Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    
ЖЕҢІС АРДАГЕРЛЕРІ 
 
Армысыңдар, ардагерлер- асылдар! 
Бармысыңдар, жауға түскен жасындар, 
Құдірет дейді өздеріңді адамзат. 
Құрметтейді жеңіс күнін ғасырлар. 
 
Парадында Жеңістің  нық басыңдар. 
Əр адымға гүлден шашу шашыңдар. 
Көгін елдің тазарттыңдар тұманнан, 
Көңілдердің көк пердесін ашыңдар. 
 
Ардақтаған Отан, ұрпақ, асыл жар. 
Арнап соған жыр пернесін басыңдар. 
Қуатсыңдар: жесірлерді жебеңдер, 
Жұбатыңдар,- əлі де мұң, жасу бар. 
 
Алдарыңда ұлан ғайыр асу бар, 
Арман тауын туған елдің асыңдар.  

Батыл, мықты ұрпақ өсті сендерден, 
Батырлықтың жігері – сол жасындар. 
 
Көздеріңдей ұшқындаған жас ұлдар- 
Өздеріңдей батыр, оттар –жасындар. 
Жеңіс туы мұрагерлер қолында, 
Жеңіс күнгі сапта шалқып, тасыңдар. 
 
 
 
 
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН БАЙЛЫҚ 
 
Көп байлық ез адамға  
Көрсетем деп «қызықты»   
 
Деміктіріп əмəнда, 
Денсаулығын бұзыпты. 
 
Тойламапты ол, тоймапты, 
Ойнамапты, күлмепті: 
Тек мүлікті ойлапты, 
Тектілікті білмепті. 
 
Басқа күйік- қарызға 
Ақша жиып, күптепті, 
Ел дауы- мың арсызға,- 
Денсаулығын күтпепті. 
 
Жетпей байлық парқына, 
Жер қауыпты бейшара: 
Бұйым қапты артында, 
Бұйырмапты не шара?! 
 
Бекер өтсе уақытың,  
Бейпіл байлық – қайғы мұң: 
Жансаулығың- бақытың, 
Денсаулығың- байлығың. 
 
 
 
      

     
АДАМЗАТҚА ҮНДЕУ 
 
Өмірге жерімнің нұры – бақ: 
Өңірде тіршілік – шырын – ақ! 
Картасын əлемнің қастерлеп, 
Əр тасын қорғаймын шырылдап. 
 
Адамзат -  бауырым, ер дана, 
Аманат өзіңе Жер ана! 
Уақытын өлшем қып өмірге, 
Бақытын, байлығын берді ана. 
 
Санқилы өрбітіп күндестік, 
Қанқұйлы қырсықпен күн кештік... 
Ортаққа жүр едік таласып,- 
Опатқа тіреді білместік. 
 
Шаңдатып, Жер бетін өлшеп кеп, 
Қандатып, таптадық бөлшектеп... 
Төзіммен сақтайық Жерді біз, 
Өзінде қалармыз өлсек те. 
 
Бауырым, қарашы аспанға, 
Дау – мұңын шағып  тұр  аспан да:  
«
Ажалды тілеме,бейбақ!» деп,  
Адамды кінəлар тастар да. 
 
Адамзат, ақылға келейік: 
Жер қорғап, апатты жеңейік! 
 
АЗАЛЫ-ЖЕР АНА-БАСПАНА.  
 
Жұтап түз, зар  есті Семейден:  
Бұтақсыз  дарақ та серейген...  
Қайрылып  қанаты құстардың,  
Айрылдық денсаулық, мерейден.  
 
Емшегі қос өзен Аралдың,  
Кемсенді құлы боп дажалдың.  
Ақырын  тоздырған Жерді  ол,  

Ақылын  аздырған  адамның.  
 
Жылаттың ұрпақты, оңбадың:  
Құлаттың  тауыңды, қорладың.  
Не таптың  таластан,  адамзат,  
Ел  шаптың, соғылдың,  сорладың?!.. 
 
Қарумен еңбекпен тірлікке:  
Зəру жан, достыққа, бірлікке.  
Тұр  берік бір сапқа, панаң бір, 
Құр кергіп, жер қаппа, дүрлікпе!  
 
Ел дана достасса сəн құрып,  
Жер-ана жасайды мəңгілік!  
 
   
ДОС - ҚҰРДАС  
 
Құлын-тайдай жарысып, 
Қуып ойнап,  алысып,  
Кейде кейіп,  налысып,  
Қас  қаққанша табысып,  
Бірге өскен жолдасым!  
Қиындықта қолдастың,  
Қиылғанда жалғастың,  
Маған  сүйеу болғансың,  
Өзіңе бас иемін!  
Саған  алғыс үйемін,  
Жанашыр деп,  сүйедім,  
Жаның жақын, сүйемін, 
Сенімен бір  тілегім!  
Бірге соққан  жүрегім,  
Сен  күлсең, мен де күлемін,  
Қадіріңді білемін,  
Сүйенішім-тірегім!  
Бақыт болып  басыма,  
Аман жүрші қасымда!  
 
 
 
 
        
ОТАУ ИЕСІ  

        (
Лəйла қызыма
Суырылып шықтың,  қызым, өзегімнен, -  
Сунып  кетпе жырақ өз  еліңнен.  
Уақытың  берген шығар тізгініңді,  
Бақытың  келген  шығар  кезегімен.   
   
Қуаныш  сенен күтіп жүр  едім  мен,  
Тым алыс кеткен  жоқсың жүрегімнен.  
Тілегім: қос шырағым қатар  жанып,  
Бұл  елім  қызық  көрсін түлегінен.  
 
Ие  бол  өміріңе – құдіретке,  
Сүйе  біл  отбасыңды құрметте.  
Өмірдің ауыр жүгін  көтере біл,  
Өрімім, жеңіл жолмен жүріп  өтпе.  
 
Санаңмен сарапқа түс, ерке  күнім,  
Анаңмен бірге қалсын еркелігің. 
Əкеңнің көп  үмітін  ақта,  жаным,  
Əкелсін  мол қуаныш  ертеңгі күн.  
 
Отауың-болашағың құтты болсын.  
Отанның бір ошағы мықты болсын!  
 
     
ҚАЗАҚҚА  
 
Ақ  көңілді қазағым, 
Арлысың бір  ғажабың.  
Тарихыңның тағы да 
Тартпау үшін  азабын,  
Санаңды да азат қып,  
Сақта арыңды қазақтық.  
Ғажап  атың  танылған, -  
Қазақ  атын  жамылған 
Мəңгі қалған  мазаққа,  
«
Мəңгүрт» кесір қазақ па?!  
Тілін түзеп, оңда да 
Ділін  оның қолдама, 
Сөйлейтін сөз  шұбарлап,  
Сөз бұзуға құмар-ақ 
Шала тілі, мазақ та 

«
Шала қазақ» қазақ па?!  
Шипагерсің білімге,  
Шират оның  тілін де,  
Ақша қуып, құныққан,  
Адамдықты ұмытқан  
Жалғыз  басын  ойлаған,  
Жалмауға елді тоймаған,  
«
Жаңа қазақ» дегенді  
Жаңа деме сен  енді,  
Менмендігі өзіне,  
Сенбе ендігі сөзіне:  
Ер  қорлауға əзір ол;  
Елдігіңе əзір  бол.  
Сыйлап  елдің дəстүрін,  
Сынап  албырт жастығын,  
«
Қайта қазақ» болған бар:  
Қайта соны қолда, аңғар.  
Оқығанмен ғылымды,  
Тоқыған  тек білімді  
Ішкілікке  үйренген  
Өзін  артқа сүйреген  
Тəрбиесі мəз  емес 
«
Жарты қазақ» аз  емес.  
Кел  онымен бітімге:  
Ақыл-есін бүтінде,  
Мерейлісің,  азатсың –  
Мерекелі  қазақсың  
Тірлігіңді құттадың  
Бірлігіңді нықтадың.  
Құрметтедің дініңді.  
Құрмет дедің тіліңді.  
Қазақ тілің алды құт:  
Ғажап рухын мəңгілік. 
Жеңдің тарих азабын, 
Жаса, жайсаң қазағым!  
 
 
 
МАХАББАТ   АЛАУЫ 
 
Нұр  көріп  көзіңнен,  

Сыр-көрік сөзіммен.  
Жалын қып  айтпадым,  
Жаңылып  сөзімнен.  
 
Көз  емі- көркемдік:  
Өзегім өртеніп,  
Ойыма құладым,  
Бойыма өрт  еніп.  
 
От шалқып жүректен,  
От  шарпып, дір  еткем:  
Жанымды жандырдың  
Жалынды құдіретпен.  
 
Көзіміз  сырласып, 
Өзіміз сыр  ашып,  
Төзімсіз толқыдық,  
Сезім-қыз нұр шашып.  
 
Ой-көрік шалқыған,  
Бой еріп, балқыған:  
Махаббат өртіне  
Мархабат-жан құрбан!  
 
 
 
 
    
ӨМІР  ТОЛҚЫНЫ  
 
Жарық ғалам, өзіңе жылап  келдім:  
«
Қамық балам, алдында сынақ!» - дедің.  
Ақ мамасын анамның еркін  еміп,  
Бақ таласын білмедім сынақты елдің.  
 
Тəй-тəй баса бастадым келешекке,  
Шайпауласса, «егестім» ерегесте.  
Толған нұрлы жігіттік  арман қуды:  
Толғандырды  алашақ, берешек те.  
 
Жақсы-жаман, күн мен түн  кезектесіп,  
Жақсылардан ой жұғып, өзектесіп,  

Бастым алға өмірлік  толқыныммен,  
Ашты жалғап  тоқтығым – кезек несіп.  
 
Даналардың  батасын  алғамын  мен:  
Дараландым  биіктен арманыммен.  
Қай ісімнен мол жеміс көремін деп,  
Қайысумен келемін, қарбанумен.  
 
Қайран  елім – қолқасы жүрегімнің,  
Қайра  мені: қайратың – жігеріңмін!  
Етек тартқан  ездерден  ісім  озып,  
Өтеп жатқан борышты бір еріңмін. 
  
             
ТОЛҚЫН  
 
Толқынды толқын  қуады:  
Толқыннан толқын  туады:  
Жанталап  толқын  құмары:  
Жағаға толқын ұрады.  
 
Толқиды толқын көпіріп,  
Тоқтаусыз  толқын  лепіріп:  
Арттағы толқын жетіліп,  
Алдыға шығар  желпініп.  
 
Толқиды толқын таудай-ды:  
Толқынды таулар  аунайды.  
Толқыннан толқын заулайды:  
Толқыннан өмір  аумайды.  
 
Өміршең əрбір «кемені»  
Өршіген толқын өбеді:  
Жасампаз  болып  кемелі 
Жағаға толқын  келеді.  
 
Жардай боп толқын  көлемі,  
Жағаны  соғып, өледі.  
Өлмейді  теңіз  өрі енді:  
Өрінде толқып, «өрені».  
Өмірге толқып келеді. 
 

       
КӨКПАР  
Көңілді көп  жігіттің  
Көкпар бастап үмітін.  
Асықтырды додаға, -  
Асықпауға бола ма?!  
Арыстандай атылған 
Кім озар Нұр  атынан?  
Жабы мінген Бек еді:  
Жалпылдап жүр  етегі.  
Аулымыздың атасы,  
Берді ерлерге батасын:  
Серке көкпар  тасталды,  
Сертті дода басталды.  
Үзеңгілер  сартылдап,  
Үміттілер  қарқындап. 
Бермеу үшін  намысты,  
Ерлер  күшін  салысты.  
Намыстанып, қалшылдап,  
Нарқасқаны қамшылап,  
Терден татып ащы дəм,  
Тепкін тұяқ астынан  
Жұлып  алды серкені,  
Жұман  қандай өрт  еді?!  
Тастай қысып тақымды,  
 - 
Тарт! – деп, Жұман ақырды.  
Қалың топты  сиретіп,  
Қалт тұрғанын  сүйретіп, 
Зіл  көкпарды зор адам  
Алып шықты додадан.    
Ортекедей ойнаған  
Сəйгүлігін  сайлаған 
Қалтай жігіт дөп барды:  
Қағып  алды көкпарды.  
Оздырды да жүйрікті,  
Ол  мəреге құйғытты.  
Зымырандай зулатып,  
Ел жүрегін тулатып,  
Жетті жігіт мəреге:  
Артты абырой – дəреже, 
Қызды тойы, мəз-ақ тым:  
Қызық ойны қазақтың.  

 
 
         
ТІЛ ӨНЕРІ  
«
Тіл өнері дертпен тең», қиын дертім,  
Бұл  өнерді болар ма үйірер күн?!  
Тіл  шебері болсам да,  азаптандым,  
Білтелері көп  ойды түйіндер кім?  
 
Сана, білім, жете алмай биігіне,  
Ана тілім, иең көп күйігуде:  
Халқым жырдың жүздірді өзеніне, -  
Қалқып жүрмін айналып «иірімде».  
 
Өткірлігің сөзіме дарымай-ақ,  
Өттім, тілім, от жырға жарымай-ақ!  
«
Ой от алды, сараптап сөз сапта», деп,  
Оятады ұйқымнан арым аяп.  
 
Өлең,  сенің көріп көп азабыңды,  
Көп өлшедім тəтті жыр, ғажап үнді.  
Жыр, құтты əнін жүректе шымырлатқан  
Пір тұтамын ақын ел – қазағымды.  
 
Алауына салып жүр өрт өнерім,  
Қалауыма берілген серт - өлеңім.  
Өнеріммен жұртымды тебірентсем деп,  
Өлеңіммен тұтанып, өртенемін. 
 
       
МАҚТАНЫШ  
 
Жерімнің  кеңдігін  сақтаған  
Елімнің ерлігіне мақтанам.  
Елінің  сенімін ақтаған,  
Елімнің  ерлігіне мақтанам.  
Бірліктің Отаны-бақ  маған.  
Тірліктің  берекесіне мақтанам.  
Ерліктің дəстүрін  атқарған,  
Еңбектің  мерекесіне мақтанам.  
Тыныштық рухын  жақтаған,  
Тым  ыстық ниетіме мақтанам.  
Бірлігін  қастерлеп бақты адам,  

Бір-бірін  сүйетініне мақтанам.  
 
Отаным, өзіңнен  бақ табам:  
От  жалын  сезіммен мақтанам. 
 
   
ҚАЗАҚТЫҢ  КЕЛІНІ  
 
Қазақтың жігерлі жігіті,  
Мəз-ақ тым  ақталып үміті:  
Гүл-мінез, жан-жалын,  ары - шың,  
Күлімкөз, нұрлы ақыл: жары-Күн.  
 
Ардақтап  келіні атасын,  
Атадан  алып жүр  батасын.  
Анам деп  енесін  сыйлайды,  
Панам деп,  ене нұр  жинайды.  
 
Қастерлеп қайнаға, қайыңды,  
Нəш зерлеп, сөз  айтса  пайымды.  
Аймалар кішіні күнім деп,  
Аялар үлкенді күлімдеп.  
 
Зерделі келіншек бақытты,  
Ел-ері-жігіттің бақыты.  
Ғажап тым жанашыр досыңдай,  
Қазақтың келіні осындай.  
      
 
         
ЖЫРЛЫ МЕКЕН 
 
Дулати мен Фараби өскен мекен 
Қыран баптап, ғарышқа ер ұшырды, 
Осы жерде дағдырын шешкен екен 
Достар тауып туыстық келісімді. 
 
Туған жерім - əн мен күй, жыр мекені, 
Даламыздың сүйемін дархандығын. 
Молшылықпен молайттым берекені, 
Той өлкесі – жаңарған арқам бүгін. 
 
Мен – қазақтың ұлымын, ер көңілім: 

Бар адамның сүйемін туыстығын. 
Көппен бірге жырлаймын мен де бүгін 
Көк пен жердің бақытын, тыныштығын. 
 
 
Ала тауым – ақ бас шал, батыр бабам, 
Асыл анам – кең өлкем нұрлы неткен?! 
Дарқан далам – жерұйық шатырлаған, 
Шаттық алам үніңнен, жырлы мекен. 
 
Ау, адамдар, тыңдандар, туыстарым! 
Ақын халық сөйлетті бір баласын, 
Санаттамын: өлеңге туыс жаным, 
Салам мен де сəулетті жыр қаласын! 
 
            
МАХАББАТ СЫРЫ  
 
Сүйем сені, - сыр  сақтап, үндемеймін,  
Елемесең, оныңды мін демеймін:  
Ертең жанып шырағым өзіңмен бір,  
Өркен жарып, қалайша гүлдемеймін?!  
 
От  сезімнің  балқимын  алауында,  
Тек көзімнің  құлы боп қаламын  да,  
Қысыламын тіл қатпай,  ибалықпен  
Ұсынамын өзімді қалауыңа.  
 
Жүрегіме от  салды көзің   күліп,  
Жүремін бе күл қылып төзімділік:  
Сып  ашсаңшы  сезімді  жариялап,  
Сырлассаңшы, жаным-ау,  өзің біліп.  
 
Сенесің бе саған ой алаң десем,  
Сен есіме түскенде «жанам»  əсем:  
Елес беріп  əр сөзің қалар  есте,  
«
Сені ескеріп  ойыма алам» десең.  
 
Нұр  бейнеңнен шуақты сəуле көрем:  
Күргейленем,  соны іздеп,  əуреленем.  
Өте құмар  жанымды өртей берме,  
Өте шығар  бір сəтте «дəурен» деген.  

 
Бағынышты құл  еттің көркіңмен де  
Сағыныштың  сарғайған дерті менде.  
Мархабатын сүйгеннің  аңсай-аңсай.  
Махаббаттың  күйдірді өрті меңдеп.  
 
Сағынышым  көз  жасын құрғатпаған,  
Алып ұшты  арманды  жыр боп саған:  
Төзбес пенде өртіне махаббаттың,  
Кездескенде айтылар сыр көп саған.   
 
            
ҚАРА ТАУ  
 
Қазақтың  көтерген шың бірлік туын,  
Азат  күн өсірген əр  тірлік нуын.  
Көрдің бе, берекеңді,  мерекеңді,  
Өрінде ұлы думан құрдық бүгін.  
 
«
Басынан қара таудың  көш келеді»...  
Басынан  елдің  сол  мұң  көшкен  енді.  
Көркемдеп  сені бүгін  жаңғыртып тұр  
Өркендеп  қазағымның өскен  елі.  
 
Көбейтіп өндірістік  мұнараны,  
Көркейтіп  сені халқым  қуанады.  
Тасың да байлық  екен  байыптасақ,  
Тасқында сансыз  кеннің «мыңаралы».  
 
Басыңнан қайғы бұлты көшкесін бе,  
Тасыңнан  сəуле шықты өшпес мүлде.  
Сыйлады кеңін  шындар. – элементтер,  
Симады Менделеев  кестесіне.  
 
Өрледі  самасан завод  мұржалары,  
Өрдегі шамдар -  елдің  күн  жанары.  
Ғаламда қара таудай тау бар  ма деп,  
Далаңда фосфориттен нұр  жаңады.  
 
Арамат шыршаларың, аршаларың,  
Аралап  нуларыңды  шаршамадым.  
«
Атыңнан  айналайын құт  мекен!» - деп,  

Ақ  басты  биігіңнен  əн  саламын.  
 
 
АДАМЗАТ  -  БАУЫРЫМ  
 
Адам деп  аталған  ұғымды,  
Ұқ  енді уран  деп бүгінгі.  
Туысып,  адамдар  табысса,  
Ғарыш та адамға жүгінді.  
 
Бостандық  туды да күрестен,  
Тіреспен, яусыз күреспен  
Жойды адам қанау мен  қорлауды: 
Орнады кең заман  нұр  ескен.  
 
Айтпа дос «мынау ұлт басым» деп,  
Қасың деп, нəсілге ашын деп...  
Қорғайды адамдық  атын  ар:  
Атылар қорғауға жасын  кек.  
 
Адамзат-бауырым,  туыстас!  
Туыс жас,  достасып,  ту ұстас.  
Бірлікті қолдайды бар  адам:  
Жаралған жерінен қуыспас.  
 
Адамзат  тағдыры тұтасқан:  
Тұтантан бөлінсе, құт қашқан.  
Жаралдық  жасауға сəн құрып,  
Мəңгілік жасар Жер, Құтты аспан!  
 
Адам – бұл  ұлы сөз  киелі,  
Жүйелі тілдің  кілт тиегі.  
Адамның  атын, дос, адалда:  
Адамға өмір  бас иеді. 
  
     
НАУРЫЗ  ТІЛЕК  
 
Ұлыстың  ұлы күнінде 
Ұлыстың  зер  сап үніне  
Бақытын  елдің тілеймін  
Уақыттың мұңлы тілінде.  

 
Азапты қуып біріндеп, 
Азат  күн  туды күлімдеп:  
Сөнгенім  енді жанады,  
Өлгенім қайта тірілмек.  
 
Өлара кез бұл,  сыр алмақ:  
Өлі аруақ,  уа тірі аруақ!  
Келтірдік  заман  күйлерін,  
Серпіліп, тұршы бір  аунап.  
 
Ары-ту,  ердің серті –үлгі,  
Арылту қажет  дертімді:  
Тарихтың  ісі-дүрбелең, -  
Халықтың  күші серпілді.  
 
Армандар  алға сүйреген:  
Ормандар  өсер  күймеген,  
Өлмессің  жарқын  болашақ, -  
Келмесін соғыс «күйреген».  
 
Басталды жаңа зор майдан, -  
Жастанды кебін бордай жан.  
Бақ, сана,  еңбек тапты ерін,  
Қақса да жауы борбайдан.  
 
Отанның ұлы, құлақ түр:  
Атандың еге – сынақ бұл.  
Өскен құт - елдік өрісің,  
Өшпендік жүгін  лақтыр!  
 
Өтіңдер  алға, нəн  сапар  
Кетіңдер  саптан  жаңсақтар!  
Арадан  алас  болыңдар,  
Қарақан, мансұқ  мансаптар!  
 
Аумалы заман,  төкпелі,  
Аумалы тұрмыс өтпелі, -  
Қия кеп  дəйім  бөгемес  
«
Қиметқайым өтпелі».  
 

Заманға нарық  жамалды:  
Жаманға заман «жаманды» -  
Жақсы үміт – алда болашақ  
Жақсылық – тірлік  жаңарды.  
 
Армандап  өткен көнелер-  
Əйтеке, Қазбек, Төлелер –  
Бірлікті халық бастады:  
Тірліктің құны төленер!  
 
Еген – бай, Отан, орнады,  
Бөгенбайлардың арманы,  
Абылайханмен қолдасын,  
Райымбектердің аруағы!  
 
Нарт қызға, ұлға лəйім,  
Тартқыза көрме уайым:  
Жолдасы Қыдыр – баба боп,  
Оңдасын  елді Құдайым!  
Əумин!  
 
 
АЙНАЛАЙЫНТЫНЫШТЫҚ!  
 
Алаңдаса, ел достығын құрыш қып,  
Аман жаса, айналайын, тыныштық! 
Өмір – кеме сау болсын деп  апаттан,  
Өлімге де бір  сен үшін  тұрыстық.  
 
Жер  анаға жалғыз  өзің  саясың,  
Ер-панаға ұлы мақсат қоясың:  
Күнім  десем, күндей зия қадірің,  
Бүлінбесең шуағыңды жаясың.  
 
Бір өзіңе тілеп жүрміз  амандық,  
Күн  көзіне ұқсас біздің  адалдық.  
Ғарышқа  да жеткізеді парқыңды,  
Бар тұста да саған  тірек, адам құт.  
  
Тыныштықсың өмірден де қымбатты,  
Тым  ыстықсың, татулықсың  тым  тəтті!  

Досыңдай көп  қолдаушылар  өзіңді,  
Осылай боп келе берсе  күн  жақсы!  
 
 
           
ШƏКІРТЕРІМЕ  
 

Армысыңдар, шəкірттерім,  күндерім!  
Бармысыңдар,  жайнап  өскен  гүлдерім!  
Бұлағымдай сылдыраған мөлдірі  
Құлағыма жылы тиер  үндерің.  
 
Құштым танып өздеріңді кезекпен,  
Ұшқынданып от лаулады өзектен.  
Салауатты, парасатты бопсыңдар.  
Санамаппын  жылдар  қалай тез  өткен?!  
 
Балалықтар,  шалалықтар  қалыпты,  
Даналық  бар көп  ойлайтын  халықты  
Жерімізге іспен  өрнек салдыңдар  
Елімізге еңбектерің  танытты.  
 
Жалынымды тұтансын деп  бергемін,   
Жаным үлгі өнегеме сенгенмін.  
Құп  аламын  табыстарым  көп  екен,  
Қуанамын өтелді деп  еңбегім.  
 
Өздеріңмен  өркендеді мол  ісім  
Өздеріңмен  бақттымын  сол  үшін!  
 
 
                                     
АНА МЕН ДАЛА  
 
Анамыздан  кейістік білінбеді,  
Алаң қылған өмірден тұңілмеді 
Дəм бөлмеде жұмысын молайтып ап, 
Дəм бергенде, қуанып күлімдеді. 
 
Əулеті көп, жұратты дала қызы 
Сəулетті деп, «ұнатты» қаламызды. 
Қаламады бірақ та тар көшені, 
Дала жайлы айтатын сан аңызды. 

 
«
Сағым – мүсін, дала кең, білдім!» - деді, 
Сағыннышын біздерге білдірмеді. 
«
Күннің көзі далада - өзге»,- деді, 
Бұл мінезі қалайша күлдірмейді?! 
 
Əр төбесін суреттеп, тау, даласын, 
Бар белесін жырласа, таңғаласын. 
Ана дəйім ақ көңіл, мінізінің 
Даладайын кеңдігін аңғарасын. 
 
Иығына асылса жұрағат кеп, 
Миығынан күледі «рахат» деп. 
Нұр мекеннің болмысы анамызбен 
Бірге екеннін білмеппіз бірақ əттен. 
 
Ауырғанда жан сырын мəлімдді: 
«
Ауыл- маңға қосағым- шалым»,- деді. 
«
Ірге тасын бұл анаң қалғып кетсе, 
Бірге жатсын əкеңмен тəнім»,- деді. 
 
Бай танапты тірліктің күнін күтіп, 
Байқамапты өткенін күннің ұтып. 
Гүл өңірден мəңгілік орын тауып, 
Бұл өмірден аттанды күні бітіп. 
 
Қасиетін кім білмес анасының, 
Өсиетін өтедік жанашырдың. 
Жатыр əне даладаол, алыс кетсем, 
Шақырады төсіне даласының. 
 
МАХАББАТ ЖҰЛДЫЗЫ 
 
Жайнап кеттің самалмен тарандың да 
Жайнап кеттің жаным ау таң алдында. 
Жұлдызы көп аспаннан жерге түсіп, 
Жұлдызым боп мен үшін жаралдың ба! 
 
Көрдім таңда көзіңе сыр тұнғанын, 
Бердің жанға ыстық от, ынтызарым! 
Сезімге ерек Шолпанға теңеймін де 

Өзің бе деп сол жұлдыз ынтығамын. 
 
Шапақтанды күніміз арайланып,  
Шапақ жанды баурады, қарай қалдық: 
Əрбір таңда осылай күлімдеп тұр 
Орбитаңда жүрмін ғой сан айналып. 
 
Көңіл гүлін жайнатты жарық нұрың, 
Көңілімнің күні- сен, танып тұмын. 
Күндізім- от махаббат қарық болсын 
Жұлдыым боп осылай жанып тұрғын. 
 
Сенен артық қызық жоқ менде мəнгі 
Махаббаттың жұлдызы сөнбе мəңгі! 
 
      
ҚАЗАҚ ТУРАЛЫ ЖЫР 
 
Қазақ деген Бауыржандай батырлар, 
Ғажап ерен тəуеклшіл батылдар. 
Жарқылдаған мінезі бар тым өткір, 
Аңқылдаған Абай сынды ақындар. 
 
Жауы болса, аянбаған алысқан, 
Дауы болса, əділ шешкен қалыс жан 
Сарабымен сан қиынды шешкендер 
Фараби мен Дулатидей данышпан. 
 
Жауы пысып Москваның тұбінен 
Жанын қысып, ол қуғанда тұңілген. 
Мазақтарын, мақтауын да білмей жау, 
Қазақтардың бейнесіне ұңілген. 
 
Анасына балап жерін қорғаған, 
Даласына құт болып ол орнаған. 
«
Шын дұшпанға- мір оғы!»- деп, қазақтан 
Шыңғысхан да соққы көріп, сорлаған. 
 
Нағыз қазақ Қажымұқан- балуан, 
Аңыз, ғажап ерендігі алуан. 
Ер сымбатты қазақ өзі танылар, 
Ең қымбатты, аса биік арынан. 

 
Жол салыпты ғарышына кеңістің, 
Ол халықты дейді- достық, келісім. 
Ер боздағы рейхстатқа ту тіккен, 
Сарбаздары əкелген ел жеңісін. 
       
ШАҢЫРАҚ 
 
Алғаш маған күн түсірген 
Терезеден артық сенің дəрежең. 
Түнім қашып, күн келгенде жарқырап, 
Түндік ашып, күлімдеген кəрі əжем. 
 
Жұлдызымды сенен көріп сүйіндім, 
Күндізімді жарқыратқан сыйың- мың. 
Асып –толсын ақ сəулесі бақ төрдің 
Ашық болшы, «аспан көзі» үйімнің. 
 
Болған кезде шаңырақтың иесі, 
Толған лезде ғұмырымның жүйесі, 
Алып келдің қуаныш- той, жылылық, 
Жарық бердің отауымның киесі. 
 
Шаңырағым, мықты блсын уығың, 
Шағын жанның тұғыры боп туының: 
Үздігіңді тоқып берген анама  
Қызығымды көрсетем деп туылдым. 
 
ОТАНСЫЗДАРДАН БЕЗ 
 
Ақылдан жұрдай, сезімнен. 
Жақыннан жұдай бзінген 
Тілексіздерден қорқамын 
Озбасын жан деп, күндеген,- 
өз басын жөндеп жүрмеген 
Тірексіздерден қоқамын. 
 
Атасын сыйлап көрмеген, 
Апасын қорлап, жерлеген. 
Жүрексіздерден қорқамын! 
 
Ышқынын ішке салмаған 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет