Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет7/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

мақаласында  былай  дейді:  «Как  литературовед-исследователь
жизни и деятельности поэта-классика Абая, я нахожу, что данная
статья тов. Тажибаева, рассматривающая, изучающая отдельные
образцы  творчества  Абая  с точки  зрения...  психологии,  кладет 
начало весьма оригинальному и важному анализу наследия великого 
классика с новых интересных позиций. Изучая художественно­
поэтические, идейно исторические особенности творчества Абая, 
мы,  литератураведы,  нередко  упоминаем  о  том,  что  в  своих 
сатирических стихах, посвященных степным правителям, баям,
феодалам  или  отдельным  сутяжникам,  ханжам  из  этой  же
средыстепных  воротил,  Абай  обнаруживает  недюжинные 
способности  тончайш его 
пс]л\олота)>(Мұхтар  Эуезов. 
Абайтанудан  жарияланбаган материалдар.  Алматы:  Ғылым,
1988,  303  б.).
Қ. Жұбанов, Т. Тәжібаев қысқа макала аумагында болсын,
онын ішінде Абай шығармаларында философиялыққа мегзейтін 
сарынды  ашып,  жалпылыққа  ие  боларлық,  яғни  ұлы  ойшыл 
көзқарасының  философиялық  багыттылығын  ашып  талдауда 
табысты еңбек жасағанын байқаймыз. Осының нәтижесінде Абаи 
философиясын талдауда: «образды көркем сөз бен философиялық 
концепциясының»  төңірегінде  тану  үдерісіне  м а те р и а л и с т  
тұрғыдан түсінігі» туралы пікірлермен танысып, ізденісімізді кэжетп 
ғылыми-әдістемелік қүралдармен байытамыз. Зертгеушілердің 
басым көпшіл ігінін аулақ түратын мэселесі -  Абай философиясының 
жүйесі. Бүл болса мүлдем ескерілмей келе жатқан мәселе.
65

Бақыт Ғабдуллин -  Абай философиясының сыры да, қыры да 
көпекенін негіздейтінтағы бір зерттеушініңфилософиялықтүрғьщан 
мазмұнды ой тұжырымымен танысайық. Ол Б. Ғабдуллиннің Абай 
философиясы  жүйелігіне  бағыттайтын  таным  жэне  логика 
мәселелерін анықтап, талдау қажеттілігін үсынуы. Бұл турасыңдағы 
оқымыстының  ойымен  танысалық.  «Абайдың  философиялык 
көзқарастарын сөз еткен кезде ойшыл ақынды тек философиялык 
категориялардыңтөңірегінде телміртіп, «сана» мен «материяның», 
«рух» пен «табиғаттың», «ойлау» мен «болмыстың» ара қатынасын 
қалай шешті, түсінді,  материалист пе, элде идеалист пе немесе 
таным  теориясында  ойлау  мен  сезімнің  арасын  қалай  түсінді, 
рационалист пе, элде сенсуалист пе деген кесімді сұрақ қойып, оган 
кесімді жауап талап ету қажет бола қояр ма екен?
Абайдың  көп  қырлы  мүрасынан  аталған  философиялык 
категориялардың алуан түрлі  көріністерін, элементтерін табуға 
болады.  Абай  творчествосына  тереңірек  үңіле  түссе,  дүниеге 
көзқарасы бұл сауалдардыңтөңірегіне тікелей саймайды, ол таза 
онтологиямен  де,  таза  гносеологиямен  де  шүғылданған  жоқ» 
(«Абай тагылымы»,  171 б.). Б. Ғабдуллиннің Абай философиясы 
жөнінде түйген пікірлерінің ерекшелігі, бүның таным мен логика 
мәселелерін тереңдете талдап, зерттеуі. Тагы бір ойға қалдыратын 
жері: ол -  Абайдың өзіне гана тэн ойлау мәдениеті мен ғылыми- 
эдістемелік қүралдары барын ескерткендей.
Әуелбек Қоңыратпаев—Абай философиясын диалектикалық 
түтастық тұрғысынан талдап, зерттеуге бет алган зертгеушілердің 
алғашқы л арының, біздің ойымызша, бірі—ол Әуелбек Қоңыратпаев. 
Абай философиясының ішкі сырын аңгарып, осыны түсінуге «жүйе» 
ұғымын үсынған ғалым. Бұл мәселе «Абай философиясы жүйесі» 
деген тарауда сөз болмақ.
Зейнолла  Қабдолов  — Абай  «ойшыл  философ»  деген  үғым 
баспасөз бетіңде қанатжайып, әлемдік деңгейге құлаштап, шыңына 
өрлей түскен шағы Абайдың, әсіресе,  150 жылдығы мерейтойы 
қарсаңындагы кезең.
66

ЮНЕСКО шешімімен, басшылығымен өткен Халықаралық 
Абай  жылы  -   1995  жыл  болатын.  Осыған  атсалысып,  құрмет
көрсеткен  ғалымның  бірі  — Қазақстанның  халық  жазушысы, 
академик,  Зейнолла  Қабдолов.  Ойшыл  философ  Абай  туралы 
оқымысты, жазушы қандай жаңашыл пікір ұсынады екен тыңдап 
көрелік. Таныса қалсаңыз өте қызық, тартымды, мағыналы. Әуелі 
ғалым ойымен үндес ұлы Абайдың мына өлең шумағына жүгінейік: 
Өлең деген -  әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық,  орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, магынасы түзу келсе,
Оган кімніц ұнасар таласуы, -  деген Абай сөзі логикасымен 
Зейнолла  Қабдолов  ойының  «ұнасып»,  «жарасып»  түрғанын 
тамашалайық. Міне, сол ой: «Абай суреткер ақын ғана емес, куллі 
адамзаттық  мағынадағы  ойшыл  философ».  Осы  ойын  негізді 
дәлелдеу үшін оқымысты Абайдың «Көлеңке ұзартып басын» деген 
өлеңінің тек поэтикалық емес, терең философиялық ойлылыққа түнып 
тұрған, бүрын-сонды қазақ сөзі басынан кешпеген жаңа тағдырына, 
мағынасына, қызметіне айрықша мән беріп, толғана, тебірене сыр 
шертеді. Жеке-дара бір өлеңі, тек бұныңбір-екі шумағын талдай 
отырып, Абай сөзініңжалпы философиялықсырын ашқан. «Сөз
қосарлык», ой тарқатарлық құдіретін: «Бір ғана мысал (яғни, бір
ғана өлеңмен тарқатады /қалам иесі/):
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уацыт қызартып,
Көк жиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар 
Сүргылт тартқан бейуаққа.
Төмен  царап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
67

...Адасқан  күшік секілді
Үлып жұртца цайтқан ой...
Өлең  шумақтарының  эр  сөзінің,  логикалық  абстракция 
дэрежесіндегі  мәніне тоқтап, философиялык сырын:  «Не деген 
гажайып сурет!»-деп, ғалым-жазушы ойын эрі жалғастырады. 
«Дүние  қалай  құбылып  кеткен?!  Сіз  мұндай  сырлы  суретке, 
сиқырлы құбылысқа жай көзбен емес, ой көзімен қарайсыз. Сонда 
сіз оны жай көріп қана қоймайсыз, көргеніңізді түйсініп барып 
түсінесіз.
«Көлеңке басын үзартып,
Алысты көзден жасырса...».
Бұл, эрине, шындық. Бірақ ақын осы шындықты әншейін сөзбен 
сөйлеп айтып қана тынбайды, сөзбен сурет салады. Бесіннен күн 
еңкейіп,  көкжиектен  төнген  сайын  көлеңке  ұзара  түседі.  Көз 
алдымызда көлеңкеміз сұлап жатыр. Көкжиек алыстап барады. 
Алыстағылар анык көрінбейді. Міне, бұл—сурет. Осы суретті көріп 
қызықтап отырсақ, ақын осының себебін айтпақ болып, оны әрі 
жалғастыра түсіп: «Күнді уақыт қызартып, көкжиекген асырса» -  
деп қалады. Бүл тіпті керемет! Бұл түста ой оянады: «Күнді уақыт 
қызартып...». Күннің қызарып барып бататыны рас, бірақ, «күнді 
уақыт  кызартып» деген  терең философия  емес  пе?» 
(Зейнолла 
Қабдолов,  Қазацстанның  халъщ  жазушысы,  академик.  «Абай 
жэне  Әуезов».  Халық  кеңесі,  Республикальщ  әлеуметтік- 
экономикалъщ газет.  №89(899)  сейсенбі,  8 тамыз  1995 жыл).
Сөз бояуларымен салған табиғат суреті, міне, осындай. Абай 
сөзінің сиқырлығы, «тереңнен толғайтындығы» сырын 3. Қабдолов 
жазушылық шеберлікпен терең сезініп, философиялык мазмүнын 
да ашқан.
«Қазақтар  арасындағы  қазақы  үғыммен  өлшесек,  -  деп, 
оқымысты ойын эрі өрбітеді, - бұрын мұндай сөз, сөзбен салған 
сурет болып көріп пе еді? Жоқ атымен болған емес. Мүншалық 
философиялык үғым беретін және оны көзге көрсетіп ұқтыратын 
өлең бұрын-сонды қазақ қауымында жазылған жоқ. Сонымен қатар,
68

мұндай суретгі сөз бен образды ойды тек қазақ өлеңіндегі өрім деп 
білсек, біржақты болады. Бұл бүкіл дүниежүзілік поэзияныңбиігінде 
тұрған сурет пен образ. Бұған жалғасып жатқан «күңгірт көңіл», 
«сұрғылт бейуақ» деген бейнелі сөздер тіркесі қазақ өлеңіне Абай 
қосқан тың, соны ұғьімдар екенін ойлай бастағанымызда ақын бізді 
тағы бір қиынға, қызық шиырға сал ып: «Адасқан күшік секілді ұлып, 
жұртқа  қайтқан  ой» деп  барып, тоқтайды.  Сіз тоқтамайсыз,  өз 
ішіңізге өзіңіз үңіліп, элгі философия ны енді терендете, эрі биікгете 
түсесіз. Көз алдыңызда көшкен елдің құлазыған жұрты, көштен 
адасып, сол жұртқа жүдеп, жүні үрпиіп қайтып келіп, бүрісе үлып 
отырған жетім күшік елестеп, жаныңыз жылайды. Тэн жетімдігінен 
жан  жетімдігі  қандай  ауыр,  қиын.  Соны  түйсініп-түсіну  үшін, 
оқырманға қаңдай дайындық керек? Абайдың терендігі, биіктігі мен 
кеңдігі, яки, Абайдың Абайлығы, міне, осы арада. Мұны ұғу д а -
оңай емес» 
(Сонда).
Абай  сөзінің  ойлау  мәдениетінің  сиқырлы  сыры,  бұның
«тереңнен толғайтындығында» (Ж. Аймауытов), «философиялық
юонцепциялығында» (Қ. Жұбанов) деп еді. Абаидың философиясы
туралы  ой-пікірлердің үлгілерімен таныстық,  бүлардың басым
көпшілігі «Абай философ» деген қағиданы қуаттап, осыны жан-
жақты  талдауды ,  зерттеуді  қаж ет  деп  табады .  Абайдың
шығармашылық қызметі мен ойлау мәдениетінде философияныц 
орыны, эрі логикалықжәне әдістемелік мәні жөніңде, сондай-ақ үл ы 
ойшылдың қазақ мәдениеті мен ғылымына деген әсері туралы ой
сарабы тарихына азда болса шолу жасауға тырыстық.
Абай  философиясы  төңірегінде  пікірлер  таласы  бір  сәтке
толастамаған. Зерттеушілердің бірі Абайды агностик, рационалист
деп, енді біреуі -  идеалист, исламист деп бағалаушылар да болды.
Қазақстанда  кеңес  орнығып,  КПСС-тің  билігі  күн  санап  арта
бастаған шақта: «...покончить с абаизмом как буржуазным хламом»
(«Абай».  Әдеби-көркем-тәуелсіз журнал.  Ns  2,  92  жыл,  60 б.)
деген идеологиялық ұран бой көрсетіп, үлы ойшылдың өз сөзімен
айтсақ «қоқиланды, мақтаңцы».
69

Сәбит Мұқанов- көрнекті  қазақ жазушысы, Абайды біресе 
батыстық, біресе шығыстық мектеп түлегі деп, эр саққа жүгіртті, 
бұның қалауынша, ұлы ойшыл философ бірде рационалист; исламист 
те болып шыға келеді. Сөйтіп, С. Мұқанов қисыны қиыспайтын 
қайшылыкты: «Ылғи бір байлау-магаусыз (абстрактный) пікірлердің 
тұманында қалқып журетін исламдық философия шырмауында» 
болған деген ойды қуаттайды 
(Қарацыз: С.Мұқанов. Абайдыц екі 
мектебі.  «Өркениет».  Апталъщ  басылым,  №51-52(361-362) 
сенбі,  31  желтоцсан  1994  жыл).  Абайды  тану  ісіне  ұлы 
ойшылдың  өзі  айтқандай,  қырын,  қиғаш  келмей,  тура  келу, 
сыңаржақтамай,  айла-қалтқысыз,  «терең  ой»,  «терең  ғылым» 
көзімен,  таза  ниетпен  кірісу  Абай  жанкүйерлерінің  азаматтық 
парызы.
М  
С.  Орынбеков. Абайдың саналы өмірінің жүз жылдан астам 
тарихында мүлдем жаңа кезең басталды, жаңа талаптар туып, жаңа 
мәселелер  көтеріліп  жатыр.  Бүл  туралы  жоғарыда  айтқан 
болаты нбы з.  Осы  орайда  бүгінгі  қазақ  қоғам ды қ  ойын 
толғандыратын мәселелер туралы философ М.С. Орынбековтың 
үйреншікті орыс тілінде жазылған мақаласынан үзінді келтірейік. 
Мақала:  «Мировоззренческие  основы  философии  Абая»  деп 
аталады.  «Внутри  казахской  общественной  мысли  сейчас 
наблюдается противоречие между традициями и современностью. 
Настало время избавления от просветительского преклонения перед 
западными  институтами, овладения спецификой  национальной 
мысли, которая в то же время предохраняла бы от отталкивания 
всего европейского как чужеродного элемента и ниспровержения 
привнесенных западных ценностей. Встал вопрос о рациональном 
совмещении автохтонных (autochthon—дегенгрек сөзінен: жергілікгі, 
тума деген сөздің мәнісі /қалам иесі/) и заимствованных ценностей, 
их синтезе внутри радикально новых форм сосуществования, что 
позволило  бы  освоить  как  вступление  на  столбовую  дорогу 
цивилизации, так и специфику социальных и духовных характеристик
70

нашего  общества» 
(Абай  жэне  цазіргі  заман:  зерттеулер
жинагы.  Алматы:  Ғылым,  1994,  184-185 бб.).
Абай  ф илософ иясы н  зерттеуде  де  қандай  мэселелер 
толгандыратыны турасында да сөз көтереді. «При всем уважении 
Абая к русской, восточной и мировой философской культуре, он 
прежде всего казах, прочно связанный с духовной жизнью своего 
народа, чем, собственно, и славен. Мыслитель занимался поиском 
выражения культурной самобытности казахов, что позволило бы 
избавиться от исторического гегемонизма западного и восточного 
миров в их интеллектуальных формах выражения»(^Сонда, 
185 б.).
Абай сөзінің эдеби-көркем әсерлігіне әлі де «Абай ұлы ақын» 
деген  үстем  багага  қанықпыз.  Ал  Абай -  философ  па? -  деген 
қағидалы  пікірді  бетке  ұстап,  ізденісімізге  тірек  боларлық. 
«Жалықпа?  Ізден?  Зертге?»  -   деп,  қамқорлық  жасайтын  аға 
буынның «қиянатшыл» заманның өзінде де Абай философиясы 
туралы  айтқан  өте  қажетті  де  көптеген  құнды  пікірлерімен 
таныстық. Бұныңүлгілерін жоғарыда келтірдік.
Өлмес,  өшпес  Абайдың  мәңгілік  мұрасын  XXI  ғасырға
ұрпақтар  сабақтастығы,дәуірлер  дәнекері,  үндері  хақысына
тапсырған ұлы  Мұхтар Әуезов екені баршага аян.  ¥мыт болып 
бара жатқан, жадымыздан өше бастаған үлылардың үнін екі данаға 
арналған ЮНЕСКО-нің шешімімен, атымен, әрі басшылығымен 
өткен  1995  жылы  -   Абай,  1997  жылы  М ұхтар  Әуезовтің
Халықаралық мерейтойлары қазіргі, болашақұрпақтарды. «¥лы 
перзенттерің  алды ндағы   парызыңды  ұм ы тпа?!»  деп  — 
ескерткендей.

2.1.2 АБАИ ФИЛОСОФИЯСЫ. ОЙЛАР
Абай шығармашылығының ең жарқыны, нұрлысы, бейнелісі, 
көз жанарын алатын сүлулығы, сөзінің сиқырлығы. Қ. Жұбанов 
айтатын  «реформатырлығы»  -   өлең  сөзі.  Қазақ  халқының 
данышпандығы -е ш  уақытта ұмытпайық, сөзді сыйлауы. Қашанда 
сөзге  «төркін»  (кэдесін  сыйлау)  беру.  Қазақ  осы  дәстүрді 
аруағындай  сыйлайды .  С өздің  сиқырлығы  дегенді  ұғуға 
талагггансақ, диалектика тіліңде: бұның ақиқатгығы, ал бұл дегеніңіз, 
ең құдіретті байлау, тоқтам, шешім сонда барып: «таяқ еттен өтсе, 
сөз сүйктен өтеді» деген  қарапайым  қазақ сөзінің мыңжылдық 
тарихы, тіршілігін баптап, мәпелеп, дәріптеп, жүрегінің тереңінде, 
ойы  мен  шерінің  асылы  етіп  сақтаған  сөздің  философиялық 
мағынасын ұғу деген!
Абай  өлең  сөзінің  сиқырлығы,  бұның  ерекше  дараланып 
байқалатын тағы бір қасиетін «пәлсапалығыңца» деп, Ж. Аймауытов, 
«философиялық концепциялығында» деп, Қ. Жұбанов қағидалы 
ойларын тұжырымдаған. «Абай философиясы жайында» біраз ой 
болжамдары мен пікірлерді қорытқаңца ортақ пікірді екшеп алатын 
болсақ: Абай сөзінің көркемдігі («образдығы» мен «пәсапалығының» 
«тереңнен толғайтындығы») б іртұтасты ғы. Абай философиясын 
зергтеуде Абай сөзінің поэзиялықжэне философиялық қасиеггерінің 
біртұтастығының қағидасы бастама сапасында әдістемелік мэн 
атқаратыны күмэн келтірмейді. Абай поэзиясы мен философиясы 
диалектикалық біртүтасығын алғаш аңғарып, тамырын басқан да 
Мүхтар  Әуезов.  Сонау  КПСС-тің  қуғын-сүргін  заманында  да, 
Мүхтар Әуезов Абай философиясы жайында ғылыми-теориялық, 
эдістемелік күндылығын жоймаған көгггеген ой болжамын, пікірлерін 
ұсынды. Бүлар әлі де болса қозғалыссыз жатқан сияқты. Себебі, 
барлық  жол  КПСС-тің  маркстік-лениндік  философия  жалпы 
марксизм-ленинизм үшін ашылған еді. Қазақ философиясы дамуына 
жағдайлар бар болса да, мүмкіндіктер жоқ сияқты.
72

Мұхтар Әуезовпп ойландырған, толғандырған, зерттеулері мен 
ізденістері тірегі арқауы болған, әрине, Абай философиясы емес, 
ақындығы—қазақ сөзінде жасаған революцияшыл өзгерістері, «жаңа 
платформасы», «үлкен декларациясы» деп, бірақ философиялығын 
жете ескермедік. Бүл—тарихи зандылық. Абай, өз заманында, ең 
алдыман, ақындық қасиеттерімен көзге түсті, ал философиялық, 
қоғамдық-элеуметтік  көзқарасы  арнайы тақырып болып,  өзіне 
ғылыми жұртшылықтың назарын аудара қойған жоқ еді. Екінші 
жағынан, қазақ ғылымы мен мәдениетін «паргиялық», «пролетарлық 
интернационализм»,  «таптық» қағиалары иелігіне ала бастаған 
шақта қазақ ғалымдары аяғына «ескішіл-байшыл», «хан-төрелер» 
түқымы, «бай-феодадцық салт» деген жалған дақпырт атымен кісен 
салына бастады  ғой.  Тарихтың  осындай  тар  қапасқа  қамалған 
кезеңіне қарамастан Абайды Абай еткен ұлы Мұхтар Әуезовтің 
жазушылық, ғылыми еңбегі. Бұл дегеніңіз, нағыз қаһармандық, 
мыңнан үздік шыққан Мұхтар Әуезовтің батырлық мінезі мен ерлігі. 
Абай  философиясын  зерттеу  мақсатында  арнайы  еңбектер 
жазылмаған еді деген ой үстемдік етіп келді. Осындай пікірдің 
арбауынан аса алмай Абай философиясы жүйесі деген ой ауызға 
алынбады.  Абай  сөзі  астарлығы,  сиқырлы  сырын  — жалпы 
ойшылдық қасиеті деп бағалауға тэрбиелендік. Сондықтан да, Абай 
философиясын  аттап  кету  мүкін  емес  еді.  Абай  философиясы 
жайында Мүхтар Эуезов те өз пікірін айтып, бағасын да берген. 
Енді  осы  мәселеге  тікелей  кірісейік.  Мұхтар  Әуезовте  күмэн 
тудыратын Абай философиясы емес, мүның жүйесі, «системасы». 
КПСС  идеологиясы  артықшылығы  заманында  тек  марксизм- 
ленинизм ілімінде гана жүйе бар деп, өзгелерге еркіндік берілмейтін.
Абай философиясы жайында айтқан сын, талас, болжам ойы 
мен пікірлерін қандай мәселе төңірегінде Мүхтар Әуезов өрбітгі 
десек? Біздің ойымызша, Абай философиясы жүйесі бағытында 
түйіндеп, дамытты десек, орынды болар. Мүхтар Әуезовтің Абай 
шыгармашылығы мен еңбектері ерекшеліктерін талдау барысыңда 
туған философиялық ойларыныңбасымырағы «Абай (Ибраһим)
73

Құнанбайұлы»  монографиясында  топтасқан 
(Мүхтар  Әуезов. 
Жиырма  томдыц  шыгармалар  жинагы.  20-том.  Монография, 
мақалалар.  Алматы: Жазушы,  1985).
Абай туралы ізденістердің тарихи да, ғылыми-теориялықта
бадарламасын  жүйелеп,  анықтайтын  «Абай  мұрасы  жайында»
деген  Мұхтар  Әуезовтің  мақаласы.  Абайды  тану  ілімінің 
қиыңдықтарын:
«Абайды тану» -  жалпы қазақ әдебиетін тану тэрізді элі жас 
ғылым.  Оның  жетіскен  шама-шарқымен  қатар  элі  олқылығы, 
кемшілігі  де  көп.  Бірақ бұл  үрдіс  өсіп  келе жатқан  жэне  қазақ 
әдебиетінің өзге тарауларын тануымыздан көрі өнімдірек өскелеңцеп 
келе жатқан ғылым тарауы екенін жұртшылык біледі. Бізде Абайды 
тану  жүмысына  тек  эдебиетші  ғана  атсалысып  отырған  жоқ, 
тарихшылар, тілшілер, көркемөнер зерттеушілері, педагогтар тағы 
да осыларға жалғас эр саланың мамандары тарапынан үлестер 
қосып келеді» 
(19-т., 12 б.). Абайды тану ісіне атсалысушылардың 
қатарында  философтардың  аталмауы,  бүларға  берілген  жалпы 
бағасы да, әрі үлесі де шамалы екенін ескерткендей. Мұхтар Әуезов 
айтқан «олқылықгар» мен «кемшіліюерді» уақьгг өлшемімен айтсақ, 
47 жыл өтіпті, әдейілеп бүгінгі күннің жоғын ескергендей. Қазір Абай 
элемін тану ісі мүлдем өзгерген жаңа кезеңде жаңа өріс, серпін 
алуда.  Мүхтар  Әуезов  үнемі  ізденіс,  толғаныс  үстінде  болды. 
Ғалым-жазушының  еңбектерін  мүқият оқып,  талдап  барып  ой 
қорытқанда ерекше байқалатыны: Абайдың «Жүрегімніңтүбіне 
терең бойла» деген қағидалы ой төңірегіне Абай элемі қаңқасын 
қүратын мәселелерді топтастырып, бүларды жан-жақты зерттеп, 
мазмүнын ашып барып, ғылыми-теориялық негізін қалыптастыру
жүмысы. Осы ғылыми-теориялық негіздің күнарлы арнасыныңбірі 
—Абай философиясы.
Абай  философиясы жайында  Мүхтар  Әуезов  көбіне талас 
тудыратын  пікірлер айтты,  мүнымен  қатар Абай философиясы 
жүйесі деген қагиданы негіздеуге бағытталған ғылыми-теориялық 
м эселелер  туралы   коптеген  ты ң  ойлар  үсы нды .  Абай
74

философиясына  арнап  М ұхтар  Әуезов  тақырыпты  еңбек 
жазбағанымен, бірақ бұл салада мәселені алғаш көтерген ғалымның, 
бірегейі болды. «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» деген 
кітабында: «Абайды философ деуге болмайды», - дейді Мұхтар 
Әуезов. Осы ойын эрі жалғастырып: «Себебі, философ болу үшін, 
белгілі  философиялык  система  болу  керек.  Абайда  олай  емес. 
Абайда данышпан ақындарда болатын философиялык пікір бар». 
Осылай дей отырып, Абай философия мұхитының қай жағасына: 
материалистік  пе,  идеалистік  пе,  бет  алғанын  Мұхтар  Әуезов 
аныктамайды «... дэйекті философиялык материализм дэрежесіне
көтеріле  алмады»,  -  дейді 
(19-т.,  31  б.).  Қайшылықты  пікір 
ұсынады. «Абай қогам тіршілігі, тәрбие жөнінде, - дейді Мұхтар 
Әуезов, - материалистік жарқын ойды жоғары санап отырса да, 
идеалистік пікірге де жақын жанасатын тұстары бар. «Мен» және 
«менікі» деген ой танымды айыруца философиялык пікірін толғайды»
-  деп, Абайдың философиясы туралы қайшылыкты: «философ емес», 
бірақ «философиялык пікірі бар» деген қағиданы ұстанатын сияқгы 
(Мухтар  Әуезов.  Абайтанудан  жарияланбаган  материалдар.
Алматы:  Ғылым,  1988.  157 б.).
Абайды ң философиялык көзқарастары Мұхтар Әуезовггі ерекше 
толғандырады.  ¥ л ы   ғалым-жазушы  «Абай  философиялык 
көзқарасы жэне бұның жүйеліл ігі» жайында қаишылықгы піюрлердің
зерттеуде
философиялык
философииялық
Арнайы
лениндік философия тұрғысынан Абайға
деген көзқарас қоғамдык пікір салаларында орын теппеген еді. Аоаи 
философиясы жайында пікірлерді жиынгықтап қарағанда, Мұхтар 
Әуезоетіңталдау, зертгеу мэдениеті, ой тұжырымдары көзге түседі. 
Абай философиясын жэне бүның жүйесін танудың, талдаудың,
зерттеудің ғылыми-теориялық негізін,  әдістемелік  құралдарын 
қалыптастыруға тыңнан алғаш жол салған Мұхтар Әуезов. Абай 
шығаомашылығының философиялык ойлыққа бет алған кезеңі
75

туралы  ғалым-жазушы:  «1884  жылдары,  жасы  қырықка таман 
ілінгенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болады. Әр нэрсе 
туралы ғылым -  философияға сүйенген арнаулы көзқарасы, сыны 
бар қырағы озғын азамат болып, жекеленіп шыға бастайды» деп, 
Абайдың ойлау мәдениетінің пәлсапалыгын сөз етеді 
(20-т. 54 б.).
Абай ақындығы «Жаңа платфомасы», «Үлкен декларациясы» 
туралы  сөз  болғанда  Мұхтар  Әуезов  Абайдың  философиялық 
ойлылығына да арнайы көңіл аударады. «Абайдың толғаулы ойы, 
диалектикалық отрицание дәрежесіне, филосософиялық биікке 
өрлейді. Өткен тарих қалдырған эдебиетке тарихтық, философиялық 
қатты  сынмен,  қатал  соқтыгады.  Бүрынғы  қазақтың  «жүйрігі, 
шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен 
аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе, 
бүры нғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатгы соқгығады» 
(Сонда,  130  б.).  Мүхтар  Әуезовтің  осы  тұжырым  ойы  Абай 
философиясы н зертгеуде жүйелі бағытты ұстануға ақыл қосады:
-біріншіден, Абай шығармашылығы жаңа бағыттары: «Жаңа 
платформасы», «Үлкен декларациясы» философиялықжүйелілікке 
«диалектикалық  отрицаниеге»  негізделіп,  таным  мен  логика 
заңдылықтарына сүйенеді;
-  
екіншіден, Абай философиясының элемдік философиямен 
байланысын, сабақтастығын ескертеді. Бүл туралы куэлік ойын 
Мүхтар  Әуезов:  «Араб,  Иран  мәдениетінің  тарихын  тереңдеп 
зерттеген Абай Рашид ад-дин, Мүхаммед Хайдар, Бабыр, Абүлғазы 
Баһаддүр хан сияқты арғы-бергі тарихшылардың еңбегін жақсы 
білген.  Мантық  (логика),  жалпы  философия,  ахлақ  (мораль) 
философиясын да білген. Ертеден бергі шығыс гүламаларының көп
еңбектерін бергі уақыттарда да үнемі зерттеп отырған 
(18-т., 38 
б.). 
і 
.
«Аидалып келген достарының куэлігіне Караганда, Абай Батые 
философиясымен Спенсер, Спиноза мен Дарвин еңбекгерін де үнемі
оқып, көп шүгылданган еді» — дейді Мүхтар Әуезов 
(Сонда,  40
б.). Абай өзі айтатын:
76

Түзу кел,  цисыц-қыңыр,  қырын келмеи,
Сыртын танып іс бітпес,  сырын көрмей, -  деп, өз заманы,
қазіргі, ертеңгі жэне болашақ ұрпақгарға эділдік пен ақиқат жолын
философиялык өсиет хақыңда тапсырды емес пе?! Абай сөзін <оканы
еріп»  ты ңдам аған,  оқы м аған  адам ,  бұның  «тереңнен
толғайтындығын»,  «философилық  концепциялығын»  ұқпаған,
түйсінген  емес,  тіптен  аңғармаған  да  болар.  Абай  әлемінің
мэселелерін шамамызша басын ашып, «ниеттеніп білмекке»бет
алдық. Осы мәселелер ішінде қиын түйіні -  Абай философиясы.
Себебі,  бұл  мэселені  тану,  зерттеу  тарихы,  бұған  коса,  Абай
философиясын танудыңөзіңцік ғылыми-теориялық негізі, әдістемелік 
құралдары  да  жаңа  ғана  қалыптаса  бастағанға  ұқсайды.  Бұл 
жөнінде  пікірімізді  жоғарыда  айтқаи  едік.  Абай  философиясы 
төңірегіндегі  ой  талғамы,  пікірлер  тұрағы  жиналып,  теріліп, 
сүрыпталып: «Абай философ па?!» деген сауалға келіп тіреледі.
Қазіргі шаққа дейін:
«Абай—философ емес, себебі «Абайда философиялык система
жоқ», - деп, өз аяғымызды өзіміз кісендеп: «жүйе жоқ, несіне арам 
тер  боламыз»  -   деп,  үйреншікті  сүрленген  дағдылы  жолдан 
шыққымыз келмейді. Осы  пікірді қостайтындардың катарында 
көрнекті  абайтанушылар  да  бар.  «Абайдың  философиялык 
көзқарасы дегенде ең алдымен басын ашып алатын жайт:  ол — 
философиялык жүйе қүрастырмаған, тігтген арнайы философиялык 
трактат жазбаған ойшыл. Сондықтан оның дүниетанымынан жүйеге 
келтірілген  гносеологиялық принциптер жэне  элем туралы  бір
негізде құралған концепциялар іздеудің еш қажеті жоқ», - дейді 
F.  Есімов 
(Ғарифолла Есімов.  Хакім Абай.  Алмшпы.  Атпамүра-
Қазақстан,  1994,  37 б.).
Келте  пішіп,  кесіп  айту  диалектика  заңдылықтарына 
(объективтілік, тарихтык, абстрактіліктен нактылыққа көтерілу, 
тарихилық  жэне  логикалық  эдістерімен  т.б.)  үйлеспейді.
Ф и л о с о ф  
ияның туа біткен төл қасиеті -  парасаттылық, ойшылдыққа
баулитын, тәрбиелейтін касиетгерімен санаспағандай боламыз ғой.
77

«Философиялық  трактат  жазбаған»  деген  тұжырымда  қандай 
танымдық,  логикалық  негіз  бар.  Қырық  алты  философиялық 
трактаттарын -  қара сөздерін қайда жібереміз?!
«Трактат» деген сөздің ғылыми мэніне тоқгаған да орынды 
болар. Большая Советская Энциклопедия жинағында төмеңдегідей 
түсіндірме берілген: 
«трактат, лат. tractates, здесь-обсуждение, 
рассмотрение, от traco -  исследую; буквально -  тащу) -  научная 
работа, в которой подробно расматривается к.-л. отельный вопрос, 
отдельная  проблем а) 
(Қараңы з:  «Большая  Советская
Энциклопедия». 
М осква: 
Государст венное 
научное 
издательство,  1956,  93 стр.).
Бұл сөздің қолдану тарихына сүйенсек, көбіне философияда 
қолданатын  сөз,  бірақ  мұнымен  ғана  шектеу  орынсыз  болар. 
Ғылыми жұмыстың қандайы да трактатқа жатады. Сондықшн Абай 
қырық  алты  ғылыми  трактат  жазды  деуге  болады.  Қазақша 
философиялық сауаттылық, ғылыми зертгеушілік мәдениеттің бір 
кұнарлы саласына айналмаған сияқты. Осыган орай ескеретін бір 
жайт: ол Абай әлеміне тікелей қатысты, «қара сөз» деген тіркес, 
сірә,  философиялықка  бой  ұсындырмайтын  сияқты.  Бастан 
«Абайдың  философиялық  сөздері»  немесе  «Абайдың  ғылыми 
трактаттары» (ғылыми ізденістері) десек гылым сұранысы дэрежесі 
де басқаша болар ма—деген ой келеді. Ақжан Машановтың «Абай 
шығармасы әдебиет шеңберіне сыймайды» деуі -  ғылыми сұраныс 
талабына тікелей байланысынан туған.
Бұл турасында ұлы Мұхтар Әуезов те Абайдың «өзінен туған, 
өзіндік философиялық системаны танытатын арнаулы трактат тағы 
жоқ» — дейді 
(20-т.,  181  б.).  Осы ойын эрі  жалғастырсақ бұған 
коса,  Абайдың «философиядан  алған  білімі  белгілі  бір  жүйеге 
түспеген еді. Маркс жэне оның ғылымы туралы ол білмеген болса 
керек» 
(19-т.,  32  б.)  деп,  тоқ  етерін  айтады.  Бірақ  осы  пікір 
жасанды,  Мүхтар  Әуезовтің  түйін,  тұжырым  ойы  емес,  бұнда 
КПСС идеологиясының адам ойын  кісендеп ұстаған «таптық», 
«партиялық» шоқпардың төніп тұрғанын байқамасқа болмайды.
78

Неге десеңіз,  КПСС  идеологтары  К.  Маркстің атын жамылып, 
адамдардың,  халықтардың  санасын  бір  стандарт-қалыпта 
ұстамақшы да, дамытпақшы еді.
Мүхтар  Әуезов  күдікті  ойынан  айыққысы  келіп,  Абай 
философиясын,  бұны ң  ж үйесін  танып  білуге,  зерттеуге 
ынталаңдырады. Мі не, сол ойы: «Жалғыз-ақ осымен қатар («арнаулы 
трактат жоқ» деген пікірін жалғастырып /қалам иесі/), біздің тағы 
бір баса айтатын пікіріміз: Абаңды философиядан мүлде аулақтатып, 
жырып тастаудың да жөні жоқ. Өзіндік философия лық системасы, 
жекеше философиялық еңбектері болмаса да, Абайдың барлық 
мүрасын  алғанда  (лирикасы,  поэмалары,  қара  сөздері)  көп 
шығармаларында көрініп отыратын анықойшылық көзқарастар, 
терең толғаулар болады.  Бүлар,  міне,  қатты  ескеріліп,  анықтап 
зерттеліп отыруға керек. Жэне осындай ойшылдық белгілерін жеке 
философиясы деп атамасақ та, акынның даналық, философиялық 
көзқарастары (философские взгляды) деген түрде мейлінше түгел 
қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек» деп, арнайы көңіл ауцарып,
ескерткендей 
(Сонда,  181 б.).
Абай философиясын «мейлінше түгел қамтитын» таным мен
логиканың  қагидалы  багытын,  эрі  эдістемесін  Мүхтар  Әуезов
«ақынныңданалық, философиялықкөзқарастары (философские
взгляды)» деп түжырымдаган. Осы бір терен мазмүнды қағидаға 
«терең ой»  көзімен  қаралықшы!  Мүнда  құпия сыр бой тасалап 
тұрган сияқты.  Бүның шешімі жақшаға алынган «философские 
взгляды»  деген  орысша  сөздердің  мазмүндық  мәнінде  жатыр. 
«Даналық»  деген  сөздің  орысша  аудармасын  бермеген,  ал 
«философиялық көзқарастары» деген казақ сөздерінің ауцармасын 
беріп, жақшага алып, арнайы баптылыгына баса көңіл аударған 
сияқты. Өз ойын толық ашпай «философские взгляды» деген жаи 
көзге айта салған сөздер гана болса да, бірақ Мұхтар Әуезов осы 
сөздерге  айрықша  мэн  берген.  Осы  ои  болжамымыздың 
акиқаттыгын үлы ғапым-жазушының өз ойымен дәлелдейік.
79

Абай  өмірі  мен  шығармашылығын,  өлең,  философиялық 
сөздерінің  жеке  эрбірін  жан-жақгы  талдап,  зертгеп,  абайтану, 
Абайды тану ілімінің ғылыми-теориялық негізін жасап, Абай әлемін 
қалыптастырған  да  Мұхтар  Әуезов.  Ал  Абай  философиясын 
зерттеуге мүлде жаңа уақыттың туатынына үлы ғалым-жазушы 
кәміл  сенді.  Бұған  қоса  айтпағымыз,  Абай  философиясына 
байланысты арнайы еңбек жазбаса да, Мұхтар Әуезов бұны жан- 
жақты талдауцың, зерттеуцің қажеттілігіне баса, тіпті арнайы көңіл 
ауцарған сияқгы. Осыған дәлел, эсіресе, жоғарыда келтірген ойының 
табиғи жалғасымен танысқанда біз де кэміл сенеміз. Себебі, мұнда 
Абай философиясы жүйесін танып, зерттеуцің ғылыми-теориялық 
жэне  эдістемелік  те  негізі  түйінделген  деген  түжырымды
қуаттамақпыз
Мұхтар
айтуынша, мысалы Гете, Байрон, Пушкин, Горький сияқты үлы ақын 
жазушылырды зерттеушілер де, бүларды жекеше арнап «философ» 
деп  атамаса  да,  Абай  турасы нда  біз  айтқандай,  олардың 
философиялық көзқарастарына коп көңіл аударады екен. Міне, сол 
ойы:
«Абайға келгенде, осыған шейін біз тексеріп өткен, оның өз 
заманындағы  қоғамдық  мәселелерге  ақындық,  коркемдік, 
эстетикалық мэселелерге,  тәрбиелік,  ұстаздық,  педагогикалық 
мэселелерге жэне, әсіресе, адам мен адамгершілік үждан, мораль 
философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек 
бір  көлемді,  әр  сапалы  ойшылдық  пікірлері  бар  екені  даусыз. 
Соларыныңбарлығын біз 
ӘДЕБИЕТ ТАРИХШЫСЫ есебінде оның
эр шығармаларының әдебиеттік сапасын тексеру, талдау үстінде 
еске аламыз. Ал енді, жақын заманда қазақстандық әлеуметтік, 
философиялық ойдың өсу тарихын зерттейтін марксшіл-лениншіл 
жаңа философтарымыз Абайдың жаңағыдай мүраларын түгелдей 
теріп, (әрине философиялық мүрасының барына күмэнді болмас / 
қалам иесі/), тереңцеп талдап, тексеруге мейлінше болады. Ұлы 
ақынның даналық мүрасы турасында сондай еңбектер ету, үлкен 
ш арт  та  болады » 
(Сонда,  182  б.)  деп,  ұлы  ғалым  Абай 
философиясына іікелей қатысты ғылыми-методологиялық ойларын
80

тұжырымдаған. Жалпы Абай мұрасын, философиясын қосқанда 
тану, зерттеу зандылығын Мүхтар Әуезов: «эдебиеттарихшысы 
есебінде» деп түйіндеген. Сонымен, Абайдың «даналық мүрасын» 
зерттеу  ісі  философиялық емес,  «эдебиеттік сапасын» тексеру,
талдау төңірегінде топасқанын ескертеді.
Осы  тұрғыдан  Мүхтар  Әузов  ойларын  басшылыққа  алсақ,
келелі үш мэселенің басын біздің ойымызша, ашқанын танытады:
— 
біріншісі,  Абайдың  «даналық  мұрасын»  диалектикалық
тұтастық сапасында қарап, талдап, зерттеу;
— 
екіншісі,  «философиялық  ойдың  өсу  тарихын  зерттеу» 
қажеттілігі. Бұган деген сенімін Мүхтар Әуезов «марксшіл-лениншіл 
жаңа  философтарымызға»  артады.  Иә,  заман  өктемдігі  солай 
болған. Осы тұста ой болжамына бір сэтке берілсек, ұлы ғалым-
жазушы бүгінгі үрпакқа аманатынартқан;
— 
үіиітиісі -  мәселе деп түйсек: ол -  казақ ғылымының, бүның 
ішінде  Абай  философиясын  «түгелдей теріп,  теревдеп  талдап, 
тексеруге мейлінше болатындығына» жағдай жасайтын — жаңа 
кезеңніңтуагынына Мүхтар Әуезов кэміл сенді. Кдзіргі дербес Қазақ 
Елі, Тәуелсіз Ұлттық Мемлекет үрпақтары үшін ұлы оптимист 
Мұхтар Әуезовтің арманын жүзеге асыру-үлкен шартта болады».
Әлі  де  болса,  аспандағы  шарықтап  жүрген  қиял  емес, 
қолымызға келіп қонған бақыт қүсы—үліты қ тәуел с ізді гім із, «тағы» 
құнсыз ақшаның буына піскен шала-жансар, бар болса да, көретін 
көзі, жүретін аяқ-қолы дәрменсіз кеще «байлар», Абай айтатын 
«бүлдіргіш әкімдер» қазақ мэдениеті мен ғылымына қамқорлық 
жасар ма екен?! -  деген ой мазалайды. Әлгі тезек отына піскен 
«қазақ» байы қазақты ұлтынан, тілінен, ғылымынан айырмақшы 
болды емес  пе?!  Үлкен саясат үшін бұл керек шығар.  Тарих не 
айтар  екен?  Қашанғы  «Ақтабан  шүбырынды,  алқакөл  сүлама 
боламы з!»  (осы  қазақ  халқынын  XV1I-XVIII  ғғ.  Жоңғар
шапқыншылығы кесапатынан басынатүскен үланғайыр нәубетгі 
өзінің  «Елім-ай!»  жырында  Қожаберген  жыршы-баһадүр 
Толыбайсыншыұлы «Актабан шүбырынды, Алакөл сүлама» -  деп,
күңірене жырлаған!). Сүйектен өтті гой, жетті енді, кім көрінгеннің
81

жетегінде  жүру.  Бұхар  жырау  бабамыздың:  «ойлан  қазағын» 
ұмытпайық! Қашанғы «дерттің» қамауында жүрмекпіз?!
«Бұхар жыраудың айтуға тыйым салынып келген бір кыры: 
орыс патшалығына қарсы қажырлы күресі дер едік. Ол шұрайлы 
қоныс, шүйгінді жерлерді біртіндеп басып алып, сол мекендерге 
бекіністер  сала  бастаған  отаршылдардың  бұзық  пиғылдарын 
жүрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырды» дейді, зерттеуші 
Мұхамедрахым Жармұхамедүлы 
(Бүхар жырау Қалцаманүлы. 
Шыгармалары.  Қазақстан  Республикасы  мәдениет  қоры. 
«Мүраттас» гылыми зерттеу жэне баспа орталыгы. Алматы, 
1992, 4-5 бб.). Қазақ жерін отарлау мақсатында Орыс патшалығы 
жаулап ала бастаған шактағы қазақ хапқының болмысын күрескер 
намысына мінген Бұхар жырау:
Қараөткелді салды,  ойлаі 
Баянаула, Қьізылтау 
Оны да,  кәпір алды,  ойла!
Шүрьиітпенен  цүлацтас,
Қыргызбенен  жүбаптас,
Ортасында үйлыгып,
Кетпейін десе,  алды-артын 
Қоршап  алган  кэпір  бар.
Үйлыщан  қойдай қамалып,
Бүйірінен  шаншу  цадальт,
Сорлы  қазақ цалды,  ойла,  -
(Сонда,  23  б.)  деп,  ғасырлар  қойнауынан  бүгінгі  қазаққа -  
«Тэуелсіздігіңді қорғай біл, ойлан?» деген үні қүлағыңа шалынғандай. 
«Хан-төрелер  кілемі»  деген  М үхтар  Әуезовтің  қағидасы, 
шарасыздықтан, амалсыздықтан—«партиялық» пен «таптықтың» 
құлы болған қағида, бұған ұлы ғалым-жазушыны мэжбүр еткен 
«кеңестіктің»  атын  жамылған  ұлы  державалық  орыс  саясаты. 
«Пролетариат», «кедейдің» атын пайдаланып, кеңес империясының 
істемегені  жоқ.  ТөгІлген  қанымыз,  тапталған  арымыз  бен 
намысымыз, үлттық тарихымыз -  куэ бұған.
82

2.1.3  К Ө ЗҚ А РA C T Ы Қ   О Н  Б А Ғ Ы Т  -
Ж Ү Й Е Л ІК К Е   Ж О Л
Абайдың  «даналық  мұрасының»  «әдебиеттік»  қана  емес 
философиялық  та  сапасын  «түгелдей  теріп,  тереңдеп,  талдап 
тексеруді»  ұлы  Мұхтар  Әуезов  «қазақстандық  әлеуметтік, 
философиялық ойдың өсу тарихын» зерттеп, танып, біліп барып, 
меңгеруді «үлкен шарт» деп санады. Философиялықтілде бұны -  
белгілі бір жүйе деп қарап қабылдасақ, сонда Абай мен Мүхтар
Әуезовтің шығармашылығында қалыптасқан (ғылыми-теориялық, 
әдістмелік  /қалам  иесі/)  мэселелердің  талаптарына  ойымыз 
үйлесімді, сиымды ғой-деген пікірдеміз. Бұл турасында Мұхтар
Әуезовтің  еңбектерінде  орын  тепкен  ой  тұжырымдарымен, 
болжамдарымен ақылдасайық.
Абай философиясынатүтастық сипат беріп, тақырыптық жэне 
мазмұндық бағытұсынатын, жетелік жасауға жарайтын жүйесі бар 
ма?  Бұл  сүраққа  жауапты  ұлы  ойш ы лды ң  тікелей  өз 
шығармаларына сүйене отырып, жауап беру — таным мен ойлау
зақцылықтарының талабы.
Абайдың даналық  мүрасын  «әдебиет тарихшысы»  ретінде
«әдебиеттік сапасын» тексеру қағидасы  Мүхтар Әуезовтің ұлы
ойшылдың философиялық мүрасын да зерттеудің теориялық жэне
әдістемелік негізі. Осылай деп қабылдаған жағдайда ізденісімізді
ақиқат жолына бағытгаған болар едік.
Абай поэзиясы бойынша жүргізілген социологиялық ізденіс
тақырыбы: Абай философиясы жүйесін анықтауға бағытталған.
Осы  себепті,  тақырыптың  жалпы  бағытын:  Социологиялық
талдаудыңұсыныстары: бірінші-бесінші кестелері бойынша деп
алдык.
Ізденіс мақсатын анықтасақ. Абай философиясыныңжүйесі 
құрылымы:  тақырыбы,  мазмұндық  бағыттары  турасында 
мәліметтер: № 1 ,2 ,3 ,4 ,5-ші Кестелелері арқылы танысуға болады. 
Әр кестеніңтақырыбы:
83

Бірінші  кесте  -   Абай  өлең  сөзі.  Социологиялық  талдау. 
Философия жүйесі, танымдық, логикалық бағыттылығы;
Екінші -  Абай философиясы жүйесі: танымдық, логикалық 
бағыттылығы;
Үшінші- Абай Үшкілі: қайрат, ақыл, жүрек;
Төртінші-  Диалектика ұшқыны;
Бесінші- Саяси-әлеуметтік ойлары.
Біздіңұсынып отырған социологиялық ізденістер нәтижелері 
тікелей Абай философиясы жүйесін талдауға бағытталған жаңа 
тақырып. Абайды ң өлең, философиялық сөздеріне сүйеніп, бүған 
қоса Мұхтар Әуезовтің үлы ойшыл философиясы жөнінде айтылған 
пікірлерін, ойларын ескеріп, жүйесін анықтап, талдауға бағытгалған 
жаңа  көзқарастық  он  бағыттарды  оқырман  назарына  үсынып 
отырмыз.
Оларболса:
1. Қайрат,
2. Ақыл,
3. Жүрек,
4. Ғылым,
5. Ой, ойлау, логика,
6. Диалектика,
7. Адам мінезі,
8. Саясат,
9. Еңбек,
10. Сөз, өнер.
¥сынып отырған  10 бағыттың Абай философиясы жүйесін 
талдап,  тексеріп,  зерттеп  барып,  меңгеруде  танымдық  та, 
логикалы қ  та  құрал  екеніне  Абай  мен  М үхтар  Ә уезов 
ш ығармаш ылығымен,  эдеби -көркем ,  ғы лы м и-теориялы қ 
еңбектерімен тікелей танысқанда көзіміз жетеді. Социологиялық 
талдауды  Абайдың  екі  томдык  шығармалар  жинагы  бойынша 
жасадық 
(Алматы: Жазушы,  1986). Бірінші томға кірген өлеңдер 
мен  поэмалар  саны  шифрмен  белгілегенде:  1(1-175)  (мазмүны
84

бойынша қатар саны); 2(9-258) (орналасқан беттердіңжалпы саны). 
Жеке шығарманың аты жөнін қатардағы сан бойынша (орналасқан 
беттерінде)  анықтауға  болады.  Мысалы:  1(33)  «Өлең — сөздің 
патшасы,  сөз  сарасы»;  2(63-65)  (осы  шығарманың  орналасқан
бетгері).
Он  бағыттың жүйелікке  бастауының  мәнісіне тоқтап  жэне 
әрбірінің танымдық, логикалық қызметін тексеріп, талдап, танысу
— Үшкіл  сырын  ұғудың  ғылыми-теориялық  арнасы.  Аталған 
бағыттарды Абай өлең жэне философиялық сөздерінің қайсыбірін 
болмасын, бұлардыңтек эдебиетгік қана емес, философиялык та 
каңқасын қүрып, шығарманыңтанымдық,әрі логикалықжүйесімен
таныстырады.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  Абай  философиясы 
жүйесін  талдап,  зерттейтін  тұлғалы  қағида — «Үшкіл»  екеніне 
көзімізді дэлелді негіздеп жеткізеді. Аталған бағыттар ойлаудың 
логикалық құралдары сапасында да қызмет атқарады. Мәселен, 
1 (47); 2(85-90) (шыгарма атын қажет деп тапса талапкер біз ұсынып 
отырған шифр бойынша табады). Социологиялық талдауға жүпнсек: 
«қайрат»,  «ақыл»,  «жүрек»,  «ғылым»,  «ой»,  «мінез»,  «саясат», 
«өнер», яғни, бұлар болса Абай философиясы жүйесіне түтастық 
сипат  беріп,  мазмұнды қ  жэне  таны м ды қ  бағыттылығын 
анықтайды.  Көзкарастық  «он  бағытты»  — ойлау  мәдениеті 
құралдары деп санап, танымдық, әрі логикалық мүмкіндіктерін 
«терең ой», «терең ғылым» түрғысынан зейінді қадағалап, талдап, 
зерттесек, әлі де ескерілмей жүрген — «системаны», яғни, Абаи 
философиясы жүйесі—«Ү шкілді» танып, білуге ғылыми-теориялық
мүмкіндіктер  туатынына  кэміл  сенеміз.  Бұған  қоса,  Абайдың 
философиялык  ойлау  мәдениеті  деңгейін  жан-жақты  танып
меңгеруге көмектеседі.
Абай шыгармалары негізінде сүрыпталып, түжырымдалатын
көзкарастык он бағыттың эрбірі философиялык жалпылық мэніндегі 
абстракциялар.
Абстракция (грек с ө зі)-за т туралы ойшатүсінік, мәліметалу 
деген. Логикалық абстракция қарапайым тілде мың, млн. жылдар
85

барысында еңбек пен ойлау нэтижелері адам миында бейнеленіп, 
оймен  қорытылып,  сұрыпталып,  екшеліп,  үнемі  байытылып, 
қалыптасқан (үғым, пікір, ой тұжырымдары, ғылыми анықтамалар, 
қағидалар т.т.) тарихи үдеріс. Мысалға, болмыс (бытие) ұғымы. 
Адам  осы  үғым  арқылы  (бізге  мэлім,  мәлім  емес)  заттардың, 
құбылыстардың өмір сүруі жағдайлары туралы түсінік, мейлінше, 
жалпы ұгымды қалыптастырады. Болмыс (философиялық түсінілуі)
-  баршаның (табиғат, адам, бұның санасы,  ғарыштық элем т.т.) 
өмір сүруі заңдылықтары деген сөз.
Болмыс -онтологиялық мэнін алсақ: баршаның қозғалысы, өмір 
сүруі, өзгеруі, дамуы (затгардың, қүбылыстардың өзара әмбебап 
байланыстары,  қатынастары,  бір-біріне  әсері  нәтижесінде 
қалыптасқан) объективті заңдылықтарын бір сөзге -  болмысқа 
ойша сиғызу, түйін, түжырым жасау деген.
Танымдық сипатын айтсақ: адам миында баршаның өмір сүруі 
заңдылықтарының  санғилы,  әр  тарапты,  көп  мэнді,  ойша 
бейнеленуінің тарихы. Осы оравда Абай философиясында «болмыс» 
ұғымына (категориясына /қалам иесі/) бара-бар ұғымды айтсақ: 
қазақ  халқы ны ң  ғасы рлар  бойы  қалы птасқан  мәдениеті 
жетістіктерін, рухани байлығын пайдалана, қорыта, байыта отырып, 
қазақ халқының болмысы бейнеленуінің тарихи жиынтығы деп 
есептеуіміз қажет. Абайдың «өлеңцерін, поэмаларын, қара сөздерін 
өз заманыңдағы қоғам өмірінің овдағы халықтыңбарлықжіктерін, 
барлық  жастағы,  күй-түрмыстағы  адамдарын  түгел  қамтитын 
энциклопедиясы деп батыл айтуға болады» 
(19-т.,  51  б.) дейді 
Мүхтар Әуезов. Міне, әдебиеттілінде «логикалық абстракцияның», 
қысқасы «барлық... күй-тұрмыстағы адамдарын түгел қамтитын 
энциклопедиясы». Міне, «логикалық абстракция» мэнінде «болмыс» 
категориясын көркем танымда әдебиеттік құралмен бейнелеудің 
өте  жемісті  үлгісі.  Логика -   адамның  ойлау  мәдениеті,  мүның 
қозғалысы, даму заңцылықтары, қоғам дамуы нәтижелерінің адам 
миында  бейнелену  тарихы,  эрі  білім  мен  гылымның  тарихи 
қорытындысы, жиынтығы. Мәселен, кеңістік пен уақыт үғымдары
86

кандай кене болғанымен, бұлардың физика-химиялық, анатомия- 
биологиялық, әлеуметтік мазмұны мен логикалық мэні ғылым мен 
өндіріс өңірінде XIX ғасырдан бастап, меңгеріле бастады.
Қарапайым тілде: «Екі сөздің басын қоса білмейтін «адамның 
надан эуресі» дегеннің эулетіне логика қонбаған жэне жоламайды. 
Себебі, надан адамныңтүсінігі соқыр, білімі таяз, санасы болса, 
құрық бойы жорғалайды. Абай өзі айтпай ма:
Білмейсің десе,  жел өкпе 
Дейді ол дагы тәңір ісі.
Бірінен бірі бөлек пе 
Иемнің  эділ пендесі?
Жүректің көзі аіиылса,
Хахтыцтың түсер сәулесі.
Іиітегі кірді қашырса 
Адамның хихмет кеудесі.
Наданның көцілін басып тұр 
Қараңгылыцтың пердесі.
Ақылдан бойы қашық түр,
Ойында бір-ақ шаруасы.
Абай логикасы әлемдік өркениет тарихына сүйеніп, мұның 
жетістіктерін ұтымды,  орынды  пайдаланғанын аңгарамыз.  Бұл 
ту рас ы нда Мүхтар Өуезов былай дейді, тағы да қайталауға орайы 
келіп-ақтүр: «Тегіңце, Абаи шығармаларының барлық қор, нэрі үлкен 
үш арнадан қүралады. Бүның біріншісі  ең молы, казақтың халық 
эдебиетінің мүра-тамырлары, екіншісі—шығыс эдебиепнен келген
және ең аз сезілетін белгілер, үшіншісі -  Абайды мәдениетп, үлкен 
аңғарлы зор ақын етіп көрсететін батыс эдебиетінің үлгі өрнектері»
(18-т.,  17 б.).
Абай  мен  Мұхтар  Әуезов  шыгармаларын  «мейлінше түгел 
қамтып, тексеріп, талдай білуіміз  керек»,  міне, логикаға, ойлау 
мәдениетіне,  ғылыми-теориялық  та,  әдістемелік  те  тарапынан
87

қойылатын талаптар. Мүмкін, Абай өлең, философиялык сөздерінің 
философиялык жүйесі тұрғысынан тексеріп, талдайтын болсақ, 
бүлардың: «ұнасымды», «жарасымды», «қисынымен кызықтыруы», 
«сөзі тэтті, мағынасы түзу келуіне» ұсынып отырған көзқарастық 
он бағыт, біздің ойымызша, эсер ететіні сөзсіз. Ойымыздың жалаң 
болмай, негізді болуы үшін социологиялық ізденістеріміздің кейбір 
нәтиж елерім ен,  эрі  басты -ау  деген  бағы ттары м ен  де 
таныстырмақпыз.
Көзқарастық он бағыт, «онның» (қысқартып осылай атайық/ 
қалам  иесі/)  Абайдың  эр  шығармасын  жүйелік,  логикалық 
бағыттылығын  ескеріп,  «терең  ғылым»  түрғысынан  мейлінше 
үқыптылықпен  қаралық.  Ізденісіміздің  мақсатты  бағытын: 
«Қайрат», «Ақыл»,  «Жүрек» -  «Абай  Үшкілі» деп, жаңа қағида 
төңірегіне топтастырып отырмыз. «Онның» кестелер бойынша мэнін 
ойша — «Мазмұн» деп түжырымдадық.
«Мазмүнның»  атқаратын  қызметі:  -   «онның»  сандық, 
тақырыптық, танымдық жэне логикалық бағыттылығымен тікелей 
Абай шығармаларына негізделіп түсіндіріледі. «Ондық» бойынша 
эр шығарманың тақырыптылығы, бағыттылығы, мәселен, сөзбенен 
тарқатсақ:  «Ақыл»,  «Абай  Үшкілі»  т.б.  деп,  ал  санменен 
тақырыптың эрбірінің шифры белгіленеді.
Әрбірін жеке алғанда,  шифрмен  көрсетсек:
«Абай Ү ш кілі»-24,27,31-33,46-47,50,58,65,72-73,94,101, 
109,118,122-123,130,137,140,142-143,146,153-155,166(№2Кесте
бойынша келтірілді). 
, , ^  ' 
....  ,,
Ақыл -  8,13,20-21,24,27,31,33,44-47,49-50,55,62,69,72-73, 
75-76,80,82,87,94,100-101,104,106,109,112,114,116,118,121-123, 
126,130-132,138,140,142,154,161,163,166 (№3 Кесте).
Ақылменжүрек-21,46,50,55,72-73,75,106,114,116,121-122, 
131-132,138,142,154,163,166 (№1 Кесте).
Ақыл менғылым,ой-27,31-33,45,69,76,80,82,101,104,130, 
139-140 (№1  Кесте).
88

Ж ү р ек -2 1 ,30,32-33,35,41,43,46-47,50,53-56,58,63,65-66, 
72-75,81,83,88,96,98,101,107,109,112,114,120,122-123,131-132, 
137-138,140-143,146-148,154,155,157,160,163,165-166 (№3 Кесте). 
Жүрек, ой —30,35,43,53,58,65-66,137,146-148,155,157,161
(№1 Кесте). 
\  
1
Қайрат -13,38,47,71,73,94,102,118,143,153,164,165 (№3
Кесте).
Қайрат, ой —14,71,94,118,143,153 (№1 Кесте).
Ғылым -12,24,27,31,33,44-45,47,50,58,65,82,101,109-111, 
149,166-167,169,172 (№3 Кесте).
Логика -  қазақ сөзінің философиялық мүмкіндіктері -1 4 ,1 6 ,
18-20,22-24,27,30-33,35,43,46-47,52-53,64-65,69,72-74,80,84-85, 
87-88,91,95,101,104-105,108,113,115,118,122-123,130,137,139- 
MO, 142-143,146-147,153,155-156,158-160,162,166 (№3 Кесте).
Адам:- көңіл күйі -8,12-13,16-21,24,31-33,35,42-45,47,49,57- 
58,60,62,64,71,73,76,80,82,87,90-91,94,96-99,101,106-114,131, 
142,154,156,164,166,168 (№3 Кесте).
«Онның» ғылыми-теориялык мәнін қорытындыласақ: Абай
шығармашылығының философиялық ақылшысы, қайраты, жүрегі
жэне «терең ғылымы» ол -  
ҮШКІЛ.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал