Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
ҚОРҚЫТ  АТА  МЕН  АЖАЛ 
 
Дана кім?Дарынды кім? Талғасын ба? 
Ғаламда өмір-өлім жалғасуда: 
Қорқытқа қайда барса көр дайындап, 

Қорқытып ажал жүрді дəл қасында. 
 
«
Өлмейтін жол тапса адам өлмеуі – шын!» 
Деп, Қорқыт амал іздеп өлмеу үшін, 
Өлмес сөз,өшпейтін күй,жыр шығарды, 
Ажалға пенде болып көнбеу үшін. 
 
Мың рет тірессе де ажал келіп, 
Құдірет берді қартқа ажар,көрік: 
                              - 
Уа,Қорқыт! Жүз тоқсан бес жасқа келдің, 
Сені енді жеңем!-деді,Дажал төніп. 
 
Дажалға ажарлы қарт күлімдеді: 

Тыңдашы қобызымның үнін!-деді. 
Сұм Дажал күйге балқып: -Бұл күйіңнің 
Мəңгілік жоя алмаймын мұңын!-деді. 
 
Кілемін жайып салып дарияға, 
Күй тартқан əулие сол қарияға 
Дажал да басын иді, дүниеге 
Өнердің мəңгілігін жариялап. 
 
Күйдастан – дауылпаз үн жасын текті, 
Айаспан асулардан асып өтті: 
Қиқулы бақ бұлдаған езді елтітіп, 
Күй қуды шер жүректен қасіретті. 
 
Өлімді жеңді Қорқыт өнерімен – 
Өлмейтін күйлерімен,өлеңімен. 
Сырласып өнерлі жас өренімен, 
Мұңдасып,қауышты қарт келер күнмен. 
 
Ұрпағы сабақ алып данасынан, 
Шығармас өсиетін санасынан. 
Ғажап мұң – Қорқыт күйі мəңгі естілер 
Қазақтың қасиетті даласынан. 
                          27-29.07.1999 
                            
 
 
 

     
ТАСТАНДЫ 
        
Қазақ қазақ болғалы, 
Ұлты ұланып,толғалы, 
Қыз – болашақ ана деп, 
Ана көркі – бала деп, 
Қадірлеп қызды сыйлаған, 
Қадірін қыздар жоймаған... 
Төкпелі мынау заманда, 
«
Өкпелі» болып əманда, 
Бақытын тепкен қыздар бар: 
Солардың бірі – Гүлжанар. 
Сабырын төзіп,сақтамай, 
Қыз сертін адал ақтамай, 
Өкінді өжет, «есті» қыз, 
Өкініш сөзін естіңіз: 
« 
Жастықта болмай сабыр,ой, 
Төгілді менен абырой... 
Опындым,бекер алдандым, 
Осы ма еді арманым? 
Көтердім бала некесіз, 
«
Көргенсіз» болдым,жетесіз. 
«
Некесіз» деген бір ұғым 
Басыма салды құрығын. 
Болса да менде  «балалық»,- 
Бойымды билеп аналық, 
Жаныма батқан арымның, 
Жалынын сезіп,тарындым: 
«
Іштастау» – қылмыс,құн артып, 
Ана боп өлу – мың артық. 
Тоғыз ай көріп азабын,- 
Торуын жойдым ажалдың. 
Өкіне өксіп,жылаған 
Өмірге келді бір адам. 
Тірлікке бөпе келтірдім,- 
Тірідей бірақ өлтірдім: 
Мойныма қылмыс,күна артып, 
Құшпадым оны құмартып. 
Тастандылар үйіне 
Тастадым неге? Күйінем! 
Бір күнде сөніп ай,күнім, 

Бөпемнен неге айрылдым?! 
Кінам –бұл,- қылмыс емес пе? 
Кім болар екен ол өссе?! 
Дағдырын бұлай шешті кім? 
Қылмыстың дертін кеш білдім. 
Аптығын жеңіп жастықтың, 
Ақылым кіріп,бастықтым. 
Бақыттан күдер үзбедім, 
Бөпемді қайта іздедім... 
Қоямын қайда басымды? 
Тыямын қалай жасымды?! 
Тастандылар есігін 
Сүйеніп,зар-үн естідім: 
Шырылдап жатқан нəресте 
Шынымен,бөпем емес пе? 
Жатыр-ау іздеп анасын, 
Ұсынар едім мамасын,- 
Қалайша оны танимын? 
Өзегім күйіп,налимын. 
Жылады бөбек шырылдап, 
Құладым бойым шымырлап. 
Қайдасың менің «бір талым» - 
Өмірге келген ұрпағым?! 
Ақ мамаң сыздап барады, 
Бойыма уы тарады. 
Алтыным танып анасын, 
Аймалар ма еді мамасын?! 
Елжірер едім сүйсініп, 
Емізер едім исініп. 
Шырылдап туған, жаным-ай, 
Шын өлдім сені танымай. 
Өзектен шыққан өркенім, 
Өкініп іздеп,өртендім. 
Алтынын,таппай - тірегін, 
Алқынды,зулап жүрегім. 
Аһ ұрып,Алла, жылайын: 
Ащы жасымды бұлайын. 
Басқа қыздарға, Құдайым, 
Бұл дертті берме лайым...» 
Өкінген мұндай ана аз ба? 
Өкінбейтіндердің саны аз ба?! 

Тар пиғыл билеп санасын, 
Тастанды қылып баласын, 
Тастаған песке жаза – мың: 
Тартады өстіп азабын. 
 
 
                                                            
 
    
КИЕЛІ БАТА 
 
Ақын –сөздің шешені, 
Ақын- елдің көсемі: 
Ел ақыны Сүйінбай 
Əулие еді кешегі. 
 
Əділдікті ол жақтайтын: 
Əр сөзін ел жаттайтын: 
«
Жалыңды жас дарын»,-деп, 
Жамбылды ақын мақтайтын. 
 
Жырлайды деп елдікті, 
Жырау оған сеніпті: 
Бала жырау ақыннан 
Бата сұрай келіпті. 
 

Ассаламу алайкум! 
Арынды ақын- піріміз! 
Жалындауды қалайтын, 
Жас ақынның біріміз. 
 
Өлең дарын жарасқан 
Өнерімді көріңіз: 
Ақындыққа жарасам. 
Ақ батаңызды беріңіз! 
 
Ақ көңілді, жайдары 
Ақын күндей жайнады: 

Алла атымен бастайын, 
Алақаныңды жай кəні! 
 
-
Айналайын Жамбылым, 
Алаулаған жалыным! 

Елде жырдың қайнары: 
Елге жетсің жан үнің. 
 
Жырың ессін дауылдай, 
Нұрың өссін арыңдай! 
Көпке берсін жыр қуат 
Көгертетін жауындай! 
 
Мəнгі жансын жалының, 
Даңғылдансың дарының. 
Естіп, ұқтың,- жаңаша айт 
Ескіліктің сарынын. 
 
Жыршысы бол халқыңның, 
Жаршысы бол салтыңның: 
Аяла елді, жауыңды 
Аяма енді, алтыным! 
 
Еліңе бер барыңды: 
Ел өнерпаз- дарынды! 
Таңырқатсын əлемді, 
Тасқын жырдың сарыны, 
 
«
Ақын,- деп жұрт, -жалыңды!» 
Жаттасын жыр, əніңді. 
Шындық жолға сала біл 
Шырқыраған жаныңды. 
 
Қызыр болып жолдасың, 
Аллам сені ондасын! 
Ақын- жырау бабамның, 
Əруағы қолдасын! 
                         
Əумин! 
 
Əрбір сөзі жүйелі, 
Əулиеге киелі 
Ақбатаға Жамбылдың 
Шымырлады сүйегі. 
 
Ақ батасы- сый, үлгі 
Ақынға ол сыйынды: 

Мұңды сөздер жырының, 
Мұхитына құйылды. 
 
«
Менің пірім- Сүйінбай, 
Сөз сөйлемен сыйынбай: 
Сырлы, сұлу сөздері- 
Маған тартқан сыйындай. 
Сүйінбай- деп сөйлесем, 
Сөз келеді бұрқырап, 
Қара дауыл, құйындай!»... 
 
Деп, ол жырын бастады, 
Өрнекті өлең- дастаны 
Сүйінбайдай піріне 
Сыйынудан басталды. 
 
Артып елдің мұң- жүгін, 
Айтып өмір шындығын, 
Жырын ақын толғады 
Сырын ашып мың жылдың. 
 
Жарқылдаған жасын жыр, 
Бар қырлардан асып жүр: 
Парықтаған өнерді, 
Тарих алға тасып жүр. 
 
Жасай берер жаңғырып: 
Жамбыл жыры- мəңгілік! 
 
 
                
АҚБОТА 
 
Соғыс жылы, Сарбаз едім семейде, 
Осы жырым сонда туып көмейде 
Дарып еді, жария қып айтпасам, 
Арым менің ез ақынсың демей ме? 
 
Ер жігітке- арман- бақыт, ару қыз: 
Өр үмітке қол созғамыз бəріміз. 
Жас гүл десе, ынтығымыз өңіне, 
Жасты көрсек, жайрандаймыз əлі біз. 

 
Бір тыныста Ақан досым аңқылдап 
Жүрді тысқа мені бастап, сымпылдап. 
Ағайынның үйіне кеп, бір қызбен 
Ақбөпе деп таныстарды жалпылдап. 
 
Міндеп құрбым сөзіме сын тақпаған, 
-
Күн!  -деп тұрдым, көріп қыздың аппағын. 
Ізет қылып сəлемдесті Ақбота, 
Ізеттілік əдебімді сақтадым. 
 
Мұндай отты қаракөздің мөлдірін  
Құдай ақы, көрмеп едім мен бұрын. 
Ерге пенде болғандай-ақ беріліп, 
«
Төрге кел» деп, басын иді тең-құрбым. 
 
Көздерінің нұры қандай арайлы?! 
Əз лебінің оты болып тарайды: 
Танып сүйдім арманымның ақ құсын, 
Жанып-күйдім,- өртенбесем, жарайды. 
 
Қыстап едім мен өзімді, құлшынып,- 
Қыпша белін қамти алмай, қымсынып, 
«
Құдайымды таныдым» да  тайқыдым,- 
Уайымды, қыздың жүзі, тым сынық. 
 
Жазық маңдай- айдай, қызда білім, ой... 
Нəзік қандай?! Сыңғыраған үнін-ай! 
«
Мойыл шашың мойныма оралып, 
Қойындасым болар ма едің, күнім-ай!»... 
 
Əн салып ем, қара көзден жас тамды, 
Аңсап жүр ем,- ару менен жасқанды. 
«
Кем емессің туған күннен, жарығым! 
Сен емессің махаббатым, тастанды»... 
 
Қасіретті, қалай бойға сиған мұң?! 
Жас жүректің пəк лүпілін сыйладым: 
Төзімді мен берік ұстап, сұлудың 
Сезіміне сел артуға қимадым... 
 

Кенет менің көзім түсіп айнаға, 
Кенеп демім, күрсіндім де жай ғана, 
Теңгермедім жас сарбазды сұлуға, 
Тең келеді оған күн мен ай ғана. 
 
Өтті сол күн болмай шаттық күлкіміз, 
Кеттік. Жол- мұң, кездеспеспіз мүмкін біз? 
Алауладық қан соғыстың өртінде, 
Ала алмадық махаббаттың «кілтін» біз. 
 
Көп жыл өтті қалмай арттан елес те, 
Көзім жетті, кетті жастық келмеске. 
Осынау жыл орталықтан көрдім мен, 
«
Досым-ау, бұл сол Ақбота емес пе?!» 
 
Немересін ілестіріп, күлімдеп, 
Шөбересін көтеріп жүр «гүлім!» деп. 
Жүр бір қызын- өз жас шағын қолтықтап, 
Нұрлы жүзін танып қалдым «күнім!» деп. 
 
Өмір бізді бастап жолға əр қалай, 
Небір кезді өткізіппіз андамай: 
От құшақтың жалынымен жанатын 
Отты сəтті, аңсап өткен арман-ай! 
 
 
 
БЕЙБАРЫСТЫҢ БАҚЫТЫ 
  
     (
тарихи аңыз)  
 
Қыпшақтың  ер  перзенті – ғажап ұлан  
Қыспақтың  көрген зорын азабынан:  
Құтырған жауын жеңіп, билік алып,  
Құтылған  қорлық, құлдық  мазағынан.  
 
Құлатып Людовиктің  орда күшін,  
Қиратып  моңғолдардың  қорғанысын.  
Тықсырған  Бейбарысты Құтыз  патша  
Мысырдан қумақ  бопты қорлап  ісін.  
 
Құл  еді саудаланған  басыбайлы, -  

Біледі тегін  батыр  жасырмайды:  
Батса да құл деп  оны  қорлағаны,  
Патшаға бас ұрмайды,  тасымайды.  
 
Қорғаған  жауларынан мысыр  елін,  
Қорлаған  патша жалдап  күшін  ердің, -  
Қуыпты ел  тағынан ерлер оны:  
Туыпты  ер  қадірін түсінер  күн.  
 
Қайратты, Бейбарысты  ақылы мол,  
Сайлапты патшалыққа батыр мың қол:  
Ысылған  батыр  патша бітім жасап,  
Мысырдан Азияға  ашылды жол.  
 
Ол  анық, тарих білер ғажап  сырын:  
Орналып  Египетте азатты күн, 
Килікпе  басқа тілден қорғап патша  
Билікке қолданыпты қазақ  тілін.  
 
«
Халқым бай, жаралған, - деп, - бағым үшін! 
Халқындай қастерлепті  сағынышын.  
Мазаққа қалдырмапты текті тілін,  
Қазақша жүргізіпті əділ  ісін. 
 
 
«
Билігім-өркен жаяр ғылым!» - депті.  
«
Сйлығым-елге берер білім» - депті.  
«
Бақытым-туған  жерім, өскен елім! 
Бақытым – туған  ана тілім!» - депті.  
 
«
Ақыл, ес, аруағым, тегім-тілім! 
Ақыл, ес барда ұмыптан  елім  тілін! 
Нұрыңнан айналайын қас  сақ тілі!  
Құрылған құдіретіңе телімдімін».  
 
Ел – құтты, ел ерінің оты жалын,  
Келіпті сағынып  ол Отырарын:  
Қиыпты патша тағын ... бəрін  соған, 
Сүйіпті туған  жердің  топырағын. 
 
«
Тұраным – қасиетті туған  өлкем!  

Тұрағын  іздеп  келді бұлан еркең:  
Ел  бар ма қайырымды қазағымдай? 
Жер  бар ма бар əлемде сенен көркем?!»  
 
Бақ  тауып ұлы Тұран өңірінен,  
Бейбарыс «шəйіт» боп ер өлімімен.  
«
Бұйырып»  туған  жердің  топырағы,  
Сүйініп қоштасыпты өмірімен.  
 
Əр ұлан  сүйсе елінің сана, ділін,  
Арынан қояр  биік  ана тілін.  
 
                         
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        
ТОЛҒАУЛАР 
 
ЕР ТҰРАРДЫҢ  ЕЛІМЕН  ҚОШТАСУЫ  
 
Қаптады қара дауыл, қыс тұрған-ды,  
Қаһары  қабыландай, ысқырады.  
Дауылмен арпалысып елдің ері,  
Ауыр дем салмағымен ышқынады.  

 
ТҰРАР  
Аман боп, мəңгі жаса,  елім менің,  
Алаң боп мені іздерсің, ерің едім.  
Қабыл  ет еңбегімді  еңіреумен.  
Əділет биігінен көрінермін.  
 
Қимаймын, тым ыстықсың мен балаңа!  
Симаймын құшағыңа – кең далама...  
Сен үшін  күрестім де, құрбан  болдым,  
Ел  ісін қорғамайтын  ер бола  ма?  
 
ХАЛЫҚ  
Ер ұлым, мақтан етем  ерлігіңді:  
Өр үнің  танытты шын  елдігімді.  
Анам деп  ардақтаған азамат  ең,  
Данам деп тірек етем енді кімді?!  
 
ТҰРАР  
Жау мынау жағымпазды тым  есіртті:  
Жаныма жара салды күндес «мықты».  
Іс-зая, бірлік іріп өзің құрған, 
Үш дая  бөлгендер бар бір  бесікті.  
 
Үніңді өшіре алмай бұрын түптен,  
Тіліңді жоймақ болған зұлымдықпен  
Жауыңа байлап беріп, қорлады ғой,  
Жалақор жарға жықты: күнім біткен.  
 
Жаладан Мағжаның да жылап кетті:  
Жағадан алғандарды сынап кетті.  
Əулетті балдай жырмен баурап еді, -  
Сəулетті поэзия құлап  кетті.  
 
 
Ұрпаққа беремін деп сана білім,  
Сыр тапқан терең зерттеп ана тілін.  
Жалындас жан бауырым – ел қамқоры  
Табылмас Ахметтей дана бүгін.  
 
Кіндіктес бауырымды ісі текті,  

Кім білмес Аймауытов Жүсіпбекті?  
Армандай асыл тауып  еккен гүлі 
Қар жаумай, қазан ұрмай үсіп  кетті.  
 
Табыну жеке адамға, араңдатты,  
Жағыну ақ жандарды қаралатты.  
Дауыл боп түнек түрген Сəкенге де,  
Жауың боп, жалақорлар жала жапты.  
 
Қазақтың өнерін кім сыйламайды?  
Ғажап тым өлеңіңнің Гималайы  
Ильяс жау қолынан мерт болыпты...  
Жанымды бұл дерт қалай қинамайды?!  
 
Бейімбет ізетті жан қыздай еді,  
Өлеңі жау жанына сыздай енді.  
Тірегім қыршынынан  қиылыпты,  
Жүрегім  содан менің сыздайды енді.  
 
Сөзіңді, бірлігіңді,  малыңды алып,  
Өзіңді жоймақ  боп жау,  қалың халық.  
Аштықтан қырылғанда, күрессек те, -  
Бас бұққан мəңгүрт жандай  танылмадық.  
 
Қайтейін қайран  елім  кеңдігіңді?  
Алсаң да Октябрьде «теңдігіңді».  
Басыңды шовинистер қорлап сені,  
Басыңды имесең де,  бел бүгілді.  
 
Баурадың мені  көпшіл  адамдыққа,  
Бармадым ұлтшыл пасық  арамдыққа.  
Ғаламның əрбір ұлын туыс көрем,  
Қаламын  ата салтым -  адалдықта.  
   
ХАЛЫҚ  
Жалақор ер қорлаған шағым етіп, 
Пəлеқор соққы жер бір «бағы»  кетіп.  
Налытқан ұрпақтарды  жаулар құрып,  
Халықтан  аласталар  нағылеттік.  
 
Міншіл тым қаңқылдаған құзғын қарға,  
Күншілдің  жүзге бөлген жүзі – қара!  

Айыпты жаза тартар, - халқың аман,  
Байыпты бабалардың ізі – сара.  
 
Жатқанда туған  елің жараланып,  
Ақпанда арыстандай дара барып,  
Айқастың, аянбадың, ризамын:  
Шайқастың зұлымдықпен  дараланып.  
 
Бағына туып  едің өсер  елдің,  
Сағына күткен дана,  шешені елдің.  
Шығысқа Турксибті бастап келген,  
Ұғысқан  халықтардың  көсемі едің.  
 
Елінің туын тіккен  өнерінің,  
Ерінің қамқоры едің, өренінің.  
Берермін шын бағаңды! Күн бейнеңді  
Көрермін  асқарынан келер  күннің.  
 
 
ТҰРАР 
Арым бар жүрегімде, туған елім!  
Қаным бар сен көтерген туда менің. 
Ұлым деп, келешекте  тірілтерсің,  
Күнің боп сонда жайнап тұрар ерің..  
 
Қош,  менің қасиетті,  сүйікті елім!  
Өшкенің жанар кейін,  күйікті едің.  
Дауында қалдырмассың көп жаланың,  
Тауыма шығарарсың – биіктермін.  
 
Біз өттік – арпалысқан  арыстарың,  
Күзеттік халқымыздың намыс,  арын. 
Қаланды жаңа өмір шежіресі,  
Алады бізден жалғас қарыштар  күн.  
 
ХАЛЫҚ  
Қош ұлым! Бірі едің  алыптардың,  
Достығын нығайтып ең халықтардың.  
Қуады қастық түнін шындық сəуле,  
Туады ұлылықты  парықтар  күн.  
 
 

ЭПИЛОГ  
 
Қазақтың күресі – жыр дастанында,  
Азат  күн шықты биік асқарына.  
Ұл-қызы əділеттің  шамын жақты:  
Жұлдызы жарқырап тұр аспанында.  
 
Алыптан  сөз бар:  елдің күнде есінде,  
Халықтан алғыс алды жүлдесіне.  
Тұрары – «Азияның бір дүлділі»,  
Тұр əне ұлы  халық мінбесінде.  
 
Мағжанды, қазақ  елі, ұйып тыңда:  
Əр  сөзін құлағыңа құйып, тынба.  
Жарқылдап найзағайдай айтқан сөзі,  
Жарқырап, сəуле шашар биік тұлға.  
 
Тахлет көрген халық білді бүгін:  
Ахмет өркендетіп тіл ғылымын.  
Ар, талап, ғылым, өмір, əлеуметтің  
Арқалап  алып келді күллі жүгін.  
 
Саңқ еткен Сəкен даусы даласында,  
Даңқы өтіп бар  əлемнің қаласына.  
Кемесін өлең сөздің өрге бастап,  
Кеңесін айтып тұр ел баласына.  
 
Ільяс – күй мен жырдың күніндей-ді, 
«
Күйлері» «Даласында» күмбірлейді.  
«
Тамаша Құлагерім!» өрге озды, 
«
Жаңаша туды менің күнім!» – дейді.   
 
Сөздері Бейімбеттің  ерен  еді,  
Сөз  берді ұрпағына өнегелі:  
Жатпайды жыр бұлағы тасып  ақпай,  
Жаттайды өсиетін өрені енді.  
 
Жүсіпбек  арқалы ақын, ұстаз, ғалым,  
Ісі көп: үйретеді іс  саздарын. 
Аңғартып еңбек жолын саралап тұр,  
Таңғалтып келешектің ұстаздарын.  

 
Жырдағы Шəкəрімнің өрнегіне,  
Ұрпағы  риза жыр тергеніне:  
Отымен - өлеңімен жүрек баурап,  
Отыр ол əнін айтып төрде міне.  
 
Ер даңқын өшірмейді халқым əман:  
Ел салтын, ардақтайды, парқын адам.  
«
Шын мықтың, данышпаның тірілді!»-деп,  
Шындықтың күні туды жарқыраған.  
 
 
   «
БЕСІГІҢДІ  ТҮЗЕ» 
     
                                
Жігіт Мұқтар,болашаққа 
  
Үміт артып Алаш қартқа: 
  -
Алаш! Атың биік!-деді,-  
  
Асқарыңды аласартпа! 
 
-
Кесел,қорлық,жанбау – азап! 
Мешел болып қалма,қазақ! 
Түзе тағлым – бесігіңді, 
Түзе! Бағың алда,қазақ! 
 
Данамыздың тағылымы – 
Баламыздың бағы,жыры. 
Тағлымынан тəлім алып, 
Таланттының бағы жүрді. 
 
Салт тұнығын кешіп жүрміз, 
Сағат сайын өсіп жүрміз: 
Ортаймайды несібіміз – 
Оңалады бесігіміз. 
 
Тағылымын халқымыздың 
Талғап,білген парқын ізгі, 
Келер ұрпақ – ұлт тірегі 
Кемелдентер салтымызды. 
 
АДАМЗАТКӨЗІҢДІ АШ КƏНІ 
 

(
Елбасының ғаламға үндеуі
 
Ерекше баурап бар тарапты, 
Елбасы үндеуін таратты: 
 
«
Сарғайды, күн мұңды: сап-сары, 
Сап-сары Невада аспаны. 
Жерге дерт- жарылыс жау əні: 
Ауаны бүлдірді, тастарды. 
 
Сап- сары Семейдің тастары: 
Аспаны қабағын ашпады. 
Солды гүл шешегі жетілмей, 
Жетімдей тасбауыр тастанды. 
 
Жарылыс! Беттеп жан баспады, 
Тас –тағы жылады. Жас тамды. 
Аспан –жер дірілдеп, бұрқырап, 
Зырқырап сай –сүйек қақсады. 
 
Сұр əлем түнере бастады, 
Аспаны қанды ызғар тастады. 
Ажал боп, басынып, есірді 
Кесірлі кеселдің асқаны. 
 
Ғалымдар- ғылымның асқары, 
Бас кəні, бөге тез тасқанды. 
Жер шары өзіңе- аманат, 
Адамзат, көзіңді аш кəні! 
 
Ғаламда жарылыс болмасын! 
Əманда жойып өрт бомбасын, 
Қол қоям тыныштық сертіне, 
Бар əлем  бізді бек қолдасын!» 
 
Елбасы үндеуін жолдады, 
Ер басшы  тапты шын қолдауды: 
Ер қазақ бірлікті бастады: 
                             
Жер – азат, тыныштық қорғалды. 
 
 

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ  
БАҒРА ХАНҒА АЙТҚАНЫ  
 
Жер  жүрегі - Баласағұн  қаласы. 
Ел тірегі – Жүсіп Қажып данасы.  
 
Табғаш Қара Бағра ханға сөйледі. 
Тапқыш  дана Жүсіп  сонда бүй деді: 
 
Уа  хан  ием! Ұлы елге иесің.  
Ұлылықпен тыңда сөздің жүйесін.  
 
Əділ хан да елге туған таң дер ек:  
Əділ ханға əділетті заң керек. 
 
Əділ,  кексіз, иман,  білім болмаса
Əділетсіз ел – басқару далбаса.  
 
Əдет-ғұрып,  əдеп, дəстүр – ел нұры, 
Əдептілік  сертпен игер  сен мұны.  
 
Ел бірлігі  тəртібімен берікті,  
Ел тірлігі құт басшымен көрікті.  
 
Ақыл, сабыр, біліктілік – үш зерек:  
Ақылға нұр, ой құдірет, іс керек.  
 
Қанағат пен болса білім, парасат,  
Сан  ағатпен күрес ханға жарасад. 
 
Сана, білім ана тілден  алғансың, 
Ана тілін  ардақтау да ханға сын. 
 
Əрбір сөздің мəнін жеткіз ғаламға,  
Əрбір сөзің нұсқа болсын заманға.  
 
Дана құтын құп  алыпты иесі, 
Даналықтың бізге жетті жүйесі. 
 
 
  

ҚОРҚЫТТЫҢ  КҮЙІ  
 
Күйімен таңғалтқан  адамды, 
Даламды тербеткен  анамды.  
Тыңдасақ,  күйінде  мұңлық бар.  
Шындық бар толғантар  адамды.  
 
Күресіп  бабамыз өліммен,  
Егілген күй толғап  елінен.  
Отыр  ол толғауын  орындап,  
Орын  ап  елінің төрінен.  
 
Пердені біздермен бір  басып,  
Сыр  ашып, бабам жүр  сырласып.  
Күйіне болсаң, дос, шын ғашық,  
Қырға шық, дала кез, шыңға шық.  
 
Асқақ күй толқиды: тынбайды,  
Мұң-қайғы,  зарын  ел  тыңдайды.  
Үйреніп күйлердің мəнерін,  
Өнерін ұрпақтар  шыңдайды.  
 
Күмістей сақалы желбіреп,  
Елбіреп, ол  отыр  елжіреп.  
Қуана қарсы алды нұр таңын.  
«
Ұрпағым алдыма келді!» - деп.  
 
Толқынды қобыздың сарыны,  
Əр үні – Қорқыттың  дарыны.  
Мəңгіге күй шалқып  есілді.  
Естілді болашақ дабылы.  
 
Күйімен толғантқан ғаламды,  
Данамды тыңдаңдар – бабамды.  
 
     
ЖЫР ҚҰДІРЕТІ 
      
Ақ боран соғып ақпанда, 
Айнала түтеп жатқанда, 
Жабай ер қалың жасақпен, 
Жауына қарсы шапқанда... 

 
Бауырында Жамбыл тауының 
Басынып көшін ауылдың, 
Есілді боран бұрқырап 
Естілді толғақ-ауыр мұң. 
 
Қоралап түзген түйесін, 
Қорғалап көштің иесі- 
Ыстыбай пана жасады, 
Ырым қып таудың киесін. 
 
Тоқтамай дауыл үрейлі, 
Толғақтың зары үдеді,- 
Қасиетті ана ұл туып, 
Қасқағым сəтте түледі. 
 
Жүзіне ана еніп нұр,  
Жүрегі қарттың еріп тұр: 
Немере құшып қарт батыр, 
Ат қойып, бата беріп тұр. 
 
«
Дауылда туған, ұланым, 
Дауылдай болсын жыр-əнің!» 
 
Жамбыл деп қойдым атыңды 
Еліңнің болғын қыраны! 
 
Өрені үміт ақтады, 
Өсті боп елдің мақтаны: 
Əнші де күйші,жыршы деп, 
Əр сөзін жастар жаттады. 
 
Ел тыңдап жырын жыйылып, 
Елжіреп, сөзін түйініп, 
Атасы жырдың Сүйінбай, 
Батасын берді сүйініп. 
 
Алыпқа өлең дарыды, 
Алланың берген дарыны: 
Алашқа мəлім жыраудың, 
Алысқа жетті жан үні. 
 

Ақынды жырдың пірі деп, 
Адамзат жасап құрмет. 
Жеңіске халқын бастады, 
Жырдағы көркем құдірет. 
 
Тасқыны өлең- қиссаның, 
Таусылмас білсең қисабын: 
Əлемге толқып естілді, 
Əсерлі дастан, күй- сарын. 
 
Алмастай тілі, сөзі- мір, 
Ақиқат- жыры, өзі- нұр: 
Жеткізіп даңқын қазақтың, 
Жер шарын Жамбыл кезіп жүр! 
 
 
                                        
 
                    
АДАМЗАТТЫҢ  АЗАБЫ 
 
Адам адам болғалы, 
Азабы -  мінез « толғағы»: 
Алды оны баурап іштарлық, 
Алысты доспен,  дұшпан қып: 
Аяусыз  бұзып тірлігін, 
Аямай қырды бір-бірін. 
Ананы – Жерді бөлісті: 
Амалы құрып,өлісті. 
Алам деп «жеке» билікті, 
Аюандықпен килікті. 
Ақылды  қор қып арамдық, 
Аяқта қалды адалдық.  
Адамның атом қаруы 
Ажал боп Жерге, жарылды. 
Адыра қалып,адамдық, 
Арандатты сараңдық. 
Аранын арсыз тыймады: 
Алуды ғана ойлады. 
Адамға барды  қимады: 
Алыпшар - Жерге ол симады. 
Ақылды иттік пəс қылды: 
Аюандық асқынды. 

Ақымақтық – қызғаныш, 
Адастырды «мұздап іш». 
Адамға зəуіл орнады: 
Адамды адам  қорлады. 
Ағайындық жүректі 
Азғындық ой жүдетті. 
Ақтамай ер достығын,- 
Алға тартты қастығын. 
Адамда болмай ұстамдық, 
Арылмай қойды дұшпандық. 
Ар-ұят мүлде «шатылды», 
Ақшаға бəрі сатылды. 
Адамның тапқан байлығы 
Асқынтты  азап - қайғыны. 
Абыройды таса қып, 
Атақты қолдан жасадық. 
Ақыл мен ойды,білімді 
Аяққа басты «жырынды». 
Адамды ақша биледі, 
Ақылға билік тимеді. 
Адастырды білместік, 
Алжастырды күндестік. 
Алаулы өрт пен  қантөгіс, 
Алапат болды, сан соғыс. 
Ақыл-ой бəрін сезінді: 
Ақымақтықтан безінді. 
Ақыл мен білім,ғылымды 
Адамзат енді ұғынды. 
Ар ұятқа шын құлап, 
Адалданды ынтымақ. 
Ақылмен түзеп  тірлікті, 
Аңсайтын болдық бірлікті. 
Ақыл мен білім қаруы 
Арманды  жасқа дарыды. 
Ақымақтар мен ақылды 
Алысты сəтте  ақырғы: 
Ақымақтар  қарысып, 
Ақылдымен алысып, 
Арпалысып келеді... 
Ақыл-ой түбі жеңеді. 
                   

АУЫЛҒА  ХАТ 
 
Аманбысың,ауылым, 
Ағайыным,бауырым! 
Ардақтысың,туған жер, 
Арман жолым қуған жер. 
Артық еді күйлерің, 
Ақшағала үйлерің. 
Алақұйын заманда 
Алапат кеп саған да, 
Ақыл таппай,ерінген 
Азап көрдің «еріңнен»: 
Басқара алмай халықты, 
Баса көздеп нарықты, 
Бейбіт елдің кесірлі 
Берекетін кетірді. 
Жұртты жерге қаратып, 
Жұтып,малды таратып, 
Жебір ойлап жегенді, 
Жекеменшік дегенді – 
«
Енбайлық» деп,талады: 
Ердің қайтты талабы. 
«
Жер пайдалан,мал өсір, 
Жемісі оның көл-көсір!» 
Деген заман талабын 
Демемеді талағың. 
Ой мен білім,бірлік жоқ, 
Оңып жатқан тірлік жоқ... 
Қайран ауыл – бесігім, 
Қайғы болды-ау есімің... 
Асыл жұртқа қараңдар: 
Ақылды,мəрт жарандар 
Алапаттан халықты 
Аман сақтап қалыпты. 
Қинамапты естіні, 
Қиратпапты «ескіні». 
Өкінтпей халық ананы, 
Өсіріпті жаңаны. 
Орайлапты байлығын, 
Оларда жоқ қайғы-мұң... 
Олардан біз  қалмалық: 

Орақ орып,мал бағып, 
Нан іздемей қаладан, 
Нан ағызып даладан, 
Ағайындық бірлікпен, 
Ақыл,сана,тірлікпен, 
Техникалы заманда, 
Тетік тауып əманда, 
Телім етіп кəсіпті, 
Теріп жейік нəсіпті. 
Пайымдап əр уақытты, 
Пайдаланған – бақытты: 
Затымызды бүлінген 
Заманға сай,біліммен 
Қайта жөндеп алайық: 
Қайыспайық,халайық! 
 
                        2.04.07 
Каталог: medialibrary -> files
files -> Əдібай Табылды
files -> Досжан туралы Алғысөз
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет