Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

          
ТƏУБА 
 
Бодандықтан бостандыққа, 
Шыққаныма  тəуба қылдым. 
Ұлтым мəнін дос халық та, 
Ұққанына тəуба қылдым. 
 
Ашаршылық нəубетінен, 
Аз қалсамда тəуба қылдым. 
Мəңгүрттерім дəулетіммен, 
Мəз болса да тəуба қылдым. 
 
Егемендік алғаныма, 
Текті өмірге тəуба қылдым.  
Санғасырлық  арманыма 
Жеткеніме  тəуба қылдым.  
 
Жер,мүлікті талап пестер, 
Жемегенге тəуба қылдым. 
Басқа ел бізді алапестер, 
Демегенге, тəуба қылдым. 
 
Жүгенсіз кей əкімге сот, 
Боларына тəуба қылдым. 
Халыққа-бақ, əркімге от 
Қонарына тəуба қылдым. 
 
Кемелдентер сауда, ғылым 
Келешекке тəуба қылдым. 
 
КІМ ЖЕТІМ
 
Əкесі жоқ ұл –жетім, 
Шешесі жоқ  қыз-жетім. 
Əкесі ұлдың қызметін, 
Шеше қыздың құрметін 
Көрмеседе ер жетім. 
Жаутаңдаған көз жетім, 
Айта алмаған сөз- жетім, 
Тас алқасыз көл- жетім, 
Басалқасыз ел- жетім. 

Бос қаттаған тең-жетім, 
Дос таппаған мен- жетім. 
 
 
 
ЖАНЫ-ЖОМАРТ ҚАЗАҚТЫҢ 
 
Арнап асып қазанын, 
Айтып досқа əз əнін, 
Көрсе досы сыйларын 
Көркейеді қазағым. 
 
Көңілденсе жұрағат, 
Көрер жаны рахат. 
Сыйлы жанға сыбаға, 
Сыйлықтарын жүр атап. 
 
Жақсы үмітті жоймайды, 
Жақсылықты тойлайды. 
Ердің жанын жандырып,  
Елдің қамын ойлайды 
 
Адам құқын өрелі, 
Ардан қымбат көреді 
Уақыт жүгін бөлісіп, 
Бақыт гүлін тереді. 
 
Аспанында-азат күн, 
Ақ көңілі-ғажап тым. 
Жаймашуақ- мінезі, 
Жаны- жомарт қазақтың. 
 
        
БАЛАМА 
       
Ғалымға
Алғашқы еңбек қадамың, 
Жалғасты сəтпен, қарағым. 
Берешегіңе жол ашып, 
Келешегіңе қарадым. 
 
Ғылымды зерлеп, оқыдың, 
Білімді ойға тоқыдың, 

Жанымның нұрын жайнаиқан 
Жалынын көрдім отыңның. 
 
Үйрендің өнер кəсіпті, 
Үлгердің тауып нəсіпті. 
Намысың- биік, іс-оң боп, 
Табысың көңіл тасытты. 
 
Сыйладың ғұрып, əдепті, 
Сыйландың болып əдепті. 
Жарысың-озық өмірде, 
Əр ісің елге кəдепті. 
 
Уақытқа қиын жасымай, 
Бақытқа балқып, тасымай. 
Аса бер талай асудан, 
Баса бер, балам, осылай. 
 
 
 
 
             
РАХЫМ  
 
Қайырымды болғаныңа не жетсін? 
Мейірімді толғаныңа не жетсін?!  
Көмек берсең,  əжептəуір əжетсің,  
Көмектессең,  көпшілікке қажетсің.  
 
Жанашырдың əдебінде нұр  шыңы.  
Жаны асылдың жүрегінде «қыр-сыры»:  
Көршім,  ерен дос, жолдасым, жұратым... 
Көрсін менен тек жақсылық-рахым!  
 
                
МҰРАТ  
 
Көрік, ырыс өмір  сəнін құратын,  
Берік, құрыш денсаулығым – мұратым. 
Елмен бірге сүйінетін жұратым,  
Еңбегіммен тапқан байлық -  мұратым.  
Болашаққа сайлап мінген құр  атым –  
Бала шақтан алған білім – мұратым.  

Өреніме шашқан сəуле –нұр  отын,  
Өнерім мен өлеңдерім мұратым.  
Аллам маған  көрсетсе егер рахым,  
Алдан табам  еңбегімнің  мұратын.  
 
 
 
        
ДОСТЫҚ  
 
Достық - əдеп,  сыйласым,  
Дос - өмірлік  қимасың. 
Дос арыңдай қымбатты,  
Достық  сезім – тым  тəтті.  
 
Достық –игі жақсылық,  
Достық  ниет-жақсы үміт.  
Достық  жасап  адамға,  
Достаса біл  əманда.  
 
Дос ниетпен  адал  кең,  
Дос бол ізгі адаммен.   
 
 
 
       
ӨЛМЕС ӨМІР  
 
Өлемін  деп қайғырмадым, - 
Өмір үшін  күрестім.  
Тағдыр деген  айдындамын 
Талайымен  тірестім.  
 
Өлемін  деп  туғаныммен, 
Өмір  жасау – парызым.  
Өзек алар  туған  күннен  
Өтеу елдің қарызын.  
 
Өркендедім  тірлігіммен,  
Өміріме өкпем жоқ: 
Қуат, құт  ап  нұрлы күннен  
Уақыт бос өткен жоқ.  
 

Еңбегімнің  жанған  шамы –  
Ел  көгінің  жұлдызы:  
Ертеңіммен жалғасады  
Ер  қазақтың ұл-қызы.  
 
Ерте тұрып,  нұр  таңыммен 
Еңбек пультін  басамын:  
Өнер, кəсіп,  ұрпағыммен  
Өлмес өмір  жасадым.   
 
МЕЙМАНДОС  ХАЛЫҚ  
 
Құтты қонақ  үйімізде  
Құптап  көңіл  күйіміз де 
Құрметке бөленеміз:  
Қуанышқа кенелеміз.  
Сыйлық , дайын  қонақасы,  
Сыйлы жанның  сыбағасы. 
Ақтарамыз  сырымызды,  
Айтамыз  əн,  жырымызды.  
Қонаққа да қолқа салып,  
Өнері мен өзін  танып,  
Ат  мінгізіп, шапан жауып,  
Аттандырып бабын  тауып,  
Жігі-жапар боламыз біз:  
Бір жасайды қонағымыз. 
Жолдас, жекжат, туыстарды,  
Жоралғылы туысқанды,  
Отбасының  атынан  біз  
Меймандыққа шақырамыз.  
Арнап  сойып  қойымызды,  
Жасап  шағын  тойымызды,  
Жайып  сəнді дастарқанды,  
Қойып дəмді ас-дарқанды.  
Тілеп,  саулық, жақсылықты,  
Тілек-достық, жақсы үмітті:  
Шарапатты тост  айтамыз, 
Шараны да босатамыз.  
Басталады тамашамыз:  
Бас жүлдеге таласамыз. 
Əн  сап,  билеп биімізді 

Көрсеткен соң сыйымызды 
Мейманымыз  шаттанады,  
Мейірленіп  аттанады... 
 
Меймандос деп халқымызды,  
Ардақтаймыз  салтымызды.    
  
 
 
МЕН – ИМАНДЫ ҚАЗАҚПЫН  
 
Ата-бабам  иманды,  
Ардақталды-сыйланды.  
Кесек атқан песті олар,  
Кесапаттан тыйған-ды.  
 
Имандылық – адамдық,  
Иманды нық,  адал күт:  
Илан, бұзба сенімді,  
Имансыз да – надандық.  
 
Иман  оты бастарда, 
Инабатты жастарда.  
Иман жолдас адамға 
Иман болмас  настарда.  
 
Ақыл  салып  кəріміз 
Мақұлдадық бəріміз:  
Тыйған  қияс  мінезді  
Иман-ұят,  арымыз!  
 
Жаққан  отын  тозақтың: 
Жауларымнан  азатпын.  
Ел  иланды бейнетпен,  
Мен  иманды қазақпын!      
  
    
МАХАББАТ  БАҒЫ  
 
Айлы түн.  Көктем.  Гүлді бақ.  
Əппақ  шың,  таудың баурайы
Жас ғұмыр-бұлақ  сылдырап,  

Жасыл нұр  жанды баурайды.  
 
Қыз  үміт бақта гүлзарлы,  
Жүздіріп нұрға сезімді.  
Жігіттік сөзге кім  зарлы, 
Үміт  қып  ақыл  төзімді.  
 
Жарық ай енді құшаққа:  
Дариға-ай, неткен нұрлы еді?!  
Жар-үміт жанды құшақта,  
Жарылып  жігіт  жүрегі.  
 

Алтыным! Жаным! Күнім! – деп  
Балқыды жігіт  өртеніп.  
Ерітті бақыт  күні кеп  
Елітті шаттық, көркемдік.  
 
Өңірге жарқын  нұр тұнып,  
Өмірге көркін  сыйлады:  
Махаббат  бағын  жыр  қылып,  
Масайрап  бұлбұл  сайрады. 
 
 
  
      
ТІЛІМ МЕН ДІЛІМ  
 
Тіл  ананың ақ  сүтінен  жаралған  
Тіл  ананың  санасынан  нəр  алған.  
Сөзден  нақыл,  білім, өнер  таралған  
Сөз бен ақыл,  ой негізі қаланған.  
 
Тілім менің – түркі тілдің негізі  
Білім  кенін шығарар  тіл лебізі.  
Аштық мəнін – терең сырын тілімнің,  
Тасқындады одан білім теңізі.  
 
Əуезді тіл – терең ойдың шырағы,  
Əуенді бұл – ақын  елдің жыр-əні 
Ғажап үні ой құлаққа тұнады,  
Қазақ  тілі – шешешндіктің құралы  
 

Инабатым, иманым да, ділім де,  
Сыйланатын, ой салатын тілімде.  
Қазақтығым - əдебім мен  ісімде,  
Ғажаптығым – тілім, білім, дінімде.  
 
Сана, білім – тілде, ұрпағым жаттасын: 
Ана тілін- арын, ұлтын  сатпасын.  
Алғам,  елім, тіл  мен  ділдің асылын,  
Аллам мені мəңгүрттіктен  сақтасын.  
 
 
     
ҚҰШТАРЛЫҚ  
 
Атаның жолын ұстандық:  
Батаны мəндеп,  күш  алдық.  
Өндірге мені талпынтқан  
Өмірге деген құштарлық.  
 
Ат қалу артқа – құштарлық,   
Шаттану биік ұшқандық. 
Көркем құт - əсем жер,  əлем. 
Көркемдік мəңгі құштарлық.  
 
 
Құштармын  ана-тіліме.  
Құштармын өнер  білімге.  
Құшамын  сүйіп  баланы,  
Құштармын  өмір  гүліне.  
 
Арымды билеп күш  жалын,  
Аруды таңдап  құшқанмын.  
Асыл  сарынға тіл  берген,  
Ақын дарынға құштармын.  
 
Болмаса  күншіл дұшпаның  
Жолдасым, досым-құштарым.  
Жақсы үміт, шындық, əділдік,  
Жақсылық  саған құштармын.  
 
            
БАЙЛЫҚ  
Тəн  қуаты – денсаулығым,  айбыным  

Жан қуаты – рухани  байлығым.  
 
Санам  болса, іске  асады,  тапқаным:  
Сараң  болсам, нəжіс қой, бос мақтаным!  
 
Еңбекшіл  көп, іскерлерді қанамай,  
Ең көпшіл  боп жаратылсын  жаңа бай.  
 
Келмес бекер,  өнбес босқа нəсібім, - 
Өлмес байлық - өнер,  білім, кəсібім.  
 
Басқа бай, құт – жан  азығы болмаса,  
Аса  байлық – жан  азабы,  далбаса.     
 
ТАУ-ҚҰДІРЕТ 
  
«
Аллаға жақын»  
Айбарлы шыңдар 
Алтындай жарқын 
Ақ шыңдар  нұрлар.  
Алысқа кетсем, 
Аңсаймын анам 
Аңқылдап, жетсем, 
Ақ шыңда, панам!  
Өзенің – сүтің,  
Қайнарың – мамаң:  
Өзенім – құтым,  
Сенен  нəр  алам  
Алламдай зият  
Құдірет  деймін,  
Анамдай сыйлап, 
Құрметтеймін.  
 
      
ҚОБЫЗ -КҮЙ  
 
Əуезден  үн  жаралған,  
Əуезден  мұң таралған.  
Мұң мың өткен жүректен,  
Мұңын  шерткен  əр  адам.  
 
Күй толқыны – күмбірлеп,  

Күй толқыды үнді үрлеп.  
Күй дем  билеп, ой сырын  
Күйден  білмек білгір  көп.  
 
Күйдің тегі – қобыздан,  
Күйдің легі –оғыздан.  
Күй құлағы – қарт Қорқыт,  
Күй бұлағын ағызған.  
 
Қобыз  нағыз күйаспап,  
Қобыз-аңыз, күй дастан.  
Өлмей мəңгі күй қалған,  
Өмір  мəнді қимастан.  
 
Ажалды күй қорқытқан  
Ажарлы күй – Қорқыттан.  
Абыз сыйын алып ел,  
Қобыз күйін зор тұтқан.  
 
Ғажап үнді қобызы, -  
Қазағымның жол, ізі. 
Қасіретті қуады,  
Қасиетті қобызы. 
           
СЕНІМ  
Шыр етіп, тудым-құладым:  
Дір  етіп, шошып, жыладым.  
Ең ізгі  саям-анашым,  
Емізді маған  мамасын.  
 
Анашым төніп, қуанды:  
Мамасын  еміп,  жуандым.  
Аялап  анам  өсірді,  
Саялап,  жидым есімді.  
 
Өңірде тəй-тəй басқалы,  
Өмірді тірлік басталды:  
Сенімім-тірек болды да 
Берілдім  еңбек жолына.  
 
Тəлімін  алдым елімнің,  
Жалынын алдым ерінің:  

Серігім –білім іс берді,  
Сенімім қуат күш  берді.  
 
Сенемін еңбек теріме,  
Келемін тірлік өріне:  
Еңбектен таптым құрмет,  
Еңбекте, бақыт, құдірет!  
  
       
ҒАЛЫМ-ШАҢЫРАҚ  ИЕСІ  
 
Айналайын Ғалымым!  
Алауласын  жалының:  
Елжіреген  əкеңе  
Еңбегіңмен танылдың.  
 
Бақытты нұр  əлемі- 
Балалығың бал  еді.  
Жігіттігің тым қызық,  
Жігіт жүгін  ал  енді.  
 
«
Мынау – менің гүлім!» -деп,  
Миығыңнан  күлімдеп, 
Ая қызды əкелдің,  
Аяулы бір  күнің  кеп.  
 
Мерейленді дос - жарың,  
Мен де ниет қосамын:  
Сəтті болсын қадамы,  
Тəтті  тату қосағың.  
 
Өссін  отау дəулеті –  
Өмірімнің сəулеті.  
Тағы бір  шың  асып тұр.  
Табылдының əулеті.  
 
Қуануда дос адам,  
Қуануда қос анаң.  
Құтты болсын  жанұяң  
Мықты болсын  босағаң!  
 

Тəтті өмірге жол  болсын,  
Сəтті қадам оң болсын!  
Уақыттарың қызықты,  
Бақыттарың  мол  болсын!  
 
 
            
БАЛҚАШ  
 
Көкпен  көк көктекті көл  тұнық  қандай?  
Көкпенбек көзайым нұр тыныққандай.  
Сары алтын самаланып қырат жағаң,  
Сарыарқа аясында тымық қандай.  
 
Мың  түрлі келбетімен мың  аралың,  
Құлпырды сəулеті боп бұл  араның.  
Есілдің жел  желпісе, толқыныңнан,  
Естідім қазағымның құмар əнін.  
 
Арымай айдыныңнан ақ шағалаң,  
Арыңдай ақ  толқыннан бақ таба алған.  
Көрікті көк тəңірін көлкілдетіп,  
Беріпті елге сый қып  қақ тағалам.  
 
Жүзіңнен  күн  көрінген айнадайын,  
Үзілген нұр  сəулесін аймалайын.  
Алғаш кеп балығы бал көлдің атын,  
«
Балқаш» деп қойған  елден  айналайын!  
 
            
АРЫМ  БИІК  
 
Жинасам  бақыт, байлық бəрін үйіп,  
Сыйласаң, алтыныңнан арым биік.  
 
Ар өртті махаббаттың өртінен де,  
Ар өтті  қызғаныштың дертінен де. 
 
Өткізген  уақытама шақтап бəрін,  
Жеткізген  бақытыма аппақ  арым.  
 
Налысын, арсыз  песті аямаймын, -  
Намысын -  адам арын аялаймын.  

 
Жалынды жан тірегін жырлап өтем,  
Жанымды арым үшін құрбан  етем!  
 
 
 
            
ОТАҒАСЫ  
            (
Бақытжанға)             
Отағасы, шаңырақты көтердің ,  
Отанасы демер,  еңсе  көтергін.  
Жігіт болсаң,  босағаңды  мықтағын,  
«
Мігіт» болсаң, бейберекет өтер күн.  
 
Басиесің – отбасының тірегі,  
Бас иесің жарың үйдің жүрегі, - 
Игер бəрін  үй тірлігі мың түрлі,  
Сүйген  жарың демеуші боп жүреді.  
 
«
Малыңды» күт  ерте тұрып күнде сен,  
Малың бір -құт, жұт- күтуді білмесең.  
Ұста, бағбан,  диқан болар басие,  
Нұсқа болған ата дəстүр бұл - есең.  
 
Жүгін жүдеп жар аударса нетесің,  
Тігінші де, аспаз болып  кетесің.  
Ерім десе, жар аямас көмегін,  
Ерінбесең, мақсатыңа жетесің...  
 
Отағасы, оңай емес тірлігің  
Отанасы нық ұстансын бірлігін.  
Отауыңды көркейт көркі ол Отанның  
Отаныңды көркейтуді біл, күнім. 
 
 
   
АРЛЫ ҚАЗАҚ  
 
Ақыл  тауып бірлікті,  
Ар  намысы бірікті: 
Ар болмысы-жалыннан:  
«
Арым қымбат жанымнан!» 
Депті намыс  таза-бақ! 

Текті қазақ ғажап-ақ!  
Ар  намысын  ақтады,-  
Адамдықты сақтады. 
Намыс  ерге күш  берді, 
Нағыз  елдік іс берді. 
Ер намысын «қолға алды»,  
Ел  намысын қорғады.  
Əрекет пен  батылдық 
Əрбір  іске  батырлық.  
Адамдықтың  баршасы 
Ар намыстың арқасы.  
Ар  намысқой азамат –  
Арлы қазақ – қазақ-ақ!  
 
  
МАРЖАН  ТАУЛАР  
 
Мұхиттың мөлдір астында 
Мұқалмай өскен тас тұлға:  
Кереметтердің ақ тауы  
Кереге керіп,  сақтаулы.  
Балықшы күшін салады,  
Байлықтан  маржан табады:  
Жарқырақ маржан, тым қатты.  
Жарқын-ақ тауы сымбатты . 
Маржанды мұхит, орманы,  
Маржан тау оның қорғаны:  
Тіршілік – маржан  тастарда,  
Нұр  шығып  жатыр аспанға,  
Күн нұры сонда,  ай нұры –  
Күнескен  ердің байлығы.  
 
ТОЙ-ДАСТАРҚАН  
 
Той-дастарқан, бай үлгі,  
Бай дастарқан жайылды:  
Атап, атап, ас қойдық:  
Атаға деп бас қойдық. 
Жамбас қойдық құдаға.  
Жая мен жал-сыбаға:  
Қалақтай төс жездеге,  
Қазы қарта өзгеге.  

Балаларға – тортымыз,  
Барлық жұртқа құртымыз.  
Балмен  піскен қауыршақ,  
Балдай тəтті бауырсақ.  
Уыз, қаймақ тағы бар,  
Уылдырық  табылар.  
Табан,  сазан, майшабақ  
Табақ тарттық қайталап:  
Қауын-қарбыз-көкөніс  
Қанша жидек көп жеміс  
Кəне, тойып, қаныңдар.  
Кəде сыйлық алыңдар.  
 
   
КІМ  БАҚЫТТЫ?  
 
Саудагер сарпыр  уақытты,  
Сауда мен  ақша - бақыты.  
Ақшаға арын  сатады:  
«
Ақша да, ақша! Жиямын! 
Ақшаға жаным қиямын!» 
Езеуреп күнде жар  таңдап, 
Өзімшіл  бай жүр  талтаңдап.  
Адалдық нарқын  жойған нас, 
Адамдық  парқын  ойламас: 
«
Бақытым менің байлығым,  
Басыма төнбес қайғы-мұң.  
Байлығын мынау ғаламның, 
Ай-күнін  сатып  аламын!» 
Мейірман  жайсаң шаруа 
Меңгертіп  ісін  арына  
Риза боп айтар барына: 
«
Бірінші байлық – денсаулық,  
Екінші балық  ақ  жаулық»... 
Ерлердің құты елдегі -  
Еркіндік, кəсіп,  еңбегі. 
 
 
                            
АЙНАЛАЙЫН,ХАЛҚЫМ  
 
Өнермен өрген өмірді,  
Өнерпаз  халқым ер-үлгі. 

Əзілкеш, шешен, тілге бай,  
Əдепті, жомарт, күнде бай.  
Ақ  көңіл,  ақын еліміз.  
Ақ  дастарқанына келіңіз.  
Əдепті халқым  сақтағыш:  
Əдептілігі – мақтаныш. 
Айнымас тəлім  салтынан 
Айналдым  туған  халқымнан.  
 
           
ТІЛ АЗАБЫ  
 
«
Тіл өнері дертпен тең» қиын дертім,  
Бұл  өнерді болар ма үйірер күн.  
Тіл шебері болам деп  азаптандым,  
Білтелері көп ойды түйінер кім?!  
 
Сана, білім жете алмай биігіне,  
Ана тілім,  шалдықтым күйігіңе.  
Халқым жырдың жүздірді өзеніне  
Қалқып жүрмін  айналып  иірімде 
 
Өткірлігің сөзіме дарымай-ақ,  
Өтті тілім, от жырға жарымай-ақ! 
«
Ой от  алды сараптап «сөз сапта» деп,  
Оятады ұйқымнан  арым  аяп.  
 
Өлең  сенің тұтынып  азабыңды,  
Көп  өлшедім, тəтті жыр  ғажап үнді.  
Жыр, құтты əнін жүректе шымырлатқан  
Пір  тұтамын  ақын  ел – қазағымды.  
 
Алауына салып жүр өрт өнерім,  
Қалауыма берілген серт өлеңім.  
Өнеріммен жұртымды шаттандырып,  
Өлеңіммен жанамын, өртенемін!  
 
 
КӨКТЕМІМ,  КЕЛДІҢ БЕ?  
 
Көктемім,  келдің бе? 
Бағыма ендің бе?  

Келіп  сен гүлім  боп. 
Келіскен үнің көп.  
Əсерлі əнім боп, 
Əсемдік сəнім боп,  
Көтердің көңілді. 
Өркендей өмірді  
Қуаныш елде мың 
Туар  іс еңбегім.  
Бақытым –жақсы күн.  
Уақытың  шаттығым.  
Гүл-гүлді жайнатып,  
Бұлбұлды сайратып,  
Нұр қызды жеріме,  
Жыр боп ең төріме.  
Жайнап  жер  анада,  
Жайла тау, далама.  
 
         
ЛƏЗЗАТ  
 
Бой шымырлап, тəнім еріп,  
Жан рахат тапқанда.  
Жүрек балқыр жалын еніп,  
Лəззат дəмін  татқанда.  
 
Осы болар жұмақ, ұшпақ  
Мұндай қымбат шақ бар ма?  
Тəтті сезім, ыстық құшақ –  
Бұдан артық бақ бар ма?   
 
 
АМАНБЫСЫҢКҮН АНА 
 
Күннен хабар келеді арайланып, 
Түнен қараң- құраң жүр қарайланып. 
Таңнан нүрды кіргізіп Шолпан мен ай 
Таңғалдырды, ғажапқа қарай қалдық. 
 
Ай қарайды Шолпанға қиығымен, 
Аймалайды таң-сəуле миығымен. 
Айды құшпақ Күн ана, Жұлдыз сүймек, 
Жайды құшақ Ғарыштың қиырымен. 

 
Күн-ананың кірпігі керіп көкті, 
Бұл ғаламның болмысын көрікті етті. 
Ұқсады да Ай, Жұлдыз нəрестеге, 
Құшағына ананың еніп кетті. 
 
Күн келеді! Алақай, күн келеді! 
Түн кемері сиреді іргедегі. 
Шыр уақыты ғаламның шыр айналып, 
Шырайналып тірлікке нұр береді. 
 
Адам үшін əкелдің көптеп зейнет: 
Аманбысың, Күн-ана, көкке төрлет! 
 
 
     
ТОЗАҚ 
 
Ғажабым да үйімде, 
Азабым да үйімде, 
Озарым да үйімде, 
Тозағым да үйімде: 
Ғажап-еңбек, білімде, 
Азап- ашу- тілімде, 
Озат- жардың өзінде 
Тозақ- ашу сөзінде. 
Пейіш-сабыр екенін 
Кейіс- зəбір екенін 
Байқап бұрын білсем де, 
Байқап күлмей күлсем де, 
Қағынудан, асылдың, 
Қалыбынан асырдым. 
Басу айтпай ақырын, 
Басып айтпай ақылын, 
Ашуын жар шақырды: 
Тоз-тоз болдым шошына, 
Тозақ деген – осы да!! 
 
    
ОҚЫРМАНҒА 
 
Оқырман дос аман ба?! 
Осынау «кер» заманда 

Тəн азығын, іздесең, 
Жан азығын үзбе сен! 
Ақыл- байлық  сақтасаң, 
Арам астан татпасаң. 
Бірер сағат қыздырған 
Білім болмас жүз грамм 
Ер настыққа берілмес 
Кедеймін деп кергімес. 
Жақсы байлық сол болсын: 
Жан азығың мол болсын. 
 
            
ҰЖЫМҒА 
 
Айналайын əріптестер жаны бір, 
Айнадайын көңілі таза, сəні - нұр. 
Гүл қойныма сендер егіп, сіңірген 
Тұлбойымда дарыған іс - ағын жүр. 
 
Өмір деймін: ұжым берген сый - құнды    
Ерінбеймін іс үсынсаң қисынды. 
Ызғар лебін көргенім жоқ ерлердің, 
Қыздар менің сүйіктімдей сүйкімді. 
 
Өркениет ел ерлері пайымды 
Өрге сүйреп, алға бастар ойымды. 
Сезім барда мақтан етем, ұжымым, 
Өзің барда білмеймін еш уайымды. 
 
Арнап дəйім маған берген нан үшін, 
Ардақтаймын ұжымымның намысын. 
Елім үшін еңбек етіп, марқайсам, 
Сенің ісің- тасқындаған табысым. 
 
Тірегім де- сендер, құтты жолым бар, 
Жүрегіме шуақ болып қондыңдар: 
Анда- санда өмір тойын өткізіп, 
Əрқашанда шат- шадыман болыңдар. 
 
ТІЛЕУ ҚАРТТЫҢ ТІЛЕГІ 
 
«
Қыры кетіп» ойламайды құр қамын, 

Ырым етіп, санамайды ұрпағын. 
Сүйінумен ой арманын аралап, 
Сыйынумен атқызады нұр таңын. 
 
Аман болса бауыр еті- баласы, 
Амандасса немересі- панасы.  
 
Бабам десе шөбересі –саласы, 
Бата беріп отырар қарт данасы. 
 
«
Мақтанудай кесірім жоқ жаратқан, 
Сақта Құдай балаларды арақтан: 
Кесірленіп ұрпақ азса, не сұмдық 
Кесір жеңіп, аластанса санаттан» 
 
«
Тірлігімен тапсын ұрпақ береке, 
Бірлігімен жасап өтсін мереке. 
Зейіндіге зерде қойып ұрпағым 
Кейінгіге болмаса екен келеке».. 
 
«
Заман қосын сақта құдай пəледен 
Аман болсын бар адамзат, бар əлем: 
Адамзатқа тыныштық бер, тəңірім 
Аман сақта қанды соғыс зəреден.» 
 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал