Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

          
АҚСАРЫ ҚЫЗ 
 
Гүлімдей қауашағын ашқан күндіз, 
Күнімдей құлпырасың, ақ сары қыз. 
Шын ғашық алауына салдың мені, 
Тым қашық болса- дағы жас жағамыз. 
 
Өзіңнің бал мінезің-ізеттілік, 
Сенімнің құдіретін күзет біліп! 
Төзімнің қос тізгінін алдың баурап, 
Көзіңнің отын маған жүз өткізіп. 
 
Ардақтап «гүлім» десем, сүйінесің, 
Ар сақтап, ізетіңмен иілесің. 
Көзіңді жүрегіме елші қылып, 
Сөзімді айтпасам да түйінесің. 
 
Демеймін қымбаттыңмын, қимасыңмын,- 
Мерейің,тебірентті, сыйласымың. 
Досыңдай құрметтеймін мен де сені, 
Осылай қадір біліп сыйлас, гүлім! 
 
 
               
ҰЯҢДЫҚ  
 
Еркем менің,  қыз  едің, қызыл шоқтай,  
Көрсең сені,  толқыдым қызып  оттай.  
Гүл  көңілің  қаяулық  сезген  емес, 

Бұл  өмірдің қысы мен  күзі жоқтай. 
 
Жақындықты сыйладым,  пəктігіңді,  
Татулықты қимадың,  тəтті күнді.  
Көршің  келіп,  өзіңе сөз  салыпты,  
Ерсі көріп жүрсем мен «қақтығуды».  
 
 
Күлімдедің соған-ақ, «көз  байладым»,  
Білінбеді көршіңмен  сөз  байлауың. 
Өртің  іште, жаным-ау дертің іште,  
Өкініште қалдырды өз  қайраңың.  
 
Өртенді іште махаббат, адаса ма? 
Өткен  іске күйіну жарасама.  
Сақтанып  сен: «Тойымды бұзба» дедің,  
Ақтарып ем ойымды оңашада.  
 
Оқтан күшті  төзімді кешіп, құрбым,  
Оттан  ыстық сезімді кеш ұқтырдым. 
Мархаббаттың өзенін құрдым  етіп,  
Мархаббаттың  өзегін кесіп тыңдың.  
 
«
Кешір! – дедің, - жүрейік тату-тəтті»,  
Есіркедің,  сол маған қатты батты.  
Ұяң жаным. Азабын  тарттым енді,  
Қиялдарым  өтелмей, қайғы таптым.  
 
 
               
ӨЛЕҢ-ӨМІР  
 
Жаралғанмын, өлеңім-жан дауысым,  
Таңдау үшін өзіңді,  талғау үшін.  
Жырлап айтқан өсиет,  
                                       
өкпе,        
                                                   
наз да...  
Тек қағазда ұмыт боп қалмауы шын.  
 
Əр  жүректің айтылдың сөзі болып,   
Сезім  болып сөйледің өзім болып.  
Шықшы қайнап  ақылдың арнасынан  
Арда  сына тентектің тезі болып.  

 
Өрнектеліп шық, өлең, өзегімнен,  
Өзеніңмен арна тап өз  елімнен.  
Жарқылдасаң көктемнің жасынындай,  
Асылым-ай, зор бақыт сеземін мен.  
 
Өлеңімді өрбітіп жалыныма,  
Жаным ұға сөз  берем дарыныма.  
Құдіретін өлеңнің  құлшырдырам,  
Бір шыңынан өнердің табылуға.  
 
Қызығынан өмірдің құры қалмай,  
Жырым барда сыр  шертем құнығам да.  
Өркендемес ой-сана өнер-нұрсыз,  
Өлең жырсыз  өмірдің құны бар ма?  
 
 
         
ОҚУШЫМА  
 
Ақындардың  ғажабы: 
Ақыл  мəнді сазы, əні.  
Ойдан көрген  азабы,  
Тойда, «термен» озады.  
 
Əр  ақынның өз  үні –  
Жаратылым өз  мұңы: 
Əр ақылдың сөз шыры,  
Əз  ақынның өз шыңы.  
 
Бар  шындыққа батыл-ды,  
Таршылыққа батымды:  
Құдіреттей тіл-заты-үлгі,  
Құрметтей біл  ақынды. 
  
 
КӨҢІЛІМ АЛАҢДАЙДЫ  
 
Арттың-ау өмір жүк қып қасиетімді,  
Тарттым-ау, қорлау сенің  қасіретіңді:  
Білмейді ақын сырын ағайындар,  
Ілмейді құлағына өсиетімді.  
 

Бойымнан балам да нұр  таба алмайды,  
Ойымнан от  алмайды – табандайды:  
Өмірім өрге тартса,  кергіткен көп
Көңілім  көп  қырсыққа алаңдайды.  
 
 
       
АЛТЫАЯҚ  
 
Жамандық көрсем,  өзімнен – 
Жамандық - бейпіл  сөзімнен.  
Жақсылық  көрсем  өзімнен –  
Жақсы нық  асыл  сезімнен.  
 
Жақсылық жасап төзіммен,  
 
Жамандықтардан безінем. 
  
        
БІР ЖОЛДАСҚА  
 
Сүйегің кеуде қағып мақтануды,  
Білесің қулық  сақтап, «мақталуды».  
Шошыдым, шебер, сиқыр  меңгеріпсің,  
Досыңның жүрегіне дақ  салуды.  
 
Жымысқы жымиясың мінімді іздеп,  
«
Жығысты»  сан  іздеген күніміз  көп.  
Қай тұлға надан  болды бұл  заманда, 
Айтуға ұялмайсың «білімсіз» деп.  
 
Сыртымнан мені дұшпан жамандаса,  
«
Бір туған»  жақ  болмайсың маған  онша.  
Шануға, кекетуге тəсілің  мол,  
Шалуға дайын тұрсың  шамаң болса.  
 
Көркейсем, көбейеді іш  күйігің,  
Көр, кейісең жиренішті тұштыюың.  
Сөзіңнің «шешендігі» көпті алдайды,  
Өзіңнің болмаса да іс-қимылың.  
 
Дат бастап, даурыққаның – есілгенің: 
Мақтасақ,  маңғазданып кесірлендің.  
Мендік кең пейіл, көңіл,  сабыр жеңіп,  
Кеңдікпен кесіріңді кешіремін.  

 
 
       
БІР СЫР  
 
Дүйім  ел қамын  ойладым,  
Дүние тұрса қолымда.  
Ішпедім  сор боп тойғаным, 
Түспедім құлқын  соңына.  
Адамдығымды жоймадым,  
Арам  пиғылдың сорына, - 
Қызыққа қанып,  тоймадым:  
Шегі бар  екен оның да.   
 
 
 
ТАКАПАРЛЫҚТАН  САҚТАСЫН  
                   
Ақынның  білем асылын, 
Ақыл-мұң сөздің жасынын:  
Алады жырдан  ел  азық, 
Қалады мəңгі асыл үн.  
 
Шын  ақын тыным  көрмейді,  
Шығатын  шыңын  зерлейді. 
Елпілдек  ақын еліріп,  
Желкілдек жырын  «өр» дейді.  
 
Жалын-бақ, жыры жанатын,  
Жалындап  өсер дана ақын:  
«
Мол тірлік» - етіп  өседі ол  
Толтырып  ақын  санатын 
   
Ақынды халық  мақтасын,  
Ақылды сөзін  жаттасын.  
Аққаптал ез  көп, құдайым 
Такапарлықтан  сақтасын!  
 
ЗЕРДЕЛІ  
 
Бабалардың –  
Даналардың  

Сөзін жаттап, зерледі: 
Халқын  сүйіп, 
Салтын биік  
Қастерледі Зерделі.  
 
Өлең жырдың  
Өнер сырын  
Өрнектеп ол жаттағыш. 
Білгір  бала – 
Ата-анаға,  
Бəрімізге мақтаныш.  
 
Тергені көп, көргені 
Текті бала –Зерделі. 
  
 
 
МАХАББАТ  ОТЫ  
 
Нұр  көріп  көзіңнен  
Сыр  көрік  сезіммен.  
Жаңылып  сөзімнен  
Жалын құт  сезінгем.  
 
Көз  еміп көркемдік,  
Өзегім өртеніп.  
Ойыма құладым,  
Бойыма өрт  еніп.  
 
От шарпып,  жүректен 
От шалқып,  дір  еткем.  
Жанымды лаулаттың,  
Жалынды нұр отпен.  
 
Көзіміз  сырласып,  
Өзіміз сыр  ашып.  
Төзімсіз  толқыдық,  
Сезім – қыз нұр шашып.   
 
Ой-көрік  шалқыған,  
Бой еріп  балқыған: 
Махаббат,  сен үшін  

Мархабат  жан құрбан!  
 
 
ЖАН АЗЫҒЫ МЕН ТƏН АЗЫҒЫ  
 
Тəн  азығы – тіршіліктің тірегі,  
Жан  азығы – сол тіректің жүрегі.  
Тəн  азығы шектен асса – құры апат, 
Жан  азығы жабықпаса, рахат.  
Білім, өнер, - жан  азығың  бақытың,  
«
Дүниелер» тəндік жүгі уақытың.   
 
 
 
 
 
         
МАҚТАНЫШ  
 
Жерімнің кеңдігін сақтаған,  
Елімнің  ерлігіне  мақтанам.  
Елінің  сенімін  ақтаған,  
Ерінің өрлігіне мақтанам.  
Бірліктің Отаны  бақ  маған:  
Тірліктің  берекесіне мақтанам.  
Ерліктің дəстүрін атқарған:  
Еңбектің мерекесіне мақтанам. 
Тыныштық рухын жақтаған,  
Тым  ыстық  ниетіме  мақтанам!  
Бірлігін  қастерлеп  бақты адам, 
Бір-бірін  сүйетініне мақтанам.  
Отаным өзіңнен бақ табам:  
От  жалын сезіммен мақтанам!  
 
 
        
КӨҢІЛ  
 
Көңіл гүл-гүл жайнаған  
Көңіл бұлбұл сайраған:  
Көңіл  қыздан нəзік-ті, 
Көңіл бұзған- жазықты. 
Қазақ  көңіл жықпайды, 

Ғажап дос боп, құптайды.  
Қадірлейді өзіңді, 
Қастерлейді сөзіңді.  
Кіші сыйлап жасыңды,  
Кісі ардақтап  басыңды, 
Қамқорлықпен ең үлгі  
Қалдырмайды көңілді.  
Көңіліміз «патшажай»,  
Көтереміз жасқамай. 
Көңіл қимау -  салтымыз!  
Көпшіл,  ізгі халқымыз.  
 
      
КҮЛКІ  
 
Сүрбек тайып  етігі,  
Сүрінсе де күлеміз.  
Түйменкүлдің етегі  
Түрілсе де, күлеміз. 
Жылбек беті қисайып,  
Жыласа да,  күлеміз. 
Құлбек мас боп, қиқайып, 
Құласа да күлеміз.  
Өкірештей сорлы жан,  
Өкірсе де, күлеміз. 
Өкен күйкі қорлықтан,  
Өкінсе де, күлеміз.  
Ер ісін кең білмейміз, 
Кері ісіне күлеміз. 
Кемісіне күлеміз, - 
Жеңісіне күлмейміз.  
Күлкі – қымбат білгенге,  
Күлкісіз  той өтпейді: 
Бақыт  тауып,  күлгенге  
Барлық күлкі жетпейді. 
  
       
ШӨБЕРЕМЕ  
         (
Əйгерімге)  
Айналайын шөберем, 
Бабаңа  бас иесің.  
Сөзге қалай шебер ең:  
«
Дəу ата!» деп  сүйесің.  

 
Маған сəлем бергенде,  
Мақтаймын əр  сөзіңді:  
Күлімдеймін  көргенде  
Күнім деймін өзіңді. 
 
 
 
      
ӨМІР  ТОЛҚЫНЫ  
 
Жарық ғалам, өзіңе жылап келдім  
«
Қамық  балам,  алдыңда сынақ!» дедің.  
Ақ  мамасын  анамның  еркін  еміп,  
Бақ  таласын  білмедім сынақты елдің.  
 
Тəй-тəй баса бастадым келешекке,  
Шайпауласа бастадым  ересекте:  
Толған  нұрлы жігіттік  арман қуды,  
Толғандырды «алашақ», «берешек» те.  
 
Жақсы-жаман,  күн  мен  түн  кезектесіп, 
Жақсылардан ой жұғып, өзектесіп.  
Бастым  алға өмірдің  толқынымен,  
Аштық, тоқтық  жалғасып кезек несіп.  
 
Даналардың батасын  алғамын  мен,  
Дараландым  биіктеп  арманыммен.  
Қай ісімнен бір  жеміс  көремін деп,  
Қайысумен  келемін,  қарбанумен.  
 
Қайран елім – қолқасы жүрегімнің,  
Қайрап едің, -қайратың – жігеріңмін.  
Етек тартқан  ездерден ісім  асып,  
Өтеп  жатқан өмірді бір  еріңмін.  
  
 
              
ТЕКТІ ЖЫР  
 
Күншығыстан Күн боп туған Хұн бабам 
Мың жығысқан соғыстарда қыңбаған. 
Қасиетің қадірленіп ұрпаққа,  

Өсиетің жыр боп қалды мұң - налаң.  
 
Тасқа жырын  ойып  жазған Күлтегін  
Баспа сырын,  содан  білем, жыр - тегін.  
Батылдығын бабалардың мақтаймын,  
Батыр жырын тастап  оқып Білгенің.  
 
Қорқыт  атам – түркі жырдың бастауы, 
Қорқытпаған  ажал  оны, - қас жауы.  
Қобызына қосып жырдың толқынын,  
Оғызына орнатты өнер аспанын.  
 
Өлеңімен Əл Фараби – ер ғалым,  
Өнерімен баурап  алған  ел  жанын.  
Сыйың мəлім – ғылым, тəлім  бергенің, 
Сыйынамын: ұрпағыңа бер жалын.  
 
Ұрпағымын Қожа Ахмет бабаның,  
Жыр  жалынын əулиеден  табамын.  
Нұр мұрасын  мұсылмандық  дінімнің,  
Жыр мұрасын шырақ  етіп  жағамын!  
 
Білік  табам Баласағұн жырынан,  
Білікті адам нұр іздер жыр  сырынан.  
Ақынды жыр мінгізеді парнасқа  
Ақылды жыр - өлеңдегі құбылам.  
 
Абай-пірім, ақындықтың асқары,  
Абай жыры - өрнекті өлең аспаны.  
Жамбыл  ақын – текті жырдың мұхиты,  
Сан бір  ақын – қазағымның  дастаны.  
 
Сүйем сені текті жырым жолдасым,  
Иең мені ардақтап жұрт қолдасын. 
 
 
 
 
 
 
 

                    
МАҚСАТЫМ  
 
«
Мақсатымтіл  ұстартыпөнер шашпақ»  
                                                               
Абай.  
    
Мақсатымның  мағыналы бастауын  
Ана тілін  үйренуден  бастадым.  
Дана жұрттың жаттадым да сөздерін,  
Даналықтың  бағдаршамын  көздедім  
 
Жақсылықты берген  анам – жан  нұрым,  
Жақсы үмітті шамшырақ қып жандырдым.  
Мақсат тұттым  нағыз  адам  болуды, -  
Сол  биікке  жеткіздім бе қолымды?  
 
Білім  іздеп,  өнер  қудым жасымнан,  
Еңбек етсем, табылды олар қасымнан. 
 
От  басымнан  басталды да Отаным,  
Сол Отаннан ұшқын таптым,  от  алдым.  
 
Адалдықты  мақсат тұттым антымдай,  
Адамдықты бек ұстандым  тантымай.  
Аянбаймын,  елге өнер, білімім: 
Айналайын  адамзаттың құлымын!  
 
 
    
ШАРАПАТ  
 
Шараптқа қажет  пе  
Марапатың – мақтауың.  
Жарай қалсаң əжетке,  
Жақсылықты ақтадың.  
 
Шарапат ер  арындай:  
Ар  атаққа құлданбас.  
Жақсылықты тарынбай 
Жасағандар  бұлдамас.  
 
Ер  езге бас имейді,  
Елдің ұлын сүйеді.  
Марапатты имейді,  

Шарапаты тиеді.  
 
Бұлдаған əр  қадамын,  
Қастекіні жек көрдім.  
Ізгі, қамқор, дананың  
Шарапатын көп  көрдім.  
 
Адал көңілім менің де,  
Адам деп ел  сүйсе екен:  
Шартарапқа,  еліме  
Шарапатым тисе екен.  
 
        
ҚАЗАҚ  ЖІГІТІ  
 
Ардақтауды атасынан үйренген,  
Инабатты інісінен сый көрген. 
Қайырымды,  мейірімді бұл жігіт, -  
Даналықтың  бағдаршамын көздеген.  
 
Ата-анасын  жақсы көрген  жанынан,  
Жан  жүйесі жаратылған жалыннан.  
Өлең десе,  жаттап айтып,  масайрап,  
Өнер  десе, өңменімен  салынған.  
 
Мінезі – мəрт, айтқан сертте тұрады,  
Ата сөзі – оның  салты, құраны.  
Сəлем берсең құшақ жаяр қауышып,  
Тойда дайын «алты ауызы», жыр, əні.  
 
Əдепті де, əділетті,  меймандос,  
Əздек жанды жақтырмайды бейғам, бос.  
Əсемдікке жаны құмар жігіттің,  
Əдепті ісін үйрен сен де, ей жан дос.  
 
Досшыл, көпшіл, ізетті жан ғажап-ақ,  
Ер  сұлтаны, сайыпқыран қазақ-ақ!  
Жанын  қиып, ел намысын қорғайды,  
Қазақ жігіт – халқын сүйген  азамат.  
 
 
ƏДІЛЕТКЕ ШЫНДЫҚ ДОС  

 
Əділет сүйген  халқымда,  
Əбілет  басқан қырыс бар.  
Əділдік жасау-  салтыма  
Əккі жау – қырсық қылмыстар.  
 
Еңбекшіл жетсе жеңіске,  
Ең кекшіл жауы қасында.  
Симайды кегі кеңіске  
Ойлайды пəле басыңа.  
 
Шындықты күншіл  жасырып,  
«
Шын мықты» жауып тастайды.  
Айласын қырыс асырып,  
Пайдасын күйттеп  бастайды.  
 
Əділет, шындық қор болып,  
Əбілет жеңсе,  азасың. 
Шықса да ол, қанша «зор» болып,  
Шындықтан алар  жазасын.  
 
Əділет, шындық – киелі,  
Əділ  жан соған сенеді.  
Шындықты халқым сүйеді,  
Шыншылдық бəрін жеңеді.  
 
      
САБЫР ... САБЫР  
 
Айналайын  ақыл  серік қасиет,  
Сенсіз  жерде тарттым қанша қасірет  
«
Сабыр түбі – сары алтын» деп  бабалар,  
Ұрпағына қалдырған сен - өсиет.  
 
Ақыл  білер өмір заңы мəңнілік:  
Салтанатты  сабырда бар  мəнділік.  
Ақыл  жеңіп,  сабарымды сақтаймын,   
Асыққанмен өзгере ме заңдылық.  
 
Сабырлыны халқымыз да сыйлайды, -  
Мені бірақ жайбасарлық қинайды.  
Берекені қашырады асығыс, -  

Бейқам болу – уақытқа симайды.  
 
Əр  секундпен бірге соғып жүрегім,  
Əрекетті соған байлап жүремін.  
Сансыз  арман  асықтырып болмайды,  
Салауатты сабырлының бірі едім.  
 
Ұлғайтты өмір көп ісімнің көлемін,  
Ұлы істерді атқара алмай келемін.  
Сан бір сап-сап əрекетті сараптап,  
Сабыр  сақтап, ақылыма көнемін.  
 
 
    
ТӨРТ ІЗГІЛІК  
 
Əдеп,  иманарұят 
Əз жігітке берікті:  
Салиқалы жария,  
Сауалдарын  беріпті.  
 

Əдептісіз мейірлі,  
Ардақтайсыз  басқаны 
Сіз  білмейсіз кеюді,  
Деп,  əдеп  сөз бастады.  
 
Озбай жүрсіз  əдептен,  
Ойлысыз мен  көргелі:  
Болдыңыз Сіз  əдеппен 
Əдепті де зерделі.  
 
Иман тұрды  күлімдеп:  

Иман нұрлы бейнеңіз.  
Өстіп елге білінбек,  
Тектілік пен зейнеңіз.  
 
Жігіт көңілі толыпты:  

Жаннан қымбат  көресіз.  
Деп,  ар  риза болыпты, -  
Ар не десе, көнесіз!  
 
Ұят тұрды сызылып:  


Ұяты  бар  қазақсыз.  
Көрген жоқсыз бұзылып,  
Көргендісіз – ғажапсыз!  
 
Күлімдеді əз жігіт:  

Күлкіңізге тəнтімін! 
Əдептілік,  əзділік –  
Қасиеті əркімнің.  
 
Төрт ізгілік бойымнан  
Табылсаңдар толғаным:  
Шықсам  елдің ойынан,  
Шын  азамат  болғаным!  
 
Əз жігітті сыйлаған  
Ар  сөйледі  ақырын:  

Ізгілікті жинаған  
Сенің ой мен ақылың! 
   
                
БƏЙБІШЕ  
                   (
Здекеңе)  
 
Қалжыңдап қайнағаңды «қағындырдың»,  
Балғын  бақ қайындарды бағындырдың.  
Бермесең сыбағасын ағайынның  
Көрмесең,  апта болмай  сағындырдың.  
 
Көбіне от басында «тіл  табасың»,  
Көңілге орнатасың Күн қаласын.  
Билейді  бойымызды ұлы мейір,  
Сүймейді  кім өзіңдей  күн  анасын.  
 
Өзіңсің наубайшымыз,  аспазымыз,  
Өзіңсіз татымайды ас-дəміміз.  
Өзіңмен өмірі нұр балалардың  
Өзіңмен жарқырайды аспанымыз.  
 
Немерең қызмет етіп өтемелі,  
Шөберең төбесіне көтереді.  
Кəріге, жасқа қылған  қызметің  
Бəрі де сыйласыммен өтеледі.  

 
Мен  саған қалайынша тағайын мін,  
Аңсаған жекжат-жұрат ағайының.  
Гүл дəуір қызық дəурен – татулығым –  
Бұл да бір бағы шығар талайымның. 
  
     
ҒАШЫҚПЫН  
 
Сүйіктісі күлімдеген,  
Сүйіп, кісі күнім деген 
Сұқтанамын  сұлуларға –  
Сұлу жанға ғашықпын.  
 
Қиялым-пəк, сөзім – мұңды.  
Қиылған ой – сезімімді.  
Ұшқынымды ұғынғанға –  
Ұлы жанға ғашықпын.  
 
Қамқоршым боп жүретұғын,  
Қадірімді білетұғын.  
Абыройымды асырғанға –  
Асыл жанға ғашықпын.  
 
Нұры күндей жайнап тұрған  
Нұрсəулесі ойнап тұрған: 
Жарқылы  зор жалыннан да,  
Жас бұланға ғашықпын. 
  
      
НƏПСІ  МЕН  ҚАНАҒАТ  
 
«
Бай болдың ғой,  тасыма!» - деп, Қанағат,  
Нəпсі паңға ақыл  айтты қаба-қат. 
Нəпсі шіркін байлығына тоймады: 
«
Құдай болғым  келеді!» - деп қоймады. 
Қанағаттың  қабырғасы сөгілді,  
Қанағатсыз нəпсі тасып,  төгілді.  
 
Тексіз тентек танымаса Құдайды,  
Абыройдың асқарынан құлайды.  
 
 

                
ӨЗ КІНƏМ  
 
Бүркеу үшін кінəсін «бір өскеннің»,  
Бір  кемісім: өсекпен күреспедім.  
Күйдірсе де қорлаушы  қоқиланып, -  
Күйкімінез  көрсетіп,  тіреспедім.  
 
Замандастар менен зор қайда барсам,  
Маған  жасар мінезі – айла – торсаң.  
Көңілімді  жықпайтын достарым  аз,  
Көңіл – мұңлы, жүзім – пəс, ойым –сарсаң.  
 
 
Жастық  жалын бойымнан өшпеу – үлгі, 
Жастық жаным жалындап өскен үлгі.  
Дарын  мықтым  байқатпай бағдарлайды,  
Кəріліктің аулына көшкенімді.  
 
Ақылсыз  жан  өмірдің білмес жүгін,  
Ақылымнан көп болды білместігім.  
Сене бердім білім мен еңбегіме,  
Елемедім күйкінің күндестігін.  
 
Өзім момын, талапты қазақ  едім,  
Өмір жолын өрнектеп жаза бердім.  
Кесір жанға, қырсыққа залалым жоқ,  
Кешір  алла,  ниетім таза менің.  
 
 
АССАЛАМУАЛАЙКУМ,  
        
ҚЫЗЫР  БАБАМ!  
 
Ассаламуалайкум, Қызыр  бабам,  
Жүрегім  Сізді ойласам, шымырлаған.  
Жақсы үміт жетектесе Сізді табам,  
Жақсылық, бақыт деген құбыладан.  
 
Кеңессіз таба ала ма өмір тетік 
Келесіз  кеңеспен жан  елжіретіп.  
«
Амандық болсын, - дейсіз,  əр  адамда,  
Жамандық үдемесін ел жүдетіп».  

 
Алдыға барған  сайын уақыт үдеп,  
Алдымда Сіз жүресіз бақыт тілеп. 
Сүйемел қолдаушы Сіз болған жанды,  
Сүйеді ел «ісі оңалған» бақытты деп.  
 
Ойласам киелі бақ – жерімдесіз,  
Тойласам  бақытымды, төрімдесіз.  
Сөзіне ісі сəйкес келмейді деп,  
Көзіне көргенсіздің көрінбейсіз.  
 
Ғажап та өнегелі іс, нұр жолыңыз, 
Қазақта бата басы – жыр болдыңыз.  
Адамдық борышымды өтеп жүрмін,  
Адалдық ақ ісімде бір  болыңыз!  
 
 
 
 
               
АҚИҚАТ  
 
Жанып жаным, ақиқатты іздедім,  
Жалықпадым,  күдерімді үзбедім:  
Шын құладым, шындық сүйдім бағыма,  
Шырқырадым кір жұқтырмай ағына. 
Арсыз зұлым қулықтарын асырды:  
Асылымды -  ақиқатты жасырды.  
Алтынымды мыс десе де мың рет,  
Алтын – құнды айтар шындық – құдірет.  
Ақиқат деп соғады ыстық жүрегім  
Ақиқатым – ақ дүнием, тірегім.  
Ақиқатты,  арды қорғап жүремін.  
 
 
ƏДЕПТІЛІК-САЛТЫМЫЗ  
 
Əдеп деген – ұлы сөз: 
Əдептілік -  адамдық.  
Əдемілік – гүл мінез,  
Əдемілік -  адалдық.  
 

Əдептілік – иманың,  
Əдеп біліп, кісі күт.  
Əр  адамды сыйлаудың,  
Əдебі де кісілік.  
 
Əдеп күзет,  адамда.  
Əдепсіз көп, безінгін.  
Сабыр, ойың - əманда,  
Абыройың - өзіңнің.  
 
Əдепті, құт – халқымыз:  
Əдептілік  салтымыз.      
 
      
ПАРАСАТ  
 
Абырой,  атақ  алғанда 
Асқынбай көңіл  қалған ба?  
Парасат  парқын  білуге 
Жарасақ  сондай қарбаңда 
 
Сабырың  болса діліңде  
Салтанат құрар білім де.  
Жараспақ ойға өз тілің,  
Парасат – ана тілінде.  
 
Кемелің толса затыңда,  
Келмейді нұқсан  атыңа:  
Қарасақ  ойға тареңдеп,  
Парасат  парқы - ақылда.  
 
Инабат, ізет,  мейірім 
Иман жүз, шалқар  пейілің 
Жарасад жарқын  бейнеңе,  
Парасат  көркі – зейінің.   
 
Парасат ойлы кісіде,  
Пайымдар үлкен, кішіде.  
Адамдық - асқан парасат  
Адалдық, мінез,  ісіңде.  
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет