Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

320

сіңісігт 
бірікпейді, сондықтан да ойлылыққа, «білсемге» багыттап, 
ынталандыра  алмайтынға  ұқсайды.  «Философиялық»  дегенді 
диалектиканың объективтілік жэне жан-жақтылық әдістемелері 
түрғысынан  қарағанда,  тұлға  бітімді  қағидалы  сөз.  Бұл  болса 
элемдік  өркениет  өңірінен  Абайлық  еншісін  алуға  бастайды. 
Философиялык дегеннің өзіндік тарихы, мәдениеті жэне логикалық 
өрісі бар қағидалы сөз. Тарихы бар деудің мэнісі-үнемі қозғалыс, 
өзгеріс,  даму  үстінде  болады  деген.  Абай  сөзіне  ажыратылмас 
қосағы ретінде «қараны» тыққыштағанша, әлемдік тарихы бар, 
қазыналы ой мүралары бар философиялыққа кең өріс бергеніміз 
орынды болар. Абай сөзініңәр саққа жүгірінді болуының себеітгері 
көп екенін ескеруіміз қажет. Біздің ойымызша, эдебиет теоретиктері 
айтатын,  тіпті  геолог  ғалымның  да  ойын  ескерсек,  ғылыми- 
әдістемелік  мәні  бар  қағидаларды  танымдық,  эрі  логикалық 
қолданыстан сырт қалдыру тіптен орынсыз, ақиқатпен сиыспайды. 
Зергтеушілердің көбі Абай сөзіне «қара» деген тіркес не себептІ 
қосарлана жүретініне мән бермейді, тіпті көңіл де қоймайгын сиякты. 
Қара деген мазмұндық жагынан, танымдық жэне логикалық мәні 
тұрғысынан болсын Абай сөзімен ұлы ойшылдың өзі айтқандай, 
«ұнасымы»,  «орайлы  жарасымы»  келіспей,  сиыспай  түрганга
үқсайды. Диалектиканыңтарихтықжэне логикалықәдістері көзімен
Караганда,  «кара»  деген  әдебиеттік  сипатқа  ие  болуга  да 
мүмкіндіктері жоқгың қасы. Демек, мұнда тарихил ық та, логикалық 
та  қатысы  шамалы.  «Қара»  мен  «философиялықтың»  сөзбен 
қосарлана жүргенде, бұлардың ара қатынастары, байланыстары 
қандай  деген  сұрақты  қойып,  жауап  беруге  талаптандық. 
Ізденісім ізді  осы  арнада  эрі  ж алгасты райы қ.  Абаи
шыгармашыл ыгына байланысты жэне жалпы сөзтурасында қазақ
ғылымы мен мәдениетінін көрнекті өкілдерінің эр кезде аитқан 
пікірлеріне, бұлардыңтарихилыгын сактап, жүпнуді орынды деп
таптық.
Мэшһүр-Жүсіп Көпеев:
321

«_ Сөз -  өзі не нәрсе? Сөз -  адамнын өнері. Өнер алды -  қызыл 
тіл деген. Адамның ғазиздігі... сөзбен болады. Хайуан сөз өнері 
болмағаннан хайуан болады. Көңіл бір жатқэн кеннің дариясы. Сонан
шыққан сөз жауһар. Ауыздан шықан сөз -  көмір. Тіл -  бір болаттан 
жасалған  өткір  қанжар.  Оның  м айдалап,  ж асап  шығарып 
жатқанының бэрі -  інжу. Көп адамның бір жерге бас қосқаны -  
бау-бақша жасалған сияқты. Соның ішінде, сөз -  жеміс сықылды. 
Бұл дүние бір қараңғылықгай нәрсе. Оны жанды қылатұғын ақикат 
сөз. Сөз өліп қалған көңілді тірілтеді. Сөздің ізетінен адамның жаны 
рахат алар.  Сөз жүгінің самалы  хазірет жәбірәйіл  ғалайсаллам 
болды. Сөз осал жүк екен. Tie тізіліп орнында тұрғанда қандай? 
Жерге  шашылса  не  құн  қалады.  Назымнан  келген  сөз  орнында 
тұрған тіс сықылды. Қара сөз соның шашылып жерде жатканы 
сықылды. Назым -  эр түрлі жеміс шығып тұрған бау ағашы. Қара 
сөз көңілдің бау-бақшасында үлпілдеп түрады. Жерге шашылды -  
кара сөз болды. Меруерт, маржан, інжу әбдіреде жатты, кім көрді? 
Тізілсе, жүрт көзіне түсетұғын болды. Қара сөз еолардың эбдіреде 
жатқаны» 
(Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев.  «Ел  ауызынан  жинаган
әдебиет  үлгілері».  2-т..  98  б.  ҚР  БҒМ   ¥ҒА  М.О.  Әуезов
және
1992).
 
^  
^  ’
М эш һүр-Ж үсіп   К өпеев  -   қ азақ   х ал қ ы н ы ң   қалың 
жұртшылығына танымал ақылгөй ақын, тарихшы, қазақ сөзінің 
шежіресін зертгеген көрнекті оқымысты галым. Жалпы сөз, бұның
туралы
философиялығын  үгуға
атақты шежіреші, оқымыстының пікірін ой үлгісі, талғам, зертгеу 
сапасында  келтіріп  отырмыз.  Ж алпы  сөз  жэне  қара  сөздің 
танымдық, логикалық парқын айырсақ, диалектика түрғысынан 
тұтасты қ  пен  бөлш ектің  (целое  и  часть  /қалам   иесі/)  ара 
қатынасына бара-бар болып шыгады.
Сөз -  «адамның өнері» -  дейді  Мәшһүр-Жүсіп Копеев. Өте 
орынды логикал ық тұжырымдаудан өткен ой. Ал қара сөз дегені -
322

«әбдіреде  жатқан»  ой  қазынасы:  «меруерті,  маржаны,  інжуі» 
іспетгес. Сөз «маржандай тізілсе, жұрт көзіне түсе-түғын болады».
Сонда, философиялык тұрғыдан көрнекті оқымыстының ойы Абай
философиялык сөздеріне деген ара қатынасын, сабақтастығын, 
өзара байланысына көңіл аударсақ қазақтың «эбдіресінде жатқан 
меруергі, маржаны, інжуіне» Абай философиялыксипат-танымдық 
және логикалық қолданыс береді. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ойын 
қодцансақ, Абайдың философиялык сөздері «дүние... қараңгылығын 
жанды қылатын ақиқат сөз». Диалектика қалауында ақиқат болса, 
ядам ойлау зандылығы, бүның қозғалысы, даму тарихы туралы ілім.
Сөз мәнісін білсеңіз
Ақыл-мизан өлшеу қыл,
  -  деп, Абай ойын әрі жалғастырып, - 
Егер түзу көрінсе
Ошап-ойлап құлаққа іл,
 -  демей ме?! ¥лы  ойшылдың«ойлап- 
ойлап» деген ой саптауында тіл емізетін сөз бен философиялык 
сөздің парқын айыра біл деп өтінгендей.
Жүсіпбек Аймауытов, Мүхтар Әуезов:
«Абай» журналында (1918 жыл ы) жарияланған: «Абайдың өнері
мен  һэм  қызметі  туралы»  атты  мақалада  қазақ  мәдениеті  мен 
ғылымыныңосы екі ұлы қайраткерлері Абайды әлемдік өркениет
өңіріне дайындап, философиялык сөздеріне (трактатгарына/қалам
иесі/) алғаш даңғыл жол ашқан еді.
«Абайдың қиялы -  шалымды, ойы -терең , акыл білімнің әр
тарауынан көкірегінде асыл қазына көп» Абайды тану ғылымының 
іргегасын көтеретін басты салаларын төмендегідей түжырымдаған:
«Сол көп қазынаның барлық ырғағы нэзік сипатымен қазақтың 
ұсталмаған,  ысылмаған  жуан  тілімен  биязы  қып  шығарады, 
ақындығы, ірі қызыл тілді шешендігі. Абайдыңақындықөнері- 
тар жолды, бірбеткей емес, эр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар 
мынау:  мінез түзететіндік  (ақылықы),  тереңнен  толғайтындық 
(пәлсапасы ), 
сы нш ы лды қ 
(кри ти ка), 
суретш ілдік 
(художественность),  жүректің  мұн-зарын,  сырын  тапқыштык
(лирика) һәм керемет переводчик. Мұндай эр жақты, сегіз қырлы
323

өнер басқа ақындардан табыла бермейтін, тек Абайға хас сипат» 
(«Азия» Апталық халықаралық газет.  41(69),  1993 ж.).
Жалпы, қазақ сөзі, бұның ішінде қара сөз жөнінде Мэшһүр- 
Жүсіп Көпеев ойымен таныстық. Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар 
Әуезов  Абай  сөзін  арнаулы  тақырып  етіп,  бүның  «тереңнен 
толғайтын (пәсапалығын)» ерекше атап сөз қылады. Бүл турасында 
ізденісіміздің эр кезеңінде тоқтап өттік.
Қүдайберген Жүбанов: 
М
«Абайдың аударғаны  қүран емес,  -  Байрон  мен Лермонтов, 
Пушкин  мен  Гете,  Крылов.  Өз  жанынан  жазғандары  да  дінге
қатысты трактаттар емес,  «өткірдщ жүзі,  кестенің оізі,  өрнегін 
сондай  сала  алмайтын»  сүлу  өлең,  шешен  сөз.  Сонда  да  оған 
«діншілсің» деп ұрысып, «Мен» менен «Менікінін» айырылғанын,
«өлді» деп ат қоиыпты өңкеи оілмес», - дедщ, идеализмге түсіп 
кеттің деп өкпелейміз-ау!  Бүл, әрине,  «Түзу кел,  қисық,  қыңыр, 
қырын келмей, сырпгын танып, іс бітпес, ішін көрмей»-деп жалынып 
кеткен Абайдың арызын қүлаққа ілмегеніміз ғой.
Әйтпесе: «Өлді деуге сыя ма ойландаршы, өлмейтүғын артында 
сөз қалдырған» -  деген сияқты даусыз ақиқатты да таныған болар 
едік, образды көркем сөз бен философиялык концепцияның қайсысы 
қай жерге жүргенін де аңғарған болар едік.  «Асау жүрек аяғын 
шалыс басқан» жері болса бір сәрі, кейде дүрыс басқан жерін де 
«шалыс» деп, шатаспаған болар едік» 
(Абай тагылымы.  Әдеби- 
сын  мацалалар мен  зерттеулер.  Алматы:  Жазушы,  1986.  15-
16 66.). 
М
Қазақ сөзінің «терең пәлсапалығы» жалғасы «философиялык 
концепциялығын»  бөле  отырып,  бүл  дегеніңіз,  қазақ  сөзінің 
мәртебесін  көтеріп,  мүны  әлемдік  деңейге  жоғарлатқан  Абай 
даналығы,  қазақ  мәдениетіндегі  «реформаторлық»  ойының 
мәртебесін Құдайберген Жүбановтың аса бір сүйіспеншілікпен 
қарсы алғанын танытпай ма?! Бірақ, қазақтың гүлама оқымыстысы 
осы жаңашыл ойы ескерусіз қалды емес пе? Қазақ ғылыми ойының 
сұранысына ие бола алмаған қаншама ой қопарғыш қағида елеусіз 
қалып, жанған от болса да, күл болып желге ұшқан сияқты.
324

Әуелбек Қоңыратпаев:
«Абай философиясы бізде тіпті зерттелмеген. Абай философ 
болса, оның ойларын Шығыс, Батые философиясын білмей зерггеу, 
қүрғақ әдеби талдауға салыну пайдасыз. Абай философиясына көп 
адамның тісі батпай келген болса, бүл жайды түсіне білу керек» 
(Өркениет.  Апталыц  басылым:  №   51-52(361-362).  Сенбі  31
желтоцсан  1994 ж.).
«Құрғақ  әдеби  талдауға  салыну  пайдасыз»  деп,  Әуелбек 
Қоңыратпаев  Абай  созін  «қара»  дегеннен  айырып,  бұның 
философиялық ойлылыққа, парасаттылыққа бай, эрі танымдықжәне 
логикалық мүмкіндіктерін әдебиеттарихшысы айрықша бөле атап, 
мазмұндық мэн бергенін ескерусіз қалдыруға бола ма? Абай сөзінің 
философиялық мазмұндылығын аңғарып, философиясы жүйесі 
туралы  тұлғалы  пікір  ұсынып,  эрі  мұны  дэстүрлі  философия 
түсінікгерімен салыстыра отырып зерптеудің қажеттілігін ұсынған 
да  ғалым  Әуелбек  Қоңыратпаев.  Ғалым  ұсынган  пікірді  Абай 
Үиікілін зерттеп негіздеудіңтеориялық және эдістемелік құралы
сапасында қабылдадық.
ТәкенӘлімқүлов:
«Европалық ұлы ақындардың көбісінде «күнделік» болған. 
Абайдың  «күнделігі»  -   онын  қара  сөздері» 
(Тәкен  Әлімцұлов. 
Жумбақ жан.  Зерттеулер мен  мацалалар.  Алматы: Жазушы,
1978.  22  б.).
«Абайдың «Ғақлиясына» барудың өзі қиьін. Бірақ бармасқа жэне 
жол жоқ. Неге десеңіз, бүл «Ғақлия» Абайды тың қырынан терен
танытады...
«... Қазақ халқынын қамын жеген бүл «Сөздерде» суреткердің
байқағыштығы, ойшылдыңтолғанысы жатады...
Задында, Абайдың қарасөзі (бірде «қарасөз» деп бірге жазады 
да, сонан соң «қара сөз» ажыратып, болек жазады. Бірақ «қара» 
мен «сөздің» танымдық жэне логикалық мәнін ескермейтін сияқты 
/қалам иесі/) поэзиясынын ымы-жымы бір. Екеуі де: «Халық!»- 
деп  ынтығады, оган  қызмет етеді.  «Өлең -  сөздің патшасы, сөз
325

сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деп, эстетикалық қағида 
жасаған  Абай  екі  жанрды  да  өз  мұратына  бағынышты  етеді. 
Поэзиямызда  «жылай  жырласа»,  ғақлиядағы  оның  көз  жасы  -  
қиялдан  балқыған  қорғасынның  тамшысындай.  Оның  «сөзін» 
(қараны сөзге  қосарлап жекпейді  /қалам  иесі/) оқығанда,  күллі 
қазақтың  хал-ахуалымен  бірге  автордың  бейнесі  көз  алдыңа 
елестейді. Өлеңдегі жұмбақ адам -  қара сөзде сұмдық салмақты. 
Асыл ойдың, шымырлаған қиялдыңжиынтығы» 
(Сонда,  124-125 
б б .).
 

і
Абай сөзін «еуропалықпен» сал ыстырып, Абайдың Абайлық: 
ұлттық тамырларын, Абайлықсипатын, қасиеттерін ескермесек, 
бүйткен жағдайда Абайдың өзі айтқандай:
Шын сөзі цайсы  біле  алмай,
Әр  нәрседен  құр  қалма,  -
  дегендейін,  қазақ  ғылымы  мен 
мэдениеті ой қопарғыш «философиялық концепциялыктан» құр 
қалған болар едік.
«Еуропал ықпен» салыстырса да, «қара сөздің» «ойсыз қүлаққа» 
шалынбайтын ерекше қасиетін Тэкен Әлімқүлов: «Өлеңдегі жұмбақ 
адам -  қара сөзде сұмдық салмақты» деп, айрықша бөліп, назар 
аударады.  «Қара»  демей  бұл  «Сөздерде»  деп  «суреткердің 
байқағыштығына, ойшылдығына» арнайы көңіл ауцаруы зерпггеушіні 
көп ойға қалдырады. «Оның «сөзін» оқығанда, күлл і қазақтың хал- 
ахуалымен автордың бейнесі көз алдыңа елестейді»-деген Тәкен 
Әлімқұлов ойы «қара» деген Абай сөзіне неге қосақгалды екен? -  
деп,  ойга  қаласың.  «Абайдың  қара  сөздері  -   философиялықка 
айналса-ше» деген ізденісіміздің мақсатын анықтамаққа септігін 
тигізеді.  Тэкен  Әлімқұловтың  ерекше  ескеретіні  Абайды  «тың 
қьірынан танытатын» «Ғақлиясы». Абай сөзінің «тың қыры», бұның 
философиялығында.  Осы  ойды  негізді  дэлелдеп  зерттеу  -  
ізденісіміздің түпкі мақсаты. Әйтсе де, Абайдың өлең сөзіне деген 
сый-құрмет  кара  сөзіне  дегеннен  гөрі  басымырақ  екені  Тэкен 
Әлімқүловта да байқалады. «Абай мәдениетінің диапазоны қаншама
кең болса, Абай творчествосыныңтақырыбы да соншама қомақты.
326

Терендік жағына келсек, оның лирикасы өте-мөте шымыр»- дейді
жазуиіы 
(Сонда,  36 б.).
Ақжан Машанов:
«Абайдың  жүзжылдығын  өткізу  үшін  арнайы  комиссия 
құрылды. Абай дастаны ертеден эдебиет, өнер саласынан орын 
алып  келгені  мэлім.  Сонымен  қатар,  академия  Абайдың басқа 
саладағы  еңбектерін  еске  алды.  Абай  шығармасы  эдебиет 
шеңберіне сыймайды. Оныңойшыл философ екені мэлім. Жэне де 
табиғатдүниесіне көзқарастары көрсетілуі керек деген пікірболды. 
Осы кейінгі мәселе жөнінде маған баяндама жасау, мақала жазу 
тапсырылды» 
(Ақжан  Машанов.  Әл-Фараби  жэне  Абай.
Алматы: Қазацстан,  1994,  72 б.).
Менің ұғып, білуімше, Абай философиясы жүйесін зерттеуде
жаңашыл ой төңкерісін жасаған ғүлама ғалым, ол—Ақжан Машанов.
Сол  төңкерісшіл  ойы  — «Абай  Үшкілі» — ізденісіміздің басты,
жетекші деген бағытын қалыптастыратын теориясы да, логикасы
да. Абай сөзін философиялык деп қабылдауға ақыл қосатын келесі
төңкерісшіл ойы -  «Абай шығармасы эдебиет шеңберіне сыймайды»
—деген қағидалы пкірі.
Ахмеди Ысқақов:
(«Абай тілі сөздігі» Ңазақ ССР Ғылым Академиясының Tin 
білімі институты 734 б. Алматы: Ғылым,  1968).
 Бұл еңбекке -  
«Абай жэне қазақтың әдеби тілі» деген кіріспе, алғы сөз жазған 
Ахмеди Ысқақов. Осыдан үзінді келтірейік: «Абай... тіл мэселесіне 
де сын көзімен қарай отырып, үлттык әдеби тілді тек жалпы қазақ 
тілінің негізінде дамытудың бағытын бірден-бір  нысана тұгып 
ұстады. Осы жодца ол ерінбей еңбек ете отырып, әдеби тілді «басқа 
арты қ» қоспадан арылтып, бір жағынан, орынсыз қолданатын араб, 
парсы  жэне баска  шет сөздерден тазартты да, екінші жагынан, 
зэрулігі болса казактілінде бүрын үшырамайтын жаңа сөздерді де, 
қажетіне қарай қымсынбай еңгізіп отырды, ал жалпы алғанда, Абай
сөзді орнына (мазмұндылығы мен логикалық мәніне орай деп қосар 
елім  /калам  иесі/)  қарай  дұрыс  қолданудың  тамаша  үлгшерін
327

көрсетіп, қазақтың нағыз әдеби тілін жасауға орасан көп еңбек етті 
жэне де сол жұмыстың жақсы өрнегін салды» 
(Аталган сөздік, 8
6.).
 
• ■
  (йЗ
Қазақ жерінде тіл мэселесі тағдырлы болған кезінде Абай өз 
заманында кейбір ақындарша «турки» деп аталатын кітаби тілдіңя 
татаршалаған,  я  шағатайшалаған,  я түрікшелеген  нұсқалардың 
бірде-біреуіне  бұрылмастан,  тек  қажетті  болған  орайда  ғана 
олардың кейбір өрнектерін пайдаланғаны болмаса, шығармаларын 
таза қазақша жазған. Мұнымен қатар, орыс патшалығы қазақ жерін 
жаулап,  өз  иелігіне  алған  соң,  м ем лекеттік  тіл  орыс  тілі 
болғандықтан, діни мектептердің өзінде де орыс тілін оқытты. 
Орыс тілі,  жазуы —
 
г
Білсем деген  таласы.
Прошение  жазуга
Тырысар,  келсе  шамасы,
  -  д еп ,  білім   мен  м әдениет 
саласындағы  заман  ерекшелігін  сөз  етіп,  қазақ ұлттық санасы 
бейшаралықжағдайын сөз етпей ме? Бұл турасында Абай: 
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен  Толстой,
Я  тілмаш, я адвокат 
Болсам  деген  бәрінде  ой,
Көңілінде жоц санасы,
 - деп, қазақ халқының ұлттық санасы 
«тілмаштықтан» аса алмай, державашыл орыссанасы қыспағында 
болғанын айтпай ма?!
Қазақ халқы улттық жэне мемлекеттік тэуелсіздігіне ие болған 
жағдайда  «Абай  тілі  сөздігін»  шығарушыларға  кеште  болса 
айтпағымыз, өкпе емес, шын жүрекген рахметмізді айтамыз. Келесі 
сөздігін  баспаға  дайындау  кезінде  шығарушылар  алқасы  Абай 
сөзінің тек эдебиетгігін айтумен қатар, терең философиялығын да 
ескеріп,  философ  мамандарды  да  дайындық  жұмыстарына 
қатыстырса, сонда Мұхтар Әуезов өсиетін орындаған боламыз ғой.
Ахмеди  Ысқақов  «Абай  тілі  сөздігіне»  кіріспеде  «Науатіл 
жуласа» туралы айтқан пікіріне көңіл аударалық. Араб дыбыстарын
328


дұрыс  әуезбен  айтуға,  дұрыс  мақаммен  оқуға, демек,  құранды 
дұрыстап  оқуға  әзірлейтін;  арабша  кітаптарды  еркін  оқып, 
түсінерліктей халге жеткен адамға қоғамдық тұрмыстың эр апуан 
жай-жағдаяттары жөніндегі мэселелерге арналған «Науатіл жуласа» 
жинағын айта келіп, аталған сөздіктің 7-беттегі сілтемесінде иэ 
жалгандығы, иэ шындығы аныкталмаған мына бір дерек келтірілген: 
«М ұсылманша  (арабш а)  оқы ған  кейбір  қарттардың 
топшылауларында Абайдың «Ғақлия» («Қара сөздері» /қалам иесі/ 
) атты мақалаларының кейбіреулері сол («Науатіл жуласа»/қалам 
иесі/) жинақтағы кейбір мақалалармен эрі мазмұндас, эрі желілес 
келетін сияқты. Бұл мэселе, эрине, арнайы зертгеуді керек етеді»
(Сонда,  7 6.).
«Қара» мен «философиялықгың» ара қатынасын ұғып, парқын 
айыра білу бүгінгі қазақ ғылымы мен мәдениеті жаңа кезеңінде
гылым интеллигенциясы мен жұртшылыгына ой салатын тағдырлы 
мэселе. Абай әлемініңсарқылмас құнарлы саласы-ұлы ойшылдың 
«Философиялык сөздері». Осы ойымызды негіздеп, тұрактандыру 
мақсатында қазақ ғылымы мен әдебиеті өкілдерінің сөз жэне қара 
сөз туралы эр кезенде, тарихтың сұранысына орай айтқан ойларына 
тоқтадық.  Сондағы  мақсатымыз Абай сөзі тек эдебиеттік қана, 
ақындық сөзі ғана емес, ең абзалы философиялык сөздер деп, Абай 
әлемі тың саласын танып, білуге «бет қойғанымызды» ескертіп
келеміз.
329

2.5.2 
МҰХТАР  ӘУЕЗОВ 
АБАЙ  ҚАРА  СӨЗДЕРІ  ТУРАЛЫ
(Осы еңбектің алғашқы жариялау
қорытындысы ретінде)
Абай сөзі: адам сөзі, кісілік сөзі, махаббат сөзі эсерлі, мэнді, 
мағыналы сөз. Абай сөзі -  ғылым мен мәдениет сөзі, саясат пен 
шаруашылық сөзі.  Осылайы  осылай ғой, бірақ бір  гэбі -  «Қара 
сөздері»  философиялыққа  айналуға  мүмкіндіктері  барлығын, 
танымдық  жэне  логикалық  қабілеттері  дэстүрлі  философия 
мәдениетімен  қабысатындығын,  жақындығын  айту  қажет.  Осы 
бағытга еңбектеніп келеміз. Абаңдың философиялык сөздеріне көңіл 
аударып,  бүлардың  теориялық,  эрі  эдістемелік  мәнін  ескерген 
жағдайда  үшкіл  мен  ғылымның  біртұтастығын  жан-жақты 
меңгеруге талаптансақ, «Қара сөздің» де <окөнін білуге» жағдай 
туады. 

?'
Қазақ тэуелсіз  мемлекеті  нығайып,  эр  адамның  эл-ауқаты, 
тұрмыс  жағдайлары  жақсарған  сайын,  халқымыздың  санасы 
ғасырлар  бойы  бодандық  саясаты  тепкісінде  болған  «қүлдык 
психологиясынан», «жағыну мен жалыну» психологиясынан айыга 
бастағанда адамдардың «елден бөлек болуына» толық мүмкіңдіктер 
туады.  Себебі,  ғылымы  мен  экономикасы  дамыған,  ақылды, 
қайратты, жүректі адамдар жайлаған білім ордалары мол қоғам 
«елден бөлек» болмағанда, қандай болмақ.
Үшкіл мен ғылым түтастығы шеңберінде ғылымның алатын 
орыны ерекшелене, даралана байқалады. Ендігі сөз ғылымның Абай 
философиясы жүйесіңце алатын орыны, бүның жүйесіне деген мэңді 
эсерлігі туралы болмақ. Осының нақты көрінісі -  «Қара сөздің» 
«жөнін  білуде» Мұхтар  Әуезовтің орыны.  Адамды  жайбарақат 
кдлдырмайтын, ойын түрткілеп, жүрегіңде қайрат оган жалыңдатып: 
«оқы, ойлан, үйрен» деп, адам ойлау мәдениетін қанаттандырып, 
жаңашыл  еңбекқор  ой  бітіріп,  ойлылыққа,  жасампаздыққа
330

тәрбиелейтін  Абай  сөзім ен   ай тсақ,  «ынталандыратын», 
«құмарландыратын»,  «мейірлендіретін»  үшкіл  мен  ғылымның 
диалектитикалықтұтастығы. Таным үдерісі Абайдың Абайлық 
талдауында,  түсінігінде  жүйеге  -  заңдылыққа  бағынатыны,  эр 
сөзінде ұғымдык, танымдық жэне логикалық қызмет атқаратыны 
айрықша  байқалады.  Қарапайым  қазақ  сөзінің  мазмұндық, 
мағыналық  сипатына  зер  сала,  ден  қоя  қарасақ,  танымның 
диалектика тілімен  айтканда -  тарихи  үдеріс екеніне  көзімізді
жеткізеді.
Қазаққа туа біткен шешендік, тапқырлық қасиет бар. Сөзге 
төркін беру атадан балаға көшіп, дәстүрге айналған. Заң, сот орнына 
жүретін әдет-ғұрып, ата, әке, ана, әлеуметгік орта, халық болып 
қояты н тәрбие талаптары болды. Абайдың атакты «Өлең -  сөздің 
патшасы, сөз сарасы» -  көркем, элеуметгік-философиялық еңбегі 
тек  қазақ  сөзіне  жасаған  реформаторлық  өзгеріс  қана  емес, 
мұнымен  қатар  қазақ  сөзінің  қоғамдық,  саяси-әлеуметпк  те, 
философиялык та мэніне айрықша көңіл ауцарады. Мал үшін «тілін 
безеп, жанын жалдамай», «алар жердің ебін қамдамай», «терең ой, 
терең ғылым» Ізде деп, қазақ сөзінің философиялык, логикалық 
маңызына ерекше мэн береді. Қазақ сөзінтек «эншейін күн өткізбек 
эңгіме» деп қарамай, Абай: «Сөз түзелді, тывдаушы, сен де түзел»
деп, немесе:
Көп топта сөз танырльщ кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ 
Біреуі олай,  біреуі  бұлай қарап,
Түгел  сөзді  тыңдауга  жоқ  қой  қазац,  -
  дегенде,  Абай  ең 
алдымен  сөздін  танымдық,  логикалық  сипатын  айтпай  ма?! 
Соңдыктан да, Абай сөзі, 
өзі 
айтатын, өзі ұсынатын: «жүрегі айна», 
«көкірегі көзді», «көңілі  ояу», «жан жарығы», «жан қуаты» бар 
адамға арналған емес пе?! Абай сөзінің ішкі философиялык сыры
да осында гой. 
_
Таным үдерісіне оралайық. Бұрынғы кеңестік Одақ көлемін
мекендеген халыктармен салыстырғанда, қазақтың ерекшелігі өз
331

анатілінің, қазақсөзініқ, әсіресе, кейінгі жетпіс жыл бойы тәрбиелік 
әсерін  өте  аз сезінуі,  бұл тіпті  жоқтың  қатарына барып  қалды. 
Тегіннен тегін өз жерімізде, ата мекенімізде отырып, не үшін «ана 
тілі» қоғамын күрдық, қандай нәубет басымызға төнді. Иә, төнгенде 
қаңдай нәубет десеңші, тіліміздің құрып кету қауіпі туды. Тіпті, 
мемелекет тарапынан анатілімізді қорғау үшін арнайы шаралар 
қолдануға тура келді. Күлесің бе? Жылайсың ба?! Кім не десе о 
десін!  -   деп,  лепіріп  жүріп,  қазақтығымызды  өз  қолымызбен 
қүртамыз  ба  деген  қауіп  төніп  тұр.  Сонда,  халқымызды  өз 
қолымызбен қүртуға аңдамай басқан бір-ақ қадам қалған екен.
Менің жеке-дара өз басымның, бүдан басқа айтары қалмаған 
сияқты. Октябрьден  13 жас кіші екенмін, тетелесім сияқты  ғой, 
«саған»  айтпағанда,  кімге  айтам?!  Бірақ,  Сен  Октябрь,  кешегі 
қүлаған Кеңес Одағы қүрамында болған, өздерінің саяси-элеумтгік, 
экономикалықтәуелсіздігін талап еткен, «кеңес» халықтарының 
мұң-зарын тыңдамадың ғой. Қазақ айтады ғой «өз обалы ң- өзіңе» 
деп.  Октябрь,  Сен  үшін,  Абай  айтқандай:  «әділетті  ақылды» 
мойындамасқа шара да, жол да қалмаған сияқты. Коммунистердің 
саны есепсіз болған сияқты. Бэріміз де бүның қатарында болдық, 
бірақ суға батқан кемеден қашқан егеуқүйрықтар сияқты, бэріміз 
де суға батып, элі де жағаға шыға алмай әуре-сарсандамыз. Сөйтіп, 
аяқ  асты  пайда  болған  ар,  намыс  ашуы  бүрынғы  кеңестік 
республикаларда саяси-әлеуметтік қарсылық өрттерді үшқындата 
түсті.  КСРО-ның  шіріп,  қүлауы  жақын  түрган  шаңырағын 
шайқалтқан,  1986  жылы  Қазақстанда  болған  қазақ  халқының 
Желтоқсан көтерілісі. Абайдың Үшкілі мен ғылымы түтастығын, 
жан-жақты өзара қатынастарын, байланыстарын негіздеп дәлелдеу 
мақсатына  өлең  сөздері  бойынша  жасалган  социологиялык 
талдаудың нэтижелері де осы еңбектің соңын алып жарияланар 
(Олар: № 1 ,2 ,3 ,4 ,5  Кестелер ретінде нөмірленіп дайндалған /қалам 
иесі/). Енді бүган қоса, философиялықсөздерінің қырық бесіне, эуелі 
қысқаша шолу беріп,  сонан  соң жоғарыда айтқан үш  мәселеге, 
Мүхтар  Әуезов  ғылыми-теориялық,  эдістемелік  қағидаларына
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет