Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы


үзген қазақ Аллаға тапсыра салады ғой, бұлай ету, әрине, оңай жол



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

үзген қазақ Аллаға тапсыра салады ғой, бұлай ету, әрине, оңай жол, 
себебі бүл үрдіс шығынсыз, көп ойлауды талап етпейді. Бұл, әзірше, 
соңғы төртінші тірек. Талдауға, зерттеуге, танып білуге ұсынып 
отырған Абай элемінің тың өрісін -  «Абай жаңа кезенде» деп атап, 
ал ізденісіміздің ғылыми-теориялық, эрі әдістемелік негізін «Абай 
жұмбактығы—философиялык мэселе» деген тың кағида төңірегінде
топтастырып, шоғырландырмақшымыз.
Еліміздіңтэуелсіздігін қорғап сақтайтын, насихатгап, зерттеп, 
мұнымен  қатар  өніп-өсу  жолындағы  «көкірегі  көзді»,  «ойлы 
жастарды» тәрбиелейтін, олардың тэнін де, жанын да, рухын да 
шынықтыратын  мұқалмас,  тозбас  құрал:  ол  — халқымыздың 
мыңжылдық тарихының берген де, берер де сабақтары. Бүгінгі 
күннің ең айшықты табиғи да, тарихи да түтастық көрінісі: ол -  
халкымыздың ұлттық жэне үлтжандылық қасиетгері. Ал, бұлар 
болса Мұхтар Әуезов зертгеуінде, талдауында -  Абай элемінің
тарихи да, теориялық та негізі.
43

¥лы даналар, әсіресе, ғасырлар алмасып, дәуірлер өзгерген 
кезеңде қайта туып, ескі-қүсқыдан арылып, шаң-тозаңнан тазарып, 
жаңғыратыны-тіршілік заңдылығы. Абайды ң тарихи түлға ретіндегі 
бітімі бүгінгі кезеңде осыған орай жаңа сұраныстарға, талаптарға 
сай  жаңаша  өмір  сүруі  -  тарих  дамуының  заңдылығы.  КПСС 
идеологиясының үстемдігі заманында Абайды ң қоғамдық қызметі 
мен сан алуан шыгармашылыгы, көзқарасы жалаң «ағартушылық» 
пен «моральдықтың» шырмауында өмір сүріп келді.
Абайдың тарихи тұлғасының әлемдік деңгейге көтерілу сыры
-   қазақ  халқының  жасампаз  еңбегіне,  қоғамдық  қызметіне, 
ойшылдығы қасиеттеріне байланысты. Абай жұмбақтығы сыры 
Абай философиясы жүйесі -  үшкілге тікелей қатысты. Ізденісіміздің 
ғылыми-теориялық, философиялық негізі -«А бай Үшкілі».
¥сынып отырған еңбекті 3 кітапқа белуге тура келді (Бірінші 
бөлім — 1-ші кітап, Екінші бөлім—2-ші кітап,  Үшінші бөлім жэне 
Социологиялық талдауцың ұсыныстары -  3-ші кітап).
«Абай жүмбақтығы — философиялық мэселе»—деп атадық. 
Еңбек негізінен үш бөлімнен түрады:
Бүгінгі кезең тапаптары /кіріспе орнына/
Бірінші бөлім: Абай әлемі мәселелері;
Екінші бөлім: Абай философиясы;
Үшінші бөлім: Абай мен Мүхтар Өуезов XXI гасырда.
Социологиялық талдаудың ұсыныстары /қосымшасы ретінде: 
бірінші-бесінші кестелер бойынша/
44

ЕКІНШІ БӨЛІМ:
АБАЙ  ФИЛОСОФИЯСЫ
БІРІНШІ  ТАРАУ.  АБАЙ -   ФИЛОСОФ
2.1.1  АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ.
ЖАЛҒАН БА?  ШЫН БА?
XX 
ғасырда қазақ мәдениетінің тарихи жетіслгінің бірі—Абай 
мұрасы.  Әлемдік тарихи тұлғалар  қатарында Абайдың аталуы. 
Абай әлемі ілімінің қалыгггасуы. Дүниежүзі мәдениеті кеңістігіңде
-  эл Фараби, Қ.И. Сатпаев сияқты т.б. жүздеген, мындаған дана 
перзенттері  мэңгілік жарық  жұлдыздары  қатарында  Абай  мен 
Мұхтар Әуезовтей жаңа шолпан жұлдыздары пайда болды деген
сөз.
Қазақ мәдениеті Абай мен Мұхгар Әуезовтей ұлы перзентгері 
арқалы  бүгінде  дүниежүзілік  өркениет  орталықтары:  Лондон, 
М әскеу,  Париж,  Стамбұл  ж үздеген   басқа  да  м эдениет 
орталықтарында салтанат қүруца. Абай жанкүйерлері оргақ парызы 

ұлы  ойшыл  дананың  әлемдік  тарихи  түлға  бітімін  «көңіл
ашығымызда»  кіршіксіз таза ұстап,  әлем  жүртшылығына жан- 
жақты  таныстыру.  Бүл  істің  алғаш  игі  қадамын  ақын,  оишыл, 
философ,  ағартушы,  сазгер,  тарихшы  Абай  өзі  бастап  еді.  Бұл 
туралы, шүбэ келтірмейтін дерекке сүйенген, гүлама ғалым Әлкей 
Маргүланның ойын жоғарыда келтірген болатынбыз.
Бүгінде -  әлемдік өзгерістер Абайдың -  «Қалың елі, қазағы, 
қайран жүрты» тәуелсіз көзқарасы Абай элемініңтың өріске, өзгерген
45

сипатга тарихи бетбұрыс жасап отыр. Жаңа кезеңде, Абай элеміне 
сай тұгасастық қагида, тағы да қайталап айтсақ: «Абай кім?!» деген 
сүрақ. Осыған орай, ендігі ізденіс пен талдаудың жайлайтын өрісі -  
Абай  сөзінің  танымдық,  логикалық,  гылыми-теориялық  және 
методологиялық мэнді әсерлігі -  пэлсапалыгы.
Қазақ  халқы  тарихи  тұлға  бітімін  жан-жақты  зерттеп, 
қалыптастыру барысында туындаған Абай мен Мұхтар Әуезовтің 
ойлары, түсініктері, пікірлері, ой тұжырымдары: «Абай к ім ?»- 
диалектикалық түтастық кағидасын «ниетгеніп білу» -  ғылыми- 
теориялық, тарихи, ұлттық та қажеттілік.
Абай  сөзінің  (өлең,  философиялық)  «треңнен  толғайтын» 
ойшылдыгы, парасатгылығы, бұның ең құнарлы деген өлкесі -  
философиялыгында. Міне, осы тұтқалы мәселені зерттеп, негізді 
дэлелдеу -  ізденісіміздің басты мақсаты.
Кеңес заманыңда Мұхтар Әуезов туралы бір ауыз сөз айтпаган,
не жазбаган бірде-бір әдебиетшіні, оқымыстыны кездестірмейсің.
Ал,  қазіргі  кезеңде:  дүниені  қарама-қарсы  саяси,  соғысқұмар
күштердің қыспағында, немесе тепе-теңдігінде үстамақ болган,
«кімді кім?» деп, бірді бірге айдап салган, «қаны бүзықтар» арам
пигылы күйреді. Әлем халықгары бейбітөмір, бірін бірі -түсінушілік,
Абай армандаган: «Бірлік», «Береке», «Шын пейіл» заманына аяқ 
басты.
XXI 
гасыр  тарихи түлға  бітімі — дүниежүзі  халықтарының 
ынтымақ  пен бірлікке бетбұрыс  алган  мүлдем  жаңа  қогамдық, 
саяси-әлеуметтік, әлемдік орта  қалыптасуда.  Абай  мен  Мүхтар 
Әуезовтей үлы гуманистер—XXI ғасыр бейбіт елшілері.
Абай элемінің жиынтық мәселесі -  «Абай кім?» деген -  мәңгілік 
сұрак, бұның эр қыры, көрнісі н «сырын көру» -  бұл жаңа кезеңнің 
талабы. Абайды тану ілімі тыңтақырыптар, деректер, л ікірлермен 
құнарланып, байытылуы—ғылыми заңдылық. Абайды тану үдерісі
-  барға бас шүлғып, ат басын тежеу деген емес. Үлы ойшылдың 
тарихи түлға бітімі, жеке-дара басы, асыл рухани мұрасы — кімге 
де мәңгілі к сер і к.
46

Ұлы ойшылдың, әсіресе «тереңнен толғаитын» пәлсапасі элі 
де жүдеуші л і к көруде, себебі жан-жақты ғылыми талдауцан қағыс 
қалып,  элі  де  Абайдың  философ,  не  философ  екені  белгісіз. 
Жүдеушілік кешудің тағы бір сыры Абай философиясы туралы 
гылыми еңбектердің басым көпшілігі элі де жабулы қазан күйінде. 
Осының қатарыңда -  Абайдың Жүз жылдығына арналған ғьілыми
ізденістер де бар.
«Абайдың жүз жылдығына арналған еңбектер жинақталмай
қалды. Оныңбірінші себебі соғыстың (екінші дүниежүзілік/қалам
иесі/) қиындық жағдайы... болса, екінші себеп сол кездегі Абайға 
деген көзқарастың қайшылықгары еді» дейді гұлама ғалым Ақжан 
Машанов 
(Акжан  Магианов.  Әл-Ф араби  ж эне  Абай.
«Казахстан».  Алматы  1994,  72  б.)
Абай философиясы
жүйесі турасында ескерілмей, танылмай, бағаланбай келе жатқан 
түлғалы, жүйелі, ғылыми бітімді оилар болмақ. Абай жөнінде, бүған 
қоса,  Абай  философиясы  жүйесін тануда гұлама ғалым  Ақжан 
Машановтын ооыны айрықша екенін айту -  ғылыми да, тарихи да
кажеттілік Абай  сөзімен  айтсақ:  бұдан  «жамандь 
Сондыктан, оқымыстының өзін тыңдалық
«Абайды ң туганына жүз жыл толған мерекесін өткізу кезінде 
халқымыздың басында зор ауыртпалық бар еді, ол соғыс болатын. 
Солай бола тұрсз да, Абаи тоиына ерекше көңіл бөлінді. Халық 
Абайдай данасынан қысылған жерде ақыл сұрайтын сияқш, оның 
даналық  шуағынан  жылу  алуға  қажет  сияқты.  Сол  кезде 
Қазақстанда  Бүкілодақтық  Ғылым  академиясының  бөлімі 
(филиалы) болатын. Соғыс аяқталысымен сол филиал өз алдына
отаутікпекші.
Абайдың  жүз  жылдығын  өткізу  үшін  арнайы  комиссия 
құрылды. Абай дастаны ертеден әдебиет, өнер саласынан орын 
алып  келгені  мэлім.  Сонымен  қатар,  академия  Абайдың басқа 
саладағы  еңбектерін  еске  алды.  Абай  шығармасы  эдебиет 
шенбепіне сыймайды. Оның ойшыл философ екені мэлім жэне де
47

табиғат дүниесіне көзқарастары да көрсетілуі керек деген пікір
болды. Осы кейінгі мәселе жөнінде маған баяндама жасау, мақала 
жазу тапсырылды.
Мен сол міндетті орындап, «Абай -  азат ойшыл» деген мақала 
жаздым 
(Қолжазба 186 бет).
 «Данышпан Абай» атты тақырыпқа 
мен жүз жылдық мерекеде сөйлеп, баяндама жасадым. Сондағы 
менің ерекше тоқталғаным Абайдың «Әрбір ғалым -  хакім емес, 
әрбір  хакім  —  ғалым»  д еген   қағидасы  болаты н»  —  деп ,
қорытындылайды ойын Ақжан Машанов 
(Аталган монография, 
72  б.).
  Сонда,  философиялық  түргы дан  қызықтыратын, 
ынталаныратын ғүлама ғалымның: «Абай шығармасы — әдебиет 
шеңберінс сыимаиды» деген қағңцалы түиін ойы. Бүның ар жағында: 
«Неге?»—деген сүрақ жауапсыз қалған сияқты. Сыймауының бір 
себебі: «Абай -  философ па?» деген сүраққа: «Иэ, философ!» еді 
деп жауап беру—қазіргі кезеңнің ғылыми талабы. Абайды философ 
десек, бүл жағдайда үлы ойшылдың философиясында «Өзіндік
жүйесі бар ма?» деген келесі тағдырлы сүраққа жауапты іздестіру 
қажет.
Абай әлемінің тың мэселесі—«Ү шкіл». Бұл қағиданы үсынған 
да Ағжан Машанов. Алда бүл арнайы сөз болмақ. Бүл болса біздің 
ойымызша, Абай философиясы туралы төңкерісшіл ойдың бірі. Абай 
туралы  шындық  оңайлықпен  келген  жоқ.  Жарты  ғасыр  бойы 
зерттеушілік талантын, ғалымдық арын таза сақтай білген Ақжан 
Машанов  Абай  туралы  сол  шақтагы  пасық  ойды:  «Абай  озат 
ойшыл», «Абай данышпан» деген сөздер көп адамдарға, әсіресе, 
өзінен басқаны адам деп қарауға жағдайы жоқ жандардыңжүрегіне
ауыр тисе керек» деп түйген 
(Сонда,  72 б.).
Абай  философиясы на  арналған  еңбектер  өте  аз,  ал 
жазылгандардың басым көпшілгі мақала аумағынан асып шыга 
алмай  жүр.  Сондықтан,  барға  сүйеніп,  «Абай  философиясы 
жүйесіне», иэ, жүйесіне қатысты-ау дейтін, осы қагңцаны қуаггауға 
тұрарлық  ой  қосатын  пікірлердің,  ойлардың,  болжамдардың 
тарихына  қысқа  шолу  жасауды  орынды  көрдік.  Тікелей  Абай
48

философиясына қатысты, не арнайы жазылған еңбектер-ты м  аз, 
ал  барын  атап  айтсақ,  олар: 
мақала  аумагында  жазылган 
Ж.  Аймауытов,  Қ.Б.  Бейсембиев,  Б.  Ғабдуллин,  Қ.  Жүбанов,
Ә.  Қоңыратпаев,  Ы.  Мүстанбаев,  М.  Орынбеков,  Т.  Тәжібаев 
т.б.  еңбект ері.  К ей ін гі  кезде  иіыццан  м онограф иялар: 
А.  Машанов  «Әл  Фараби  жэне  Абай»,  Алматы:  Қазақстан, 
1994; Ғ. Есімов «Хакім Абай». Алматы: «Атамүра», Қазацстан,
1994.
Абай ұлы суреткер ақындығы, дана ойшылдығын түсінуде, әрі 
«тереңнен толғайтын» пәлсапалығын ұғуға жол ашатын кітаітгар 
қатарында: 
1986. 432 бет, Алматы: Жазушы, «Абай тагылымы» 
атты  әдеби-сын  мақалалар мен  зерттеулер  жинагы;  «Абай 
жэне  қазіргі  заман»:  зерттеулер  жинагы.  Алматы:  Ғылым,
1994.  336 б.).
Эрине, Абай туралы шындық дер кезінде көпшілікке жария 
болып, жеке кітаптар болып баспадан шығып жатса, кім біледі, 
мүмкін, ұлы ойшыл туралы рухани жүдеулігіміздің емін тапқан 
болар ма едік. Алладан тілейміз бе? Шенеуніктерге жалынамыз 
ба? Әйтеуір жалынып, жағынып өтінетініміз, Абайдың жүз елу 
жылдық Халықаралық мерей тойына арналған элемдік деңгейдегі 
еңбектер  дүниежүзі  жұртшылығына  эйгілі  болса,  кім  біледі, 
руханилығымыз байи түсер ме еді?! Қайтер еді -  деген тәтгі үміт 
жан дүниемізді мазалайды. Осы бір арман-тілек шындыққа айналса, 
тәуелсіз елдігіміз бен мемлекеттігіміздің айшықты бір көрінісі болар
еді.
Жүрегі -  айна,  көңілі -  ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу,
Өз өнері тұр таяу,
Гқпасын ба сөзді т езі 
 деп, ұлы Абай халқының тагдырын, 
мәдениетін,  өнерін  бүгінгі,  болаш ақ  буындарга  аманат  етш
тапсырды. 
.  .  . 
_
Абайды тану, Абайтану ілімін қалыптастырып, жетілдіріп Аоаи
элемінің шаңырағын  көтерген ұлы сөз суреткері, жазушы жэне
49

ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов. Абай мен Мұхтар Әуезов элемі бірі- 
бірінсіз өмір сүре алмайтын екі дәуірден тұрады деп жоғарыда 
айтқан болатынбыз. Тағы да ойымызды қайталап өтсек: Абай дэуірі
ұлы оишыл: өмір сүрген, тіршілік кұрған ортасы; шығармашылыгы 
тыныстаған жэне қызмет жасаған ортасы; тарих кеңістігі мен уақыт 
өктемдігі.  Шыгармашылығы:  ақындық,  саяси-әлеуметтік, 
философиялық,  педагогикалық,  психологиялық жэне сазгерлік 
қызметі. Мұхтар Әуезов дэуірі: Абайды тану ілімі тууы; Абай элемі 
қалыптасуы  мен  дамуы  тарихы;  дүниежүзі  деңгейінде  Абай 
даналығы мен үлылыгы танылуы және әлемдік тарихи түлғалар 
қатарында  аталуы.  Ғасырлар  бойы  армандаған  тәуелсіздікке 
бүгінде  қолы  жеткен  қазақ  халқының  «ойлы  көзімен»,  «шын 
ақылымен» қарасақ, бүл екі дэуірге ортақ саяси-элеуметтік орта 
Абай сөзімен айтсақ, ол «қиянатшыл дүние». Екі дэуірдің бір-бірінен 
айырмашылығы: Абай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» өссе, ал 
Мүхтар Әуезов «аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген заман 
қысымынан қоршылық көріп өскен адам.
Күштілерім сөз айтса,
Бас  изеймін  шыбындап.
Әлсіздің сөзін салгыртсып,
Шала үгамын цырындап,
 - деген заманның салқын ызғарын 
бар жан дүниесімен сезінген ойшыл даналар болатын. Бүгінгі тарих 
бүған не айтар екен? Мүхтар Әуезовке «қиянатшыл дүние» жасаған 
қысымы туралы Әуелбек Қоңыратпаевты тыңцап көрелік. Бүл адам 
Мұхаңның эріптесі, мүңдас досы болған:
«30-жылдардың басы болатын. Менің Қазақстан өлкелік партая 
юомипгепнде нүсқаушы болып қызмет істеп жүрген кезім. Бір жолы 
Алматыға Мүхтар келіпті деген хабар дүңк ете қалды. Онымен 
мен  сонау  1919-1925  жылдары  Ташкент  арқылы  жақсы  таныс 
болатынмын. Сол 1925 жылы мен Ташкентгегі Қазақтың халық- 
ағарту институтын аяқтап, Қызылордаға жолдама алғам, Мүхтар 
Ленинградтағы Герцен атындағы оқу орнына кетпек болған-ды. Сол 
жайды сұрастыра келсем, Мүхтар Ташкент университетіне түсіп,
50

аспирант болыпты. Бірақ, ұзамай істі болып, тергеуге алыныпты. 
Әңгіме 1919 жылы Семейде жабылған «Абай» журналынан бастаітса 
керек.  Журнал  бетінде  «М» дейтін бір  автор  «саяси ұстамсыз» 
макала жазыпты. Біреулер соны Мүхтар деп көрсеткен. Қазақстан 
өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы бұл істі мұқият 
тексере келіп, макала авторы Мұхтар емес деп тапты. Сөйтіп іс 
қысқартылды.  Солай  бола  түрса  да,  Мұхтар  республикалық 
баспасөз бетінде ашық хат жариялап, «өз мұрасынан бас тартуға» 
мэжбүр болған-ды. Алғашқыда жұмыссыз жүрген Мұхтарды осы 
хатынан соң, секретарымыз Жанайдар Садуақасовқа алып кіріп, 
қазақ театрына режиссер етіп орналастырдық», - дейді Әуелбек 
Қоңыратпаев 
(Қарацыз: «Қазац әдебиеті» №34(2056) 19 тамыз, 
жұма,  1988 жыл.  Әуелбек Қоңыратпаев  «Көңілдіц  кірі айтса
кетеді»).
Бұл хикаяға қосымша сөз жалғастыру орынсыз болар. Қазақ 
ғылымы мен мәдениеті екі ғасырлық тарихын қамтитын, болашак 
прогреске бастама қоғамдық ой тірегі Абай мен Мұхтар Әуезовтің 
орыны айрықша. Бүгінде екі дана өз ата мекенінен, тіпті, бұрынғы 
одак 
көлемінен  шығып,  әлемдік  деңгейге  қанат  жаюда.  Абай
айтқдндай:
Жолдастық,  сұхбаттастыц -  бір үлкен іс,
Оныц  қадірін  ж етесіз  адам  білмес,  -
  деп,  дүниежүзі 
жұртшылығымен ой-пікір шенестіріп, дидарласу мақсатында Абай 
ЮНЕСКО  шешімімен  1995  жылы -  Халықаралық  Абай жылы 
айдарымен, Мұхтар Әуезов болса, осы айдармен 1997 жылы алғаш
әлемдік сапарға шықты емес пе?!
Абай элемінің игерілмеген тыңы элі де ұшан-теңіз. Өйткені өріс
үнемі өніп өсіп, жаңарып отырмай ма?! Кдндай да даналар сияқгы 
Абай да ғасырларда өмір сүреді. Ұлы ойшылдың қоғамдық ісі мен 
шығармашылығы  қандайда қыл  көпір бөгетгерін бұзып жарып 
«терең ой», «терең ғылым» жолын не түрлі сүрқия мінезден, білімсіз 
надандықтан тазартуға ат салысты.  Әсіресе, дэуірлер алмасқан
51

шақга Абайдай әлемдік тарихи түлғалардың қайта туып, жаңгыруы
-  тарихи қажеттіл ік те, зақдыл ық.
Жаңа дэуір Абайдың тарихи тұлға бітімінен бұрынгылардың 
ескермегенін, ойы да,  қолы да жетпеген сырын ашу -  ұрпақтар 
сабақтастығының заңы. Осыған орай «Абай кім?» деген мэселенің 
қазіргі  ұрпақтардың  алдында  туындауы  -   жаңа  кезең  талабы. 
Осындай мэселенің бірі -  ең шатасқан, әр есікке түртініп, шығарға 
жол таба алмай жүрген, әсіресе, бағусыз, ескерусіз, ескерілсе де 
қанағатгандырлықсыз мәселе: ол -  Абай философиясы. Бұл мэселе 
төңірегінде  пікірлер  таласы  элі  күнге  дейін  бір  сәтке  де 
толастамаған. Абай философ болмаса, мұның «өзіндік учениесі» 
болмаса, сондықтан бүл туралы мэселе қойылмаса, қандай талас 
ойлар тууы мүмкін. Абайды ойшыл ақын деп айтуға батылымыз 
жетті, ал ойшыл философ деуге элі де жүрексінетін сияқтымыз. 
Неге?  Осы  екі  мэселенің  тығыз  байланысына,  диалектикалық 
бірлігіне мэн беріп, ой тоқтатпайтын сияқтымыз. Бүгінгі кезеңце 
Абайдың  философиялық  мұрасы  төңірегінде  сөз  көтергенде 
ізденісіміздің, ойымыздың тұрағы жэне шыгар биігі, нәрленетін 
тарихи, үлтгықтамырлары қандай? деп сүрақ қою, әбден орынды. 
Бүл сүрақтарға жауапты ең алдымен Абайдың: өмір сүрген ортасы 
мен заман ерекшеліктерінен; көп салалы шығармаларынан; саяси- 
әлеуметгік қызметінен іздестіреміз. Бүл бір дерлік. Екінші, Абайды 
тану ілімінің іргетасын алғаш қалаған зерттеушілердің еңбектеріне, 
бүлардың ой, пікірлерін танымның ғылыми-эдістемелік күрапдары 
сапасында  пайдалана  отырып,  эрі  жаластыру  ғылым  дамуы 
заңдылығы.  Абай  әлемінің ең көрнекті,  қүнарл^і  саласы- Абай 
философиясы. ¥лы ойшылдыңақыңдықсуреткерлігі көлеңкесінен 
шыга алмай, еленбей келеді. Ізденісіміздің мақсатгы багытгылығын 
анықтау,  ең  алдымен,  теориялық  эрі  ғылыми-эдістемелік 
мәселелермен тығыз байланысты. «Абайды тану олқылығы -  көп»,
«ойлауцы қажет ететі н жайдың бірі -  Абайдың мүрасы турасыңда» 
деген Мұхтар Әуезов өзі ұсынған қағидасы ой түмарымыз болуы 
қажет.  «Олқылық»  — кемтігі,  кемістігі  бар,  толық  емес  деген
52

қарапайым мағынада. «Олқылық»-теориялық негіз жэне ғылыми 
әдістеме деудің сыры — Абай әлемінің олқы  соғатын жері Абай
философиясы мәселелері.
«Абай мұрасы», бұның ішінде философиялық мұрасы жөнінде
мэселе  көтеру  біздің  түсінігімізде,  ұлттық  идеологиямыздың 
ғылыми-теориялық арнасы, қоры негізінде жалтақсыз, секемсіз нық
қабылдауга болады ғой деп ойлаймыз.
Абай философиясы жөнінде мәселе бүпн ғана көтеріліп отырған
жоқ.  Бұл  мэселенің  өзіндік  тарихы,  ойлау  мәдениеті  -  таным 
заңцылығы,  зерттеудің,  талдаудың  қалыптасқан  ғылыми  және 
әдістемелік дәстүрлері  де  бар.  Осыған  орай  қазақ  ғылымында 
қалыптасқан  философиялық ой тарихы  болды  ма? деген сүрақ 
еріксіз тіл ұшына оралады. Болды, не болмады, деп кесіп айту — 
орынсыз болар. Әрине, болды. Мәселе қандай деңгейде зерттелді,
танылды. Бүл мәңгілік мэселе,
Қандай  да  халық  өз  ортасынан  даналарын,  ойшылдарын
шығарады. Солардың бірі Абай XIX ғасыр ортасынан бастап, қазіргі 
шаққа дейін адам жэне адамдық туралы гуманистік ой тарихында 
өз  орыны  бар.  Қазақ  халқы  көне  халықтардың  бірі.  Әлемдік 
деңгейдегі  Отырар өркениетін  өмірге  келтірген,  әл-Фарабидей 
данышпан ғалымды, ұлы философты, Абай мен Мүхар Әуезовтей 
ұлы перзенттерін тудырған қазақхалқы. Қазақ философиясы көне 
болса да жас, элі де тарихы жетік зертгеліп, жүйеге келіп, қоғамдық 
ойда ғылыми дәрежеге жетіп, арнайы білім мен ғылым салалары 
жоқ деу қиянат болар. Бүның тарихи себептері бар. Ғасырлар бойы 
қазақ халқы патшалық Россияның боданы, осының салдарынан 
қазақ ойы да құлдық жағдайы нда, саяси-элеуметтік қысымшылық 
қыспағында өмір  кешті.  Бұған  қоса  қазақ мәдениеті  мен  білім 
салалары  патшашыл  отар  әкімшілігінің  тікелей  бағуы  мен 
қарамағында болды. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің ойын жоғарьща 
келтірген болатынбыз. Осыдан болар, қазірдің өзінде мыңжылдық 
тарихымыздыңжаны, анатіліміз, көзін ашса, көретіні жоқшылық, 
өз үйіңде отырып, босағадан төрге шығуға күші болса да дэрменсіз.
53

Ана  тіліміздің  жүдеулігінің  бір  көрінісі  -   әлемдік  философия 
тарихынан  шалғай  қалғандыгы.  Алысқа  бармай  қазақ  жерін 
патшашыл  Ресей  жаулап,  халқын  бодандыққа  айналдырғаны 
тарихтан белгілі.  Ал,  осының тікелей жалғасы  КПСС-тің қазақ 
халқын жаппай орыстаңдыру саясаты ылаңын жаңа ғана, елімізді, 
мемлекетімізді тэуелсіз деп жариялағаннан бері ғасырлар бойы 
көкірегімізге қамалған зарымызды жапа шегіп, ит қорлықта күн 
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет