Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

           
БАҚ  
 
Бұрып  алдым  ағынды, 
Бақ  өсіріп  жайнаттым.  
Аралатып  бағымды, 
Ақ  бөпемді ойнаттым.  
 
Күткен  едім  сағына,  
Жазым  келіп  жайдарлы,  
Гүлденген  жас бағыма  
Бұлбұл қонып  сайрады.  
 
Сүйсініп, бой шымырлап,  
Бұбұл əнін тыңдадым. 
Өмірге де тың ырғақ,  
Қосылсын деп, тынбадым.  
 
Аямаймын  барымды,  
Ашық баққа есігім.  
Аялаймын бəріңді,  
Жатсынбағын ешбірің.  
 
Өрік, алма, жүзімім...  
Өздеріңе олжа –құт.  
Еңбегімнің қызығын,  
Ел де көрсе,  сол -  бақыт.  
 
 
 
 

КҮЛКІҢМЕН ЖАЙНАП ТҰР,  
               
БАЛАМ  
 
Алаулап таңың,   
Атыпты, жаным. 
Аңсауда  сені нұр  далаң,  
Өмірді жалға,  
Өкініп қалма,  
Өтеді мезгіл шырғалаң,  
Күлімдеп күнің,  
Күтуде, ұлым,  
Күтуде шұғыл  бұралаң,  
Күндей бол  күшті,  
Күттірмей істі,  
Күлкіңмен жайнап тұр, балам! 
 
Ерке құс сайрап,  
Еңбек те қайнап,  
Ерекше шулы көшеміз.  
Ерте тұр  сен де,  
Ерлікке денде,  
Ерінсек,  кетер  есеміз. 
Бейбіт  іс  алда, -  
Бейтарап  қалма,  
Белсенді қоғам  мүшесі,  
Дамылсыз  тірлік –  
Даңқ  пен  ерлік:  
Тағдырды біз де шешеміз.  
 
Арманға жетсең,  
Арлы боп өтсең,  
Ардақтар  адам  баласы,  
Өнегең дамып, 
Өнерің  жанып,  
Өмірдің сыйын  аласың. 
Отырма,  балам, 
Отаның  саған 
Оты бар  ұл  дер  қарасын,  
Ақыл мен  еңбек 
Бəрін де жеңбек  
Бақытыңды өзің табасың. 

 
Алаулап  таңың 
Атыпты, жаным,  
Аңсауда сені нұр  далаң,  
Күндей бол  күшті,  
Күттірмей істі,  
Күлкіңмен жайнап тұр, балам!  
 
 
     
ЖАР - АНА  
 
Жақсылыққа сүйініп,  
Жамандыққа шыдадың.  
Жүр сəуле боп құйылып,  
Үйдің жағып шырағын.  
 
Бізге бəрін  арнадың,  
Аямадың сыйыңды. 
Аналықтың  салмағын,  
Арқалау да қиын-ды.  
 
Жастың жəне кəрінің,  
Тілін  тауып бəрінің,  
Жалынымен жаныңның  
Сен  ағыңнан жарылдың.  
 
Бедел  артты: мақтадың,  
Бере қалсам қол ұшын,  
Аналықты ақтадың,  
Ардақтаймын сол үшін. 
 
                   
КҮЗДЕ  
 
Қаздар ұшып барады қайта кетіп,  
Кең аспанның  кеудесін шайқап өтіп.  
Көңіл құсын ұшырам мен  де көкке, 
Арманымның айдынын байтақ етіп.  
 
Сабан тойлар даламыз – ұлы дүбір,  
Топырақ та тыншымас – қыбыр-қыбыр:  
Дуылдаған еңбекке еніп кетсең,  

Күй енеді жүрекке шымыр-шымыр.  
 
Сан  жемістің шырыны даламызда,  
Салтанатын күз құрған əр  аңызға.  
Мерейлі дос,  кел қырға, той дүрмекке:  
Мерекелі думаннан қаламыз ба?  
 
Берекесін  əкелді аңсаған күз,  
Мерекесін тойлаймыз,  əн саламыз! 
  
 
 
           
ТІРШІЛІК КҮЙІ  
 
Күйі мол шаттық өмір шырын маған  
Күй шарпып тұла-бойым шымырлаған.  
Күлкіден əуез  естіп көңіл  ашар,  
Күйімнен бар  əлемнің сырын  табам.  
 
Жақсы күй – бөбек сөзі «ана» деген,  
Жанымның пəк сезімін анам берген.  
Туса да жылап адам, бар  дауыспен,  
Өмірге тəтті күйлер ала келген.  
 
Күй – менің реніш пен қуанышым,  
Сол ырғақ  толғандырып, туар  ісім.  
Күлімдеп жақсы əуенге  жадырасам,  
Күйінем кейде толқып  кінəм үшін.  
 
Толқыған үн  естісем өңірімнен,  
Сол  маған  күй тартады өмірімнен.  
Өзеннің мың бұралған өрімінен  
Сый естіп,  əн қосамын өр үніммен.  
 
Бір күйдің ырғағынан мың сыр ұқтым, 
Өйткені күй - тынысы тіршіліктің.  
 
 
     
ШЫНДЫҚ 
 
Жылпос қулық  асырап,  

Қаскөй барды жасырып.  
Қолдағы бар шындықты 
Қорламақшы басынып.  
 
Қаралап сұм бағыңды,  
Қара демек ағыңды.  
«
Сын» құруға шебер-ақ, 
Сындырмақ боп сағыңды.  
  
Шынтуайтта тік тұрар  
Шындық деген мықты бар. 
Өзімшілді тұқыртып,  
Өз қатесін ұқтырар.  
 
Зəбір көрсең түңілме:  
Шындық жеңер түбінде.  
 
         
ТАУ  САМАЛЫ  
Күнде кеште Алатаудан  арайлы,  
Көшеді де салқан  самал  тарайды.  
Ауасына бойды жазып  сейілдеп,  
Тау басына тамашалап  қараймын.  
 
Тау ғажабы,  көктемеде,  көзің сал,  
Баурап  алды мені салқын  керімсал.  
Қыбыр  еткен  жапырақ қол  соққандай,  
Құрметпен иіледі өрімтал.  
 
Жапырақты, толқындатып  қияқты  
Атырапта толқынды бір күй ақты.  
Жанашырдың лебіндей нұр самалы,  
Анашымның  алақаны сияқты.  
 
Елжіреткен  деміндей-ақ  ананың,  
Сол бір  лептен  бойға қуат  аламын.  
Аймаласа самалымен  туған  жер,  
Қайта жасап,  сəби болып қаламын.  
 
 
    
ҚАРАОЙ ДАЛАСЫ  
 

Қара далам,  шалқар  далам,  тегіс  далам,  
Керемет  жарасады егіс  саған.  
Теремін  еңбегімнің  өнімдерін,  
Берерің – берекелі жеміс маған.  
 
Күртінің күміс  суы жайлап  аққан –  
Нұр түгің байлық шашып,  жайнап  жатқан.  
Жеріме тəжім  етіп  бас иемін,  
Еліме бар  байлықты сайлап  жатқан.  
 
Көруге көз  тоймайды көктеміңді,  
Көркіңе өрнек еттім  еккенімді. 
Шуақты шұғыласын  толқындатып,  
Қондырдың шалғайыңа көктен  күнді.  
 
Жазыңда жайып  салдың  түкті кілем:  
Қазына сенен  қайнап  шықты білем.  
Жайдарман  өріңдегі диқан,  малшы –  
Майталман еңбектегі мықты кілең.  
 
Егісің  еміп  сені, жайқалады,  
Ер ісін  атқарумен  байқалады. 
Жемісің  таусылмайды, тере берем,  
Өрістің,  егінжайдың бай танабы.  
 
                  
ЖЕЛІБАУ  
 
Көктем  алып  келгенде думандатып  жыл құсын,  
Көкке  бағып  табынды, тойындырды жылқышы.  
Қайырады баққанын балмайсаға сал жігіт,  
Шайырланып  түледі жібек жалды жылқысы.  
 
Құлындаған  биелер бүйірленді семіріп,  
Құрулаған  сөзді ұқпай,  шалғында тұр  керіліп.  
Айдап  малды жайлауға, құрған  кезде желіні,  
Пайда болды ақ  көңіл жылқышыға серілік.  
 
Молайтады тірлікті жылқышыға желі – құт,  
Əн айтады малшылар  қымыз ішсе,  желігіп. 
Елі байлы малшының қуанышы молайды  
Желі байлау – кіші той, жасыл жайлау – жер ұйық.  

 
Күрпілдейді сабасы,  ақ бұлақтай сауыны,  
Іркілмейді,  келеді бұл үйге өз қауымы.  
Талайына тойшының үлес берер  сабадан 
Маңайына бұл үйдің қонды шопан  ауылы.  
 
Шыбындайды желіде жібек жалды биелер.  
Шымырлайды... қымыздан тұла бойға күй өнер.  
Мейірман да кеңпейіл қонақжай-ақ жылқышы,  
Қолын ал да, қымыз іш,  алғыс  айтып сүйе  бер. 
 
  
            
ӨМІРГЕ  СЕРТ  
 
Өмір  шіркін  аз  екен сəттілігің,  
Сəтсіздіктің  сан  рет тарттым жүгін.  
Сан құйғыттың  сəтіңе аялдамай  
Əр минуттың білсін деп тəттілігін.  
 
Күйінсем де қиынға, - қымсынбадым,  
Иілсем де мың рет, - бір  сынбадым. 
Шын ұқтым да тірлікті, бір тынбадым,  
Шынықтым да қылыштай қылшылдадым. 
 
Адамға сынға төзеді өктем  екен,  
Адаммын ба мен  саған  өкпелесем.  
Жамандыққа жан қия қарсы тұрып,  
Амандыққа, игілік  сертке жетем.  
 
Мол қырыңнан өткіздің, қызық  екен!  
Толқыныңнан  тоқтамай жүзіп өтем.  
Сəттілігің – мен үшін үлкен бақыт, -  
Қиындықтың құрсауын бұзып өтем.  
 
        
КӨКТАЙҒАҚ  
 
Аяз. Кеш. Жолдың торабы.  
Соғады ақпан бораны.  
Аяулым, тосып  тұрмын  мен,  
Алқынып жүрек соғады.  
 

Жаны сау жасқа көп қой бақ, -  
Жаным-ау,  көше көктайғақ.  
Абайсыз  тайып құларсың,  
Асықпай жүрші тек жайлап.  
 
Амандық қымбат ақылдым, 
Кешіксең мейлі -  мақұлмын:  
Баянды болсын  кездесу,  
Байқап жүр, жаным, ақырын.  
 
Тағдырға кімдер шек қоймақ, 
Мақсатым – жасау көп  тойлап.  
Өндірге байқа, жарқыным. 
Өмірдің жолы –көктайғақ.  
 
 
ТАТУЛЫҚТЫҢ САҚШЫСЫ  
 
Асыл жансың,  маған тек бір өзің  пар
Аңқылдаған  ақ жарқын  мінезің бар. 
Қызынбайсың асқақтап бұл өмірдің  
Бұзылмайтын қалпы бар, біл өзің, жар.  
 
Жадырасам  көңілім ашылады,  
Жабырқатқан  реніш  басылады.  
Күн шуағы сияқты бал мінезің 
Өмірімнің қызығын  асырады.  
 
Саяласам  саялы сен – шынарым,  
Аяласам, сөзіме сенші, жарым.  
Өсіресің  көркейтіп  көңіл гүлін,  
Татулықтың сақшысы – сенсің, жаным.  
 
 
            
САҒЫНЫШ  
 
Қара көзің  мөлдіреп күлімдедің,  
«
Қалағаным-өзің»  деп,  күбірледім.  
Көріктім-ау, сағындым,  жарқын  бейнең
Көз  алдымнан  кетпейді бүгін  менің. 
 

Жанарыңның  отына балқығамын,  
Шалқығамын, өзің боп жан құмарым.  
Албыраған жүзіңді бір  көрсем деп, 
Аңсаймын да,  əлемге шарқ ұрамын.  
 
Көз  алдымда білектей өрген бұрым,  
Көргем «сырын» көзіңнің  елден бұрын.  
Таусылмайтын жыр  етіп  айта берем,  
Қара көздің жүрекке енген нұрын.  
 
Кейде жарқын  бейнеңді көріп қалам, 
(
Сен екен деп  сұлуға төніп барам).  
Жадыраған жазымдай сол бейнеден, 
Жастығыма,  жаныма серік  табам.  
 
Тəнті болдым құлындай басыбайлы,  
Бір  көрмесем,  көңілім  ашылмайды.  
Өзің жаққан  жалын бар жүрегіме,  
Өлгенімше қызуы басылмайды. 
  
    
ЖАСТЫҚПЕН КЕЗДЕСУ  
 
Гүлді бақта оңаша кешке  таман 
Жастығымды табиғат  еске салған.  
Жайран қағып  жастығым  кездесіп  қап,  
Оты шарпып  бойымды,  естен  танғам.  
 
Қанша жүрдім, білмеймін қолтықтасып,  
Аралатты гүлзарды ол жұптасып.  
Гүлдəуренім  келгендей бір  жасарып,  
Күн – сəулемнің  кейпіне болдым ғашық.  
 
Күйдірді ме, жастықтың алауын-ай! 
Сүйдірді де, мөлдіреп  қарауын-ай! 
Өз жөніне мен оны бағыттадым,  
«
Досқа күлкі, дұшпанға таба қылмай».  
 
Қайран жастық легіне еріп  кетті,  
Лапылдатып  жалынын беріп  кетті.  
 
 

САҒЫНЫШПЕН ІЗДЕЙМІН  
 
Көз тартады көктемдегі өрімдер,  
Гүл толқыса, мен де елең етемін.  
Салқын  самал  желпігендей көрінер  
Сенің пүліш  көйлегеңнің  етегін.  
 
Жазда толқып  егін  тұрса ырғалып,  
Көрсем одан құт береке, мол  ағын, 
Табағаттың  қызығына бір  қанып,  
Мен  өзіңмен сырласқандай боламын.  
 
Күзде жібек самалымен есті леп,  
Тал-жапырақ- алтын  сырғаң дір  еткен.  
Құстар  кетті өзің жаққа көш  түзеп,  
Хабар  беріп  сағынышты жүректен.  
 
Қар жауғанда қайың тал да иілді.  
Тілегендей ғашығымның  саулығын. 
Шырша сұлу сəукелесін  киінді,  
Əне сенің əппақ жібек  жаулығың.  
 
Күн шыққанда көкжиекке  қараймын, 
Күндей жайнап,  күлім қағып  келерсің. 
Жарқырарсың жарығым боп, арайлым,  
Құлпырып бір құшағыма енерсің.  
 
Аңсаймын да шартараптан іздеймін,  
Сағынғанда келмедің ғой күн айым!  
Мен өзіңнен  күдерімді үзбеймін,  
Көз  алдыма елестейсің күн  сайын.  
 
   
КҮЛІМДЕЖАРЫМ  
 
Бал  татулық  менің  сəнім,  
Баянсыз боп бүлінбесін. 
Сені сүйген жүрек жалын  
Секем  алып  түңілмесін.  
 
Абайсызда түзу жолдан,  
Аяғымыз  сүрінбесін. 

Бақыт  кетпес сонда қолдан  
Əрқашанда күлімдеші!  
 
Шаршап  келсем жұмысымнан,  
Шалдыққаным білінбесін.  
Күн  жайнадың  тумысыңнан,  
Күнде осылай күлімдеші!  
 
 
 
        
ӨМІРГЕ ТІЛЕК  
 
Өмір  бастар қиыннан шырғалаңға, -  
Құмар  болдым, сыйынан құр  қалам ба? 
Туған  ел  мен  мекенім  аман  болса,  
Биігіме жетемін  тырбанам да!  
 
Уа, жарық дүнием, гүлді мекен,  
Құдіретсің мен үшін, құлдық етем!  
Салтанатты саяңды паналасам, 
Бақыт деген баянды шындық екен. 
 
Бейнетің  көп  жастығым, өте бердің,  
Зейнетің  көп, хош күнім, жетеледің.  
Мың  өнерің қонса да күтіп  алам,  
Таудай бақат  болса  да көтеремін.  
 
Үлесінен  мекеннің құр  қалам ба, 
Биігіме жетемін тырбанам да.  
 
          
МЕДЕУДЕ  
 
Шарықтадым Медеуде биікке мен,  
Шаттық  екен құрбыңмен биіктеген.  
Асқар шыңға көтердің көңілімді,  
Алғысымды қалқам-ау, үйіп төгем.  
 
Қуат берді самалы денемізге,  
Құлпырды бел, мұндай тау көреміз бе?!  
Ақ тəжідей мұзарт шың жарқылдайды,  
Аппақ шатыр – ақ бұлт төбемізде.  

 
Ғажап мүсін –Медеудің əр шың тасы,  
Одан  əрі биікте,  тартынбашы.  
Күміс бұлақ күлкіңмен тау жаңғырып,  
Күнім болып жанарың жарқылдасын.  
 
 
АҚҚУЫМҰШЫП КЕТПЕШІ  
 
Аяз  бен  ызғар өткесін 
Аңсатып, бізге жеткенсің,  
Айдынға кесте төккенсің,  
Аққуым, ұшып  кетпеші!  
 
Аялап  айдын өпкесін,  
Алаңсыз жүзіп өткенсің,  
Арулар биін тепкенсің,  
Аққуым, ұшып  кетпеші!  
 
Аспанның сəні кетпесін,  
Армандап жасын төкпесін.  
Ауырлап бұлты шөкпесін, 
Ақққуым, ұшып кетпеші! 
 
Əсемдік ұшып  кеткесін,  
Сəнсіз боп айдын кеппесін:  
Игілік, үміт өшпесін, 
Аққуым, ұшып кетпеші! 
 
АРУЛАР- АСЫЛ ЖАНДАР 
  
Ақ тамақ қарындастар,  
Алаулы жалын  жастар,  
Оймақтай отты  еріндер, 
Жүрекке от бердіңдер. 
Апалар – жанашырлар,  
Жан  баурап  аласыңдар.  
Ардақтап  анамызды,  
Сыйлаған  ағамызды,  
Күлімкөз  жеңгелерім,  
Күніме теңгеремін! 

Өмірдің нұрлы бағын  
Өсірген құрбыларым.  
Бақытым – базарымсың,  
Бал жырым,  ажарымсың.  
Өрлетіп жұлдызымды,  
Өсірген ұл-қызымды.  
Аруы бас иенің,  
Ардақтап бас иемін!  
Аналар – асыл жандар, 
Абырой асырғандар,  
Жайнаңдар гүлім толып,  
Жасаңдар күнім болып!  
            
АЗАМАТ 
 
Ер жеткен ұл тірлікке талпынбаса, 
Елемеген ондайды халқым аса: 
Ер жігіт деп төрінен орын берген, 
Еңбектеніп, алмастай жарқылдаса. 
 
Ата бабам арсызды  жазалап тек, 
Атамаған адам деп, азамат деп. 
 
Арнап соған ас алдын, бар жақсысын, 
Ардақтаған ізгіні «қазақ-ақ» деп. 
 
Кім арылтса көңілдің түнектерін, 
Қуанышқа жеңдірсе жүрек шерін. 
Оны халық көтеріп төбесіне, 
Сүйе білген отаншыл түлектерін. 
 
Кім əкелсе жаңа күш, жаңа өнер, 
Оны жұрты сүйеніш, пана көрер: 
Халық-ана қадірлеп тергеніңді, 
Бергеніңді көпсінбей ала берер. 
 
Əділдік пен шындықты қорғай алсаң, 
Халқың сүйген, жау жолын торлай алсаң,- 
Елің дəйім еңбекпен өрге деген: 
Ер демеген бос кеуде,  бордай болсаң. 
 
Егер қорлық-зорлықты қуаттасаң, 
Ез дер халық мұңлыны жұбатпасаң. 

Мархабатты қызығын көре бер дер, 
Махаббаттың отауын құлатпасаң. 
 
Шын азамат қастыққа жол бермеген, 
Кел, азамат, достыққа қол бер деген. 
Адалдықты туған ел биік санап, 
Адамдықты қашан да меңгер деген. 
 
Азамат- ол халықтың мықты сөзі, 
Өнегелі өмірдің құтты кезі. 
Асыл мұрат- азамат болу деген, 
Асқарына ер жігіт шықсын өзі. 
 
 
          
ЖОЛАУШЫ 
 
Бақыт жолы- мехнатсыз, азапсыз, 
Уақыт жолы кемелденсе, мəз-ақпыз 
Төресіндей жолаушыны құрметтеп, 
Төбесіне көтеретін қазақпыз. 
 
Ерлер қанша  ғарышқа да аттанып, 
Елге оралса, «жол болды» деп шаттандық. 
Еңбек шыңын бағдарлаймыз қашанда, 
Еңбекшілдің əр жолы- бір дастандық. 
 
Келіп жетті жүрген жолым менің де, 
Қасиетті  Астананың төріне, 
Қолдаушымын ақ жолыңды нық бассаң, 
Жолаушының жолы құтты елімде. 
 
Шартарапқа түсіп менің жолдарым, 
Шаршамауға  серт бердім де толғандым. 
Жауымн, қардан жол азабын көрсем де, 
Ауылдардан алып қайттым мол жалын. 
 
Күн-күн сайын жасаймын да жол қамын, 
Бір тынбаймын, үнемі мен жолдамын. 
Болмай тыным, тірлігіме аттандым,      
Ойлайтыным - борыш өтеу,  ел қамы. 
 

Дала барсаң қоймасы көп олжаның, 
Қала барсаң,  оқу, өнер, мол дарын. 
Қолдаушы бар қайда жүрсең қасыңда, 
Жолаушылар, сəтті болсын жолдарың! 
 
 
 
 
 
          
МЕТАЛЛУРГ 
 
Жалындатып, күн жандырып тұрғандай, 
Жанарынан жарқ-жұрқ еткен сыр қандай! 
Ырыс жолын бастап осы лавадан, 
Құрыш қолы от өзенін бұрғандай. 
 
Күшті батыр алау отпен алысты, 
Түсіп жатыр тетік болып əр ұшқын. 
Ерлік істің жалынынан жаралып, 
Өрлеп ұшты кемелері ғарыштың. 
 
Бұлтыңдатып бұлшықтарын ойнатты, 
Бұрқыратып қара тасты қайнатты. 
Тұр автор боп   əрбір іске құрышы. 
Трактор боп кең даланы жайнатты. 
 
Ер деп халқы іс тапсырып сенуде., 
Ерлік даңқы зор мақтаныш еліне. 
Қорытылды өз қолымен батырдың, 
Қолымдағы қаламұшым менің де. 
 
Өр күшіңе тау да балқып құлады, 
Ер ісіңде халқың күнде сынады. 
Құдірет дедік құрыш қолдың қажырын, 
Құрметтедік, өндірістің қынабы! 
 
 
            
КҮНГЕ  ТАБЫНУ 
 
Алтын қанат ақ сəулеміз, жарықтық, 
Аялайсың кең дүниені қарық қып. 

Алаламай нұр төксең де жарық қып, 
Аңғармаймыз құдіретіңді парық қып. 
 
Күміс  күлкі күмбірлеген  күй ағып,  
Күлімдесең,  жадырадық қуандып.  
Жүректерге жылу бердің керемет,  
Жігерлендік шуағыңнан нұр  алып.  
 
Қызуыңнан қуаттанып  алтын дəн,  
Қырымызда қызыл қырман – нан  тұнған. 
Ала білген  анамыздың сыйларын,  
Айналайын  еңбекшіл ер халқымнан.  
 
Күнде сенен жылу алдық,  нəр  алдық,  
Күндей жайнап ақ  сəулеңнен  жаралдық.  
Сен ше мейір, шапағатын  сыйлайтын,  
Сезім  болсын  əрбір  жанда адамдық.  
 
Күн-құдірет тіршіліктің анасы,  
Күллі əлемге зер  салып бір  қарашы.  
Сенің  ортақ  қызуыңа мастанып,  
Бітпей жатыр  адамзаттың  таласы.  
 
Көпті кернеп сен  көтерген бу қандай,  
Жауып  өтсе, жердің бетін  жуғандай.  
Тазарта бер бар адамның жүрегін   
Тату болсын бір  анадан  туғандай.  
 
 
       
ЖҰМЫСШЫ СӨЗІ 
 
Тұтқасы дүниенің жұмысшы да,  
Құт  басы оның əрбір жұмысында.  
Жаңа күн,  жаңа бақыт ала келіп,  
Жаңарттым ел  өмірін тұрмысында.  
 
Қопарып жеті қабат жердің астын,  
Қотарып қазынасын  байлық  аштым.  
Аңызды, қиялды да іске  асырып,  
Ағыздым шөл  даладан  нəрлі тасқын.  
 

Бар қырды тегістедім, қала салдым,  
Қарқынды екпініммен таласар  күн.  
Марсқа жұлдызымды тағып  едім,  
Ғарышта басын  иіп  аласарды.  
 
Қандырдым шөл танабын – болашағын,  
Жандырдым ел  жанарын дала шамын.  
Уақыттың  еш  кетпеуін  қаласа кім.  
Бақыттың мұнарасын  қаласамын.  
 
Қолға алдым, күн қуатын,  атом күшін,  
Қолдандым  игілікке  адам  ісін, 
Дəулетті шалқытамын  еңбегіммен,  
Сəулетті заман  үшін,  адам үшін.  
 
 
     
БЕЛГІСІЗ  САРБАЗ  
 
Батыр елі – қасиетті Отаннан  
Батыл  ері қуат  жігер,  от алған.  
Өртті жалдап,  алаулаған ер еді,  
Сертті сарбаз,  ел қорғауға аттанған.  
 
Құт құйылған  мекеніне бай танап,  
Тұтқиылдан басыңды жау жайпамақ.  
Оқтан  ерің қорғап  қалды жан қиып. 
Мақтан  елім бағың  мəңгі жайқалмақ.  
 
Аяулы жан  ерлігімен  танылды  
Аяғына бас ұрды жау табынды. 
Жаңғырады бүгін батыр  рухы,  
Мəңгі жанды жүрегінің  жалыны.  
 
 
                
ҰЛЫ ЖОЛ  
 
От алған бізден жұлдыз  аспандағы  
Отаннан  оның  жолы басталады.  
Алыстың даңғылына біз  иеміз:  
Ғарыштың Байқоңырда баспалдағы.  
 

Қолаушы шет достарға барасың ба?  
Жол басы туған  елдің қаласында:  
Сүрлеуі – бақ өмірдің  саласында,  
Біреуі – тың мен  күннің  арасында.  
 
Жол ашық ұлы майдан  ғасырында,  
Таластық күреспен жол  ашылуда:  
Игердік ақиқаттың  айқын жолын,  
Игердік жақынын да, қашығын да.  
Біздің жол  сайрап  жатыр  кеңістерге  
Ізгі жол  апарады жеңістерге  
Жетегі біздің жол боп достасқандар,  
Жетеді мақсатына төл  істерде.  
 
Елеулі іс тарауын  асқаралы.  
Ел ері тура жолмен  басқарады:  
Гүлі мол, жағалауы жайсаң  бақты,  
Ұлы жол  біздің елден  басталады.  
 
 
          
ХИРОСИМА  
 

Күн құлады – деді жұрт,  күн құлады,  
Жер ананы күйдіріп, күл қылады...  
Алау от  боп алып  тау атылғанда,  
Аңғармадық кім жанып, кім жылады.  
 
-  
Күн құлады,  сұмдық-ай,  күн жылады,  
Күңіреніп  аспаннан үн  құлады.  
Жер өртеніп, тау жанып,  тас атылып,  
Бүкіл  əлем  ышқынып шыңғырады.  
 
Əппақ  қала күйреді мыжғыланды,  
Алауланып дүние, қызды, жанды. 
Қасіретпен жарқ  етіп құлағанмен,  
Қайта жанып күніміз тұнжырады.  
 

О, адамзат, ғылымың  асып  еді,  
Оспадарың  қалайша басым  еді?  
Жалынымды бергем жоқ бүлдіруге  
Жақсылыққа сəулемді шашып едім!.. 

 
Ойсыратқан сол  опат бүгінге сын: 
Ойлан, адам, күніміз түңілмесін 
Жетер  бізге шуағы, байлығы да 
Жер  ананың  келбеті бүлінбесін. 
  
           
АҢЫЗ-ДАЛА 
  
Мақпалдай, дəн  иісті қырым - аңыз,  
Ақ  таңдай ақындардың  жыры  нағыз. 
Өзіңсің жер  анаға табындырған,  
Өзіңсің  еңбектегі құбыламыз.  
 
Қандырған  мотор үні құлақ құршын,  
Қалдырған ізін  сенде трактор шын 
«
Күй сəні, өлең мəні далада» деп  
Құйқалы құнарыңмен ұнап  тұрсың.  
 
Көшінде еңбегінің қызындырған  
Төсіңде жайнап  жатыр қызыл  қырман, 
Қосынан еңбекшінің  дүрілдетіп  
Осыдан  басталады қызық думан.  
 
Аман ба,  ырысы мол  жердің сəні  
Əманда сенен шықсын  ердің əні  
Мақтана қуанамын  жырға қосып,  
Ақ  таба-алтын  күлше-елдің наны.  
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал