Әбдірәсілқызы айнұР Қазіргі өзекті діни мәселелер астана – 2014


Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және 
өзекті мәселелері
Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған 
үрдістердің   бірі   дінтану   мамандарын   даярлау   болып   табылады.   Еліміздегі 
дінтану   мамандары   бакалавриат,   магистратура   және   докторантура 
деңгейлерінде даярланады. 
Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ.А.Ясауи  атындағы 
Халықаралық   қазақ-түрік   университетінде   «Дін   және   еркін   ойлау» 
мамандығының   ашылуынан   бастау   алады.   Қазір   дінтану   бакалаврларын 
еліміздегі Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану 
кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия 
ғылымдары   және   дінтану   кафедрасы,   Е.А.Букетов   атындағы   Қарағанды 
мемлекеттік   университетінің   Философия   және   мәдениет   теориясы 
кафедрасы, «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің Дінтану кафедрасы, 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану және 
теология   кафедрасы,  Шет   тілдер   және   іскерлік   карьера   университетінің 
дінтану факультеті даярлайды.
Қарағанды мемлекеттік университетінен өзге аталған оқу орындарында 
дінтану мамандығы бойынша магистратура ашылған. Әл-Фараби атындағы 
Қазақ   Ұлттық   университеті   мен   «Нұр»   Қазақ-египет   ислам   университеті 
дінтану мамандығы бойынша  PhD докторларын даярлайды. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «дінтану» мамандығына 
жыл   сайын   65   мемлекеттік   грант   бөлініп   келген   болатын.   2013-2014   оқу 
жылынан бастап, оқу гранты 77-ге көбейтілді. Жекелеген оқу орындары өз 
гранттары   арқылы   дінтанушылардың   белгілі   бір   бөлігінің   ақысыз   білім 
алуын қамтамасыз етуде. 
«Дінтану» мамандығын оқыту үдерісі барлық оқу орнында мемлекеттік 
білім   стандарттарына   сәйкес   бекітілген   бағдарлама   бойынша   жүреді. 
Дегенмен   оқу   үдерісінде   бірізділіктің   сақталмауына   төмендегідей   жайттар 
әсер етуде:
- негізгі оқу құралдары мен қосымша әдебиеттердің әр алуан болуы;
- оқытушылардың дайындық деңгейінің әркелкілігі;
- кафедралардың мамандандыру бағдарының әртүрлілігі.
Дінтану пәнінің оқу әдебиеттерінің санаулы болуы, негізінен орыс тілді 
және Қазақстанда емес, алыс-жақын шетелдерде даярланған әдебиеттерден 
құралуы,   еліміздегі   нақты   діни   ахуал   ерекшеліктерін   қамти   алмауы,   дін 
мәселелеріне қатысты объективті көзқараспен емес, көбіне атеистік тұрғыдан 
жазылуы   салдарынан   идеологиялық   жүйелілік   пен   логикалық   бірізділік 
қалыптаспай отыр.
Оқытушылар   құрамына   қатысты   негізгі   мәселе   дінтану   мамандығы 
бойынша   базалық   пәндерден   дәріс   беретін   ұстаздардың   көпшілігінің 
философия,   мәдениеттану,   т.б.   сала   мамандары   болуында.   Аталған 
39

ұстаздардың діни қатынастар саласында да біршама тәжірибелері қалыптаса 
бастағанымен, базалық білімдерінің өзге саладан болуы дінтану пәнінің өз 
деңгейінде   оқып-үйренілуіне   мүмкіндік   бермейді.   Дегенмен   соңғы   екі-үш 
жыл   көлемінде   дінтану   магистрлерінің   даярланып,   жоғарғы   оқу 
орындарында дәріс бере бастауының игі ықпалы байқалады. 
Дінтану   кафедраларының   бірқатар   оқу   орындарында   философия 
ғылымдары, мәдениет теориясы, теология мамандықтарын қатар алып жүруі 
аталған бағыттарға белгілі бір дәрежеде бейімділікті аңғартады. Бұл, әрине, 
мамандану үдерісінің кемшілігі емес, өзіндік ерекшелігі деп тануға болатын 
жайт.   Дегенмен   кафедраларға   топтасқан   ұстаздардың   бейіндік   бағыты 
дінтану пәніне деген өзіндік көзқарас пен оқыту әдістемесін айқындайтыны 
белгілі.   Сондықтан   әр   алуан   кафедралар   аясында   топтасу   дінтану 
мамандығын   оқыту   үдерісінде   тұжырымдамалық   бірізділіктің   болмауына 
алғышарт жасайды. 
Дінтану   пәнінің   отандық   мамандар   жетіспейтін   жекелеген   оқу 
бағдарламаларын оқыту үшін қазір шетелден мамандар шақыру үдерісі жолға 
қойылған.   Бұл   үдерістегі   негізгі   қиыншылықтар   шақырылатын   маманның 
мемлекеттік немесе орыс тілін игермеуі, аудиторияның ағылшын тіліне жетік 
болмауы   салдарынан   оқу   үдерісінің   созылмалы   сипат   алып,   қиындықпен 
игерілуіне байланысты болып келеді. 
Аталған мамандықты игертудегі қиындықтардың бірі ретінде ұстаздар 
талапкерлерді іріктеуге қойылатын ұпай санының төмендігін атап көрсетеді. 
Дінтану   пәнінің  түсу   ұпайының  төмендігі  салдарынан   жоғары  білім  алуға 
талаптанған   бірқатар   ұпайы   төмен   үміткерлер   кез   келген   бір   мамандық 
бойынша оқуға түсу мақсатында осы пәнді таңдайды. Бұл онсыз да күрделі 
бағдарламаны   игеруде   ықылассыздықтың   қосылып,   жалпы   аудиторияның 
деңгейін төмендетуге алып келеді. 
Жалпы   дінтанудың   өзі   бастапқыда   пән   ретінде   батыс   елдерінде 
теологияға қарсы көзқарастар негізінде қалыптасқаны белгілі. Аталған пәнді 
қалыптастыру   мен   дамыту   үдерісінде   бірте-бірте   екі   жетекші   бағыт 
қалыптасты. Бірінші бағытты ұстанушылар дінтануды дін туралы (сырттай) 
оқытатын пән ретінде қабылдаса, екінші бағыттағылар дінтануды дін арқылы 
(теологиялық   тұрғыдан)   оқытатын   пән   ретінде   қабылдайды.   Қазақстандық 
білім стандарттарында дінтану дін туралы (сырттай) оқытатын пән ретінде 
негізделген,   ал   жалпы   оқыту   үдерісінде   ұстаздар   қауымының   діни   және 
дінтанулық білімді ұштастыру мүмкіндігіне қарай екі көзқарас аралас көрініс 
тапқан   деуге   болады.   Бұл   ең   алдымен   дінтану   пәнін   оқытуға   деген 
мемлекеттің   тұжырымдамалық   көзқарасының   айқындалмауының   салдары 
болып табылады. Осы орайда дінтану пәнін оқытуда ненің мақсат етілетіні, 
оның қандай пән болуы қажеттігі мемлекет тарапынан нақтылануға тиіс.
Дінтану   мамандарын   даярлауда   қазір   «дінтанушы   –   дінтану   пәнінің 
оқытушысы»,   «дінтанушы   –   ислам   теологиясы   бойынша   сарапшы», 
«дінтанушы – христиан теологиясы бойынша сарапшы», «дінтанушы – жаңа 
діни ағымдар бойынша сарапшы», «дінтанушы – мемлекет-дін қатынастары 
40

бойынша   сарапшы»   бейіндік   бағыттары   қалыптасқан   Аталған   мамандану 
бейіндері   негізінен   Қ.А.Ясауи  атындағы   халықаралық   қазақ-түрік 
университеті   мен   әл-Фараби   атындағы   Қазақ   Ұлттық   университетінде 
толығымен   қамтылған.   ҚазҰУ-де   сонымен   қатар   дінтану   магистранттары 
болашақта   өндіріске   жіберілетін   бейіндік   бағыт   бойынша   және   ғылыми 
қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми-
педагогикалық бағыт бойынша даярланады. 
Болашақ   дінтану   бакалаврларын   жұмыспен   қамту   үшін   оларды 
мамандандырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру қажет. 2012 жылы бітірген 
дінтану бакалаврларының жұмыспен қамтылу көрсеткіштеріне назар салсақ, 
16 бітіруші магистратурада білімін жалғастырса, 137 бітіруші өз мамандығы 
бойынша   немесе   шектес   салаларда   жұмысқа   орналасқан,   35   бітіруші   өзге 
салаларда қызмет атқаруда. Елімізде дінтанушыларға деген үлкен сұраныс 
бар болғанымен, дайын кадрлық ресурсты, әсіресе, орта білім беру жүйесінде 
тиімді пайдалану мүмкіндігі шектеулі.
Қазір орта мектептегі «дінтану негіздері» пәні 9-сынып үшін міндетті 
және баға қойылатын факультатив пән ретінде бекітілгені белгілі. Дегенмен 
аталған пәннің сағат саны өзгеріссіз қалып отыр. Дінтану пәнінің апталық 
жүктемесі   –   1   сағат,   жылдық   жүктемесі   –   34   сағат.   Ал   орта   мектеп 
мұғалімінің   бір   штаттық   мөлшерлемесі   бойынша   бекітілген   апталық 
жүктемесі – 18 сағат, жылдық жүктемесі – 612 сағат. Яғни дінтану пәнінің 
қазіргі   сағат   саны   мектеп   мұғалімінің   0,25   мөлшерлемесін   де   (мұндай 
мөлшерлемемен   мұғалімнің   жұмысқа   алынуы   мүмкін   еместігін 
ескермегенде)   құрай   алмайды.   Бұл   жағдайда   дінтанушы   маман   тек   тоғыз 
бірдей   параллель   сынып   оқитын   мектепте   ғана   0,5   жүктемемен   жұмысқа 
қабылдануы   мүмкін.   Мұндай   мектептер   ел   аумағында   санаулы   ғана. 
Сондықтан   дінтанушы   мамандардың   орта   мектепте   қызмет   атқарып,   өз 
әлеуетін тиісті орнына пайдалануы үшін дінтану пәнінің сағат санын көбейту 
немесе оны басқа да сыныптардың бағдарламаларына енгізу арқылы тұрақты 
жұмыс орындарын қалыптастыру мәселесін шешу қажет. Бұл орайда мектеп 
оқушыларының   бір   бөлігі   9-сыныптан   кейін   техникалық-кәсіптік   оқу 
орындарына кететіндігін ескеріп, олардың дінтану негіздерінен жүйелі білім 
алуына мүмкіндік беру үшін аталмыш пәнді 8-9-сыныптарға енгізген жөн. 
Дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту еліміздегі қазіргі діни ахуал 
және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында да өте маңызды. 
Орта   мектепте   дінтану   бағытында   жүйелі   әрі   сапалы   білімнің   берілуі 
болашақта   еліміздің   ішкі   тұрақтылығына   септігін   тигізетіні   сөзсіз. 
Сондықтан   аталған   пәннің   сағат   санын   көбейту   мәселесіне   мүмкіндігінше 
тереңірек маңыз берген жөн.
Дінтанушы   мамандарға   қосымша   мамандық   беру   мүмкіндігін 
қарастыру   да   осы   мәселені   шешудің   екінші   бір   тетігі   болмақ.   Қазір   орта 
мектептерде   тәжірибе   жүзінде   дінтану   пәнін   тарихшылардың   жүргізуі 
қалыптасқан.   Осы   жағдайды   және   аталған   пәндердің   салалық   шектестігін 
ескере   отырып,   дінтанушыларға   «дінтанушы-тарихшы»,   «дінтанушы-
41

педагог»   қос   мамандығын   беру   мүмкіндігін   қарастыру   қажеттігі   жиі 
көтерілуде. Осы орайда аталмыш мәселенің екінші қырына да назар аудару 
қажет. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында дерлік тарих кафедралары 
тарихшы-педагогтарды даярлайтыны белгілі. Тарих пәні орта мектепте 5-11 
сыныптар   аралығында   көлемді   сағаттық   жүктемемен   оқытылады.   Осыны 
ескере   отырып,   болашақ   тарихшы-педагогтарға   дін   тарихын,   дінтану 
негіздерін   тереңдете   оқыту   арқылы   «тарихшы-дінтанушы»   мамандығына 
бейімдеп даярлау анағұрлым нәтижелі әрі оқыту үдерісі тұрғысынан тиімді 
болатыны   даусыз.   Ал   арнайы   даярланатын   дінтанушы   мамандарды   нақты 
сұраныстарды   зерделей   отырып,   өндірістік   және   ғылыми-педагогикалық 
бағыттарға бакалавриат кезеңінен бейімдеген жөн.
Қазіргі   «дінтану   негіздері»   пәнін   жүргізетін   тарихшы   мұғалімдерді 
қайта   даярлау   небәрі  24  сағаттық   курс   көлемінде   жүргізілетіні,   бұған 
қосымша   мұғалімдердің   жергілікті   атқарушы   органдар   тарапынан 
ұйымдастырылған   екі-үш   күндік   семинар-тренингтер   аясында   білім 
жетілдіретіні белгілі. Басқа уақыттарда мұғалімдер көбіне өз бетінше білім 
жетілдіруге,   қолына   түскен   әдебиетпен   қанағаттануға,   негізгі   мәселелерге 
жауапты ғаламтор материалдарынан іздеуге мәжбүр. Сондықтан кемінде 1 
айлық   толыққанды   бағдарламаны   қамтитын   білім   жетілдіру   курстарын 
ұйымдастырып,   әдістемелік   және   хрестоматиялық   әдебиеттерді   даярлау 
арқылы   білім   жетілдіру   курстарының   деңгейін   көтеру   қажет.   «Дінтану 
негіздері»   пәнін  жүргізетін   мұғалімдердің   әдістемелік   мәселелерді   кеңінен 
талқылауына, өзара ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін орталар (ғаламтор 
сайттары, парақшалары, әдістемелік журналдар) қалыптастырған жөн.
Елімізде   2009   жылдан   бастап   Түркістан   қаласындағы   Қожа   Ахмет 
Ясауи атындағы университетте «теология» мамандығы бойынша діни және 
дінтанулық   салаларды   астастырған   жоғары   білім   беріле   бастады.   Бұл 
мамандықтың   ерекшелігі   –   дінді   тек   сырттай   талдау,   бағалау,   пайымдау 
арқылы тану және танытумен шектелмей, діндердің ішкі болмысын зерделей 
оқытатын   курстардың   үлес   салмағы   басым   болуында.   Дін   ұстанушының 
сана-сезімінің   динамикасын   зерттейтін,   түсіндіретін   пәндер   тағылымын 
тәжірибемен ұштастыруға, дінтану ғылымын өз кезегінде екінші бір шетін 
көзқарас   болып   табылатын   атеизм   ұстанымдарымен   біржақты 
қаруландырудан   сақ   болуға   мүмкіндік   беретін   аталған   мамандықтың 
еліміздің діни және дінтанулық білім жүйесінде өзіндік орны болары сөзсіз. 
Қазіргі кезеңде болашақ отандық теологтардың алғашқы буыны соңғы курста 
білім   алуда.   «Теология»   мамандығы   бойынша   2012   жылы   мемлекет 
тарапынан 10 грант бөлінген болса, 2013 жылы 22 оқу гранты бөлінді. 
«Исламтану»  мамандығының   дербес   қалыптасуы  Қазақстандағы   діни 
және   дінтанулық   білімнің   өзіндік   ерекшелігі   болып   табылады.   Аталған 
мамандық «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің Исламтану кафедрасы 
базасында даярланады. Исламтану мамандығының дербес оқу стандарты бар, 
ол исламтанушы мамандарды, ислам дін қызметкерлерін, ғылыми кадрларды 
даярлауға бағытталған. Бұл мамандық бойынша бакалавриат, магистратура 
42

және   докторантура   деңгейлерінде   білім   беріледі.   Мемлекет   тарапынан 
«исламтану» мамандығы бойынша 2011-2012 оқу жылына – 100 грант, 2012-
2013 оқу жылына – 100, 2013-2014 оқу жылында 150 грант бөлінді, 2014-2015 
оқу жылында 200 грант бөлу жоспарланған. 
2011 жылдың 23 қарашасында университеттің Қазақстан және египет 
тараптарының   өкілдерінен   тұратын   Қамқорлар   кеңесінің   4-отырысы 
өткізілді.   Отырыс   хаттамасында   университет   атауын   «Нұр»   Қазақ-египет 
ислам   университеті»   деп   өзгерту,   университет   құрылымына   өзгерістер 
енгізіп, жаңа факультеттер құрып, тиісті кафедралар ашу, діни мамандықтар 
қатарын кеңейту мәселелері қарастырылды. 
Жоғарыда   аталған   дінтану,   теология   және   исламтану   пәндерінің 
базалық бағдарламалары белгілі бір дәрежеде бірін-бірі қайталайды. Әсіресе 
теология   және   исламтанудың   мамандық   пәндерінде   айырмашылық   өте   аз. 
Бұл   да   аталған   мамандықтардың   арақатынасы   мен   негізгі   бағыттарының 
біртұтас   мемлекеттік   көзқарас   тұрғысынан   жеткілікті   дәрежеде 
жүйеленбегендігін аңғартады. Осы орайда дінтанушы ғалымдардың аталған 
мамандықтарды   біріктіріп,   ортақ   әмбебап   стандарт   қалыптастыру   жөнінде 
ұсыныстарының да негізсіз еместігін назарға алған жөн.   
Отандық   білім   жүйесіндегі   2013   жылғы   жаңалықтардың   бірі 
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «дінтану», «теология» және 
«шығыстану»   мамандықтарына   грант   бөлінгендігі   болып   отыр.   Бұл   қадам 
отандық мамандардың діни және дінтанулық білім саласындағы біліктілігін 
арттырып, әлемдік тәжірибемен жете танысуға септігін тигізері анық. 
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстандағы дінтанулық білім бағыттылығы 
жөнінен бірізділендіруге, мазмұны тұрғысынан байытылуға тиіс. Дінтанулық 
білімнің   динамикалылығын   арттыру,   қасаң   көзқарастардан   арылту, 
тәжірибелік   курстар   санын   көбейту   шараларын   жүзеге   асыру   нәтижелі 
болмақ.   Діни   және   дінтанулық   білім   бағыттылығы   жөнінен   бір-бірінен 
ажыратылғанымен,   түпкі   мақсаты   бір.   Ол   –   дін   туралы   түсінікті   дұрыс 
қалыптастыруға,   шетін   көзқарастардан   сақ   болуға,   өзге   діндер   мен 
сенімдерге құрметпен қарауға, дәстүрлі рухани құндылықтарды қадірлеуге, 
«имандылық»   ұғымын   дұрыс   түсінуге   және   бағалай   білуге   жетелеу. 
Сондықтан   заман   талабына   сәйкес   діни   және   дінтанулық   білімнің   ортақ 
мақсатқа тиімді түрде бірлесе қызмет етуінің жан-жақты мүмкіндіктерін жете 
қарастырған жөн.
Осы   орайда   мынадай   тұжырымдалған   ұсыныстарды   енгізуді   жөн 
санаймыз:
- дінтану  пәнінің мақсаты  мен міндеттері,  оқу  бағыты  мен мазмұны 
мемлекеттік   көзқарас   тұрғысынан   тұжырымдамалық   негізде   айқындалуы 
қажет.   Соның  негізінде   дінтану  пәнінің  оқу   бағдарламасы  қайта   жасалып, 
оқу-әдістемелік кешені жаңа мазмұнда жазылуға тиіс;
-   болашақ   тарихшы-педагогтарға   дін   тарихын,   дінтану   негіздерін 
тереңдете   оқыту   арқылы   «тарихшы,   қосымша   мамандығы   бойынша 
дінтанушы» мамандығына бейімдеп даярлау тетіктерін қалыптастыру қажет;
43

-  жалпыға   бірдей   білім   беретін   орта   мектептердің   9-сыныбында 
факультатив   ретінде   оқытылатын   «Дінтану   негіздері»   пәнінің   атын   уақыт 
талабына сай қоғамтанулық мазмұнын жетілдіру мақсатында «Зайырлы этика 
және   дінтану   негіздері»   деп   өзгерту,   аталған   пәнді   8-9-сыныптарға   енгізу 
және   оқу   бағдарламасы   мен   оқу-әдістемелік   кешенін   қайта   даярлау 
мүмкіндіктерін қарастыру керек;
-   «Зайырлы   этика   және   дінтану   негіздері»   пәнін   жүргізетін 
мұғалімдерге   арналған   1   айлық   білім   жетілдіру   курстарын   ұйымдастыру, 
әдістемелік   және   хрестоматиялық   әдебиеттер   даярлау,   «Дінтанушы» 
ғаламтор   сайтын,   «Дінтану»   ғылыми-әдістемелік,   танымдық   журналын 
ұйымдастыру қажет;
- болашақ дінтанушы мамандарды оларға деген нақты сұраныстарды 
зерделей   отырып,   өндірістік   және   ғылыми-педагогикалық   бағыттарға 
бейімдеп даярлау тетіктерін жетілдіру қажет;
-   дінтану,   теология   және   исламтану   пәндерінің   базалық 
бағдарламаларын   қайта   қарау,   салғастырып,   жүйелеу,   қажет   жағдайда 
аталған   мамандықтарды   «дінтану»   әмбебап   стандарты   аясында   біріктіру 
мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
44

Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
1. Дінтану сараптамасын құқықтық қамтамасыз ету тәжірибесінен
Қазақстандағы дінтану сараптамасын жүргізу тәжірибесі 2007 жылдан 
бастау   алады.   Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   «Дінтану   сараптамасын 
жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қаңтардағы №70 қаулысы 
осы бағытта қабылданған алғашқы құжат болатын. Аталған қаулыға сәйкес 
бұрын   Әділет   министрлігінің,   бертінде   Мәдениет   және   ақпарат 
министрлігінің   қарамағында   қызмет   атқарған   Дін   істері   комитеті   дінтану 
сараптамасын жүргізіп келді. 
2011 жылдың мамыр айында ҚР Дін істері агенттігі дербес мемлекеттік 
орган   ретінде   құрылғаннан   кейін   дінтану   сараптамасын   жүргізу   құзіреті 
Агенттікке   берілді.   Бұл   құзіреттілік   Қазақстан   Республикасының   2011 
жылдың   11   қазанындағы   «Діни   қызмет   және   діни   бірлестіктер   туралы» 
заңымен бекітілді. 
Дінтану   сараптамасының   заң   деңгейіндегі   нормативтік   құжатта 
белгіленуі оның қоғам өміріндегі маңызының артуымен тікелей байланысты 
болды.   Баршаға   белгілі,   еліміз   тәуелсіздік   алғаннан   кейін   Қазақстанның 
конфессиялық кеңістік құрылымы айтарлықтай өзгерді. Жаңа діни ахуалдың 
қалыптасу жағдайында діни бірлестіктер саны күрт ұлғайды. Ел аумағында 
шетелдік   миссионерлердің   іс-әрекеті   қарқын   ала   түсті.   Діни   сенім 
бостандығын   өз   мүдделеріне   пайдаланып,   үгіт-насихатын   күшейте   түскен 
теріс   пиғылды   діни   ағымдар   да   аз   болған   жоқ.   Радикалды   ағымдар 
идеологиясын   насихаттайтын   жат   мазмұндағы   әдебиеттер   елімізде   тарала 
бастады. 
Осының барлығы дін туралы заңнаманың жаңа заман талабына орай 
жетілдірілуін,   күшейтілуін   талап   еткендіктен,   Агенттік   тарапынан 
дайындалған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, 
қолданысқа енгізілді. Мезгілі жеткен мәселе ретінде дінтану сараптамасы да 
аталған   заңда   жеке   бап   ретінде   қамтылды.   Осы   заң   негізінде   2012-2013 
жылдары   Агенттік   тарапынан   дінтану   сараптамасына   қатысты
 
төмендегі 
нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан 
Республикасы   Үкіметінің   кейбір   шешімдерінің   күші   жойылды   деп   тану 
туралы» қаулысы ;
- Агенттік Төрағасының 22.08.2012ж. № 86 «Қазақстан Республикасы 
Дін   істері   агенттігінің   аумақтық   органдары   жанындағы   Сараптамалық 
топтардың ережесін және Сараптамалық топтардың құрамын бекіту туралы» 
бұйрығы;
-   Агенттік   Төрағасының   4.10.2012ж.   №   103   «Дінтану   сараптамасы 
қорытындыларының үлгілерін бекіту туралы» бұйрығы;
45

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылдың 15 қазанындағы 
№ 
1311   «
Діни   қызмет   саласында   мемлекеттік   қызмет   көрсету   стандарттарын 
бекіту туралы» қаулысы;
-  
Агенттік Төрағасының  
30.10.2012ж. № 112  
«Дінтану  сараптамасын 
жүргізетін   сарапшыларды   іріктеу   жөніндегі   нұсқаулықты   бекіту   туралы» 
бұйрығы (
Әділет министрлігінде 24.11.2012ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу 
№ 8116);
-  
Агенттік Төрағасының  
07.12.2012ж. № 124  
«Дінтану  сараптамасын 
жүргізу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы; 
- Агенттік Төрағасының  
30.10.2012ж. № 112  
«Дінтану  сараптамасын 
жүргізетін   сарапшыларды   іріктеу   жөніндегі   нұсқаулықты   бекіту   туралы» 
бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының 
бұйрығы (
Әділет министрлігінде 28.01.2014ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу 
№ 9103);
Көрсетілген   құжаттардың   қабылдануы   нәтижесінде   дінтану 
сараптамасының құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілуі аяқталды. 
2.   Дінтану   сараптамасын   жүргізудің   негіздері   мен   мақсат-
міндеттері
Дін   туралы   жаңа   заңнамада   сараптаманы   жүргізудің   бірнеше   негізі 
айқындалып   көрсетілді.   Бұған   дейін   дінтану   сараптамасын   жүргізуге   тек 
мүдделі   мемлекеттік   органдар   және   солар   арқылы   тіркеу   барысында   діни 
бірлестіктер   ғана   сұраныс   бере   алатын.   Ал   жаңа   заң   талабына   сәйкес   кез 
келген жеке және заңды тұлға, мемлекеттік мекеме, соның ішінде кітапхана 
мекемелері де өздері ұсынған материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу 
жөнінде өтініш бере алатын болды.  
Заң бойынша үш жағдайда дінтану сараптамасының жүргізілуі міндетті 
үдеріс ретінде белгіленген: 
1. Жеке тұлғаларды миссионер ретінде тіркеу барысында олардың діни 
мазмұндағы   материалдарды   және   діни   мақсаттағы   заттарды   пайдалануына 
дінтану   сараптамасының   оң   қорытындысын   алғаннан   кейін   ғана   жол 
беріледі. Сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда миссионер ретінде 
тіркеуден бас тартылады.
2.   Діни   бірлестіктерді   тіркеу   (қайта   тіркеу)   барысында   олардың 
құрылтай және басқа да құжаттары мен пайдаланатын әдебиеттері дінтану 
сараптамасынан   өтуге   тиіс.   Ұсынылған   құжаттардағы   мәліметтер   дәйексіз 
болса   және   (немесе)   құрылатын   бірлестік   дінтану   сараптамасының 
нәтижелері   негізінде   діни   бірлестік   ретінде   танылмаған   жағдайларда   діни 
бірлестікті тіркеуден бас тартылады.
3.   Жеке   өзі   пайдаланудан   тыс   басқа   мақсаттар   (сату,   тарату)   үшін 
Қазақстан   Республикасы   аумағына   әкелінетін   кез   келген   діни   мазмұндағы 
әдебиеттер   мен   діни   мақсаттағы   заттар   алдымен   дінтану   сараптамасына 
ұсынылуы   қажет.   Мұндай   әдебиеттерді   тіркелген   діни   бірлестіктер   ғана 
әкеле   алады.   Сараптаманың   оң   қорытындысын   алмаған   жағдайда 
әдебиеттердің ел аумағына енгізілуіне жол берілмейді.
46

Көрсетілгендерден басқа барлық жағдайларда дінтану сараптамасының 
қорытындысы ұсыныстық сипатқа ие болып саналады.
Осы орайда «діни әдебиеттер» деген ұғымға анықтама беріп өткен жөн. 
Нақты терминдік тұрғыдан келсек, «діни әдебиет» дегеніміз – теологиялық, 
діни-канондық,   ғұрыптық-мистикалық,   әлеуметтік-теологиялық   бағыттағы 
діни мазмұнды қамтитын еңбектер. Олар әдетте тұрғындардың діни немесе 
дінмен   байланысты   әлеуметтік   қажеттіліктерін   қанағаттандыру   үшін 
шығарылады.   Әлемдік   және   дәстүрлі   діндердің,   жаңа   діни   ағымдар   мен 
қозғалыстардың қасиетті кітаптарының діни мәтіндері де аталған ұғымның 
аясында   қамтылады.   Осы   бағыттағы   еңбектердің   барлығы   дінтану 
сараптамасын жүргізуді қажет етеді.
Сараптама барысында нысанның қай бағытта жазылғанына, қай дінге 
немесе   діни   ағымға   қатыстылығына,   ол   діннің   Қазақстан   қоғамы   үшін 
тарихи,   мәдени,   әлеуметтік   маңызы   қандай   екендігіне   назар   аударылады. 
Бұдан   кейінгі   кезекте   кітаптың   мазмұнында   саяси,   ұлттық   немесе   діни 
экстремизм   белгілері   кездесетін-кездеспейтіні,   адамның 
құқығын, 
бостандықтары мен заңдық мүдделерін бұзуға шақыратын белгілердің бар-
жоқтығы   тексеріледі.   Сонымен   қатар   кітаптың   мазмұныңда   заңға   қайшы 
әрекеттерге   шақыратын,   заңмен   белгіленген   азаматтық   міндеттерді 
орындаудан,   зайырлы   мамандық   игеруден,   ақы   төленетін   еңбектен, 
дәрiгерлiк   жәрдемнен   бас   тартуға   жетелейтін   идеялардың   бар-жоқтығы 
сарапқа салынады. Аталған мәселелерді кешенді түрде қарастыра  отырып, 
сараптама   нысанының   ел   аумағында   таратылуға   ұсынылатын-
ұсынылмайтындығы жөнінде сарапшының тиісті тұжырымы жасалады.
Каталог: uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
uploads -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет