Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

          
ЗАҢДЫЛЫҚ  
 
Дүниенің қозғалысы мəңгілік,  
Ескілікті жаңа жеңер жаңғырып.  
Кері жүрмес дөңгелегі тарихтың,  
Алға қарай дамитыны – заңдылық!  
 

Білім елге достық сарай салдырып,  
Бірлік, теңдік,  салтанатты сан ғұрып,  
Есерлік пен ессіздікті күйретіп,  
Еңбек, күрес жеңетіні заңдылық!  
 

 
 
 
              
ҰСТАЗ  
 
Ертерек кеп мектептің шамын жағып,  
Елпелектеп еңбектен  жалын  алып,  
Істің  сазын  жастарға түсіндіріп 
Қысы- жазы көрмедің дамылданып.  
 
Əр жүйенің еңбекте тірегісің:  
Тəрбиенің мектепте жүрегісің.  
Жасыл баққа сəн берген бағбандай-ақ, 
Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.  
 
Сан мыңдаған  сабағың есте мəңгі,  
Жалындаған шəкірттер еске  алады.  
Өнер жаңа, жаңаша əрбір ісің:  
Берер баға өзіңе – «бес» болады.  
 
Балалармен ойнайсың бала болып,  
Бала қамын ойлайсың дана болып,  
Өр  өмірде жете бер  арманыңа,  
Өрендерге сен əке, ана болып!  
 
              
ҚАРИЕ  
 
Тамаша деп  атамыздың  сырлары,  
Оңаша кеп,  көп мəжіліс құрғамын.  
Салтымыздың қорғап асыл  дəстүрін,  
Халқымыздың  даналығыны жырлады.  
  
Кездескенде кеңескендей бір ғалым,  
Сө  кестеге зейінімді бұрғамын: 
Қасиетін  шешендіктің  ардақтап,  
Өсиетін-өнеге  еткем, сырларын.  
 
Көсегелік  сөз  толғаса байсалды,  
Көсемденіп қарт бейнесі,  ой салды:  
Бойлап  ерен ой түбіне, толғандым,  
Ойға терең тыңдап  шешен, жайсаңды.  

 
Əзізі еді ой алысқан бабаммен,  
Əзір еді сыйласуға  баламен.  
Сөзі жаттан  ұмытылмас қашанда,  
Өзі  жаққан  жалыннан от  алам мен.  
 
Ақылдасқан өнегелі данамен,  
Мақұлдасқам  ойын қоштап  санаммен.  
Шамды көрген көбелектей үйріліп,  
Шалды көрсем,  атам ба деп  қалам  мен.  
 
Тыңдай білсең,  философ қой қарие:  
Шыңдай білсең, ойда қалар əр жүйе.  
Ақыл  сұрар  көпті көрген  көнелер –  
Ақылшылар тұр  сурет боп  əр  үйде.  
 
      
ҰЛЫ ЭКИПАЖ  
 
Достасқан  қепіл  етіп адалдығын,  
Бас қосқан  ғарышта  да  адам бүгін.  
Ғарышта экипаждар бірлік құрды,  
Ерлердің көрді ғалам адамдығын.  
 
Бірліктің экипажы -  санаулы алып,  
Құрлықтың  шамы болып  алауланып.  
Космоста бір  кемемен шарықтап жүр,  
Дос-досқа тек бақытты қалауы – анық.  
 

Аман ба!- дедік, - достар – ұғысқандар!  
Əманда бірлік туын нық ұстаңдар!  
Елдікті, туыстықты ұран  етіп,  
Ерлікті дəріптеңдер, туысқандар!  
 
Саңқылдап  командирдің үні келді,  
Аңқылдап, экранда күлімдеді.  
Ұшқыны жарқ етті де көздерінен:  

Ұшып жүр дос экипаж бүгін! – деді.  
 

Бар адам – ұлы экипаж  жерімізде.  
Тіреуі – тартылыс  боп, өр жүзуде:  
«
Көлігі» миллиардтардың – Жер анамыз 

Ұшуда ғарыштай кең өрімізде. 
 
 

Талмайды тартылыс күш тең «есепте»,  
Қалмайды оқшауланып «кеме»  шетте.  
Əр  адам сол «кеменің» өз иесі.  
Арнаған ерліктерін келешекке...  
 
Жайнай бер  жаз  айнының таңғы гүлі.  
Сайрай бер  бейбіт құсы – таң бұлбұлы:  
Қарқында  туыстықтың  «нəн» кемесі,  
Жарқыра тыныштықтың мəңгі күні.  
 
               
АЯНЫШ  
 
Қорқамын тарсылдан да, гүрілден де,  
Жортамын гүрілдерді «дүр» үндерге.  
Өртенген орман көрсем,  жаным ашып,  
Дерттенем,  пайда  болып діріл менде.  
 
Өскен  ел  жасыл жайлау, жарқын  тауда, -  
Сескенем тарсылдан да,  жарқылдан да.  
Ғаламда қалай соғыс - өрт қаулайды,  
Адамда  ақыл,  сана,  ар тұрғанда?!  
 
Қорғаған жауыннан да, жасыннан да  
Орнаған  қамалдаймын жас ұланға.  
Бомбасын сұм соғыстың күйрет, адам.  
Болмасын ешбір опат ғасырларда.  
 
Қанша мұң, қауіп төнбей түн өткен бе?  
Қашамын қара бұлттан, түнектен де.  
Тыныштық өз  ырғағын берсін дəйім,  
Тысм  ыстық,  елжіреген  жүректерге.  
 
Кім бүгін  бейбіт істен аяр  күшін?  
Кіндігім – бейбітшілік, аян – ісім!  
Қолдаймын тыныштығын Жер  ананың  
Қорғаймын оны  антымен  аяныштың.   
 
 

 
 
ЖАСТЫҒЫМ ҚАЙДА БАРАСЫҢ?  
 
Жанымның  оты жарасым,  
Жалының -  алау, дарасың, -  
Жас күнің  келмес шақырсаң,  
Жастығым, қайда барасың.  
 
Жақсылық, лəззат  арасын,  
Жақсы  ұғып,  тəнті  жанасым.  
Жалындау керек əлі де,  
Жаным-ау,  қайда барасың?  
 
Жалындай берсең, қарашым,  
Жанымда мəңгі жанасың.  
Жарқырап аққан жұлдыздай,  
Жарқылдап, қайда барасың?!  
 
Жас күткен өмір  сарасын:  
Жастық пен қарттық  арасын. 
Жалғауға отың жарасың,  
Жансауғам,  қайда барасың?!  
 
Жасадым, болмас таласым, -  
Жас ағын бойда ағасың:  
Жалынбақ емен қайтсең де,  
Жалындап менде қаласың!  
 
 
           
ƏСЕМ ƏУЕЗ  
 
Есілген  тасбұлақтың сылдырынан,  
Естілген күмістейін  сыңғыр бір  əн.  
Бөледім  көңілімді  көркем  сырға,  
Бөпенің əуез естіп  былдырынан.  
 
Əуен көп құрақтардың сыбдырында  
Əуелеп жырын құста сыр құруда.  
Мың  сиды əндерімен  маған  беріп  
Сыңсиды қалың  орман нұрлы қырда.  

 
Егіннің ең көрік толқынынан  
Елімнің  еңбегіне толқыды жан,  
Қанықтым, ырғақ  естіп, күй тыңдадым,  
Балықтың  теңіздегі шолпынынан.  
 
Əуенді кім  сезінбес шалқардағы,  
Əуезді теңіздің де, шалқар əні,  
Сəн  беріп тіршілкке ғажап үнмен,  
Əн – көріп кең дүниеге тарқалады.  
 
Өмірдің  сансыз  күйі атырыпта,  
Өңірдің əр гүлінде,  жапырақта,  
Қайнаған  өмір  күйі кең далада,  
Жайнаған көктемдегі жасыл бақта.  
 
Кісінің əуез ұғам  сөздерінен  
Түсіндім көңіл  күйін  көздерінен  
Əуелі жан  ананың  əлдиінен  
Əуезді əсем əнді сезгемін мен.  
 
Бар үні тіршіліктің  жалындағы  
Сарыны қозғалыстың қанымдағы  
Ризамын,  соның бəрін  сезіндерген  
Музаның  ырғақтары жанымдағы.  
 
Əн  сыры жүрегімнің дүрсілінде,  
Жан  сыры – шат  күлкімен күрсінуде.  
Шарқ ұрған  тіршіліктің  əуені боп,  
Шалқыған қуаныштар жүрсін үнде.  
 
             
ГҮЛЖАНАР   
Гүжанар – бақыт құсым  қарлығашым,  
Гүл  жарар көктемімнің  таңымдасың  
Күнді жер  айналғандай ынтызармын  
Кім білер гүл дəуреннің  табылмасын?!  
 
Жастықтың гүлзарына еркін жеттім:  
Тасыттың көңілімді еркіндеттің,  
Ғажапсың: жалындаған жүрегіме,  
Лəзаттың көңіл  ашар  көркін  ектің.  

 
Шоқ  болып тиді ерніме оймақ  ернің,  
От  болып қызығыңды тойлап  едім.  
Қаракөз, ыстық лебіз, ынтық  көңіл... 
Қалай тез өтті қызық, тоймап едім?!  
 
Жаным-ай, қандай ару, сүйікітісің? 
Жалындай жанды ерітті киік  мүсін 
Дарындай  сұлулығың пəк  сақталып  
Арыңдай махаббаттың биік тұрсың.  
 
         
ХИМИЯ ҚҰДІРЕТІ  
 
Адамзаттың құдіреті өз қолында:  
Аманатын жер  беріп, қозғалуда,  
Тез өтеді уақыт – қайталамас,  
Көз жетеді күтсек, жер тозбауына.  
 
Көп  атомның  күшін бір шықтағы,  
Пратонның  айналған «ұршықтары» 
Жолға салда, пайдалан оның  күшін 
Болмас  сонда қозғалыс «қырсықтары».  
 
Дана кілең ғалымдар  атомдары,  
Санасымен екшеуде батыл барды.  
Адал ісін  адамның мақұлдадық  
Адам үшін  құл еттік атомдарды.  
 
Өріс құрсаң қызметшің нейтрон да  
Теріс бұрсаң,  алапат кесір  сонда.  
Қилы «дарын» тіршілік  əр  затта бар,  
Қимылдарын жойқынның келтір оңға.  
 
Мықтылығын  көрсетті полимерлер,  
Ұтты ғылым,  адамзат  оны игерер,  
Өрен жетсе  ғалымның биігіне,  
Кереметтер  əлі де, қолын берер.  
 
            
ЖАЙЛАУДА  
 
Жасыл тау,  сарқырап  тас бұлақ,  

Тасқындап күй шертті тасты ұрлап,  
Жағада – дастарқан: ас-дəмді,  
Жас-қарт мəз-мейрам бас құрап.  
 
Ортада жыршы қарт аңқылдап,  
Халқына жыр  айтты  саңқылдап.  
Əн-думан осынау елде көп 
Менде кеп, шаттандым əн тыңдап.  
 
Атымды байлады ақ келін – 
Бақ  келін, ізетті, пəк керім, 
Орындап  арудың үмітін,  
Жігіттің сəлемін  ап  келдім.  
 
Мамырлап жылқылар  желі де,  
Аруды қой-ешкі өріне  
Жайлауда-гүл-майса, көркемдік,  
Көр  келіп, қызығы-төрінде.  
 
Тойға кеп, жыр төктім жайлауда:  
Қойнауда тіршілік, қайнауда,  
Шарықтап бас құсы көгімнің  
Көңілдің бұлбұлы сайрауда.  
 
Күмбірле домбырам, қос үнді...  
Жосылды, күй, саусақ көсілді 
Шарықтап  салған əн- «Гəккуім»  
Аққудың  үнімен қосылды.  
 
  
АРМЫСЫҢ АУЫЛЫМ  
 
Таулары жиһаздай, нұр тұнған,  
Баулары кілемдей құлпырған.  
Сағымын күн өріп сыр тұнған, 
Сағындым туған жер, жыр -тұлғаң  
   
Ақ əлем Мұзартты аңғарым  
Ақ  əжем кіндігі-заңғарың  
Балаңа ұқсасам еркелеп,  
Бабама ұқсадың: таң қалдым.  
 

Əманда даламның сырлы үні  
Аман ба, бас иген қыр гүлі.  
Алып ұш, жүрегім құшайын,  
Сағыныш билеген құрбыны.  
 
Бағалар ісім мен сөзімді,  
Ағалар  сағындым өзіңді.  
Мерейін  жеңгелер  аямас,  
Өрейін балалық сезімді.  
 
Армысың желпінген жасыл бел,  
Бармысың жел сүйген жасыл  көл! 
Қойнына енейін бағымның , 
Мойныма өренім асыл, кел.  
 
   
СТУДЕНТТІК КҮНДЕР-АЙ  
 
Еңбекпенен ой толғаған күн - түні,  
Еңбектенген тыймай жүріп күлкіні  
Жалықпаған кітап ашып мың түрлі  
Қызық  неткен əрекетке күнде сай...  
Қызықты өткен студенттік күндер-ай!  
 
 
Ғалымдардай ғылым  ісін  атқарған,  
Жалынға бай, жан  əлемін  ақтарған, 
«
Жақсы» деген баға тауып  шаттанған,  
Шарықтаған шат  көңілді күндер-ай! 
Парықтаған  студенттік  күндер-ай! 
 
Жалын  атқан жастық тірлік  қат-қабат,  
Жалындатқан білім  оты жатқа қап,  
Қызықтаған  əр  минутты бақ  санап,  
Құттықтау боп ұсынылған  гүлдер-ай!  
Құтты нəубет  студенттік күндер-ай!  
 
        
ЖЫРЫМ - СЫРЫМ  
 
Əсер  алдым заңғар шың – биіктерден,  
Биіктермен ойым да биіктеген.  
Адамдық пен  ар таза, жаманат жоқ,  

Аманат көп мен  алған  сүйікті елден.  
 
Өркендедім бақыттың мектебінде  
Көкке күнге қол создым көктедім де.  
Ар мен  мақсат бастады мың асуға,  
Бір  асуға тырбанып жеткенімде.  
 
Еңбегіммен ұстаз боп ұлағатты,  
Тұлғаланттым тəлімдеп жұрағатты,  
Өмір  ізін жүректе мол қалдырды,  
Толғандырды мың рет бір ағаттық.  
 
Болмасам да атағым мəлім  ерен.  
Бағым дер  ем  ісімді ғалым  деген. 
Қиындықты сезіммен ұсыныңдар: 
Ұшқыны бар  жастарға жалын берем.  
 
Арнасымен келеді ақыл-білім,  
Ақындығым сөз  алды батыл бүгін.  
Межесіне жеткем жоқ той арманның  
Ой орманның ішіне батып жүрмін.  
 
Кейбір жырым көңілді үйіруде,  
Түйініне достарым сүйінуде. 
Жалындаймын: Кім бағын жанбай көрмек  
Талмай өрлеп келемін биігіме.  
 
          
ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА  
 
Құтты болсын, жұбайлар, неке жүзік,  
Неке түзіп той жасау - өте қызық!  
Жүзік  салдық бірлігін  сақтасын деп,  
Ақталсын деп  махаббат жете қызып.  
 
Көтеріңдер ғаламат  салтанатты:  
Анталап бір  ағайын шампан  атты...  
Шампан  атты осылай тасыңдар деп,  
Асу бар деп, үлкен жүк арқалатты.  
 
Сертпен өт, дос,  алдынан  күн  көсімнің,  
Күн көсемің – төрешің күнде сенің. 

Еңбек, бірлік өмірге көрік болсын, 
Берік болсын келешек күнге сенім!..  
 
 
 
      
КҮРЕС – БАҚЫТ  
 
Артқан кезде ел көптің дүйім жүгін,  
Жеңіп шықтым еңбектің қиындығын.  
Өрмеледім ғылымның биігіне,  
Өрден көрдім білімнің сыйын бүгін.  
 
«
Күрес-бақыт»,  бақытқа тіршілік  кең,  
Қырау қылмас  уақытқа қырсыздықпен.  
Маған  тағар мін  дайын, кедергі мол:  
Айқасамын күн  сайын  күншілдікпен.  
 
Күрес менің  қанымда, жүрегімде,  
Жалын  беріп жаныма жыр егуде.  
Күресусіз дарын да дамымайды,  
Күрес кірсіз арымда, тілегімде.  
 
   
АЛПЫС –АСУ  
(
əзіл-өлең)  
 
Алпыс  асу биік-ті  
Астым міне бұлтыңдап,  
Маған үлес тиіпті 
Мағынасы-сыр, қымбат.  
Əудем жерде қалыпты 
Əсем жастық, нұр сымбат,  
Өмір жеңіп  алыпты  
Өрекпуді бір күнде-ақ  
Қызықтырар əлі де  
Қызыл гүлді сыршыл бақ,  
Қашықтапты əріге  
Қалжың  оспақ  жылтыңдап.  
Əлі құрбы жарасса,  
Əзілімді жүр тыңдап, 
Жарым  сөзге талассам,  
Жақтырмайды бұлтыңдап...  

Бұра бассам сыр берер  
Буындарым сылқылдап,  
Ішкі «сырды» кім көрер  
Іркілмейтін жымпыңдап.  
Ұрыншақ тым көңіл де,  
Ұстарадай қылпылдап.  
Тезге салып өмір де, 
Тез түзеп жүр қымтып ап.  
Əлден алжып қалма деп,  
Əйелім жүр қыңқылдап,  
Өмір əлі алда деп  
Өзеуреймін қутыңдап...  
Жаным  аздап қиналса,  
Жата қалам  ыңқылдап,  
Қайрат-күшім жиналса,  
Қарбанамын тымпыңдап. 
Бауыр  баспас зерігіп,  
Балаларым бұртыңдап,  
Келмес жуық  керігіп,  
Келіндерім тың тыңдап. 
«
Неге жатсың? Жүр!» - дейді.  
Немерелер тымпыңдап, 
Жұмылуға үндейді 
Жұмыстарым тұр-тұрлап. 
Шынығам да, өзімше 
Шыға келем бұрқылдап,  
Жас қайраттың көзінше, 
Жасарамын қылшылдап... 
Бикештермен той болса, 
Билеп кетем тыртыңдап, 
Желіктірген ой болса, 
Жеңілемін қымпыңдап. 
Аяғымды бүкпеймін, 
Ауырса да зырқырап.  
Жас көңілін күтпеймін,  
Жағынамын жылтыңдап. 
«
Абайла!»  деп қоймайды 
Алпыс деген сұңқылдап. 
Жақсылыққа тоймаймын,  
Жастық жақтан сыр тыңдап.  
Өстісем тек өлең де  

Өрнегімен құлпырмақ, 
Жалын берсем өнерге  
Жан жүрегім құлшынбақ,  
Жақсы жырдың бағына  
Жаңа келдім, құлпырмақ,  
Туған  елім  сағына 
Тұрар  талай жыр тыңдап.  
Алпыс – ақын  асуы  
Алда біраз шың тұрмақ, 
Өлең жырдың тасуы 
Өршігендей жұлқынбақ.  
Ел тойына сəн құрып,  
Еселесем жыр құрап,  
Менің бейнем мəңгілік  
Мейіріммен бір тұрмақ!  
 
       
ТЫҢДА,  ХАЛҚЫМ  
 
Тыңда халқым өлеңін ақыныңның,  
Мұңдасатын  етене жақаныңмын.   
Керегіне мақұлдау-өз қалауың,  
Жүрегіңе жақындау ақын мұңын.  
 
Мұңдық ісін үндесе жырым дəйім:  
Шындық үшін күресем шырылдаймын.  
Шығып алшы сезімнің биігіне  
Ұғып алшы сөзімнің сырын жайын.  
 
Жырлай алсам тіршілік ғажаптарын  
Тыңдай алсам  кейістен азап жанын  
Өз нақысын өмірдің өрнектер ем –  
Сөз нақысын таба алмай азаптандым.  
 
Асыл сөздің құптасаң құдіретін  
Ақын  сезім дарынға құрметің.  
Бой балқытқан жылуын сезібесең 
Ой толқытқан жырымның құны – жетім.  
 
Дарыныныңның өлеңі  сырын ашар,  
Даруы-мұң санаға нұрын шашар.  
Терең ойлап тыңдасаң сөз қуаты  

Терең бойлап өзекті шымырлатар.  
 
Дана білер алтындай сөз бағасын, 
Бала күлер жасырмай «көзқарасын». 
Өз  əлімен парықтап əркім сөзді,  
Сөз мəнімен оятар  өз  санасын.  
  
     
ҚОНЫС  ТОЙЫ  
 
Құтты болсын  жаңа қоныс  есігі,  
Құтқа толсын  жас ұрпақтың  бесігі.  
Мəртебесін биіктетіп отбасы  
Арта берсін, абыройы, несібі.  
 
Шаңырағы күндей нұрлы сəнді екен:  
Шамы шанды, тойлы, бақты сəн  мекен.  
«
Бақыттысың!» - деген  əнге қосылып,  
Бақыт  үшін  сəн мекенде əндетем.  
 
Берік  болсын  кең кереге босаға.  
Көрік  болсын көп ұрпаққа осы ара.  
Келіп қонсын бақыт құсы осы үйге.  
Серік болсын, қыдыр баба, дос-ана!  
 
Сəнді, кең боп жайылыпты дастарқан,  
Дəмімен тоқ молайыты ас дархан.  
Өмір  тойын  басқарады бас ие.  
Өнер, ойын  басталады жастардан.  
 
Отағасы бақты мекен, қонысың!  
Оттың басы құты болсын мол  істің.  
Дос жаранның құттықтауын қуаттап,  
Тостағанды көтеремін  сол үшін.  
 
   
МЕНҢ ДОСТАРЫМ  
 
Жаны асыл достардан –  
Жанашыр достардан  
Кенде боп өспегем:  
Менде көп дос деген.  
Жас жалын  шағымда,  

Достарым бағыма 
Демеу боп ұдайым  
Демеді Құдайым.  
Балалық  өткенде  
Даналық  жеткенде  
Көркейттім қосымды  
Көбейттім досымды:  
Шəкіртім мыңдаған –  
Достарым  сындалған,  
Ақылдас, жолы бір –  
Жақын дос болып жүр.  
Аялай жалынды, 
 
Аямай жанымды.  
Жастарды тəліммен  
Басқардым бəрін де.  
Өлеңім арқылы  
Өренім парқымды  
Білді де дос болды:  
Білімде – дос жолы.  
Ауылда, қалада,  
Қауымда, далада,  
Сөзімді тыңдайтын  
Өзімді құндайтын  
Достарым  көп  менің:  
Достыққа шектеуім  
Болмайды өкпе мұң. 
Өркендеп еккенім  
Бақытқа жеткенім -   
Достарым көп  менің.  
 
БЕТАШАР  
 
Ау,  ағайын, келіңдер!  
Келін  келді көріңдер!  
Көркемдігін  мадақтап,  
Көрімдігін  беріңдер!  
 
Айналайын  ақ  келін –  
Ағайынға бақ  келін!  
Құтты болсын қадамың  
Құт береке ап келдің. 

 
Шырағы бол  əулеттің,  
Бұлағы бол дəулеттің:  
Шаттық тойға бөленсін  
Шаңырағың - сəулетің.  
 
Жақсылыққа тасыма –  
Жамандықта жасыма  
Бақыт  тіле бағым деп,  
Бас иеңнің басыңа.  
 
Берік  болсын  босаға, 
Болымсызға босама . 
Көп дүние – бос бейнет:  
Көз тоймастық  жасама.  
 
Қасиетте тіліңді  
Өсиетте дініңді.  
Илан біліп – адамдық,  
Имандылық білімді.  
 
Елден үйрен  ырымды –  
Ерден  ерте тұруды.  
Көзден  таса қыла сал  
Көп ұйқыны бұрыңғы.  
 
Темекі мен  араққа  
Тер  пұлыңды жаратпа . 
Иістеніп түтінмен  
Еріңді теріс қаратпа.  
 
Ағайынды аңсатпай  
Асқа шақыр тамсантпай:  
Кесірлі деп  кетпесін  
Келген  адам дəм татпай.  
 
Халық  салтын  ақтай  біл:  
Ағайын жұртты мақтай біл:  
Жамбас, шеке... сыбаға,  
Жақындарға сақтай біл.  
 

Бас иеңді басынып  
Бажылдама ашынып...  
Төсек орның жатпасын  
Төрге дейін шашылып. 
 
Келген  жерді жерсінбей, 
Кердең қағып менсінбей,  
Ата-анадан  еріңді  
Алып  кетпе «ел сүймей».  
 
Келін  болдың  ауылға,  
Кел  аралас қауымға,  
Үйір жылқы, түйе бақ...  
Сиыр байла сауынға.  
 
Малсақ болсаң құт дайын,  
Мақтап жүрер жұрт дəйім.  
Ағайынға мол  жетсін,  
Айран қымыз, құрт, майың.   
 
Келін  болдың  қалаға,  
Керімдікті қалама.  
Қамқоршы бол  еріңе,  
Қарт  ата мен анаға...  
 
Мақсатыңа жете бер...  
Тоғыз  айда бөпе көр.  
Сенем ер боп өсер  деп,  
Сенен  туған  бөпелер.  
Жүрек тербеп наз үнің  
Сыйла құрбы əзілін.  
Бəрінен де мол  болсын 
Рухани азығың.  
 
Дастарханды жая біл:  
Бар  дəміңді қоя біл.  
Кеңшілікті үйрен де,  
Кемшілікті жоя біл.  
 
Қонақ күту жайында,  
Олақ  болмай пайымда  

Басты, мəнді бір  ісің,  
Асты мəнді дайында!  
 
Іске  дайын сұйықтап,  
Түске  дейін ұйықтап.  
«
Ас иесі» боп жүрме  
Бас иеңді иықтап.  
  
Қырқып  тастап шашыңды,  
Қиқалақтап  қасыңды.  
Сүртіп  бетке далапты,  
Құртып  алма басыңды.  
 
Ардақтайтын  ананы,  
Аялайтын  баланы.  
Өнерлі, іскер келін бол.  
Өзгелерден  саналы.  
 
Енең ойлап жақсы үміт,  
Сенен күтер  жақсылық:  
Тірегіңді құлатпа,  
Жүрегіңді тас қылып.  
 
Арысыңды дөп көр де, 
Абысынды жек көрме:  
Арсыз ойға беріліп,  
Айтқан сыңын кек көрме...  
 
Кəне, келін сүйініп,  
Көркіңнен  нұр құйылып,  
Сəтті тойда халқыңа  
Сəлем қылшы иіліп...  
 
Қуаныштан күлімдеп,  
«
Қуанышым-күнім!» - деп,  
Тебіреніп  атаң тұр:  
«
Теңін тапты ұлым!» -деп... 
......... 
аташың,  
Берсін  саған  батасың,  
Аташыңа бір  сəлем.  
 

Оған  тең жоқ балама,  
Саған  қамқор жан ана,  
Сəлем қылғын  иіліп,  
Қайын енең - анаңа!  
 
Бақ тұрмысты сайлаған,  
Бақытыңды тойлаған,  
Қамқоршы да, қайырымды,  
Қадір  білер қайынағаң:  
Қайынағаңа бір  сəлем!  
 
Жақын  силап демесең,  
Жақсы досың жеңешең.  
Сезінеді анаңдай,  
Езіліеді емешең:  
Жеңешеңе бір  сəлем!  
 
Əпке  деген  анадай,  
Ақыл  айтар данадай:  
Елпеңдейді қуанып,  
Еркелесең баладай,  
Əпкешіңе бір  сəлем!  
 
Бір тірегің қайының,  
Ол барда жоқ уайымың.  
Жолдасың мен қайныңда  
Болмасын бір  айырым,  
Қайыныңа бір  сəлем!  
 
Ақ  тілекті нағашы,  
Артық  оның бағасы.  
Өрендердің ағасы –  
Өміріңнің  сағасы,  
Нағашыға бір  сəлем!  
 
Тату-тəтті бөлені  
Той шаттыққа бөледі.  
Жақсылыққа ортақ боп  
Жайраң қағып  келеді.  
Бөле ағаңа бір  сəлем!  
 

Қамқорлықты көздеген  
Қайырым көп жездеден, 
Арнап  сыйлық  əкеп тұр  
Ардақтырақ өзгеден,  
Жездекеңе бір  сəлем!  
 
Айналайын  жас айым,   
Ақ пердеңді ашайын!  
Ыждағатты халқымның, 
Ырымдарын  жасайын.      
   
Періште боп  жолдасың  
Қыдыр  бабаң қолдасын!  
Биссимилла! Күн-жарық 
Өміріңді оңдасын!  
 
Жат жұрттықты мойында:  
Оң-тілегің ойыңда.  
Оң жаққа шық жұптасып,  
Оңды болсын тойың да!  
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал