Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет6/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

кешкен ұлтгығымызды, елдігімізді танып, білуге мүмкіндік алдық. 
Ұлтгық ойымыз бен мәдениетіміздің қайраты, ақылы, жүрегі -ан а 
тіліміз, қоғамның тол ыққанды негізі болуы үшін, экономика, саясат,
оілім мен ғылым салаларына қажетті дэрежеде иелік жасай апмай 
жүр.  Мәселен,  қазақ халқы  100  пайыз сауатты деп,  әлемге жар 
салдық, мақтануға тұрарлық. Бірақ-та, қаншасы қазақша саутгы 
екеніне мән бергеміз жоқ, бұны, тіпті, естен шығарған сияқтымыз. 
Ойламадық.  Сауатты  деп  жүрген  бір  пайызы  от  басынан  аса 
алмады. Ұлттықгыңжан-дүниесі, тіршілік өмірінің айшықты көрінісі
-   бұның  ана  тілі.  Қазақша  сауатты  болу  үлтшылдық,  томаға-
түиыктық, керісінше, дүниежүзі өркениетіне деген қазақ халқының
гуманистік көзқарасы, осыған деген жан-жақгы ұмтылысы, өзінің
тілін, дінін, қонақжайл ығы мен адамдығын, өндірісі мен өнерін басқа
халықтарға  таныстыру.  Әлем  халықтарымен  мидай  араласып,
бүлардан өнеге, тэлім-тэрбие алу жолында жасампаздық еңбегі 
деген сөз. 
ы-тхнң*.
 v 
т ж г\
Үлттық  деген  ұғымның  тарихына  үңілсек,  бүл  қандай  да 
халықтың елдігі, мемлекетгігі, өнері мен салты. Кеңес дәуірі қазақ 
халқын тек Россиямен ғана ынтымақтастық жасауға қақпайлап, 
итермеледі, сөйтіп, тек бірбеткейлікте үстамаққа ынталы еді. Шет 
елдерм ен  байланы с  ж асап,  ал ы с-бер іс  сауда-саттығын 
үйы мдасты руға  жағдайлар  тудыратын  дипломатиялық 
институттарымыз шектеулі ғана орталықтыңталғамына, талабына 
орай  болған  ед і.  Ә сір есе,  түрік  тіл д ес  халықтарымен, 
мемлекеттерімен жақындасуға мүмкіндіктер болса да, жоқ еді. 
Қазақ халқы дүниежүзі хальщтарымен ынтымақтастыққа, бір-
54

бірін  түсінушілікке  үмтпылуы  ұлтпшылдыц  болмас,  қайтпа 
қазақша  сауатпын  ашу  болар.  100  пайыз  сауаттылардың  1 
пайызы гана қазақша сауатты  болды  деудің мәнісі де осында 
болар.  Айталъщ,  қазақ Аристотель, Декарт,  Спиноза,  Гегель, 
Маркс  т. б.  философтарды  біліп,  өз халқы ортасынан іиыццан 
философ  Абайды  білмесе,  оқымаса,  жалпы  сауатты  болар, 
бірақ қазақиіа сауатты деуге бола ма? Жауабын өзін қазақпын 
дейтін,  туган  халқының  шын  жанашыры  болса,  өзі  айтсын.
Еліміз бен мемлекетіміздің  тэуелсіздігінің бір кілті
 -  
цазақша 
сауаттылық. Бұган көнбесең де, көнесің. Болмаса,  көрген күнің
— жалшылъщ.  Қазақш а  философиялык,  сауаттылыц  пен 
мамандар  туралы  сөзді,  әрине,  ең  алдымен  философтардың 
өздері  бастаганы  жөн  гой.  Осы  жолдарды  жазып  отырган 
қалам иесі
 — 
Қазақстанда философ мамандарын дайындайтын 
арнайы оқу орынын бітірген алгаиі түлектердің бірі.
С.М.  Киров  атындағы  қазақ  Мемлекеттік  университеті 
жанынан,  қазіргі  эл-Фараби  атындағы  Мемлекеттік  ұлттық 
университетіңде 1949 жылы философия-экзэномикалық факультет 
ашылып,  философия  жэне  саяси  экономия  бойынша  алғаш 
түлектерді дайындап шығарды. Философия бойынша 48 адам бітірді. 
Бұл — 1954 жыл болатын. Содан бері жарты ғасырға жуық тарих 
жатыр. Кдзір сол 48-дің 24-і менің білуімше, ғылым кандидаты жэне 
докторы атағына ие болды. 24-ің 10-ы—ғылым докторы да, 14-і —
ғылым кандидаттары. Бұл ардың қатарында Ж.М. Әбділдин, Қазақ 
Ұлттық  Академиясы  академий  атағына,  ал  А.Х.  Қасымжанов 
мүшелікке корреспондент атағына ие болды. Бір ғана факультет 
бойынша мұнымен қатар алғаш түлектердің қатарынан осыншама 
ғалымдардың шығуы куанарлық та, бүгінгі буынға өнеге боларлық 
жагдай. Кешегі 17-18-дегі балалар, қатарымызда бірен-саран соғыс 
ардагерлері де болды, соның бірі -  ЗА . Мүкашев доктор, профессор 
атағын ақтап жүр. Кешегі бала, бүгінде 70-ті алқымдап қалыпты 
ғой. Қайран жалындаған жиырма бес. Ұлы Абай айтатын «Жан 
мен Тән» күй-сезімі «алыстап кеткенін» аңғармай да қалыппыз.
55

Бәріміз де -1 0 0  пайызға жатамыз ғой, ал қазақша сауаттыларымыз 
қанша? Шамалы ғана болар. Қазақ ғылымы, қазақ ойы тарихы бар
екен-ау  деитін  түсінік  студенток  ми  жылғаларына  кіріп,  өріс 
сұрамағандықтан ба? Қазақша сауаттылыққа ұлттық тәрбиенің 
нашарлығынан  ба?  Қазақ  философиясының  тағдыры  элі  де 
мазаламайтын сияқты. 

ЯРРІ 
ф
Кеңес дәуірінде  КПСС  үстемдігі  жүргізген  саясат,  эсіресе, 
қоғамдық  ғылымдар,  тек  марксизм-ленинизм  атынан  сөйлеп, 
дамитын да, күнін көретін де еді. Себебі, марксизм-ленинизм бұның 
ажыратылмас бір құрамы -  маркстік-лениндік философия бірден 
бір дүрыс, «данышпандыққа» ие ғылым болып саналатын.
«Социалистік  мазмүнмен»  жараспаса,  сиыспаса  «үлттық» 
қағиданы таптыққа, не «ескішілдікке», болмаса «байшылдыққа», 
«ұлтшылдыққа» итере салып, жазаға үшырата салатын. «Ұлттық 
түрдің» басқан ізі «кеңестіктің», «социалистік мазмүнның» қас- 
қабағыныңбағуында, қарауыңца, бақылауында болып, өз ойы болса 
да, айтуға жігерсіз еді.
Философия ілімі КПСС-miff қатаң бацыпауында болатын.
Біз оқып жүрген кезде философияның ең жоғары жетістігі «үлы 
данышпан»  И.  Сталиннің  «Диалектикалық  ж эне  тарихи 
материализм туралы», «Ленинизм туралы», «Ленинизм мәселесіне 
орай» деген шыгармалары саналатын.
Қазақ  университет!  жанында  ашылған  философтарды 
дайындайтын факультетте казак философиясы ауызға алынбайтын, 
казак халқы мүлде жоқтай. Әл-Фараби есімі ескерілмейтін. Абай 
туралы үстем көзқарас ол кезде: «ағартушы», «үлы ақын» деген 
түсініктер төңірегінде өрбитін еді.  Коне Грек философиясынан 
бастап, элем халықтарыныңфилософиялық ағымдары турасында 
арнайы курстар оқылып, тәжірибе сабақтары өтіп жатгы, бірақ қазақ 
философиясы турасында лэм-мим дейтін жанашыр болған жоқ. 
Қазақша философиялық сауатты ашу дегенге орай өз басым кешкен 
жағдайды  да  айтайын:  бүл-дағы  КПСС-тің  қате  жібермейтін 
«данышпандығының» бір көрінісі ғой. Соңғы курста оқып жүргенде,
56

«Сұлтанмахмут  Торайғыровтың  «К едей»  поэмасының 
диалектикасы» атты тақырыпта диплом жұмысын қазақша жазуға 
ниет білдірдім: «Такого философа не знаем», - деді, сол кездегі декан 
М.И.  Глузберг.  Кейін  1966  жылы  өзім  оқыған  университеттің
бойынша аспирантураға түсем деген үміткерлер ғылымға деген 
кұштарлығын дэлелдеу үшін реферат жазуы керек. Бір екі жылдай 
дайындығым  болғасын,  эрі  аспирантурага  қабылдана  қалсам, 
ұсынсам ба деп жүрген, кандидаттық диссертация тақырыбына 
жарап қалар деген ниетпен «Философское значение публицистики 
Сакена  Сейфуллина»  (орыс  тілінде)  деген  тақырыпқа  реферат 
жаздым. Аспирантураға қабылданған соң, аталған тақырыпта қазақ 
тілінде диссертация жазуға ниет білдірдім. Кафедра меңгерушісі 
профессор Ж.Т.Туленов :«Сакена Сейфуллина знаем как писателя, 
но есть кафедральная тема», - деп, өзің білге қалдырды. Ақыры 
кафедра үсынған «Возростание роли рабочего класса в духовной 
жизни закономерность развития социалистического общества» атгы 
тақырыпты  алуға  мәжбүр  болдым.  Сөйтіп,  екі  рет  қазақша 
философиялық сауатымды ашсам ба деген ниетім іске аспай, ана 
тілімде  гылыми  еңбек  жазам  деген  арманмен  қоштасқандай 
болдым. Менің осы айтып отырғанымнан Абайга қандай қатысы 
бар? -  деген  сұрақ сөзсіз туады.  Берер жауабым:  тікелей -  дер
едім.
Кеңес заманында қазақхалқы білім мен ғылым, шаруашылық 
пен экономика салаларында аитарлыктай табыстарға жеткені сөзсіз. 
Бірақ, бүл жетісті ктерд і н қүны соншама қымбат болатын. Себебі, 
қазақ халқы өзінің тілінен, тарихынан айырыла жаздады емес пе? 
Ұлттық, үлтжандылық қасиеттерін жоғалта бастады. Азып, тозып 
кеңестік  (қазіргі  қазақстандық)  патриотизмді,  пролетарлық 
интернационал измді аркалап жүргенге мэз болдық. Абайдыңмына 
бір  дана  сөздерін  білсек  те,  білмегендей  болып,  көз  жұмып,
жолсызбен жүре бердік қой.
57

Осы күнде,  осы елде дәнеме жоқ,
Мейір  қанып,  мәз  болып  қуанарлың,  -  деген  «қисынымен 
қызықты»  сөздердің  қалтарыстарында  тереңнен  толғайтын 
философиялық сыр жатыр ғой. Қашанғы құрық бойы жорғалайтын 
ру-тайпалық жырым-жырым сананың шырмауында боламыз. Өз
•  
Ф
елімде, өз жерімде отырып, анатілімде философиялық тақырыпқа
диссертация жазуга жағдай болмады дегенге кім сенеді. Тағы да
қайталайын -  осы жағдайды  екі  рет басымнан өткердім.  Әуелі
диплом жұмысын, сонан соң кандидаттық диссертацияны қазақ
тілінде жазсам ба деген ақ ниетім іске аспай қалды. Әдеби болсын,
мэдени жэне  философиялық  қазақша  сауатымызды  ашатын ең
алдымен халқымыздың ұлттық, ұлтжандылық қасиетгері, рухани
байлығы.  ¥лы  ойшылдар  Абай  мен  Мүхтар  Өуезов  еңбектері
ұсынатын,  ұстанатын  «терең  ой»,  «терең  ғылымынан»  алған
сабағым.  Бұл  мен  үшін  қазақша  сауаттылық.  Сондықтан  да,
Абайдың өлең, философиялық сөздерінен алган түсінігімді, соның 
әсерін сөз етіп отырмын. 

і
.
Қазақша  сауаттылық  деген  Абай  шығармаларын  Мұхтар
Әуезовтің көзімен оқығанда, қазақша сауатты ашу деген меніңше,
ұлы  ойшылдың  өз  қолымен  жазған,  өз  зердесімен  сараптап,
қалыптастырған дүниетану мәселелері жэне Абайды тану іліміндегі
осы туралы ой-пікірлермен танысып, тікелей бетгесу деген сөз. Бұл
болса, таным мен логика қажеттілігі, эрі заңцылығы. Абай әлемін
зерттеушілердің көзқарасын өзіне еріксіз аударатын қасиеті: о л -  
Абай философиясы.
Абай шыгармаларының әдеби тілі, сөзінің коркемдігі, эдемілігі,
эсерлілігі ойшылдың өз пікірімен түйсек: «ойлы көздігінде», «терең 
ойлылығында»,  «терең  ғылымдылығында»,  «шын  ақылында» 
(ақиқатгығында). Міне, жекеленіп, дараланып зерттеушіге корінетін 
осы қасиетгеріне байланысты жэне осы туралы пікірлерімен танысу
-  қазақ ғылымы жаңғыруының іргетасы.
Абай әлемі — көпсалалы, өрісі де кең, бай, дараланып та, тау 
кені  сияқты  бірігіп  жатқан  тұтастық.  Бүл  тұтастықты  ойша
58

меңгеріп,  ұғымдық  мэні  бар  сөз  жүйесіне  топтастырып, 
қалыптастыру — дүниетаным  мен логикалық ойлау қызметі. Ал 
адам, табиғат, қоғам жэне рухани болмысқа, ягни рухани дүниеге 
айналу мүмкіндіктері диалектикал ық таным мен ойлауга (логикаға) 
тікелей байланысты. Таным  мен логика мәселелері  философия 
өлкесінде бағылатыны мүнымен айналысып жүрген мамандарға 
белгілі. Оқырман пікірімізді «құп» деп қабылдай ма? Немесе қабыл
апмай ма? Бірақ бүл -  философиялық заңдылық.
Абай әлемі қайшылықгарының негізгі лерінің бірі -  Абай туралы 
шындық.  Ұлттық  философия  жетістіктері,  дәстүрлері  қазақ 
мэдениеті өлкесінде элі де болса өз кезегін тосып жатқанға үқсайды. 
Мэселен, орыстілінде әлемдік философия сөйлейді, қазақтілінде 
ше, көп сүрақтар элі де жауабын күтуде. Қазақ тілінің байлығы 
мен мүмкіндіктері жан-жақты философиялық сыннан өтпегенге 
ұқсайды. Әбден етіміз үйреніп қалған, не айту керек, қалай сөйлеу 
керек, бәрін  Орталықтан  (Мэскеуден) тосатынбыз.  Философия 
оқулықтары, оқу жоспарлары, бағдарламалары орталық одақтық 
оқу министрлігінен жіберілетін. Ал бұларды қабылдамай, аттап 
кетіп, өз бетіңмен еркіндікке салынуға болмаитын. Сонымен, ісің, 
қимылын, ойың жүгендеулі де, тізгіні біреудің иелігіңде болатын. 
Менің өз басым осыған куэлік жасаймын: 30 жылдан астам уақыт 
Орталықган басылып шығатын оқулық пен бағдарлама бойынша 
маркстік-лениңдік философиядан дәріс оқып, тэжірибе сабактарын 
откізіпжүрдім. Қазақ философиясы, шын мэнісіндегі философиясы 
жоғары  мектепте  элі  де  өзін  бөтен  санайды.  Ана  тілінде 
философиядан окулықгар жоқгын қасы, ұлтгық философия тарихын, 
мәдениетін  меңгерген  мамандардың бар-жоғын  айту  қиынның 
қиыны. Кеңес заманында тек КПСС-тің Программасы, съездері, 
пленумдары  дақпырт  қарарларымен,  шешімдерімен  уланған 
санамыз тек паргиялықпен ғана тэрбиеленген ойлау мәдениетіміз 
бір калыпта (стандартное мышление) дамитын. Тек бір ғана тәңірі 
КПСС-тің Саяси Бюросы «мүлтіксіз данышпандыққа» ие болатъш. 
Осының ызғары ғылымның қай саласында болсын алшаң басып,
59

билігін жүргізетін. Абайды элі де болса: «ұлы ақын», «ағартушы» 
деп қабылдап, қошемет көрсеіу ге дағдыланғанбыз, «философ» деп, 
төрімізге шақыруға батылымыз жетпейтін сияқты. Қазіргі қазақгың 
логикалық, иэ, логикалық ойлауы қашан ұлы Абайдың:
Өкінігиті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.
Ойіиылдың мен  де санды  бірімін деп,
Талап,  ойсыз,  мақтанды  қалдым  күтіп,  - 
деген 
философиялыққа тұнып тұрған ойы қашан тиянақты бағасына ие 
болар екен? Бұл қазақшасауаттылыққатікелей қатысты. Абайдың
қай: өлең, не философиялық сөзін алма, бұлардың эрбіреуінде «терең 
ой», «терең ғылым» ой қопарғышы жатыр. «Талап, ойсыз» -мұның 
себебі -  қандай? «Мақтанды күтіп» өмір кешкен. Диалектиканың 
жан-жақтылық, даму қағидалары тұрғысынан Абайдың эр сөзіне 
мэн беріп, логикалық мазмұнын ашуға талаптандық па?!  Сөзге 
төркін бердік пе?! Абай философиясы жүйесі, сірэ, осыдан аяқтана 
бастайтын шығар. Бүл арнайы сөз болады.
Қазіргі кезде Абайды көбіне «үлы ойшыл» деу—баршаға белгілі 
даусыз қағида. Абай сөзінің философиясы жүйесінің сыры осыган 
байланысты болар. Сөз төркіні Абай сөзінің философиялығы Абай 
әлемін  зерттеуш ілердің,  әсіресе,  эдеби ет  пен  мәдениет 
қайраткерлері ой-пікірлерін өзіне еріксіз аударатыны: ол — Абай 
ойшылдығының киелі қасиеті.
Абай  әлемі  өңіріндегі  ізденістер  мен  зерттеулер,  ой 
тұжырымдары мен болжамдар логикасы қандай қағидалы пікірлер 
айтады, ұсынады екен. Тарихына шамамызша қысқа шолу жасауды 
орынды көрдік. Ақ ниетіміз барға сүйеніп: «Әуре болып қайтесің?»
-  деген көлденең пікірді жастанбай—таным мен логика заңцылығы 
мен тарихына сүйеніп, ақиқат жол ын ұстанбақпыз.
Абай туралы эдебиет ұшан-теңіз, бәрін қамту мүмкін емес, 
бірақ оның «философские взгляды» төңірегінде қандай талас пікірлер 
өріс  алды  екен?  Әрғилы  болжамдар  ұсынатын  шыгармаларга 
тоқтап өту—тарихи да, гылыми да қажеттілік.
60

Кейінгі  он  жылдар  шамасында  Абай  туралы  кітаптар, 
монографиялар баспадан шықгы. Осылардыңбіразын атапта өтпк,
зергтеушілердің «таңдамасы» аты-жөнін де келтіріп, көзқарасымен 
таныстық. Абай шығармашылығының құнарлы арнасы — «терең 
ойлығы» ғылым мен мәдениет салаларында қаншама ой серпінін 
өмірге келтірді. Осының айшыкты көрінісі -  Абай философиясы 
төңірегіндегі  күн  санап  күш  алып  келе  жатқан  ой-пікірлер. 
Әңгімемізді осыдан бастап, эрі жалғастырайық. Бұлардың көбісі 
эдеби-көркем  туындылар.  Бір  қалам  иесі:  Абайды  ойшыл  деп 
бағаласа, екіншісі—Абайға даналық, парасаттылық тэн деген оиды 
куаттайды. Сонымен, пікірлер эрғилы, философиялық деңгейі де әр 
сатылы. «Жазушы» баспасы  1986 жылы «Абай тағылымы» атты 
әдеби-сын мақалалар мен зертгеулер жинағын шығарды. Жинақга 
1934-1981  жылдар  аралығында  жазылған  31  қалам  иесінің 
мақалалары қамтылған. Қазақғылымыныңкөрнекті өкілдерінің эр
кезде айтылған пікірлеріне «ойлы көзбен» қаралық.
Зэки Ахметов -  «Абаймен бірге, өзге де ағартушылармен бірге
қазақ  өміріне,  онеріне,  мэдениетіне  мүлде  жаңаша  көзқарас
дүниетаным келді», - дейді 
(Атолгаи жинац, 44 б.).
Сагат  Әіиімбаев — Абайдың  «поэтикалық  философиясы», 
дүниетанымы «диалекгикалық терендігі» жөнінде де ой толғайды. 
Жамандық пен арамдықгы қарама қарсылықытар күресі деп қарап: 
«Мұның өзі Абай дүниетанымындағы диалектикалық тереңдікгі 
танытса керек. Демек, Абай философиясына сүйенсек, жамандық 
бумерангка үқсас қүбылыс. Оның зауалды зардабын аиналып өту 
мүмкін еместігін білген адам жамаңдық жасауцан көш бойы қашық
жүреді, ал білмеген адам басқаға жамандық жасау арқылы өзіне- 
өзі ор қазып, ерте ме, кеш пе өз басын өзі қүрбандыққа шалады
деген ой келіп шығады» 
(Сонда,  109 б.).
Ғабит  М үсірепов  -   Абай  ойы  қазақ  халқының  даму
тарихының ойы екенін аңғарып: «Кдзак халқыньщ жарқын болашағы
үшін  алысып  өткен  ұлы  ақыны  Абай  -   бір  елдің  белгілі  бір
ғасырдағы ой өмірінің өрісі мен биігін көрсететін ақындардың
61

қатарына  қосылады» 
(Сонда, 112  б.)  деп,  ұлы  ойшылдың 
дүниетанымы  жалпылық  -   диалектика  тілінде:  логикалык 
абстракция дәрежесіне көтерілгенін аңғартады. Сөз етіп отырған 
жинаққа кірген мақалалардың жалпы сарыны -  «Абай үлы ойшыл 
ақын» деген ой толғанысы. Абай философиясына тікелей қатысы 
бар зерттеулермен де танысу -  диалектиканың тарихилық жэне 
логикалық эдістерімен санасу деп білеміз.
Құдайберген Жұбанов — «Абай — қазақ әдебиетінің классигі» 
деген  мақаласында:  «Абайдың  аударғаны  құран  емес,  -  деп 
бастайды ойын галым, - Байрон мен Лермонтов, Пушкин мен Гете, 
Қрылов.  Өз жанынан жазғандары  да дінге  қатысты трактаттар 
емес, «өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сондай сала алмайтын» 
сүлу  өлең,  шешен  сөз»,  - 
(Сонда,  15  б.)  деп,  галым  Абайдың 
ақындық  суреткерлігін,  «керемет  аудармашы»  шеберлігін  айта 
отырып, философиясы төңірегіндегі талас пікірлерге де өз бағасын 
бергенін де байқамасқа болмайды. Міне, сол ойы: «Сонда да, оган 
«діншілсің» деп үрысып, «мен» менен «менікінің» айырылғанын 
«өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес», - дедің, идеализмге түсіп 
кеттің деп өкпелейміз-ау!  Бұл, әрине, «Түзу кел, қисық, қыңыр, 
қырын келмей, сыртьш танып, іс бітпес, ішін көрмей», - деп, жалынып 
кеткен Абайдың арызын қүлаққа ілмегеніміз ғой. Әйтпесе: «Өлді 
деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтүғын артында сөз қалдырған», - 
деген сияқты даусыз ақиқатты да таныған болар едік, образды сөз 
бен философиялық концепцияның қайсысы қай жерге жүргенін де 
аңғарған болар едік. «Асау жүрек аяғын шалыс басқан» жері болса 
бір сәрі, кейде дұрыс басқан жерінде «шалыс» деп шатаспаған болар 
едік» 
(Сонда,  15-16  бб.).  Қ.  Жұбановтың  осы  түжырым  ойы 
Абайдың ойлы, «образды» сөзі (көркемдік, әсемдік, сүлулық) мен 
«философиялық концепциялықтың» («тереңнен толғайтындық» / 
қалам иесі/) тығыз байланысын айрықша атап, мэн берген.
Қ. Жүбановтың ой толғанысында философиялық түрғыдан 
қарайтын болсақ, біздің түсінігімізше,  «концепциялығы» сыры 
Абайдың атақты қағидасы — «жұмбақтығы», яғни диалектикалық
62

тұтастық:  «Ақыл,  қайрат,  жүректі  бірдей  ұстау»,  -  (кейбір 
зерттеушілер мұны «толық адам» кағидасы деп санайды /қалам 
иесі/) деген танымдық та, логикалық та «концепциялық» қағидасына 
жол сілтейді. «Концепциялық» сыры -  Абай қазақ сөзінің танымдық, 
логикалық, тек қана әдеби-көркем емес, қоғамтану, адам тануда 
маңызын,  мазмұнын,  орнын  түбегейлі  өзгерткенін  танытады. 
Философиялык тілде жеке мен дараны,  ерекше мен жалпының 
байланысын ашып түсіндіреді, мәселен: «бүлікшіл экім», «ырысы
жок», «тән» мен «жан» т.с.с.
«Қазақ сөзінде» Абайдың жасаған төңкрісі туралы Қ. Жүбанов
ойын толығырақ келтірейік: «Абай біздің жазба әдебиетіміздің атасы 
болғанда, өлеңін, қара сөздерін тек қағазға жазғандығымен ғана 
емес, жазба эдебиет пен ауыз әдебиеттің осы айырмашылығын 
ашқандығымен  атасы  болады.  Қазақ  әдебиетін  ауыз  әдебиеті 
дэрежесінен шығарып, неше мың жылдай көнігіп, етке, қанға сіңіп 
болған ескі ауыз эдебиет дағдысынан қүтқарған адам -  Абай. Ескі 
ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан алғаш тазартқан—Абай.
Абай  сынаған  «қазақтың  ұзын  сөзділігі»,  «ескі  оидщ  сөз 
қосарлап, бос мақалдайтындығы», «ескі ақынның жоқган қармап, 
көр-жерді  өлең  қылатындығы»  дегенде  — осы  басы  артық, 
қыстырынды  әңгімелер  болатын.  Абай  сөзінің  «қиюынан  қыл 
өтпейтін» ықшам, тығыз болатыны да — осы басы артықтан аман
болғаннан келетін-ді» 
(Сонда, 27 б.).
Төлеген  Тәжібаев  -Аталған  «Абай  тағылымы»  жинағына
кірген  терең  ф илософ иялы к  талдауы м ен  көзге  түсетін
мақалалардың қатарыңца: Төлеген Тэжібаевтің «Жүрегімнің түбіне
терең бойла» 
(Сонда,  133-148 бб.)\ Б. Ғабдуллиннің «Абай жэне
Сократ» 
(Сонда, 159-173 бб.) деген мақалалары. Айрықша өзіне
көңіл ауцаруды талап ететін мақаланың бірі, бүрын жарияланбаған,
алғаш  рет  «Қазақ  елі»  Еларалық  апталығының  Абайдың  150
жылдық мерейтойына арнайы мерекелік санында 
(№9,  Тамыздың 
3-і,  1995 жыл) жарияланған «Абайдың пәлсапасы мен әлеуметтік 
көзқарасы» атты Өуелбек Қоңыратпаевтың мақаласы. Зейнолла
63

Қабдолов  «Абай  жэне  Э уезов»  деген  м ақаласы нда  Абай 
философиясы туралы жаңашыл ойын о рта га салады. Бұл макала 
да ұлы ойшылдың 150 жылдық мерейтойына арналған 
(Қараңыз:
«Халыц кеңесі», Республикалық элеуметтік-экономикалың газет.
№89(899) сейсембі, 8 тамыз 1995 жыл). Қазақстанда педагогика
мен  психология  ғылымын  дамытуға  өз  үлесін  қосқан  ғалым 
Т. Тәжібаев Абайдың таным теориясына, тікелей ұлы ойшылдың 
шығармаларына негіздей отырып жэне орыстың көрнекті ғалымы 
Т.Д. Ушинскиймен салыстыра отырып, терең психологиялық жэне 
философиялық талдау жасаган. «Өзінің дүние тану теориясында 
идеалистік  қателіктер  жіберген  К.Д.  Ушинскийден  Абайдың 
айырмасы сонда, ол тану үдерісіне материапистік түргыдан түсінік 
береді. Егер Ушинский объективггі дүние адам санасында қайдагы 
бір символ, иероглиф түрінде сэулеленеді деп қараса жэне дэл сол 
арқылы «түкке қажеті жоқ агностицизм элементін» (Ленин) кіргізген 
болса да,  ал  Абай дүние  адам  санасында затгардың  көшірмесі 
(копиясы) суретгері, бейнелері түрінде сэулеленеді деп түсіндірді» 
(«Абай тагылымы»,  147 б.).
Абай  таным  теориясында  материалистік бағытты  ұстануы 
қазақ сахарасында таңгажайып оқиға. Бүл туралы Т. Тәжібаев өз 
пікірін былай деп тарқатады: «Сөйтіп, Абай «Дүние, шыңдыгында 
да, адамнан тыс және өз адцына өмір сүреді, бірақ оны адам сезім 
мүшелерінсіз тануы мүмкін емес, өйткені сезім мүшелері эрекетінің 
продуктілері барлық психикалық өмірдің мэні, кайнар бүлагы», - 
деп  ж азган  С еченевтің  позициясы нда  болды .  А байдың 
психологиялық көзқарастарына қысқаша анализ бере келіп, қазақ 
халқының үлы агаргушысы, данышпан ақыны жэне асқан ойшылы 
Абай адамдардың психологиясын өте шебер ажырата, тани білген 
жэне  психология  мәселесі  жөніндегі  өз  ойларын  өзінің  өшпес 
мүрасында (өлеңдерінде, өнеге-үлгі сөздерінде) өте шебер бере 
білген деген қорытындыға келуге болады. Оның еңбектерінен біз 
бірқатар маңызды, қүнды, нұсқалы психологиялық қагидаларды 
байқаймыз» 
(Сонда,  147  б.).  Тек  «маңызды,  құнды,  нүсқалы
64

психологиялық қағидаларды » ғана емес, сондай-ақ философиялық 
та... Бұл мәселеге алда арнайы тоқтаймыз. Жоғарыда келтірілген 
оқымыстыньщ ой-пікірі, ғылыми болжамдары Абай философиясын 
жан-жақты талдап, зерттеуце ғылыми-эдістемелік мэн агқаратыны
сөзсіз.  Абай  көзқарасын  талдап,  зерттеу  барысында  туған 
Т. Тәжібаевтің жаңашыл ойын ұлы Мұхтар Әуезовтің өзі де жоғары 
бағалаған.  «Отзыв  о  статье  тов.  Т.Т.Тажибаева  на  тему 
«Психологические  взгляды  Абая  Кунанбаева»  деген  сын-бага

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал