Әдеби сапарнама жанрының тууы мен қалыптасуы А. Е. Ментебаева



жүктеу 64.24 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2017
өлшемі64.24 Kb.

Әдеби сапарнама жанрының тууы мен қалыптасуы 

 

А.Е.Ментебаева, 

ф.ғ.к., доцент  

Қазақстан, Алматы 

 

 



Әдеби  байланыстар  жайын  сӛз  еткенде  кезең  тұрғыдан  алып  қарағанда  оның  ең 

алғашқы  сатысы  –  сапарнама  жанрынан  бастаған  орынды.  Әрине,  «сапарнама  жанры» 

деген әдеби ұғым кӛп кейін қалыптасты. Бұл  экономикалық, миссионерлік және т.б. басқа 

мақсатта  түрлі  елдерді,  мемлекеттерді  аралап  кӛрген  саяхатшылар,  миссионерлер, 

ғалымдардың  жазбаларындағы  әдеби,  тарихи  деректерді  қамтиды.  Мұндағы  деректердің 

әрине,  әдеби  құндылығынан  гӛрі,  тарихи  сипаты  басым.  Бірақ  дегенмен  әдеби 

байланыстың бастауы болып табылатындықтан оны да назардан тыс қалдырмаған дұрыс. 

Кейін  келе  ғалымдар  мен  ақын-жазушылар  іссапар  кезінде  мақсатты  түрде  жолжазба 

жазып отырған. Осы жолжазба очерктері де сапарнама жанрына жатады.  

Сапарнама  жанрының  алғашқы  үлгілерін  батыс  және  шығыс  елдерінен  бірдей 

кездестіруге  болады.  Мәселен,  шығыстанушы  ғалым  Ислам  Жеменей  ӛзінің  «Мырза 

Хайдар Дулаттың «Тарихи Рашиди» – әдеби жәдігер» атты зерттеу еңбегінде осы жанрда 

жазылған  Ибн  Батутаның  «Сапарнама»  еңбегін  сӛз  етеді.  Ибн  Батута  әйгілі  ғалым  және 

жағрафия ғылымының білгірі. Ол түрлі елдердің жағрафиялық ахуалын зерттеу үшін 1325 

жылы  солтүстік  Африкадан  басталған  сапарын,  1353  жылы  Маракеште  (Мароккода) 

аяқтаған. «Саяхатшы  ӛз  еңбегінде түркілердің тұрмыс тіршілігіне, мерекелік шараларына 

әрі  хандары  сӛйлеген  тілі  хақында  мәлімет  берген.  Ибн  Батутаның  «Сапарнамасында» 

түркі  халықтарының  мәдениеті  және  тілімен  қатар,  олардың  кӛрші  елдермен  саяси-

қоғамдық  қатынастары  туралы  кӛптеген  мағлұматтар  қамтыған.  Ибн  Батутаның 

«Сапарнамасындағы» мына тараулар бізді қызықтырады: «Түріктердің тұрмыс-тіршілігі», 

«Айт  мерекесінің  түркілер  арасындағы  дәстүрі»,  «Уағыздаушының  Моғол  ханымен 

қалжыңы», «Кебек ханның әділдігі – Ибн Батутаның Мауароннәһр сұлтанымен кездесуі». 

Бұл  тараулар  Моғолстанның  тұрмыс-тіршілігі,  тілі  мен  мәдениетіне  байланысты 

әжептәуір түсінік бере алады», - дейді ғалым [1, 44]. 

Ш.Қ.Сәтбаеваның  «ХІХ  және  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ-европа 

әдеби байланыстары», «Әдеби байланыстар» сынды еңбектері осы салада жасалған үлкен 

еңбектің нәтижесі.  

«Путешествие  –  это  литературный  жанр,  в  основе  которого  лежит  описание 

путешественником  (очевидцем)  достоверных  сведений  о  каких-либо,  в  первую  очередь, 

незнакомых  или  малознакомых  читателю  странах,  землях,  народах  в  форме  записок, 

заметок,  дневников,  очерков,  мемуаров»  [2,  5].  Әлемдік  әдебиеттану  ғылымында  әдеби 

сапарнама жанры екі түрі бар – шынайы және ойдан шығарылған (вымышленный). Әдеби 

сапарнаманың  бұл  екі  түрі  бірін-бірі  толықтыратын  ұғымдар.  Ең  алғашқы  шынайы 

сапарнама  Геродот  әңгімелерінен  басталады.  Қазірде  әдеби  сапарнаманың  жанрлық 

сипаты кӛп жаңарған. Мұндағы басты ерекшелік – мұндай жазбаларда авторлардың жеке 

кӛзқарастары мен менталитеті, психологиясы кеңірек баяндалады [2, 5].  

Европалықтардың  қазақ  елін,  сондай-ақ  қазақтардың  Европа  халықтарын  біліп-

танудың ӛзінше мол тарихы бар. Әдеби байланыс ешуақытта біржақты болмайды. Екінші 

жақтан, мейлі ол қарқынды дамымаған елдің әдебиеті болсын, сұраныс яки қызығушылық 

болмаса  әдеби  құбылыстар  мен  сюжеттер,  образдар  кіріге  алмайды.  Не  сұраныс,  не 

болмаса танымдық ұқсастық болуы шарт. Бұл әдеби байланыстардың бірінші шарты. Бұл 

пікірді  әдеби  байланыстарды  зерттеуші  ғалымдар  –  А.Веселовский,  Д.Дюришин, 

М.Маданова  да  қолдайды.  Мәселен  А.Веселовский  «Заимствование  предполагает 

встречную  среду  с мотивами или   сюжетами,  сходными  с  теми, которые приносились со 

стороны.  


…Заимствование  предполагает  в  воспринимающем  не  пустое  место,  а  встречное 

течение, сходное направление мышления, аналогичные образы фантазии», – дейді [3, 10].  

Әдеби сапарнама жанрының қалыптасуы жайлы Д.Дюришин былай дейді: «В связи 

с  вышеупомянутым  и  некоторыми  другими  проявлениями  внешних  связей  заслуживают 

упоминания  определенные  внелитературные  формы  отношений,  которые  могут 

приводить,  а  нередко  и  приводят  к  известному  сближению  в  области  литературы.  Мы 

обращаем  внимание  на  эти  моменты  не  потому,  что  приписываем  им  какую -то  особую 

важность  в  изучении  межлитературных  связей,  а  по  той  причине,  что  во  многих 

компаративистских  литературоведческих  работах  они  становятся  объектом  самого 

серьезного рассмотрения. Так, например, в уже приводившейся нами книге Клода Пишуа 

и  Андре  М.  Руссо  «Сравнительное  литературоведение»  мы  находим  такие  разделы,  как 

«Путешественники»  или  «Влияние  путешествий»  и  т.п.  где  довольно  широко 

рассматривается  роль  путешествий  и  путешественников  в  межлитературных  связях  и 

схождениях» [4, 112].  

Ш.Сәтбаева  халқымыздың  ежелгі  тарихының  кейбір  этнографиялық  және 

географиялық мәселелерін анықтай түсуге, рухани тіршілігіне тереңірек үңілуге Геродот, 

Птоломей, Менандр, Плано Карпини, Рубрук, Клавихо, Марко Поло, Страленберг, кейінгі 

Гумбольд,  Вамбери,  Реклю,  Томсен,  Кеннан,  Каруц  және  т.б.  атақты  шетелдік 

саяхатшылар  мен  ғалымдар  қалдырған  деректер  кӛп  пайдасын  тигізері  сӛзсіз  екендігін 

дәлелдеп береді.  

Жалпы әдеби сапарнама жанрының ертеден бастау алғандығы сӛзсіз.  Ертедегі грек, 

рим жазушылары мен ғалымдарының еңбектерінде жалпылама әрі аз болса да қазақ еліне 

қатысты жер, тау, қыр, ӛзен, кӛл,  қоныс, мекен,  ру, тайпа аттары, ондағы кәсіп,  тіршілік, 

мәдениет  сипаттары  кездесіп  отырады.  Мәселен,  кӛне  грек  ақыны  Гомердің  «Илиада» 

эпосында бұл  ел жылқы  ӛсірушілер  –  «Бие  сауушылар мен бие  сүтімен қоректенушілер» 

елі атанған екен.  

Кейінгі  еңбектерде  осындай  байланыстар  мен  қатынастарға  себеп  болған  алғашқы 

шетелдік  саяхатшылар  зерттеулерінде  олардың  жүріп  ӛткен  жолы,  күнделік-

жазбаларындағы  қазақ  елі  жайлы  кӛзқарас,  пікірлерін  талдай  отырып,  олардың  тарихи, 

әдеби маңызын кеңінен талданған.  

Зерттеушілердің  айтуынша  қазақ  жері  туралы  біраз  деректер  Батыс  елдеріне 

еуропалықтардың назарын ерекше аударған татар-монғол шабуылына, монғол үстемдігіне 

байланысты  мәліметтерден  алынған.  Монғолдардың  Батыс  Еуропа  елдеріне  жасаған 

жойқын  шабуылын  ұлы  хан  Угедейдің  қайтыс  болуы  ғана  тоқтатқандығы  тарихтан 

белгілі.  Осы  шабуылдан  қауіптенген  итальяндық  Папа  Иннокентий  монғолдарға  1245 

жылы  елшілік  жіберуді  ұйғарады.  1246  жылы  Плано  Карпини  бастаған  алты  монах 

Монғол  хандығына  барып,  хан  сарайында  болып,  кӛп  деректер  алып  қайтады.  Плано 

Карпини  осы  саяхатынан  соң  «Саяхат  тарихы»  деген  атпен  латын  тілінде  кітап  жазып 

шыққан.  Бұл  кітаптың  құндылығының  күні  бүгінге  дейін  жоғалмаған,  Рим,  Венеция, 

Амстердам, Иерусалим, Лондон, Париж, Санкт-Петербург баспаларында жарияланған. 

Бұл  кітапқа  Шоқан  Уәлиханов  та  назар  аударып,  саяхатшы  пікірлеріне  сүйенген 

тұстары  да  болған  еді.  Карпини  еңбегінде  кездесетін  қазақ  елі  жайлы  қарапайым 

деректердің бүгінде тарихи маңызы зор екені даусыз. 

Қазақ  даласы  жайлы  дерек  қалдырған  шетелдік  саяхатшылардың  бірі  ретінде 

фламандық  монах  Вильгельм  Рубрук  атауға  болады.  1253  жылы  Франция  королі  ІХ 

Людовик  Рубрукты  бас  етіп  монғолдарға  елшілік  жібереді.  Рубрук  ӛзінің  бұл  саяхатын 

кейіннен жеке кітап етіп шығарады. Ол ӛз кітабында қаңлы, найман, қыпшақтардың мекен 

еткен  жер  шамасын,  олардың  мал  бағушылық  кәсібімен  шұғылданғанын  айтады.  Мұнан 

кейінгі  саяхатшысы  ХІІІ  ғасырда  ӛмір  сүрген  ағылшын  ғалымы  Роджер  Бэкон  болды. 

Ағылшын  ғалымының  «Үлкен  шығарма»,  «Кіші  шығарма»  және  «Үшінші  шығарма»  деп 

аталатын еңбектерінде  Азия елдерінің тарихи-географиялық  суреттемелерін берген, және 

ол  монғол  хандықтарына  жіберілген  европа  елшілерінің  жазбаларымен  жақсы  таныс 



болған.  Тағы  бір  саяхатшы  әлемге  әйгілі  венециялық  Марко  Поло  (1254-1323).  Орыс 

ғалымы  И.Мушкетов  «барлық  уақыттар  мен  халықтардың  ұлы  саяхатшысы»  деп  атап 

кӛрсеткен  ол  1271-1291  жылдар  аралығында  су  жолымен  де,  құрлық  жолымен  де  бүкіл 

Азия елдерін аралап, 1298 жылы ӛзі кӛріп-білген жайттарды хатқа түсірген.  

Сондай-ақ  1410  жылдары  Алтын  Орда  тұтқынында  жүріп,  Едіге  жорықтарының 

біріне  қатысқан  боварлық  солдат  Ганс  Шильтбергердің  «Ӛмірбаян»  жазбалары  ХV,  тіпті 

ХVІ  ғасырларда  да  кӛп  оқылатын  болған.  Италияның  Венеция,  Генуэ,  Флоренция, 

Барселона  қалаларының  сауда  ӛкілдері  Азияға,  Қытайға  қазақ  жері  арқылы  ӛткен. 

Мәселен,  1335  жылы  флорентиндық  Пегалоттидің  ішкі  Азия  арқылы  Қытайға  баруға 

болатын  керуен  жолдарын  суреттеген  жол  сілтемесінде  (путеводитель)  Еділ  бойы  мен 

Үргенші,  Арыс  ӛзененің  Сырдарияға  құяр  жағалаулары,  Отырар  арқылы  жүретін  жолдар 

және қандай мүліктерді, азық-түліктерді жолға алу керектігі жазылған екен.  

Мұндай  саяси  немесе  экономикалық  мақсаттармен  Орта  Азиялық  аймақта  болып 

қайтқан,  бұл  жер  туралы  кӛптеген  мәліметтер  қалдырған  ӛзге  де  саяхатшылар  мен 

ғалымдардың  есімін  кӛптеп  мысал  етуге  болады.  Оларды  санамалап  ӛтер  болсақ, 

голландық саяхатшы Исбрант Идес, голланд георграфы әрі заңгері Николай Корнелисзен 

Витзе,  әйгілі  ағылшын  жазушысы  Даниэль  Дефо,  швед  офицері  подполковник  Филипп 

Иоганн  Табберт  фон  Страленберг,  атақты  француз  жазушысы  әке-Дюма,  француз 

жазушысы әрі әдебиет зерттеушісі Эжен Мельхиор де Вогюэ, және т.б.  

 Ежелгі  қазақ  жері  туралы  жалпылама  деректік  мәліметтер  беріп  ӛткен  бұл 

ғалымдар  мен  саяхатшылардың  еңбектері  күні  бүгін  тарихи  және  ғылыми  тұрғыдан  ӛте 

маңызды  деректер  болып  отыр.  Бұл  халықтар  мен  мәдениеттер  арасындағы  қарым-

қатынастың бір үлгісі болып табылады.  

Ал  ХІХ  ғасырда  әртүрлі  елдердің  бірін-бірі  танып-білу  тарихында  жаңа 

бетбұрыстар  мен  соны  ізденістер  белең  алды.  Кӛптеген  басқа  халықтармен  қатар  орыс 

әдебиетінде  де  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігі,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы,  кескін-кейпі, 

мақсат-мұраты  шыншылдықпен  бейнеленген.  Оған  мысал  ретінде  қазақ  халқының  ауыз 

әдебиетін  білуге  зер  салып,  оның  кейбір  эпос  сюжеттерімен  танысу  арқылы 

А.С.Пушкиннен  басталған  игі  дәстүр  В.А.Ушаковтың  (1789-1838)  «Қырғыз-Қайсақ» 

повесінде,  В.И.Дальдің  (1801-1872)  қазақ  ӛмірінен  алып  жазған  «Бикей  мен  Мәулене», 

«Майна» шығармаларымен жалғасқандығын айтуға болады.  

Ғалым  Ш.Сәтбаева  ХІХ  ғасырдың  екінші  ширегінде  жарық  кӛрген  «Қырғыз-

қайсақ» повесін орыс әдебиетіндегі қазақ тақырыбына жазылған алғашқы шығармалардың 

бірі  екендігін  ерекше  атап  ӛтеді.  Бұл  шығарма  1834  жылы  неміс  тіліне  аударылып, 

Лейпцигте  басылып  шыққан.  Бұл  да  қазақ  халқының  ӛзге  шет  елдерге  танылуының  бір 

жолы.  Себебі,  аталмыш  кӛркем  туындыда  қазақ  халқының  тұрмысы,  салт-дәстүрі,  әдеті, 

кәсібі, жер жағдайы, ұлттық психологиясы, дүниетанымы жайлы мол мәліметтер берілген. 

Қазақты  ӛзіндік  тарихы  мен  танымы  бар  қалыптасқан  ұлт  ретінде  танытуда  мұндай 

мәліметтердің айтары мол екені даусыз. 

Орыстың  кӛрнекті  жазушысы,  ғалымы,  қоғам  қайраткері  Владимир  Иванович 

Дальдың қазақ елі мен жерін танып-білуі, соның нәтижесінде дүниеге келген  «Бикей мен 

Мәулен»  повесі,  «Майна»,  «Түн  ортасы»  әңгімелері  мен  «Орал  қазақтары»  атты  очеркін 

ерекше  атап  ӛтуге  болады.  Ғалымның  қазақтар  жайлы  айтқан  мына  бір  пікірі  кӛңіл 

қуантарлық: «Қазақтар ӛнерге, білімге, ғылымға құштар. Тек соның бұлақ-бастауын ашсаң 

болды,  бұл  ұлтқа  тоқтау  жоқ.  Шіркін,  білім  бұлағының  қайнар  кӛзін  аршитын  пенде 

болса»,  дей  келе:  «...қазақ  жеріне  ӛттің  екен  әмияныңды  қалтаңа  салып  қой! 

Жылтылдатып тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі. Ал, мейман боп үйіне 

келдің екен – асы дайын. Шипалы қымызы және бар».  

1836  жылы  жарық  кӛріп,  орыстың  ұлы  сыншысы  Г.Белинскийдің  жоғары 

бағалауына  ие  болған  Дальдың  «Бикей  мен  Мәулен»  повесінде  қазақ  халқының  ӛткен 

ӛмірінің  тамаша  суреттері  берілген.  Бұл  шығарма  да  француз  тіліне  аударылып,  1845 

жылы Парижде басылып шыққан. Бұл шығарма қазақ тіліне де аударылды. 



Сол  сияқты  поляк  ақыны  Густав  Зелинский  (1809-1881)  1830-31  жылдардағы 

кӛтеріліске  белсене  қатысқаны  үшін  Тобылға  жер  аударылады.  Кейін  Есіл,  Тобыл 

ӛзендерінің  бойындағы  қазақ  ауылдарында,  Аякӛз,  Балқаш,  Жетісу  жерлерінде  болады. 

Сӛйтіп  қазақ  халқының  ӛмірі  жайлы  «Қазақ»  және  «Дала»  атты  романтикалық  поэмалар 

жазған.  «Қазақ»  поэмасы  неміс,  чех,  француз,  ағылшын  тілдеріне  аударылған,  22  рет 

басылып шыққан. Мұның ӛзі кӛп жайды аңғартады.   

Қазақ  әдебиеті  дамуының  тарихи  бел-белестері  мен  мол  сыр-сипаттарында 

мәдениетті ӛрістің тағы бір тамаша белгілері мен ерекшеліктері бар. Ол – әдебиетімізде ӛз 

ұлты кӛлемінен асып, сыртқы ӛзге елдер, шетелдер жайында әңгіме қозғау дәстүрі. Қазақ 

әдебиетінде  шетел  тақырыбы  әр  кезеңдерде  әр  түрлі  кӛркемдік  шешімдер  тауып,  әрлі 

бояулар туғызып отырғаны, сӛз ӛнерімізбен бірге жасасып келе жатқаны байқалады.  

Бұған Шоқан Уәлиханов зерттеулеріндегі кӛне грек эпосы «Илиада» мен «Одиссей» 

жайлы  деректер,  «Сот  реформасы  туралы  жазбасында»  Шекспирдің  «Гамлет» 

трагедиясын  мысал  етуі,  кӛне  орыс  әдебиеті  үлгілері  мен  кейіпкерлері  жайлы 

мағлұматтар;  Ыбырай  Алтынсариннің  халықаралық  кейіпкерлер  –  Александр 

Македонский,  Дәуіт,  Сүлеймен  туралы  ӛлең  шумақтарынан,  Англия,  Франция,  Америка 

елдерінің  ӛмір-тұрмыстарынан  алып  жазған  кейбір  әңгімелерінен,  кейбір  шетел 

авторларының  кітабын  оқу  процесіне  пайдалану  керектігін  айтып  жазған  хаттары  дәлел. 

Сондай-ақ «Шығысы батыс, батысы  шығыс боп кеткен»  Абай шығармашылығы да  қазақ 

әдебиетінің арғы-бергі тарихында маңызды рӛл атқарары сӛзсіз.         

Жоғарыда  айтқандарды  түйіндей  келе,  әдеби  сапарнаманың  тууы  мен  дамуының 

алғышарттары ретінде мыналарды атауға болады: 

1. Сауда-саттық қарым-қатынасы. Еуропалықтар Қытаймен сауда қатынасына  түсу 

мақсатында  Шығысқа  қарай  жол  салды.  Осының  негізінде  экономикалық,  мәдени,  әдеби 

байланыстар  қалыптасты.  Бұл  жайлы  Ш.Сәтбаева  мынадай  дерек  келтіреді:  «Быстрое 

развитие  торгового капитала в некоторых европейских странах привело к поискам новых 

рынков.  Стремление  предпринимателей  найти  кратчайший  путь  в  Китай  обратило  их 

взоры на Русь и сопредельные ей земли» [5, 22]. 

Бұл  деректі  дәлелдейтін  мәліметтер  Шоқан  Уәлиханов  еңбектерінде  де  кездеседі: 

«В середине века оседлость здесь сильно распространилась, особенно в Илийской долине. 

Города  Алмалык  (а  ныне  Туркестанское  селение),  Хонакай  и  Кайнак  (существующие  и 

теперь)  и  Алатау  (где  ныне  укрепление  Верное)  были  известны  по  своей  торговле  и 

служили  станциями  на  большой  дороге,  по  которой  ходили  генуэзские  купцы  в  Китай  и 

кипчакские послы к великому хану» [6, 94]. 

2.  Монғолдардың  әлем  халықтарын  жаулап  алуға  деген  ұмтылысынан  қорыққан 

батыс  елдері  миссионерлер  мен  саяхатшылар,  ғалымдарды  елшілікке  жіберіп,  кӛшпелі 

елдердің георграфиясы, тұрмыс салты, тіршілігін тануға тырысты. Ғалым Ш.Сәтбаева бұл 

жайлы  былай  дейді:  «Западная  Европа,  обеспокоенная  стремительными  завоеваниями 

монголов  и  установлением  на  пространстве  от  желтого  моря  до  Карпат  монгольской 

империи,  решила  завязать  сношения  с  ней  и  послать  туда  с  разведывательными  целями 

специальные миссии» [5, 15].   

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1

 



Жеменей  И.  Тарихи  Рашиди  әдеби  жәдігері//  Филол.ғ.д.  ғылыми  дәрежесін  алу 

үшін ұсынылған диссератция. –А. 2007. – 272 бет. 

2

 

Литературный  энциклопедический  словарь.  –  Москва:  Советская  энциклопедия, 



1987. – С. 512-513 

3

 



Жирмунский  В.  А.Н.Веселовский  (1838-1906)  //Вступительная  статья  в  изд.: 

А.Н.Веселовский.  Избранные  статьи.  –  Ленинград:  Художественная  литература,  1939.  – 

481 с. 


4

 

Дюришин Д. Теория сравнительного изучения литературы. – М.: Прогресс, 1975. – 



320 с. 

5

 



Сатпаева Ш.К. Казахско-европейские литературные связи  ХІХ и первой половины 

ХХ в. –А.: Наука, 1972. – 280 с. 



6

 

Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. –А., 1958. – 558 с. 



 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ
repository2014 -> Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж
repository2014 -> Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай
repository2014 -> Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева
repository2014 -> Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық туындылары – М.Әуезов аудармаларында
repository2014 -> Айтулы алаштанушы
repository2014 -> С. бегалин мұрасын жариялаудағы тұрсын жұртбай
repository2014 -> Мұратбек тоқТАҒазин әзілхан нұршайықов және қазақ журналистикасы

жүктеу 64.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет