Әбдірәсілқызы айнұР Қазіргі өзекті діни мәселелер астана – 2014


Сараптама қорытындысының пәрменділігін күшейту шаралары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

5. Сараптама қорытындысының пәрменділігін күшейту шаралары
Жоғарыда   санамаланған   кедергілерді   еңсере   отырып,   Агенттік 
тарапынан   дінтану   сараптамасының   теріс   қорытындысы   берілген 
әдебиеттердің ел аумағында таралуына жол бермеу бағытында өз құзыреті 
шегінде төмендегідей шаралар атқарылуда. 
1.   Агенттікке   құқық   қорғау   органдары   тарапынан   жолданған 
нысандарға дінтану сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда, 
аталған органдарға ілеспе хатпен қатар сараптама көшірмесі жолданады. Бұл 
оларға   дәлелді   негіздемелермен   дәйектелген   дінтану   сараптамасының 
қорытындысын   ары   қарайғы   процессуалдық   шешім   қабылдау   барысында 
тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
2.   Кедендік   бақылау   органдары   ел   аумағына   әкелінген   діни 
әдебиеттерді   Агенттікке   сараптамаға   тұрақты   түрде   жолдап   тұрады. 
Әдебиеттер мемлекеттік және орыс тілінде болған жағдайда оларға дінтану 
сараптамасы   жүргізілуде.   Теріс   қорытынды   берілген   әдебиеттердің   ел 
аумағына   енгізілуіне   тосқауыл   қою   шаралары   аталған   орган   тарапынан 
жүзеге асырылуда.
3.   Баспалар   тарапынан   кітап   немесе   қолжазба   түрінде   сараптамаға 
жолданған   нысандарға   Агенттік   тарапынан   теріс   қорытынды   берілген 
жағдайда,   бұл   факті   діни   әдебиетті   ары   қарай   басып   шығаруға,   көбейтіп 
таратуға   мүмкіндік   бермейді.   Атап   айту   қажет,   заң   нормаларын   түсіндіру 
бағытында   жүргізілген   жұмыстар   діни   әдебиеттерді   таратушы   заңды 
тұлғалардың   жауапкершілігін   күшейтуге   елеулі   ықпал   етіп,   аталған 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
4.   Жеке   тұлғалар   тарапынан   қолжазба   күйіндегі   діни   туындылар 
баспадан шығарылмас бұрын Агенттікке дінтану сараптамасына жолданады. 
Өйткені   баспалардың   басым   көпшілігі   діни   қолжазбаға   сараптама 
қорытындысының   болуын   талап   етеді.   Бұл   жағдайда   да   теріс   қорытынды 
нәтижесі қолжазбаның баспадан шығарылып, таралуына мүмкіндік бермейді. 
5. Ел азаматтары қатарынан діни туындыларды жазған авторлардың бір 
бөлігі   авторлық   құқықты   бекіту   мақсатында   туындыларын   ҚР   Әділет 
министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жолдайтыны белгілі. 
Аталған комитет арқылы Агенттікке дінтану сараптамасына жолданған діни 
туындыға   теріс   қорытынды   берілген   жағдайда,   осы   қорытынды   негізінде 
комитет   тарапынан   тиісті   ескертулер   беріліп,   туынды   авторға   тіркеусіз 
қайтарылады.
6. Діни және дінтанулық мазмұндағы оқулықтар, оқу бағдарламалары 
мен оқу стандарттары ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан баспаға 
ұсынылмас бұрын тұрақты түрде дінтану сараптамасына жолдануда. Оларға 
теріс қорытынды берілген жағдайда, көрсетілген кемшіліктер түзетіліп, қайта 
сараптауға   ұсынылады.   Дінтану   сараптамасының   оң   қорытындысы 
берілгеннен кейін ғана аталған нысандар қолданысқа енгізіледі.
7.   Қылмыстық   атқару   жүйесі   органдарының   түзету   мекемелеріндегі 
барлық   әдебиеттерге   Агенттік   тарапынан   талдау   жүргізіліп,   оларда 
55

республика   аумағында   таратуға   сот   шешімімен   тыйым   салынған 
әдебиеттердің жоқтығы анықталады және дінтану сараптамасынының теріс 
қорытындысы   берілген   әдебиеттер   кітапхана   қорларынан   алынды.   Түзету 
мекемелеріндегі   діни   әдебиеттердің   толық   тізімі   жасалып,   Қылмыстық 
атқару   жүйесі   комитетіне   дінтану   сараптамасынының   оң   қорытындысы 
берілмеген   әдебиеттердің   түзету   мекемелеріне   қабылдануына   шектеу   қою 
қажеттігі   жөнінде   тиісті   ұсыныстар   берілді.   Қазір   түзету   мекемелері 
тарапынан кітапхана қорына түскен немесе жеке азаматтар тарапынан түзету 
мекемелеріндегі   жазасын   өтеушілерге   жіберілетін   діни   әдебиеттер 
сараптамаға тұрақты түрде жолдануда. Теріс қорытынды берілген жағдайда 
аталған әдебиеттер пайдалануға және таратуға ұсынылмайды. Сонымен қатар 
Агенттік   тарапынан   түзету   мекемелері   кітапханаларын   дінтану 
сараптамасынының   оң   қорытындысы   берілген   дәстүрлі   әдебиеттермен 
толықтыру,   пайдалануға   ұсынылатын   әдебиеттер   тізімін   жасақтау   және 
оларды алу көздерін ұсыну шаралары да іске асырылуда.
8.   Діни   әдебиеттердің   таралуына   жол   берілетін   діни   бірлестіктер 
ғимараттары   мен   оларға   бөлінген   аумақта   және   діни   оқу   орындарында 
таратылатын әдебиеттерді қадағалау шаралары да ұйымдастырылуда. Соның 
ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын тарта отырып, мешіттер 
мен   медреселердің   кітапхана   қорында   бар   әдебиеттерді   дінтану 
сараптамасынан өткізу, пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер мен әдістемелік 
құралдар   тізімін   жасақтау,   соған   сәйкес   қорды   толықтыру   жұмыстары 
ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы шаралар әзірге исламдық діни бірлестіктер 
мен   діни   оқу   орындарын   қамтуда,   осы   тәжірибе   негізінде   басқа 
конфессияларға   қатысты   жалғасатын   болады.   Көрсетілген   жұмыстар 
барысында   дінтану   сараптамасының   теріс   қорытындысы   берілген 
әдебиеттердің   жоғарыда   аталған   мекемелерде   пайдаланылмауы   және 
таратылмауы назарға алынуда.
9.   Діни   бірлестік   жарғылары   мен   әдебиеттеріне,   миссионерлердің 
әдебиеттеріне   теріс   қорытынды   берілген   жағдайда   оларды   тіркеуден   бас 
тартылатыны   жөніндегі   норма   Заңда   көзделгендіктен,   жоғарыда 
айтылғандай, бұл жағдайда теріс сараптама қорытындысы құқықтық күшке 
ие болып, пәрменді құрал ретінде пайдаланылуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына 
дейін   893   діни   бірлестік   жарғысы   сараптамаға   ұсынылған   болса,   соның 
ішінде   18   жарғыға   теріс   қорытынды   берілгендіктен,   олар   тиесілі   болып 
табылатын діни бірлестіктер тіркеуден өткен жоқ. 
Бұлардың   барлығы   Агенттіктің   дінтану   сараптамасының   теріс 
қорытындысы   берілген   әдебиеттердің   ел   аумағында   қолданылмауы 
бағытында жүргізілген жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Аталған 
бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру және жетілдіру, сонымен қатар 
мәдениет   және   білім   мекемелеріндегі   кітапхана   қорларына   діни 
әдебиеттердің   түсуін   қадағалау   шараларын   жүйелендіру   арқылы   діни 
әдебиеттердің таралуына толық бақылау орнату – алдағы басты шаралардың 
56

қатарынан саналады. Бұл өз кезегінде мекемеаралық деңгейде кешенді түрде 
іс-қимыл жүргізуді қажет етеді.
Осы   орайда   Агенттік   тарапынан   маманданған   діни   баспалармен 
бірқатар жұмыстардың жүзеге асырылғанын атап айтқан жөн. Елімізде қазір 
«Мұсылман»,   «Насихат-М»,   «Көкжиек»,   «Азиат»,   «Кәусар-саяхат», 
«Түркістан»,   «Шам-Шариф»,   «Хикмет»,   «Ғибрат»,   «Ұлағат»,   «Ұлы   мұра» 
секілді   діни   баспалар   қызмет   атқаруда.   Агенттік   тарапынан   жүргізілген 
түсіндіру   жұмыстарының   нәтижесінде   аталған   баспалардың   діни 
әдебиеттерді баспадан шығармас бұрын сараптамаға жолдап отыруы жолға 
қойылды.   Ішінара   діни   әдебиеттер   шығаратын   басқа   баспалар   да 
(«Алматыкітап»,   «Дайк-Пресс»,   «Нұрлы   әлем»,   «АСТ-Полиграф», 
«КазПресс», «Таймас», т.б.) да осы үрдісті ұстануда. Сонымен қатар баспа 
өкілдерімен   өткізілген   түрлі   деңгейдегі   кездесулерде   оларға   өз 
мүмкіндіктерін   еліміз   үшін   дәстүрлі   болып   табылатын   ханафи   мазхабы 
классиктерінің   еңбектері   мен   осы   бағыттағы   әдебиеттерді   шығаруға 
жұмылдыру жөнінде ұсыныстар беріліп келеді.
Айтылғандармен   қатар   назар   аударылатын   ең   басты   бағыт   –   діни 
әдебиетті   және   діни   мазмұндағы   өзге   де   ақпараттық   материалдарды,   діни 
мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайлардағы әдебиеттерді 
қадағалау   болып   табылады.   Осы   мақсатта   республика   бойынша   235   кітап 
дүкені   арнайы   стационарлық   үй-жайлар   ретінде   белгіленген.   Тұрақты   үй-
жайлар қызметінің заңға сәйкестігі, олардағы діни нысандар саны, олардың 
дінтану   сараптамасынан   өткен-өтпегендігі   туралы   мәліметтер   жергілікті 
атқарушы органдардың есептерінде қамтылады. Дегенмен заңда тұрақты үй-
жайларда   дінтану   сараптамасының   оң   қорытындысын   алған   нысандардың 
ғана таратылатыны жөніндегі норма қамтылмағандықтан, діни әдебиеттердің 
сараптамадан   өткізілуін   міндеттеу   заңды   болып   табылмайды.   Бұл   орайда 
Агенттік және аумақтық Дін істері басқармалары тарапынан тиісті түсіндіру 
шаралары жүргізіліп, оларда тұрақты үй-жайлар қызметінің заңға сәйкестігін 
бекіте   түсу   мақсатында   дінтану   сараптамасынан   өткен   нысандарды   ғана 
таратудың жөн болып табылатынына назар аударылуда. 
Жоғарыда   аталған   жағдайлардан   басқа   әдебиеттерді   таратудың   кез 
келген   фактісі   заңсыз   тарату   болып   табылатыны,   оған   қатысты 
жауапкершілікке тарту шаралары тиісті заңнамалық нормалармен реттелгені 
белгілі. Соның негізінде ел аумағындағы діни әдебиеттердің таралуы белгілі 
бір дәрежеде реттелді және бақылау орнатылды деп санауға негіз бар.
6. Дінтану сараптамасының нәтижелері. Жанама мәселелер
2011-2013   жылдары   Агенттікке   аумақтық   департаменттерді   қоса 
алғанда   барлығы   24305   діни   нысан   сараптамаға   келіп   түсті.   Оның   ішінде 
5820   аталым   әдебиетке   сараптама   жүргізілді,   қалған   18485   дана   әдебиет 
қайталанып   түскен   нысандар   болып   табылады.   Сараптама   барысында 
барлығы 276 материалға теріс қорытынды берілді.
Жіктеп көрсетер болсақ, оң қорытынды алған дәстүрлі діни әдебиеттер 
саны – 1107 аталым, дәстүрлі емес діни бағыттағы әдебиеттер – 1357 аталым, 
57

осы екеуін қоса алғанда қайталанғаны – 17911 дана. Теріс қорытынды алған 
дәстүрлі емес діни бағыттағы әдебиеттер – 314 (231 аталым, қайталанғаны – 
83).   Дыбыстық-бейне   материалдар   –   715   (325   –   оң,   18   –   теріс,   375   – 
қайталанған). Қолжазбалар – 89 (80 – оң, 9 – теріс). Құрылтай құжаттары 
(жарғылар) – 893  (875 – оң, 18 – теріс). Оқулықтар («Өзін-өзі тану») – 195 
(79 аталым, қайталанғаны – 116). Оқу бағдарламалары, стандарттар – 4. Шет 
тіліндегі материалдар – 625 (559 – оң, 66 – теріс). Діни емес нысандар – 179. 
Ақаулы материалдар – 74. Мерзімді басылымдар – 839 дана.
Агенттік сонымен қатар діни-экстремистік және лаңкестік топтардың 
ақпараттық   кеңістігіне   шектеу   қою   үшін   діни   бағыттағы   ғаламтор-
ресурстарына бақылау жүргізіп отырады. 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 
Агенттік   тарапынан  5000-ға   жуық   ғаламтор   ресурсына   мониторинг 
жүргізіліп,   соның   ішінде   176   материалға   дінтану   сараптамасының   теріс 
қорытындысы   берілді.   Оның   45-інің   Қазақстан   аумағында   таратылуына 
тосқауыл қою жөніндегі тиісті сот шешімдері шықты.
Сараптама   жұмыстары   барысында   шетелдік   тәжірибені   игеру 
мүмкіндіктері   де   жүзеге   асырылды.   Агенттік   тарапынан   Сыртқы   істер 
министрлігіне сұрау салу арқылы алыс-жақын шетелдердегі тыйым салынған 
әдебиеттер мен діни бірлестіктер, басқа да ұйымдар тізімі, оларға қатысты 
мәліметтер алынып, жұмыс барысында пайдаланылды. Ресейлік сарапшылар 
тәжірибесі   негізінен   ғаламтор   ресурстарындағы   материалдар   арқылы   және 
ішінара дербес сарапшылармен байланыстар арқылы игерілді. 
Кедендік   одақ   елдерінің   біртұтас   экономикалық   аймақ   құруы   діни 
мазмұндағы әдебиеттердің белгілі бір бөлігінің алдағы уақытта да кедергісіз 
өтіп   отыруына   септесетіні   анық.   Осы   орайда   айта   кететін   бір   мәселе   – 
Еуразиялық   экономикалық   комиссия   тарапынан   Кедендік   одақ   елдерінде 
экстремистік мазмұндағы тыйым салынған діни әдебиеттердің ортақ тізімін 
жасақтау   шарасы   ұсынылып   отыр.   Әр   елдің   өзіндік   ішкі-сыртқы   саясаты, 
дербес   халықаралық   қатынастары,   мемлекеттік   тәжірибесі   бар   екенін 
ескерсек,   бір   елде   тыйым   салынған   діни   нысанның   екінші   бір   елде   оң 
мазмұндағы   әдебиет   ретінде   қабылдануы   қалыпты   жағдай.   Сондықтан 
экстремистік мазмұндағы тыйым салынған діни әдебиеттердің ортақ тізімін 
жасақтауда белгілі бір елдің тізімі негіз бола алмайды. Керісінше, Кедендік 
одаққа   қатысушы   елдердің   барлығында   бірдей   тыйым   салынған   діни 
әдебиеттерден ғана аталған тізім жасақталуы мүмкін. Мұның барлығы осы 
бағыттағы   байланыстарды   жетілдірудің   күн   тәртібінен   түспейтінін 
айғақтайды. 
Осы   орайда   дінтану   сараптамасының   жекелеген   ерекшеліктеріне 
қатысты кейбір жайттарға тоқталған жөн.
Қазақстан   мұсылмандары   діни   басқармасының   (ҚМДБ)   Сараптау 
комиссиясы   жүргізетін   діни   сараптама   мен   Агенттік   жүзеге   асыратын 
дінтану   сараптамасының   ерекшеліктері   мен   қолданылу   аясын 
түсінбеушіліктен   азаматтар   тарапынан   бірқатар   сауалдар   туындап   жатады. 
ҚМДБ   Жарғысының   12.3.   тармағында   аталған   бірлестіктің   Сараптау 
58

комиссиясы   мемлекеттік   мекемелердің,   діни   және   қоғамдық   ұйымдардың 
өтініші   бойынша   республикадан   тыс   жерлерден   әкелінген   немесе 
республикамызда   басылған   діни   әдебиеттерге   сараптама   жасап,   оларға 
жазбаша   қорытынды   беретіні   көрсетілген.   ҚМДБ   өз   құзіретіне   кіретін 
мәселелер   шегінде   ішкі   құрылымдық   реттеу   жұмыстарын   жүргізу 
мақсатында Сараптау комиссиясын құруға және оның қызметін жолға қоюға, 
соның   ішінде   діни   мазмұндағы   әдебиеттерге   қатысты   өз   пікірін   білдіруге 
құқылы.   Басқа   да   діни   бірлестіктерде   сәйкес   құрылымдардың   бар   екенін 
ескерген   жөн.   Мысалы,   Рим-католик   шіркеуінде   баспа   ісіне   қатысты 
«Богословская  комиссия» қызмет атқарады, ал Орыс православ шіркеуінің 
өңірлік   құрылымдарының   басшылары   діни   баспа   өнімдеріне   қатысты 
сарапшы міндетін қоса атқарады. 
Дегенмен   ҚМДБ   Сараптау   комиссиясының   діни   мазмұндағы 
әдебиеттерге   қатысты   қорытындысы   шешуші   пікір   бола   алмайды   және 
ҚМДБ Жарғысында да мұндай құзырет көрсетілмеген. Дінтану сараптамасын 
жүргізуге уәкілетті орган тек Агенттік болып табылатыны ҚР «Діни қызмет 
және   діни   бірлестіктер   туралы»   заңының   6-бабының   1-тармағында 
бекітілген.   Республикадағы   ең   көп   санды   мүшелері   бар,   тарихи   ролі 
танылған, дәстүрлі дін ілімін ұстанатын діни бірлестік ретінде ҚМДБ-ның 
діни   мазмұндағы   белгілі   бір   әдебиеттерге   қатысты   пікірі   қажет   жағдайда 
мемлекеттік мекемелер, діни және қоғамдық ұйымдар қызметінде қосымша 
мәлімет ретінде ескерілуі мүмкін, бірақ негізге алынбайды. Сонымен қатар 
ҚМДБ   Сараптау   комиссиясынан   өткен   кітаптарда   көрсетілетін   «ҚМДБ 
Сараптау   комиссиясы   мақұлдаған»   деген   мәлімдеме   де   аталған   діни 
бірлестіктің   көзқарасын   білдіреді.   Мұндай   әдебиеттер   Агенттікте   дінтану 
сараптамасынан   өтіп,   оң   қорытынды   алғаннан   кейін   ғана   ел   аумағында 
пайдалануға және таратылуға ұсынылады. 
«Дінтану   сараптамасын   жүргізу   қағидаларына»   сәйкес   Агенттік 
сараптама жұмыстары барысында қажет жағдайда діни бірлестіктердің дін 
саласының   білікті   маман   болып   табылатын   өкілдерін   теологиялық 
мәселелерге анықтама беру үшін кеңесші ретінде тарта алады. Өйткені діни 
мазмұндағы   әдебиеттерде   таласты   теологиялық   мәселелер   жиі   қозғалады. 
Мемлекеттік   орган   ретінде   діннің   ішкі   мәселелеріне   араласпайтындықтан, 
Уәкілетті   орган   теологиялық   тартысты   мәселелерден   туындауы   мүмкін 
салдарларды  ескеру үшін салалық маманның пікірін білуді назарға алады. 
Дінтану   сараптамасын   жүргізу   барысында   басқа   мәселелермен   қатар 
материал мазмұнында әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлтаралық, дiнаралық араздықты 
қоздыруға   бағытталған,   экстремизм   мен   терроризмге   шақыратын 
үндеулердің бар-жоқтығы сарапқа салынатындықтан, діни бірлестік өкілінің 
пікірі қосымша мәлімет ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл да өз кезегінде 
сараптама   жұмыстарының   нақты   қажеттілігінен   туындаған   үдеріс   болып 
табылады.
7. Қорытындылар мен ұсыныстар
59

Республикалық   деңгейде   жүргізілген   дінтану   сараптамасы   қажырлы 
еңбек   пен   орасан   зор   күш-жігер   нәтижесінде   бүгінгі   деңгейге   жетті.   Бұл 
деңгей   –   нормативтік-құқықтық   тұрғыдан   толығымен   қамтамасыз   етілген, 
сарапшыларды   біліктілігіне   сәйкес   іріктеу   үдерісі   қалыптасқан,   сараптама 
жүргізу   тәртібі   толық   айқындалып,   әдістемелік   тұрғыдан   белгілі   бір 
дәрежеде   жетілген,   сараптамадан   өткен   нысандардың   толық   мәліметтер 
базасы жинақталған, құжаттамалық қамтамасыз ету тәртібі жолға қойылған 
деңгей   болып   табылады.   Ал   жетілдіре   түсетін   бағыттар   ретінде 
төмендегілерді атап көрсетуге болады.
Ең бірінші және кезек күттірмейтін мәселе – сарапшыларға арналған 
әдістемелік   семинарлар   өткізіп,   Агенттік   базасында   сарапшылардың   білім 
жетілдіру   курсын   қалыптастыру,   курс   нәтижесінде   тиісті   құжаттар   беру 
арқылы   сарапшыларды   сертификаттау.   Бұл   сарапшылардың   білімін 
жетілдіріп,   тәжірибесін   шыңдап   қана   қоймайды,   олардың   сараптама 
жүргізуге деген құқығын кәсіби тұрғыдан бекіте түседі.
Екінші мәселе – дінтану мамандығы салыстырмалы түрде алғанда жаңа 
мамандық   болып   табылатындықтан,   дінтану   сараптамасы   саласындағы 
қызмет лицензияланатын қызмет түрлері қатарына енгізілмеген. Болашақта 
аталған   қызмет   түрін   лицензиялау   бағытында   жұмыстар   жүргізу   орынды 
болмақ. Мұның өзі оны орындаушыларға қойылатын талаптарды айқындай 
түсуге,   сараптаманың   тек   білікті   мамандар   тарапынан   жүргізіліп,   сапалық 
деңгейінің   көтерілуіне   және   дінтану   сараптамасын   құқықтық   тұрғыдан 
қамтамасыз етуді жетілдіре түсуге ықпал етеді. 
Үшінші   мәселе   халықаралық   тәжірибе   алмасу   шараларына   қатысты. 
Бұл   орайда   дінтану   сараптамасын   жүргізу   тәжірибесі   негізінен   Ресей   мен 
Қазақстан  елдеріне тән. Сондықтан  екі мемлекет арасында  өзара тәжірибе 
алмасуды нақты шаралар аясында жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырған 
жөн.   Қазір   дінтану   сараптамасын   жүргізуге   ТМД   елдеріндегі   басқа   да 
мемлекеттер   мүдделілік   таныта   бастағанын   ескерсек,   таяу   болашақта 
тәжірибе   алмасу   алаңы   ұлғаятыны   сөзсіз.   Стратегиялық   жоспарлардың 
кемінде   3   жыл   бұрын   жасақталатынына   сәйкес   осы   бағыттағы   болашақ 
шаралар қазірден көзделуі қажет. 
Төртінші   мәселе   –   алдағы   уақытта   кемінде   2   жылда   бір   рет 
«Сарапшыларды   іріктеу   жөніндегі   нұсқаулыққа»   өзгерістер   енгізіп, 
сарапшыларға   қойылатын   талапты   күшейте   түскен   жөн.   Мамандар 
тапшылығын   ескере   отырып,   барынша   жұмсақ   жасалған   бүгінгі   талаптар 
ертеңгі күнді қанағаттандырмайды. Сонымен қатар қазіргі дінтанулық білім 
қарқыны тұрғысынан алғанда таяу болашақта дінтанушы мамандардың саны 
көбейетіні   және   сапасы   да   артатыны   айқын.   Дінтану   мамандығы   тек 
бакалавриатта   ғана   емес,   магистратура   мен   докторантура   деңгейінде   де 
оқытылып   отырғанын   ескерсек,   ертеңгі   күннің   сарапшылығына   «жүзден 
жүйрік,   мыңнан   тұлпарды»   іріктеп   алуға   мүмкіндік   туатынына   күмән 
келтірмеуге болады. 
60

Бесінші мәселе – дінтану сараптамасының отандық тәжірибесін шашау 
шығармай   жинақтап,   сарапшы-ғалымдардың   ұсыныстары   мен   тікелей 
қатысуы   негізінде   «Дінтану   сараптамасын   жүргізу   жөніндегі   әдістемелік 
құралды»   жыл   сайын   жетілдіріп,   толықтырып,   қайта   шығарып   отыруды 
дәстүрге   айналдырған   жөн.   Мезгілінде   жинақталмаған   тәжірибенің   қайта 
жеміс   беруі   екіталай.   Сонымен   қатар   аталған   әдістемелік   құралды   қазақ 
тіліне аудару мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Дінтану сараптамасын 
әдістемелік тұрғыдан жетілдіріп, орнықтыру оған қатысты үстірт пікірлерді, 
соның   ішінде   оны   сот   сараптамасына   қосу   жөніндегі   идеяларды 
бейтараптандыруға мүмкіндік береді. 
Айтылғандардан   аңғарылатындай,   дінтану   сараптамасының 
республикалық   деңгейде   атқарып   отырған   нақты   қызметі,   діни   ахуалды 
реттеуде қоғамға елеулі пайдасы бар. Ол – уақыт талабынан туындаған, өз 
мүмкіндігін   дәлелдеген   және   өзін   ақтап   отырған   үдеріс.   Радикалды,   теріс 
пиғылды және экстремистік әдебиеттердің ел аумағында таралуының алдын 
алудағы   дінтану   сараптамасының   ерекше   маңызын   ескермеуге   болмайды. 
Сондықтан дінтану сараптамасын мемлекеттік тұрғыдан қолдау және жан-
жақты жетілдіру қажет. 
61

Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
Ислам   діні   қазақ   даласына   таралғаннан   бастап,   ғасырлар   бойы 
халықтың өміршең рухани-моральдық құндылықтарымен, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерімен   кірігіп,   дін   мен   дәстүр   бірлігін   құрады.   Өз   болмысында 
мораль мәселесіне баса мән беретін ислам діні рухани құндылықтарды пір 
тұтқан   қазақ   төлтума   руханиятымен   үндескенде,   дін   мен   дәстүрдің   асқақ 
адамгершілік   ұстанымдарға   негізделген   қайталанбас   бірегей   сұхбаты 
қалыптасты.
Қазақ салт дәстүрлері мен ислам дінінің астасуы жөнінде аз айтылып, 
аз   жазылып   жүрген   жоқ.   Ислам   діні   мен   қазақ   салт-дәстүрлері   арасында 
ғасырлар   бойы   орныққан   ашық   сұхбат   бар.   Ол   сұхбаттың   іргесін   кешегі 
атеистік қоғам – Кеңестер Одағы да ыдырата алған жоқ. Жаһандану үдерісі 
белең алған бүгінгі дәуірде өкінішке орай сол табиғи сұхбатқа сына қағып, 
шабуыл жасау фактілері кездесіп отыр. Мың жыл бойы халықтың өзімен бір 
жасасып келген, тұрмысына, санасына, болмысына сіңіп, рухымен тұтасып 
кеткен   дінді   қол   жетпес   күрделі   дүниеге   ұқсатып,   қилы-қилы   тәпсірмен 
түсіндіріп, халықтан қасақана алыстату үдерісі орын алуда. Қазақты исламға 
жаңа   кірген   ел   секілді   көрсетіп,   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   дәстүрді, 
ғұламалар   жүрген   жолды   мансұқтап,   қазақ   руханиятының   күре   тамырын 
қырқуға   бағытталған   арандатушы   әрекеттер   салдарынан   дәстүрлі 
құндылықтар күйреуге ұшырауда.
Қазіргі   ақпарат   кеңістігінде   ислам   діні   мен   қазақ   дәстүрлерін 
мәдениеттер   сұхбаты   мен   дүниетаным   үндестігі   аясында   қарастыруға   кері 
бағытталған мынадай тенденциялар байқалады:
- Исламға дейінгі жетістіктерді жоққа шығару.
- Қазақ салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарын терістеу.
- Қабір зияраты мәселесін ушықтыру.
- Кеңестік кезеңді рухани тұлдыр дәуір ретінде таныту. 
- «Тәңіршілдік» ағымы туралы жалған дақпырт тарату.
Каталог: uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
uploads -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет