Әбдірәсілқызы айнұР Қазіргі өзекті діни мәселелер астана – 2014



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ислам философиясы. ІV том. –Алматы: «Аударма», 2005. 
2.   Орта   ғасырдағы   түркі   ойшылдары.   V   том.   –Алматы:   «Аударма», 
2005. 
3.   Әл-Фараби   мен   Ибн   Сина   философиясы.   ІV   том.   –Алматы: 
«Жазушы», 2005.  
4. Ортағасырлық дiни философия. V том. –Алматы: «Аударма», 2005. 
5. «Бабалар сөзі», ХІ-Х VІ том (Қазақтың діни дастандары). –Алматы, 
«Фолиант», 2005.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2006. 
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2006. 
8. Қазақ әдебиетінің тарихы. VІ том. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2006. 
9. Әдеби жәдігерлер. V том. – Алматы: «Таймас», 2008.
10. Әдеби жәдігерлер. VІ том. – Алматы: «Таймас», 2008.
80

Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі 
(әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
Тарихи тағдыры көпұлтты мемлекет ретінде қалыптастырған Қазақстан 
үшін дінаралық және ұлтаралық келісім мен сұхбат мәселесі күн тәртібінен 
түспейтіні анық. Бұл орайда республикадағы діни ахуалды ұдайы қадағалап, 
даму барысын бағалап, болашағына болжам жасап отырудың маңызы зор. 
 
Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамасымен ашылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 
еліміздегі   діни   ахуалды   анықтау   мақсатында   ұдайы   әлеуметтанулық 
зерттеулер   жүргізіп   отырады.   2010   жылы   аталмыш   орталық   «Діни 
құндылықтардың   Қазақстандағы   әлеуметтік-саяси   жағдайға   әсері»   және 
«Тұрғын   халықтың   Қазақстандағы   негізгі   конфессияларға   сенуінің 
динамикасы» тақырыптарында социологиялық зерттеулер жүргізді.
Зерттеулер   нәтижесінде   анықталғандай,   Қазақстанның   ересек 
тұрғындарының 95%-ы белгілі бір дінді ұстанады. Соның ішінде 92%-ы – 
ислам (55%) және православие (37%) дінінің өкілдері. Респонденттердің 3%-
ы басқа діндерді ұстанады, соның ішінде 0,6%-ы – католик сеніміндегілер, 
қалғандары   протестанттық   немесе   жаңа   протестанттық   діни   ағымдарға 
сенушілер.   Сұрау   салынғандардың   4%-ы   белгілі   бір   дінді   ұстанбайтынын, 
1%-ы діни сенімі жайлы сауалға жауап беруге қиналатынын мәлімдеген. 
Сауалнамалар   нәтижесінде   Қазақстан   тұрғындарының   діндарлық 
деңгейі   арта   түскені   байқалады,   дегенмен   тұрғын   халықтың   басым   бөлігі 
күнделікті   өмірде   діни   қағидаларды   емес,   зайырлы   қоғам   принциптерін 
негізге алатынын мәлімдеген. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын тұрғын 
халық негізінен оң бағалайды. 
Жүргізілген социологиялық зерттеулер Қазақстан тұрғындарының діни 
төзімділік  деңгейі  жоғары  екенін дәлелдеді.   Қазақстанның   көп ұлттылығы 
және   негізгі   екі   діннің   кең   таралуы   басқа   діндерге   деген   төзімділіктің 
күшеюіне   әсер   етіп   отыр.   Тұрғындардың   елеулі   бөлігі   (33,8%)   діни 
төзімсіздік   фактілеріне   де   төзімділікпен   қарай   алатынын   мәлімдеген. 
Дегенмен   дінаралық   қатынастар   саласында   белгілі   бір   проблемалар   бар 
екендігі   зерттеулерден   байқалады.   Діни   қақтығыстар   болған   жағдайда 
қазақстандықтардың 56,5%-ы бейтарап қала алмайтынын мәлімдеген.
Қазақстан   тұрғындарының   Қазақстан   Мұсылмандарының   Діни 
Басқармасы   (ҚМДБ)   мен   Орыс   православ   шіркеуінің   (ОПШ)   іс-әрекетіне 
деген   сенімінің   деңгейін   анықтау   бағытында   да   арнайы   социологиялық 
зерттеулер жүргізілді. Тұрғындардың басым бөлігі (59,5%-ы) ҚМДБ-ның іс-
әрекетін қолдайды. Ал Орыс Православ Шіркеуіне келсек, оның іс-әрекетін 
тұрғындардың   46,6%-ы  оң  бағалаған.  Дегенмен  Қазақстан   тұрғындарының 
көпшілігінің ҚМДБ және ОПШ іс-әрекеттерімен жеткілікті дәрежеде таныс 
еместігі байқалады. 
81

Қазақстан   мұсылмандары   діни   басқармасының   іс-әрекетін   қолдайтын 
себептерін   нақты   көрсеткен   респонденттердің     14,9%-ы   «Діни   басқарма 
қайырымдылықты   насихаттайды»,   14,6%-ы   «Қоғамға   ізгі   мінез-құлық 
нормаларын   үйретеді»,   3,3%-ы   «Ұлттық   дәстүрлер   мен   құндылықтардың 
сақталуына ықпал етеді», 2,0%-ы «Менің оны қолдамайтындай себебім жоқ», 
0,9%-ы «Дін үшін көп жақсылықтар жасауда» деп жауап берген. 
  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-әрекетін құптайсыз 
ба?»   деген   сауалға   респонденттердің   15,6%-ы   «Құптаймын,   бірақ   себебін 
білмеймін»,  8,8%-ы  «Кез   келген  дін  дұрыс   өмір  сүруге  үйретеді»,  7,2%-ы 
«Өйткені   мен   мұсылманмын»,   0,7%-ы   «Себебі   біз   мұсылман   елінде   өмір 
сүреміз», 0,4%-ы «Өйткені Қазақстандағы мұсылман ұйымдарының қызметін 
біреу   басқарып,   ұйымдастырып   отыруға   тиіс»,   0,3%-ы   «Өйткені 
Н.Ә.Назарбаев   исламды   қолдайды»   деп   жауап   берген.   Мұндай   жауаптар 
сұрау салынушының ҚМДБ-ның іс-әрекетіне баға беруден емес,  исламға дін 
ретінде оң қарағандығынан туындаған жауаптар болып табылады. Осы тектес 
жауап   берушілердің   жалпы   саны   33%-ды   құрайды.   Яғни   ҚМДБ-ның   іс-
әрекетін   қолдайтынын   көрсеткен   респонденттердің   тең   жартысы   Діни 
басқарманың қызметіне нақты бағалағандықтан емес, ислам дінінің өкілдері 
болғандықтан қолдау білдірген. 
Діни басқармасының іс-әрекетін бағалауға респонденттердің 34,3%-ы 
қиналатынын   мәлімдеген.   Ал   Діни   басқарма   қызметін   қолдамайтынын 
білдірген   респонденттер   саны   –   6,3%.   Бұл   жерде   де   қолдамаушылардың 
қатарында нақты себеппен қолдамайтындардан гөрі ислам дініне деген теріс 
көзқараста   болғандықтан   қолдамайтындардың   саны   басым.   Олардың 
қатарына   «Мұсылмандық   христиандықтан   кейін   пайда   болған»   (0,4%), 
«Исламның   заңдары   қатал»   (0,2%),   «Дінге   сенуші   аға   буын   өкілдері 
тарапынан   мәжбүрлеу   басым»   (0,5%),   «Әйелдер   мен   ерлер   арасында 
теңсіздік   бар»  (0,4%),  «Дінге   бағынуға,  бас  июге  тәрбиелейді»  (0,3%)  деп 
жауап бергендерді жатқызуға болады. Респонденттердің  1,8%-ы,  яғни сұрау 
салынғандардың әрбір төртіншісі осындай көзқарасты ұстанады.
Діни   басқарма   қызметін   қолдамайтындардың   1,4%-ы   «Басқарма 
жұмысына сенбеймін», 0,8%-ы «Имамдардың білім деңгейі төмен», 0,5%-ы 
«Діни   басқарма   әрекет   жасамай   отыр»   немесе   «Жұмыстары   нәтижесіз», 
0,3%-ы «Олардың іс-әрекетімен таныс емеспін», 0,3%-ы «Мұсылман дінінде 
ағымдар көбейіп кетті»,   0,2%-ы «Олардың іс-әрекетінде түсініксіз жайттар 
көп»,   0,1%     «Мен   әйелдердің   хиджаб   киюіне   қарсымын,   ал   ҚМДБ   оны 
қолдайды» деген жауаптар берген.
Қазақстандағы   Орыс   православ   шіркеуінің   іс-әрекетіне   келсек,   оның 
қызметін қолдайтындар мен оған баға беруге қиналатындар саны шамамен 
бірдей.  Респонденттердің   11,3%-ы   ОПШ   қызметін   құптамайтынын 
мәлімдеген. 
Орыс православ шіркеуінің іс-әрекетін құптаушылардың бағалау жүйесі 
де     Қазақстан   мұсылмандары   діни   басқармасының   іс-әрекетін   қолдайтын 
респонденттердің   көзқарастарымен   сәйкес   келеді.   Орыс   православ 
82

шіркеуінің   іс-әрекетін   қолдайтын   нақты   себептерін   сұрау   салынушылар 
төмендегідей   жауаптармен   көрсеткен:   «Халықтың   моральдық   деңгейін 
көтереді»   (8,8%),   «Өзара   түсіністік   пен   келісімге   шақырады»   (7,5%), 
«Қайырымдылықты   насихаттайды»   (6,5%),   «Адамдардың   жан   дүниесіне 
тыныштық пен сенім ұялатады» (5,3%),   «Дұрыс  жолға бастайды» (3,3%), 
«Қиын жағдайда қалғандарға көмектеседі» (2,4%).
Сұрау   салынушылардың   10,8%-ы   «Орыс   православ   шіркеуінің   іс-
әрекетін   құптаймын,   бірақ   себебін   білмеймін»,   4,0%-ы   «Іс-әрекеттерінде 
ешбір  жаманшылық жоқ», 0,3%-ы «Себебі біз христиандар көп тұратын елде 
өмір   сүреміз»,   1,9%-ы   «Шіркеудің   іс-әрекетінің   бәрі   дұрыс»,   0,1%-ы 
«Өйткені Қазақстандағы орыс діни ұйымдарының қызметін біреу басқарып, 
ұйымдастырып   отыруға   тиіс»,   0,1%-ы   «Мемлекетпен   келісіп   жұмыс 
жүргізеді»   деп   жауап   берген.   Мұндай   жауаптар   да   әдетте   сұрау 
салынушының   христиандыққа,   оның   ішінде   православие   тармағына   дін 
ретінде оң қарағандығынан туындаған жауаптар болып табылады. ОПШ-нің 
іс-әрекетін қолдаушылардың 17,2%-ы, яғни үштен бір бөлігі осы позицияны 
ұстанады.
Ал   Орыс   православ   шіркеуінің   іс-әрекетін   қолдамайтын 
респонденттердің 4,8%-ы «Қолдамаймын, бірақ себебін білмеймін», 3,3%-ы 
«Өйткені мен мұсылманмын, Алладан басқа Құдай жоқ», 1,3%-ы «Олардың 
іс-әрекетімен   таныс   емеспін»,   0,7%-ы   «Коммерциялық   іс-әрекеттері   көп», 
0,5%-ы «Сөздері мен істері сәйкес келмейді», 0,3%-ы «Шіркеуге сенбеймін», 
0,2%-ы «Тыйымдары мен заңдары көп», 0,2%-ы «Қоғамның ілгерілеуіне кері 
әсер   етеді»,   0,1%-ы   «Сенушілерді   өз   мүдделеріне   пайдаланады»   деген 
жауаптар берген. 
Жүргізілген   әлеуметтанулық   зерттеулер   нәтижесі   Қазақстан 
жұртшылығының   дәстүрлі   діндер   орталықтарының   –   Қазақстан 
мұсылмандары   діни   басқармасы   мен   Орыс   православ   шіркеуінің   іс-
әрекетімен   айтарлықтай   жақсы   таныс   еместігін,   оларды   тек   өзінің   діни 
ұстанымдарына сәйкес бағалап отырғанын аңғартады. 
Дегенмен Қазақстан қоғамы діни-рухани қажеттіліктерді қай кездегіден 
де   өткірірек   сезінуде.   Сауалнамалардың   тағы   бір   легіне   үңілсек,   «Сіз 
Қазақстан азаматтарының дінге сенуінің басты себебі неде деп ойлайсыз?» 
деген сұраққа респонденттердің 62,3%-ы «Руханилыққа ұмтылу» деп жауап 
берген.   Сұрау   салынушылардың   43,8%-ы   дінге   сенудің   басты   себебі 
«Күнәларына   кешірім   сұрау»   деп   көрсеткен.   Яғни   тұрғын   халық   діни 
сенімнің   құндылықтық   жүйесінің   негізгі   функциясын   айқын   түсініп,   оң 
бағалап отыр. 
Респонденттердің 45,6%-ы «Дін қоғам өмірін реттеуші ретінде әрекет 
ете   алады»   деп   есептейді.   Олардың   дені   –   қазақ   ұлтының   өкілдері.   Жас 
ерекшеліктері жөнінен алғанда, бұл мәселеге көзқарасы орныққан орта және 
егде   жастағылар   көбірек   сеніммен   қарайды.   Діни   сенімдері   тұрғысынан 
келсек,   мұсылмандардың  72,7%-ы  діннің   қоғам   өмірін   реттеуші   ретінде 
әрекет   ете   алатынына   нық   сенімді.   Ал   православ   христиандардың   басым 
83

көпшілігі «Дін қоғам өмірін реттеуші ретінде әрекет ете алуы да, алмауы да 
мүмкін» деп санайды.
Әлеуметтанулық   зерттеулер   барысында   тұрғындардың   діндарлық 
деңгейін бағалау мақсатында да бірқатар сауалнамалар таратылды. Белгілі 
бір   діннің   өкілі   болуы   сенушінің   діндарлық   деңгейін   айқындамайтыны 
белгілі.   Сұрау   салынғандардың   бестен   бір   бөлігі   ғана   діни   ғибадаттарды 
күнделікті атқаратынын мәлімдесе, діни оразаларды тек оннан бір бөлігі ғана 
толық   ұстайтынын   айтқан.   Дегенмен   социологиялық   зерттеулер   нәтижесі 
діни ғибадаттар мен ғұрыптарды орындау жағынан православ христиандарға 
қарағанда,   мұсылмандардың   діндарлық   деңгейі   әлдеқайда   жоғары   екенін 
көрсетіп отыр. Ғибадат үйлеріне (мешіт, шіркеу, т.б.) аптасына бір рет немесе 
одан   жиі   баратындардың   саны   мұсылмандар   арасында   –   15%,   православ 
христиандар   арасында   –   4%.   Бірақ   бұл   көрсеткіш   басқа   сенімдегілер 
арасында   32%-ды   құраған.   Мұның   өзі   дәстүрлі   емес   және   жаңа   діни 
ағымдардың   өз   уағыз-насихаттарын   белсенді   түрде   жүргізіп   отырғанын 
көрсетеді.   Екінші  жағынан   мұндай  жоғары   көрсеткіш   аталмыш  ағымдарға 
негізінен жұмыссыз тұрғын халықтың тартылатындығымен де байланысты. 
Тұрғындардың   өздерінің   діндарлық   деңгейіне   баға   беруіне   келсек, 
өздерін   діншілміз   немесе   өте   діншілміз   деп   бағалайтындар   мұсылмандар 
арасында   –   31%,   православ   христиандар   арасында   –   14%,   ал   өзге 
сенімдегілер   арасында   35%   болып   отыр.   Қазақстан   қалалары   арасында 
тұрғындарының діндарлық деңгейі жағынан Атырау қаласы алғашқы орында 
тұрса, екінші, үшінші орындарды тиісінше Шымкент және Астана қалалары 
иеленеді. 
Хиджаб   мәселесіне   арналған   сауалнамаға   жауап   берушілердің   тең 
жартысы (50,6%) хиджап киюді мұсылман әйелдердің жеке таңдауы ретінде 
бағалайды. 18,8% тұрғындар хиджап киюді қолдайды. Қалалықтардың басым 
бөлігі   хиджаб   мәселесіне   бейтарап   қарайды,   дей   тұрсақ   та   әрбір   бесінші 
қалалық тұрғын хиджаб кию әйелдердің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік 
бермейді деп санайды. Сондай-ақ қалалық респонденттердің басым бөлігі өз 
туыстарының хиджаб киюін құптамайтынын білдірген. «Әйелдердің хиджаб 
киюінің себебі неде деп ойлайсыз?» деген сауалға респонденттердің 51,3%-ы 
хиджаб киюді әйелдердің саналы таңдауының нәтижесі деп білсе, 41,2%-ы 
мұны   сән   қуушылық   немесе   тұрмыс   құру   мәселесін   шешудің   жолы   деп 
бағалаған. 
Әрине,   әлеуметтанулық   сауалнамалардың   нәтижесі   100   пайыз 
шындықпен   сәйкес   келеді   деп   айта   алмаймыз.   Сауалнамада   белгілі   бір 
дәрежеде   объективті   емес,   субъективті   пікірлердің,   белгілі   бір   үдерісті 
немесе   құбылысты   толық   танып-түсінбеуден   туған   қате   көзқарастардың 
орын алуы мүмкін екендігі белгілі. Бірақ тұтастай алғанда  нақты адамдар 
пікіріне   негізделгендіктен   әлеуметтанулық   зерттеулер   нақты   заманауи 
ахуалды анықтауда ең сенімді әдістердің бірі болып табылады. 
Осы орайда біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халықпен 
жұмыс   жүргізу   мәселесіне   қатысты   бірер   пікір   білдірмекпіз.   Мешіттерге 
84

ҚМДБ   тарапынан   тағайындалған   имамдар   Діни   басқарманың   ел   ішіндегі 
беделін айқындайды. Бұл имамдардың көпшілігі жас мамандар екені белгілі. 
Олардың   арасында   діни  білімді  қазақстандық   және   шетелдік  жоғарғы   оқу 
орнында алғандар және діни медресе түлектері бар. Ал олар уағыз айтатын 
аудиторияның   жас   мөлшері   жағынан   да,   өмірлік   тәжірибесі   жөнінен   де 
біршама   ересек   екені   мәлім.   Мұның   өзі   жас   имамдарға   өзінің   ересек 
әріптестаріне қарағанда әлдеқайда үлкен жауапкершілік жүктейді. 
Қазақ халқының ақпараттық және білім деңгейі айтарлықтай жоғары. 
Қазақстан   Республикасындағы   әрбір   азамат   классикалық   білімді   мектеп 
қабырғасында   игереді.   Одан   тыс   жоғарғы   білім,   жұмыс   тәжірибесі,   ашық 
ақпараттық   орта   әрбір   адамның   елеулі   дәрежеде   рухани   дамуына   ықпал 
етеді.   Осы   орайда   Діни   басқармаға   жас   имамдар   деңгейінің   мешіт 
қауымынан   төмен   тұрмауы   үшін   едәуір   күш   салуы   қажет.   Имамдардың 
зайырлылық   білімін   жетілдіру   мәселесін   Діни   басқарма   өзінің   алдағы 
жоспарларына енгізіп отырғаны белгілі. Біз мәселенің екінші қырына назар 
аудармақпыз. 
Қазіргі   қазақ   аудиториясы   өзінің   ұлттық   құндылықтарынан, 
болмысынан,   салт-дәстүрлерінен   қол   үзе   қойған   жоқ.   Мұсылманшылығы 
басым,   мешітке   жиі   баратын   қауым   да   сол   қазақы   қауым.   Әр   қоғамға   өз 
тілімен үн қату қажет. Шынайы өмірден алыс тұратын жалаң діни ақпаратты 
қазіргі   жұртшылық   қабылдай   алмайды.   Ал   ол   ақпарат   қазақы   таныммен 
қабыспай жатса, жағдай күрделене түспек. Өйткені «дәстүрлі» деген атаудың 
өзі діннің дәстүрмен астасып, кірігіп кеткенін, дін мен дәстүрдің ажырамас 
біртұтас құндылыққа айналғанын аңғартады. Ислам діні аясында ұлт болып 
қалыптасқан қазақтың салт-дәстүрі де ислам дінімен барынша байланысып 
жатыр.   Сондықтан   қазақ   тілді   аудиторияны   игеруге   тиіс   имамдардың   ең 
алдымен қазақы дүниетанымды, салт-дәстүр мен құндылықтарды тереңдей 
білгені абзал. Осы бағытта арнаулы пәндер қалыптастырылуы қажеттігі де 
мезгілі   жеткен   мәселе   болып   отыр.   Бұл   әрі   мұсылман   мешіттерінің   анда-
санда ғибадатты өтеу үшін ғана баратын шартты мекемеге емес, рухани орта 
бас қосатын сұхбат алаңына айналуына үлкен септігін тигізер еді. 
Ішкі және сыртқы рухани келісім, рухани кемелдік – дәстүрлі діндердің 
негізгі мақсаты. Дәстүрлі діндер қызметінің орнықтылығы – қоғамда рухани 
тұрақтылықтың     салтанат   құруының   басты   кепілі.   Ал   бейбітшілік   діні   –
исламның   бұл   арнадағы   әлеуеті   шексіз.   Сондықтан   бұл   бағыттағы 
жұмыстардың   жолға   қойылуына   мемлекет   те,   халық   та,   дәстүрлі   дін 
орталықтарының өкілдері де мүдделі болуға тиіс. 
85

БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін 
жариялаудың негізгі қағидалары
 (тезистер)
Қазақстан   Республикасы   Дін   істері   агенттігінің   Мәдениеттер   мен 
діндердің   халықаралық   орталығы   жанында   БАҚ-тарда   дін   тақырыбын 
жариялау   жөніндегі   Әдістемелік   кеңес   жұмыс   істейтіні   жұртшылыққа 
белгілі. Әдістемелік кеңес БАҚ-тарда дін тақырыбын жариялау мәселесінде 
Қазақстан   Республикасы   мемлекеттік   органдарының,   зайырлы   және   діни 
БАҚ-тардың,   діни   бірлестіктер   мен   ғылыми   қауым   өкілдерінің   күшін 
біріктіру және олардың іс-әрекетін үйлестіру мақсатында құрылған. 
Еліміздегі   дін   саласындағы   мемлекеттік   саясатта   басты   бағдарлар 
ретінде   теңдік,   бейтараптық   және   мәмілегерлік   (толеранттылық) 
ұстанымдары  негізге  алынады.  Бұл ұстанымдар діни бірлестіктердің  өзара 
теңдігі,   мемлекеттің   оларға   қатысты   бейтарап   көзқарас   ұстанатыны   және 
діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасындағы мәмілегерлікті қамтамасыз 
ететіні   арқылы   жүзеге   асады.   БАҚ-тарда   діни   ұйымдар   қызметін 
жариялаудың   негізгі   қағидалары   дін   саласындағы   мемлекеттік   саясаттың 
аталған   басты   ұстанымдарымен   ұштастырылуға   тиіс.   Бұл   БАҚ-тарда   діни 
тақырыптың   сауатты,   байсалды   әрі   жүйелі   негізде   жариялануына,   ішкі 
саясаттағы бірегейлік пен біртұтастықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сонымен   қатар   БАҚ-тарда   діни   ұйымдар   қызметін   жариялау 
барысында   мемлекетшілдік   және   зайырлылық   қағидаттарын   ұстануға   баса 
назар аударылғаны жөн. Бұл өз кезегінде дін саласындағы мемлекеттік саясат 
ұстанымдарымен   қатар   «БАҚ   туралы   заң»   талаптарымен   де   үйлеседі. 
Қолданыстағы   «БАҚ   туралы   заң»   нормалары   бойынша,   «Мемлекеттік 
құпияны   немесе   заңмен   қорғалатын   өзге   де   құпияларды   құрайтын 
мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және 
ақтауға,   терроризмге   қарсы   операцияларды   жүргiзу   кезеңінде   олардың 
техникалық   тәсiлдерi   мен   тактикасын   ашатын   ақпаратты   таратуға   жол 
берiлмейдi» (2.3-тармақ).
Сонымен қатар аталған заңның 13.3-тармағында
   
әлеуметтiк, нәсiлдiк, 
ұлттық,   дiни,   тектiк-топтық   және   рулық   басымдықты   насихаттау   немесе 
үгiттеу   заңда   белгiленген   тәртiппен   бұқаралық   ақпарат   құралының 
шығарылуын   не   бұқаралық   ақпарат   құралы   өнiмiнiң   таратылуын   тоқтата 
тұруға   негiз   болып   табылатыны   атап   көрсетілген.   Аталған   бағыттағы 
келеңсіз   іс-әрекеттердің   және   мемлекет   тұтастығына   нұқсан   келтіретін 
идеялардың   орын   алмауын   қадағалау,   әсіресе   олардың   діни   мазмұндағы 
әдебиеттер арқылы ел аумағында таралуына жол бермеу Дін істері агенттігі 
жүргізетін   дінтану   сараптамасы   барысында   негізге   алынатын   басты 
өлшемдердің бір бөлігі болып табылады. 
Келесі   кезекте   «Діни   ұйымдар»   және   «діни   бірлестіктер»   деген 
ұғымдардың ара-жігін ажыратып алған жөн. 
86

Діни ұйымдар нақты құрылым ретінде заңды түрде тіркелмейтіндіктен 
заңды тұлға санатына жатпайды. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы»   заңының  13.4-тармағы   бойынша   діни   білім   беру   ұйымдарын 
қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни 
қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне 
жол   берілмейді.  Сондықтан   кез   келген   діни   ұйымдар   қызметіне   қатысты 
мәселелердің   бірінші   кезекте   жеке   тұлғалар   мүдделері   мен   құқықтарына 
қатысты болып табылатынын ескеру қажет. Діни ұйымдар идеология ретінде 
әрекет   ететіндіктен,   оларға   қатысты   іс-қимылдар   мен   проблемалардың   да 
идеологиялық сипаты басым болады.
Ал   діни   бірлестіктер   заңды   түрде   тіркелген   сәттен   бастап   заңды 
тұлғаның   құқықтары   мен   міндеттеріне   ие   болады.   Осыған   байланысты 
олардың   қызметін   бақылау   мен   бағалаудың   өзіндік   тиімділіктері   мен 
жеңілдіктері   бар.   Діни   бірлестіктер   Қазақстан   Республикасының 
заңнамасына   сәйкес   діни   әдебиетті   және   діни   мазмұндағы   өзге   де 
материалдарды   әкелу,   алу,   пайдалану,   басып   шығару,   өндіру,   экспорттау, 
импорттау және тарату, сонымен қатар заңды негіздерде  діни мазмұндағы 
бұқаралық ақпарат құралдары өнімін дайындау, тарату, бұқаралық ақпарат 
құралдарының   меншік   иесі   болу   құқықтарына   ие.   Бұл   діни   бірлестіктер 
қызметінің БАҚ қызметімен азды-көпті ұштасатын тұстары болып табылады.
Діни ұйымдар және діни бірлестіктер қызметін бағалау үшін бірнеше 
өлшемді   назарға   алған   жөн.   Бірінші   кезекте   алынған   мәліметтердің 
шынайылығы,   екіншіден,   олардың   сенімді   дереккөздерінен   алынуы, 
үшіншіден, объективті түрде бағалануы, төртіншіден, салыстырмалы түрде 
талдау жасалуы қажет. 
БАҚ журналистері діни мазмұндағы ақпараттарды төмендегі көздерден 
ала алады:
- кәсіби (діни және дінтанулық) зерттеулер;
- ашық (бұқаралық және ғаламторлық) ақпарат көздері;
- әлеуметтанулық зерттеулер қорытындылары;
- дербес журналистік зерттеулер.
Аталғандардың ішінде сенімділігі, айқындығы, толыққандылығы және 
жаңашылдығы   жөнінен   дербес   журналистік   зерттеулердің   маңызы   жоғары 
екені белгілі. Сонымен қатар ол алдыңғы ақпарат көздерінің мәліметтерін 
толық жинақтай және талдай отырып жасалатындығымен де құнды болып 
табылады. 
Бұл орайда діни журналистика мамандық ретінде қалыптаспаған біздің 
қоғамымыздың   жағдайында   журналистер   тарапынан   дін   тақырыбына 
маманданудың   ерекше   маңыздылығы   ескерусіз   қалмауға   тиіс.   Дін 
тақырыбына   қалам   тартуды   науқандық   үдеріске   де   айналдырмаған   жөн. 
Елдегі   нақты   діни   ахуалмен   қоса   рухани   факторлар   мен   әлеуметтік 
көзқарастарды   терең   зерттеу   арқылы   ғана   жүзеге   асатын   дін   тақырыбын 
БАҚ-тарда жариялау мәселелері журналистің уақытының аз-көптігіне қарай 
берілетін көп тапсырмалардың тізбегіне еніп кетпегені жөн. 
87

Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
Кіріспе
Адамзат   тарихы   өз   дамуының   әрбір   кезеңінде     өткені   мен   бүгінін 
саралап, құндылықтар жүйесін қайта қарап отырады. Үшінші мыңжылдыққа 
аяқ   басқан   бүгінгі   әлемдік   қоғам   да   осы   үдерісті   бастан   кешіруде. 
Тәуелсіздіктің жиырма жылын еңсерген Қазақстан жұртшылығы қазір тарихи 
құбылыстарды   жаңаша   сараптауда   біршама   орныққан   көзқарастарға   ие 
болды. 
Адамзат қоғамымен бірге жаралып, бірге жасасып келе жатқан, адам 
болмысымен табиғаты етене, көнермейтін рухани құндылықтар жүйесі бар. 
Бұл жүйенің негізі әрі басты реттеуші күші – дін. Дін тек сенім мәселесіне 
ғана емес, мораль (ахлақ) мәселесіне де тікелей қатысты. Моральдың негізі 
ұстаным   болса,   ұстанымның   тірегі   –   сенім.   Адамзат   баласы   өз   тіршілігін 
сенімге негіздемей өмір сүре алмайды. Сол сенімнің бірегей көріністерінің 
бірі – ислам діні. 
VІІ ғасырда тарих сахнасына шыққан ислам діні VІІІ-ІХ ғасырларда 
Орта Азия жеріне дендеп ене бастады. Ислам дінінің түркі-қазақ даласында 
он   екі   ғасырлық   тарихы   бар   екені   белгілі.   Осы   кезең   ішінде   исламның 
шариғаттық негіздері түркілік дүниетаныммен біте қайнасып кетті. Түбі бір 
түркі   халқының   бір   бұтағы   –   қазақ   халқы   ислам   діні   аясында   ұлт   болып 
қалыптасты. Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері арасында ғасырлар бойы 
орныққан   ашық   сұхбат   бар.   Осы   сұхбаттың   қалыптасуы   мен   дамуында 
тарихи роль атқарған құбылыс – сопылық тариқаттар болатын.
Ортағасырлық   ислам   тарихы   сопылық   іліммен   тікелей   байланысты. 
Иррационалдық   тәжірибеге   негізделген   сопылық   таным   адамзат 
тарихындағы күрделі де көп қырлы, қабылдануы қиын құбылыстардың бірі 
болды.   Сопылық   ілім   ислам   шеңберінде   тұтастыққа   ие   болып,   кемелдік 
тұғырына көтерілді. Дегенмен ислам дінінің нақты қағидаларға негізделген 
шариғат жолын ұстанушылар мен тариқатшы сопылар арасында белгілі бір 
дәрежеде   түсініспеушіліктер   де   орын   алды.   Екі   бағытты   бітімге   келтіру 
мақсатында исламның бірқатар ғұламалары іргелі ізденістер жасады.  
Орта Азияның исламдану процесінде тарихи роль атқарған сопылық 
тариқаттардың аталмыш аймақтың рухани өмірінде елеулі орны бар екенін 
жоққа шығару мүмкін емес. Қазақстандағы сопылық тариқаттардың соңғы 
соңғы   жиырма   жылдық   кезеңде   қайта   жандана   бастағаны   белгілі.   Орта 
ғасырларда   ықпалды   діни-әлеуметтік   факторға   айналған     сопылық 
ағымдардың   қазіргі   қайта   жандану   құбылысы   да  белгілі   бір   заңдылықтың 
әсері деуге болады. 
Кеңестік   кезеңде   әртүрлі   діни   қозғалыстармен   қатар   сопылық 
тариқаттар да мемлекет тарапынан елеулі қысымға ұшырап, өз әрекеттерін 
барынша   шектеуге   мәжбүр   болғаны   айқын.   ІІ   дүниежүзілік   соғыс   кезінен 
88

бастап,   ресми   ислам   өкілдерінің   өз   қызметін   жүзеге   асыруына   белгілі   бір 
дәрежеде   мүмкіндік   берген   кеңестік   билік   органдары   тариқат   өкілдеріне 
қатысты басқаша саясат ұстанған. Олар ресми ислам өкілдерінің көзқарас-
ұстанымдарын   тариқатшыларға   қарсы   пайдаланып,   олардың   арақатынасын 
үнемі назарда ұстады. 
Кезінде   Кеңестер   Одағында   сопылық   қозғалыстардың   біржола 
жойылғаны   жөнінде   мәлімдемелер   айтылған   болатын.   Бірақ   сопылық 
тариқаттардың түрлі формаларда өмір сүруін жалғастырып келгенін қазіргі 
жаңғыру үдерістері айқындайды. Бұл үдерісте Орта Азияда кеңінен таралған 
яссауийа   және   нақшбандийа   тариқатының   өкілдері   ерекше   белсенділік 
танытуда. Қазіргі яссауийа және нақшбандийа тариқаттарының іс-әрекетінде 
классикалық мәндегі сопылықпен үйлесетін де, үйлеспейтін де тұстар бар. 
Бұл үйлесімділік дәрежесі әр бағытта түрліше деңгейде көрініп отыр.
«Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі» атты 
сараптамалық шолу мақсаты Қазақстандағы  сопылық тариқаттардың шығу 
негізін,   қазақ   даласына   таралуын,   ортағасырлық   қазақ   қоғамындағы   даму 
ерекшеліктерін   айқындап,   «сопылық»   атауымен   танылып   отырған   қазіргі 
сәйкес құбылыстарға баға беру болып табылады. 
Осы   бағытта   біз   сопылық   тариқаттар   белсенді   іс-әрекет   жүргізген 
тарихи орта – Оңтүстік Қазақстан  облысындағы мемлекеттік өңірлік және 
облыстық   мұрағаттарда   жұмыс   жүргізіп,   тариқаттар   тарихына   қатысты 
бұрын   белгісіз   болып   келген   бірқатар   мәліметтерді   жарыққа   шығардық. 
Сопылық   тариқаттардың   бірқатар   пір-ұстаздарының   туған   жерінде   болып, 
олардың   отбасы   мүшелерімен,   көзкөргендерімен,   шәкірттерімен 
сұхбаттастық. Аталмыш құбылысты ішкерілей зерттеу мақсатында олардың 
ресми   оқу   орны   болып   табылатын   медреселеріндегі   арнаулы   курс 
бағдарламаларымен,   теориялық   материалдарымен   және   тәжірибелік 
әдістерімен толығырақ танысуға тырыстық. Аталмыш бағытта жинақталған 
мәліметтер мен жүргізілген жұмыс нәтижелері сарапталып, шолу жұмысына 
енгізілді.   Шолу   соңында   бүгінгі   бүгінгі   күннің   өзекті   мәселесіне   айналып 
отырған   сопылық   қозғалыстардың   іс-әрекетін   бағалау   мен   бақылауға 
қатысты бірқатар ұсыныстар берілді. 
Қазіргі Қазақстандағы діни қозғалыстардың бір бөлігінің тарихы туған 
топырақтан бастау алады. Солардың ең негізгілері – сараптамалық жұмыста 
шолу нысанына алынып отырған сопылық тариқаттар. Діни қозғалыстардың 
қазіргі жай-күйін, ұстанымдарын, табиғатын  дәлірек бағамдау үшін олардың 
тарихи   тамырларын   айқындап   алу   жөн   болмақ.   Бұл   орайда   мұрағат 
деректеріндегі   көптеген   мәліметтердің   жарыққа   шығарылмай,   ғылыми 
айналымға енгізілмей жатқандығының елеулі кері салдары бар екенін атап 
айтқан жөн. Өткен ғасырлардағы рухани тарихымыздың шынайы зерттеліп, 
дұрыс   жазылуының   бүгінгі   қоғам   құбылыстарын   орынды   бағалауға   үлкен 
септігін тигізетіні даусыз. Салауатты қоғам өкілдеріне лайық парасатты пікір 
қалыптастыру – бүгінгі зерттеушілердің тарихи міндеті болмақ.
89
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет