Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата20.02.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ДЕҢГЕЙІНДЕ 

ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН САЛАУАТТЫ ӨМІР 

САЛТЫ, ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ, ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЖӨНІНДЕ 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Алматы 2014

Авторлары:

м.ғ.д., профессор Ж. Е. Баттақова, м.ғ.к. С. Б. Мұқашева, м.ғ.д. Г. Ж. Тоқмурзиева, 

м.ғ.д.,  профессор  Т.  И.  Слажнёва,  м.ғ.д.,  профессор  Т.  С.  Хайдарова,  м.ғ.к. 

Т.  П.  Палтушева,  К.  К.  Медеубаева,  медицина  ғылымының  магистрі 

Ә.  А.  Адаева,  Т.  К.  Сайдамарова,  А.  Қ.  Әлиева,  Н.  А.  Сулейманова,  медицина 

ғылымының магистрі А. А. Әкімбаева, Д. О. Ділімбетова 



Пікір жазғандар:

м.ғ.д. Д. А. Оспанова 

м.ғ.к. К. К. Давлетов 

Аннотация

Әлеуметтік-бағдарлы  медициналық-  санитарлық  алғашқы  көмек    (МСАК) 

қазіргі  кездегі  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  негізі  болып  табыла-

ды.  Ол  халықтың  мүддесіне  бағытталып,  аурушаңдылыққа  әсер  ететін  мінез-

құлықтық және әлеуметтік факторларды ескереді және заманауи салауатты өмір 

салтын  қалыптастыру  мен  профилактика  технологияларын  қолдана  отырып, 

халық  денсаулығын  жақсарту  ісіне  барынша  көп  тиімділік  береді.  Әдістемелік 

ұсынымдарға  халықаралық  және  Қазақстан  Республикасында  енгізіліп  жатқан 

талаптарға сәйкес дәлелдерге негізделген денсаулық сақтау саласының алғашқы 

буынының  деңгейінде  ересек  және  бала  тұрғындардың  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру  мен  әлеуметтік  маңызы  бар  аурулардың  мінез-құлықтық  қауіпті 

факторларының алдын алуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер кіреді. 

Әдістемелік  ұсынымдар  медицина  қызметкерлеріне,  МСАК  және  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру  қызметі  мамандарына,  психологтарға,  психотера-

певтерге, әлеуметтік қызметкерлерге, медициналық-санитарлық алғашқы көмек 

дәрігерлері  мен  мейірбикелерге,  жоғарғы  және  орта  арнайы  оқу  орындарының 

оқытушылары  мен  студенттеріне,  біліктілікті  арттыру  жүйесіне,  түрлі  салада 

қызмет атқарып жатқан ғалымдар мен мамандарға, халыққа арналған. 

Әдістемелік  ұсынымдар  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  проблемала-

ры  ұлттық  орталығының  Ғылыми  кеңесінің  (2014  жылғы  10  ақпанындағы  №1 

хаттамасының) шешімімен қаралып мақұлданды. 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Сараптау   Кеңесінің 

2014 жылғы 10 маусымдағы №4 шешімімен бекітілген. 


3

Қысқартылған сөздер тізімі:

АГ 


 

артериялық гипертензия



АҚҚ   

артериялық қан қысымы



АЕҰ   

амбулаторлық-емханалық ұйым



ҚД 

 



қант диабеті

БАҚ 


 

бұқаралық ақпарат құралдары



ДА 

 



дәрігерлік амбулатория

ДДҰ   


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

МДБАМ 



мектепке дейінгі балаларға арналған мекеме 



СӨС   

салауатты өмір салты



ИЖА   

ишемиялық жүрек ауруы



АДС   

артық дене салмағы



АББМ   

ақпараттық-білім беру материалдары



ТЖЛ   

тығыздығы жоғары липопротеидтер



ТТЛ 

 



тығыздығы төмен липопротеидтер

ЕПҰ   


емдеу-профилактикалық ұйым

ҚР ДСМ 



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау    



 

 

 



министрлігі

МО 


 

медициналық орын



СӨСҚПҰО 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары  



 

 

 



ұлттық орталығы

ЖҚА   


жеке қауіп-қатерді анықтау

ПК 

 



профилактикалық кеңес

МСАК   


медициналық-санитарлық алғашқы көмек  

ҚР 

 



Қазақстан Республикасы

СБІ 


 

сүт безі ісігі



ЖМІ   

жатыр мойыны ісігі



ФАО   

фельдшерлік-акушерлік орын



СӨСҚ   

салауатты өмір салтын қалыптастыру



СЖЕА   

созылмалы жұқпалы емес аурулар



ОЖЖ   

орталық жүйке жүйесі



ДМ 

 



Денсаулық мектептері

4

Мазмұны 

Кіріспе .......................................................................................................................... 5

1. Қазақстандағы бастапқы денсаулық сақтау саласының 

әлеуметтік-бағдарлы үлгісі ........................................................................................ 6

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиясы ....................................... 11

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері ................................................. 12

4. Уәждемелік сұхбаттасу әдістері .......................................................................... 13

5. Мінез-құлықтық қауіпті факторлар бойынша Денсаулық мектептері  ............ 18

6. Жастар денсаулық орталықтары .......................................................................... 38

7. Темекіге қарсы орталықтар (кабинеттер)..............................................................43

8.Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде халықты скринингтік 

тексеріп-қарау ............................................................................................................ 48

9.Бастапқы денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық көмек. .......................59

10. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкердің рөлі .......................61

11. Симуляциялық оқыту бөлімі .............................................................................. 63

12. Ақпараттық науқан ............................................................................................. 66

Қорытынды ................................................................................................................ 68

Қолданылған әдебиеттер тізімдемесі. ..................................................................... 69



5

Кіріспе

Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2011-

2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында 

кешенді  профилактикалық  іс-шараларды,  скринингтік  зерттеуді,  Бірыңғай 

ұлттық  денсаулық  сақтау  жүйесінде  басты  әлеуметтік  маңызы  бар  ауру-

лар  мен  жарақаттарды  диагностикалау,  емдеу  мен  сауықтыруды  жетілдіруді 

күшейту  керектігі  анықталған.  МСАК-ты  ұйымдастырудың  кешенді  үлгісінің 

мақсаты  отбасылық  дәрігер  қызметін,  орта  медицина  қызметкерлер  құрамына 

дәрігерлік  қызметтер  құрамын  делегаттауды  енгізу,  МСАК  ұйымының  штаты-

на медициналық қызмет жасамайтындарды (әлеуметтік қызметкерлер және т.б.) 

қосу,  МСАК  ұйымдарындағы  қызметкерлер  құрамының  қызмет  көрсетілетін 

халықтың  медициналық,  әлеуметтік  және  психологиялық  мәселелерін  анықтау 

саласында  дағдылары  мен  біліктілігін  дамыту,  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу 

мен науқастарға кеңес беру арқылы медициналық көмек көрсету тиімділігін арт-

тыру болып табылады.

Шет елдік және қазақстандық ғалымдардың көптеген зерттеулері созылмалы 

жұқпалы  емес  аурулардың  (СЖЕА)  көбінің  алдын  алуға  болатынын  көрсетеді. 

Оның дамуында жеке әдет-дағдылар мен әлеуметтік жағдай, мінез-құлық түрлері 

мен  шылым  шегу,  дұрыс  тамақтанбау,  алкогольді  тұтыну,  дене  белсенділігінің 

төмендігі және т.б. секілді факторлар, яғни мәдени ортаға әсер етуге бейім фак-

торлар  маңызды  рөл  атқарады.  Өмір  сүру  салтына  байланысты  бұл  ауруларға 

бейімділік көбіне әлеуметтік ортаға байланысты болса да жеке адамның мәселесі 

болып табылады. Яғни, оны өзгертуге болады, ал аурудың даму қаупі айтарлықтай 

төмендейді. 

Өлім-жітім үлесі (86%) мен аурулардың ауыртпашылығы (77%) көбінесе жүрек 

қан-тамыр  аурулары,  қатерлі  ісіктер,  созылмалы  респираторлық  аурулар,  қант 

диабеті секілді әлеуметтік маңызы бар аурулар тобына тиесілі. Бұл аурулардың 

негізіне шылым шегу, алкогольді тұтыну және т.б. секілді мінез-құлықтық қауіпті 

факторлары жатады. 

Өткізілген  әлеуметтік  зерттеулер  мен  скринингтік  тексеріп-қараулар 

Қазақстанда 12 жастан жоғары тұрғындар арасында шылымқорлықтың таралуы 

22,6%-ды, алкогольді тұтыну – 39,4%-ды, артық дене салмағы – 36,9%-ды, оның 

ішінде  семіздік  –  7,7%-ды,  жеміс-жидек  пен  көкөністерді  жеткіліксіз  тұтыну  – 

87,7%-ды, дене белсенділігінің төмендігі – 86,7%-ды құрайтынын көрсетіп отыр.

Қауіпті  факторлардың  көп  таралуы  созылмалы  жұқпалы  емес  аурулардың 

(СЖЕА)  таралуының  жоғарылығын  қалыптастырды.  Дәл  осы  аурулар,  соны-

мен  қатар  жарақаттар,  қайғылы  жағдайлар  мен  улану  Қазақстан  халқының 

аурушаңдылық пен өлім-жітім құрылымын бастап отыр.  

Халықаралық  тәжірибе  профилактикалық  шаралардың  тиімділігінің 

жоғарылығын көрсетіп отыр. Сонымен, артериялық гипертензияны дер кезінде 

анықтау мен сапалы емдеу инсульт алу қаупін 30-40%-ға қысқартады. АҚШ-та


6

1972 жылдан бастап 1994 жылдар кезеңінде кең ауқымды профилактикалық шара-

ларды жүргізу кезінде жүрек қан-тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді 2 есе-

ге, ал инфаркттан болатын өлім-жітімді 2,5 есеге төмендетуге қол жеткізілді. Фин-

ляндияда тек холестеринді, шылымқорлықтың таралуы мен жоғары артериялық 

қан қысымын  орта деңгейден төмендетудің арқасында ишемиялық жүрек ауруы-

нан орын алатын өлім-жітім 1972-1992 жылдары 80%-ға төмендеген. Ирландияда  

1985  пен  2000  жылдар  кезеңінде  жүрек  қан-тамыр  ауруларынан  болатын  өлім-

жітімді  48,1%-ға  төмендете  алды.  Бұрынғы  КСРО  кезеңінде  профилактикалық 

бағдарламалар  жүрек  қан-тамыр  аруларынан  болатын  өлім-жітімді  41%-ға 

төмендетуге мүмкіндік берген.

Медициналық МСАК ұйымдарында профилактикалық қызметтерді жетілдіру 

халықпен  жұмыс  істеуге  арналған  әдістемелік  материалдармен  МСАК  ма-

мандарын  қамтамасыз  етуге  шақырған  ҚР  ДСМ  «Салауатты  өмір  салтын  на-

сихаттау,  басты  әлеуметтік  мәні  бар  аурулардың  қауіпті  факторларының  про-

филактикасы  жөнінде  медициналық-санитарлық  алғашқы  көмек  медициналық 

қызметкерлердің  іс-қимыл  алгоритмдері»  2012  жылғы  2  ақпандағы  №  89 

бұйрығының  негізінде  іске  асырылады.  Алғашқы  медициналық  көмек  көрсету 

жүйесін тиімді және қолжетімді етіп құру үшін 2011 жылдың 5 қаңтарындағы №7 

бұйрық  және  келесі  «Амбулаториялық-емханалық  көмек  көрсететін  денсаулық 

сақтау  ұйымдарының  қызметі  туралы  ережені  бекіту  туралы»  2013  жылғы  17 

тамыздағы  №  479  бұйрықпен  МСАК  ұйымдарының  құрылымы  өзгертіліп,  От-

басы  денсаулық  орталықтары  құрылды  және  профилактика  мен  әлеуметтік-

психологиялық  көмек  бөлімі  ұйымдастырылды.  Кезекте  МСАК  мамандарына 

халық арасында аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру 

жөнінде заманауи профилактикалық қызмет негіздерін оқыту мәселесі тұр. 

Аталған әдістемелік ұсынымдардың мақсаты мінез-құлықтық қауіпті фактор-

ларымен күрес бойынша білім деңгейін арттыру мен халықпен заманауи техноло-

гиялармен жұмыс істеу арқылы МСАК мамандары деңгейінде профилактикалық, 

әлеуметтік және психологиялық көмекті жетілдіру болып табылады. 



1.  Қазақстандағы  медициналық-санитарлық  алғашқы  көмектің 

әлеуметтік-бағдарының үлгісі 

Қазақстанда  МСАК  қызметі  ҚР  ДСМ  2013  жылғы  17  тамыздағы  №  479 

бұйрығымен регламенттеледі. 

МСАК  мамандары  (жалпы  тәжірибелік  дәрігері,  учаскелік  дәрігер-терапевт/

педиатр, учаскелік мейірбике/жалпы тәжірибелік мейірбике, фельдшер, акушер) 

медициналық-санитарлық алғашқы көмекті:

1) медициналық пунктте;

2) фельдшер-акушерлік пунктте;

3) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);

4) емханада көрсетеді. 

Отбасы денсаулығы орталығы (бұдан әрі – ОДО) дербес заңды тұлға немесе 


7

емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Отбасы  денсаулығы  орталығы  халыққа  амбулаториялық  жағдайларда,  үйде, 

күндізгі стационарда, үйдегі стационарда (дәрігерге дейінгі, білікті):

1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде 

немесе  басқа  шұғыл  жағдайларда  дәрігерге  дейінгі  және  білікті  медициналық 

көмек көрсетуді;

2) үйде шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

3) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді зертеп-қарауды;

4) пациенттерді емдеуді;

5) пациенттерді № 492 бұйрыққа сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;

6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі 

шектелген науқастарды жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;

7) диспансерлеу мен профилактикалық тексеріп-қарауды;

8)  осы  Ережеге  №  2-қосымшаға  сәйкес  ТМККК  медициналық  қызметтерінің 

көлемін көрсетуді;

9)  тіркелген  халықты  №  786  бұйрыққа  сәйкес  дәрі-дәрмектермен  қамтамасыз 

етуді;


10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилак-

тикалық) іс-шаралар жүргізуді;

11)  науқастардың  еңбекке  уақытша  жарамсыздығына  сараптама  жүргізуді, 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 

аумақтық  органдарына  еңбекке  жарамдылық  қабілетін  тұрақты  түрде  жоғалту 

белгілері бар адамдарды жіберуді;

12)  №  907  бұйрыққа  сәйкес  статистикалық  есеп  және  есептілікті,  оның  ішінде 

электрондық форматта жүргізуді;

13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материал-

дарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір сал-

тын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдар-

да  және  күту  орындарында  прокатқа  бере  отырып  ауруларды  профилактикалау 

және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме 

жұмыстарын жүргізуді;

14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету 

әдістеріне  тұрғындарды  оқыту  жолымен  халықты  азаматтар  денсаулығын 

қорғау  үдерісіне  тартуды,  мектептерді,  клубтарды,  қолдау  топтарын,  қоғамдық 

кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі 

қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;

15)  халықты  гигиеналық,  оның  ішінде  отбасы  мен  аналықты,  әкелікті  және 

балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;

16) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде 

түсіндірме жұмыс жүргізуді;

17) иммундық профилактикалауды ұйымдастыру мен жүргізуді;

18) № 630 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды 


8

іске асыруды;

19) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер 

көрсетуді;

20) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауру-

ларды анықтау, тиісті медициналық ұйымдарға анықталған науқастар жөніндегі 

ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;

21) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия 

жүргізуді қосатын МСАК көрсетеді; 

Отбасы денсаулығы орталығының құрамында:

1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;

2) жалпы практика, участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігері) дәрігерлерінің 

қабылдау бөлмесі, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен және оқу орындары-

мен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігерінің кабинеті;

3) акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті;

4) күндізгі стационар;

5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру 

бөлмелері, зарарсыздандыру кабинеті;

6) тіркеу орны;

7) дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі);

8) емшара кабинеті;

9) егу кабинеті;

10) зертхана;

11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;

12) химизатор кабинеті;

13) қақырық жинау кабинеті бар;

14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің

құрамында:

- бөлімше меңгерушісінің кабинеті;

- дәрігерге дейінгі кабинет;

- акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;

- әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;

-  салауатты  өмір  салты  кабинеттері/диабет,  демікпе,  артериялық  гипертензия, 

босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер;

- жастар денсаулығы орталығының кабинеттері бар.

Профилактика  және  әлеуметтік-психологиялық  көмек  бөлімшесі  МСАК 

шеңберінде  профилактикалық  қызметтер,  сондай-ақ  әлеуметтік  және 

психологиялық  қызметтер  Отбасылық  денсаулық  орталығының  құрылымдық 

бөлімшесі болып табылады.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің маманда-

ры МСАК шеңберінде халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде:

1) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарлама-

ларды іске асыруды;


9

2)  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  қызметімен  сабақтастықты 

ұйымдастыруды;

3)  қызмет  көрсетілетін  аумақтық  учаскелер  бөлігінде  скринингтік  тексеріп-

қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;

4)  тіркелген  халық  арасынан  нысаналы  топ  адамдарын  қажетті  көлемді 

белгілеу  арқылы  профилактикалық  тексеріп-қараулар  мен  скринингтік  зертте-

улерден  өту  қажеттігі  жөнінде  (тұрғылықты  жері  бойынша  және  жұмыс  орны 

бойынша) мекенжайлық хабардар етуді. Профилактикалық тексеріп-қараулар мен 

скринингтік  зерттеулерге  шақыртуы  бар  мекенжайлық  хабарлама  тұрғылықты 

жеріне,  сондай-ақ  жұмыс  істейтін  адамдар  үшін  жұмыс  берушіге  тегін 

медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  қызметкерлердің 

профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингтік зерттеулерден өту қажеттігі 

туралы хабардар ете отырып жұмыс орны бойынша жеткізіледі;

5)  зерттеулер  көлеміне  сәйкес,  оның  ішінде  бейінді  мамандармен 

профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингтік тексеруден өткізілуге жата-

тын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және графигін айқындауды;

6) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингтік зерттеу-

лер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы 

топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;

7) МСАК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру алгоритміне сәйкес 

аурулардың қауіп факторлары бар адамдар және науқастардың  профилактика мен 

салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуды;

8)  бейіндері  бойынша  денсаулық  мектептерінің,  жастар  денсаулығы 

орталығының, қарттар клубының қызметін ұйымдастыруды;

9) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын  тұрақты 

негізде өткізуді;

10)  №  630  бұйрыққа  және  уәкілетті  орган  бекіткен  әдістемелік                                                    

ұсынымдарға  сәйкес  тіркелген  халыққа  психологиялық  көмек  пен  арнаулы   

әлеуметтік қызмет көрсетуді;

11)  №  907  бұйрыққа  сәйкес  статистикалық  есепті  және  есептілікті,  оның 

ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді тал-

дауды қосатын әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.

Бөлім  қызметі  үш:  профилактикалық,  психологиялық,  әлеуметтік  бағытта 

жүргізіледі.

Профилактикалық бағыт қызметі дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі); акушерлік 

қабылдау (қарау) кабинеті;салауатты өмір салты кабинеттері; отбасын жоспарлау 

кабинеттері; дені сау бала кабинеттері; диабет, демікпе, артериялық гипертензия, 

босануға  дайындау,  жас  ана  және  т.б.  бейіндегі  мектептер;  жастар  денсаулығы 

орталығының кабинеттері құзыретіне кіреді.



Психологиялық  қызметтер  көрсету  бойынша  бағыттар  қызметі 

психологтың құзіретіне жатады және оған:

1) әлеуметтік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес 



10

әлеуметтік көмекке, қорғауға және қызмет көрсетуге жеке мұқтаждықтары мен 

қажеттіліктерін айқындау үшін жекелеген адамдар мен топтарға көмек көрсету;

2) әлеуметтік қызмет көрсетудің шегінде әртүрлі секторлармен жұмыс істеу 

(балалар, отбасылар, қарттар және т.б.);

3)  әлеуметтік  қызметтерді  жүзеге  асыратын  ұйымдармен  (үкіметтік  және 

үкіметтік емес ұйымдармен) әріптестікте жұмыс істеу;

4) қызметті жүзеге асыру және оның сапасын арттыру үшін қажетті оқыту мен 

тренингтерді өткізу;

5) әлеуметтік жұмысты басқару, жоспарлау бойынша әкімшілік функциялар-

дыорындау кіреді.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы 

№  114-ІV  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  өмірдегі  қиын  жағдайға 

душар болған тұлғаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бой-

ынша  бағыттар  қызметі  денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  қызметкер 

құзіретіне жатады және оған:

1) науқастардың психикалық денсаулығын қалпына келтіруге және тұлғалық 

дамуының ауытқуларын түзетуге бағытталған жұмысты жүргізу;

2)  психопрофилактика,  психотүзету,  науқастарға  психологиялық  кеңес  беру 

бойынша жұмысты жүзеге асыру;

3)  науқастарға  және  олардың  туыстарына,  жеке,  кәсіби  және  тұрмыстық 

психологиялық проблемаларды шешуге көмек көрсету;

4) медицина қызметкерін медициналық, әлеуметтік психология және деонто-

логия мәселелеріне оқыту бойынша жұмыс жүргізу кіреді.

Профилактика  және  әлеуметтік-психологиялық  қызмет  бөлімінің  қызметін 

үш бағыт бойынша бөлім ұжымының жұмысын ұйымдастыруды іске асыратын 

бөлім меңгерушісі басқарады: әр бағыттың қызметін олардың арасындағы өзара 

әрекет тиімділігі арқылы жауапкершілік аймағын айыруды қамтамасыз етеді; дер 

кезінде  және  сапалы  профилактикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  көмек 

көрсету  бойынша  бақылау  мен  мониторингілеу;  бөлім  қызметін  анықтау  мен 

оның негізінде бөлім қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. 

«Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  бастапқы  құжаттама  нысандарын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін 

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес статистикалық 

есеп беру мен есеп алуды жүргізеді. 

Әлеуметтік-бағдарлы  медициналық-санитарлық  алғашқы  көмекті  енгізу 

тиімділігінің өсуі медициналық ұйымдарды басқаруыдң кешенді тәсілдері арқылы 

қамтамасыз етілуі мүмкін, оған: 

- медициналық ұйым жұмысының сипаты мен көлеміне жауап беретін тиімді 

ұйымдастырушылық құрылым;

- қызметті қайталамай қызметтік міндетті нақты бөлу;

- ұйым ішіндегі, сондай-ақ сыртқы ұйымдармен және ведомстволармен жөнге 

келтірілген өзара әрекеттестік;



11

-  әлеуметтік-бағдарлы  МСАК-тың  дайындалған  кадрлық  ресурстары  мен 

оларға үздіксіз білім беру:

- белгіленген стандарттар, шаралар, қызмет алгоритмдері;

- нақты нәтижені көрсететін қол жеткізілген, өлшемді индикаторлар кіреді.

Сондықтан  Қазақстандағы  МСАК-тың  әлеуметтік-бағдарлы  үлгісін  одан  әрі 

дамыту халықтың аурушаңдылығының алдын алуға, диагностикалауға және ем-

деуге  мүмкіндік  береді  және  медициналық  қызмет  сапасының  кезең-кезеңімен 

жақсаруына әкеп соғады. 



жүктеу 0.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет