Еңбек ардагерлерімен кездесу



жүктеу 13.41 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі13.41 Kb.

Еңбек ардагерлерімен кездесу 

 

  2013 жылдың 1 қарашасында агрономия факультетінде ұзақ жылдар 

бойы  аянбай  еңбек  етіп,  тер  төккен  еңбек  ардагерлерімен  кездесу  өтті. 

Мұндағы  мақсат - өскелең  ұрпаққа  өткенді  мұра  ету,  ұстаз  бен  шəкірт 

арасындағы байланысты нығайту болатын.  

  Кездесуге 16  еңбек  ардагерлері        қатысты.  Атап  айтар  болсақ, 

М.Ф.Брагина,  В.Ф.Должникова,  Н.С.Еркенбаев,  Б.З.Заханов,  Р.Х.Карипов, 

Ю.А.Лазник,  М.А.Искаков  М,  Қ.М.Сатова,  В.В.Титова,  Ю.И.Федорова,  

В.Г.Черненок,  Қ.Т.Омаров,  Ж.С.Құрманғалиев,  М.А.Нетесова,  

К.Т.Вершинина, Т.А.Ким.  

  Факультетте  биыл  ұйымдастырылған  бұл  кездесу  ерекше  əсерлі 

өтті.   Жастар  мен  ардагерлерді  байланыстыру  мақсатында  арнайы 

ұйымдастырылған  кездесудің  бағдарламасы  бірнеше  бөлімді  қамтыды. 

Бірінші  бөлімі  «Ал,  кəнекей,  сөйлесейік»  деп  аталатын  ток-шоудан  тұрды. 

Ток  –шоуда    еңбек  ардагерлері – Қ.Т.Омаров,  В.В.Титова    жəне  

Ю.И.Федорова    сахнаға  шақырылып  студенттердің  сұрақтарына  жауап 

берді. 

Бағдарлама  бойынша  еңбек  ардагерлері  əрі  қарай  музыкалық 



қабілеттері бойынша сынға түсті. Сондықтан бағдарламаның екінші бөлімі 

«Музыкалық  калейдоскоп»  деп  аталды.    Мұнда  музыкалық  эрудиция 

танытқан  Ю.И.Федорова,  В.В.Титова, К.Т.Вершинина, Қ.М.Сатова  ерекше 

көзге түсті 

 Атаулы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған   факультетіміздегі  

орман 


ресурстары 

жəне 


орман 

шаруашылығы 

кафедрасының 

оқытушылары 

Ж.С.Құрмағалиев, 

А.К.Джаксылыкова, 

А.С.Тасова,  

А.П.Муранец,  М.А.Нетесова,   А.Қ.Есмурзаева,  М.Такирова,  Т:Тохтыбай, 

А.Р.Түменбаева  болды.   

Бағдарламаның  басында  факультет  деканы  Серекпаев  Н.А. 

ардагерлердің  алдында  сөз  сөйлеп,  факультеттің  өткені  мен  бүгіні  жайлы 

қысқаша  есеп  берсе,  кездесудің  соңында  еңбек  ардагерлері  Ю.А.Лазник,  

К.Т.Вершинина,  Б.З.Заханов,     Н.С.Еркенбаев,  К.К.Аринов  жəне т.б. өз 

лебіздерін  білдіріп,  студенттерге  жəне  факультет  оқытушыларына  деген 

алғыстарын  жеткізді.  Əсіресе,  К.Т.Вершинина    «Родина  моя,  Казахстан» 

атты  өлеңін  əсерлі  орындағаны  сондай,  тіпті  кейбір  тыңдаушылардың 

жанарына жас үйірілді.  

Сөз  соңында  айтарымыз,  «бiр  əрiп  үйреткенге 40 жыл  сəлем  бер» 

дегендей  еңбек  ардагерлерінің  факультетке  сіңірген  еңбегі  ешқашан 

ұмытылмақ емес. Біз қашан да  ардагерлерімізге дендері сау, ғұмыр жасы 

ұзақ болғай деп тілейміз. 

 

  



 

 


 

                                

 

Вершинина К.Т. студенттерге өлең оқып тұрған шағы 

 

Студенттердің еңбек ардагерлеріне сый-сияпат жасауы 



 

Еңбек ардагерлерінен естелік 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал