Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

              
ҰЛЫ  МҰҚТАРҒА   
 
Жарқыра, бақ жұлдызы ғасырымның!  
Ар мұра – қалды мəңгі  асыл үнің.  
Сүйеді сені  барлық ізгі адамдар,  
Иеді нұр  бейнеңе басын бүгін.  
 
Жарығым, біткен  елдің  маңдайына,  
Арыңның шыңынан  сөз таңдайын да,  
Оттай нұр, ой  алайын,  жыр  жазайын.  
Сіз сүйген ұлы достық, таң жайында.  
 
Ой мүсін, даналық сөз ұлан  асыр:  
Ойың – шың заманымның ғұламасы.  
Өнеге, үлгі  сөзді жаттап  елің,  
Сені өрге  көтеріп тұр  мына ғасыр.  
 
Сөзіңнің  таңқаламын  нақысына:  
Өзіңнің ұшырған көп бақ құсыңа.  
Өтемін өнегеңді  шырақ  етіп,  
Жетемін  өнердегі  бақты шыңға.  
 
Сырыңды  терең зерттеп, түйіп  келем.  
Жырыңды  айтам тауып биіктерден.  
Айбарлым,  өнер  көшін  бастауымсың,  
Айналдым сені  туған  сүйікті елден.  
 
 
 
 
 
ҒАЛЫМ ХАЙДЕР  СӨЙЛЕЙДІ 
 
(
АҚШ ғалымы Чарльз Хайдерге
 

Чарльз Хайдер -  соғысқа қас, қайғылы,  
Қарыздар  ер  азаматқа  айбынды:  

Тек жақысылық  əкелсін  əр ғұлама! –  
Деп,  жақсы үміт  сөзін айтты əйгілі:  
 

Дара пана – Жер  анамыз, Күніміз,  
Алақанда тағдыры оның,  біліңіз!  
Туыстық  тек сол тағдырды шешеді,  
«
Тыныштық!» деп  біріксін бар тіліміз!  
 

Кенде емеспін дəрежеден, атақтан,  
Мен емеспін пайда іздеген «шатақтан».  
Сатпау үшін ғылымды,көп толғанам,  
Сақтау үшін Жер  ананы  апаттан...  
 
Бейбітшілдер  бірлігінде  тұр жарлық:  
Бейбіт  күнде достар  сапын құрған нық.  
Адал  ісім,  аштық тұтам  ел  үшін,  
Адам  үшін  менің  жаным құрбандық.  
 

Құтылар  кім  соғыс болса космоста?  
Ұтылар кім туыстасып, достасса?  
Алжыма да, қаруды тый,  соғысшыл!  
Алдын ала ғұмырыңмен қостаспа!..  
 

Сезін  ойлап,  дабыл  келді шығыстан,  
Өзін  ойлап,  азғырмасын зымыстан.  
Елді сату -  ең зор  айып адамға,  
Жерді ату -  ауыр  барлық қылмыста!  
 
 
АХМЕТ ЯССАУИДІҢ МАХАББАТЫ  
 
Бисмиллаһи,  рахмани, рахим! 
Деп,  бастадым бабам жайлы жыр  атын.  
 
Ұлы бабам діннен тауып  арманын.  
Құлы болған құдіреттің – Алланың. 
 
Алла болып сүйгені де тірегі, 
Адамзатқа бабам бақыт тіледі: 

 
«
Шариғатым-Алла сүю-иманым,  
Тарихатым-сертті сенім-иланым.  
 
Маһрифатым-Раббыны танымым,  
Хақиқатым – махаббатым – жан үнім» -  
 
Деген  сөздер  мұсылмандар ұраны, 
Əр жүрекке қуат беріп тұрады.  
 
Алла сүю махаббатың ұлысы, 
Алла жолы – бабамыздың ұлы ісі.  
 
Адалдыққа бастап өмір жүйесін, 
Адамдыққа ол  үйретті өмір иесін.  
 
Алла жолын – «хикмет» сөзін сүйеміз:  
Аллаһу акпар! Бабаға бас иеміз. 
  
              
АҚ БАТА  
 
(
Қазақ  халқының тұңғыш ғарышкері 
 
Тоқтар  Əубəкіровқа
 
Самға! Самға! Тоқтор балам!  
Арналы – шың, аспаның:  
Алға самғап, от  лаулаған 
Арманысың  жастардың.  
 
Ғарыш жолы басталатын  
Далаң, жерің – киелің.  
Ғарыш қолын  басқаратын  
Балам,  сені сүйемін!  
 
Қазақстан – дəнстанда  
Ерлігіміз  - жалынды.  
Қазақ ұшқан  ғарыштан да.  
Елдігіміз  танылды.  
 
Айбаралы биік екпін:  
Əрбір ойың – ғажап  тым. 

Айдан  əрі биіктеттің 
Абыройын  қазақтың.  
 
Алыптықты бағалар  күн:  
Ар – уəлі  жолдасың!  
Алып  батыр бабаларың  
Аруағы қолдасын!  
 
 
     
ƏЛ ФАРАБИ ТӨРІМДЕ 
 
Ол білікті, табам деп, ой- данасын, 
Жол қылыпты Туран – Мысыр арасын. 
Сабылыпты білім іздеп, ой қуып, 
Сағыныпты қазақтың кең даласын. 
 
Өсиетінен айналайын бабамның, 
Қасиетінен қазақтың мəн табамын: 
Ақын ойын, фəлсафасын түйсініп, 
Ақыл ойым, биіктейді, талабым. 
 
Арабшамен жазған əрпін ғылымның, 
Фарабтағы ең ғұламасы  білімнің. 
Əр ісінен ұлылықты үйреніп, 
Дəрісімен тереңдейді білімім. 
 
Саз, қиалы  - нағыз қазақ – Тархани: 
Азиалық ақыл ойдың дарқаны. 
Сан алыптың ұстазының ойынан 
Даналықтың нұры əлемге тарқады. 
 
Егеленді ол даңқын туған жерінде: 
Егеменді, қайырылымдылар елінде. 
Күлімдеп тұр ұрпағымен кеңесіп, 
Күнім боп тұр ғылымжайдың төрінде. 
 
 
 
 
 
АХМЕТ ЯССАУИ  РУХЫНА 

 
Бисмилляһи рахмани- р – рахим! 
Бисмиллəһи! – деп, бастадым жыр атын: 
Сөз ұранын бабам өстіп бастаумен, 
Өз ұланын, жебеген, əр жұратын. 
 
Ассаламуалайкум, жан бабамыз! 
Ас саламу! Сəлем бердім, данамыз! 
Киелі қыз «Диһнат мама» атанған- 
Жиеніңіз- Нұрилаңыз- анамыз. 
 
Алла алдыңда рухыңа сыйынып, 
Аруағыңа тағзым еттім иіліп! 
Қасиетіңді қастерледім, нағашым, 
Өсиетіңді жаттап алдым сүйініп. 
 
Қиял еткен сертке жетсем төзіммен, 
Қияметтен өту барын сезінем: 
Адам үшін қиындықтан безінген, 
Адал ісім бастау алған өзіңнен. 
 
Азаматқа білім бердің бақ тілеп: 
Адамзатқа тілегенің – ақ тілек. 
Сан аңызға жорып сені, сүйді елің, 
«
Санамызға ақыл шамын жақты!»- деп. 
 
Қирағаттық сөзіңнен ой билеген 
Инабаттық, имандылық үйренем, 
Ақ жолыңа – хиқметіңе тəнті боп, 
Бақ жолына түсіп, бақты күйге енем. 
 
Иман, сана, рахым мен қанағат, 
Иланғанға өсиетің – аманат: 
Адалдықтан – пəк рухтан от алса, 
Адамдықтан ауытқымас адамзат. 
 
 
АБАЙҒА ҰҚСАП БАҒАМ 
 
Жүрегімде жігері, баста мұңы, 
Тірегі де жырымның асқақ үні: 

Қасымда жүр үлы ақын- ғұламамыз, 
Басымда тұр сөзінің «патшалығы». 
 
Ойлы жанға дананың сыйы мəлім: 
Той- думанда тыңдаймын сүйіп əнін. 
Нұр ағын от өремін жырларынан, 
Бұлағы боп өлеңнің құйыламын. 
 
Өнеге қып ақынның даналығын, 
Өлең өріп, өрнегін сала білдім: 
Жиренемін белгілі «бес дұшпаннан», 
Үйренемін ұстаздан сана, білім. 
 
 
Ақын бар ма қаламын ұстартпаған, 
Ақым барда сөз туын ұстап қалам: 
Толмаса да өлеңнін өрт кемері, 
Болмасам да, Абайға ұқсап бағам. 
 
 
 
          
МАҒЖАН –ЖЫР 
 
Мағжанды, жыршыл халқым, сүйіп тында: 
Бақ жанды, сөзін ойға түйіп, құнда. 
Жарқылдап найзағайдай отты жыры, 
Саңқылдап ұлы ақын тұр биік шында. 
 
Өлеңі жалындаған өрттен еді: 
Өреннің өзегінде өртенеді. 
Азат күн жарығындай жан тербеген, 
Қазақтың жыры қандай мəртебелі?! 
 
Тұранның-Өр түріктің бел баласы, 
Тұр əне жыр туы боп ер данасы. 
Жаңғырып, əрбір жыры тəлім берер 
Мəңгілік ұстаз бізге ел данасы. 
 
Өнерге жұлдыз болған ұстаз ақын, 
Өнеге өсиеті ұстанатын: 
«
Тіліңді, діліңді де ардақтай біл, 

Білімді, арды биік ұста, халқым!» 
 
Өлеңді тəлім етті   жыр шебері: 
Мəңгілік жыр халыққа нұр береді. 
 
          
СƏКЕННІҢ СƏНІ 
 
Қыран көзі жалтылдап сырға тұна, 
Жырға тұна қарайды бір ғасырға. 
Ел бейнесін өзінен аңғарамын, 
Таңғаламын, жаралған нұрдан сірə! 
 
Жарқырайды қасқайған жазық маңдай, 
Жазып қалмай жанары саз ұққандай. 
Ашылып тұр қабағы-туған ай ма?! 
Тұнған ой ма, шаштары нəзік қандай?! 
 
Күндей ыстық жалт етіп қарағаны, 
Қарағаны, сүйінтер дара жаны. 
Баурап бізді өнердің зейнетімен, 
Бейнесінен бір ұшқын тарады əні. 
 
Өткірлік бар мұртының қиығында, 
Қиылуда күлкісі миығында. 
Тал бойында сұлулық тұнғасын да, 
Тұлғасына жыр өзі құйылуда. 
 
Ақ иықтай  қыраны даласының, 
Жаңа сырын ашқандай, жан асылын. 
Бұл бейнені ақындар құдірет дейді: 
Құрметтейді өлеңнің жанашырын. 
 
Биікте тұр əнеки көркем мүсін, 
Көркем кісің ойлаған ертеңгісін. 
Өзіндей боп жыр, əні жасарады, 
Жасар мəңгі, туған ел, ерке құсың. 
 
 
   
ЯССАУИДІҢ  ТАҒЛЫМДАРЫ 
    
Бисмиллаһи,  рахмани, рахим! 

Деп,  бастадым бабам жайлы жыр  атын.  
Ұлы бабам діннен тауып  арманын.  
Құлы болған құдіреттің – Алланың. 
Алла болып сүйгені де тірегі, 
Адамзатқа бабам бақыт тіледі: 
«
Шариғатым-Алла сүю-иманым,  
Тарихатым-сертті сенім-иланым.  
Маһрифатым-Раббыны танымым,  
Хақиқатым – махаббатым – жан үнім» -  
Деген  сөздер  мұсылмандар ұраны, 
Əр жүрекке қуат беріп тұрады.  
Алла сүю махаббатың ұлысы, 
Алла жолы – бабамыздың ұлы ісі.  
Адалдыққа бастап өмір жүйесін, 
Адамдыққа ол  үйретті өмір иесін.  
 
Алла жолын – «хикмет» сөзін сүйеміз:  
Аллаһу акбар! Бабаға бас иеміз. 
                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
Б А Л Л А Д А Л А Р 
 
                     
         
ҚҰЛЫНДАР  
 
Бұл – аңыз дүрбелең шақтағы.  
Қуған  кез шет жау мен  ақтарды.  
Қоныпты ауылға төтен  кеп,  
Болдырып  ақтардың  аттары.  
 
Берікбай момақан шаруа,  
Берік,  сай адамдық  арына:  
Жүретін  мəз болып өзінше  
Бір-екі  малының барына.  
 
Құла айғыр, қос бие, қос құлын...  

«
Құдай  бір  сыйлаған хош күнін!» 
Желіде тұратын  бес жылқы  
Береке құты боп қосының.  
 
Қуғынға шыдамай, жосыған 
Жау келді ауылға тосыннан:  
Ақырған офицер үнінен  
Ақыры иттер де шошыған.  
 

Шап! – деді қылышын үйірді, 

Тап! – деді, жұрт жылқы үйірді.  
Аттарын ұстаңдар елдің! – деп,  
Ақтардың  басшысы бұйырды.  
 
Қос бие құрыққа ілінді,  
Берікбай, зарлады, бүлінді.  
Атбегі: - Айдауға кедергі,  
Ат! – деді, көріп қос құлынды.  
 
Ашуға жоқ  ешбір тоқтамы  
Офицер  атуға оқталды, -  
Берікбай: - Дат! – деді,  қатал жау 
Қаруға қол  салып,  тоқтады.  
 

Дат, тақсыр,  адамсыз  білімді 
Атпаңыз  бекерге құлынды:  
Жатқан жай құлынды өлтіру –  
Атқандай болдаы ұлымды.  
Бас иіп  шаруа өлімге  
Қасқиып  жауына келді де,  
Құлынды қалқан боп қорғады:  
Құлынды сау қалды желіде. 
 
Жылқыны  алды жау күші көп, 
Жұлқынды қос бие кісінеп.  
Қырда тұр Беркібай  толғанып:  
«
Бұл да бір  тағдырдың ісі!» - деп.  
 
Кеткенде,  өшкенде жау үні,  
Жеткенде қос бие сауыны,  
Өлімді жеңердей шыңғырды,  

Желіні сыздады, бауыры.  
 
Мықты ма сезімнен тізгіні? 
Жықты да мінген қос құзғынды,  
Дауылға ұқсаған  бір күшпен  
Ауылға қос бие ызғыды.  
 
Құла айғыр  жарықтық  киелі  
Құлай бір қуып қос биені,  
Мөңкіді, жықты да солдатты,  
Жөңкіді  іздеп дос иені.  
 
Шапқылап  солдаттар көп тегі, -  
Атқылап дүрлікті, - жетпеді:  
Далада қалды жау, үш жылқы  
Андыздап мекенге беттеді.  
 
Қара тер көбігі бұрқырап,  
Қарагер қос бие шұрқырап, 
Исініп қосылды құлынға,  
Сүйсініп, танауы бұрқырап.  
 
Қолдарын иіскеп ағаның  
Қолпаштап тұрғандай, «амалын».  
Осындай сезімі ананың,  
Əрқашан қорғаны баланың!  
Баласын қорғаған көз ілмей,  
Күш бар ма аналық сезімдей? 
 
 
 
ХАМЗА  АНАНЫҢ  ҚАСІРЕТІ 
 
       (
Əкемнің асыл жеңгесі) 
 
Ұлылықты сағынады санамыз, 
Ұлы ананы есімізге аламыз: 
Аймалаған бір ауылдың баласын 
Ай балаған Хамза - ұлы анамыз. 
 

Айналайын күнім!” деген сөзіңіз, 

Айдай жарқын күлімдеген көзіңіз: 
Есейсек те, қартайсақ та, қашан да 
Естен кетпей, елестейсіз, өзіңіз. 
 
Əлі есімде:қанды соғыс басталды, 
Əр есімге қанды құрық тасталды. 
Өртенуге қайыл болды аналар, 
Өрт өлімге шығарып сап жастарды. 
 
Қос балаңыз эшалонға мінгенде, 
Қос қалаңыз өртенерін білгендей, 
Ағылды жас: аһ ұрдыңыз ойбайлап, 
Ақ маманы жау қылышы тілгендей. 
 
Жүрді эшалон,қабырғаңыз сөгілді: 
Жүгірдіңіз арасымен шөгірдің… 
Жалаңаяқ жарыстыңыз пойызбен, 
Жаным аяп, мен де жылап егілдім. 
 
Шаршадыңыз,- пойыз озды зіркілдеп, 
Шалдықтыңыз көздің жасы кілкілдеп. 
Естен танып,жығылдыңыз сүрініп, 
Есім шықты жас жүрегім дүрсілдеп… 
 
 
Қайраң жарға құлағандай биіктен, 
Қайран ана мерт болдыңыз күйіктен. 
Езілгенін жүрегімнің сезбейсіз,- 
Безілдедім бетіңізден сүйіп мен... 
 
Қос ағамыз қалды соғыс – жырақта,- 
Босағаңыз құламады бірақ та: 
Жалғыз қалған жас балаңыз Жақсыбай 
Жалғас болды өмір деген сынақта. 
 
Қайран анам, бүкіл елге ана едің, 
Жайраңдаған,мейірманды жан едің. 
Баурымыздың бақыты едің баураған, 
Аулымыздың ақылшысы, сəні едің. 
 
Абысын деп,ардақтаған өз анам, 

Алғысым көп,емізгенсіз - əз анам. 
Ана - мұң боп,сағындырды мейірі, 
Амалым жоқ,қасіретке төзе алам. 
 
Зейнемізді өсірген деп,бəріміз 
Бейнеңізді ұмытпаймыз əлі біз: 
Жаратқанның жақсылығы бар дейді, 
Жайлы болсын жаннаттағы жаныңыз! 
 
                                   22-23.12.1998 
                                      12.05.2008 
 
        
ДАНАГҮЛ 
         
новелла
Қазақ қазақ болғалы
Ғажап ұлт боп толғалы, 
Қыз баласын сыйлаған: 
Қызға жасау жинаған. 

Қырық шырақты қыз” деген, 
Қызға бақыт іздеген. 
Қыз епті де иманды, 
Ізетті де.сыйлауды 
Білетін жан болсын деп, 
Білгеннен ой қонсын деп, 
Өнерін де үйреткен, 
Өнегесін сый еткен… 

Қыз – болашақ ана”,- деп, 

Қызға болсақ пана”, –деп, 

Қыз,-деп,-өріс елдегі” 
Қызмет қылған ерлері… 
Қыздай əсем бола біл, 
Қыздан тəлім ала біл: 
Қызмет қылған еліне, 
Қыздың пірі – Данагүл. 
Қызық өмір жасаған – 
Қыздан шыққан дана – бұл. 
Днагүл қыз жайында 
Дара бұл жыр пайымда: 
Сыр – мысалым,жыр дайын, 
Бір мысқалын жырлайын: 
Аспантаудың баурында, 

Ақшаң қазақ аулында, 
Бай ауылдың қыздары – 
Бақытты да қызбалы, 
Ат ойнатып,əндетіп, 
Қырға шықты сəндетіп. 
Көктем еді гүлдеген, 
Көк төбеден гүлденген 
Көркем қыздар жарасып, 
Шауып шықты қыр асып. 
Кең далада көсілтіп, 
Күліктерін жосылтып, 
Қыздар шауып келеді, 
Бірде шауып,желеді. 
Кəмшат бөркі басында, 
Қалың нөкер қасында, 
Дана - қыздар желеңі 
Дара бастап келеді. 
Қыздар Жайсаң төрінен 
Қызғалтақтай өрілген. 
Ауыл жаққа жарысып, 
Ауыздықпен алысып, 
Ақбұрқаның белінен 
Асып, оттай көрінген. 
Көріп ару қыздарды, 
Көкте бүркіт қызғанды. 
Желекті бұл қыздарды 
Жел де сүйіп,қызғанды. 
Қырда Жібек жолымен, 
Қыруар өз қолымен 
Төрелігі – ғажап тым 
Төле биі қазақтың 
Кемел іске ой артып, 
Келе жатты жол тартып. 
Қыздар жолға жеткенде: 
-
 
Қыздар жолдан өтпеңдер! 
Кəне,аттан түсейік, 
Кəде салтын істейік!- 
Деп, Данагүл бұйырды: 
Демігіп,ат шүйілді. 
Кыздар сөзге сүйініп, 
Қызғалдақтай иіліп, 

Төле биге жол берді: 
Ақ сақалы желбіреп, 
Айрықша бір елжіреп, 
Би батасын мол берді: 
-
 
Ата-баба дəстүрін 
Ақтадыңдар,жас буын! 
Болашаққа бас болар 
Бала өстіп басқарар, 
Елді сыйлап өтіңдер, 
Ен байлыққа жетіңдер! 
Амин! 
Жайлау жырын əндетіп, 
Жасыл белден сəндетіп, 
Жолушылар асқанда, 
Жолын беріп жастарға 
Төле кісі жіберді: 
-
 
Төре мінез,жігерлі 
Қыздың жөнін біліп кел. 
Қызды өсірген білікті ел – 
Ата-анасы кім екен? 
Арайланған күн екен, 
Ақылды қыз кім екен?.. 
Арулардан үміткер – 
Асау мінген жігіттер 
Аялдамай  жарысып, 
Ауыздықпен алысып, 
Қыздарға кеп,шүйіліп, 
Сəлем беріп,иіліп, 
Даналық салт - əр ісі 
Данагүлмен танысты. 
-
 
Күн нұрындай затыңыз, 
Кім болады атыңыз? 
-
 
Қадірлейміз Сізді біз, 
Қандай байдың қызысыз? 
Күндей жарқын күлімдеп, 
Күлімкөзі – күнмін деп, 
Сөзге бай қыз сөйледі, 
Сөйлегенде,бүйдеді: 
-
 
Сиқым – біздің атамыз: 
Сыйлы жұртқа жатамыз. 
Əкем аты – Алакөз, 

Əдеп,ізет,дана сөз – 
Өмірдегі салтымыз. 
Өнегелі – халқымыз. 
Əдепті де,арлы да, 
Əкем – іскер шаруа. 
Байға ісімен жағады: 
Бай жылқысын бағады. 
Əкеміздің тəлімін, 
Əдеп етіп таныдым… 
Жақсы қыздан үміткер 
Жайраңдаған жігіттер 
Əдептілік сақтады, 
Əсем қызды мақтады. 
Хабаршылар Төлені 
Қуанышқа бөледі. 
Айтты Төле сүйіне: 
-
 
Ал,тартыңдар ендеше 
Алакөздің үйіне… 
Деп,нөкерін бастады, 
Дереу істі басқарды. 
Алатаудың баурында –  
Алакөздің аулында 
Байларға тай сойғызып 
Басын биге қойғызып, 
Бар кедейді тойғызып, 
Баянды іске ой жүзіп, 
Кемел ойлы,бас мəнді 
Кең мəжіліс басталды. 
Төпелетпей “озғанды”, 
Төле би сөз қозғады: 
-
Алакөзім – жарқыным, 
Айтар сөзім – бар шыным. 
Данагүлің - дана екен, 
Дана туған бала екен. 
Əдептілік – салтымыз, 
Əдептіні халқымыз 
Иманды деп сүйеді. 
Имнжүзді,киелі 
Халқымыздың бұл қызын – 
Қадірлейтін жұлдызын 
Бақытыма талайым  

Бала қылып алайын. 
Құт дарысын сөзімнен, 
Құда болып өзіңмен 
Құшағымды ашайын – 
Құда салтын жасайын. 
Құдайымдай сыйлайтын 
Құдам бол сен қимайтын… 
 
Алакөз бен шешен би – 
Алты алашқа көсем би 
Ойлап,əрі кемелдеп, 
Той жасады керемет: 
Көкпар,күрес,атжарыс, 
Көп,баршылық – мақтаныш, 
Əзілқой ел,жырқұмар, 
Əнші,күйші,жыршы бар… 
Жасыл жайлау төрінде – 
Жаныс,сиқым елінде 
Бүкіл қазақ жиналды, 
Жекжат-жұрат сыйланды. 
Данагүлдей балаң қыз 
Дандайсымай дана қыз, 
Шалқаймастан “жас” болып, 
Шаруаға бас болып, 
Ақыл қосып биге де, 
Алқажиын,үйде де 
Сүйеніші болыпты: 
Сүйер ісі молықты. 
Ақылды да ізетті: 
Арды Дана күзетті. 
Арттырып ой-санасын, 
Ардақтап ел баласын 
Бақыт болып еліне, 
Баянды боп еріне, 
Қыз ақылды,құлықты 
Қызық өмір сүріпті: 
Келін болып өр елде, 
Кемел ой мен өнерде 
Данагүлдің даналық 
Дара ісі  өнеге, 
Нұсқа болып қалыпты: 

Қуантыпты халықты. 
 
                        
                             
                             
БАБЫР  МЕН БАЙДА  АНА 
    
Ел билеген жасынан 
Бабыр –батыр,асыл жан: 
Құт боп Үнді еліне, 
Аграның төрінде 
Өзі өсірген бағында, 
Отыр алтын тағында. 
Қыран көзі оттанып, 
Қарағанда оқталып, 
Өзімшілге жетеді: 
Өңменінен өтеді. 
Жас баладай ұртына, 
Қарап қиғаш мұртына, 
Ел жастары сескенді – 
Ер бейнесін сес көрді.. 
Жиылған кең алаңға 
Қалың халық алаңдап, 
Қинады ой мазалап: 
«
Ханға қастық жасаған, 
Кім ол елге қас адам? 
Кім тартылар жазаға?»... 
Байда ана жұмсаған, 
Бақлұл аспаз ұу салған 
Астан бабыр уланып, 
Ауырғанда ұу дарып, 
Жүсіп емші – дəрігер 
Жүнжіп,болып əбігер 
Жазған еді амалдап… 
Барлаушы кеп алаңға, 
Бабыр ерді улатқан, 
Барлық елді шулатқан 
Жесір Байда кемпірді 
Жазалауға келтірді. 
Қаралы боп,күйініп, 
Қардан ақ тұл киініп, 
Қабағы тас түйіліп, 

Қайғылы ана қасқайды: 
Батылдантты бас қайғы. 
Бабыр
Сізді анам деп едім, 
Сіз үшін қам жеп едім,- 
Жасадыңыз қастандық, 
Бұл не деген асқандық? 
 
Байда тұрмай бұйығып, 
Сөз сөйлесе,бұйырып, 
Қайғысына шашалды – 
Қаһарланып,қасарды. 
 
Байда
Патшасы еді елімнің, 
Ыбырайым – ер ұлым 
Қаза тапты қолыңнан, 
Зор қылмысың,мол кінаң! 
Жетім менен жесірлер 
Қайтіп сені кешірер? 
Мен өлімге сайланғам, 
Мені ерлікке айдаған 
Жесірлердің көз жасы! 
Жетімдердің көз жасы! 
Аман қалдың ұуымнан,- 
Садаға боп ұлымнан, 
Өлсін деп ем,қанішер! 
Өкінтті мені зарлы шер. 
 
Бабыр
Жетіп ажал оқыста, 
Жеңілді ұлың  соғыста
Соғыс заңы – шайқаста, 
Жеңілген сол айқаста, 
Ыбырайым ұлыңыз 
Ел тонаған,біліңіз: 
Талап елдің байлығын, 
Елге сапты қайғы-мұң. 
Мен обырдың жиғанын 
Өз еліне сыйладым: 
Бақ өсірдім далаға, 

Бақыт əкеп қалаға, 
Ел бірлігін сақтадым, 
Ел байлығын сатпадым. 
 
Бастап қалың жиынды, 
Мəлікдот бек бұйырды: 
-
Берсін жөнді жауабын 
Тартсын қылмыс зауалын! 
-
Тілін кесіп алам!-деп, 
Ашуланды надан бек. 
Бабыр қолын көтерді: 

Сабыр! Бектер, жетер-ді. 
Болса да қанша дау-егес,- 
Аналар бізге жау емес. 
Адамдықты сақтайық, 
Анамызды сатпайық. 
Ана қорғар баласын,- 
Кім қорлайды анасын? 
Тапталмасын ана ары, 
Құрметтейік ананы!... 
Əбдікəрім – ер бегім, 
Бос кетпейді еңбегің: 
Қарт ананы мəңгі күт, 
Қайғыртпасын əңгі жұрт. 
 
Бабыр ақын,қаһарман 
Қайтты сөйтіп қаһардан. 
Адамдықты,ерлікті 
Үнді халқы көріпті: 
Еңбекшіл ел ерікті 
Ер соңынан еріпті: 
Хан Бабырға сеніпті. 
Ол  қорғапты елдікті. 
1-8.05.2008 
                             

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал