маңызды  рөл 

атқарады [2; 186]. 

Отырар алқабы 300 шаршы км жерді қамтып жатқан осы алқабта 50-ден астам ескі қалалардың, 

елді мекендердің орындары бар. Бұл өңірде магистралдық каналдар мен арықтардың ізі көп. Олардың 

ең үлкені — Отырар төбе. Оның айналасындағылар: Арыстан баб, Қарауыл төбе, Қорған төбе, Бұзық 

төбе, Алтын төбе, Гауһар ана. Осылардың бəрі де сол Отырардың алып жатқан аудандары. Бұлардың 

көпшілігі  Сырдарияның  оң  жағында  орналасқан.  Сонымен  қатар  өзеннің  сол  жақ  бетінде  де  жеке 

бекініс қорған «Бесікқорған» болған. Əл-Фараби сол қорғандардың бірінде туған [3; 6]. 

Махмұт  Қашқари  «Диуан  лұғат  ат-түркі»  атты  əйгілі  еңбегінде  «Қарашоқы  Фараб  қаласының 

атауы. Бұл оғыздар шаһарларының біреуі», — деген [4; 450]. 

Отырарда  араб,  парсы ғалымдары  болған. Ибн-Хаукал  «Отырар  шаһарының  ұзындығы  мен  ені 

бір  күндік  жолға  жетіңкіремейді.  Жері  тұзды  жəне  сазды  келеді», — деген.  Əл-Масудидің  айтуына 

қарағанда, əр жылы жазғытұрым Сырдария тасып, Фараб шаһарының аймақтарындағы 30 фарсахты 

жерлерге  су  жайылатынын  жазған.  Əл-Макдиси  айтуынша,  бұл  аймақтағы  ең  үлкен  басты  шаһар 

Фараб  екенін  нақты  айтқан.  Сырдарияның  батыс  жағалауында  Кердеріден 2 фарсах  төмен  Весидж 

қонысы  бар.  Онда  философ  Əбу  Насыр  əл-Фараби  туған.  Макдисидің  деректері  бойынша,  бұл 

аймақтағы  ең  үлкен  басты  шаһар  Фараб  екенін  нақты  айтқан.  Шаһарда 70000 ерлер  тұрады,  жұма 

намазын оқитын мешіт, қаланың орталығы жəне базар орналасқан. Шаһардың бекінісінің ішінде де, 

рабадта  да  дүкендер  бар.  Весидж  онша  үлкен  емес  бекіністі  қала.  Ол  «күшті  əмірдің  қаласы», — 

деген [5; 525]. Осы  мəліметтерге  қарағанда  ІХ  ғ.  Отырар  қаласы  ежелден  келе  жатқан  түркі 

халықтарының,  оның  ішінде  үйсін,  қаңлы,  қарлұқ,  оғыз,  қыпшақ  тайпаларының  мекені  жəне 

Сырдарияның орта ағысындағы ірі отырықшы мəдениеттің орталығы болған. 

Əл-Фарабидің əкесі Отырар қаласы əскери гарнизонының қолбасшысы болған. Ол кезде Отырар 

гарнизонын қарлұқ түркілері басқарған. ІХ ғ. басында Отырарға шабуыл жасаған халифаттың Фадл 

ибн  Сахл  атты  қолбасшысы  қарлұқ  жабғуының  Отырардағы  қолбасшысын  өлтіріп,  екі  баласы  мен 

əйелін тұтқынға алғаны туралы дерек бар [6; 208]  

Əл-Фарабидің  туған  жылы 870 ж.,  өлген  жылы 950 ж.  деген  мəлімет  ресми  түрде  белгіленген. 

Ұлы ғалымның туған жері — Отырар (Фараб), қайтыс болған жері — Дамаск (Сирия). Əл-Фарабидің 

туған  жері  Сырдария  бойындағы  Фараб  (Отырар)  екенін  дəлелдеп  жазып,  картаға  түсірген  арабтың 

атақты  ғалым-географы  ибн-Хаукал.  Ол  өзінің  «Китап  Масалик  уа  мамалик»  деп  аталатын 

географиялық  еңбегінде  Түркістан  аймағының  сипатын  беріп,  қалаларын  картаға  түсірген.  Ол 

Отырарды  жазғанда,  картаға  түсіргенде  əдейі  арнайы  тоқталып: «Бұл  жер  атақты  ғұлама,  асқан 

философ əл-Фарабидің туған жері», — деп жазған. Ибн-Хаукал мен əл-Фарабидің жастары шамалас, 

оның  үстіне  екеуі  бірін  бірі  жақсы  білген,  екеуі  де  Сирияның  сол  кездегі  атақты  əмірі  Сайф-ад-

Даулаға қызмет еткен адамдар [7; 52].  

Əл-Фараби  дүниежүзілік  мəдениеттің  дамуына  терең  із  қалдыра  отырып,  ол  туған  елінің 

дəстүрлі  мəдениетінің  байлығымен  түркі  жұртына  іргелес  жатқан  иран,  үнді,  араб  елдерінің  қол 

жеткен табыстарын бойына сіңірген ғұлама ғалым еді... Əл-Фараби туған кезең, яғни ІХ ғ. соңы мен 

Х ғ. басы, Орта Азия мен Жетісу өңірі үшін Еуропадағы қайта өркендеу кезеңі болды [2; 208]. 

Əл-Фараби  заманында  Түркістан  елі  исламды  қабылдап,  ғылыми,  мəдени  салада  араб  тілін 

меңгере бастаған. Исламданған көшпелі мəдениет бұрынғы мəдениетке қарағанда əлдеқайда жоғары 

тұрған, рухани жағынан дамыған жаңа сатысы болып табылады. Өйткені ол жоғары сатыда этика мен 

идеологияға негізделген, əмбебеп өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қызмет етеді. Көшпелілік пен 

исламның  бірігуі  түркілердің  мəдени  тұйықталуы  жағдайынан  шығып,  жалпыадамзаттық 

интеграцияға  қадам  басуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  əл-Фарабидің  араб  елдерінде  болып, 

ғылымды  сол  тілде  жазуы  түсінікті.  Ол  кезде  араб  тілі  дүние  жүзінде  ең  жоғары  ғылыми  дəрежеге 

көтерілген  тіл  болатын.  Əл-Фарабидің  араб  ғалымдары  қатарында  саналуы  да  содан [7; 53]. Шын 

мəнінде ислам дін əрі өркениет ретінде Шығыс елдерінің тарихи-мəдени дамуында зор рөл атқарғаны 

белгілі,  əсіресе  бұл  жайт  ортағасырлық  кезеңге  қатысты.  Əл-Фарабидің  заманына  бастап,  ол  туып-

өскен  Отырар  аймағы  мұсылман  əлемімен  біртұтас  жүйе  болып,  түріктердің  қоғамдық-саяси  жəне 

тарихи-мəдени өміріне ислам дінінің зор ықпалы болды. 

Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш əл-фарабитанушы болған Ақжан Машановтың пікірінше, 

əл-Фараби  балалық  шағында  сауатын  Отырарда  қыпшақ  тілінде  ашқан [8; 46]. Оның  заманында 

Жібек жолы бойындағы түркі қалаларының, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мəдениетінің 

дамыған кезі еді. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Əбу 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел»... 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

61 

Насыр əл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарларға шығып, 



тез  есейеді.  Ол  жерлерде  көптеген  ғұламалармен,  ойшыл-ақындармен,  қайраткерлермен  танысып, 

сұхбаттасады [6; 208]. 

Кейінірек  ол 16 жасында  керуенге  ілесіп,  білімін  одан  сайын  толықтыру  мақсатында  араб 

мəдениетінің  орталығы  Бағдатқа  оқуға  келген.  Əл-Фарабидің  бұл  жерде  ғылым  үйренуге  толық 

жағдайы  келеді.  Оның  үстіне  Бағдат  халифаты IX ғ.  Арун  Рашит  кезінен  бастап  ғылым  жолына, 

өнерге  бет  алған  адамдарға  қақпасын  кең  ашқан  жəне  де  ғалымдар  үйін  ерекше  құрметтеді [7; 53]. 

Əбу  Насыр  əл-Фарабидің  жас  кезінен  Бағдатқа  баруының  мынадай  екі  сыры  бар.  Біріншіден,  сол 

кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас əулетінің сенімді уəзірлері негізінен түркістандық Фараб 

қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын 

кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта «Баит əл-хакма» атты ғалымдар үйі жəне əлемдегі ең 

бай кітапхана болған [9; 3]. 

Ислам халифатының орталығы Бағдатқа келген əл-Фараби білім алуға жəне ғылыми-танымдық 

қызметке  белсене  араласып  кетеді.  Алғашқы  кезде  əл-Фараби  өзін-өзі  ақын,  музыкант  ретінде 

танытқан.  Ғылым-білімге  өте  құмар,  зерек  əл-Фараби  мұсылман  бола  тұрып,  тіпті  басқа  діннің 

өкілдері  болған  оқымыстылардан  үйренуге  тайсалмады.  Оның  алғашқы  ұстаздары  ертедегі 

Александриядан, Византиядан ығысып келген ғалымдар болған. Мəселен, медицина туралы білім мен 

логиканы христиан оқымыстылары Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек 

тілін  атақты  аудармашы  Əбу  Башар  Маттадан  үйренеді.  Бір  нұсқада  əл-Фараби  шəкірт  шағында 

ғалым  Əбубəкір  ибн  Сиражбен  жақын  араласып,  оған  логиканы  үйретіп,  одан  астрономияны 

үйренген  деп  айтылады.  Араб  елі  осы  жоғарыда  аты  аталған  ғалымдарға  зор  құрмет  көрсетіп, 

олардың жемісті еңбек жасауына жағдай жасап, ғылым жасауға пайдаланған. Кейін келе араб елінің 

өзінен  жəне  араб  тілінде  жазатын  ғалымдардан  мұсылман  ғылымын  жоғары  дамытатын  адамдар 

шықты. Сөйтіп, грек ғалымдары Платон, Аристотельдер бірінші ұстаз болса, əл-Фараби екінші ұстаз 

болып шықты [7; 54]. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси жəне мəдени орталығы 

болған  Бағдатта  өткізді.  Мұнда  ол  өз  білімін  əбден  тиянақты  меңгеріп,  толықтырады.  Көрнекті 

ғалымдармен  байланыс  жасайды,  сөйтіп  өзінің  білімдарлығы,  ақылының  алғырлығы  жəне  асқан 

байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі 

тайыз  кертартпа  хадисшілер  оны  жек  көріп,  ғалымның  еңбектерін  сынға  алған.  Олар  əл-Фарабидің 

бүкіл  ойының  негізгі  мəніне  қарсы  шыққан,  өйткені  оның  дүниеге  көзқарасы  шынайы  болмысты 

танып-білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға меңзейтін еді. Ақыр сонында 

əл-Фараби лажсыздан Бағдаттан кетеді. 

Тарихи деректер бойынша, жетпіске жуық тіл  білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл 

философия,  логика,  этика,  метафизика,  тіл  білімі,  жаратылыстану,  география,  музыка  салаларынан 

150-ге  тарта  трактат жазып  қалдырған [6; 208]. Əл-Фарабидің  ғылыми-философиялық  көзқарастары 

мен  бағыт-бағдарлары  өте  күрделі  саяси-əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағдайларда  қалыптасты. 

Ұзаққа  созылған  жаулаушылық  пен  идеологиялық  саясат  нəтижесінде  құрылған  жаңа  мемлекет — 

араб  халифаты  енді  тек  жаңа  орасан  зор  территориялар  мен  елдерді  қосып  алып  қана  қоймай, 

мемлекеттік дін дəрежесіне көтерілген ислам діні мен идеологиясы біріктірген əр түрлі мəдениеттерді 

қосып, жаңа қоспа (синкреттік) мəдениет туғызды. 

Əл-Фарабидің  қоғамдық-философиялық,  жаратылыстану  туралы  ғылыми  көзқарастары  орта 

ғасырлардағы  Таяу  жəне  Орта  Шығыс  елдеріндегі  мəдениет,  философиялық  жəне  ғылыми  ой-

пікірлердің  даму  нəтижесі  болып  табылады.  Оның  дүниетанымы  екі  əлемнің — көшпелілер  мен 

отырықшылар  өркениетінің  жəне  Шығыс  пен  Грек-рим  мəдениетінің  өзара  байланыстарының 

нəтижесі еді. Ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясын теориялық-философиялық тұрғыдан негізін 

салып берген түркілердің əйгілі ойшылы, философы Əбу Насыр əл-Фараби болды [6; 208].  

Əл-Фарабидің  көзқарастарынан  басты  үш  бағытты  айқын  аңғаруға  болады.  Ол  дүниенің 

мəңгілігін, танымның болмысқа тəуелділігін мойындады, сонымен қатар ақыл-парасат туралы ілімді 

саралады. Мəңгілік  пен  тəуелділік  бастауларын  ақыл-парасаттан, адамның  жан  дүниесінен, түр  мен 

материя ара қатынасынан, аспан əлеміндегі құбылыстардың мəнінен іздеді [6; 208].  

Əл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп, 

Əл-Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мəңгілігін тану, 

детерминизм — зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу, — ғылымның қайнар көзі; адам 

жанының  өшпейтіндігін  теріске  шығарған  ақыл  туралы  ілім.  Бұл  үш  принцип  əл-Фарабидің 

философиясының биік шоқтығы жəне ерекшеліктері болып саналады. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Н.Б. Смағұлов, А. Ташағыл 

62 


Вестник Карагандинского университета 

Əл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің, яғни орғасырлық түркі жəне мұсылмандық 

дəуір тұрғысынан зерделеген жөн. Алайда ол жоғарыда аталған түсініктерді философиялық тұрғыдан 

алға қарай дамытады [6; 208]. Мəселен, дүниенің мəңгілігін, басының болмағанын мойындау ресми 

дін өкілдерінің дүниені құдай жаратқан деген доктринасына қайшы келеді. Əл-Фараби бұл жағдайда 

құдай  бірінші,  дүние  екінші  кезекте  деген  сияқты  түсінік  береді.  Ғалымның  пікірінше,  қозғалыс — 

мүмкіндіктен шындыққа көшу, уақыт та мəңгілік, ол қозғалыстың сипаттамасы. 

Əл-Фараби  ежелгі  грек  философиясы  мен  Шығыстың  мұсылман  ілімдерін  байланыстыра 

отырып,  түркі  дүниесінің  реалийлеріне  сəйкес  «Мəңгі  Ел»  идеясының  саяси-философиялық 

теориялық  негіздемесін  жасап  берді.  Ғалым  «Мəңгі  Ел»  теориясының  негізгі  ережелерін 

«Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарастары  туралы», «Азаматтық  саясат», «Мемлекеттік 

қайраткердің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды [6; 208].  

Əл-Фарабидің  бұл  еңбектерде  дүние,  қоғам,  мемлекет,  адамдардың  қатынастары  туралы 

заманнан  озық  тұрған  пікірлер,  пайымдаулар  айтады.  Сондықтан  бұл  еңбектердегі  жазылған 

мəселелер күні бүгінге дейін өз мəн-маңызын жоғалтқан жоқ. Оның мемлекет, ел басқару жөніндегі 

тұжырымдары,  əлеуметтік-этикалық,  саяси  көзқарастары  бүгінгі  қоғам  үшін  де  айрықша  маңызды. 

Ол адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға 

тиіс дейді. 

Əл-Фарабидің  қоғамдық-саяси  көзқарастары,  əсіресе  оның  «Мемлекеттік  қайраткердің  нақыл 

сөздері» деп аталатын еңбегінде анық көрінеді. Ғұлама ғалым «Тəнді емдеуші — дəрігер, ал жанды 

емдеуші — əмірші деп аталатын мемлекеттік қайраткер», — деп тұжырым жасайды [10; 512]. 

«Мемлекет  қайраткері  мемлекетті  басқару  өнері  арқылы,  əмірші,  ел  билеу  өнері  арқылы 

[бұл өнерді]  қай  жерде  жəне  кімге  қолдану  немесе  қолданбау  керектігін  жəне  тəнге  денсаулықтың 

қандай  түрін  қамтамасыз  ету  керектігін  анықтайды.  Сондықтан  əмірші  мен  мемлекет  қайраткерінің 

өнері жайы, қалаларда [бар] басқа өнерлермен салыстырғанда, құрылысшылар басшысының барлық 

басқа құрылысшыларға қарағандағы жайына ұқсайды, өйткені қалаларда [бар] басқа өнерлер олардың 

көмегімен  мемлекетті  басқару  өнерінің  жəне  ел  билеу  өнерінің  көздеген  мақсатына  жету  үшін  іске 

қосылып, пайдаланылады, олар құрылысшылардың басқа өнерлерінің бас [сəулет] өнерін мақсатына 

жету үшін пайдаланылатыны сияқты», — деген анықтама береді [10; 512]. 

Орта  ғасырлар  кезеңінде  мұсылмандық  шығыста  асқан  білімді  ғұламалардың  негізгі  басты 

қызметі мемлекеттік билікті қорғау жəне патша тағына тірек болу еді. Тақ тірегіне айналған шыққан 

тегі түркілік əл-Фараби ресми ислам идеологиясын қуаттап жəне таратушы болды [11; 66]. 

Əл-Фараби  азаматтық  ғылымның  қалыптасып  дамуына  өлшеусіз  үлес  қосты. «Мемлекеттік 

қайраткердің  нақыл  сөздері»  шығармасында  ортағасырдағы  гуманитарлық  білім  туралы  жеткілікті 

түсінік бере отырып, адамды тəрбиелеу мен мемлекеттік өмірді құрудың тиімді жолдарын көрсетеді. 

Əл-Фараби  мемлекет  пен  қоғамның  кемелденуі  туралы  əлеуметтік-саяси  теориясында  ғалым 

мемлекет  басқарушылары  мен  сол  қоғамда  өмір  сүретін  адамдардың  да  ұстануы  тиіс  мемлекетті 

басқарудың  императивтері  мен  механизмдерін  ашады.  Қоғамдық-саяси  мəселе  бойынша  кең  түрде 

зерттеу жұмыстарын жазып, билік басындағыларға халықты қалай дұрыс басқаруға болатынын жол 

сілтеп көрсетіп береді.  

«Ізгі  қала  бес  түрлі  адамдардан  құралады:  ең  құрметті  адамдардан,  шешендерден, 

өлшеушілерден,  жауынгерлерден  жəне  байлардан.  Ең  құрметті  адамдар  санатына  даналар, 

пайымдағыш  адамдар,  маңызды  істерде  беделді  болатын  адамдар  жатады.  Олардан  кейін  діни 

қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, 

хатшылар  жəне  солар  сияқтылар  да  солардың  тобына  жатады.  Өлшеушілер  дегеніміз — есепшілер, 

геометрлер,  дəрігерлер,  астрологтар  жəне  басқа  сондайлар.  Жауынгерлер  дегеніміз — жасақшылар, 

сақшылар  жəне  соларға  ұқсастар  солардың  тобына  жатады.  Байлар  дегеніміз — қалады  байлық 

табатындар:  егіншілер,  мал  өсірушілер,  саудагерлер  жəне  басқа  сондайлар», — деп  ізгі  қаланың 

тұрғындарын  бес  əлеуметтік  категорияға  бөліп  көрсетіп,  олардың  əр  тобы  туралы  түсінік  беріп 

отырады [10; 527]. 

Əл-Фараби  заманында  түркі  жұртының  қала-мемлекеттері  басым  болған.  Сондықтан  əл-

Фарабидің  «қала»  түсінігін  «мемлекет»  түсінігімен  сəйкес  қарастыру  орынды.  Ол  қала-мемлекеттің 

қоғамдық  өмірінің  толық  сипаттамасын  бере  отырып,  ізгі  қалалардың  жетілдірілген  əлеуметтік 

құрылымының  анықтамасын  берді.  Өзінің  еңбегінде  ғалым  қала  халқының  бостандығы  мен  тең 

құқылығына  ықыласпен  қарайды,  бірақ  басшысыз,  оның  өкіметінсіз  жалпыға  ортақ  бақытқа  жету 

мүмкін емес деп есептейді. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел»... 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

63 

Кейбір  мəселелерге  түсінік  берген  кезде  ақыл-ой  мен  терең  философиялық  білімге  ие  болып 



отырған əл-Фараби өз дəуірінен асып түсті. Əл-Фарабидің дəуірінде мемлекетті монархиялық билік 

құру  əдісі  негізінде  басқарды.  Бұқара  халыққа  салынатын  салықтар,  елдердің  арасында  сансыз 

тонаушылық  соғыстар  жиі  болып  тұрды.  Сондықтан  əл-Фарабидің  мемлекеттік  басқарудың 

механизмдерін  жетілдіріп, билікті  ізгілендіру  үшін  коллективік, топтық  басқарудың үлгісі  идеясын, 

демократиялық  əділетті,  ақылды  басшы  туралы  идеясын  ұсынды.  Əл-Фарабидің  ойы  бойынша, 

қоғамның  жетілген  алғашқы  үлгісі  болып  «қала-мемлекет»  билігі  болып  есептелінді.  Сондықтан 

ғалым  қала  билеушілерінің  мемлекетті  басқаруда  олардың  ақыл-ойы  мен  кемеңгерлігіне  қарап 4 

топқа бөліп қарастырды: «Бұл қаланың басшылары мен билеушілері төрт түрлі болады:  

1.  Нағыз  əкім.  Ол — бірінші  басшы,  сондықтан  оның  бойында  ұштасқан  алты  қасиет  болуы 

қажет: даналық, асқан пайымдағыштық, қалтқысыз сендіру, өте жақсы қиялдау, қасиетті соғысты өзі 

бас болып жүргізу қабілеті жəне оның тəнінде қасиетті соғыспен байланысты істерді жүргізуге бөгет 

жасайтын  еш  нəрсенің  болмауы.  Осының  бəрін  өз  бойында  ұштастыратын  адам  барлық  іс-

əрекеттерде  кімге  еліктеу  керек  екенін,  кімнің  айтқан  сөзі  мен  ақылына  құлақ  қою  қажет  екенін 

көрсететін үлгі болады. Мұндай адам өзінің қалауынша басқара алады. 

2. Мұның  бəрін  өз  бойында  ұштастыратын  адам  болмаса,  бірақ  бұл  қасиеттер  бір  топ 

адамдардың  арасында  жеке-дара  дарыған  болса,  мəселен,  ол  адамдардың  біреуі  мақсатты  көрсете 

білсе,  екіншісі  мақсатқа  бастайтын  жолды  көрсете  білсе,  үшіншісінде  көз  жеткізе  сендіру,  қиялмен 

өте жақсы елестету қабілеті болса, төртіншісінде қасиетті соғысты жүргізу қабілеті болса, сонда бұл 

топтың мүшелері бірлесе отырып, билеушінің орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар жəне 

қадірлі адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы ең қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады. 

3. Мұндай  адамдар  да  болмаса,  имамдардың  алғашқы  ұрпақтары  енгізген  жəне  қаланы 

басқарғанда өздері қолданған ертедегі заңдар мен қағидаларды ұштастыра білетін адам қала бастығы 

болады;  мұның  үстіне  ондай  адам  бұл  заңдар  бұрынғы  ұрпақтар  көздеген  мақсатқа  сəйкес  қандай 

жерде, қандай жағдайда пайдаланылуға тиіс екенін өте жақсы айыра білуі тиіс. Мұнымен бірге онда 

қасиетті  соғысты  жүргізу  қабілеті  болуы  керек.  Мұндай  адам  заңға  лайық  билеуші  деп,  ал  оның 

басқаруы заңды басқару деп аталады. 

4. Бұл қасиеттердің бəрін жалғыз өзінің бойына жинаған адам болмаса, бірақ ондай қасиеттер бір 

топ  адамдарға  жеке-дара  тəн  болса,  онда  олардың  бəрі  əкімнің  орнына  заң  бойынша  бірлесе  ие 

болады. Адамдардың бұл тобы заң бойынша қойылған басшылар деп аталады», — деп қарастырып, 

қала–мемлекетті  басқарушы  билеушілерінің  қоғамдық  өмірінің  толық  сипаттамасын  береді.  Əл-

Фараби  ел  басқарушы  əкімдер  өздерінің  жұмысында  алдымен  халық  үшін  игі  істерді  көп  жасаса, 

қала-мемлекеттің  өркендеуіне  жол  ашылады  деген  тұжырымға  келеді.  Халыққа  қажетті  əділетті 

заңдар болса, онда мемлекетті басқарудың ісін шыңына жеткізе жетілдіруге мүмкіндік береді, — деп 

есептеді [10; 528]. Бұл жерде ғалым идеалды мемлекет пен адамның кемелденуі туралы адамгершілік 

теорияны  басшылыққа  алып,  барлық  азаматтар  ұстану  тиіс  мемлекет  басқарудың  тиімді 

механизмдерін көрсетіп береді.  

Əл-Фараби  туралы  жазған  адамдардың  бəрі  оның  үстінен  түркі  киімін  тастамағанын  айтады. 

Бұл оның түркінің салт-дəстүрін қатаң ұстаған ортада есейгенін, «білім іздеп келді» дейтін арабтарға 

оның  тіпті  де  еліктемегендігін  көрсетеді.  Екіншіден,  ол  түркіге  тəн  жауынгерлік  өнерді  өте  жақсы 

меңгерген [9; 3]. Ол адамдардың патриоттық сезімдерінің күшті болуына үлкен мəн беріп: «Ол өзінің 

халқын  сүйіп,  беріліп,  оның  абзал  дəстүрлерін  дамытып,  жоғын  жоқтап,  мұңын  мұңдап  отыруы 

қажет», — дейді [3; 156]. 

Бұл тұрғыдан əл-Фарабидің елі, жұрты немесе басқа бір қасиетті мақсат үшін өмір сүру немесе 

өзін-өзі құрбан етіп шахидтік дəрежеде көтерілетін еңіреген ерлер туралы жазады. «Ізгі адам ажалды 

жақындатуға  ұмтылмауы  тиіс,  қайта  өмірді  ұзартуға  барынша  тырысуы  керек,  өмір  ұзара  берсе, 

мұның  өзі  оған  бақытты  ететін  істерді  көбірек  істеуге  мүмкіндік  туғызады.  Ол  өзінің 

қайырымдылығымен  келтіріп  отырған  пайдадан  қала  тұрғындары  мақрұм  қалмауы  үшін  де  істеуі 

керек.  Ол  адам  өлімге  бой  ұсынғанда  тек  мынадай  ретте  ғана — оның  өлімі  арқылы  қала 

тұрғындарына  ол  одан  əрі  өмір  сүргендегіден  гөрі  көбірек  пайда  келтіретін  болғанда  ғана  ұғынуы 

тиіс. Егер оған ажал еріксіз келсе, онда ол мұнан қорықпай, абыроймен өтуі тиіс. Ол ажалдан тіпті де 

қорықпайды;  өлім  оны  абыржытарлық  дəрежеде  қорқыта  алмайды.  Өлім  тек  надан  қалалардың 

тұрғындары мен бұзық адамдарды ғана қорқыта алады» [10; 536]. 

Бұдан шығарар қорытынды  жауынгер туған қаласын жат жерлік басқыншылардан қорғау үшін 

майданға шыққанда өлімді ойлап қорқудың қажеті жоқ екен. Ізгі жауынгер қаласын қорғай отырып, 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Н.Б. Смағұлов, А. Ташағыл 

64 


Вестник Карагандинского университета 

алдымен  өзінің  отбасын,  əке-шешесін,  бауырларын,  туған-туыстарының  өмірін  қорғайды.  Өлімді 

қорықпай, үрікпей лайықты түрде қарсы алуы парыз. Егер əділеттілік үшін болған ұрыста қаза тауып 

жатса, оның өлімі қорғап жатқан қаласы үшін, артында қалған отбасысы үшін тек пайда келтірерлік 

болуы  тиіс.  Олар  одан  əрі  өмір  сүріп,  қала-мемлекеті  ары  қарай  дамып,  өркендеп,  өмір  жалғаса 

береді.  Бұл  адамзат  аман  тұрғанда  əрқашан  есте  тұратын,  əркім  шама-шарқы  келгенше,  орындап 

отыруы тиіс қасиетті аманат деп білуіміз керек. 

Əл-Фарабидің  шыққан  тегі  туралы  қазір  де  белгілісі — оның  əкесінің  Фараб  гарнизонының 

қолбасшысы екендігі [2; 207]. Түркілердің ерлік дастандарын жастайынан санасына сіңірген ғұлама 

еңбегінде  ежелгі  түркілердің  қаһармандық  рухтағы  жазылған  батырлар  жырының  кейіпкерлерінің 

əрекетінің  тұруы  да  заңдылық  еді.  Ислам  көнетүркілік  батыр  жігіттің  ерлік  идеалын  қайта 

жаңғыртып,  сонымен  қатар  оны  ізгілікке  жаны  жақын,  рухы  күшті,  адамгершілігі  мол  мазмұнға 

жақындата  түскен.  Егер  исламға  дейінгі  дəстүрлерде  «ер»  бұл  ең  бастысы  қара  күштің,  көзсіз 

батырлықтың  иесі  ретінде  бейнеленсе,  кейін  бұл  түсінік  моральдық  жағынан  жетіліп,  батырдың 

бойындағы ең басты қасиет оның адамгершілігі, білімі, ақыл-ойы ретінде көріне бастады.  

ІХ–ХІ ғғ. мұсылман əлемі түркі көшпелілеріне тең келетін сарбаздар жоқ екендігіне көз жеткізді. 

Түріктердің тартымды адамгершілік қасиеттері де ерекшелеп тұратын. Түркілерге деген сұраныстың 

арта  түсуіне  байланысты  енді  араб  саяхатшылары  мен  ғалымдары  тарапынан  олардың 

этнопсихологиясы  да  зерттеле  бастады. «Түріктер  мынадай  халық:  кек,  жылпостық  пен  алдау, 

екіжүзділік,  бəле  жабу,  қулық,  өсек,  дос-жаранға  тəкаппарлық,  көршілерді  көре  алмаушылық 

дегендерді білмейді», — деп жазды мұсылман ғалымы [11; 66]. 

Ғұлама  соғыста  өлген  шахидтер  тəуекелі  туралы  былай  деп  жазады: «Қайырымды  жауынгер 

тəуекелге  бел  байлап  ұрысқа  кіріскенде,  мұның  арқасында  аман  қаламын  деп  ойлағандықтан 

кіріспейді, себебі мұның өзі ақымақтық болар еді. Дəл сол сияқты ол не өлемін, не тірі қаламын деп 

ойламайды,  өйткені  мұның  өзі  ұшқалақтық  болар  еді.  Ең  дұрысы,  ол  өлмеймін,  аман  қаламын  деп 

үміттенеді.  Ол  өлімнен  қорықпайды,  өлім  келе  қалған  күнде  де  ол  қорықпайды.  Өзінің  іздегенін 

тəуекелсіз  алатынын  білсе  немесе  аламын  деп  есептесе,  ол  тəуекелге  бармайды.  Ол  тəуекелге  бел 

байласа,  өзінің  іздегенінен  айырылатынын,  оны  ала  алмайтынын  біліп,  егер  осылай  етсем, 

іздегенімді,  мүмкін,  алармын  деп  шамаласа,  не  болмаса,  өлсем  де  немесе  тірі  қалсам  да  қаланың 

тұрғындары  оның  тəуекелі  арқасында  ол  іздегенді  алар  деп  ойласа,  егер  өзі  аман  қалса,  қала 

тұрғындары мұны онымен бөлісер, ал егер өлсе, олар мұны алады, ал ол бұрынғы қайырымдылығы 

үшін  жəне  қазір  өзін  құрбандық  еткені  үшін  бақытқа  жетеді  деп  ойласа,  ол  сонда  тəуекелге  бел 

байлайды» [10; 536]. 

«Жауынгер  Отан  алдындағы  ең  адал  борышы  халқын  қорғау  жолында  тəуекелге  бел  байлап 

қасиетті соғысқа кіргенде аман қаламын деп ойламайды. Себебі ол бұл істің тəуекелсіз келмейтінін 

біледі. Сондықтан өзі құрбандыққа барғанда, артында қалған елі бақытқа жетеді деген жауынгердің 

көңілінде риясыз сенім болады. Əл-Фарабидің пайымдауы бойынша, жауынгер көксеген бақыт — ол 

артында  қалған  халықтың  рахметі,  ел  есінде  қаларлық  іс-əрекеті.  Екінші  жағынан,  қайырымды 

жауынгердің елі үші жасаған ерлігі арқасында тірі қалған қала тұрғындары халқын бақытқа жеткізу 

жолында шайқаста мерт болған батырдың іс-əрекетін насихаттап, қастерлеуі керек. Есімін құрметтеп 

отырып,  келер  ұрпаққа  үлгі-өнегі  қылып  отыруы  шарт  екен», — деп  халқын  бақытқа  жеткізу 

жолында ерлік көрсетіп құрбан болған ерлердің қаһармандық іс-əрекетін насихаттайды [10; 536]. 

«Қайырымды адам өлгенде немесе оны жау өлтіргенде оны жоқтамай, ол адам қалада қаншама 

керек болған  дəрежеде  қала  тұрғындарын  жұбату  керек жəне ол  адамның  жеткен  бақытына  қызығу 

керек.  Онымен  бірге  бұл — соғыста  өлтірілген  жауынгердің  қала  тұрғындарының  игілігіне  өзін 

құрбан еткені үшін құрметтелуі — оның ерекше ардақтылығы» [10; 536]. Қорғаныс ұрыстарында қаза 

тапқан  жауынгерлердің  рухын  құрметтеп  отыру — қала  тұрғындарының  басты  мəселесі.  Түркілік 

батырлық дəстүрде жауынгердің ажалы жетіп, үйінде қартайып немесе ауырып өлуі намыс саналған. 

Сондықтан  батырлар  жырында  ерлердің  елі  үшін  қан  майданда  батырлықтың  ғажайып  үлгісін 

көрсетіп өлу ерекше бақыт саналған. 

Əл-Фараби түрік тайпасының дəулетті бір ортасынан, оның ішінде əскери отбасыдан шыққаны 

бізге  мəлім.  Бұған  дəлел  оның  толық  аты  жөнінде  «Тархан»  деген  атаудың  болуы.  Демек,  əл-

Фарабидің əкесі түріктердің белгілі əскербасысы болған.  

Жалпы табиғатынан түріктер əскери соғыс өнеріне бейімділігімен ерекшеленетін. Олар негізінен 

əскери істер мен саяси басқару жүйесінде ықпалды күшке ие болды. Əсіресе түріктер саяси-құқықтық 

салада  басқалардан  əлдеқайда  озық  тұрды.  Көшпелі  əлем  батырлар  мен  ұлы  қолбасшыларды, 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Əл-Фараби еңбегіндегі «Мəңгілік Ел»... 

Серия «История. Философия». № 3(83)/2016 

65 

дүниежүзілік деңгейде мойындалған ғұлама ғалымдарды өмірге əкелді. Түркілердің өздері айтқандай, 



құдай олардың маңдайларына басқаруды, қолбасшы жəне билеуші болуды жазған. Мұндай пікірлер 

біздің  ертеден  келе  жатқан  дəстүрімізді  еш  төмендетпесе  керек.  Мемлекет  құру  да  шығармашылық 

білімді, басқару  өнерінің  əдіс-тəсілдерін  қажет  етеді. Түріктер  арасында  ақылды  əдіс-айланы  дұрыс 

қолданып  соғыса  білу  де  үлкен  өнер  болып  саналған.  Олар  дүниежүзіне  танымал  əскери 

династиялардың негізін қалады. ХХ ғ. дейін Орталық Азияда, Иран мен Ауғанстан хандықтарының 

тақтарында көбінесе түркі тектес ақсүйек əулеттер отырды. Көшпелі түріктер үнемі əскери күш пен 

саяси  өкіметті  өз  қолдарына  ұстап  отырып,  билік  жүргізген.  Ислам  əлемі  тарихындағы  көрнекті 

қолбасшылар мен мемлект құрушылар, дін үшін күрескен қаһармандардың көбі, атап айтсақ, Махмұт 

Ғазнауи,  Бейбарыс,  Əмір  Темірлер  түрік  тектестерден  шықты [11; 21]. Көшпелі  түріктер  ислам 

өркениетінің  қорғаушыларына  айналды.  Көшпелі  жауынгердің  бойында  туа  бітті  дарыған  ерлікке 

деген  құштарлық,  тайсалмас  жүректілік,  ақкөңіл  де  адал,  мəрт  мінездің  қалыптасуы  ол  өмір  сүрген 

орта  мен  этнопсихологиялық  жүйеге  тікелей  байланысты  болған.  Тарихта  көшпелі  халықтар 

пассионарлық  үлгідегі  адамдардың  генераторы  сияқты  өмір  кешті. «Олар  өздерінің  намыстары  мен 

адамгершіліктерін  жеке  бастарының  қауіпсіздіктері  мен  материалдық  құндылықтардан  жоғары 

қоятын», — деген Е. Хара Даванның пікірінде шындық бар [11; 67]. 

Əл-Фарабидің  ізгі  жауынгерлер  туралы  жазған  бұл  еңбегі  Қазақстан  Республикасының 

Президенті – Елбасы  Н.Ə.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауы  «Қазақстан – 2050» 

Стратегиясымен  тарихи  сабақтасып  жатыр.  Елбасымыз  еліміздің  қорғаныс  саласын  басты  назарда 

ұстап Қазақ Елінің шекарасының бұзылмауын қатаң қадағалайды. 

«Мəңгілік  Елдің  халқы — отансүйгіш,  патриот,  өз  өмірлерін  Отан  үшін  қиюға  даяр  жауынгер 

халық... Иманды сарбаз үшін Отан үшін жанын қию басты мақсат саналады. Сарбаз қазақ ұғымында 

Тəңірі  еркін  орындаушы,  Тəңірі  жасаған  жердегі  тəртіпті  сақтаушы,  Тəңірі  сарбазы  есептеледі. 

Шынында  да, «Мəңгілік  Елдің»  сарбазының  жағдайы  мемлекеттің  тұтастай  қамқорлығы  аясында 

болуы шарт. «Мəңгілік Ел» сарбазы, біріншіден, өз ұрпағының болашағы үшін алаңдамауы керек – 

бұл мемлекеттің кепілі болуы тиіс. Екіншіден, əскеридің ең басты міндеті – Отан мен Елбасын қорғау 

болғандықтан, ол өз еркімен таңдалған тұлға екендігін ешқашан естен шығармау керек. Елбасына күн 

туғанда қоғамның ер-азаматтары бейбіт уақытта алған əскери білімдерін пайдалана отырып, қолына 

қару алып, ел қорғауға сапқа тұруға міндетті» [6; 270]. 

Ортағасырлар  заманында  ғұмыр  кешіп,  əлемнің  екінші  ұстазы  атанған  ғалым  əл-Фарабидің 

мемлекет,  ел  басқару  жөніндегі  тұжырымдары,  əлеуметтік-этикалық  саяси  көзқарастары  бүгінгі 

қоғам  үшін  де  айрықша  маңызды.  Əл-Фарабидің  еңбектерінің  ауқымы  сол  заманның  материалдық 

жағдайы  мен  қоғамдық-саяси  құрылысына  байланысты  болса  да  өзінің  өміршеңдігімен  жəне  қоғам 

талабына жауап беру қабілетімен көне түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясына ғылыми-теориялық жəне 

тарихи сана тұрғысынан негіздеме бере отырып, тарихи сабақтастық арқылы бүгінгі күнде Тəуелсіз 

Қазақстанның ұлттық идеясы — «Мəңгілік Ел» идеясымен ұштасып жатыр.  

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Шəлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы өркениеті. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2003. — 289 б. 

2  Сыздықов С. Қарлұқ – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы жəне мəдени мұралары. — Астана: Фолиант, 2014. — 320 б. 

3  Көбесов А. Əбу Насыр əл-Фараби. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2004. — 176 б. 

4  Махмуд ал-Кашгари. Диван и Лугат ат-Турк / Пер., предисл. и комм. М. Ауэзовой. — Алматы: Дайк-Пресс, 2005. — 

1288 с. 


5  Бартольд В.В. Полный географический обзор: сочинения. — Т. III. — М.: Наука, 1965. — 711 с. 

6  Сыздықов С. Мəңгілік Ел идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық. — Астана: Фолиант, 2013. — 320 б. 

7  Машанов А. Əл-Фараби жəне Абай. — Алматы: Қазақстан, 1994. — 192 б.  

8  Смағұлов  Н.Б.  Ақжан  Машановтың  əл-Фараби  мұраларына  көзқарасы // Қарағанды  ун-тің  хабаршысы.  Тарих, 

философия, құқық сер. — 2007. — № 3 (77). — 284 б. 

9  Бейсенбай Б. Əбу Насыр əл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын // Ана тілі. — 2011. — 22 маус. 

10  Əл-Фараби. Таңдамалы трактаттары / Құраст.: Ə. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева, Ж. Сандыбаев. — Алматы: Арыс, 

2009. — 656 б. 

11  Нұртазина Н.Д., Хасанаева Л.М. Ежелгі түркілердің исламдануының тарихи алғышарттары: оқу құралы. — Алматы: 

Қазақ ун-ті баспасы, 2010. — 84 б.  

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Н.Б. Смағұлов, А. Ташағыл 

66 


Вестник Карагандинского университета 

Н.Б. Смагулов, А. Ташагыл

 

Историко-политическая и теоретическая основа  

идеи «Мəңгілік Ел» в трудах Аль-Фараби  

В  статье  представлен  научный  анализ  труда  Аль-Фараби  «Мудрые  высказывания  правителя 

государства», который  в эпоху Средневековья поднял к вершинам своего развития исламскую науку. 

Авторами  подробно  рассмотрены  достижения  исламской  цивилизации    в  Средневековье,  а  также 

вклад среднеазиатских тюрков в развитие науки, образования и культуры. Аль-Фараби в своих трудах, 

выделено в статье, высказывает передовые мысли, отзывы и суждения о мире, обществе, государстве 

и человеческих отношениях. Отмечено, что его труды и по сей день не потеряли своей актуальности. 

Авторами  обращено  внимание  на  то,  что  его  выводы  по  управлению  народом,  страной,  социально-

этнические  и  политические  взгляды  являются  особо  важными  для  современного  общества. 

С историко-политической и теоретической точек зрения обосновывая идею древних тюрков «Мəңгілік 

Ел»,  авторами  доказано,  что  причиной  зарождения  этой  идеи  стали  фундаментальные  труды  Аль-

Фараби.  Подчеркнуто,  что  в  трудах  Аль-Фараби  идея  «Мəңгілік  Ел»  обоснована  как  научно-

теоретически,  так  и  с  точки  зрения  исторического  сознания,  поэтому  на  сегодняшний  день  она 

превратилась в национальную идею Республики Казахстан.    

 

N.B. Smagulov, A. Tashagyl  



Historical and political and theoretical basis of the «Mangilik El»  

in the writings of Al-Farabi 

In this paper, the authors make a scientific analysis of the work of Al-Farabi «Wise sayings of the state gov-

ernor». Who in the Middle Ages raised to the heights of the development of Islamic science. The authors fur-

ther discussed achievements of Islamic civilization in the Middle Ages, as well as the contribution Average 

Asian Turks in the development of science, education and culture. Al-Farabi in his writings, expresses the ad-

vanced reviews and opinions about the world, society, the state and human relations. His works are to this day 

not lost its relevance. The authors draw vnimanme the fact that his conclusions on the management of the 

people, the country, the socio-ethnic and political views are particularly important for modern society. With 

historical and political, from a theoretical point of view, justifying the idea of ancient Turks «Mangilik El», 

the authors scientifically prove that the cause of this idea became zarozhdenieya fundamental works of Al-

Farabi. We studied that in the works of Al-Farabi, the idea of «Mangilik El» unsubstantiated scientific theory, 

and from the standpoint of historical consciousness and therefore today it has become a national idea of the 

Republic of Kazakhstan. 

 

 



References 

1  Shalekenov U.Kh. Civilization of settled Turks, Almaty: Kazakh University publ., 2003, 289 p. 

2  Syzdykov S. Karluk-Karakhanid relations: political history and cultural heritage, Astana: Foliant, 2014, 320 p. 

3  Kobesov A. Abu Nasir al-Farabi, Almaty: Kazakh University publ., 2004, 176 р. 

4  Mahmoud al-Kashgari. Sofa Lug’at al-Turk / Transl., preface and comments M. Auezova, Almaty: Daik-Press, 2005, 1288 p. 

5  Bartold V.V. Full geographical survey. Works, III, Moscow: Nauka, 1965, 711 p. 

6  Syzdykov S. Idea Mangilik el: the formation, three foundations, historical continuity, Astana: Foliant, 2013, 320 p. 

7  Mashanov A. Al-Farabi and Abay, Almaty: Kazakhstan, 1994, 192 p. 

8  Smagulov N.B. Bull. of University of Karaganda. Ser. history, philosophy, law, 2007, 3 (77), 284 p. 

9  Beisenbay B. Ana tili, 2011, April, 22. 

10  Al-Farabi. Selected treatises / Compiled: A. Nysanbaev, G. Kurmangaliyeva, Zh. Sandybaev, Almaty: Arys, 2009, 656 p. 

11  Nurtazina N.D.,  Hasanaeva L.M. Historical background Islamisation of the ancient Turks, tutorial, Almaty: Kazakh Univer-

sity publ., 2010, 84 p. 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У



Каталог: bitstream -> data
data -> Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е. А. и др
data -> Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары
data -> Евней арыстанұлы бөкетов
data -> Анықтамалық том справочный том к собранию сочинений е. А. Букетова
data -> Е.Қ. Көбеев, Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова
data -> Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
data -> Жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
data -> Серия «Химия». №2(82)/2016

жүктеу 146.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет