Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

4. 
Тергеу  
 
Батылдарды «талқан қылар»,    
«
Қалқандылар»  бас салды...  
Батырларды қорлап, жерлеу,  
Зорлап, «тергеу»  басталды.  
 
Қырт күпір  ез  жармасуда,  
«
Алмасына» Лəзаттың,  
Түкірді  қыз дір  етті де,  
Сұр  бетіне кəззаптың.  
 

Қазағымның  аруларын,  
Қаруларың  жасқамас!  
Мазағыңның қорлығына,  
Зорлығыңа пəс  болмас.  
 
Қызба күшпен Ербол  батыр,  

Ер,  ол батыл,  оқтай боп:  
Қыздар үшін  жанын қимақ,  
Жалын жинап, шоқтай боп.  
 

Аялаймыз  ару қызды,  
Арымызды сатпаймыз!  
Аямаймыз жанымызды,  
Арымызды сақтаймыз!  
 

Ер емеспін ұрдымға бар,  
Қырғын  салар  қызбалы.  
Ерегестің  азын  бақтық,  
Ажыраттық  қыздарды...  
 

Өмір жолы - күрес мəңгі,  
Күрес əлі бітпейді!  
Өмір  оны бала шақтан,  
Болашаққа жүктейді.  
 
Қақтығыста күшті ел тұрды:  

Кісі өлтірдің, Қайрат, қың!  
Қақтығыспа айт шыныңды!  
Айтшы, кімді «жайраттың?!»  
 
-  
Адам – атым, затым - қазақ,  
Етпе мазақ  арымды!  
Адам атын  жерлеп, міндер,  
Жендетсіндер қарулы!  
 

Елдігіміз – қасиетті, -  
Қасіретті халқымыз.  
Ерлігіміз ақталады,  
Сақталады салтымыз! 
  
Қасиетті тілімізді,  
Ділімізді сақтаймыз!  
Қасіретті ел  анамызды –  
Панамызды сатпаймыз.  
 

Бірлік – күшті, достар – мықты  
Бостандықты жасамақ.  

Бірлік күші жеңілмейді: 
Берілмейді жас қазақ!...  
 
Жала тапты сот та бұрып,  
«
Топқа» бұрып «бүйірі»:  
Жала жапты: «Тек жатуға»! –  
Деп,  атуға бұйырды.  
 
Отқа түсіп,  бастай білген,  
Жас жалынмен бір  жандық.  
Оққа ұшып, ол  елі үшін,  
Болды елі үшін құрбандық.  
 
5. 
ТҮЙІН  
 
Ей жас қазақ, батыр, кекті,  
Батыл, текті халқың бар!  
Елге ғажап  парызың көп,  
Қарыз, міндет,  антың бар.  
 
Сен жас қанат  қайраттанғын,  
Қайраттардың қаны үшін. 
Сен  аспандат азат үнін –  
Қазағымның  намысын.  
 
Жарқын  ерсің аман  сақта,  
Адал  сақта ер ісін.  
Халық  көрсін өр  білімнің,  
Ерлігіңнің жеңісін. 
 
Бейбіт-достық – салтымыз да – 
Халқымыз да егемен: 
Сал ел үшін өзегіңді, 
Өз еліңді егелен.  
 
Ерсің  істі, білім қуған,  
Күнің  туған, Жас алаш!  
Елің  түсті бақ жолына,  
Ақ жолыңа бас, Алаш! 
 
 

ЖИЫРМА СЕГІЗ  БАТЫР  
 
Жырлаймын  алыптар  ерлігін,  
Елінің  сақтаған  елдігін.  
Сол  ерлер  тірегі жеңістің 
Жеңісін  тойласа ел бүгін.  
 
Алапат жер мен  көк шайқасты,  
Айқасты бұлттар, жай шашты.  
Жылжыды қанжоса өңірмен,  
Өмір мен өлімнің  айқасы.  
 
Қанды түн күн көзін торлады,  
Соғыстан  адамзат сорлады, -  
Қайғыда қалмайды халықтар:  
Алыптар – Отанның қорғаны.  
 
Өлімді өмір – күш  жеңеді!  
Жеңеді, оған  ел  сенеді. 
Адамзат, тұғырдан құлама! 
Күн  ана мəңгі нұр береді.  
 
Сөнбейді! Кн  ана өрімде!  
Жерімде сəулесі төрімде. 
Сол  күнді жанқия қорғаған.  
Бас ием  Отанның  еріне!. 
 
Киелі орыстың  орманы,  
Иеңді ұмытпа қорғауды.  
Ажарың тотығып, торықтың: 
Ажалдың құрсауы  торлады.  
 
Аялдап, жау құрған шептерді,  
Баяндап, барлаушы чест берді. 
Саяси  жетекші Клочков  
Қорғаныс қамалын  тексерді.  
 
Шетінен өжет, ел көркі де,  
Бекінген батырлық сертіне,  
Оралған қамал қып тас жолды,  
Орнаған  тастай нық ер  кілең.  

 
Ер  ойлар  елі мен қимасын,  
Васяны толғантты сыйласым:  
Ойлады тағдырын  ерлердің,  
Ойлады қызы мен Нинасын.  
 
«
Ойсырау... селолар  жануда,  
Ойпыр-ау, Москва маңы ма?!»... 
Намыстан бір  жалын  ду етті 
Советтік солдаттың  қанында.  
 
Қорғанбыз Отандай анаға!  
Қорғанбыз кəрі, жас, балаға! –  
Деп ойын жалғаған командир  
Көз тікті қаптаған қараға.  
 
Əнекей есерлік,  тасырлық:  
Əңгі өңкей фрицтер басынып,  
Сақ күзет,  қамалдан  жасқанбай,  
Сап түзеп  келеді басып нық.  
 
Кесірлі,  жауларды қарашы,  
Есірді көбейіп  қарасы, 
Жақындап келеді, жендеттер,  
Жақын-ақ жау мен шеп арасы.  
 

Озбыр жау қорлады, басынды! –  
Деп, сонда Нарсұтбай  ашынды.  
Гриша: - Сабыр  ет,  кейін ат,  
Əзірше, қой, - деді, - ашуды.  
 
Сұстанып сұрланып – көп төбет,  
Өштеніп кеп қалды бетпе-бет.  

Атыңдар! – деп  еді Клочков,  
Батырлар оқ атты төпелеп.  
 
Шүйлікті жау қайта өшігіп,  
Ширықты  қатесін  кеш ұғып.  
Дүрілдеп жиырма танк қаптады,  
Гүрілдеп əлемді көшіріп.  
 

Оқ атты бұрқатып, қарша жау,  
Боратты,  мақсаты – паршалау.  
Тұрса кім мұндайда  ерлікте,  
Ұрпақтың  ол - жүгін  арқалау.  
 
Клочков – командир сақ тұрды: 
Құлаштап гранат лақтырды. 
Танкісі фашистің лапылдап,  
Өртеніп,  кесір жау бақырды.  
 
Команда беріп тұр алып ер:  

Əманда жау күшін танып, көр!  
Үлгірген жеңеді! Соғыңдар!  
Бір-бірден  келеді танктер!  
 
Конкин мен Белашов  ақырғы  
ПТРмен үш танк жапырды.  
Тақалып қалған бір танкке  
Натаров оқ болып атылды.  
 
Жарадар Дутовты арқалап,  
Келді де Мұсабек қалқалап.  
Екеуі шабуыл жасады: 
Сұлады талай жау қанталап.  
 
Шопақов гранат тізіп ап,  
Тұрса да ажал – оқ  ызылдап,  
Баспалап барды да, лап қойды,  
Өртенді алып танк быжылдап.  
 
Алыптар жауына шүйілді:  
Қираған танктер үйілді. 
Үрейлі  қалған жау тез зытты  
Үлгермей өлігін жиюды.  
 
Тағыға бұғалық  салынды.  
Тағы да сəл  тыныс  алынды.  
Тұрған жоқ Клочков мəз болып,  
Құрбандық көп болып, тарынды.  
 
Қайтарды батырлар  есесін, -  

Сəт  емес жеңдім деп бөсетін: 
Тірес бар алапат тағы да,  
Күрес бар тағдырды шешетін.  
 
Мұндайда ер саспас уайым қып,  
Мұндайда керек ой, пайымдық: 
Қарулас достарда тыным жоқ,  
Қарбалас, тым тығыз дайындық.  
 
Шын мықты жау өзін танытты:  
Шұбыртты отыздай танкті:  

Жігіттер, өте алмас тылға жау!  
Командир сүйді əр  алыпты.  
 
Қарағай, шыршаны сындырып,  
Қарғадай танктер  мыңғырып. 
Қаптады,  таптамақ қамалды 
Қаптады сұм  ажал шыңғырып.  
 

Жол жоқ – деп, шегініп қашуға,  
Василийй  булықты  ашуға, -  
Тартынба! Ел байтақ  болғанмен,  
Москва таяу тұр  қасыңда!  
 
Танктер  таптамақ, турамақ:  
Оқ атсаң, дəлдеп соқ туралап,  
Қиратып «танктің» екеуін, 
Нарсұтбай қуанды уралап. 
 
Қолынан болса да жаралы, 
Қосаев еңбектеп барады: 
Жақындап, бір танк қиратып, 
Жадырап, ашуы тарады. 
 
 
Мінезді Қосаев Əлікбай, 
Бір өзі он батыр алыптай. 
- «
Сыбаға» дайын тұр фашистке,- 
Қоймаймын əкесін танытпай! 
 
Озбыр жау жердегі, көктегі 

Осынау қамалдан өтпеді. 
Ерліктен көрінді соғыста 
Бірлікпен достықтың өктемі. 
 
Батырлар өртеді, түйреді: 
Темір де талқан боп күйреді. 
Елінің құрбаны болды да, 
Ерлердің қатары сиреді. 
 
Мінекей женісің, адамдар! 
Мінекей сертіне адалдар! 
Дүрліккен жаулардан қорғайтын 
Бірлік пен достықтай қамал бар. 
 
Өлікке толыпты, қырат-қыр, 
Аспаннан қан түнек құлап тұр. 
Қаралы окопта Клочков... 
Жаралы Шадрин жылап тұр. 
 
Жылама, Шадрин, досым-ау! 
Ерлікке теңдес жоқ осынау. 
Тарықпа, тынықсын батырлар, 
Қамықпа, келмейді тосын жау. 
 
Василий, көтерші басынды! 
Тарашы бұп-бұйра шашыңды. 
Жеңдіңдер! Жау мəңгі шегінді, 
Жер түлер күн көзі ашылды. 
 
Қайыспас қазағым- ерлерім, 
Жауыңа намысты бермедің. 
Саурықтан кем емес ерлігің, 
Даурыққан фашисті жерледің. 
 
 
Манастың өрені- қырғызым 
Соғыста өктемді жүргіздің: 
Сөзіңде тұрдың да, ерлікпен 
Өзіңе ескерткіш тұрғыздың. 
 
Тарас пен Пушкиннің ұрпағы, 

Алдына ерлердің тұр кəні! 
Ерлерді жеңіске бастай бер, 
Жауларын бір жола құртады. 
 
Атқарған достықты, ұрыстан, 
Аттанған алыптар шығыстан! 
Жеңістің гүлбағын көріңдер, 
Жетілді туған жер- Гүлстан. 
 
Батыл өр ұраны жаңғырып, 
Батыр ер сапта тұр сəн құрып. 
Жанары сөнбейді ешқашан, 
Жанады шырақ боп мəңгілік! 
 
Мереке, батырлар паркінде, 
Кездесіп ерлермен  əманда, 
Тым ыстық сезіммен ғаламға, 
Тыныштық тілейміз заманға! 
 
 
АНАЖҮРЕК 
 
Ана-жүрек, 
Жүректі құдірет де. 
Ана-тірек, 
Тіректі құрметте. 
Ана-күнің, 
Күніңе табынып өт. 
Ана-шыңың, 
Күніге сағынып жет. 
Сыйламасаң, 
Ананы қорлағаның. 
Ойламасаң, 
Пананы, сорлағаның, 
Маған уақыт, 
Бақ берген кім бар бөтен. 
Ана-бақыт, 
Бақытты жырлап өтем. 
 
 
 

     1. 
АНА МАХАББАТЫ  
 
 
Бар ғаламым алып күннен нəр алған, 
Аналардың ақ сүтінен жаралған. 
Мінезіммен көрсетсем де қиқарлық, 
Мен өзіңнен гүл боп өстім, анажан! 
 
Алаң едің, ерте айырылып қосағың, 
Балам менің маздатсын деп ошағын. 
Бір тыңбдың: еңбек еттің елім деп, 
Сыр тыңдадым жүрек тербеп хош əнің. 
 
Сезгем сенен мейіріңнің ыстығын, 
Өз көсегем-сол ғой менің ұшқыным! 
Айтшы маған: бауыр, бала, жар, ел бар... 
Билеп алған жүрегіңді күшті кім? 
 
        
АНАМНЫҢ СЫРЫ
 
Жаным балам, махаббатсыз жан болмас, 
Жалындаған сол сезімге ар жолдас. 
Ұшқындаған отты сезім, кең ойсыз, 
Тұшынбаған өміріңде мəн болмас. 
 
Қатал заман өтті менің басымнан, 
Ата-анамнан айырылғамын жасымнан. 
Жалғыз бауыр (жас балдырған) зарласа, 
Жаныма ауыр жара батып жасығам. 
 
Нені көрдім сор ғұрыпқа шатылып, 
Келіп едім өз əкеңе сатылып. 
Жүдегенім: сүйгенімді таппадым, 
Жүрер едім өмір балын сапырып. 
 
Кешір, балам, сөзім емес басыңған, 
Кесірді анаң жат көреді жасынан. 
«
Мен-сіздікпін » десем де мен əкеңе, 
Теңсіздіктің зорлығына ашынғам. 
 
Уайымды жүрген кезде сарқа алмай, 
Құдайымды шын таныдым қаңтарда. 

Жалындаттың дүниеге келдің де, 
Жалын таптым, ұлым, сенің арқанда. 
 
Ысып кетті қызыл аяз қыс түні, 
Ұшып жетті бақыт деген құс үні,  
Қолда күнім, Алатауды жаңғыртты, 
Сонда білдім махаббаттай күштіні. 
 
Жаңа көрдім бақытымды шырылдап, 
Жана бердім тұла бойым щымырлап. 
Ақ маңдайы, жарқыраған ұл туып, 
Алғандаймын бұл əлемнен күн ұрлап. 
 
Алатауың аялады гүлім деп, 
Ана қауым аймалады ұлым деп. 
Иелендім қызығына ғұмырдың, 
Сүйе бердім балбөлекті күлімдеп. 
 
Ер өседі туған елі қолдаса, 
Келешегі жақсылыққа жолдаса. 
Еркелеттім, өр өстің, тек əкеңнен, 
Ерте жетім қалғандығың болмаса. 
 
 
        
АНАМА САУАЛ 
 
Əкем менің ерте кетті дүниеден, 
Тəтелбегің тартты сонда күйбелең. 
Безген жоқсың: көрдім ауыр азаңды, 
Сезген жоқпын мінезіңді сүймеген. 
 
Жастық өтті уақытты оздырып, 
Жалын өртті махаббатын қоздырып. 
Үйірмедің мейіріңмен қалайша, 
Үйір еді кішіпейіл боз жігіт. 
 
Көрмеу үшін жесірліктің  азабын,  
Жерлеу үшін  кейбір  елдің мазағын, 
Керім ердің сүйген жары болуға, 
Берілмедің, бұл не деген ғажабың? 
АНАМНЫҢ ЖАУАБЫ 

 
Шын махаббат оттан ыстық сеземін, 
Шыңға балап сүйер əркім өз елін. 
Əрбір пенде жаннан қымбат көреді, 
Бəрінен де бала деген өзегін. 
 
Жігіт мені өз отына  сендірді,  
Үміттенді ойда бірақ  сен жүрдің. 
Мархабатты,  ізгі жанға дақ  салмай,  
Махаббатты  ақылыма жеңдірдім.  
 
Ойламайды асыл  ана бас қамын,  
Ойнамайды махаббатпен басқа мұң.  
Сорлы жаным қиналса да, сені мен,  
Қор қылмадым  есігіне басқаның.  
 
Киім  бүтін, тамағы тоқ жүрсін деп,  
Қиындықтың бəрін жеңдім бір  сен деп.  
Бақ қонар ма тер  сорғытқан  тірліксіз,  
Ақ  боранда  қой қайтардым  бүрсеңдеп.  
 
Тұтқасына  не болдым соқаның; 
Жұрт қасымда, еңбегімнен от алдым.  
Елім  сыйлап тапсырған соң сеніммен,  
Егін  жинап,  жер қыртысын қопардым.  
 
Алаңсыз ем,  медеу болдың  сонда сен,  
Баласыз мен бақ  иесі болмас  ем.  
Балам, күндей  ыстық  көрем өзіңді,  
Анаң өткен қиын қыстау  жолға сен.  
 
    
АНАШЫМ - АРДАҒЫМ  
 
Ақ  сүтіңнен айналайын,  анашым,  
Бақытым-сен,   
                        
жанашырым,  
                                                
панамсың!  
Түн  ұйқыңды талай бұзған  тентекпін,  
Бір  ұйқыңды он  жыл өтей алмаспын.  
 
Саған  арнап жазылады,  күй, əнім,  

Саған  арнап бар  асылды жиямын! 
Келбетіңе,  көңіліңе дақ  салсам,  
Жер  бетіне мен  қалайша сиямын!  
 
Жекжат-ұлық,  дос құдірет  саған  да,  
Тек жақсылық – ойлайтының  адамға.  
Ұқсадың сен шуақты күн  көзіне,  
Құшағың кең,  мейірің – құт  əманда.  
 
Аналардың  бақытына ортақсың,  
Адал жанның жүрегіне жол таптың.  
Ер қуарса,  қасіретің  көбейді,  
Ел  қуанса,  бақытыңды мол  таптың.  
 
Келін  балаң  сен  арқылы танылды,  
Менің балам баурап  алды  жаныңды.  
Сүйікті еттің мейіріңмен  мені деп. 
Биіктеттің адамдық пен  арымды. 
 
    2. 
АНАМНЫҢ  КӨЗ  ЖАСЫ  
  
Балдырған  балбыраған  балғын  кезім,  
Бақытым – бал  балалық,  алғыр  сезім.  
Аштық,  дерт  опатынан қорғаландым,  
Анамның құшағында  жалғыз  едім.  
 
Анашым  мені күтіп  не көрмеді? 
Бала үшін  өлімге де көнер еді.  
Ананың мейірімі сақтап  қалды,  
Алауым жанбай  жатып  сөнер  едім.  
 
Дерт қысып  жаттым, денем балбыраған,  
Дем ысып,  алма бетім  албыраған.  
Жабығып апам байғұс күйіп жанып,  
Жалынып Құдайына жалдыраған.  
 
Отауда қыстың  түні ұзақ  əлі,  
Ортада тезек шоғы қызарады.  
Телмірген  жалғыз шырақ  анам мені,  
Өлімнен  кірпік қақапай қызғанады.  
 

Тіл, дем жоқ талықсыдым... талып қалдым,  
Білгем жоқ не болғанын анық бəрін.  
Дертіме  денем күйіп жатқанымда,  
Бетіме ана жасы  тамып  қалды.  
 
Көз жасы! Тұла бойым  шымыр  етті,  
Көз  аштым: күнім – анам күбір  етті.  
Ғаламның ғажабынан артық  сездім,  
Анамның  көз  жасындай құдіретті.  
 
Көзімді қарап  едім зордан ашып,  
Төзімді  анам отыр зардан жасып.  
Ол қысты құшағына қымтай түсіп,  
Жалғызы кететіндей қолдан ұшып. 
 
Жадырап көз алдымда күнім менің, 
Қалжырап жатсам да əзер,-күлімдедім. 
Үзілген үміт қайта жалғансын деп, 
Жүзімнен ренішім білінбеді. 
 
Өзімді бір қатерде сынатпақпын, 
Төзімді ауыздықтап, шыдап бақтым. 
Баласын сұм ажалдан ажыратқан 
Анасын-Алатауын құлатпақ кім?! 
 
Сол кезден ана жасын құдірет деймін, 
Мол сезім қасиетін құрметтеймін. 
Бір тынбай қызмет еттім анашыма  
Шіркін-ай, қадіріне бір жетпедім! 
 
Аяныш сездім сонда оянғанын, 
Аяғыш анашымнан ой алғамын. 
Ананың ақ сүтіндей көңілім таза, 
Адамның қызметіне даяр жанмын. 
 
 
     3. 
АНАНЫҢ АРАШАСЫ 
 
Ақ сүт берген жарық күнім, анажан, 
Ақ ниетті, жарықтығым, балажан! 
Жан жүрегін аямаған баладан, 

Жаз гүліндей аялаған, жан анам! 
 
Ұланыңның сен асырдың мерейін, 
Соны жырлап, сөз асылын терейін. 
Аналықтың мəңгі медет бір сəтін, 
Мен өзіңе əңгімелеп берейін: 
 
Мен əкемнің отарында туғанмын, 
Жұмыртқадай отауында тұрғанмын. 
Шаттанғансың қызық қуған өренге, 
Бал балалық, қызық-думан құрғанмын. 
 
Тəлім бердің қиындықтан жасқамай, 
Мақтан еттің дүйім жұрттан асқандай. 
Шертіп сырын, өміріңнің күйлерін, 
Ертіп жүрдің өз қасыңнан  тастамай.. 
 
Арылғанда қызарудан ала таң, 
Алып шықты бізді ауылдан нар атан. 
Тау жаңғыртып балдырлаған мен едім , 
Алдындағы балбыраған балақан. 
 
Күнім шашқан қызуы мен арайын, 
Күнгейіме қызығумен қараймын. 
Кербез таудың сан əнімен шаттанып, 
Кекілімді самалымен тараймын. 
 
Жұпар есіп таңғы самал соғады-ай, 
Өзіңмен бір əнді салғам «Қоғажай»  
Жайнаң қағып нұрың шашқан қара көз, 
Жап-жас едің бүрін ашқан қоғадай. 
 
Сен туыпсың өнер, білім, жыр үшін, 
Өз шəкіртің өреніңнің жырысың. 
Өрнек маған жаттатқаның айтайын, 
Сен үйреткен тақпақтардың бірісің. 
 
Қазақ-біздің атамыз, 
Саясына жатамыз!   
Қарсы келген жауларды, 
Қақ жүректен атамыз. 

 
«
Рас, жаным, қазақ-атаң, күнің!»-деп, 
«
Нəн қазақ бол-менің батам, ұлым»-деп. 
Сүйдің мені, жасап қалдың жадырап, 
Мақтанышпен масаттандым күлімдеп. 
 
Тамылжыды балғын жарық дүнием: 
«
Қызуыма болғын қарық, шын ием!» 
Күміс бұлақ сылдырынан күй естіп, 
Тоғай сырын сыбдырынан түйінгем. 
 
Бақ екен ғой шеру тарқан тыныштық, 
Балқан шыңдар-шөгіп жатқан ырыс- құт. 
Көк тоғайдан көзімді алмай қараймын, 
Ана, сенің өз мұраңдай тым ыстық. 
Күннің нұры жерді тегіс жапқанда, 
Келдік гүлді, кең көгеріс шатқалға. 
Бүлдіргенді жұлмай, үзіп тердім мен, 
Жас балаға мұнан қызық шақ бар ма?! 
 
Бала бар ма қызық сайын қанатын, 
Көбелектің қызықтаймын қанатын. 
Таудың көркін, шың əсемін бағдарлап, 
Тамаша сыр, мың əсерін аласың. 
 
Өзімше бір сайран қылып жер үстін, 
Отыныңды  ойнап жүріп терістім. 
Саған таңдап қызыл гүлді сыйладым, 
Күн күлімдеп, қызығымды бөлістің. 
 
Төбемізде қалықтады мұзбалақ, 
Айналасын анықтады жүз қарап. 
Кетер еді қиясына шарықтап, 
Қарайлап жүр ұясына құз-қабақ. 
 
Бүркіт нені шақырады,-«шаңқ» етті, 
Жаңғырып тау атырабы, əн кетті. 
Бүркіт үні тау ішінде қалқып жүр, 
Мен де қосып дауысымды əндеттім. 
 
Қитығына тиіп едім саңқылдап, 

Қыран көкке биіктеді шаңқылдап. 
Қайдан білсін мұзбалақтың мінезін, 
Баламінез қызба,мақтан,аңқылдақ. 
 
Мұзбалақпен бара-бар-ды дауысым, 
Шаңқ-шұңқ етіп, аралады тау ішін. 
Өршіл əнін өлтіріппін қайталап, 
Қыран құстың келтіріппін намысын. 
 
Тау жаңғырып, самалмен ну,желпінді, 
Тау құсында жанарым мен еркім де. 
Құс көзіне қызыл түсті,қылп етті, 
Бұлғап едім қызыл тысты бөркімді. 
 
Қызыл түсті,жем деді ме, білмеймін, 
Қызғаныштың жеңгені ме,білмеймін! 
Албастыдай алабұртып қыран көз, 
Төнді маған қара бүркіт түндейін. 
 
Ашындырып кек қор қылған, сор қамап, 
Құс түйілді көк торғыннан сорғалап,  
Сегіз найза маған төнді бір сəтте, 
Айқасуға анам келді, қорғамақ. 
 
Амал таппай тұрып қаппын аңқиып,  
Қорғап анам шыр-шыр қақтың жан қиып. 
Алдың мені бұрын жетіп бауырыңа, 
Тайқып кетті қайқаң етіп ақ иық. 
 
Ойыны ма жануар құстың, шыны ма? 
Қонды барып заңғар сұсты шыңына. 
«
Жар бола гөр, жасағаным,» дедің сен, 
Тау үн қосты жас ананың мұңына. 
 
«
Бір қатерден аман қалдың, біл, ұлым, 
Мен құрбандық! Садағаңмың, құлыным!» 
Дедің сонда шыр-шыр етіп, бəйек боп, 
Мейіріңнің мерейлісін ұғындым. 
 
Ана жанын мол ұқтырды қас қағым, 
Жүрегімде соғып тұрды жас қаным. 

Сүйегімде шымырлады пəк сүтің, 
«
Ана-күн!» деп сыбырлады аспаным. 
 
Саған беріп өтем менде қол ұшын, 
Өмір бақи өтелеме борышым?! 
Əз анаға құрметіңді ел білсін, 
Жырға қостым келбетіңді сол үшін. 
  
 
  4.
АНАНЫҢ  БАҚЫТЫ 
 
Өртенген елдің дарқан даласы да, 
Дерттенген сəулет-сəнді қаласы да, 
Жыр етіп сойқан соғыс азаптарын 
Сыр етіп отыр ана баласына: 
АНА
 
Жалғызым, сенсің медеу, тірегім де, 
Жанғыздың өмір отын жүрегімде. 
Өсірдім үмітімнің шамы болдың, 
Жесірлік азабымда жүр едім мен. 
 
Ғалам да алапат боп өрті қатты, 
Саған да қанды соғыс дерті батты. 
 
Сайланған сарбаз едің, аттандырдым,- 
Майданға алып кеттің өзегімді. 
 
«
Мақтандыр төзіміңмен, панам менің, 
Аттандыр жыламастан, анам»-дедің 

Болмайық уайымшыл, аттан ұлым! 
...
Қол  жайып, бата беріп қала бердім. 
 
МЕН
 
Анашым, соғыс салды қияпатқа, 
Баласын қандай ана қияр отқа?! 
Қасқиып қоштасқанмен сабыр тұтып, 
Жас тиып тұра алмадың қияр шақта. 
 
Жанарға жас толтырса əкпелерім, 
«
Жаманға жорыма»-деп өкпеледің. 

Бір адым қалмай жүрген қарындасқа, 
«
Шырағым, жасың-қуат, төкпе!» дедің.  
 
«
Жеңіс бар! Соғыс бітер құламасақ, 
Өріс тар басымызды құрамасақ; 
Ер еді халқын сүйіп, қадірлеген, 
Келеді аман-есен жыламасақ!» 
 
Бағынып бəрі сені тыңдап тұрды, 
(
Сағынып, кейін ұқтым қымбат сырды) 
Алысқан жауын жеңсін деген тағдыр, 
Алысқа туған жерден лақтырды. 
 
Көп қой із өмірінде шын  ананың ,  
Көк поезд жылжығанда  шыдамадың.  
Төзімді  күйретті де жас іркілді...  
Көзімді мен  де еріксіз  шылап  алдым.  
 
АНА:  
 
Тұрдым ғой сонда зордан тірі қалып,  
Құрдым ой, жүрегімді жұлып  алып.  
Кеткендей жаным қоса сенімен бір,  
Өткендей қасіреттің уы дарып.  
 
Дегендей қасірет – ұу дарымасын,  
Көгендей  көзін  сүртті қарындасың.  
«
Апатай көрінеді қанды жасың,  
Апатай,  жалғыз  ұлың  налымасын!»  
 
Өкінді сор қайғыға  шыдамаған, -  
Бекіндім, бауырыңнан  сұра балам! 
«
Жаманат – ойбай салу, - деді біреу, -  
Саламат  кездеседі жыламаған!».  
 
Осындай сөз де маған  қымбатты сыр,  
Досымдай кез  боп  сарбаз  сымбатты бір.  
Иыққа мінгізгендей бүкіл  елін,  
Миықтан  күліп  қана тіл қатып  тұр.  
 
«
Ер  ана, сақтай біл  тек сабырыңды,  

Ел – пана сөндірмейді  жалыныңды.  
Жасыма болашаққа сенген  əйел,  
Жасына жек көреді жалынуды!  
 
 
Əманда  мызғымайды  салған  көшең,  
Балаң да келер  əлі аман-есен.  
Жеңісін  көрер  көзің Ұлы Отанның,  
Жемісің  алдыңда,  көп  алар  есең».  
 
Жаралы сарбаз сөзі жігер  беріп,  
Қарадым  келешекке  күдерленіп.  
Талғам  жоқ  сағыныштың  уытына,  
Қалғам  жоқ  қапас оймен  шідерленіп....  
 
Жер - əлем  көрінбейді  мұз  қарынан,  
Мен  əрең жолға шықтым сыз  қарыған.  
Өзегім  күйіп-жанып,  аяз  барын,  
Сезбедім  желтоқсанның  ызғарынан. 
 
Ел  ерін  аттандырып – дүйім қолды,  
Келемін қайыстырып  қиыр  жолды.  
Ауырлап  өгіз шана сықырлайды,  
Ауылға жету маған  қиын  болды.  
 
Əманда сендіргем жоқ үміт  шамын,  
Маған да сəуле шашты ұлы таңым.  
Төзімді жолдас етіп,  тірлік істеп,  
Өзіңді ешқашанда ұмытпадым.  
 
 
АНАНЫҢ ХАТЫ  
 
Көз  алмай суретіңнен  күлімдеген,  
Төзе алмай,  сағынышқа,  күніге мен.  
Сыр  шертіп нұр  бейнеңе, ойға батып,  
Дір  етіп  көрген  сайын  күбірлегем.  
 
Жүресің  көз  алдымда қару ұстап,  
Кіресің қан  майданға  арың нұсқап.  
Орнайды сонда маған үлкен  зəуіл:  

Қорғаймын жаудан  сені барымды сап.  
 
Тауымнан  кейде биік аспандайсың,  
Жауыңнан  селк етіп  те жасқанбайсың.  
Тез  екпін  елестесе,  зəрем  қалмас,  
Өзектің қылын  өзің басқандайсың.  
 
Сен  кенет айқасқанда қанішермен,  
Ентелеп жетіп  барам  алыс  жерден.  
Жалынды қуат  беріп  тұрам  саған,  
Жанымды аямаймын  арыс  ерден.  
 
Шөлдесең сусыныңды тасып берем,  
Кел десең, қалай жолды қашық көрем?!  
Пайдамды көрсеттім бе, аяны сол –  
Майданды  сенімен бір  басып  келем.  
 
Ұғынсаң қайда да мен қасыңдамын,  
Жығылсаң,  аяушыңмын,  басыңдамын.  
Жырымды, əнімді де сен  деп  айттым,  
Сырымды қайтіп  елден  жасырамын?!  
 
Баста –мұң,  ұйқысыз түн,  күлкісіз  күн, -  
Жастардың  қайрат  берген  үлгісімін.  
Ер  десек, Отан  десек тыншымаймыз,  
Сауыншы білмес істің күндіз түнін.  
 
Дауылда мені қорғап  пана болып,  
Жауында  ана жанын  дара қорып,  
Берген жоқ өз  басына бір  сəт  тыным,  
Көрген жоқ қарындасың бала болып.  
 
Жүреді үлкен жолда көзін алмай,  
Жүрегі лүпілдейді,  сезім  қандай? 
Жұбандық  келген  сайын үшкүл хатың,  
Қуандық шашу шашып  өзің бардай.  
 
АНАҒА ЖАУАП ХАТ 
 
Анажан  сарғайтпасын  сағынышың,  
Аттанғам  елім  үшін,  бағым үшін.  

Бай далам,  сəнді қалам  қорғалады,  
Сайланған  миллион қол – қару күшім!  
 
Ер  ісім: күрестерде құламадым, 
Ер  үшін  жауларымнан құн  аламын.  
Көп өттік  апаттардан  даңқын  сақтап,  
Көркейген Отан  деген ұлы  ананың.  
 
Қорғадық бостандық  пен туыстықты,  
Қорғадық бақыт, дəулет,  ырыс-құтты. 
Зор бақыт  əкелеміз  адамзатқа,  
Орнатып  жер  шарына тыныштықты...  
 
 
 
АНА:  
 
Əкенің  көзі болған  қарағым-ай,  
Əкелдің мол  қуаныш маған  ұдай. 
Кемесін  өміріңнің түзу айдап, 
Келерсің  ана көңілін  нала қылмай.  
 
Жақсы үміт хабар  күтіп жүргенімде, 
Жақсылық лүпіл  салып жүрегіме.  
Сыймайтын  өз  кеудеме бақыт  көрдім,  
Қимайтын дұшпаныма бір  көруге.  
 
«
Алақай»! -  деді біреу аттан  ауып,  
Балақай құйғытып жүр  мақтан тауып,  
Жер шарын  кернеп кетті сол қуаныш,  
Өр сарын  күй шалқыды; шаттан,  сауық!  
 
Қос қанат маған бітіп ұша бердім!  
Дос қонақ,  жұраттарды құша бердім.  
Көп  барда – той – тамаша сауық  та бар,  
Көкпарға бəсірелі туша бердім.  
 
Орнады бақыт менің  төрімде де,  
Орманды далама да, өріме де! 
Ел тұрған  қошеметтеп бұл  анаңды,   
Ер  тұлғаң үлкен жолдан көрінгенде.  

 
Тойларым  содан  бері ағындады,  
Ойларым  орындалып,  бағым  жанды.  
Алғамын  не тілесем бұл  өмірден,  
Арманның  көрдім маған бағынғанын.  
 
Асыға бас құра деп  жалынғанмын,  
Басыңа бас қосқанда жалындадым.  
Шарқ  ұрған  көңіл шіркін көкке жетті,  
Шалқыған  қуаныштан жарылмадым.  
 
Бұл анаң сенен  артық не көреді?!  
Бір  арман – болашағым, өрен  еді.  
Өлмеуге мəңгі бақи сенім  арттым,  
Көргенде  тұңғыш  туған немерені.  
МЕН
 
Ерлердің  бірлік  сапын  құрған  мығым,  
Елдердің аз  болды ма құрбандығы?! 
Қостық үн! Одақтасқан ұлы елдердің  
Достығы жеңіп,  Жерді нұрландырды.  
 
Жеңісте үлесі мол  аналардың,  
Кеңісте онсыз ер  боп саналар  кім? 
Жақыны, жанашыры өзің, ана,  
Ақынның, батырлардың, даналардың.  
 
Əженің ұрпағы жүр күліп-ойнап:  
Əлемнің  бейбітшілік күнін  ойлап,  
Балажан мейіріміңмен жұртты баурап,  
Анажан, мың жасаңыз күндей жайнап!  
 
АНА:  
 
Өлімге бақытты жан  асыға ма? 
Өмір  де өз қалпынан асыра ма?  
Сыз көрмей, соғыс көрмей жасай берсін,  
Біздердей арманы жоқ асыл  ана!  
 
Арманға жеткізер іс, уақыт қана,  
Əр  жанға Отанымыз – бақыт,  пана:  

Қуана немересін сүйіп отыр,  
Ұлы ана – құрметті,бақытты ана.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М А З М Ұ Н Ы 
 
Лирика...........................................................................  3 – 202 
Арнаулар......................................................................203 – 236 
Балладалар.................................................................. 236 – 272 
Толғаулар .................................................................. 273-    290 
Поэмалар .....................................................................  290- 314 

 
 
 
                                     
Əдібай Табылды 
                               
                              
Поэзиялық таңдамалар                           .
 
   
 

Каталог: medialibrary -> files
files -> Əдібай Табылды
files -> Досжан туралы Алғысөз
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет