Әдістемелік ұсыныстар мен



жүктеу 69.39 Kb.

Дата14.06.2017
өлшемі69.39 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен

нұсқаулардың; әдістемелік

ұсыныстардың; әдістемелік

нұсқаулардың титул парағы 

Нысан 

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Психология және педагогика кафедрасы

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәні бойынша

050103, 5В010300  – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне

арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен

нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды;

әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы 

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/41

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор 

__________ Н.Э.Пфейфер

     


20__ж. «___»____________

Құрастырушы:

 ___________

п.ғ.к., доцент Б.Х.Галиева

Психология және педагогика

 

кафедрасы



                                      

        


«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәні бойынша

050103, 5В010300 – Педагогика және психология

 

мамандығының студенттеріне арналған



  

 

әдістемелік ұсыныстар 

Кафедраның отырысында ұсынылды 

20__  ж. «___»______________, №__ хаттама 

Кафедра меңгерушісі

__________ 

Е.И.Бурдина 

  

20__ж. «____» ________



      

Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды

20__ ж. «___»______________,  №____ хаттама

ОӘК төрайымы 

_________ 

Е.Н.Жуманкулова

    

20__ж. «____» ________



                                                 

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды     

20__ ж. «___»______________  №____ хаттама

    


Пәннің   мақсаты  –  студенттердің   әдіснамалық-теориялық   даярлығына

бағдарланған   кәсіптік   білім   алудағы   ғылыми   педагогикалық   процесті

ұйымдастыру мен басқаруды игеруі.

Пәннің   міндеті  –  кәсіби   білім   беруде   педагогикалық   процесті

ұйымдастырудың теориясы мен технологияларын зерделеу;

- Қазақстан Республикасындағы кәсіптік оқытудың тізбектестік моделінің

ерекшеліктерін сипаттау; 

- кәсіби білім берудің мәні мен мазмұнын ашу.

Пәннің   мақсаты   мен   міндеттері   орындалу   үшін   төмендегідей   жұмыс

түрлері іске асырылуы тиіс.

Дәріске қалай дайындалу керек?

Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік

алу   үшін   осы   дәрістің   жоспарымен   немесе   тезистерімен

танысқан   жөн.   Бұл   теориялық   материалды   едәуір   терең

меңгеруге   және   дәріс   барысында   неғұрлым   жемісті   жұмыс

жасауға мүмкіндік береді. 

Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын

терминдер   мен   персоналияларды   (анықтамалардағы,

сөздіктердегі,   антологиялардағы   белгілі   бір   тұлға   туралы

биографиялық   мәліметтерді   қамтитын   мақалаларды)   алдын

ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған

әдебиеттер   тізімінен   қажеттісін   дербес   іріктеп   алып   немесе

оқытушының   ұсынысы   мен   кеңесіне   жүгініп,   кітаптың

(оқулықтың,   оқу   құралының,   анықтаманың)   тақырыпқа   сай

тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа

неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және

тиімді өтеді.

Дәрістің   сұрақ-жауап   түрінде   өткені   өте   ұтымды.   Егер

сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар,

сабақтың   нәтижелі   болуы   әбден   мүмкін.   Сондай-ақ,   мұндай

дайындық   пәнді   тереңірек   түсініп,   одан   пайда   алуға

көмектеседі.

Сіздер   дәрісті   дайындап   өткізуге,   сабақта   қысқаша

баяндамалар   жасауға,   дәріскер   ұсынған   ақпаратты   қосымша

қызықты   материалмен   толықтыруға   да   белсенді   қатыса

аласыздар.



Пән тақырыптарының мазмұны 

Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні.

Қазақстан   Республикасының   білім  беру  жүйесі.   Қазіргі   кездегі   білім

беруді   жетілдірудің   талаптары.   Кәсіптік   білім   берудің   педагогикалық

принциптері.   Кәсіптік   білім   беруде   окушылардың   тұлғалық   қасиеттерін



дамытуға бағытталған оқыту процесін жүзеге асыруды көздеу. Курстың мақсаты

мен міндеттері. Кәсіптік білім берудің пәні мен объектісі. Курстың мазмұны.

Кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары. Бақылау

түрлері.   Кәсіптік   білім   берудің   шетелдік   тәжірибесі.   Білім  беру  процесінде

курстың  алатын  орны.   Жоғары   оқу   орнының   білім  беру  процесінде   алатын

орны.


Тақырып 2. Кәсіптік білім берудің моделі.

Кәсіптік   білім   берудің   моделін   жасаудың   ерекшеліктері.   Мектепішілік

кәсібилікке бөлудің моделі. Кәсіптік білім беру мекемелері. Кәсіптік білім беру

жүйесін   ұйымдастырудың   моделі.   Кәсіптік   білім   берудің   түрлі   модельдерін

жүзеге асырушы жалпы білім беретін мекемелерді инновациялық қамтамасыз

ету.


Тақырып 3. Кәсіптік білім берудің мазмұны

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім  беру стандарты.  Кәсіптік білім

беру  мазмұнын жаңартудың бағыттары. Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын

құрудың   принциптері.   Мемлекеттік   базистік   оқу   жоспары.   Инварианттық

компонент.   Вариативтік  компонент.  Кәсіптік   компонент.   Элективтік   оқу

курстары. Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты.



Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің

сипаттамасы

Кәсіптік   білім   берудің   тұтас   педагогикалық   процесінің   мәні   және

құрылымы.   Кәсіптік   білім   берудің   тұтас   педагогикалық   процесінің

заңдылықтары   мен   принциптері.   Кәсіптік   білім   берудің   тұтас

педагогикалық   процесінің   әдістері.   Кәсіптік   білім   берудің   тұтас

педагогикалық   процесінің   құралдары.   Кәсіптік   білім   берудің   тұтас

педагогикалық   процесінің   формалары.   Кәсіптік   білім   берудің   тұтас

педагогикалық   процесінің   әдістемесі.   Педагогикалык   технологиясының   мәні

және   белгілері.   Тұлғаның   белгілі   сапасын   дамытуға   түрлі   педагогикалық

технологиясының    ықпалының    дәрежесі.

Кәсіптік         білім        беру

технологиясының басымдылықтары.



Тақырып 5. Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы.

Тұлға   кәсіптік   білім   берудегі   тәрбие   объекті   және   субъекті.   Тұлғаны

дамытудың парадигмасы. Кәсіптік білім берудегі тұлға тәрбиесі және дамуы.

Кәсіптік   білім  беру  міндеттеріне   жауап   беретін,   оқушылардың   іс-әрекетінің

нәтижесін бағалау және есепке алудың қазіргі тиімді формасы – портфолио.

Портфолионың   негізгі   типтері:   әрқайсысының   артықшылығы   және

шектеулері.   Портфолио   жасаудың   технологиясы.   Кәсіптік   білім  беруде

портфолионы пайдаланудың принциптері.



Тақырып 6. Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Кәсіби   даярлықта   кәсіптік   бағдар  беру  және   хабарламалық   жұмысты

ұйымдастыру.  Кәсіби  даярлықтың алдындағы мақсат пен міндет.

Кәсіптік білім алды даярлықтың мәні. Кәсіптік білім алды даярлықтың

моделі.   Элективті   курстар.   Алдын  ала  бағдарламалы   элективті   курстың

бағдарламасын құрудың принциптері. Курсты ұйымдастырудың мазмұны және

формасы.Оның міндетті құрамалары, «білім беру картасы».


Оқушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырудың мақсаты және

мазмұны.   Кәсіптік   мектепте   оқуды   түрлі   вариантта   жалғастыруда   оқушыға

психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі іс-әрекетті ұйымдастыру.

Тақырып 7.   Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару.

Менеджмент  теориясы   негіздерінде   білім  беру  мекемелерін   басқару.

Кәсіптік   білім  беру  жүйесін   басқарудың   құрылымы.   Білім  беру  мекемелерін

басқарудың   принциптері   мен   әдістері.   Кәсіптік   білім   беруде  педагогикалық

кадрларды   кәсіби   даярлаудың   ерекшеліктері.   Кәсіптік   білім  беру  кезеңінің

педагогикалық кадрларын даярлаудың жүйесі. Кәсіптік білім беруге ақпараттық

көмектесу. Кәсіптік білім беруде педагогикалык еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

Семинарға қалай дайындалу керек?

1. Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз. 

2. Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға

мүмкіндік береді. 

3. Семинарға   дайындықты   сабақтың   жоспарымен   және   қажетті   негізгі

және   қосымша   әдебиеттермен   танысудан   бастаңыз.   Дайындалу   үшін   дәістің

конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек.

Қойылған   сұрақтарға   қай   әдеби   көзден   жауап   табуға   болатынын   белгілеңіз.

Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.

4. Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз. 

5. Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді  оқытушыдан сұрап түсінуге

болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз. 

6. Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.

7. Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз. 

8. Бастысы:   ғылыми-ұғымдық   аппаратты   біліп,   дұрыс   қолдану   және

бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу. 

9. Ұсынылған  әдебиеттер  тізіміндегі  негізгі  әдеби  көздерді  зерделеумен

шектелмеңіз. 

Қосымша   әдебиеттерді   колдана   отырып,   сіздер   ой-өрісіңізді   кеңейте

аласыздар,   зерттеп-зерделеп   отырған   мәселені   жан-жақты   және   тереңірек

түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар. 

Семинар сабақтардың мазмұны 

1. Кәсіптік білім беруде оқушылардың мектепішілік бақылауын өзін-

өзі анықтауға бағдарлау.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім беруді жаңғыртуға

қойылатын қазіргі талаптар. Бейіндік оқыту тұжырымдамасы.

Кәсіптік   білім  беру   педагогикасының   принциптері.  Кәсіптік   білім  беру

педагогикасының мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні. Кәсіптік білім беру

педагогикасының мазмұны.

Кәсіптік   білім   беруді   жүзеге   асыру   әдістері   мен   құралдары.   Бақылау

формалары.

Бейіндік оқытудың шетелдік тәжірибесі.


2. Кәсіптік   білім   берудің   әр   түрлі   модельдері:   мектепшілік

бейіндендіру және жүйелі ұйымдастыру

Кәсіптік   білім   берудің   әр   түрлі   модельдерін   жасаудың   ерекшеліктері.

Мектепішілік кәсіптендіру моделі. Бірбейінді және көпбейінді жалпы орта білім

беру мекемелері. 

Бейінді білім беруді желілік ұйымдастыру моделі. 

Бейінді   білім   берудің   әр   түрлі   модельдерін   іске   асыратын   жалпы   орта

білім беру мекемелерін инновациялық қамсыздандыру.

3. Элективті (таңдаулы) курстар. Базистік және кәсіптік курстардың

өзара әрекеттестіғгі. Курстарды таңдап алудың шарттары

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттары. Білім беру

мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын құру принциптері.

Инварианттық компонент. Вариативті компонент. Бейінді компонент. 

Элективті оқу курстары. Кәсіптік білім беру мектебі оқушысының жеке

білім алу маршруты.

4. Кәсіптік білім беруде сабақ кестесін құру әдістемесі

Кәсіптік   білім   беру   мекемесінде   сабақ   кестесін   құрудағы   әрекеттердің

алгоритмі. Дайындық кезеңі.

Жобалау кезеңі. Кестені құру принциптерін анықтау. Кестенің ықтимал

нұсқаларын талдау. Жеке кестенің жобасын жасау.

Енгізу   сатысы.   Кестені   сынақтан   өткізу.   Ішкі   сараптама.   Талдау   және

түзету.

5. Кәсіптік білім беруде түрлі технологияларды пайдалану

Педагогикалық   технологияның   мәні   мен   белгілері.   Тұлғаның   белгілі

сапаларына   әсер   етуші   педагогикалық   технологиялар   ықпалының   дәрежесін

анықтау.   Кәсіптік   білім   беруде   әр   түрлі   технологияларды   қолдану.     Кәсіптік

білім берудегі басымды технологиялар.

6. Кәсіптік   білім   берудің   кезеңіндегі   оқушылардың   жеке   оқу

жоспарын жобалаудың ерекшеліктері

Оқушылардың жеке оқу жоспары түсінігі. Кәсіптік жалпы орта білім беру

мекемесінде   оқушылардың   жеке   оқу   жоспарын   жобалау:   әрекет   алгоритмі.

Мақсатар   мен   міндеттерді   талдау   және   талқылау.   Нормативтік   құжаттарды

зерделеу.   Педагогтардың   жоба   командасын   дайындау.   Оқушылар   мен

педагогтардың   тілектерін   талдау.   Мектептің   мүмкіндіктерін   талдау.   Сыртқы

жағдайларды   талдау.   Оқушылардың   жеке   оқу   жоспарларын   талдау.   Базистік

және бейіндік курстарға бөлінетін сағат көлемін анықтау.



7. Кәсіптік білім берудегі қорытынды аттестация

Бейінді білім берудегі бақылау формалары мен әдістері. 

Кәсіптік білім берудегі қорытынды аттестаттаудың маңызы. Қорытынды

аттестаттаудың мақсаты мен қызметтері.



Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу 

қажет 

1. 


Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді. 

2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 

3. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ

студенттің   дайын   болуын   талап   етеді,   сондықтан   оқу   бағдарламасының

тақырыптық   жоспарында   көзделген   барлық   тақырыптарды   студент   қосымша

өздігінен зерделеу керек.

4. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен,

топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі

түрлері:   оқулықпен   жұмыс,   жаттығулар,   практикалық   жұмыстар,   тексеру,

бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар

мен   баяндамалар   жасау,   тәжірибе   жасау,   тест   жұмысын   орындау   болып

табылады.   Өздік   жұмыс   студенттердің   білім   сапасын   көтеруге,

қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.



Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі 

1.Білім беру мазмұны: кәсіптік білім берудің мүмкін болатын жақтары

2.Кәсіптік   білім   беру   кезеңіндегі   оқушының   психологиялық-

педагогикалық бейнесі: өзін-өзін анықтауға бағдарлау.

3.«Кәсіптік білім беру педагогикасы» түсінігі.

4.Орта білім беру жүйесінде кәсіби білім берудің орны.

5.Кәсіптік білім берудің түрлі модельдерін ұйымдастырудың шарттары.

6.Кәсіптік білім берудің мазмұнын құрудың негізгі принциптері.

7.Базистік және кәсіби элективтік курстардың өзара байланысы.

8.Жеке кәсіби курстардың жиынтығы.

9.Әртүрлі   кәсіби   білім   беруді   жүзеге   асыру   үшін   білім   беру

ауқымдарының ерекшеліктері.

10. Кәсіптік даярлыктың мәні мен міндеттері.

11. Кәсіби   даярлықтағы   кәсіптік   бағдар   беру   және   хабарламалық

жұмыстарды ұйымдастыру.

12. Кәсіптік білім беру кезеңінде сабақ кестесін жасаудың ерекшеліктері.

13. Кәсіптік мектеп педагогының кәсіби бағыты. 

14.Кәсіптік   білім   беру   кезеңіндегі   оқушылардың   жеке   жоспарын

жобалаудың негізгі кезендері.

15.Кәсіптік   білім   беру   кезеңіндегі   оқушыларға   психологиялық-

педагогикалық көмек.

16.Кәсіптік   білім   беру   кезеңінің   оқушыларына   кәсіби   бағдар   беру

жұмыстарын ұйымдастырудын формалары.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.

Мемлекет   басшысының   Қазақстан   халқына   Жолдауы



 

//

http://www.edu.gov.kz



2.

2020   жылға   дейінгі   білім   беруді   дамытудың   ұзақ   мерзімді

бағдарламасы // 

http://www.edu.gov.kz



3.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. - Астана, Ақорда,

2007 жылғы шілденің 27-сі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. //

http://www.edu.gov.kz

4.

Акулова  О.В.  Информационная   работа   в   условиях   профильноғо



обучения. – СПб: Каро, 2005.

5.

Гладкая  И.В.,  Ильина   С.П.,  Ривкина  С.В.   Основы   профильного



обучения и предпрофильной подготовки. - СПб, 2005.

6.

Писарева   С.А.   Образовательная   среда   профильного   обучения.   -



СПб, 2005.

Қосымша:

7.

Бақтыбаев   Қ.Б.,   Әлмағамбетова   Д.Қ.   Бастауыш   кәсіптік   білім



мамандықтарына   арналған   оқу   жоспарының   моделін   жасау   жөніндегі

нұсқаулар. - Алматы, 2002.

8.

Кузнецов   А.А.,   Пинский   А.А.,   Рыжаков   Н.В.,   Филатова   А.О.



Структура   и принципы формирования  содержания   профильного  обучения  на

старшей ступени. - М., 2003.

9.

Теория и практика организации предпрофильной подготовки / Под



ред. Новиковой Т.Г. - М., 2003.

10.


Мұсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде мектептен тыс

жұмыстардың түрлері //Қазақстан жоғары мектебі. 2002. № 3.



Document Outline





©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал